«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Төлеков):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 7 қазандағы
№ 413 бұйрығымен
бекітілген
Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу,
стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың
үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру,
стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету
ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар
даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық
стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап
тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа
жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес әзірленген және «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерімен (бұдан әрі – Стипендиат) оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау, Стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, үлгерім мониторингі мен Стипендиаттардың еңбек қызметін жүзеге асыру, Стипендиаттардың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуі ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімін шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, Стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу шартын жасау тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) – «Болашақ» халықаралық стипендиясын (бұдан әрі – «Болашақ» стипендиясы) әкімшілендіру бойынша функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметімен уәкілеттік берілген ұйым;
2) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) – Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесу органы;
3) «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесу органы;
4) шетелдік әріптес – Стипендиаттардың академиялық оқуын, тілдік курстары мен тағылымдамасын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін ұйым;
5) шетелдік ұйым – Стипендиаттың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыратын жоғары оқу орны, ұйым;
6) тілдік мектеп – Стипендиаттардың тілдік курстардан өтуін жүзеге асыратын ұйым;
7) тілдік курстар – тілдік тесттерге дайындық курстарды қамтитын тілді меңгеру деңгейін арттыратын мамандандырылған курстар (pre-masters courses пәндері бойынша дайындық курстарын қамтымайтын);
8) аппликациялық нысан – шетелдің жетекші жоғары оқу орны (бұдан әрі – Оқу орны), тілдік дайындықты жүзеге асыратын ұйым әзірлеген құрылымдалған сұхбат негізінде қалыптастырылған сұрақтарды қамтитын сауалнама;
9) преференс-нысан – Оқу орындары және тағайындалған мамандықтың баламалары көрсетілген академиялық оқуға орналастыру үшін толтырылатын нысан;
10) орналастыру – таңдау, Стипендиаттың академиялық оқуға, тілдік курстарға құжаттар тапсыру және түсу рәсімі;
11) шартсыз шақырту (unconditional offer) – оқу мерзімдері көрсетілген оқу ақысы туралы шарттарды қоспағанда, түсу үшін қажетті шарттарды қамтымайтын академиялық оқуға, тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуге ресми шақырту;
12) кепіл хат – академиялық оқуға, тағылымдамадан, тілдік курстардан өтуге тіркелу және виза ресімдеу үшін Стипендиаттарға Қоғам беретін шығыстарды жабу міндеттемесін кепілдендіретін ресми хат;
13) депозит – оқуына және/немесе тұруына кепілді жарна үшін аванстық төлем сомасы;
14) академиялық оқу – дәреже алуға бағытталған оқу, Оқу орындарындағы резидентурада оқу процессі;
15) академиялық демалыс – бұл Стипендиаттың Оқу орнымен келісім бойынша медициналық көрсеткіштер бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де айрықша жағдайларда өз оқуларын уақытша тоқтату кезеңі.
2. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша
оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу тәртібі мен шарттары
3. Стипендиат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) белгіленген мерзімдерде Қоғаммен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрықпен (бұдан әрі – Бұйрық) бекіткен үлгілік нысандар бойынша оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасады.
4. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруға байланысты мәмілелер Қоғамның орналасқан жерінде жасалады.
5. Стипендиат Қоғамға осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау үшін тізбесіне сәйкес құжаттар ұсынады.
6. Оқу шартында көзделген міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында, Стипендиат бағалық құны Стипендиаттың жалпы оқу құнынан кем емес жылжымайтын мүлікті кепілге ұсынады. Жылжымайтын мүлік кепіл шарты Қоғам мен жылжымайтын мүлік меншік иесі арасында жасалады.
7. Жылжымайтын мүлік кепіл шартының заты бағалау құны қандай да бір шектеулерсіз және ауыртпалықтарсыз меншік құқығы тіркелген кез келген жылжымайтын мүлік болып табылады.
8. Осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасау үшін құжаттар тізбесіне сәйкес жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасауы жүзеге асырылады.
9. Тараптар қол қойғаннан кейін жылжымайтын мүлік кепіл шарты жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша әділет органдарында тіркеуге жатады. Әділет органдарында тіркелгеннен кейін жылжымайтын мүлік кепіл шарты жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші және өзге де құжаттардың түпнұсқаларымен Қоғамға қайтаруға жатады.
10. Кепілге оқу құнын жабатын ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлік болмаған жағдайда немесе оның құны жеткіліксіз болса, кепілге Стипендиатқа, оның отбасы мүшелеріне (ата-анасына, жұбайына, зайыбына балаларына), сондай-ақ үшінші тұлғаға меншік құқығы тиесілі барлық ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлік құнына қарамастан қабылданады.
Кепіл мүлкімен қамтамасыз етілмеген қалған сомаға мынадай санда кепілдік шарт(тар)ы жасалады:
1) академиялық оқуға жіберілген Стипендиаттар үшін оқу құнын жетпіс пайыздан аса кепілзаттық қамтамасыз етумен жабу кезінде – бір кепілдік беруші; оқу құнын елу пайыздан жетпіс пайызға дейін кепілзаттық қамтамасыз етумен жабу кезінде – екі кепілдік беруші; оқу құнын отыз пайыздан елу пайызға дейін кепілзаттық қамтамасыз етумен жабу кезінде – үш кепілдік беруші; оқу құнын отыз пайыздан кем кепілзаттық қамтамасыз етумен жабу кезінде – төрт кепілдік беруші;
2) тағылымдамадан өту үшін жіберілетін Стипендиаттар үшін – екі кепілдік беруші.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
11. Академиялық оқуға жіберілетін және ауылдық аумақтарда соңғы 6 (алты) ай ішінде тұратын және жұмыс істейтін Стипендиаттар үшін оқу құнын кепілдік қамтамасыз етумен жабу пайызына қарамастан кез келген кепілдік беруші саны (бірден төртке дейін) шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде ұсынылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
12. Тағылымдамаға жіберілетін және ауылдық аумақтарда соңғы 6 (алты) ай ішінде тұратын және жұмыс істейтін Стипендиаттар үшін шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде кез келген кепілдік берушілер саны (бірден екіге дейін) ұсынылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
13. Жұмыс берушінің анықтамаларымен және зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжаттармен (оның ішінде зейнетақы қорынан жазба) расталған соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде тұрақты еңбекақысы бар Қазақстан Республикасының 50 (елу) жасқа дейінгі азаматтары кепілдік беруші бола алады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
14. Осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген кепілдік шарт жасау үшін құжаттар тізбесіне сәйкес кепілдік шартын жасау жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
15. Қоғамда кепілде тұрған жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу Стипендиат барлық шарттық міндеттемелерді тиісінше орындағаннан кейін жүзеге асырылады.
Кепіл берушінің немесе Стипендиаттың (немесе сенім білдірілген адамның) өтініші бойынша Стипендиаттың міндеттемесін тиісті орындағанын тексергеннен кейін Қоғам жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін хат және сенімхат береді.
16. Стипендиаттың міндеттемесін орындауды қамтамасыз етуге берілген кепіл мүлкін ауыстыруды жүзеге асыру үшін назарға мына санаттар: ұсынылған жылжымайтын мүліктің құны, сапалық және сандық сипаттамасы, географиялық орналасуы алынады.
17. Кепіл затын ауыстыру үшін Қоғамға есепті құру сәтінен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей мерзімделген ұсынылатын жылжымайтын мүліктің және кепіл затының бағасы туралы қосымша берілген есептері бар, сондай-ақ ұсынылған жылжымайтын мүлікке тыйым салулар, ауыртпалықтар, заңды талап етулер болмауы туралы құжаттармен расталған кепіл затын ауыстыру туралы негіздеме өтінішін Қоғамға жіберу қажет.
Жылжымайтын мүліктің жаңа кепіл шарты кепіл затын ауыстыру кезінде осы Қағидалардың 8, 9-тармақтарында көзделген тәртіппен жасалады.
18. Жаңа кепіл шарты әділет органдарында тіркелгеннен және оны жылжымайтын мүлікке құқық беруші және өзге де құжаттардың түпнұсқаларымен Қоғамға тапсырғаннан кейін кепіл заты ауыстырылған кезде Қоғам әділет органдарына бес жұмыс күні ішінде алдындағы кепіл затынан ауыртпалықты алуға хат пен сенімхат жібереді.
3. Стипендиаттардың академиялық оқуын, тілдік даярлығын,
тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және оларға орналастыру,
Стипендиаттардың үлгерімі мен еңбек қызметін жүзеге асыру
мониторингісінің тәртібі
19. Оқуды, тілдік курстарды, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру оқуға/тағылымдамадан өтуге шарттар күшіне енген сәттен бастап басталады.
20. Республикалық комиссияның шешімі бойынша Қоғам тілдік мектептің жақындағы жиынына (оқудың басы), бірақ оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау күнінен бастап күнтізбелік 1 (бір) жылдан кешіктірмей тілдік курстарға орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
21. Қоғам Стипендиаттың өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде кепілхат тапсырады.
22. Тілдік курстар оқуды/тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру шартында көзделген мерзім ішінде (оқу еліндегі визалық талаптар мен тілдік мектепті бастау күні бойынша тілдік мектеп талаптарын қоспағанда) жалғасады.
Тілдік мектепті ауыстыру конкурсқа қатысу сәтінде немесе кейінгі жылдарда бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімінде тілдік мектептер болған жағдайда, Стипендиаттың Қоғамға жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Ағымдағы оқу курсы (семестр/триместр немесе тілдік мектеп белгілеген басқа кезең) аяқталғанға дейін тілдік мектепті ауыстыруға рұқсат берілмейді.
23. Академиялық оқуды ұйымдастыру үшін Стипендиат (академиялық оқуға өз бетімен түскендерді қоспағанда) Қоғамға академиялық оқуға түсу үшін Оқу орнын таңдау үшін преференс-нысанды ұсынады.
24. Орналастырумен байланысты құжаттарды Стипендиат өз бетімен толтырады.
25. Оқу орындарының шартсыз шақыртуын алғаннан кейін Стипендиат Қоғамға таңдап алған Оқу орнында оқу туралы жазбаша нысандағы келісімін ұсынады.
26. Шартсыз шақыру виза алу үшін құжаттар ресімдеу үшін негіз болып табылады. Визаны Стипендиат өз бетімен ресімдейді.
27. Стипендиат Қоғамға ұшатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын авиабилет сатып алу туралы жазбаша нысанда өтініш білдіреді.
28. Стипендиаттың үлгерім және еңбек қызметін жүзеге асыру мониторингі оқу/тағылымдамадан өту шартына сәйкес жүзеге асырылады.
29. Оқуды уақытша үзу қажет болған жағдайда, Стипендиат Қоғамға академиялық демалыс беру немесе оны ұзарту туралы жазбаша нысанда өтініш жасайды. Академиялық демалыс беру немесе оны ұзарту мәселесін Комиссия қарайды.
30. Шетелде оқуға кедергі болатын аурулар туындаған жағдайда, Стипендиат шетелдік емдеу мекемесі берген анықтама көшірмесін бере отырып, Қоғамға бұл туралы хабарлайды және Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін бір ай ішінде оқып жатқан мамандығы бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігінің болмауы туралы қорытындымен емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) анықтамасын ұсынады.
Амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ДКК қорытындысы бойынша академиялық демалыс ауруы бойынша алтыдан он екі айға дейінгі ұзақтыққа беріледі. Туберкулезбен ауырған жағдайда, академиялық демалыс туберкулезге қарсы медициналық ұйым жанындағы Орталық дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде ұсынылады.
31. Академиялық демалыс сондай-ақ Стипендиатқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметке шақыру қағазы болғанда, босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда – заңнамада белгіленген жағдайларда ұзақтығы 3 жылға дейін, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда берілуі мүмкін негіздерге беріледі.
32. Оқуын қалпына келтірген жағдайда, Стипендиат Қоғамға шетелге шығатындар үшін денсаулық жағдайы туралы тиісті құжатты ұсынады.
4. Стипендиаттардың оқуы мен тағылымдамасын ұйымдастыруға
байланысты шығыстарды қаржыландыру, стипендия аудару және
төлеу, оқуға ақы төлеу, шығыстарға аванс беру, Стипендиат өз
қаражаты есебінен жүргізген шығыстарды өтеу, «Болашақ»
стипендиясынан айырылған/бас тартқан кезде Стипендиатқа
жұмсалған шығыстарды өтеу
33. Стипендиаттардың оқуы мен тағылымдамаларын ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен көрсетілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарында (бұдан әрі – Жұмсау бағыттары) көзделген шығыстарды төлеуді қамтиды.
34. Қоғам Оқу орны белгілеген мерзімдерде тағайындалған оқу бағдарламасы мен мамандығы бойынша Оқу орнындағы оқуын аяқтау және академиялық дәреже алу үшін кредиттердің, пәндердің қажетті санын төлейді. Тиісті деңгейді алу үшін қосымша міндетті емес кредиттерді Стипендиат өз бетімен өз қаражаты есебінен төлейді.
35. Тұруға, тамақтануға және оқу әдебиеттерін сатып алуға стипендия есептеу және төлеу Бұйрықпен бекітілген шығыстар нормаларына сәйкес, бекітілген оқу жоспарына сәйкес стипендиаттың оқу еліндегі нақты оқу кезеңі үшін ведомство құрылған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі.
36. Оқу орындары мен шетелдік әріптестердің инвойстары мен сметалары бойынша оқуға ақыны көрсету оқуға ақы төлеу үшін валюта сатып алу күніне екінші деңгейлі банк белгілеген валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі.
37. Стипендиаттың өтініші негізінде Қоғам Стипендиаттарға виза ресімдеу, оны ұзарту (Стипендиат шетелде болған жағдайда), тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру шығыстары бойынша аванс береді.
Аванс беру кезінде авиаагенттіктермен тиісті шарт болмаған жағдайда, Қоғам Стипендиаттарға авиабилет(тер) сатып алуға аванс береді.
Қоғам оқу орнының талаптары бойынша стипендиаттардың оқуына және міндетті қызметтерге ақы төлеуге аванс беруді жүргізеді.
38. Стипендиаттарға аванс беру аванс төлеуге ведомство құрылған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі.
39. Аванс алу үшін аванс беруге өтінішті және аванс сомасын растайтын құжаттың (инвойс, жалдау туралы шарт, Оқу орнының, сақтандыру компаниясының, елшіліктің ресми сайтынан ақпарат, авиа ұшу құны немесе авиа билет брондау туралы ақпарат) көшірмесін ұсыну қажет.
40. Стипендиаттарға аванс беру бойынша қарызды жабу Стипендиаттың шығыстарды нақты төлеу күніне валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша ұсынылған құжаттардың түпнұсқаларына сәйкес жүргізіледі.
41. Аванс (тұруға/тамақтануға авансты қоспағанда) алғаннан кейін Стипендиат ақша аударылған күннен бастап екі ай ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген стипендиаттардың шығыстарын төлегенін растайтын қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес ақыны растайтын құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы қажет.
42. Ақыны растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, аванс сомасы стипендиямен байланысты келесі төлемдерді есептеу кезінде Қоғамның ұстауына жатады. Бұған қоса, келесі төлемдер болмаған жағдайда, аванс сомасы төлеу бойынша аванс аударылған күннен бастап бес ай ішінде Стипендиаттың Қоғамға өтеуіне жатады.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
43. Тұруға/тамақтануға аванс сомасы стипендия есептеу сомасынан ұсталады.
44. Оқуға депозит сомасы, егер Оқу орны оқуға депозит ақысын есептемегенде, оқудың толық құнын көрсетсе, оқу ақысы сомасынан есептеледі.
45. Шығыстарға аванс беру бұған дейін берілген жабылмаған аванстың осыған ұқсас шығыстары не стипендия бойынша айлық нормативтен асатын бұған дейін берілген жабылмаған аванс қалдығы болған жағдайда жүргізілмейді.
46. Аванс аудару Стипендиаттың өтініші тіркелген күннен және аванс сомасын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүргізіледі.
47. Қоғам Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен көрсетілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарында көзделген Стипендиаттың өз қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын өндіруді жүзеге асырады.
48. Стипендиаттардың жұмсаған шығыстарын өндіру шығыстарды өндіру ведомоствосы құрылған күнге валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі.
49. Визаны (консулдық жиынды) ресімдеуге, ұзартуға ақыны Стипендиат төлейді және Стипендиат виза алған жағдайда Қоғамға ұсынылған төлемді растайтын құжаттардың түпнұсқалары негізінде Қоғам тарапынан кейіннен өндіруге жатады.
50. Өз қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын өндіру үшін Стипендиат Қоғамға шығыстарды өндіруге жазбаша өтініш пен жүргізілген шығыстар сомасын растайтын құжаттарды ұсынады, сондай-ақ өтеу бойынша қаражатты аудару осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген стипендиаттардың шығыстарын төлегенін растайтын қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес Стипендиат төлемді растайтын құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, Қоғам өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүргізіледі.
51. Конкурс жеңімпазы Республикалық комиссияның шешімі бойынша «Болашақ» стипендиясынан бас тартқан не айырылған жағдайда, айып ақыны (айыппұлды) қоса алғанда, Стипендиатқа Республикалық комиссия «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап жұмсалған шығыстар өндіруге жатады, Стипендиат өндіру туралы келісімде көрсетілген мерзімдерде шығыстарды өз еркімен өтейді.
Шығыстарды өндіру туралы келісім жасау тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Стипендиаттармен
оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт
жасасу, стипендиаттарды
орналастыруды жүзеге асыру,
стипендиаттардың үлгерім мониторингі
мен еңбек қызметін жүзеге асыру,
стипендиаттардың міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру,
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі
республикалық комиссия «Болашақ»
халықаралық стипендиясын тағайындау
туралы шешім шығарған күннен бастап
тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса
алғанда, стипендиатқа жұмсалған
шығыстарды өтеу қағидаларына
1-қосымша
Оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау үшін құжаттар
тізбесі
1. Стипендиаттың жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасын және көшірмесін). Түпнұсқа салыстырылғаннан кейін Стипендиатқа қайтарылады.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен үлгілік шарттарға сәйкес үш жақты шарт жасасқан жағдайда, жұмыс беруші атынан оқу/тағылымдамадан өту шартына қол қоятын адамның өкілеттігін куәландыратын құжаттар.
3. Осы Қағидалардың 11, 12-тармақтарында көрсетілген жағдайда, Стипендиаттың ауылдық аймақтағы тұрақты тұрғылықты орны бойынша оқу/тағылымдамадан өту шартын жасау алдындағы соңғы 6 (алты) ай ішінде тіркелгенін растайтын мекенжай анықтамасы (түпнұсқа).
Стипендиаттармен
оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт
жасасу, стипендиаттарды
орналастыруды жүзеге асыру,
стипендиаттардың үлгерім мониторингі
мен еңбек қызметін жүзеге асыру,
стипендиаттардың міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру,
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі
республикалық комиссия «Болашақ»
халықаралық стипендиясын тағайындау
туралы шешім шығарған күннен бастап
тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса
алғанда, стипендиатқа жұмсалған
шығыстарды өтеу қағидаларына
2-қосымша
Жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасау үшін құжаттар тізбесі
1. Жылжымайтын мүлік иесінің (кепіл берушінің) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме). Түпнұсқа салыстырылғаннан кейін жылжымайтын мүлік иесіне қайтарылады.
2. Әділет органдары берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.
3. Кепілге ұсынылған жылжымайтын мүліктің құны оқу шартының сомасын жаппаса, Стипендиаттың өзін (ата-анасын, жұбайын/зайыбын, балаларын) қоса алғанда, әділет органының Стипендиат отбасының барлық мүшелерінен Қазақстан Республикасының барлық аумағында жылжымайтын мүліктің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтамалар.
4. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар (түпнұсқа).
5. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес берілген жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
6. Кепіл шартын жасасу сәтіне дейін 6 (алты) айдан кешіктірмей бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар кез келген тәуелсіз бағалаушы берген жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі (түпнұсқа).
7. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары (жер учаскесі, жер учаскесі бар тұрғын үй немесе жер учаскесі бар тұрғын емес орынжай үшін) (түпнұсқа).
8. Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде меншік иесі(иелері) некеге отырған болса, жылжымайтын мүлікті сотсыз сатуға келісіммен жылжымайтын мүлікті кепілдікке беруге меншік иесінің жұбайының/зайыбының нотариалды куәландырылған келісім өтінішін, сондай-ақ неке туралы куәлікті (нотариалды куәландырылған көшірмесін), меншік иесінің(иелерінің) жұбайының/зайыбының жеке куәлігі (көшірмесі).
9. Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде меншік иесі(иелері) некеге отырмаған болса, жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесінің(иелерінің) отбасылық жағдайы туралы нотариалды куәландырылған өтініші.
10. Егер жылжымайтын мүлік сатып алу сәтінде мүлік иесі некеде тұрса, бірақ кепіл шартын жасау сәтінде некеде тұрмаса (ажырасқан), азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарының (АХАЖ) некені бұзу туралы куәлігі, сондай-ақ меншік иесінің қазіргі уақытта некеде тұрмағандығы туралы нотариалды куәландырылған өтініші.
11. Егер жылжымайтын мүлік иесінің біреуі кәмелет жасқа толмаған болса, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасауға жазбаша келісімі, жылжымайтын мүліктің кәмелетке толмаған меншік иесінің туу туралы куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі), сондай-ақ егер кәмелетке толмаған меншік иесінің атынан қамқоршы/қорғаншы әрекет етсе, тұлғаның кепілге ұсынылатын жылжымайтын мүліктің кәмелетке толмаған меншік иесінің қамқоршысы немесе қорғаншысы мәртебесінің болуын растайтын құжаттар.
Он төрт жасқа жетпеген кәмелет жасқа толмаған мүлік иесінің атынан кепіл шартына, жоғарыда көрсетілген шарттар сақталған жағдайда, оның ата-анасы/асырап алушылары/қамқоршылары қол қояды.
14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жылжымайтын мүлік меншік иелері ата-анасының/асырап алушының/қамқоршының жазбаша келісімімен өз бетімен кепіл шартын жасайды.
Ата-анасының/асырап алушылардың/қамқоршылардың келісімі жылжымайтын мүлік кепіл шартында кәмелетке толмаған меншік иесі қолының жанынан олардың қолдарымен куәландырылады.
12. Егер жылжымайтын мүлік кепіл шарты сенімхат бойынша жасалса, кепілге және соттан тыс сату құқығын беруге жылжымайтын мүлік иесінен (иелерінен) нотариалды куәландырылған келісім-өтініш.
Стипендиаттармен
оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт
жасасу, стипендиаттарды орналастыруды
жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім
мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге
асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған
кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар
даярлау жөніндегі республикалық комиссия
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау
туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық
төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа
жұмсалған шығыстарды өтеу қағидаларына
3-қосымша
Кепілдік шарт жасау үшін құжаттар тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2014 № 55 бұйрығымен (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
1. Кепілдік берушінің жеке куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі).
2. Кепілдік берушінің лауазымы, жұмысқа қабылдау күні мен кепілдік шартын жасау алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 (он екі) ай ішіндегі табыстары туралы көрсетілген жұмыс орнынан анықтамасы (анықтамалар).
Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтар кепілдік беруші ретінде болған жағдайда: жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмесі); кепілдік шартын жасау алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 (он екі) ай ішіндегі табыстар алғанын растайтын құжаттар.
3. Кепілдік шартын жасау алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 (он екі) айға зейнетақы аударымдары төлемдерін растайтын құжаттар (оның ішінде зейнетақы қорынан жазба).
Стипендиаттармен
оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт
жасасу, стипендиаттарды
орналастыруды жүзеге асыру,
стипендиаттардың үлгерім мониторингі
мен еңбек қызметін жүзеге асыру,
стипендиаттардың міндеттемелерін
орындауын қамтамасыз ету ретінде
ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру,
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі
республикалық комиссия «Болашақ»
халықаралық стипендиясын тағайындау
туралы шешім шығарған күннен бастап
тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса
алғанда, стипендиатқа жұмсалған
шығыстарды өтеу қағидаларына
4-қосымша
Стипендиаттарының шығыстарына төлемді растайтын
құжаттар тізбесі
№ р/с |
Шығыстардың атауы |
Растайтын құжаттар |
1 |
Виза (консулдық жиын) ресімдеу, ұзарту |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады); |
2 |
Оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және тапсыру |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады); |
3 |
Қабылдаушы елдердің уәкілетті органдары мен оқу орындарында тіркелу |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады); |
4 |
Емтихандар |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады); |
5 |
Оқу (оның ішінде оқуға депозит), оқу орындарының талаптары бойынша міндетті қызметтер |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады), не Оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы; |
6 |
Міндетті медициналық тексеріс |
төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады); |
7 |
Оқу орындарының үлгерім туралы ресми құжаттарын (транскрипт) ұсынуы |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады), не Оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы; |
8 |
Медициналық сақтандыру |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады); |
9 |
Қазақстан Республикасы ішінде жол жүру (теміржол көлігі, автобус) |
жол жүру құжатының түпнұсқасы (теміржол билеті, автобус билеті). |
10 |
Қазақстан Республикасынан тыс жол жүру |
Теміржол көлігі, автобус ақысын өтеу кезінде: |