Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есеб

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 69 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 маусымда № 9501 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 27 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 шілдедегі № 201 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8654 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 2 қазанда № 148 (2349) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке зейнетақы шотын ашуға негіздеме:

      1) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында (бұдан әрі – БЖЗҚ зейнетақы қағидалары) көзделген нысан бойынша жасалған салымшының өтініші;

      2) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен – БЖЗҚ зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша жасалған алушының өтініші;

      3) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен – БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ, бір жағынан және зейнетақы жарналарының салымшысы, екінші жағынан жасайтын, салымшы өз бастамасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына БЖЗҚ-ға және (немесе) ЕЖЗҚ-ға енгізген ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт, сондай-ақ ЕЖЗҚ ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтарған немесе одан айырылған жағдайда немесе ЕЖЗҚ қосылу нысанында ерікті қайта ұйымдастырылған кезде салымшылардың (алушылардың) ерікті зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-ға аудару болып табылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары зейнетақы жарналарының түрлері (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары) бойынша жеке-жеке теңгемен жүргізіледі және:

      1) міндетті зейнетақы жарналарының – БЖЗҚ салымшының БЖЗҚ зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша жасалған өтінішін қабылдаған күні;

      2) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен – БЖЗҚ алушының БЖЗҚ зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша жасалған өтінішін қабылдаған күні;

      3) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен – ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған күні ашылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. ЕЖЗҚ ЕЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясы бар ұйымға басқаруға тапсыру кезінде айына кемінде бір рет зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы ретінде есептелген құнын көрсетілген ұйыммен және ЕЖЗҚ кастодиан банкімен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ.Келімбетов