Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 201 қаулысымен бекітілді |
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Осы Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды, сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында (бұдан әрі – ЕЖЗҚ) салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізуге салымшыға (алушыға) жеке зейнетақы шотын ашу, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу, сондай-ақ жеке зейнетақы шотын жабу кіреді.
2. Жеке зейнетақы шотын ашуға негіздеме:
міндетті зейнетақы жарналарының есебінен – "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 қаулысымен айқындалған тәртіпте міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынған жеке тұлғалардың тізімі;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттің (бұдан әрі – агент) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның БЖЗҚ интернет-ресурсында орналастырылатын БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша жасалған өтініші;
ерікті зейнетақы жарналарының есебінен – БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ, бір жағынан және зейнетақы жарналарының салымшысы, екінші жағынан жасайтын, салымшы өз бастамасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына БЖЗҚ-ға және (немесе) ЕЖЗҚ-ға енгізген ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт, сондай-ақ ЕЖЗҚ ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтарған немесе одан айрылған жағдайда немесе ЕЖЗҚ қосылу нысанында ерікті қайта ұйымдастырылған кезде салымшылардың (алушылардың) ерікті зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-ға аудару болып табылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2019 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. БЖЗҚ және ЕЖЗҚ бір мезгілде салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын электрондық нысанда тіркеуді жүзеге асырады.
4. Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары зейнетақы жарналарының түрлері (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары) бойынша жеке-жеке теңгемен жүргізіледі және:
міндетті зейнетақы жарналарының есебінен – БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарының бастапқы сомасы келіп түскен күні;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен – БЖЗҚ агенттің және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша жасалған өтінішін қабылдаған күні;
ерікті зейнетақы жарналарының есебінен – ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған күні ашылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2019 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Жеке зейнетақы шотының құрылымында мынадай міндетті деректер болады:
A BBBBBB CC DD..., мұндағы:
A | - зейнетақы жарнасы түрінің белгісі | 1 цифры |
Зейнетақы жарнасының түрін білдіреді, мұндағы |
ВВВВВВ | - баланстық шоттың нөмірі | 2, 3, 4, 5, 6, 7 цифрлары | Шоттар жоспарының шотын білдіреді |
СС | - өңірдің (облыстың) коды | 8, 9 цифрлары |
Мыналарды білдіреді: |
DD | - БЖЗҚ немесе ЕЖЗҚ коды | 10, 11 цифрлары |
БЖЗҚ коды – "00" цифрлары; |
6. Зейнетақы жинақтарын есепке алуды БЖЗҚ және ЕЖЗҚ зейнетақы активтері құнының үлес шамасы ретінде айқындалатын шартты бірліктің құнын қайта бағалау арқылы жүзеге асырады.
7. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына сомалар келіп түскен кезде БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ келіп түскен соманы сомалар келіп түскен күннің басындағы ағымдағы құны бойынша айқындалатын шартты бірліктердің балама санына қайта есептейді. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотынан сомаларды есептен шығару бойынша БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ есептен шығару күнінің басындағы шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша, оның ішінде:
1) төлемдердің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының сомаларын;
2) қате есепке жатқызылған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының және өсімпұл сомаларын;
3) әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 (елу) пайызын қайтаруды есептен шығару бойынша операцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7-1. Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан сомаларды есептен шығару операциялары бойынша инвестициялық кірісті есептеу, есептен шығару тәртібін қосқанда, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында зейнетақы жинақтарын және төлемдерді жеке есепке алу операцияларының тізбесі және жүргізу тәртібі БЖЗҚ-ның және (немесе) ЕЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.
Ескерту. Қағида 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. БЖЗҚ және ЕЖЗҚ шартты бірліктің ағымдағы құнын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес формула бойынша есептейді.
9. БЖЗҚ және ЕЖЗҚ шартты бірліктің ағымдағы құнын есептеуді күн сайын жүргізеді.
10. БЖЗҚ және ЕЖЗҚ шартты бірліктердің күндері мен жиынтық санын көрсете отырып, шартты бірлік құнының күн сайынғы есебін жүргізеді.
11. ЕЖЗҚ ЕЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясы бар ұйымға басқаруға тапсыру кезінде айына кемінде бір рет зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы ретінде есептелген құнын көрсетілген ұйыммен және ЕЖЗҚ кастодиан банкімен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 69 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).11-1. Теңгемен және (немесе) шетел валютасымен төлемдерді және (немесе) зейнетақы жинақтарының аударымдарын қайтаруды және (немесе) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына есепке жазылуға тиіс емес өзге сомаларды есепке алу үшін салымшыға (алушыға) жеке атаулы шот болып табылатын, теңгемен және (немесе) шетел валютасымен төлемдерді және (немесе) зейнетақы жинақтарының аударымдарын қайтару және (немесе) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына есепке жазылуға тиіс емес өзге сомалар түскен күні БЖЗҚ-да немесе ЕЖЗҚ-да ашылатын кредиторлық берешек шоты ашылады.
Кредиторлық берешек шоты зейнетақы жинақтарын төлеу, қайтару, жеке зейнетақы шотына есепке жазу бойынша жүргізілген операциялар нәтижесінде және (немесе) өзге де есептен шығару операциялары нәтижесінде сомалар толық есептен шығарылған күні жабылуға жатады.
Кредиторлық берешек шоты бойынша сомаларды есепке жазу және (немесе) есептен шығару тәртібі БЖЗҚ-ның және (немесе) ЕЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.
Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Салымшының (алушының) БЖЗҚ-дағы және (немесе) ЕЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоты:
1) аударылған зейнетақы жинақтары және ерікті зейнетақы жарналарының түсімдері қайтарылмаған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-дан ЕЖЗҚ-ға немесе ЕЖЗҚ-дан БЖЗҚ-ға немесе бір ЕЖЗҚ-дан басқа ЕЖЗҚ-ға аударылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткеннен кейін;
2) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары, аударылған зейнетақы жинақтарын қайтару, зейнетақы жинақтарының түсімдері, өсімпұл және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге түсімдер болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына аудару жүзеге асырылған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен соң;
3) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары, төленген зейнетақы жинақтарын қайтару, зейнетақы жинақтарының түсімдері, өсімпұл және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге түсімдер болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтары төленген күннен бастап 12 (он екі) ай өткен соң;
4) жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында түсімдер және зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда, жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай өткен соң;
5) салымшының (алушының) БЖЗҚ-дағы және (немесе) ЕЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын аудару жүзеге асырылатын ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш келіп түскен күні жабылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. БЖЗҚ-дағы және (немесе) ЕЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоты жабылғаннан кейін жабылған жеке зейнетақы шотының нөмірі басқа салымшыға (алушыға) берілмейді.
14. Жеке зейнетақы шоты жабылғаннан кейін БЖЗҚ-ға және (немесе) ЕЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары немесе өзге де сомалар келіп түскен жағдайда, бұл сома қайтару себебі көрсетіле отырып, сома келіп түскен күннен кейінгі күннен кешіктірілмей аталған соманың жіберушісіне қайтарылуы тиіс.
15. Зейнетақы жинақтарының талап етілмеген сомаларын осы соманы алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) талап еткенге дейін БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ есептен шығаруы тиіс емес.
16. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының талап етілмеген сомаларына жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ, сондай-ақ тегінде, атында, әкесінің атында және туған күнінде дұрыс деректемелер көрсетілмеген БЖЗҚ-дағы сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы сомалар жатқызылады.
БЖЗҚ осы Қағидалардың 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген салымшыларды (алушыларды) сәйкестендіруді мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) деректемелерін салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ ақпараттық жүйесіндегі деректемелерімен фонетикалық іздеу (айтылуы бойынша ұқсас), сондай-ақ тектерін, аттарын және әкелерінің аттарын қазақ және орыс тілдерінде жазған кезде транслитерация белгісін ескере отырып, салыстырып тексеру жүргізіледі;
2) салымшылардың (алушылардың) деректемелерін (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні) деректемелерін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорымен, оның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізіледі.
Қате деректемелері бар салымшылар (алушылар) сәйкестендірілген жағдайда, БЖЗҚ оларды "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына сәйкес келтіреді.
Ескерту. Қағида 16-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.