Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 150 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі м.а. 2011 жылғы 31 тамыздағы № 273 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7178 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 421 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 482 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 420 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 479 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кісіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысаны бекітілсін;
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А.Момышев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министрі Л.К.Кииновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі          Экономикалық даму және сауда
      _____________С. Мыңбаев          министрінің міндетін атқарушы
     2011 жылғы 25 тамыз               _________________ Д. Шәженова
                                       2011 жылғы 31 тамыз

Қазақстан Республикасы     
Мұнай және газ министрінің   
2011 жылғы 25 тамыздағы № 147 
және Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және сауда 
министрі міндетін атқарушының 
2011 жылғы 31 тамыздағы № 276 
бірлескен бұйрығымен    
бекітілді           

Нысан

Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағы

      Ескерту. Нысанға өзгерістер енгізілді - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2014 № 10 және ҚР Өңірлік даму министрінің 31.01.2014 № 22-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________

Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
                                               (№, күні)
Кәсіпкерлік субъектінің атауы________________________________________
БСН, ЖСН_____________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

№ р/с

Талаптар

Қойылатын
талаптарға
сәйкес келеді (+)

Талаптарға сәйкес
келмейді (-)

Қуаттылығы 800 мың тоннадан жоғары мұнай өнімдерін өндірушілер

1.

Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру



2.

Мұнай өнімдерін өндіруге қажетті жабдықтарды пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуы



3.

Шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін және сапасын растайтын құжаттардың болуы



4.

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз, мұнай өнімдерін өндіруге пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату



5.

Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізу



6.

Өндіріс паспортының болуы



7.

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға технологиялық қондырғылардың жоспарлы - алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесінің болуы және оның сақталуы





8.

Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шоттың болуы



9.

Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есепті ұсыну



10.

Мұнай өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық қадағалау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсыну



11.

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген аз мөлшерін орындау



Қуаттылығы 800 мың тоннадан кем мұнай өнімдерін өндірушілер

1.

Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру



2.

Мұнай өнімдерін өндіруге қажетті жабдықтарды пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуы



3.

Шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін және сапасын растайтын құжаттардың болуы



4.

Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізу



5.

Өндіріс паспортының болуы



6.

Ведомстволық статистикалық қадағалау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсыну



Тексеруді жүргізді ____________ ____________________ ______________
                    (лауазымы)     (аты-жөні, тегі)       (қолы)

      М.О.

Талаптарды бұзушылық анықталған жағдайда ұйғарымның нөмері мен күні көрсетіледі (№ ________ «__» ________________ 20__ жыл)
Тексеру нәтижесімен таныстым (келісемін/келіспеймін)_________________
_____________________________________________________________________
              (аты-жөні, тегі)                       (қолы)
«__» ________________ 20__ жыл

Тексеру нәтижесі бойынша тексерілген субъект ________________________
                                                (субъектінің атауы)
топқа жатқызылады («+» белгісімен белгілеу):

жоғары тәуекел дәрежесi

орташа тәуекел дәрежесi

болмашы тәуекел дәрежесi

Мекеменің лауазымды тұлғалары:
__________________________ ________ ____________________
       (лауазымы)           (қолы)    (аты-жөні, тегі)
__________________________ ________ ____________________
      (лауазымы)            (қолы)    (аты-жөні, тегі)
Мекеменің басшысы:
__________________________ _________________________