Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 215 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қазанда № 8799 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      3. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – орталық депозитарий) және «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – тіркеуші) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне орталық депозитарий мен тіркеушінің ережелер жинағына өзгерістер мен толықтыруларды белгіленген тәртіппен келісуге ұсынсын.
      4. Тіркеуші осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шотындағы және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шотындағы айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде оқшауланған бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздардың саны туралы, орталық депозитарийдің айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқығына тиісті сәйкестендіргіш беру туралы мәліметтерді ұсыну туралы орталық депозитарийге сұрату жіберсін.
      5. Орталық депозитарий осы қаулының 4-тармағында көрсетілген тіркеушінің сұратуын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тіркеушіге сұрату бойынша мәліметтерді жіберсін.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге арналған үлгі шартты бекіту туралы» 2008 жылғы  29 желтоқсанда № 239 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5538 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы қаулыға қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағының он сегізінші және он тоғызыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қыркүйектен кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Г.Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы 
№ 215 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды
тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 тіркелген, «Қаржы хабаршысы» журналында 2006 ж., № 4 (28) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты – клиент үшін ашылған және оның бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы);»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) номиналды ұстаушының жеке шоты – номиналды ұстаушы үшін ашылған және оның клиенттерінің бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы);»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Номиналды ұстаушы жеке шотқа жеке нөмірін береді. Номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі жеке шотында және орталық депозитарийдегі клиенттің қосалқы шотында міндетті түрде мыналар туралы мәліметтер болады:
      1) тіркелген тұлға (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты немесе бағалы қағаздарды ұстаушының атауы, клиенттің резиденттік белгілері, жеке тұлғаның азаматтығы туралы мәліметтер, экономика секторының белгілері (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісін төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген)), заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжат туралы мәліметтер немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса) (бұдан әрі – БСН), почталық және заңды мекен-жайлары, банк деректемелері (қажет болған жағдайда бағалы қағаздар бойынша өтелетін сыйақы мен сомаларды аударуға арналған банк деректемелері және бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған банк деректемелері), салық жеңілдіктері туралы мәліметтер және орталық депозитарийге және (немесе) номиналды ұстаушыға ережелер жинағына немесе номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес қосалқы шотты және/немесе тиісінше жеке шотты ашу үшін қажет болатын басқа да ақпарат);
      2) осы жеке шотта (қосалқы шотта) тіркелген бағалы қағаздардың саны, түрі және сәйкестендіру нөмірі;
      3) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығының саны және сәйкестендіргіші;
      4) ауыртпалық салынған бағалы қағаздардың саны туралы (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы);
      5) пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған тұлғалар туралы (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы);
      6) оқшауланған бағалы қағаздардың саны туралы (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы);
      7) «репо» операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздардың саны;
      8) осы жеке шот бойынша тіркелген мәмілелер және номиналды ұстаушының есеп беру жүйесінде көрсетілген операциялар:
      мәміле (операция) түрі;
      оны тіркеу күні және уақыты;
      мәмілені (операцияны) жүргізу негіздемесі;
      операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;
      бағалы қағаздардың саны, түрі, сәйкестендіру нөмірі (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығының саны және сәйкестендіргіші), оларға қатысты тіркелген мәміле;
      9) операциялардың (мәмілелердің) белгіленген түрлері үшін қажетті басқа да мәліметтер.
      5. Жеке шоттарда мынадай бөлімдер ашылады:
      1) «негізгі» - мәмілелер жүргізуге шектеулер қойылмаған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы);
      2) «оқшаулау» - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешімді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) сақталуына кепілдік беру мақсатында жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салынған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) есепке алуға арналған;
      3) «репо» - «автоматты репо» секторында жасалған «репо» операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды есепке алуға арналған;
      4) «ауыртпалық салынған» - азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде туындаған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) ұстаушысының басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін мәмілелерді жүзеге асыруға шектеулер қойылған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) есепке алуға арналған.
      Номиналды ұстаушы жеке шотта бағалы қағаздарды есепке алу үшін қосымша бөлімдер ашуы мүмкін.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Жеке шотты ашу жөніндегі бұйрыққа заңды тұлғаның өкілі (жеке тұлға немесе оның өкілі) қол қояды және онда мынадай мәліметтер бар:
      1) заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты);
      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;
      3) жеке тұлғаның туған жылы;
      4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні және нөмірі;
      5) заңды тұлғаның орналасқан жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері), почта мекен-жайы;
      6) жеке тұлғаның ЖСН немесе (бар болса) заңды тұлғаның БСН, бағалы қағаздарға қатысты оған таралатын салық жеңілдіктері туралы мәліметтер;
      7) заңды тұлғаны тіркеген орны (жеке тұлғаның азаматтығы) туралы мәліметтер;
      8) экономика секторы;
      9) банк деректемелері;
      10) ережелер жинағына немесе тиісінше номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес орталық депозитарийге және (немесе) номиналды ұстаушыға қажетті басқа да мәліметтер.»;
      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығымен) жасалған мәмілелерді тіркеу жеке шоттар бойынша тиісті операцияларды жүргізу арқылы жасалады.
      Айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу осы эмиссиялық бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіпте орталық депозитарий иеленетін сәйкестендіргіш бойынша номиналды ұстаушысы жүзеге асырады.
      Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарындағы эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығының сандық мәні (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде эмиссиялық бағалы қағаздарды оқшаулау бойынша операциялар жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) осы талап ету құқығы туындаған эмиссиялық бағалы қағаздардың санына сәйкес айқындалады.;
      17. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде операцияның мынадай түрлері жүзеге асырылады:
      1) мыналар жататын жеке шоттар бойынша операциялар:
      жеке шотты ашу;
      бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) ұстаушысы туралы мәліметтерді өзгерту;
      бағалы қағаздардың күшін жою;
      бағалы қағаздарды өтеу;
      бағалы қағаздарды ұстаушылардың шоттарынан (шотына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу);
      бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан (шотына) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талaп ету құқықтарын есептен шығару (есепке жазу);
      бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотында (қосалқы шотында) орналастырылған акциялар санының (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) өсуіне байланысты акциялар санының өсуі туралы жазбаларды енгізу;
      эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақша міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;
      эмитенттің орналастырылған акциялардың бір түрін осы эмитент акцияларының басқа түріне айырбастау туралы жазбаларды енгізу;
      ауыртпалық салынған бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) және ауыртпалықты алып тастау;
      бағалы қағаздарды оқшаулау (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастау;
      сенімгерлік басқару туралы жазбаларды енгізу және сенімгерлік басқару туралы жазбаны алып тастау;
      жеке шотты жабу;
      2) мыналар жататын ақпараттық операциялар:
      жеке шоттың үзінді көшірмесін беру;
      өткізілген операциялар туралы есепті беру;
      бағалы қағаздарды ұстаушылардың, орталық депозитарий, эмитенттердің және уәкілетті органдардың сұратулары бойынша басқа есептерді дайындау және беру.»;
      21-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) қажетті саны және (немесе) клиенттің шоттарында (қосалқы шоттарында) ақшасы болмаса;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) ауыртпалығы;»;
      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      «21-1. Орталық депозитарийден айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитент жіберген дефолт туралы, осындай эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының берілген сәйкестендіргіші туралы және айналыстағы мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды, депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан есептен шығару және эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жүргізілген операциялар туралы хабарлама алғаннан кейін номиналды ұстаушысы бір жұмыс күні ішінде айналыстағы мерзімі өткен (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осындай құқықты иеленген мемлекеттік органдардың актілері негізінде оқшаулау операциясын жүргізген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және осы бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді сақтауымен талап ету құқығын есепке жазу бойынша өз клиенттерінің қосалқы шоттары бойынша ұқсас операцияларды жүргізеді және оларға жүргізілген операциялар туралы тиісті хабарламалар (есептер) жібереді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген барлық операцияларды жүргізген күннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде номиналды ұстаушысы эмитентке, сенімгерлік басқарушысына, сондай-ақ пайдасына айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған бағалы қағаздарды ауыртпалық пайдасына жүзеге асырылған тұлғаларға хабарлама (есептер) жібереді.
      Егер айналыстағы мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша номиналды ұстаушы бұрын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осындай құқықты иеленген мемлекеттік органдардың актілері негізінде оларды оқшаулау бойынша операциясын жүзеге асырған жағдайда, номиналды ұстаушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген орталық депозитарийден хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тиісті мемлекеттік органға айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған осы бағалы қағаздар бойынша және осы бағалы қағаздар эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына ауыстыруға жататыны туралы бағалы қағаздарды оқшаулау бойынша операциялар жүргізілген актінің негізінде хабарлама жібереді.
      Бұл ретте, номиналды ұстаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа иеленген мемлекеттік органдардың актілері негізінде эмиссиялық бағалы қағаздарды оқшаудан алу бойынша хабарламаны орталық депозитарийден алғаннан кейін осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының жеке шотынан есептен шығару және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін тізілімдер жүйесінде ашылған эмитентің жеке шотына есепке алу, сондай-ақ осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын номиналды ұстаушының жеке шотына есепке алу бойынша операцияларды жүргізеді.
      Эмитент айналыстағы мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын номиналды ұстаушы алдындағы міндеттемелерді орындаған кезде, Ереженің 23-тармағында белгіленген тәртіпте бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдер жүйесінде ашылған осындай эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шотынан есептен шығару және эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттің міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есеп алу бойынша эмитенттің жеке шотына есепке алу бойынша операцияны жүргізеді.»;
      2323-123-2 және 23-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтары негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың шоттарынан (шотынан) (шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) есептен шығару (есепке жазу) операцияларын жүргізеді, мына жағдайларды қоспағанда:
      1) орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес тіркелетін, ұйымдастырылған нарықта жасалған операциялар;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелерді қамтитын орындау парағының негізінде тіркелетін сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтардың өзгеруі немесе тоқтатылуы бойынша операциялар;
      3) клиенттердің жеке шоттарынан оларға тиесілі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы
31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын екінші деңгейдегі банктердің акцияларын есептен шығару және осы акцияларды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3576 тіркелген) бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесінің 6-тармағында белгіленген тәртіпте қабылданған қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде тіркелетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шотына есепке жазу бойынша операциялар;
      4) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шотынан) (шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) есептен шығару (есепке жазу) операциялары мұрагер немесе оның өкілі берген тиісті бұйрықтың, мұрагерлік құқығы туралы куәлік түпнұсқасының немесе нотариат куәландырған көшірмесінің, мұрагер өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттардың және номиналды ұстау жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда, Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде тіркелетін бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) мұрагерлікке алу;
      5) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге ақша міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау, тиісті жазбаларды енгізу бойынша операциялары эмитенттің бұйрығы негізінде жүзеге асырылатын немесе орталық депозитарийдің хабарламасы негізінде көрсетілетін эмитенттің орналастырған акцияларының бір түрінен осы эмитенттің акцияларының басқа түріне айырбастау жағдайлары.
      6) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясын ерікті қайтару туралы шешім қабылдаған және бұл ретте клиенттен оған осы Ереженің 23-2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде клиенттен активтерді есептен шығаруға бұйрықты алмаған не клиент тұрғылықты орны бойынша (тұрғылықты жері) жоқ болмағаны туралы хабарлама алған, осы бағалы қағаздарды тіркеуші (орталық депозитарий) бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде номиналды ұстаушының клиентіне ашылған жеке шотқа есепке алған жағдайда номиналды ұстаушы клиентінің жеке шотынан бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) есептен шығару бойынша операциялар.
      Егер мәмілені жасау үшін мәміле тараптарының біреуіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның рұқсаты (келісімі) талап етілген жағдайда, номиналды ұстаушы осындай келісімнің бар екенін растайтын құжатты сұратады. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның талап етілетін рұқсаты (келісімі) болмаған кезде номиналды ұстаушы мәмілені тіркеуден бас тартады.
      Осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары бағалы қағаздарды сенімгерлік басқаруға беру кезінде номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жүргізілетін операцияларға қатысты таратылады.
      Номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды ұстаушылар шоттарының эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитент міндеттемелерінің талап ету құқығымен «репо» операциялары жүргізілмейді.
      23-1. Орталық депозитарий (кастодиан) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушының лицензиясын тоқтата тұрған, айырған, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушының номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын лицензиясын ерікті қайтару туралы шешім қабылдаған кезде номиналды ұстаушының шотынан бағалы қағаздарды шығынға жазуды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) номиналды ұстаушының не бағалы қағаздары есебінің (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) орталық депозитарийдің (кастодиан) есеп жүргізу жүйесіндегі қосалқы шотында жүзеге асырылатын клиенттің Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтыған бұйрығы негізінде жүзеге асырады.
      Номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрғаннан кейін ақпараттық операцияларды және «репоны» жабу операцияларын, сондай-ақ осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген операцияларды қоспағанда, жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізу жүзеге асырылмайды.
      Сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесінде «тікелей» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» операциялары номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған күннен бастап, егер осы номиналды ұстаушының клиенті онымен жасалған шарт негізінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жаңа номиналды ұстаушыда ашылған өз қосалқы шотына өз қаржы құралдарын аударым жасауға бұйрық бермеген жағдайда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде жабылады.
      «Автоматты» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» операциялары номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған жағдайда мәміле жасау мерзімдеріне қарамастан, жасалған шарт талаптарына сәйкес жабылады. Тараптардың келісімі бойынша «автоматты» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» мәмілесі мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
      Кепіл мәні болып табылатын қаржы құралдары номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жаңа номиналды ұстаушыда онымен жасалған шарт негізінде ашылған клиенттің қосалқы шотына аударылады. Тараптардың келісімі бойынша кепіл мәні болып табылатын қаржы құралдарымен мәміле мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.»;
      23-2. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын лицензияны ерікті түрде қайтару кезінде номиналды ұстаушы клиенттердің номиналды ұстауға берілген активтердің қайтарылуын қамтамасыз ету  мақсатында оларды номиналды ұстаудың есеп жүргізу жүйесінде клиентпен номиналды ұстау жөнінде жасалған шарт аясында ашылған шоттардағы активтерді есептен шығару жөніндегі бұйрықтарды номиналды ұстаушыға ұсыну қажеттілігі туралы клиенттерді хабардар етеді.
      Номиналды ұстаушы клиенттен активтерді есептен шығару жөніндегі бұйрықтарын алған жағдайда осы Ереженің 23-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны клиентке жіберген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде клиенттің активтерін есептен шығару туралы бұйрықты не клиенттің орналасқан жерде (тұрғылықты жері бойынша) болмауы туралы хабарламаны алмаған жағдайда, номиналды ұстаушы:
      орталық депозитарийге бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының клиентіне бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесінде ашылған жеке шот ашуға бұйрықты және номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот ашу үшін ұсынған құжаттарды жібереді;
      орталық депозитарийге орталық депозитарийдің есеп жүргізу жүйесінде ашылған номиналды ұсатушының шотынан кейін бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының клиентіне бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесінде ашылған жеке шотқа оларды тіркеушінің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесінде есепке алу мақсатында бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) есептен шығару жөнінде бұйрық жібереді;
      клиенттің ақшасын, кейіннен оларды номиналды ұстаушының осы клиентіне тапсыру үшін, нотариус депозитіне береді және осы нотариус туралы орталық депозитарийге мәліметтер береді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны оған жіберген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде егер номиналды ұстаушы клиентінің активтері бойынша Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің бағалы қағаздарын (бұдан әрі – шетел бағалы қағаздары) құратын активтерді есептен шығару жөніндегі бұйрық алынбаса, номиналды ұстаушы:
      шетел бағалы қағаздарына қатысты номиналды ұстау қызметін көрсететін кастодианға кастодианды есепке алу жүйесінде ашылған номиналды ұстаушының шотынан шетел бағалы қағаздарын есептен шығару жөніндегі бұйрықты және орталық депозитарийге оларды орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде номиналды ұстаушының клиентіне ашылған қосалқы шотына кейіннен есептеу мақсатында жібереді;
      мұндай қосалқы шот болмаған не номиналды ұстаушы клиентінің осының алдында ашылған қосалқы шотын иеленуге бұйрық болмаған жағдайда орталық депозитарийге «жоғалған клиент» мәртебесі бар номиналды ұстаушының клиентіне қосалқы шотты ашу жөніндегі бұйрықты жібереді;
      «жоғалған клиент» мәртебесі бар номиналды ұстаушының клиентіне қосалқы шот ашу туралы не номиналды ұстаушы клиентінің осының алдында ашылған қосалқы шотына «жоғалған клиент» мәртебесін беру туралы орталық депозитарийден хабарлама алғаннан кейін орталық депозитарийге орталық депозитарийді есепке алу жүйесіндегі номиналды ұстаушының клиентіне ашылған қосалқы шотқа шетелдік бағалы қағаздарды есепке алу жөніндегі бұйрықты жібереді;
      Орталық депозитарийдегі жеке шоттан Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес барлық бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) есептен шығарғаннан кейін және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар есепте тұрған барлық қосалқы шоттар бойынша "жоғалған клиент" мәртебесі берілгеннен кейін номиналды ұстаушы орталық депозитарийге оның атына ашылған жеке шотқа "жоғалған клиент" мәртебесі берілгендігі туралы шығарылған бұйрықты жібереді.
      23-3. Орталық депозитарий номиналды ұстаушының клиентіне бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесінде жеке шот ашу үшін номиналды ұстаушының бұйрығын алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде және тіркеушіге номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін номиналды ұстаушыға оның клиенті ұсынған құжаттарды және номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне жеке шотты ашу жөніндегі бұйрықты жібереді.
      Орталық депозитарий номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесінде номиналды ұстаушының клиентіне ашылған жеке шотқа тіркеушінің кейіннен есепке алуы мақсатында орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған номиналды ұстаушының шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) жөніндегі бұйрығын алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілім жүйесінде ашылған жеке шотқа есепке алуға және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілім жүйесінде тұрған бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ашылған орталық депозитарийдің жеке шотынан есептен шығаруға арналған бұйрықтарды жібереді.
      Орталық депозитарий күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде «жоғалған клиент» мәртебесі бар номиналды ұстаушының клиентіне қосалқы шот ашу туралы бұйрықты алған күннен бастап не орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде клиенттің осының алдында ашылған қосалқы шотына «жоғалған клиент» мәртебесін берген күннен бастап және клиенттің осы қосалқы шотына шетелдік бағалы қағаздарды есепке алғаннан бастап мыналарды жүзеге асырады:
      номиналды ұстаушының жеке шоты аясында номиналды ұстаушының клиентіне қосалқы шот ашу және осы қосалқы шотқа статуса «жоғалған клиент» мәртебесін беру не номиналды ұстаушының клиентінің ашылып қойылған қосалқы шотына осындай мәртебені орталық депозитарийдің ішкі қағидаларымен белгіленген тәртіпте беру;
      шетелдік бағалы қағаздарға қатысты номиналдық ұстау қызметін орталық депозитарийге көрсетуші есептік ұйымға шетелдік бағалы қағаздарды есепке алуға арналған бұйрықты (бұйрықтарды) жіберу.
      Орталық депозитарий егер номиналды ұстаушының осы жеке шоты бойынша басқа ашылған қосалқы шоттары болмаған жағдайда, «жоғалған клиент» мәртебесі аясында орталық депозитарийдің ішкі қағидаларымен белгіленген тәртіпте «жоғалған клиент» мәртебесі бар клиенттің (клиенттердің) қосалқы шоты (қосалқы шоттары) ашылған номиналды ұстаушының бұйрығы негізінде жүзеге асырады.
      Орталық депозитарийге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) меншік иесі өтініш жасаған жағдайда, орталық депозитарий бағалы қағаздардың осы меншік иесіне бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде ашылған жеке шотының деректемелерін және осы клиенттің номиналдық ұстаушысының ақшасын депозитке берген жағдайда нотариусы туралы мәліметтерді ұсынады.
      Орталық депозитарийдің ішкі ережелерімен белгіленген тәртіпте орталық депозитарий «жоғалған клиент» мәртебесін берген номиналды ұстаушының клиентіне қосалқы шот бойынша номиналды ұстаудан шетел бағалы қағаздарын шығару бойынша ғана депонент клиенттің бұйрығы негізіндегі операцияларды жүргізеді не осындай бағалы қағаздарды басқа номиналды ұстаушыға номиналды ұстауға аударым жасауы бойынша жүргізіледі.»;
      25, 26, 27, 28 және 28-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Жеке шоттар бойынша операцияны жүргізуге бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарында мынадай мәліметтер болуы керек:
      1) бұйрықты тіркеу нөмірі, күні және уақыты;
      2) эмитенттің немесе инвестициялық пай қорының атауы;
      3) мәмілеге қатысатын тұлғалар туралы мәліметтер;
      4) мәмілеге қатысатын тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;
      5) бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі, түрі (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргіші);
      6) операцияны жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары);
      7) бағалы қағаздарға қатысты мәмілелер/операциялар түріне берілген нұсқау;
      8) кепіл мәмілесін тіркеу кезінде кепіл ұстаушыға берілетін бағалы қағаздар бойынша (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) құқықтарға қатысты мәліметтер;
      9) мәміле мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бағасы туралы мәліметтер.
      26. Жеке шоттар бойынша операцияны жүргізу туралы бұйрыққа мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды, егер мәміленің тарабы 23-2-тармақта көрсетілген жағдайда заңды тұлға немесе номиналды ұстаушы болып табылса, мөрмен куәландырылады.
      Инвестициялық пай қорының ақпараттықты қоспағандағы, басқарушы компанияның пайлармен операцияны жүргізу туралы бұйрығына оның өкілі қол қойып, мөрмен куәландырылады, сондай-ақ оған инвестициялық пай қоры активтерінің есеп беруін қамтамасыз ететін кастодианның бөлімше басшысы қол қояды не ақпараттық операцияларды қоспағанда, пайлармен операциялар жүргізуге инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының номиналды ұстаушыға өзінің жазбаша растауын жіберу арқылы, кастодиан растайды.
      27. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған операциялар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бағалы қағаздары (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) ауыртпалық салынған және оларға салынған ауыртпалық тіркелген тұлға пайдасына шешілетін ұстаушының қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді. Бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) салынған ауыртпалығы кезінде бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) ұстаушысының жеке шотында салынған ауыртпалық пайдасына шешілген тұлға туралы жазба жасалады, ал "негізгі" бөлімдегі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) осы жеке шоттың "ауыртпалық салынған" бөлімінің есебіне алынады. Салынған ауыртпалық пайдасына шешілген тіркелген тұлғаның жеке шотына ауыртпалық салынған бағалы қағаздардың түрі, саны, олардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендірушісі), сондай-ақ бағалы қағаздарының (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) ауыртпалық салынған ұстаушы туралы жазбалар енгізіледі.
      Номиналды ұстаушы ауыртпалығы бар бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) алып тастау операцияларын мәмілеге қатысқан тұлғалардан салынған ауыртпалықты (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) алып тастау туралы қарсы бұйрықтардың негізінде жүргізеді. "Ауыртпалығы бар" бөлімінен Бағалы қағаздардың қиындығын алып тастау бойынша операцияларды жүргізу кезінде бағалы қағаздар бағалы қағаздар ұстаушысының "негізгі" жеке шотына ауыстырылады. Тіркелген тұлғаның жеке шотында бағалы қағаздар бойынша салынған ауыртпалық туралы жазбаның (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) күші жойылады.
      Орталық депозитарийдің есебі жүйесіндегі бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) салынған ауыртпалық бойынша немесе салынған ауыртпалықты алып тастау жөніндегі операцияларды тіркеу тәртібі орталық депозитарий қағидаларының жиынтығымен белгіленеді.
      28. Номиналды ұстаушы номиналды ұстау жүйесінде бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) тосқауыл қою және тосқауыл қоюды алып тастау бойынша операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша осындай құқығы бар мемлекеттік органдардың сәйкес құжаттары негізінде немесе клиенттің бұйрығымен жүргізеді. Тосқауыл қою операцияларын жүргізу кезінде бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) «негізгі» бөлімнен жеке шоттың «тосқауыл қою» бөліміне ауыстырылады. Тосқауыл қою операцияларын алып тастау кезінде бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) " тосқауыл қою " бөлімінен «негізгі» бөлімге ауыстырылады.
      28-1. Банктер туралы заңның 47-1-бабының 3-тармағымен, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 53-1-бабының 3-тармағымен, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 02 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 72-3-бабының 3-тармағымен және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 35-бабымен көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының акцияларын сенімгерлікпен басқаруды құрған кезде номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бағалы қағазды ұстаушының жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазба енгізу жөнінде қаржы ұйымының акцияларының меншік иесі болып табылатын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның, қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды құру туралы шешімдердің және сенімгерлік басқарушының осы бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазба енгізу жөніндегі бұйрығы негізінде операциялар жүргізеді.
      Сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымының акциялары сатылған жағдайда номиналды ұстаушы оның меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан осы акцияларды есептен шығару жөнінде және осы акцияларды сатып алушының жеке шотына (жеке шоттарына) есепке алу жөніндегі сенімгерлік басқарушының бұйрығы және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімін растаушы құжат негізінде, Банктер туралы заңның 17-1-бабымен, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабымен және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның  72-1-бабымен көзделген жағдайда қаржы ұйымының (банктік не сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі операцияларды жүргізеді.
      Сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымының акцияларының меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан осы сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны жою жөніндегі операция бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны жою туралы сенімгерлік басқарушының бұйрығы негізінде жасалады.
      Номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде жасалған бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына (шотынан) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу (жою) жөніндегі операциялар осы операция жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде номиналды ұстаушының бұйрығы негізінде орталық депозитарийді есепке алау жүйесінде көрсетіледі.»;
      34-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) бағалы қағаздардың түрлері және сәйкестендіру нөмірлері немесе қаржы құралдарының өзге сәйкестендіргіштері;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) ауыртпалығы бар және (немесе) оқшауланған және (немесе) репоға берілген, үзінді көшірмесі жасалған күнгі жағдай бойынша жеке шотта тіркелген бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары туралы мәліметтердің) белгілі түрінің жалпы саны;»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Орталық депозитарий номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі жеке шоттар бойынша операцияны жүргізетін күннен кейінгі күні тіркеушіге мыналар туралы мәліметтерді жібереді:
      эмитенттердің жеке шоттары бойынша өзгерістерді;
      талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген тұлғалар туралы мәліметтерді көрсете отырып, эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқығын басқаға беруді тіркеу жөніндегі жүргізілген операцияларды.»;
      37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу үшін қосалқы шоттар ашылған депоненттерге уәкілетті органнан, тіркеушіден немесе эмитенттен сұрау салу алғаннан кейінгі күннен кешіктірмей бағалы қағаздардың меншік иелеріне және/немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын номиналды ұстаушыларға сұрау жолдайды.
      Номиналды ұстауда және меншік иелеріне тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) саны туралы ақпаратты орталық депозитарий есебі жүйесінде бар мәліметтер негізінде сұратқан тұлғаға жіберіледі.
      38. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, жеке шотында бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепте тұратын, меншік иелігіне жататын номиналды ұстаушы, уәкілетті органнан, орталық депозитарийден, тіркеуші немесе эмитенттен сұрау салу алғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде сұрау салған адамға тиісті мәліметтерді береді.
      Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын номиналды ұстаушы оларға бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу үшін жеке шоттарын ашып берген депоненттер акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге қатысушы акционерлердің тізімін жасауға қажетті ақпараттарды орталық депозитарийден сұрау түскен сәттен бастап күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде береді.
      Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын номиналды ұстаушылардың жеке шоттарында оларға бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу үшін өз депоненттерінен акционерлердің тізімін жасауға қажетті ақпаратты алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде оны тіркеушіге жібереді.»;
      1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылcын:

«Номиналды ұстау қызметін көрсететін
бағалы қағаздар рыногы кәсіби   
қатысушыларының бағалы қағаздармен
мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы
қағаздар ұстаушысының жеке шотынан 
үзінді көшірмені беру және номиналды
ұстаушының ақпаратты ашу қағидаларына
1-қосымша»;

      қосымшаның мына бағаны: 

«

Бағалы қағаздардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі


 
 
 
 

»

      мынадай редакцияда жазылсын:

«

Бағалы қағаздардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі немесе қаржы құралдарының өзге сәйкестендіргіші


 
 
 
 





»

      2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Номиналды ұстау қызметін көрсететін
бағалы қағаздар нарығы кәсіби   
қатысушыларының бағалы қағаздармен
мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы
қағаздар ұстаушысының жеке шотынан 
үзінді көшірмені беру және номиналды
ұстаушының ақпаратты ашу қағидаларына 2-қосымша»;

      3-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Номиналды ұстау қызметін көрсететін
бағалы қағаздар нарығы кәсіби
қатысушыларының бағалы қағаздармен
мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы
қағаздар ұстаушысының жеке шотынан
үзінді көшірмені беру және номиналды
ұстаушының ақпаратты ашу қағидаларына 3-қосымша»;

      4-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Номиналды ұстау қызметін көрсететін
бағалы қағаздар нарығы кәсіби
қатысушыларының бағалы қағаздармен
мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы
қағаздар ұстаушысының жеке шотынан
үзінді көшірмені беру және номиналды
ұстаушының ақпаратты ашу қағидаларына
4-қосымша»;

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4175 тіркелген, «Қаржы хабаршысы» журналында 2006 ж., № 4 (28) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шот;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты – бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) меншік иесі және (немесе) орталық депозитарий болып табылатын тiзiлiмдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған, мәмiлелердi тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
      3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi – бағалы қағаздарды ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгiлi бір күнге осы ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын);
      4) жалпы өкілдің жеке шоты – бірнеше адамға меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) есепке алу жүзеге асырылатын тізілімдер жүйесіндегі жалпы меншіктің қатысушыларының жалпы өкіліне ашылған жеке шот;
      5) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
      6) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
      7) операциялық күн – тiркеушi бұйрықтарды қабылдауды, өңдеуді, жеке шоттар бойынша операцияларды тiркеудi және ақпараттық операцияларды жүзеге асыратын уақыт кезеңі;
      8) орналастырылған пайларды есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының жеке шоты – инвестициялық пай қорының айналыстағы орналастырылған пайларының санын есепке алу жүзеге асырылатын тiзiлiмдер жүйесiндегi жеке шот;
      9) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
      10) тiзiлiмдер жүйесiндегi операция – тiзiлiмдер жүйесіне деректерді енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тiзiлiмдер жүйесіне ақпарат дайындау және беру нәтижесі болып табылатын тiркеушiнiң iс-әрекеттерiнiң жиынтығы;
      11) тіркеуші – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
      12) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
      13) ұстаушылары талап етпеген орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған, тиісті бұйрықты (бұйрықтарды) ұстаушы (ұстаушылар) ұсынбауына байланысты ұстаушы (ұстаушылар) ақы төлеген, бірақ оның (олардың) жеке шотына (шоттарына) есепке алынбаған эмитенттің жеке шоты;
      14) ішкі бақылау – тіркеушінің органдары және уәкілетті қызметкерлері жүзеге асыратын, тіркеушінің, оның бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге, тіркеуші қызметінің нәтижелері туралы дәйекті есептілікті беруге, тіркеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасын және тіркеушінің ішкі құжаттарын сақталуына, сондай-ақ тіркеушінің органдарын және басшы қызметкерлерін тіркеушінің қызметіне тәні тәуекелдер туралы уақтылы хабардар етуге бағытталған рәсімдер жиынтығы;
      15) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шот;
      16) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары – айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленушілерге не орталық депозитарийге жеке шоттар ашылады.
      Тізілімдер жүйесінде орталық депозитарийге ашылған жеке шоттарда меншік құқығымен орталық депозитарийге тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары), сондай-ақ клиенттерінің номиналды ұстауындағы бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) ескеріледі.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тiркеушiнiң тiзiлiмдер жүйесін қалыптастыру бойынша iс-әрекетi эмитент және бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушы ұсынған мәлiметтердi қабылдаудан, тексеруден, өңдеуден, тiзiлiмдер жүйесіне енгізуден тұрады.»;
      6-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары туралы;
      4-2) бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) сенімгерлік басқаруға берілген тұлғалар туралы.»;
      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) тiркеушi бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) бұйрығын орындаған жағдайда мәмiленiң сомасы туралы;
      8) пайдасына бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғалар туралы және ауыртпалық салынған бағалы қағаздар бойынша оларға берілген құқықтар туралы;»;
      8-тармақта:
      бірінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы (мемлекеттік емес облигацияларды, исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы) есептер бекітілген күн, бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептер бекітілген күн (есепті кезең аяқталған күн).»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Эмитент тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерге қоса облигацияларды өтеу күні туралы облигациялардың осы шығарылымының проспектісінде облигацияларды өтеудің нақты күні болмаған жағдайда, облигацияларды өтеу күні белгіленгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тіркеушіге береді.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Тізілімдер жүйесінде жеке тұлғаға жеке шот ашуды тіркеуші жеке шотты ашуға берілген бұйрық пен жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат негізінде жүзеге асырады. Бұйрықты почта байланысымен жіберген кезде жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі беріледі.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Нұсқаулықтың 12 және 13-тармақтарының талаптары мынадай жағдайда қолданылмайды:
      1) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленуші - тіркелген тұлғаға, номиналды ұстау жүйесінде осы тұлғаға тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепке алынған номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда, орталық депозитарийдің жеке шотты ашу жөніндегі бұйрығының және номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін ұсынған құжаттардың түпнұсқалары негізінде жеке шот ашқан кезде;
      2) тіркеуші соттың атқару парағын орындау мақсатында тіркелген тұлғаға жеке шот ашқан кезде.
      Осы тармақтың ережелері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты болмаған жағдайда қолданылады.»;
      17-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) заңды тұлғаның (инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының) орналасқан жері, почта мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), банк деректемелері;
      7) жеке тұлғаның тұрғылықты жері, почта мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), банк деректемелері (бар болса).»;
      19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Тіркеуші жеке шотқа жеке нөмір береді. Жеке шотта:
      1) жеке шотты ашуға бұйрыққа сәйкес тіркелген тұлға;
      2) бағалы қағаздардың саны, түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
      3) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары;
      4) ауыртпалық салынған бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) саны;
      5) пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған тұлғалар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) және ауыртпалық салынған бағалы қағаздар бойынша құқығы кімге тиесілі;
      6) оқшауланған бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) саны;
      7) осы жеке шот бойынша жүргізілген операциялар;
      8) тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленген көлемдегі сенімгерлік басқарушы;
      9) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) саны туралы мәліметтер болады.
      20. Номиналды ұстауға берілген бағалы қағаздарды есепке алу жүргізілетін орталық депозитарийдің жеке шотында Нұсқаулықтың  19-тармағының 4), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат көрсетілмейді.
      21. Орналастырылған пайларды есепке алуға арналған пайлық инвестициялық қордың жеке шотында пайлық инвестициялық қордың, оның активтерін басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компанияның атауы туралы ақпарат болады және Нұсқаулықтың 19-тармағының 1), 4), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат болмайды.»;
      23-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) бағалы қағаздардың саны, түрі, ұлттық сәйкестендіргіш нөмірі немесе оларға қатысты операция жүргізілген эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының саны және сәйкестендіргіші.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Тізілімдер жүйесіндегі бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен) жасалған мәмілелерді тіркеу жеке шоттар бойынша тиісті операцияларды жүргізу арқылы жасалады.
      Айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу осы эмиссиялық бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіпте орталық депозитарий иеленетін сәйкестендіргіш бойынша тіркеуші жүзеге асырады.
      Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарындағы эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемесі бойынша талап ету құқығының сандық мәні (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде эмиссиялық бағалы қағаздарды оқшаулау бойынша операциялар жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) осы талап ету құқығы туындаған эмиссиялық бағалы қағаздардың санына сәйкес айқындалады).»;
      26-тармақта:
      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салу және ауыртпалық салуды алып тастау;
      6) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алып тастау;»;
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) бағалы қағаздарды өтеу;»;
      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Ақпараттық операцияларға мыналар жатады:
      1) белгілі бір күнге және уақытқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін (акционерлердің тізімін) жасау және беру;
      2) жеке шоттан үзінді-көшірмелер жасау және беру;
      3) белгілі бір күнге және уақытқа эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтама жасау және беру;
      4) есептер, хабарламалар және анықтамалар дайындау және беру.
      Тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін мұның алдындағы тіркеушінің жүргізу күні берген ақпараты мен құжаттары мұның алдындағы тіркеушінің ұсынған құжаттарына сәйкес жасалады және тек сот шешімінің негізінде өзгертілуі мүмкін.
      28. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) туралы бұйрықта мынадай мәліметтер болады:
      1) бұйрықтың нөмірі және тіркелген күні;
      2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
      3) инвестициялық пай қорының атауы;
      4) мәмілеге қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
      5) мәмілеге қатысқан тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;
      6) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық сәйкестендіру нөмірі және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргіші;
      7) операция жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;
      8) бағалы қағаздарға қатысты белгілі бір іс-әрекеттер жасауға нұсқау;
      9) мәміленің түрі;
      10) мәміленің мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың бағасы туралы мәліметтер.
      Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) туралы бұйрыққа мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жағдайларда орталық депозитарий қол қояды және егер мәміленің тарабы заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырылады.
      Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) туралы бұйрығына оның өкілі қол қояды, мөрмен куәландырылады, сондай-ақ инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды не кастодиан инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығын өз жазбаша растауын тіркеушіге жіберу арқылы растайды.»;
      3132 және 32-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Жеке шоттар бойынша операция жүргізу кезінде тіркеуші мәмілеге қатысушылардың бұйрықтары мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасына, бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесінің деректеріне негізделіп, сәйкестігін тексереді және бұйрықтардағы қолдардың жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариат куәландырған үлгілері бар құжатта, заңды тұлғаның мөр бедерінде немесе мәміле тарапы болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта (түпнұсқасында немесе нотариат куәландырған көшірмесінде) көрсетілген қолдарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
      32. Нұсқаулықтың 15-тармағына сәйкес ашылған жеке шоттар бойынша Нұсқаулықтың 26-тармағының 2)3)5)7) және 8)тармақшаларында көрсетілген операциялар (мұраға қалдырған немесе заңды тұлға таратылған кезде бағалы қағаздар бойынша меншік құқығы ауысқан жағдайда бағалы қағаздарды бір жеке шоттан басқа жеке шотқа аударуды, басқарушы компанияның инвестициялық пай қоры қызметін тоқтатқан кезде пайларды есептен шығаруын қоспағанда) тіркелген тұлға жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты не тіркелген тұлға заңды тұлға болып табылған жағдайда, Нұсқаулықтың 13-тармағының 2) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттарды тіркеушіге бергенге дейін жүргізілмейді.
      32-1. Тіркелген тұлға тіркеушіге:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке тұлға үшін);
      2) Нұсқаулықтың 13-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды (заңды тұлға үшін) ұсынғанға дейін Нұсқаулықтың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шот бойынша, тіркелген тұлғаның жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу жөніндегі операцияларды қоспағанда, Нұсқаулықтың 26-тармағының 2)3)5)7) тармақшаларында көрсетілген операциялар жүргізілмейді.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бойынша операцияларды тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен) мәмілелерді тіркеу туралы қарама-қарсы бұйрықтарды және Нұсқаулықтың 34-1, 34-2, 34-3, 35-тармақтарында, 36-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 36-1-тармағында37-тармағында және 42-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы операцияны жүргізу үшін қажетті өзге құжаттарды алған кезде жүргізеді.
      Мәмілені жасау үшін тараптардың біреуіне уәкілетті органның рұқсаты (келісімі) қажет болған жағдайда, тіркеуші осындай рұқсаттың болуын растайтын құжатқа сұраныс жасайды.
      Осы тармақтың екінші бөлігіндегі талап сондай-ақ бағалы қағаздар сенімгерлік басқаруға берілген кезде тіркеуші бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде жүргізетін операцияларға қатысты қолданылады.
      Орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды, оларды ұстаушылармен талап етілмеген эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шоты бойынша бағалы қағаздарды есептен шығару мен оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотына есепке алу бойынша операциялар эмитенттің және жеке шотына бағалы қағаздар есепке алынатын тұлғаның қарама-қарсы бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады.»;
      34-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-3. Тіркеуші Нұсқаулықтың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған тіркелген тұлғаның жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу операцияларын орталық депозитарийдің жеке шотынан бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару және Нұсқаулықтың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған тіркелген тұлғаның жеке шотына есепке алу жөніндегі орталық депозитарийдің бұйрығы негізінде жүргізеді.»;
      37, 3839 және 39-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) мұраға алу жағдайында тіркеуші мұрагер немесе оның өкілі берген тиісті бұйрығы, мұраға құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, мұрагер өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттар және тізілімдер жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда, Нұсқаулықтың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) операциясын жүргізеді.
      38. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының міндеттемесіне байланысты бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бойынша құқықтарды шектеуді тіркеуші бағалы қағаздарына (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының және пайдасына оларға ауыртпалық салу жүргізілетін тіркелген тұлғаның ауыртпалығы туралы қарама-қарсы бұйрықтары негізінде ауыртпалық салу операцияларын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
      Тіркеуші тізілімдер жүйесіндегі бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалықты алып тастау операциясын мәмілеге қатысқан тұлғалардың ауыртпалықты алып тастау туралы қарама-қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді.
      39. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алып тастау жөніндегі операцияларды тіркеуші тізілімдер жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде жүргізеді.
      39-1. Тіркеуші айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу міндеттемелерін орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша міндеттемелері немесе эмитенттің міндеттемелерді орындауы бойынша талап ету құқықтарын беруді тіркеу операциясын талап ету құқықтарын беретін тіркелген тұлғаның жеке шотынан осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есептен шығару және пайдасына осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беру жүргізілетін тұлғаның жеке шотына немесе эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттің міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке жазу операциясын жүргізу жолымен талап ету құқықтарын беретін тіркелген тұлғаның және пайдасына талап ету құқықтарын беру жүргізілетін тұлғаның қарсы бұйрықтары негізінде жүзеге асырады. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркелген тұлғалардың шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) бұйрығында Қағидалардың 28-тармағында көзделген мәліметтер қамтылады.
      Тіркеуші тіркелімдер жүйесінде эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беру бойынша операциялар жүргізілгеннен кейін не орталық депозитарийден номиналды ұстау жүйесінде эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркеу бойынша жүргізілген операциялар туралы мәміле алғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде эмитентке пайдасына талап ету құқықтарын беру жүргізілген тіркелген тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып, жүргізілген операциялар туралы хабарламаны жібереді.»;
      40-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «40-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының
47-1-бабы 3-тармағында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы
18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 53-1-бабы 3-тармағында, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 02 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) 72-3-бабы 3-тармағында және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-тармағында көзделген жағдайларда қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалған кезде тіркеуші қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімі және сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны тіркелген тұлғаның жеке шотына енгізу туралы бұйрығы негізінде осы қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу операциясын жүргiзедi.
      Сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымының акциялары сатылған жағдайда тіркеуші сенімгерлік басқарушының бұйрығы және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банктік не сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжат негізінде осы акцияларды олардың меншік иесі болған тіркелген тұлғаның жеке шотынан есептен шығару және осы акцияларды сатып алушының жеке шотына (жеке шоттарына) есепке жазу операциясын жүргiзедi.
      Тіркеуші сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке шотынан сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау операциясын сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны осы тұлғаның жеке шотынан алып тастау туралы бұйрығы негізінде жүргiзедi.»;
      42-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «42-1. Тіркеуші жеке шотты жабу жөніндегі операция жеке шотты жабу жөніндегі бұйрық негізінде немесе соңғы алты ай ішіндегі осы жеке шотта бағалы қағаздардың болмауына байланысты жасалады. Жеке шотты жабу кезінде клиентке тіркеушінің ішкі құжатымен белгіленген нысан бойынша тиісті хабарлама жіберіледі.
      Тіркеуші онда бағалы қағаздар болмаған жағдайда бағалы қағаздарды жою немесе оларды мұраға алу нәтижесінде барлық бағалы қағаздарды есептен шығарған күннен бастап алты ай ішінде Нұсқаулықтың 15-тармағына сәйкес ашылған жеке шотты жабуды жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 42-2 және 42-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «42-2. Эмитент осы бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде белгіленген эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу бойынша міндеттемелерді орындаған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күн өткен соң эмитенттің осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу бойынша барлық өзінің міндеттемелерін орындағанын растайтын хабарламаны тіркеушіге ұсынбаған кезде тіркеуші эмитенттің осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу бойынша барлық өзінің міндеттемелерін орындағанын (орындамағанын) растаумен тиісті хабарламаны ұсыну туралы сұратуды эмитентке жібереді.
      Эмитент тіркеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұратуды жіберген күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң тиісті хабарламаны ұсынбаған кезде не эмитент осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі өзінің міндеттемелері бойынша жіберілген дефолт туралы хабарламаны тіркеушіге ұсынған кезде тіркеуші орталық депозитарийге:
      айналыс мерзімі аяқталған және эмитенттің қосалқы шотындағы жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін және эмитенттің қосалқы шотындағы сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны туралы;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде оқшауланған бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздардың саны туралы;
      тіркеушінің сұратуында көрсетілген эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тиісті сәйкестендіргішті орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленген тәртіпте орталық депозитарийдің иемденуі туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрату жібереді.
      Орталық депозитарийден осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тіркеушінің сұратуына жауап ретінде мәліметтерді алғаннан кейін тіркеуші осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын оларды ұстаушылардың барлық жеке шоттарынан есептен шығаруды (эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі тізілімдер жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитенттің жеке шотына есепке алуды жүзеге асырады. Осымен қатар тіркеуші эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын айналыс мерзімі аяқталған және ол бойынша эмитент осы бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді (ауыртпалық, сенімгерлік басқару) сақтау арқылы оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар есептен шығарылатын ұстаушылардың жеке шоттарына есепке алуды жүзеге асырады.
      Эмитенттің жеке шоттарында орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар болған жағдайда тіркеуші орталық депозитарийдің шотынан есептен шығаруды және бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке алуды жүзеге асырады.
      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген барлық операциялар жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тіркеуші эмитентке, орталық депозитарийге, сенімгерлік басқарушыға, сондай-ақ пайдасына айналыс мерзімі аяқталған және ол бойынша эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған бағалы қағаздармен ауыртпалық салынған адамдарға тиісті хабарламалар (есептер) жібереді.
      Егер эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын ұстаушылардың саны отыздан астам болса, тіркеуші осындай ұстаушылардың осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген жүргізілген операциялары туралы хабарламаны осы тармақтың бесінші бөлігінде белгіленген мерзімде өзінің ресми интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырады.
      Егер тіркеуші айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бұдан бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде оларды оқшаулау операциясын жүргізген жағдайда, тіркеуші орталық депозитарийден орталық депозитарийдің эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тиісті сәйкестендіргішті иемденуі туралы мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде мемлекеттік органның актісі негізінде бағалы қағаздарды оқшаулау операциялары жүргізілген, осы бағалы қағаздар бойынша айналыс мерзімі аяқталғаны және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны және осы бағалы қағаздар эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығына өзгертуге жататыны туралы хабарламаны тиісті мемлекеттік органға жібереді.
      Бұл ретте тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде эмиссиялық бағалы қағаздардан оқшаулауды алып тастау бойынша операцияны жүргізгеннен кейін осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды оларды ұстаушылардың жеке шоттарынан есептен шығару және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитентің жеке шотына есепке алу, сондай-ақ осындай эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шоттарына есепке алу бойынша операцияларды жүргізеді.
      Тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде эмиссиялық бағалы қағаздардан оқшаулауды алып тастау туралы хабарламаны орталық депозитарийден алғаннан кейін осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының жеке шотынан есептен шығару және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитентің жеке шотына есепке алу, сондай-ақ осындай эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын номиналды ұстаушының жеке шотына есепке алу бойынша операцияларды жүргізеді.
      42-3. Эмитент айланыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын ұстаушы алдындағы міндеттемелерді орындаған кезде, тіркеуші эмитенттің осындай бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді орындағанын растайтын оның хабарламасы болған кезде Нұсқаулықтың 34-тармағында белгіленген тәртіпте осындай бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шотынан есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есеп алу бойынша эмитенттің жеке шотына есепке алу бойынша операцияны жүргізеді.
      Облигациялар шығарылымы жойылған кезде, тіркеуші уәкілетті органның облигациялар шығарылымын жою туралы куәліктің көшірмесін алғаннан кейін эмитенттің жеке шоттарынан осындай облигацияларды біржолғы есептен шығару бойынша операцияны жүргізеді.
      Айналыс мерзімі аяқталған облигациялар шығарылымы жойылған кезде, тіркеуші уәкілетті орган берген осындай облигациялар шығарылымын жою туралы куәліктің көшірмесін алғаннан кейін айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан облигацияларды және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан осындай облигациялар бойынша талап ету құқықтарын біржолғы есептен  шығару бойынша операцияны жүргізеді.»;
      46 және 46-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі тіркеушінің ішкі құжаттарымен белгіленген нысан бойынша жасалады және онда мынадай мәліметтер болады:
      1) эмитенттің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      2) инвестициялық пай қорының атауы;
      3) жарияланған бағалы қағаздардың саны;
      4) орналастырылған бағалы қағаздардың саны;
      5) эмитент сатып алған бағалы қағаздардың саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары);
      6) егер тізілім эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары бойынша жасалатын болса, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының саны;
      7) бағалы қағаздардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын сәйкестендіргіш;
      8) депозитарлық қолхаттарды ұстаушыларды қосқандағы мынадай мәліметтері бар орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімі:
      бағалы қағаздарды ұстаушыларды – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күнін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың – заңды тұлғалардың атауы;
      бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) ұстаушылардың - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тегі, аты, бар болса әкесінің аты;
      ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) санын көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) саны;
      бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің орналастырылған және (немесе) дауыс беретін бағалы қағаздарының санына пайыздық арақатынасы;
      9) тіркеушінің атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы;
      10) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жасалған жағдай бойынша күн және уақыт.
      Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және мөрмен бекітіледі.
      46-1. Тіркеушіге ұсынылатын бұйрықтардың нысаны мен мазмұны оның ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:
      «47-1. Эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтама тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес жасалады және мынадай мәліметтерден тұрады:
      1) эмитенттің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      2) жарияланған акциялардың саны;
      3) орналастырылған акциялардың саны;
      4) эмитент сатып алған акциялардың саны;
      5) акциялардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
      6) мынадай мәліметтерден тұратын акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан астам пайызы тиесілі орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер ашылған депозитарлық қолхаттарды ұстаушыларды қоса акцияларды ұстаушылардың тізімі:
      заңды тұлғаларды – акцияларды ұстаушыларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірін және күнін көрсете отырып, заңды тұлғалардың – акцияларды ұстаушылардың атауы;
      акцияларды ұстаушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың атауын және деректемелерін көрсете отырып, акциялар ұстаушылардың тегін, атын, бар болса әкесінің аты;
      ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың санын көрсете отырып, акцияларды ұстаушыға тиесілі акциялардың саны;
      акцияларды ұстаушыға тиесілі акциялар санының эмитенттің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы;
      7) тіркеушінің атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы;
      8) ірі акционерлер туралы анықтама жасалған жағдай бойынша күн және уақыт.
      Эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтамаға тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және тіркеушінің мөрімен куәландырылады.»;
      48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Акционерлердің жалпы жиналысын жүргізу үшін акционерлер тізімі тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес жасалады және онда мынадай:
      1) эмитенттің мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      2) жарияланған акциялардың саны;
      3) орналастырылған акциялардың саны;
      4) эмитент сатып алған акциялардың саны;
      5) акциялардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
      6) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған депозитарлық қолхаттардың меншік иелерін қосқандағы мыналарды:
      заңды тұлға - акционерлердің атауларын, оларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірін және күнін;
      жеке тұлғалар – акционерлердің тегін, атын, бар болса әкесінің атын, жеке тұлға – акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін;
      ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған акциялардың санын көрсете отырып акционерге тиесілі акциялардың санын;
      акционерге тиесілі дауыс беретін жай акциялардың санын;
      акционерге тиесілі артықшылықты акциялардың санын көрсете отырып акционерлердің тізімі;
      7) номиналды ұстауда болып табылатын және тіркеушінің тізілімдер жүйесіндегі орталық депозитарийдің жеке шотында есепке алынған акциялар саны және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жоқ меншік иесіне тиесілі мәліметтер;
      8) акционерлердің тізімін жасау мақсаты;
      9) тіркеушінің атауы, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
      10) акционерлердің тізімі жасалған жағдай бойынша уақыт және күн;
      11) эмитенттің өкіміне сәйкес өзге де мәліметтер болады.
      Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеуге арналған акционерлер тізілімі тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес жасалады және акционерлердің банктік деректемелері туралы мәліметтер мен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес акционерге берілген салық салу бойынша жеңілдіктердің болуы туралы мәліметтер болады, егер тіркеушіде осы мәліметтер болса.
      Акционерлердің тізіміне өзге мақсаттар үшін эмитент сұрататын ақпарат қосымша енгізіледі.
      Акционерлердің тізіміне тіркеушінің ішкі құжатына сәйкес тізілімдер жүйесін жүргізетін тіркеушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
      49. Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме Нұсқаулықтың 1-қосымшасының нысаны бойынша жасалады және онда мынадай мәліметтер:
      1) жеке шоттың атауы және нөмірі;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушы туралы мәліметтер:
      оларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күнін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаның атауы;
      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелерін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты;
      3) эмитенттің атауы және орналасқан жері (пайлық инвестициялық қордың пайлары туралы мәліметтерді көрсеткен кезде, эмитенттің нұсқауымен қатар, пайлық инвестициялық қордың атауы көрсетіледі);
      4) бағалы қағаздардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығының сәйкестендіргіш;
      5) облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу күні;
      6) ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) санын көрсете отырып, бағалы қағаздардың (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) белгілі бір түрінің саны;
      7) бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің орналастырылған (дауыс беретін) бағалы қағаздарының санына арақатысы;
      8) тіркеушінің атауы, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
      9) жеке шоттан үзінді-көшірме қалыптастырылған уақыт және күн болады.
      Жеке шоттан үзінді-көшірме тіркеушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды, мөрмен куәландырылады.»;
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Тізілімдер жүйесінде операция жүргізу мерзімі тіркеуші немесе тіркеушіге трансфер-агенттік қызметтер көрсететін ұйым ұсынған құжаттар тіркелген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Нұсқаулықтың 45-тармағында көрсетілген жағдайларды және иеленушінің жеке шотына пайларды есептеу бойынша операцияларды жүргізуді қоспағанда, тіркеуші жеке шот бойынша операцияны және ақпараттық операцияны күнтізбелік үш күн ішінде жүргізеді.
      Иеленушінің жеке шотына пайларды есептеу басқарушы компанияның бұйрығы және кастодианның растауы болған кезде «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармақшасында белгіленген пайларды есептеу талаптарын орындау күнінен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешікпейтін мерзімде жүзеге асады.»;
      53-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-1. Клиенттің бұйрығын орындаудан бас тартуға негіздер болмаған жағдайда тiркеушi бұйрықты алған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде бұйрықтың орындалуы туралы есепті жасайды және оны жіберілетін құжаттар журналында тіркейді. Бұйрықтардың орындалуы туралы есеп клиентке почта арқылы жіберіледі не клиенттің немесе оның заңды өкілінің қолына беріледі.»;
      54-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын;
      «2-1) Нұсқаулықтың 28-тармағында белгіленген тәртіппен басқарушы компанияның пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығымен бірге (бір жұмыс күнінің ішінде) инвестициялық пай қорының активтерін есептеуді қамтамасыз ететін кастодианның растауын бермеген;»;
      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасы заңнамасын тiзiлiмдер жүйесiнің деректерi негізінде мәмiле жасау нәтижесiнде бұзу;»;
      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «55. Тіркеуші эмитент берген бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік негізінде Бағалы қағаздар нарығы туралы заңының 24-бабының 2-тармағында белгіленген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді және эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту және (немесе) бағалы қағаздарды орналастырмағаны туралы уәкілетті орган хаттарының көшірмелерін уәкілетті органға беру мерзімдерін дербес есептейді.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Тіркеуші әр айдың біріндегі жағдай бойынша Нұсқаулықтың  2-қосымшасының нысаны бойынша эмитенттердің дауыс беруші акциялары туралы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға береді.
      Ақпарат электрондық тасымалдағышпен криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып беріледі.»;
      65-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «65-1. Тіркеушінің клиенттері трансфер - агенттің қызметін пайдаланған жағдайда тіркеушіге ақпаратты тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған нысандары бойынша береді.
      Нұсқаулықтың 46 және 48-тармақтарында көрсетілген ақпаратты тіркеушінің клиенттері тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған нысандары бойынша ұсынады.
      Нұсқаулықтың 49-тармағында көрсетілген ақпаратты Нұсқаулықтың  1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша тіркеушінің клиенттеріне ұсынады.»;
      4-қосымша Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесіне 1-қосымшаның редакциясында жазылсын.
      5-қосымша Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесіне 2-қосымшаның редакциясында жазылсын.
      3. «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5531 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақта көрсетілген бөлімшелердің қызметкерлеріне басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін қоса атқаруға жол берілмейді.»;
      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясына ие;»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді тіркеу жөніндегі операцияларды және ақпараттық операцияларды мыналардың:
      1) осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың тиісті бұйрықтарының;
      2) сауда-саттықты ұйымдастырушының бұйрықтарының;
      3) клиринг ұйымының бұйрықтары;
      4) эмитентің бұйрығы және тіркеушінің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде орталық депозитарийге ашылған жеке шот бойынша жүргізілген осы эмитент шығарған қаржы құралдарын айырбастаған кездегі қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу бойынша операциялар туралы хабарламасы (есебі);
      5) орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленген тәртіпте орталық депозитариймен шарт жасаған депонент клиентінің бұйрығы негізінде жүзеге асырады.
      Ақпараттық операциялар орталық депозитарийдің ережелер жиынтығында көзделген жағдайларда депонент клиенттерінің бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады.»;
      17-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орталық депозитарий клиентінің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға арналған іс-қимылын тоқтата тұрғанда немесе лицензиясын айырғанда (басқа депоненттерге номиналды ұстауға қаржы құралдарын аудару жөніндегі немесе орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы қаржы құралдарын шығарған операциялар мен ақпараттық операцияларды қоспағанда);
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) бағалы қағаздар шығару талаптарына сәйкес бағалы қағаздар айналысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған кезде (ақпарат операцияларын, номиналды ұстау ауысқан кезде немесе осындай бағалы қағаздарды өтеу кезінде жүргізілетін қажетті операцияларды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына ашылған қосалқы шоттардан бағалы қағаздарды есептен шығару және жинақтаушы зейнетақы қорларына ашылған қосалқы шоттарға енгізу операцияларды қоспағанда);»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынғанда;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) қаржы құралдарын номиналды ұстауға (ұстаудан) енгізуге (шығаруға) орталық депозитарийдің бұйрығын есепке алу ұйымының орындамағаны туралы хабарламаны алған кезде;»;
      мынадай мазмұндағы 27-1, 27-2 және 27-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «27-1. Тіркеушінің сұратуы негізінде орталық депозитарий орталық депозитарийдің ережелер жиынтығында белгіленген тәртіппен айналыс мерзімі өткен, эмитенттің оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамауы нәтижесінде осы талап ету құқығы туындаған эмитенттің эмиссиялы бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргішін беруді жүзеге асырады және тіркеушіге:
      осындай эмиссиялық бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіргіш нөмірін көрсете отырып эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының берілген сәйкестендіргіші туралы;
      айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған эмитенттің қосалқы шотында және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шоттарында өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны туралы;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шотында оқшауланған бағалы қағаздардың саны туралы мәліметті жібереді.
      27-2. Тіркеушіден айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде орталық депозитарийге ашылған жеке шот бойынша жүргізілген операциялар туралы хабарламаны (есепті) алғаннан кейін орталық депозитарий осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды (номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан есептен шығару және осындай бағалы қағаздар (ауыртпалық салу, сенімгерлік басқару) бойынша туындаған міндеттемелерді сақтай отырып эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу бойынша операцияларды жүргізеді және депоненттерге мыналар:
      айналыс мерзімі өткен және эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитент жіберген дефолт;
      эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша берілген талап ету құқығының сәйкестендіргіші;
      орталық депозитарийдің есепте алу жүйесінде айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан есептен шығару және эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу бойынша жүргізілген операциялар туралы мәліметтерден тұратын хабарламаны жібереді.
      Орталық депозитарий эмитенттің айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы сәйкестендіргішінің тізілімін жүргізеді.
      27-3. Орталық депозитарий орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде эмиссиялық бағалы қағаздарды оқшаудан шығару бойынша операцияны жүргізген күннен кейінгі келесі жұмыс күннен кешіктірмей тіркеушіге ол туралы хабарлама жібереді.».
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 10 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының   
бағалы қағаздар нарығының   
мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін    
нормативтік құқықтық      
актілердің тізбесіне     
1-қосымша          

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің
жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа  
1-қосымша                

Нысан

_______________________________________________________________
20__ жылғы ___ ________ жағдай бойынша __ №___ бағалы
қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме

_______________________________________________________________
Үзінді-көшірмені жасаған күн                           Уақыты

      Бағалы қағаздарды ұстаушы туралы мәліметтер:

Бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаның атауы, бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты


Бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері немесе бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні


Жеке шоттың атауы


Эмитенттің атауы

Эмитенттің орналасқан жері

Бағалы қағаздардың түрі және ұлттық бірегейлендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығының сәйкестендіргіш)

Облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу күні






кестенің жалғасы

Бағалы қағаздар саны (эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығының сәйкестендіргіш)

Бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздарының санына арақатынасы (процентпен)

Қосымша мәліметтер

жалпы саны

пайдасына ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғаны көрсете отырып, ауыртпалық салынғандар

сенімгерлік басқарушының атауын көрсете отырып сенімгерлік басқаруға берілгендер

орналастырылған

дауыс беретін







      Тіркеушінің жауапты тұлғасы қол қоятын орын (тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын қызметін көрсете отырып)____________________
      Мөрдің орны
      ________________________

      Тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, телефон, факс нөмірлері

Қазақстан Республикасының   
бағалы қағаздар нарығының   
мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін    
нормативтік құқықтық      
актілердің тізбесіне     
2-қосымша          

      Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің
жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа  
2-қосымша                

Нысан

Тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, нөмірі, телефоны, факс

_______________________________________________________________

20 __ жылғы _____,_____ уақыт жағдай бойынша ұсынылған мәліметтер

Эмитент туралы мәліметтер:

Акция шығарылымы туралы мәліметтер:

Эмитенттің толық, ресми атауы

Эмитенттің орналасқан жері

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні

Бизнес – сәйкестендіру нөмірі

Акцияның түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі

Жарияланған акциялардың саны

Орналастырылған акциялардың саны

Эмитент сатып алған акциялардың саны

Дауыс беруші акциялардың саны

_____________________
1Бұл жағдайда дауыс беруші акциялардың саны ретінде орналастырылған акциялар мен эмитенттің сатып алған акциялары санының арасындағы айырманы білдіреді (8-баған-9-баған)

Басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)
____________________________________________
(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты) (қолы)
Орындаушы _________________________________________
          (лауазымы, тегі және әкесінің аты) (қолы)
(телефон нөмірі)

Есепке қол қойған күн 20 ___ жылғы «__» ______.