"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 маусымдағы № 288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 17146 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 8880 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 272 (28211) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидаларында:

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Қоғам Жұмсау бағыттарында қарастырылған, Стипендиаттың өз қаражаты есебінен жасалған шығыстарды өтеуді Стипендиаттың академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту аяқталған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.Ә. Байжанов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.И. Ешенқуловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев