Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрілігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 123 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің м.а. 2013 жылғы 16 шілдедегі № 135/НҚ Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 тамызда № 8619 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы, «Рұқсат құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 7 мамырдағы № 579 және «Өнеркәсіптік саладағы қызметті лицензиялау туралы кейбір мәселелер туралы» 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешенінде мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А. Момышев) мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға жіберуді;
      3) күшіне енгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде осы бұйрықты жариялауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
      Мұнай және газ министрі          Өңірлік даму министрінің м.а.
      ___________ Ұ. Қарабалин         ____________ Қ. Өскенбаев
      2013 жылғы 11 шілде              2013 жылғы 16 шілде

Қазақстан Республикасы 
Мұнай және газ министрінің
2013 жылғы 11 шілдедегі 
№ 123           
және Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің м.а.
2013 жылғы 16 шілдедегі 
№ 135/НҚ        
бірлескен бұйрығына  
қосымша        

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мен Қазақстан
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің
өзгертулер енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізімі

      1. «Мұнай операцияларын жүргізу саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 149 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 31 тамыздағы № 272 бірлескен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7177 тіркелген, 2011 жылғы 15 қазанда «Казахстанская правда» газетінде № 330-331 (26721-26722) жарияланған):
      аталған бұйрықпен бекітілген Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Объективті өлшемдері бойынша тексерілетін субъектілер мынадай тәуекелдер тобына бөлінеді:
      1) жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына мұнай, газ, мұнай-газконденсатын өндіруді, сондай-ақ қызметтің мынадай лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жатады:
      Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
      Қызметтің осы түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      тау-кен, мұнай-химия өндірістерін пайдалану;
      мұнайды, газды, мұнай-газконденсатын өндіру;
      мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
      ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымалар көтергішiн орнату;
      мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынаулар;
      мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
      мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмділігін ұлғайту;
      құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
      мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
      2) орташа тәуекел дәрежесінің 2-тобына мұнай және газ кен орындарын бақылауды, сондай-ақ қызметтің мынадай лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жатады:
      Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
      Қызметтің осы түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      тау-кен, мұнай-химия өндірістерін пайдалану;
      (мұнай, газды, мұнай-газконденсаты) кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу;
      мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
      3) төменгі тәуекел дәрежесінің 3-тобына қызметтің мынадай лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін жүзеге асыратын лицензиаттар жатады:
      Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
      Қызметтің осы түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      тау-кен, мұнай-химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық);
      тау-кен өндірістерін жобалау (технологиялық);
      мұнайды, газды, мұнай-газконденсатын өндіруді жобалау;
      мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларын және технологиялық регламенттердi жасау;
      мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық);
      мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау.»;
      8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Елеулі бұзушылықтарға:
      1) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін меншік немесе жалгерлік (жалгерлік шарты) құқығындағы өндірістік базаның (меншік құқығын растайтын, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) болмауы;
      2) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін сәйкес құрылғының, механизмдердің, құралдардың, технологиялық құрылғылардың болмауы;
      3) лицензияның немесе жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың болмауы;
      4) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының болмауы;
      5) лицензияға қосымшада көрсетілмеген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін жүргізу;
      6) кен орнын барлау, сынамалы игеру, өндірістік және тәжірибелік-өндірістік игеру, ұңғымаларды, қажетті кәсіпшілік объектілерді және көмірсутектерін өндіру, дайындау және сақтауға қажетті басқа да объектілердің жобалау құжаттарының болмауы, сол сияқты бекітілген жобалық құжаттардың талаптарын бұзуы;
      7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 123 қаулысымен бекітілген пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағиданың талаптарын бұзу;
      8) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы игеру кезінде, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде мұнай-газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу;
      9) мұнай-газ кен орынын өндірістік игеруді ілеспе және (немесе) табиғи газды өңдеусіз жүргізу;
      10) теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын бұзу;
      11) олар болған жағдайда техникалық регламенттермен белгіленген талаптарды сақтамау;
      12) қоршаған ортаны қорғау саласында мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бекітілген және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен келісілген ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасының болмауы және сақталмауы жатады.
      9-тармақта:
      2)5) және 7) тармақшалар алынып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жүзеге асырылатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін технологиялық процесті және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды; машиналарды, тетіктерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; еңбек қауіпсіздігін бақылауды; метрологиялық бақылауды; маркшейдерлік жұмыстарды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы;».
      2. «Мұнай операцияларын жүргізу саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 150 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 31 тамыздағы № 273 бірлескен бұйрығында (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7178 тіркелген, 2011 жылғы 15 қазанда «Казахстанская правда» газетінде № 330-331 (26721-26722) жарияланған):
      1-тармақта:
      3) тармақша алынып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес, тау-кен және мұнай - газ өңдеу өндірістерін жобалау, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеуге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін; мұнай химиялық, химиялық өндірістерін жобалау (технологиялық) кезінде;»;
      124, және 5-қосымшаларын осы бұйрықтың 123 және 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. «Мұнай өнімдерін өндіру саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 147 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 31 тамыздағы № 276 бірлескен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7179 тіркелген, 2011 жылғы 15 қазанда «Казахстанская правда» газетінде № 330-331 (26721-26722) жарияланған):
      аталған бұйрықпен бекітілген мұнай өнімдерін өндіру саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанында:
      «СТН, (БСН, ЖСН)___________» жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      «БСН, ЖСН_________________»;
      4. «Мұнай операцияларын жүргізу саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 40 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 72 бірлескен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7486 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырда «Казахстанская правда» газетінде № 157-158 (26976-26977) жарияланған):
      аталған бұйрықпен бекітілген Газ және газбен жабдықтау саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанында:
      кестеде «Газ желісі ұйымдары» тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
«

Газ желісі ұйымдары

1.

Аккредиттеу туралы куәліктің болуы





2.

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өнеркәсіп қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін
өндірістік-техникалық базаның болуы (меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі)





3.

Өндірістік-техникалық базаны пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету кезінде техникалық процесті сақтауы





4.

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін қызметтің болуы





5.

Тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн – мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн – кемінде орта арнаулы бiлiм) жауап беретiн бiлiктi және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде – екі жыл жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесі бойынша оқытудан, нұсқау беруден, қайта даярлықтан, аттестациядан өткен техникалық басшылар мен мамандар құрамының болуы (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының 70%-дан кем емес)





6.

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен берілген және тіркелген қауіпсіздік декларациясының болуы





7.

Сол бiр ғана газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыны екi және одан да көп газ желiсi ұйымдарының бiр мезгiлде пайдалануы жол бермеуі





8.

Сұйытылған мұнай газын өткiзуге арналған газ толтыру пункттерi мен автогаз құю станцияларын екi және одан да аса жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiр мезгiлде пайдалануы жол бермеуі





9.

Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы шарт болған жағдайда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру





10.

Бекітілген:
қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралардың;
қолданыстағы өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтар мен көлік құралдарын жоспарлы-сақтандыру ала жөндеу кестесінің;
аварияларды жою жоспарының;
қаланың апаттарды жою жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жоспарының;
апатқа қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығу дабылы жоспарларының болуы





11.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестатациядан өткен зертхананың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен жасалған қызмет көрсетуге жасалған шарттың болуы





12.

Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыратын шарттың болуы





13.

Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттiк есепке алуды жүзеге асыруы





14.

Тұрмыстық баллондарды газ желiсi ұйымының немесе газ толтыру пункт иесінің тауарлық белгiсiмен таңбалауды немесе жүзеге асыруы





15.

Есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрдегі оны ауыстыруымен сұйытылған мұнай газды сатуды жүзеге асыруы





16.

Белгіленген шекті бағадан аспайтын сұйылтылған мұнай газын көтерме сауда арқылы сатуды жүзеге асыру





17.

Қауіпті жүктерді тасымалдау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес сұйылтылған мұнай газын теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көліктерімен арнайы жіберілген және жабдықталған көліктермен тасымалдауды жүзеге асыруы.





                                                            ».

      5. «Газ және газбен жабдықтау саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 41 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 71 бірлескен бұйрығында (Нормативті-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7484 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырда «Казахстанская правда» газетінде № 157-158 (26976-26977) жарияланған):
      аталған бұйрықпен бекітілген Газ және газбен жабдықтау саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерінде:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Газ желісі ұйымдарының айтарлықтай бұзушылықтарына:
      1) меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық базаның болмауы;
      2) өндірістік-техникалық базаның пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезінде техникалық процесті сақтамауы;
      3) өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы;
      4) тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн – мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн – кемінде орта арнаулы бiлiм) жауап беретiн бiлiктi және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде – екі жыл жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беру, қайта даярлықтан, аттестациядан өткен техникалық басшылар мен мамандардың құрамының болмауы (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының 70%-кем емес);
      5) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында уәкілетті органмен берілген және тіркелген қауіпсіздік декларациясының болмауы»;
      6) сол бір газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыны екi және одан да аса газ желiсi ұйымдарының бiр мезгiлде пайдалануы;
      7) сұйытылған мұнай газын өткiзуге арналған газ толтыру пункттерi мен автогаз құю станцияларын екi және одан да аса жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiр мезгiлде пайдалануы;
      8) есепке алатын бақылау аспаптарынсыз сұйытылған мұнай газды сатуы;
      9) белгіленген шекті бағадан асатын сұйылтылған мұнай газын көтерме сауда арқылы сатуды жүзеге асыру;
      10) қауіпті жүктерді тасымалдау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көліктермен сұйылтылған мұнай газды тасымалдау» жатқызылады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Газ желісі ұйымдарының болмашы бұзушылықтарына:
      1) бекітілген:
      қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалардың, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралардың;
      қолданыстағы өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту мен жаңадан салу жөніндегі бағдарламалардың;
      негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтар мен көлік құралдарын жоспарлы-сақтандыру жөндеу кестесінің;
      апаттарды жою жоспарының;
      қаланың апаттарды жою жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жоспарының;
      апатқа қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығу дабылы жоспарларының болмауы;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аттестатациядан өткен зертхананың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен жасалған қызмет көрсетуге жасалған шарттың болмауы;
      3) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болмауы;
      4) тұрмыстық баллондағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алудың болмауы;
      5) тұрмыстық баллондарды газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункт иесінің тауарлық белгісімен таңбалаудың болмауы;
      6) тиісті келісім-шартсыз сұйылтылған мұнай газын бөлшек сауда арқылы өткізуі жатқызылады.»;
      6. «Қазақстан Республикасының магистралдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 128 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 31 шілдедегі № 235 бірлескен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7835 тіркелген, 2012 жылғы 12 қыркүйекте «Казахстанская правда» газетінде № 306-307 (27125-27126) жарияланған):
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының магистралдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанында:
      «СТН, (БСН, ЖСН)___________» жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      «БСН, ЖСН_________________».

Қазақстан Республикасының 
Мұнай және газ министрі  
2013 жылғы 11 шілдедегі № 123
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2013 жылғы 16 шілдедегі № 135/НҚ
бірлескен бұйрығына  
1-қосымша         

Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі 
2011 жылғы 25 тамыздағы № 150
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2011 жылғы 31 тамыздағы № 273
бірлескен бұйрығына 
1-қосымша        

Нысан

Тау-кен өндірісін пайдалану кезінде мұнай операцияларын жүргізу
саласында жеке кәсіпкерлік бойынша тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                      (№, күні)
Кәсіпкерлік субъектінің атауы _______________________________________
БСН, ЖСН ____________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________


р/с

Талаптар

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді (+)

Талаптарға сәйкес келмейді (-)

1.*

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес лицензияда және лицензияға қосымшада көзделген қызметтердің түрлері мен кіші түрлерін жүзеге асыру



2.**

Жобаға сәйкес келетін қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентінің болуы және сақталуы



3.***

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін (меншік құқығын немесе өзге заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі) өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуы



3.1.***

Мұнайды, газды, газконденсатын өндіру, кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу үшін – тау-кен өндірісінде қолданылатын инженерлік құрылыстар, машиналар, тетіктер, құралдар, арнайы көліктер, жабдықтар, өлшеу жабдықтары және бақыланатын технологиялық процестердің болуы және пайдалануы



3.2.***

Мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргізу үшін – каротаж станциялар (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы (каротаждық) кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр) болуы және пайдалануы



3.3.***

Мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргізу үшін:
1) лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың болуы;
2) перфорациялық жабдықтар мен (немесе) жүйелердің болуы және пайдалануы



3.4.***

Мұнай және газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су айдындарында бұрғылау үшін – бұрғылау қондырғылары, қашау, бұрғылау құбырлары, көтеру агрегаттарын лақтыруға қарсы жабдықтар, көтергіш агрегаттардың болуы және пайдалануы



3.5.***

Ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішiн орнату;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін – тиісті технологиялық жабдықтардың болуы және пайдалануы



3.6.***

Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмділігін ұлғайту үшін – техника құралдарының кешені, қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін мамандандырылған арнайы техника мен технологиялардың болуы



3.7.***

Құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау жұмыстарын жүргiзу үшін – теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзуші резервуарлар, бонолық тосқауылдар; құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтар, цементтейтін агрегаттар; шығарындыға қарсы жабдықтардың болуы



4.**

Машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды);
технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды (тау-кен өндірісі қызметтерінің кіші түрлеріне қолданылмайды), қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың немесе қызметтердің болуы



5.*

Тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін – тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін – кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесінің болуы



* - елеулі бұзушылыққа жатқызылады;
** - болмашы бұзушылыққа жатқызылады;
*** - қызметтің тиісті кіші түрлерін жүзеге асырушы тек тексерілетін субъектілерге жатқызылады.
Тексеруді жүргізген ____________ __________________ _________________
                      (лауазымы)      (Т.А.Ж.)            (қолы)
М.О.
Талаптарды бұзушылық байқалған жағдайда нұсқаманы жасау нөмірі мен
күні көрсетіледі (20__ жылғы «__» ______________ № ________)
Тексеру нәтижесімен таныстым (келісемін/келіспеймін) ______ _________
                                                    (Т.А.Ж.) (қолы)
20__ жылғы «__» ________________
Тексеру қорытындысы бойынша тексерілген субъекті ____________________
                                                  (субъектінің атауы)

жоғары тәуекел дәрежесі

орташа тәуекел дәрежесі

болмашы тәуекел дәрежесі




тобына ауыстырылуы («+» белгісімен белгілеу).
Органның лауазымды тұлғалары:
__________________________ ___________________ ______________________
            (лауазымы)              (қолы)       (Т.А.Ж.)
__________________________ ___________________ ______________________
            (лауазымы)              (қолы)       (Т.А.Ж.)
Органның басшысы:
_______________________________________ _____________________________

Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі 
2013 жылғы 11 шілдедегі № 123
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2013 жылғы 16 шілдедегі № 135/НҚ
бірлескен бұйрығына   
2-қосымша        

Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі 
2011 жылғы 25 тамыздағы № 150
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2011 жылғы 31 тамыздағы № 273
бірлескен бұйрығына   
2-қосымша        

Нысан

Мұнай-химия өндірісін пайдалану кезінде мұнай операцияларын
жүргізу саласында жеке кәсіпкерлік бойынша тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                          (№, күні)
Кәсіпкерлік субъектінің атауы _______________________________________
БСН, ЖСН ____________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________


р/с

Талаптар

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді (+)

Талаптарға сәйкес келмейді (-)

1.*

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес лицензияда және лицензияға қосымшада көзделген қызметтердің түрлері мен кіші түрлерін жүзеге асыру



2.**

Жобаға сәйкес келетін қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентінің болуы және технологиялық регламентте бекітілген талаптардың сақтауы



3.*

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін (меншік құқығын немесе өзге заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі) өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуы



3.1.*

Мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:
1) тетіктер, технологиялық желiлер, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғылары, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылықтар, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде болуы және пайдалануы;
2) өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың болуы



4.**

Машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды);
технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды (тау-кен өндірісі қызметтерінің кіші түрлеріне қолданылмайды), қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың немесе қызметтердің болуы



5.**

Тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін – тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін – кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесінің болуы



* - елеулі бұзушылыққа жатқызылады;
** - болмашы бұзушылыққа жатқызылады;
*** - қызметтің тиісті кіші түрлерін жүзеге асырушы тек тексерілетін субъектілерге жатқызылады.

Тексеруді жүргізген __________________ __________________ ___________
                            (лауазымы)      (Т.А.Ж.)        (қолы)
М.О.
Талаптарды бұзушылық байқалған жағдайда нұсқаманы жасау нөмірі мен
күні көрсетіледі (20__ жылғы «__» ______________ № ________)
Тексеру нәтижесімен таныстым (келісемін/келіспеймін) ________ _______
                                                    (Т.А.Ж.) (қолы)
20__ жылғы «__» ________________
Тексеру қорытындысы бойынша тексерілген субъекті ____________________
                                                  (субъектінің атауы)

жоғары тәуекел дәрежесі

орташа тәуекел дәрежесі

болмашы тәуекел дәрежесі




тобына ауыстырылуы («+» белгісімен белгілеу).
Органның лауазымды тұлғалары:
___________________________ _________________ _______________________
         (лауазымы)             (қолы)                (Т.А.Ж.)
___________________________ _________________ _______________________
         (лауазымы)             (қолы)                (Т.А.Ж.)
Органның басшысы:
____________________________________ ________________________________

Қазақстан Республикасының 
Мұнай және газ министрі  
2013 жылғы 11 шілдедегі № 123
мен Қазақстан Республикасы 
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2013 жылғы 16 шілдедегі № 135/НҚ
бірлескен бұйрығына   
3-қосымша          

Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі  
2011 жылғы 25 тамыздағы № 150
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2011 жылғы 31 тамыздағы № 273
бірлескен бұйрығына   
4-қосымша        

Нысан

Тау-кен және мұнай газ өңдеу өндірістерін жобалау, мұнайды,
газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; мұнай-газ кен
орындарын әзірлеуге арналған жобалар мен технологиялық
регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын әзірлеу
жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай
химиялық, химиялық өндірістерін жобалау (технологиялық)
кезіндегі мұнай операцияларын жүргізу салаларында жеке
кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                              (№, күні)
Кәсіпкерлік субъектінің атауы _______________________________________
БСН, ЖСН ____________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________


р/с

Талаптар

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді (+)

Талаптарға сәйкес келмейді (-)

1.*

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес лицензияда және лицензияға қосымшада көзделген қызметтердің түрлері мен кіші түрлерін жүзеге асыру





2.**

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін (меншік құқығын немесе өзге заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі) өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуы





2.1*

Тау-кен және мұнай газ өңдеу өндірістерін жобалау, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін; мұнай химиялық, химиялық өндірістерін жобалау үшін - лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің, электронды-есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасының (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдық) болуы және қолданылуы





3.**

Тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін – тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін – кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесінің болуы





* - елеулі бұзушылыққа жатқызылады;
** - болмашы бұзушылыққа жатқызылады;
*** - қызметтің тиісті кіші түрлерін жүзеге асырушы тек тексерілетін субъектілерге жатқызылады.

Тексеруді жүргізген ___________________ ________________ ____________
                          (лауазымы)       (Т.А.Ж.)         (қолы)
М.О.
Талаптарды бұзушылық байқалған жағдайда нұсқаманы жасау нөмірі мен
күні көрсетіледі (20__ жылғы «__» ______________ № ________)
Тексеру нәтижесімен таныстым (келісемін/келіспеймін) ________ _______
                                                     (Т.А.Ж.) (қолы)
20__ жылғы «__» ________________
Тексеру қорытындысы бойынша тексерілген субъекті ____________________
                                                  (субъектінің атауы)

жоғары тәуекел дәрежесі

орташа тәуекел дәрежесі

болмашы тәуекел дәрежесі




тобына ауыстырылуы («+» белгісімен белгілеу).
Органның лауазымды тұлғалары:
__________________________ ____________________ _____________________
         (лауазымы)             (қолы)               (Т.А.Ж.)
__________________________ ____________________ _____________________
         (лауазымы)             (қолы)               (Т.А.Ж.)
      Органның басшысы:
___________________________________ _________________________________

Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі  
2013 жылғы 11 шілдедегі № 123
мен Қазақстан Республикасы 
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2013 жылғы 16 шілдедегі № 135/НҚ
бірлескен бұйрығына  
4-қосымша        

Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі 
2011 жылғы 25 тамыздағы № 150
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2011 жылғы 31 тамыздағы № 273
бірлескен бұйрығына   
5-қосымша        

Нысан

Мұнай және газ кен орындарын барлау, сынамалы пайдалану,
тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік пайдалану кезінде
мұнай операцияларын жүргізу саласында жеке кәсіпкерлік бойынша
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                           (№, күні)
Кәсіпкерлік субъектінің атауы _______________________________________
БСН, ЖСН ____________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________


р/с

Талаптар

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді (+)

Талаптарға сәйкес келмейді (-)

1.*

Кен орындарын барлау, сынамалы пайдалану, тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік пайдалану және ұңғымаларды, кәсіпшілік объектілері мен бекітілген жобалық құжаттарға сәйкес көмірсутектерді өндіру, дайындау, сақтау және тасымалдау үшін қажетті инфрақұрылымның өзге де объектілерін салуды жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру



2.*

Пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағидаларға сәйкес жүзеге асыру



3.*

Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат шартының болуы мен оның орындалуы



4.*

Мұнай-газ кен орындарын өнеркәсіптік игеруді ілеспе және (немесе) табиғи газды өңдеусіз және кәдеге жаратусыз жүргізу



5.*

Теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзудiң шарттарын сақтау



6.*

Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды олар болған жағдайда сақтау



7**

Ілеспе газын өңдеудi дамыту бағдарламасының болуы мен орындалуы



8.**

Келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу мен салмақтау қағидаларының талаптарын сақтау



9.**

Теңізде ғылыми зерттеулерді жүргізуге рұқсаттың болуы



* - елеулі бұзушылыққа жатқызылады;
** - болмашы бұзушылыққа жатқызылады;
*** - қызметтің тиісті кіші түрлерін жүзеге асырушы тек тексерілетін субъектілерге жатқызылады.
Тексеруді жүргізген _______________ __________________ ______________
                       (лауазымы)        (Т.А.Ж.)         (қолы)
М.О.
Талаптарды бұзушылық байқалған жағдайда нұсқаманы жасау нөмірі мен
күні көрсетіледі (20__ жылғы «__» ______________ № ________)
Тексеру нәтижесімен таныстым (келісемін/келіспеймін) ________ _______
                                                    (Т.А.Ж.) (қолы)
20__ жылғы «__» ________________
Тексеру қорытындысы бойынша тексерілген субъекті ____________________
                                                 (субъектінің атауы)

жоғары тәуекел дәрежесі

орташа тәуекел дәрежесі

болмашы тәуекел дәрежесі







тобына ауыстырылуы («+» белгісімен белгілеу).
Органның лауазымды тұлғалары:
__________________________ ___________________ ______________________
         (лауазымы)             (қолы)                (Т.А.Ж.)
__________________________ ___________________ ______________________
         (лауазымы)             (қолы)                (Т.А.Ж.)
Органның басшысы:
_____________________________________ _______________________________
_____________________________________ _______________________________