Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 149 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі м.а 2011 жылғы 31 тамыздағы № 272 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7177 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 421 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 482 бірлескен бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
      «6М010000», «6М030000», «6М040000», «6М050000», «6М060000», «6М070000», «6М090000», «Барлығы» және «Жиыны» деген жолдардың 3-бағанындағы «500», «80», «30» «450», «700», «564», «150», «3396» және «3500» деген сандар тиісінше «525», «88», «44», «485», «735», «601», «155», «3555» және «3659» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К.Мәсімов