"Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Төлеков):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Сәрінжіпов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығымен бекітілген |
Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес әзірленген және "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерімен (бұдан әрі – Стипендиат) оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау, Стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, үлгерім мониторингі мен Стипендиаттардың еңбек қызметін жүзеге асыру, Стипендиаттардың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуі ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімін шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, Стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу шартын жасау тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) академиялық демалыс – Стипендиаттың шетелдік жоғары оқу орнымен келісім бойынша медициналық көрсеткіштер бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де айрықша жағдайларда оқуын уақытша тоқтату кезеңі;
2) академиялық оқу – шетелдік жоғары оқу орнында дәреже алуға, резидентурада оқуға бағытталған оқу процессі;
3) "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлері өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Республикалық комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
4) депозит – оқу және/немесе тұру үшін кепілді жарнаның аванстық төлем сомасы;
5) еңбек қызметі (жұмыспен өтеу) – еңбек қызметін алған мамандық бойынша Қазақстан Республикасында жүзеге асыру бөлігінде шарттық міндеттемелерді орындау процессі;
6) кепіл хат – тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындыққа, академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге тіркелу және виза ресімдеу үшін Стипендиаттарға Қоғам беретін, шығыстарды жабу міндеттемесін кепілдендіретін ресми хат;
7) магистратура алдындағы дайындық - Стипендиаттарды академиялық оқитын елінде 2 (екі) айдан аспайтын мерзімде шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың білім беру жүйесіне және оқыту әдістеріне бейімдеп дайындау;
8) орналастыру – шетелдік жоғары оқу орнын, шетелдік ұйымды таңдау, стипендиаттың Стипендиаттың тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындыққа, академиялық оқуға құжаттар тапсыру және түсу рәсімі;
9) өтініш-сауалнама – шетелдік жоғары оқу орны, шетелдік ұйым әзірлеген құрылымдалған сұхбат негізінде қалыптастырылған сұрақтарды қамтитын сауалнама;
10) преференс-нысан – шетелдік жоғары оқу орны және тағайындалған мамандық баламалары көрсетілген академиялық оқуға орналастыру үшін толтырылатын нысан;
11) түлек - тиісті академиялық дәреже тағайындалумен резидентураны аяқтаған немесе тағылымдамадан өткен және академиялық оқуды аяқтағаны немесе тағылымдамадан өткені туралы тиісті құжатты алған Стипендиат;
12) тілдік мектеп – Стипендиаттардың тілдік курстардан өтуін жүзеге асыратын ұйым;
13) тілдік курстар – тілдік тесттерге дайындық курстарды қамтитын, академиялық бағыттағы шет тілін меңгеру деңгейін арттыру курстары (магистратура алдындағы пәндер бойынша дайындық курстарды қамтымайды);
14) шартсыз шақырту – оқу мерзімдері көрсетілген, оқу ақысы туралы шартты қоспағанда, түсу үшін қажетті шарттарды қамтымайтын академиялық оқуға, тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуге ресми шақырту;
15) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) – "Болашақ" стипендиясы мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
16) шетелдік жоғары оқу орны (бұдан әрі – Оқу орны) – Стипендиаттардың шетелдегі академиялық оқуы шеңберінде таңдалған мамандық бойынша жоғары кәсіби білім беретін ұйым;
17) шетелдік ұйым – Стипендиаттардың тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтуін жүзеге асыратын Оқу орны, ұйым;
18) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) – Қазақстан Республикасының Үкіметі "Болашақ" халықаралық стипендиясын (бұдан әрі – "Болашақ" стипендиясы) әкімшілендіру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға өкілдік берген ұйым.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу тәртібі мен шарттары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Стипендиат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) белгіленген мерзімдерде Қоғаммен "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрықпен (бұдан әрі – Бұйрық) бекіткен үлгілік нысандар бойынша оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасады.
3-1. Стипендиат ауырған, іссапарда болған және оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасуға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болған жағдайда Стипендиат Іріктеу қағидаларының 27-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей белгіленген мерзімде оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу мүмкін еместігі туралы растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу мерзімін ұзарту туралы Комиссияға жүгінеді.
Оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасуды ұзарту мерзімі Комиссия шешім қабылдаған сәттен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аспайды.
Оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасуды ұзарту Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жағдайларда бір рет беріледі.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыруға байланысты мәмілелер Қоғамның орналасқан жерінде жасалады.
5. Стипендиат Қоғамға осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау үшін тізбесіне сәйкес құжаттар ұсынады.
6. Оқу шартында көзделген міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында, Стипендиат бағалық құны Стипендиаттың жалпы оқу құнынан кем емес жылжымайтын мүлікті кепілге ұсынады. Жылжымайтын мүлік кепіл шарты Қоғам мен жылжымайтын мүлік меншік иесі арасында жасалады.
7. Жылжымайтын мүлік кепіл шартының заты бағалау құны қандай да бір шектеулерсіз және ауыртпалықтарсыз меншік құқығы тіркелген кез келген жылжымайтын мүлік болып табылады.
8. Осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасау үшін құжаттар тізбесіне сәйкес жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасауы жүзеге асырылады.
9. Жылжымайтын мүлік кепілі шарты, сондай-ақ оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы келісімнің екі данасына тараптар қолдары қойылып, жылжымайтын мүліктің орналасқан орны бойынша әділет органдарында тіркелуге тиіс. Әділет органдарында тіркелгеннен кейін жылжымайтын мүлік кепілі шартының немесе оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы келісімнің бір данасы Қоғамға қайтырылуға тиіс.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.01.2018 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Оқу құнын жабатын ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлік болмаған немесе оның құны жеткіліксіз болған жағдайда, кепілге Стипендиатқа, оның отбасы мүшелеріне (ата-анасына, жұбайына, балаларына), сондай-ақ үшінші тұлғаларға меншік құқығында тиесілі барлық ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлік қабылданады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Стипендиаттың академиялық оқуының жалпы құны жабылмаған жағдайда, кепіл мүлкімен қамтамасыз етілмеген қалған сомаға кепілдік шарт (-тар) жасалады.
Жабылуға тиісті сомаға байланысты кепілгерлер мындай санда ұсынылады:
оқу құны кепілзатпен жетпіс пайыздан артық қамтамасыз етілген жағдайда – бір кепілгер;
оқу құны кепілзатпен елу пайыздан жетпіс пайызға дейін қамтамасыз етілген жағдайда – екі кепілгер;
оқу құны кепілзатпен отыз пайыздан елу пайызға дейін қамтамасыз етілген жағдайда – үш кепілгер;
оқу құны кепілзатпен отыз пайыздан кем қамтамасыз етілген жағдайда – төрт кепілгер.
Академиялық оқуға жіберілетін және ауылдық аумақтарда соңғы 3 (жыл) жыл ішінде тұратын және соңғы 2 (екі) жылда жұмыс істейтін Стипендиаттар үшін оқу құнын кепілдік қамтамасыз етумен жабу пайызына қарамастан екі кепілгердің шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.11-1. Стипендиаттың, оның отбасы мүшелерінің (ата-анасы, жұбайы, балалары) меншік құқығына тиесілі, ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлкі болмаған жағдайда, оқу шартында қарастырылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Стипендиат оқу шығындары сомасына байланысты 5 (бес) кепілгерді ұсынады.
Ескерту. 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.01.2018 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.12. Тағылымдамадан өтуге жіберілетін Стипендиаттар міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында екі кепілгер ұсынады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Жұмыс берушінің анықтамаларымен және зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжаттармен (оның ішінде зейнетақы қорынан жазба) расталған соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде тұрақты еңбекақысы бар Қазақстан Республикасының 50 (елу) жасқа дейінгі азаматтары кепілдік беруші бола алады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).14. Осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген кепілдік шарт жасау үшін құжаттар тізбесіне сәйкес кепілдік шартын жасау жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).15. Қоғамда кепілде тұрған жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу Стипендиат барлық шарттық міндеттемелерді тиісінше орындағаннан кейін жүзеге асырылады.
Кепіл берушінің немесе Стипендиаттың (немесе сенім білдірілген адамның) өтініші бойынша Стипендиаттың міндеттемесін тиісті орындағанын тексергеннен кейін Қоғам жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін хат және сенімхат береді.
16. Стипендиаттың міндеттемесін орындауды қамтамасыз етуге берілген кепіл мүлкін ауыстыруды жүзеге асыру үшін назарға мына санаттар: ұсынылған жылжымайтын мүліктің құны, сапалық және сандық сипаттамасы, географиялық орналасуы алынады.
17. Кепіл затын ауыстыру үшін Қоғамға есепті құру сәтінен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей мерзімделген ұсынылатын жылжымайтын мүліктің және кепіл затының бағасы туралы қосымша берілген есептері бар, сондай-ақ ұсынылған жылжымайтын мүлікке тыйым салулар, ауыртпалықтар, заңды талап етулер болмауы туралы құжаттармен расталған кепіл затын ауыстыру туралы негіздеме өтінішін Қоғамға жіберу қажет.
Жылжымайтын мүліктің жаңа кепіл шарты кепіл затын ауыстыру кезінде осы Қағидалардың 8, 9-тармақтарында көзделген тәртіппен жасалады.
18. Жаңа кепіл шарты әділет органдарында тіркелгеннен кейін кепіл заты ауыстырылғанда Қоғам өтініш беруші өтініш берген күнінен күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде бұрынғы кепіл затынан ауыртпалықты алу үшін өтініш берушіге хат (еркін нысанда) және сенімхат береді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.01.2018 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Стипендиаттарды тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындыққа, академиялық оқуға, тағылымдамаға орналастыруды ұйымдастыру тәртібі, үлгерім және түлектердің еңбек қызметін жүзеге асыру мониторингін жүргізу
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындыққа, академиялық оқуға, тағылымдамаға орналастыруды ұйымдастыру оқуға/тағылымдамадан өтуге шарттар күшіне енген сәттен басталады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Республикалық комиссияның шешімі бойынша Орталық тілдік мектептің жақындағы жиынына (оқудың басы), бірақ оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау күнінен бастап күнтізбелік 6 (алты) айдан кешіктірмей тілдік курстарға орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20-1. Стипендиаттың орналасу мерзімін кейінге қалдыруды алу, оқу елін, жоғары оқу орнын, мамандығын ауыстыру, оқуды ұзарту не ауыстыру қажеттілігі туындаған жағдайда, Стипендиат растаушы құжаттарымен қоса өтінішпен Комиссияға жүгінеді.
Орналасуды кейінге қалдыруды Комиссия, оқуға/тағылымдамадан өтуге арналған шарттарды жасасқан күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге ұсынады.
Ескерту. 3-тарау 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.09.2018 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.21. Орталық Стипендиаттың өтініші келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілхат тапсырады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Тілдік курстар оқу шартында көзделген мерзім ішінде жалғасады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22-1. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22-2. Орталық келесі модульдерді қамтитын магистратура алдындағы дайындыққа орналастыруды қамтамасыз етеді:
оқу елінің әлеуметтік-мәдени ортасымен, шетелдік ұйымның халықаралық студенттерге арналған ережелерімен және көрсетілетін қызметтерімен танысу;
білім беру жүйесін, оқу әдістерін, халықаралық студенттерге қойылатын талаптарды зерттеу және оқу елінің академиялық ортасымен танысу;
академиялық дағдыларды (кәсіби мәтіндерді жазу және оқу дағдылары, презентацияларды дайындай алу, магистратура бағдарламасының таңдалған бағыты бойынша салалық терминологияны, плагиатқа жол бермеу бөлігінде академиялық материалды пайдалану нормасын қолдану) жетілдіру;
диссертация немесе жобалық жұмыс жазу бөлігінде магистратура бағдарламасын сәтті игеру үшін қажетті зерттеушілік дағдыларды алу.
Ескерту. 3-тарау 22-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.22-3. Орталық магистратура алдындағы дайындыққа орналастыруды шетелдік ұйымның халықаралық және/немесе мемлекеттік/ұлттық аккредитациясы не шетелдік студенттер үшін магистратура алдындағы дайындық бағдарламасын өткізуге рұқсаты болған жағдайда, конкурсқа қатысқан сәтінде немесе кейінгі жылдары бекітілген Конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар тізімінде (бұдан әрі - Тізім) көрсетілген "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің оқуы және тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылған шетелдік ұйымдар базасында академиялық оқу басталар алдында жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тарау 22-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.22-4. Стипендиаттарды магистратура алдындағы дайындыққа немесе академиялық оқуға орналастыру магистратура алдындағы дайындыққа және/ немесе академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, тілдік курстарды аяқтаған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тарау 22-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.09.2018 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.23. Академиялық оқуды ұйымдастыру үшін Стипендиат (академиялық оқуға өз бетімен түскендерді қоспағанда) Қоғамға академиялық оқуға түсу үшін Оқу орнын таңдау үшін преференс-нысанды ұсынады.
24. Стипендиатты преференс-нысанға сәйкес Оқу орындарына академиялық оқуға орналастыру барысында Стипендиат өтініш-сауалнамаларды өз бетінше толтырады және Оқу орны белгілеген мерзімде тапсырады. Орталық өтініш-сауалнамаларды бекітеді және Стипендиаттарды бұл туралы ресми хабарламамен хабарландырады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Оқу орындарының шартсыз шақыртуын алғаннан кейін Стипендиат Қоғамға таңдап алған Оқу орнында оқу туралы жазбаша нысандағы келісімін ұсынады.
26. Шартсыз шақыру виза алу үшін құжаттар ресімдеу үшін негіз болып табылады. Визаны Стипендиат өз бетімен ресімдейді.
27. Стипендиат Орталыққа ұшатын күнге дейін 60 (алпыс) күнтізбелік күннен ерте емес әуебилетін сатып алу туралы жазбаша нысанда өтініш білдіреді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27-1. Стипендиат оқудың толық курсын аяқтаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасына оралады, Қоғамға Қазақстан Республикасына келгені туралы белгісі бар паспорттың көшірмесін, оқуды аяқтағаны туралы өтінішті, оқу шартына сәйкес дәреже, мамандық берілгені туралы құжаттың нотариалды расталған аудармасын, диссертациялық/дипломдық жұмыс үшін бағасын көрсете отырып, бүкіл оқу кезеңіндегі транскриптті, диссертациялық/дипломдық жұмыстың электрондық нұсқасын ұсынады және алған мамандығы бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға кіріседі.
Ескерту. 27-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Үлгерім және түлектердің еңбек қызметін жүзеге асыру мониторингі оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Түлектен немесе кепіл берушіден ауыртпалықты алу туралы өтініш түскенде Қоғам түлектің еңбек өтілімі бойынша шарттық міндеттемелерінің орындалуын төмендегілерді:
түлек алған мамандығы бойынша еңбек қызметін жүзеге асырған жұмыс берушілердің еңбек кітапшасындағы жазбаларын;
еңбек өтілімінің талап етілетін кезеңі ішінде аударылған міндетті зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірмелерде көрсетілген зейнетақы аударымдарын (Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты заңнамасының ерекшеліктері ескерілген) есепке алып, тексереді.
Еңбек өтілімі мерзімдерін есептеуді Қоғам күнтізбелік күндермен жүзеге асырады. Түлектердің еңбек өтілімін жүзеге асыруының мерзімдері мен орны Іріктеу қағидаларымен реттеледі.
Түлек еңбек қызметін астанада немесе республикалық маңызы бар қалада, содан кейін өңірлерде немесе керісінше жүзеге асырған жағдайда, еңбек өтілімі мерзімін есептеу астанада немесе республикалық маңызы бар қалада атқарылған жұмыс күндері саны мен өңірде атқарылған жұмыс күндері санының пайыздық ара қатынасын қосу жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28-1. Түлектің жүктілік және бала туу бойынша демалыста, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңдері еңбек өтілімін жүзеге асыру мерзіміне есептеледі.
Ескерту. 3-тарау 28-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.01.2018 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28-2. Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, Стипендиат растаушы құжаттарымен қоса еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішпен Қоғамға жүгінеді. Қоғам Стипендиатқа еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді кейінге қалдыруды ұсыну туралы мәселені Комиссияның қарауына келесі жағдайларда енгізеді:
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында докторлық зерттеу жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда академиялық оқуды жалғастыру, Іріктеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес "Болашақ" бағдарламасы шеңберіндегі оқуды қоспағанда;
еңбек қызметін жүзеге асыруға кедергі болған ауруды емдеу;
шетелде оқитын зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;
мемлекеттік немесе әскери қызметші болып табылатын және шетелге уақытша жұмысқа немесе қызметтен өтуге жіберілген зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;
жүктілік жағдайы, сондай-ақ үш жасқа дейін баланы (балаларды) тәрбиелеу.
Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру бір рет беріледі: Қағидаларының осы тармағында көрсетілген Іріктеу қағидаларының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, академиялық оқуды жалғастыру, шетелде оқитын зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру.
Ескерту. 3-тарау 28-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.09.2018 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.29. Оқуды уақытша үзу қажет болған жағдайда, Стипендиат Қоғамға академиялық демалыс беру немесе оны ұзарту туралы жазбаша нысанда өтініш жасайды. Академиялық демалыс беру немесе оны ұзарту мәселесін Комиссия қарайды.
30. Шетелде оқуға кедергі болатын аурулар туындаған жағдайда, Стипендиат шетелдік емдеу мекемесі берген анықтама көшірмесін ұсына отырып, Орталыққа бұл туралы хабарлайды және Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін бір ай ішінде оқып жатқан мамандығы бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігінің болмауы туралы қорытындымен емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссиясы берген (бұдан әрі - ДКК) анықтаманың түпнұсқасын ұсынады.
Амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ДКК қорытындысы бойынша академиялық демалыс ауруы бойынша алтыдан он екі айға дейінгі ұзақтыққа беріледі. Туберкулезбен ауырған жағдайда, академиялық демалыс туберкулезге қарсы медициналық ұйым жанындағы Орталық дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде ұсынылады.
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Академиялық демалыс сондай-ақ Стипендиатқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметке шақыру қағазы болғанда, босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда – заңнамада белгіленген жағдайларда ұзақтығы 3 жылға дейін, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда берілуі мүмкін негіздерге беріледі.
32. Оқуын қалпына келтірген жағдайда, Стипендиат Қоғамға шетелге шығатындар үшін денсаулық жағдайы туралы тиісті құжатты ұсынады.
4-тарау. Стипендиаттардың оқуы мен тағылымдамасын ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру, стипендия аудару және төлеу, оқуға ақы төлеу, шығыстарға аванс беру, Стипендиат өз қаражаты есебінен жүргізген шығыстарды өтеу, "Болашақ" стипендиясынан айырылған/бас тартқан кезде Стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33. Стипендиаттардың оқуы мен тағылымдамаларын ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен көрсетілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарында (бұдан әрі – Жұмсау бағыттары) көзделген шығыстарды төлеуді қамтиды.
34. Қоғам Оқу орны белгілеген мерзімдерде тағайындалған оқу бағдарламасы мен мамандығы бойынша Оқу орнындағы оқуын аяқтау және академиялық дәреже алу үшін кредиттердің, пәндердің қажетті санын төлейді. Тиісті деңгейді алу үшін қосымша міндетті емес кредиттерді Стипендиат өз бетімен өз қаражаты есебінен төлейді.
35. Тұруға, тамақтануға және оқу әдебиеттерін сатып алуға стипендия есептеу және төлеу Бұйрықпен бекітілген шығыстар нормаларына сәйкес, бекітілген оқу жоспарына сәйкес стипендиаттың оқу еліндегі нақты оқу кезеңі үшін ведомство құрылған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі.
36. Оқу орындары мен шетелдік ұйымдарға инвойстар мен сметалар бойынша оқу ақысының төленуін көрсету оқуға ақы төлеу үшін валюта сатып алу күніне екінші деңгейлі банк белгілеген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Стипендиаттың өтініші негізінде Қоғам стипендиаттарға виза ресімдеу, ұзарту (Стипендиат шетелде болған жағдайда), тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру шығыстары бойынша Бұйрықпен бекітілген шығыстар нормаларына сәйкес тұруға және тамақтануға арналған стипендия бойынша екі айлық нормативтерден аспайтын аванс береді.
Аванс беру кезінде авиаагенттіктермен тиісті шарт болмаған жағдайда, Қоғам Стипендиаттарға авиабилет(тер) сатып алуға аванс береді.
Қоғам оқу орнының талаптары бойынша стипендиаттардың оқуына және міндетті қызметтерге ақы төлеуге аванс беруді жүргізеді.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Стипендиаттарға аванс беру аванс төлеуге ведомство құрылған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі.
39. Аванс алу үшін аванс беруге өтінішті және аванс сомасын растайтын құжаттың (инвойс, жалдау туралы шарт, Оқу орнының, сақтандыру компаниясының, елшіліктің ресми сайтынан ақпарат, авиа ұшу құны немесе авиа билет брондау туралы ақпарат) көшірмесін ұсыну қажет.
40. Стипендиаттарға аванс беру бойынша қарызды жабу Стипендиаттың шығыстарды нақты төлеу күніне валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша ұсынылған құжаттардың түпнұсқаларына сәйкес жүргізіледі.
41. Аванс (тұруға/тамақтануға авансты қоспағанда) алғаннан кейін Стипендиат ақша аударылған күннен бастап екі ай ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген стипендиаттардың шығыстарын төлегенін растайтын қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес ақыны растайтын құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы қажет.
42. Ақыны растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, аванс сомасы стипендиямен байланысты келесі төлемдерді есептеу кезінде Қоғамның ұстауына жатады. Бұған қоса, келесі төлемдер болмаған жағдайда, аванс сомасы төлеу бойынша аванс аударылған күннен бастап бес ай ішінде Стипендиаттың Қоғамға өтеуіне жатады.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).43. Тұруға/тамақтануға аванс сомасы стипендия есептеу сомасынан ұсталады.
44. Оқуға депозит сомасы, егер Оқу орны оқуға депозит ақысын есептемегенде, оқудың толық құнын көрсетсе, оқу ақысы сомасынан есептеледі.
45. Шығыстарға аванс беру бұған дейін берілген жабылмаған аванстың осыған ұқсас шығыстары не стипендия бойынша айлық нормативтен асатын бұған дейін берілген жабылмаған аванс қалдығы болған жағдайда жүргізілмейді.
46. Аванс аудару Стипендиаттың өтініші тіркелген күннен және аванс сомасын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.47. Қоғам Жұмсау бағыттарында қарастырылған, Стипендиаттың өз қаражаты есебінен жасалған шығыстарды өтеуді Стипендиаттың академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту аяқталған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей жүзеге асырады.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2018 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.48. Стипендиаттардың жұмсаған шығыстарын өндіру шығыстарды өндіру ведомоствосы құрылған күнге валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі.
49. Визаны (консулдық жиынды) ресімдеуге, ұзартуға ақыны Стипендиат төлейді және Стипендиат виза алған жағдайда Қоғамға ұсынылған төлемді растайтын құжаттардың түпнұсқалары негізінде Қоғам тарапынан кейіннен өндіруге жатады.
50. Өз қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын өндіру үшін Стипендиат Қоғамға шығыстарды өндіруге жазбаша өтініш пен жүргізілген шығыстар сомасын растайтын құжаттарды ұсынады. Өтеу бойынша қаражатты аудару осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген стипендиаттардың шығыстарын төлегенін растайтын қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес Стипендиат төлемді растайтын құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, Қоғам өтінішті тіркеген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Стипендиат Республикалық комиссияның шешімі бойынша "Болашақ" стипендиясынан айырылған жағдайда, айыпақыны (айыппұлды) қоса алғандағы төлеуді, Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап стипендиатқа жұмсалған шығыстар өтелуге тиіс.
Стипендиат Комиссияның шешімі бойынша "Болашақ" стипендиясынан бас тартқан жағдайда, айыпақыны (айыппұлды) қоса алғандағы төлеуді, Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап стипендиатқа жұмсалған шығыстар өтелуге тиіс.
Стипендиат шығыстарды (берешекті) өтеу туралы шешім қабылданған және/немесе шығыстарды (берешекті) өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ерікті түрде өтеу туралы келісім жасасады және шығындарды өтеу туралы келісімде көрсетілген мерзімде өтейді.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау үшін құжаттар тізбесі
1. Стипендиаттың жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасын және көшірмесін). Түпнұсқа салыстырылғаннан кейін Стипендиатқа қайтарылады.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен үлгілік шарттарға сәйкес үш жақты шарт жасасқан жағдайда, жұмыс беруші атынан оқу/тағылымдамадан өту шартына қол қоятын адамның өкілеттігін куәландыратын құжаттар.
3. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген жағдайда, Стипендиаттың ауылдық елді мекендерде тұрақты тұрғылықты жері бойынша оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасалған күннің алдындағы соңғы 3 (үш) жыл ішінде тіркелгенін растайтын тұрғылықты жері туралы мәліметтер.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасау үшін құжаттар тізбесі
1. Жылжымайтын мүлік иесінің (кепіл берушінің) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме). Түпнұсқа салыстырылғаннан кейін жылжымайтын мүлік иесіне қайтарылады.
2. Әділет органдары берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.
3. Кепілге ұсынылған жылжымайтын мүліктің құны оқу шартының сомасын жаппаса, Стипендиаттың өзін (ата-анасын, жұбайын/зайыбын, балаларын) қоса алғанда, әділет органының Стипендиат отбасының барлық мүшелерінен Қазақстан Республикасының барлық аумағында жылжымайтын мүліктің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтамалар.
4. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.01.2018 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.01.2018 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Кепіл шартын жасасу сәтіне дейін 6 (алты) айдан кешіктірмей бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар кез келген тәуелсіз бағалаушы берген жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі (түпнұсқа).
7. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.01.2018 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде меншік иесі(иелері) некеге отырған болса, жылжымайтын мүлікті сотсыз сатуға келісіммен жылжымайтын мүлікті кепілдікке беруге меншік иесінің жұбайының/зайыбының нотариалды куәландырылған келісім өтінішін, сондай-ақ неке туралы куәлікті (нотариалды куәландырылған көшірмесін), меншік иесінің(иелерінің) жұбайының/зайыбының жеке куәлігі (көшірмесі).
9. Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде меншік иесі(иелері) некеге отырмаған болса, жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесінің(иелерінің) отбасылық жағдайы туралы нотариалды куәландырылған өтініші.
10. Егер жылжымайтын мүлік сатып алу сәтінде мүлік иесі некеде тұрса, бірақ кепіл шартын жасау сәтінде некеде тұрмаса (ажырасқан), азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарының (АХАЖ) некені бұзу туралы куәлігі, сондай-ақ меншік иесінің қазіргі уақытта некеде тұрмағандығы туралы нотариалды куәландырылған өтініші.
11. Егер жылжымайтын мүлік иесінің біреуі кәмелет жасқа толмаған болса, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасауға жазбаша келісімі, жылжымайтын мүліктің кәмелетке толмаған меншік иесінің туу туралы куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі), сондай-ақ егер кәмелетке толмаған меншік иесінің атынан қамқоршы/қорғаншы әрекет етсе, тұлғаның кепілге ұсынылатын жылжымайтын мүліктің кәмелетке толмаған меншік иесінің қамқоршысы немесе қорғаншысы мәртебесінің болуын растайтын құжаттар.
Он төрт жасқа жетпеген кәмелет жасқа толмаған мүлік иесінің атынан кепіл шартына, жоғарыда көрсетілген шарттар сақталған жағдайда, оның ата-анасы/асырап алушылары/қамқоршылары қол қояды.
14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жылжымайтын мүлік меншік иелері ата-анасының/асырап алушының/қамқоршының жазбаша келісімімен өз бетімен кепіл шартын жасайды.
Ата-анасының/асырап алушылардың/қамқоршылардың келісімі жылжымайтын мүлік кепіл шартында кәмелетке толмаған меншік иесі қолының жанынан олардың қолдарымен куәландырылады.
12. Егер жылжымайтын мүлік кепіл шарты сенімхат бойынша жасалса, кепілге және соттан тыс сату құқығын беруге жылжымайтын мүлік иесінен (иелерінен) нотариалды куәландырылған келісім-өтініш.
Кепілдік шарт жасау үшін құжаттар тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
1. Кепілдік берушінің жеке куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі).
2. Кепілдік берушінің лауазымы, жұмысқа қабылдау күні мен кепілдік шартын жасау алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 (он екі) ай ішіндегі табыстары туралы көрсетілген жұмыс орнынан анықтамасы (анықтамалар).
Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтар кепілдік беруші ретінде болған жағдайда: жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмесі); кепілдік шартын жасау алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 (он екі) ай ішіндегі табыстар алғанын растайтын құжаттар.
3. Кепілдік шартын жасау алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 (он екі) айға зейнетақы аударымдары төлемдерін растайтын құжаттар (оның ішінде зейнетақы қорынан жазба).
Стипендиаттарының шығыстарына төлемді растайтын құжаттар тізбесі
№ р/с | Шығыстардың атауы | Растайтын құжаттар |
1 | Виза (консулдық жиын) ресімдеу, ұзарту |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады); |
2 | Оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және тапсыру |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады); |
3 | Қабылдаушы елдердің уәкілетті органдары мен оқу орындарында тіркелу |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады); |
4 | Емтихандар |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады); |
5 | Оқу (оның ішінде оқуға депозит), оқу орындарының талаптары бойынша міндетті қызметтер |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады), не Оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы; |
6 | Міндетті медициналық тексеріс | төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады); |
7 | Оқу орындарының үлгерім туралы ресми құжаттарын (транскрипт) ұсынуы |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады), не Оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы; |
8 | Медициналық сақтандыру |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады); |
9 | Қазақстан Республикасы ішінде жол жүру (теміржол көлігі, автобус) |
жол жүру құжатының түпнұсқасы (теміржол билеті, автобус билеті). |
10 |
Қазақстан Республикасынан тыс жол жүру |
Теміржол көлігі, автобус ақысын өтеу кезінде: |