"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 06 қарашада № 8880 тіркелді.

Жаңартылған

      "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Төлеков):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Сәрінжіпов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 7 қазандағы
№ 413 бұйрығымен
бекітілген

Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу,
стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың
үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру,
стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету
ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар
даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық
стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап
тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа
жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес әзірленген және "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерімен (бұдан әрі – Стипендиат) оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау, Стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, үлгерім мониторингі мен Стипендиаттардың еңбек қызметін жүзеге асыру, Стипендиаттардың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуі ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімін шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, Стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу шартын жасау тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) академиялық демалыс – Стипендиаттың шетелдік жоғары оқу орнымен келісім бойынша медициналық көрсеткіштер бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де айрықша жағдайларда оқуын уақытша тоқтату кезеңі;

      2) академиялық оқу – шетелдік жоғары оқу орнында дәреже алуға, резидентурада оқуға бағытталған оқу процессі;

      3) "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлері өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Республикалық комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган;

      4) депозит – оқу және/немесе тұру үшін кепілді жарнаның аванстық төлем сомасы;

      5) еңбек қызметі (жұмыспен өтеу) – еңбек қызметін алған мамандық бойынша Қазақстан Республикасында жүзеге асыру бөлігінде шарттық міндеттемелерді орындау процессі;

      6) кепіл хат – тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындыққа, академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге тіркелу және виза ресімдеу үшін Стипендиаттарға Қоғам беретін, шығыстарды жабу міндеттемесін кепілдендіретін ресми хат;

      7) магистратура алдындағы дайындық – Стипендиаттарды оқу еліне байланысты 2 (екі) айдан артық емес мерзіммен шетелдік жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесіне және оқу әдістеріне бейімделуге дайындау;

      8) орналастыру – шетелдік жоғары оқу орнын, шетелдік ұйымды таңдау, стипендиаттың Стипендиаттың тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындыққа, академиялық оқуға құжаттар тапсыру және түсу рәсімі;

      9) өтініш-сауалнама – шетелдік жоғары оқу орны, шетелдік ұйым әзірлеген құрылымдалған сұхбат негізінде қалыптастырылған сұрақтарды қамтитын сауалнама;

      10) преференс-нысан – шетелдік жоғары оқу орны және тағайындалған мамандық баламалары көрсетілген академиялық оқуға орналастыру үшін толтырылатын нысан;

      11) түлек – тиісті академиялық дәреже тағайындалумен оқуды аяқтаған немесе тағылымдамадан өткен және академиялық оқуды немесе тағылымдамадан өтуді аяқтау туралы тиісті құжатты алған Стипендиат;

      12) тілдік мектеп – Стипендиаттардың тілдік курстардан өтуін жүзеге асыратын ұйым;

      13) тілдік курстар – тілдік тесттерге дайындық курстарды қамтитын, академиялық бағыттағы шет тілін меңгеру деңгейін арттыру курстары (магистратура алдындағы пәндер бойынша дайындық курстарды қамтымайды);

      14) шартсыз шақырту – оқу мерзімдері көрсетілген, оқу ақысы туралы шартты қоспағанда, түсу үшін қажетті шарттарды қамтымайтын академиялық оқуға, тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуге ресми шақырту;

      15) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) – "Болашақ" стипендиясы мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;

      16) шетелдік жоғары оқу орны (бұдан әрі – Оқу орны) – Стипендиаттардың шетелдегі академиялық оқуы шеңберінде таңдалған мамандық бойынша жоғары кәсіби білім беретін ұйым;

      17) шетелдік ұйым – Стипендиаттардың тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтуін жүзеге асыратын Оқу орны, ұйым;

      18) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) – Қазақстан Республикасының Үкіметі "Болашақ" халықаралық стипендиясын (бұдан әрі – "Болашақ" стипендиясы) әкімшілендіру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға өкілдік берген ұйым.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу тәртібі мен шарттары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Стипендиат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) белгіленген мерзімдерде Қоғаммен "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрықпен (бұдан әрі – Бұйрық) бекіткен үлгілік нысандар бойынша оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасады.

      4. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыруға байланысты мәмілелер Қоғамның орналасқан жерінде жасалады.

      5. Стипендиат Қоғамға осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау үшін тізбесіне сәйкес құжаттар ұсынады.

      6. Оқу шартында көзделген міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында, Стипендиат бағалық құны Стипендиаттың жалпы оқу құнынан кем емес жылжымайтын мүлікті кепілге ұсынады. Жылжымайтын мүлік кепіл шарты Қоғам мен жылжымайтын мүлік меншік иесі арасында жасалады.

      7. Жылжымайтын мүлік кепіл шартының заты бағалау құны қандай да бір шектеулерсіз және ауыртпалықтарсыз меншік құқығы тіркелген кез келген жылжымайтын мүлік болып табылады.

      8. Осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасау үшін құжаттар тізбесіне сәйкес жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасауы жүзеге асырылады.

      9. Тараптар қол қойғаннан кейін жылжымайтын мүлік кепіл шарты жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша әділет органдарында тіркеуге жатады. Әділет органдарында тіркелгеннен кейін жылжымайтын мүлік кепіл шарты жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші және өзге де құжаттардың түпнұсқаларымен Қоғамға қайтаруға жатады.

      10. Оқу құнын жабатын ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлік болмаған немесе оның құны жеткіліксіз болған жағдайда, кепілге Стипендиатқа, оның отбасы мүшелеріне (ата-анасына, жұбайына, балаларына), сондай-ақ үшінші тұлғаларға меншік құқығында тиесілі барлық ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлік қабылданады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Стипендиаттың академиялық оқуының жалпы құны жабылмаған жағдайда, кепіл мүлкімен қамтамасыз етілмеген қалған сомаға кепілдік шарт (-тар) жасалады.

      Жабылуға тиісті сомаға байланысты кепілгерлер мындай санда ұсынылады:

      оқу құны кепілзатпен жетпіс пайыздан артық қамтамасыз етілген жағдайда – бір кепілгер;

      оқу құны кепілзатпен елу пайыздан жетпіс пайызға дейін қамтамасыз етілген жағдайда – екі кепілгер;

      оқу құны кепілзатпен отыз пайыздан елу пайызға дейін қамтамасыз етілген жағдайда – үш кепілгер;

      оқу құны кепілзатпен отыз пайыздан кем қамтамасыз етілген жағдайда – төрт кепілгер.

      Академиялық оқуға жіберілетін және ауылдық аумақтарда соңғы 6 (алты) ай ішінде тұратын және жұмыс істейтін Стипендиаттар үшін оқу құнын кепілдік қамтамасыз етумен жабу пайызына қарамастан кепілгерлердің кез келген саны (бірден төртке дейін) шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде ұсынылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тағылымдамадан өтуге жіберілетін Стипендиаттар міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында екі кепілгер ұсынады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Жұмыс берушінің анықтамаларымен және зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжаттармен (оның ішінде зейнетақы қорынан жазба) расталған соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде тұрақты еңбекақысы бар Қазақстан Республикасының 50 (елу) жасқа дейінгі азаматтары кепілдік беруші бола алады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      14. Осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген кепілдік шарт жасау үшін құжаттар тізбесіне сәйкес кепілдік шартын жасау жүзеге асырылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      15. Қоғамда кепілде тұрған жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу Стипендиат барлық шарттық міндеттемелерді тиісінше орындағаннан кейін жүзеге асырылады.

      Кепіл берушінің немесе Стипендиаттың (немесе сенім білдірілген адамның) өтініші бойынша Стипендиаттың міндеттемесін тиісті орындағанын тексергеннен кейін Қоғам жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін хат және сенімхат береді.

      16. Стипендиаттың міндеттемесін орындауды қамтамасыз етуге берілген кепіл мүлкін ауыстыруды жүзеге асыру үшін назарға мына санаттар: ұсынылған жылжымайтын мүліктің құны, сапалық және сандық сипаттамасы, географиялық орналасуы алынады.

      17. Кепіл затын ауыстыру үшін Қоғамға есепті құру сәтінен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей мерзімделген ұсынылатын жылжымайтын мүліктің және кепіл затының бағасы туралы қосымша берілген есептері бар, сондай-ақ ұсынылған жылжымайтын мүлікке тыйым салулар, ауыртпалықтар, заңды талап етулер болмауы туралы құжаттармен расталған кепіл затын ауыстыру туралы негіздеме өтінішін Қоғамға жіберу қажет.

      Жылжымайтын мүліктің жаңа кепіл шарты кепіл затын ауыстыру кезінде осы Қағидалардың 8, 9-тармақтарында көзделген тәртіппен жасалады.

      18. Жаңа кепіл шарты әділет органдарында тіркелгеннен және оны жылжымайтын мүлікке құқық беруші және өзге де құжаттардың түпнұсқаларымен Қоғамға тапсырғаннан кейін кепіл заты ауыстырылған кезде Қоғам әділет органдарына бес жұмыс күні ішінде алдындағы кепіл затынан ауыртпалықты алуға хат пен сенімхат жібереді.

3-тарау. Стипендиаттарды тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындыққа, академиялық оқуға, тағылымдамаға орналастыруды ұйымдастыру тәртібі, үлгерім және түлектердің еңбек қызметін жүзеге асыру мониторингін жүргізу

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Тілдік курстарға, магистратура алдындағы дайындыққа, академиялық оқуға, тағылымдамаға орналастыруды ұйымдастыру оқуға/тағылымдамадан өтуге шарттар күшіне енген сәттен басталады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Республикалық комиссияның шешімі бойынша Қоғам тілдік мектептің жақындағы жиынына (оқудың басы), бірақ оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау күнінен бастап күнтізбелік 1 (бір) жылдан кешіктірмей тілдік курстарға орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді.

      21. Қоғам Стипендиаттың өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде кепілхат тапсырады.

      22. Тілдік курстар оқуға/тағылымдамадан өтуге шартта көзделген мерзім ішінде (оқу еліндегі визалық талаптармен белгіленетін жағдайларды қоспағанда) жалғасады.

      Тілдік мектепті ауыстыру оқуға орналастыру сәтінде бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімінде (бұдан әрі – Тізім) тілдік мектеп болған жағдайда, Стипендиаттың Қоғамға жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      Ағымдағы оқу курсы (семестр/триместр немесе тілдік мектеп белгілеген кезең) аяқталғанға дейін тілдік мектепті ауыстыруға рұқсат берілмейді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22-1. Магистр дәрежесін алу үшін конкурсқа қатысқан және академиялық оқуға шартсыз шақыртуы бар стипендиаттар қажет болған жағдайда магистратура алдындағы дайындықтан өтеді.

      Стипендиаттың академиялық оқуға шартсыз шақыртуды және "айлтс" (ielts) немесе "тоефл" (toefl) тесті нәтижесінің көшірмесі қоса берілген жазбаша өтінішінің негізінде Қоғам келесі өлшемшарттардың бірін басшылыққа алып, Стипендиатты магистратура алдындағы дайындық курсына орналастыру қажеттілігі туралы шешім қабылдайды:

      1) Стипендиат "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде шетелде алдын ала тілдік курстардан өткен жоқ;

      2) Стипендиат "академиялық ағылшын тілі" бағдарламасы бойынша шетелде 6 (алты) айдан аспайтын тілдік курстардан өтті және осы бағдарламаның мазмұны магистратура алдындағы дайындық бағдарламасы мазмұнын қайталамайды (бағдарламалар мазмұндары бірдей болған жағдайда магистратура алдындағы дайындық ұзақтығы 1 (бір) айдан аспайды).

      Ескерту. 3-тарау 22-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22-2. Қоғам келесі модульдерді қамтитын магистратура алдындағы дайындыққа орналастыруды қамтамасыз етеді:

      оқу елінің әлеуметтік-мәдени ортасымен, халықаралық студенттерге арналған ережелермен және көрсетілетін қызметтермен танысу;

      білім беру жүйесін, оқу әдістерін, халықаралық студенттерге қойылатын талаптарды зерттеу және оқу елінің академиялық ортасымен танысу;

      академиялық дағдыларды (кәсіби мәтіндерді жазу және оқу дағдылары, презентацияларды дайындай алу, магистратура бағдарламасының таңдалған бағыты бойынша салалық терминологияны, плагиатқа жол бермеу бөлігінде академиялық материалды пайдалану нормасын қолдану) жетілдіру;

      диссертация немесе жобалық жұмыс жазу бөлігінде магистратура бағдарламасын сәтті игеру үшін қажетті зерттеушілік дағдыларды алу;

      кәсіби модуль (заң, бизнес және экономика, ғылым және инженерия бағыттарының бірі бойынша курс) болуы;

      бір апта ішіндегі сағаттардың қажетті саны.

      Ескерту. 3-тарау 22-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22-3. Қоғам магистратура алдындағы дайындыққа орналастыруды шетелдік ұйымның халықаралық және/немесе мемлекеттік/ұлттық аккредитациясы не шетелдік студенттер үшін магистратура алдындағы дайындық бағдарламасын өткізуге рұқсаты болған жағдайда, Тізімде көрсетілген "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылған шетелдік ұйымдар базасында академиялық оқу басталуының тура алдында жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тарау 22-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Академиялық оқуды ұйымдастыру үшін Стипендиат (академиялық оқуға өз бетімен түскендерді қоспағанда) Қоғамға академиялық оқуға түсу үшін Оқу орнын таңдау үшін преференс-нысанды ұсынады.

      24. Стипендиатты преференс-нысанға сәйкес Оқу орындарына академиялық оқуға орналастыру барысында Стипендиат өтініш-сауалнамаларды өз бетінше толтырады және Оқу орны белгілеген мерзімде тапсырады. Қоғам өтініш-сауалнамаларды тапсыру мерзімдеріне мониторинг жүргізеді және Стипендиаттарды бұл туралы хабарландырады, Стипендиаттардан өтініш-сауалнамаларды толтыру жағдайы туралы сұрайды, өтініш-сауалнамаларды толтыру дұрыстылығын Оқу орнына тапсыру алдында тексереді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Оқу орындарының шартсыз шақыртуын алғаннан кейін Стипендиат Қоғамға таңдап алған Оқу орнында оқу туралы жазбаша нысандағы келісімін ұсынады.

      26. Шартсыз шақыру виза алу үшін құжаттар ресімдеу үшін негіз болып табылады. Визаны Стипендиат өз бетімен ресімдейді.

      27. Стипендиат Қоғамға ұшатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын авиабилет сатып алу туралы жазбаша нысанда өтініш білдіреді.

      28. Үлгерім және түлектердің еңбек қызметін жүзеге асыру мониторингі оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Түлектен немесе кепіл берушіден ауыртпалықты алу туралы өтініш түскенде Қоғам түлектің еңбек өтілімі бойынша шарттық міндеттемелерінің орындалуын төмендегілерді:

      түлек алған мамандығы бойынша еңбек қызметін жүзеге асырған жұмыс берушілердің еңбек кітапшасындағы жазбаларын;

      еңбек өтілімінің талап етілетін кезеңі ішінде аударылған міндетті зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірмелерде көрсетілген зейнетақы аударымдарын (Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты заңнамасының ерекшеліктері ескерілген) есепке алып, тексереді.

      Еңбек өтілімі мерзімдерін есептеуді Қоғам күнтізбелік күндермен жүзеге асырады. Түлектердің еңбек өтілімін жүзеге асыруының мерзімдері мен орны Іріктеу қағидаларымен реттеледі.

      Түлек еңбек қызметін астанада немесе республикалық маңызы бар қалада, содан кейін өңірлерде немесе керісінше жүзеге асырған жағдайда, еңбек өтілімі мерзімін есептеу астанада немесе республикалық маңызы бар қалада атқарылған жұмыс күндері саны мен өңірде атқарылған жұмыс күндері санының пайыздық ара қатынасын қосу жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Оқуды уақытша үзу қажет болған жағдайда, Стипендиат Қоғамға академиялық демалыс беру немесе оны ұзарту туралы жазбаша нысанда өтініш жасайды. Академиялық демалыс беру немесе оны ұзарту мәселесін Комиссия қарайды.

      30. Шетелде оқуға кедергі болатын аурулар туындаған жағдайда, Стипендиат шетелдік емдеу мекемесі берген анықтама көшірмесін бере отырып, Қоғамға бұл туралы хабарлайды және Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін бір ай ішінде оқып жатқан мамандығы бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігінің болмауы туралы қорытындымен емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) анықтамасын ұсынады.

      Амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ДКК қорытындысы бойынша академиялық демалыс ауруы бойынша алтыдан он екі айға дейінгі ұзақтыққа беріледі. Туберкулезбен ауырған жағдайда, академиялық демалыс туберкулезге қарсы медициналық ұйым жанындағы Орталық дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде ұсынылады.

      31. Академиялық демалыс сондай-ақ Стипендиатқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметке шақыру қағазы болғанда, босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда – заңнамада белгіленген жағдайларда ұзақтығы 3 жылға дейін, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда берілуі мүмкін негіздерге беріледі.

      32. Оқуын қалпына келтірген жағдайда, Стипендиат Қоғамға шетелге шығатындар үшін денсаулық жағдайы туралы тиісті құжатты ұсынады.

4-тарау. Стипендиаттардың оқуы мен тағылымдамасын ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру, стипендия аудару және төлеу, оқуға ақы төлеу, шығыстарға аванс беру, Стипендиат өз қаражаты есебінен жүргізген шығыстарды өтеу, "Болашақ" стипендиясынан айырылған/бас тартқан кезде Стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Стипендиаттардың оқуы мен тағылымдамаларын ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен көрсетілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарында (бұдан әрі – Жұмсау бағыттары) көзделген шығыстарды төлеуді қамтиды.

      34. Қоғам Оқу орны белгілеген мерзімдерде тағайындалған оқу бағдарламасы мен мамандығы бойынша Оқу орнындағы оқуын аяқтау және академиялық дәреже алу үшін кредиттердің, пәндердің қажетті санын төлейді. Тиісті деңгейді алу үшін қосымша міндетті емес кредиттерді Стипендиат өз бетімен өз қаражаты есебінен төлейді.

      35. Тұруға, тамақтануға және оқу әдебиеттерін сатып алуға стипендия есептеу және төлеу Бұйрықпен бекітілген шығыстар нормаларына сәйкес, бекітілген оқу жоспарына сәйкес стипендиаттың оқу еліндегі нақты оқу кезеңі үшін ведомство құрылған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі.

      36. Оқу орындары мен шетелдік ұйымдарға инвойстар мен сметалар бойынша оқу ақысының төленуін көрсету оқуға ақы төлеу үшін валюта сатып алу күніне екінші деңгейлі банк белгілеген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2017 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Стипендиаттың өтініші негізінде Қоғам Стипендиаттарға виза ресімдеу, оны ұзарту (Стипендиат шетелде болған жағдайда), тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру шығыстары бойынша аванс береді.

      Аванс беру кезінде авиаагенттіктермен тиісті шарт болмаған жағдайда, Қоғам Стипендиаттарға авиабилет(тер) сатып алуға аванс береді.

      Қоғам оқу орнының талаптары бойынша стипендиаттардың оқуына және міндетті қызметтерге ақы төлеуге аванс беруді жүргізеді.

      38. Стипендиаттарға аванс беру аванс төлеуге ведомство құрылған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі.

      39. Аванс алу үшін аванс беруге өтінішті және аванс сомасын растайтын құжаттың (инвойс, жалдау туралы шарт, Оқу орнының, сақтандыру компаниясының, елшіліктің ресми сайтынан ақпарат, авиа ұшу құны немесе авиа билет брондау туралы ақпарат) көшірмесін ұсыну қажет.

      40. Стипендиаттарға аванс беру бойынша қарызды жабу Стипендиаттың шығыстарды нақты төлеу күніне валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша ұсынылған құжаттардың түпнұсқаларына сәйкес жүргізіледі.

      41. Аванс (тұруға/тамақтануға авансты қоспағанда) алғаннан кейін Стипендиат ақша аударылған күннен бастап екі ай ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген стипендиаттардың шығыстарын төлегенін растайтын қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес ақыны растайтын құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы қажет.

      42. Ақыны растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, аванс сомасы стипендиямен байланысты келесі төлемдерді есептеу кезінде Қоғамның ұстауына жатады. Бұған қоса, келесі төлемдер болмаған жағдайда, аванс сомасы төлеу бойынша аванс аударылған күннен бастап бес ай ішінде Стипендиаттың Қоғамға өтеуіне жатады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      43. Тұруға/тамақтануға аванс сомасы стипендия есептеу сомасынан ұсталады.

      44. Оқуға депозит сомасы, егер Оқу орны оқуға депозит ақысын есептемегенде, оқудың толық құнын көрсетсе, оқу ақысы сомасынан есептеледі.

      45. Шығыстарға аванс беру бұған дейін берілген жабылмаған аванстың осыған ұқсас шығыстары не стипендия бойынша айлық нормативтен асатын бұған дейін берілген жабылмаған аванс қалдығы болған жағдайда жүргізілмейді.

      46. Аванс аудару Стипендиаттың өтініші тіркелген күннен және аванс сомасын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүргізіледі.

      47. Қоғам Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен көрсетілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарында көзделген Стипендиаттың өз қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын өндіруді жүзеге асырады.

      48. Стипендиаттардың жұмсаған шығыстарын өндіру шығыстарды өндіру ведомоствосы құрылған күнге валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі.

      49. Визаны (консулдық жиынды) ресімдеуге, ұзартуға ақыны Стипендиат төлейді және Стипендиат виза алған жағдайда Қоғамға ұсынылған төлемді растайтын құжаттардың түпнұсқалары негізінде Қоғам тарапынан кейіннен өндіруге жатады.

      50. Өз қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын өндіру үшін Стипендиат Қоғамға шығыстарды өндіруге жазбаша өтініш пен жүргізілген шығыстар сомасын растайтын құжаттарды ұсынады, сондай-ақ өтеу бойынша қаражатты аудару осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген стипендиаттардың шығыстарын төлегенін растайтын қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес Стипендиат төлемді растайтын құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, Қоғам өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүргізіледі.

      51. Конкурс жеңімпазы Республикалық комиссияның шешімі бойынша "Болашақ" стипендиясынан бас тартқан не айырылған жағдайда, айып ақыны (айыппұлды) қоса алғанда, Стипендиатқа Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап жұмсалған шығыстар өндіруге жатады, Стипендиат өндіру туралы келісімде көрсетілген мерзімдерде шығыстарды өз еркімен өтейді.

      Шығыстарды өндіру туралы келісім жасау тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Стипендиаттармен
оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт
жасасу, стипендиаттарды
орналастыруды жүзеге асыру,
стипендиаттардың үлгерім мониторингі
мен еңбек қызметін жүзеге асыру,
стипендиаттардың міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру,
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі
республикалық комиссия "Болашақ"
халықаралық стипендиясын тағайындау
туралы шешім шығарған күннен бастап
тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса
алғанда, стипендиатқа жұмсалған
шығыстарды өтеу қағидаларына
1-қосымша

Оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау үшін құжаттар
тізбесі

      1. Стипендиаттың жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасын және көшірмесін). Түпнұсқа салыстырылғаннан кейін Стипендиатқа қайтарылады.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен үлгілік шарттарға сәйкес үш жақты шарт жасасқан жағдайда, жұмыс беруші атынан оқу/тағылымдамадан өту шартына қол қоятын адамның өкілеттігін куәландыратын құжаттар.

      3. Осы Қағидалардың 11, 12-тармақтарында көрсетілген жағдайда, Стипендиаттың ауылдық аймақтағы тұрақты тұрғылықты орны бойынша оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау алдындағы соңғы 6 (алты) ай ішінде тіркелгенін растайтын мекенжай анықтамасы (түпнұсқа).

  Стипендиаттармен
оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт
жасасу, стипендиаттарды
орналастыруды жүзеге асыру,
стипендиаттардың үлгерім мониторингі
мен еңбек қызметін жүзеге асыру,
стипендиаттардың міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру,
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі
республикалық комиссия "Болашақ"
халықаралық стипендиясын тағайындау
туралы шешім шығарған күннен бастап
тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса
алғанда, стипендиатқа жұмсалған
шығыстарды өтеу қағидаларына
2-қосымша

Жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасау үшін құжаттар тізбесі

      1. Жылжымайтын мүлік иесінің (кепіл берушінің) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме). Түпнұсқа салыстырылғаннан кейін жылжымайтын мүлік иесіне қайтарылады.

      2. Әділет органдары берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.

      3. Кепілге ұсынылған жылжымайтын мүліктің құны оқу шартының сомасын жаппаса, Стипендиаттың өзін (ата-анасын, жұбайын/зайыбын, балаларын) қоса алғанда, әділет органының Стипендиат отбасының барлық мүшелерінен Қазақстан Республикасының барлық аумағында жылжымайтын мүліктің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтамалар.

      4. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар (түпнұсқа).

      5. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес берілген жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

      6. Кепіл шартын жасасу сәтіне дейін 6 (алты) айдан кешіктірмей бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар кез келген тәуелсіз бағалаушы берген жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі (түпнұсқа).

      7. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары (жер учаскесі, жер учаскесі бар тұрғын үй немесе жер учаскесі бар тұрғын емес орынжай үшін) (түпнұсқа).

      8. Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде меншік иесі(иелері) некеге отырған болса, жылжымайтын мүлікті сотсыз сатуға келісіммен жылжымайтын мүлікті кепілдікке беруге меншік иесінің жұбайының/зайыбының нотариалды куәландырылған келісім өтінішін, сондай-ақ неке туралы куәлікті (нотариалды куәландырылған көшірмесін), меншік иесінің(иелерінің) жұбайының/зайыбының жеке куәлігі (көшірмесі).

      9. Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде меншік иесі(иелері) некеге отырмаған болса, жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесінің(иелерінің) отбасылық жағдайы туралы нотариалды куәландырылған өтініші.

      10. Егер жылжымайтын мүлік сатып алу сәтінде мүлік иесі некеде тұрса, бірақ кепіл шартын жасау сәтінде некеде тұрмаса (ажырасқан), азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарының (АХАЖ) некені бұзу туралы куәлігі, сондай-ақ меншік иесінің қазіргі уақытта некеде тұрмағандығы туралы нотариалды куәландырылған өтініші.

      11. Егер жылжымайтын мүлік иесінің біреуі кәмелет жасқа толмаған болса, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасауға жазбаша келісімі, жылжымайтын мүліктің кәмелетке толмаған меншік иесінің туу туралы куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі), сондай-ақ егер кәмелетке толмаған меншік иесінің атынан қамқоршы/қорғаншы әрекет етсе, тұлғаның кепілге ұсынылатын жылжымайтын мүліктің кәмелетке толмаған меншік иесінің қамқоршысы немесе қорғаншысы мәртебесінің болуын растайтын құжаттар.

      Он төрт жасқа жетпеген кәмелет жасқа толмаған мүлік иесінің атынан кепіл шартына, жоғарыда көрсетілген шарттар сақталған жағдайда, оның ата-анасы/асырап алушылары/қамқоршылары қол қояды.

      14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жылжымайтын мүлік меншік иелері ата-анасының/асырап алушының/қамқоршының жазбаша келісімімен өз бетімен кепіл шартын жасайды.

      Ата-анасының/асырап алушылардың/қамқоршылардың келісімі жылжымайтын мүлік кепіл шартында кәмелетке толмаған меншік иесі қолының жанынан олардың қолдарымен куәландырылады.

      12. Егер жылжымайтын мүлік кепіл шарты сенімхат бойынша жасалса, кепілге және соттан тыс сату құқығын беруге жылжымайтын мүлік иесінен (иелерінен) нотариалды куәландырылған келісім-өтініш.

  Стипендиаттармен
оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт
жасасу, стипендиаттарды орналастыруды
жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім
мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге
асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған
кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар
даярлау жөніндегі республикалық комиссия
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау
туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық
төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа
жұмсалған шығыстарды өтеу қағидаларына
3-қосымша

Кепілдік шарт жасау үшін құжаттар тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      1. Кепілдік берушінің жеке куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі).

      2. Кепілдік берушінің лауазымы, жұмысқа қабылдау күні мен кепілдік шартын жасау алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 (он екі) ай ішіндегі табыстары туралы көрсетілген жұмыс орнынан анықтамасы (анықтамалар).

      Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтар кепілдік беруші ретінде болған жағдайда: жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмесі); кепілдік шартын жасау алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 (он екі) ай ішіндегі табыстар алғанын растайтын құжаттар.

      3. Кепілдік шартын жасау алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 (он екі) айға зейнетақы аударымдары төлемдерін растайтын құжаттар (оның ішінде зейнетақы қорынан жазба).

  Стипендиаттармен
оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт
жасасу, стипендиаттарды
орналастыруды жүзеге асыру,
стипендиаттардың үлгерім мониторингі
мен еңбек қызметін жүзеге асыру,
стипендиаттардың міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру,
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі
республикалық комиссия "Болашақ"
халықаралық стипендиясын тағайындау
туралы шешім шығарған күннен бастап
тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса
алғанда, стипендиатқа жұмсалған
шығыстарды өтеу қағидаларына
4-қосымша

Стипендиаттарының шығыстарына төлемді растайтын
құжаттар тізбесі

№ р/с

Шығыстардың атауы

Растайтын құжаттар

1

Виза (консулдық жиын) ресімдеу, ұзарту

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);

2) визаның көшірмесі.

Егер оқу елі визалық жапсырма қоймаса, визаны алған туралы электрондық растауды ұсыну қажет.

2

Оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және тапсыру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);

2) сауалнама нысандарының барлық түрлерін ресімдеуге және беруге төлемдерді растайтын оқу орнының электрондық растаманың қағазға басылған нұсқасы.

3

Қабылдаушы елдердің уәкілетті органдары мен оқу орындарында тіркелу

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);

2) тіркеу туралы сертификаттың көшірмесі не қабылдаушы елдердің уәкілетті органдарында және оқу орнында тіркелгені үшін төлем туралы электрондық растаманың қағазға басылған нұсқасы.

4

Емтихандар

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);

2) сертификаттың электрондық көшірмесі/төлем туралы электронды растаманың қағазға басылған нұсқасы.

5

Оқу (оның ішінде оқуға депозит), оқу орындарының талаптары бойынша міндетті қызметтер

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады), не Оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы;

2) төлем ашық жазылған төлемге (инвойс) шот көшірмесі.

6

Міндетті медициналық тексеріс

төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);

7

Оқу орындарының үлгерім туралы ресми құжаттарын (транскрипт) ұсынуы

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады), не Оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы;

2) транскрипт көшірмесі.

8

Медициналық сақтандыру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);

2) сақтандыру полисінің түпнұсқасы/көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасы ішінде жол жүру (теміржол көлігі, автобус)

жол жүру құжатының түпнұсқасы (теміржол билеті, автобус билеті).

Қазақстан Республикасы ішінде әуе көлігімен ұшқан жағдайда купе вагоны тарифынан жоғары емес теміржол жүруінің құны өтеледі

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не үзіндінің әрбір беті мөртабанмен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер;

2) электрондық билет;

3) отырғызу талондарының түпнұсқалары.

4) билет сатып алған күнге купелі вагон құны туралы теміржолдан анықтаманың түпнұсқасы (төмендегі жұмсақ диваны, қалыбын реттеу бойынша құрылғысы бар жұмсақ креслосы бар 2 орындық купелі вагонды (ЖВ), сондай-ақ "Турист" және "Бизнес" класты жүрдек поезды қоспағанда).

1), 2) және 3) тармақтарында жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, авиаагенттіктен тегі, аты, әкесінің аты, құнын, класын, бағытын көрсете отырып, билетті сатып алу және пайдалану фактісін растайтын анықтаманы ұсынуға болады.

10



Қазақстан Республикасынан тыс жол жүру


Теміржол көлігі, автобус ақысын өтеу кезінде:

жол жүру құжатының түпнұсқасы (теміржол билеті, автобус билеті).

Жол жүру құжатының түпнұсқасы болмаған жағдайда, чекті, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады) және электрондық билеттің көшірмесін ұсынуға болады.

Авиабилеттер ақысын өтеу кезінде:

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады); авиаагенттіктің мөртабанымен расталған авиаагенттік шот-накладнойы (шот-фактура) (болған жағдайда);

2) жол жүру құжатының түпнұсқасы, не авиаагенттіктің мөртабанымен расталған электрондық билеттің қағазға басылған нұсқасы (авиабилетті шетелде сатып алған және Қазақстан Республикасында авиаагенттік өкілдіктері болмаған жағдайда, сондай-ақ авиаагенттіктің мөртабанымен расталған шот-накладнойда (шот-фактурада) билет бағыты мен нөмірі көрсетілген жағдайда электронды билетте мөртабанның болуы міндетті емес;

3) отырғызу талондарының түпнұсқалары.

Жоғарыда көрсетілген тармақтарында құжаттар болмаған жағдайда авиаагенттіктен:

1) тармақта тегі, аты, әкесінің аты, билет құны мен нөмірін, билетті сатып алуды растайтын фактіні;

2) тармақта тегі, аты, әкесінің аты, билет құнын, класын, бағытын, нөмірін;

3) тармақта тегі, аты, әкесінің аты, билет класын, бағытын, нөмірін және билеттің пайдаланылуын растайтын фактіні көрсете отырып, анықтама/хат түпнұсқасын ұсынуға болады.