Жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 1507 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 610 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. Арнайы экономикалық аймақтар әкімшіліктері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2012 жылғы 16 тамызға дейінгі мерзімде басқарушы компаниялардың функцияларын орындасын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж. Серіков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П.Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар министрі                Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы   
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің        
2011 жылғы 9 желтоқсандағы 
№ 452 бұйрығына    
қосымша        

      1. "Индустрия және сауда министрлігінің "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      2. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      3. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      4. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркі" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      5. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті - "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.