Жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге арналған үлгі шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 239 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 09 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5538 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 215 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулы күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген, Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті
капиталы жеткіліктілігі коэффициенттерін, жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тура немесе жанама иеленетін, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі
қатысушыларын қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы
зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
       2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының
орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                   Е. Бахмутова

                                     Қазақстан Республикасы Қаржы
                                     нарығын және қаржы ұйымдарын
                                    реттеу мен қадағалау агенттігі
                                     Басқармасының 2008 жылғы 29
                                    желтоқсандағы N 246 қаулысымен
                                              бекітілді

Жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының жиырма
бес пайыздан астамын тура немесе жанама иеленетін ашық
жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының ашық жинақтаушы
зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігі
коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық

       1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тура немесе жанама иеленетін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар белгіленеді.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының жиырма бестен астам пайызына тура немесе жанама иелік ететін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы (бұдан әрі - ірі қатысушы) жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциалдық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемесін айқындайтын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілері белгілеген деңгейде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капитал жеткіліктілігін қолдау бойынша осы Нұсқаулықпен көзделген шараларды қабылдайды.
      3. Осы Нұсқаулықта айқындалған ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентін ірі қатысушылардың қолдауы бойынша шараларға мыналар:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолдану шарттары мен тәртібін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының сақтауы үшін міндеттілігін белгілейтін ірі қатысушының ішкі құжаттарының болуы;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициентінің қажетті деңгейін (мәнін) тұрақты қамтамасыз ету;
      3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті деңгейін (мәнін) жедел қамтамасыз ету кіреді.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау бойынша шараларды қолдану шарттары мен тәртібін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының сақтауы үшін міндеттілігін белгілейтін ірі қатысушының ішкі құжаттарында осы Нұсқаулыққа сәйкес келетін, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін қамтамасыз ету бойынша шараларды ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының қолдану шарты және тәртібі бар.
      5. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті мәнін тұрақты қамтамасыз ету шараларына мыналар енгізіледі:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк маңызы, олардың есебiнiң әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5789 тiркелген) (бұдан әрi - № 180 қаулы), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндерi, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5793 тiркелген) (бұдан әрi - № 181 қаулы), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5810 тiркелген) (бұдан әрi - № 215 қаулы) белгiленген ашық жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциалдық нормативтерiн сақтауын тексеру мақсатында ашық жинақтаушы зейнетақы қорының тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiгiн талдау негiзiнде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйiн тоқсан сайын бағалау, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншiктi капиталы жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң төмендеуiне ықпал ететiн тәуекелдердi бағалау;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы
жеткіліктілігінің болжамдық мәндерін тоқсан сайынғы бағалау;
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар жөнiндегi нұсқаулықты бекiту» 2009 жылғы 7 шілдедегi № 135 қаулысымен (2009 жылғы 20 тамыздағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5755 тіркелген) белгiленген ашық жинақтаушы зейнетақы қорындағы тәуекелдердi басқару жүйесiнiң болуына жыл сайынғы бақылау, оның iшiнде көрсетiлген талаптар жүйесiне сәйкестiгiне баға беру;
      4) ірі қатысушысы бар ашық жинақтаушы зейнетақы қорында осы
Нұсқаулықтың 7-тармағында көзделген жедел қамтамасыз ету шараларын
айқындайтын рәсімдердің болуын жыл сайынғы бақылау;
      5) ірі қатысушысы бар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялау барысында жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларацияны сақтауын тоқсан сайынғы бақылау.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 N 49 қаулысымен. 
      6. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы ашық
жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігі
коэффициентін тұрақты қамтамасыз ету шараларынан өзге қосымша жедел
қамтамасыз ету шараларын қолданады.
      7. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы
жеткіліктілігі коэффициентін, ол N 180 қаулымен, N 181 қаулымен, N 215 қаулымен белгіленген нормативтік мәннен төмен болғанда өсіру мақсатында жедел қамтамасыз ету шаралары қолданылады.
      Жедел қамтамасыз ету шаралары мыналарды көздейді:
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті мәнін қамтамасыз ету іс-әрекетін;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекетін;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастыру құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекетін;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының өз акционерлерінің арасында жай акциялар бойынша дивидендтер есептеуді және (немесе) төлеуді (таза кірісті бөлуді) тоқтата тұру іс-әрекетін көздейді.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 N 49 қаулысымен. 
      8. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффицентінің қажетті мәнін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетіне ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффицентінің қажетті мөлшерін N 180 қаулымен, N 181 қаулымен, N 215 қаулымен белгіленген мәнге келтіру үшін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын ірі қатысушының сатып алуы кіреді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 N 49 қаулысымен.
      9. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің құрылымын өзгерту бойынша іс-әрекеттер мыналар түрінде жүзеге асырылады:
      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры кредиттік және (немесе) нарықтық тәуекелдерге ұшырайтын операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру;
      2) инвестициялық портфель бойынша тәуекелдерді ұлғайту мақсатында ашық жинақтаушы зейнетақы қорының портфелін қайта құрылымдау;
      3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қосымша тәуекелдерге
ұшырайтын немесе елеулі шығыстармен байланысты жасалатын
операциялардың тізбесін және көлемін қысқарту.
      10. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдық құрылымын өзгерту
бойынша іс-әрекеттер мыналар түрінде жүзеге асырылады:
      1) әкімшілік-шаруашылық шығыстарды қысқарту, оның ішінде
қызметкерлерді қосымша жалдауды шектеу арқылы;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының штаттық санын өзгерту;
      3) инвестициялық комитеттің құрамын өзгерту.
      11. Жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффициенті N 180 қаулымен, N 181 қаулымен, N 215 қаулымен белгіленген нормативтік мәннен төмен болғанда, жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының елу және одан астам пайызын тікелей немесе жанама иелік ететін ірі қатысушы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеу дерегі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарын, оның ішінде осы нұсқаулықпен белгіленген ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті
капиталы жеткіліктілігі коэффициентінің жедел қамтамасыз ету шараларынан тұратын жоспарды уәкілетті органға келісу үшін береді.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорында бір ірі қатысушыдан астам болған кезде осы тұлғалармен осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген іс-шараларды бірге жүзеге асырады.
      Ескертулердің болуына байланысты, ірі қатысушы ұсынған Іс-шаралар жоспарын келісуден уәкілетті орган бас тартқан жағдайда, жетілдірілген Іс-шаралар жоспары қайтадан келісілу үшін уәкілетті органға көрсетілген ескертулер алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 N 49 қаулысымен.
      12. Уәкілетті органмен келісілген Іс-шаралар жоспарында ашық
жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігі
коэффициентінің ірі қатысушысын қолдау бойынша шараларды қолдану
мерзімдері және уәкілетті органға олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсыну мерзімдері бар.
      Іс-шаралар жоспарымен айқындалған іс-шаралардың орындалуы туралы ірі қатысушының ақпараты растайтын құжаттардың қосымшасымен ұсынылады. Іс-шаралар жоспарының талаптарының кез келгенін орындамаған жағдайда ірі қатысушы уәкілетті органды орындалмау себептері туралы хабарлайды.
      13. Осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда, ірі қатысушыға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ықпал ету шаралары мен мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
      Ескерту. 13-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгерту енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      14. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.