«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы, «Рұқсат құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 7 мамырдағы № 579 және «Өнеркәсіптік саладағы қызметті лицензиялау туралы кейбір мәселелер туралы» 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешенінде мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А. Момышев) мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға жіберуді;
3) күшіне енгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде осы бұйрықты жариялауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрі Өңірлік даму министрінің м.а.
___________ Ұ. Қарабалин ____________ Қ. Өскенбаев
2013 жылғы 11 шілде 2013 жылғы 16 шілде
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2013 жылғы 11 шілдедегі
№ 123
және Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің м.а.
2013 жылғы 16 шілдедегі
№ 135/НҚ
бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мен Қазақстан
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің
өзгертулер енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізімі
1. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 421 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 482 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 421 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 482 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
3. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 420 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 479 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
4. «Мұнай операцияларын жүргізу саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 40 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 72 бірлескен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7486 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырда «Казахстанская правда» газетінде № 157-158 (26976-26977) жарияланған):
аталған бұйрықпен бекітілген Газ және газбен жабдықтау саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанында:
кестеде «Газ желісі ұйымдары» тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Газ желісі ұйымдары |
|||
1. |
Аккредиттеу туралы куәліктің болуы |
||
2. |
Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өнеркәсіп қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін |
||
3. |
Өндірістік-техникалық базаны пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету кезінде техникалық процесті сақтауы |
||
4. |
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін қызметтің болуы |
||
5. |
Тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн – мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн – кемінде орта арнаулы бiлiм) жауап беретiн бiлiктi және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде – екі жыл жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесі бойынша оқытудан, нұсқау беруден, қайта даярлықтан, аттестациядан өткен техникалық басшылар мен мамандар құрамының болуы (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының 70%-дан кем емес) |
||
6. |
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен берілген және тіркелген қауіпсіздік декларациясының болуы |
||
7. |
Сол бiр ғана газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыны екi және одан да көп газ желiсi ұйымдарының бiр мезгiлде пайдалануы жол бермеуі |
||
8. |
Сұйытылған мұнай газын өткiзуге арналған газ толтыру пункттерi мен автогаз құю станцияларын екi және одан да аса жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiр мезгiлде пайдалануы жол бермеуі |
||
9. |
Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы шарт болған жағдайда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру |
||
10. |
Бекітілген: |
||
11. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестатациядан өткен зертхананың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен жасалған қызмет көрсетуге жасалған шарттың болуы |
||
12. |
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыратын шарттың болуы |
||
13. |
Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттiк есепке алуды жүзеге асыруы |
||
14. |
Тұрмыстық баллондарды газ желiсi ұйымының немесе газ толтыру пункт иесінің тауарлық белгiсiмен таңбалауды немесе жүзеге асыруы |
||
15. |
Есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрдегі оны ауыстыруымен сұйытылған мұнай газды сатуды жүзеге асыруы |
||
16. |
Белгіленген шекті бағадан аспайтын сұйылтылған мұнай газын көтерме сауда арқылы сатуды жүзеге асыру |
||
17. |
Қауіпті жүктерді тасымалдау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес сұйылтылған мұнай газын теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көліктерімен арнайы жіберілген және жабдықталған көліктермен тасымалдауды жүзеге асыруы. |
».
5. «Газ және газбен жабдықтау саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 41 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 71 бірлескен бұйрығында (Нормативті-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7484 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырда «Казахстанская правда» газетінде № 157-158 (26976-26977) жарияланған):
аталған бұйрықпен бекітілген Газ және газбен жабдықтау саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Газ желісі ұйымдарының айтарлықтай бұзушылықтарына:
1) меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық базаның болмауы;
2) өндірістік-техникалық базаның пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезінде техникалық процесті сақтамауы;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы;
4) тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн – мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн – кемінде орта арнаулы бiлiм) жауап беретiн бiлiктi және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде – екі жыл жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беру, қайта даярлықтан, аттестациядан өткен техникалық басшылар мен мамандардың құрамының болмауы (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының 70%-кем емес);
5) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында уәкілетті органмен берілген және тіркелген қауіпсіздік декларациясының болмауы»;
6) сол бір газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыны екi және одан да аса газ желiсi ұйымдарының бiр мезгiлде пайдалануы;
7) сұйытылған мұнай газын өткiзуге арналған газ толтыру пункттерi мен автогаз құю станцияларын екi және одан да аса жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiр мезгiлде пайдалануы;
8) есепке алатын бақылау аспаптарынсыз сұйытылған мұнай газды сатуы;
9) белгіленген шекті бағадан асатын сұйылтылған мұнай газын көтерме сауда арқылы сатуды жүзеге асыру;
10) қауіпті жүктерді тасымалдау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көліктермен сұйылтылған мұнай газды тасымалдау» жатқызылады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Газ желісі ұйымдарының болмашы бұзушылықтарына:
1) бекітілген:
қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалардың, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралардың;
қолданыстағы өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту мен жаңадан салу жөніндегі бағдарламалардың;
негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтар мен көлік құралдарын жоспарлы-сақтандыру жөндеу кестесінің;
апаттарды жою жоспарының;
қаланың апаттарды жою жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жоспарының;
апатқа қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығу дабылы жоспарларының болмауы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аттестатациядан өткен зертхананың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен жасалған қызмет көрсетуге жасалған шарттың болмауы;
3) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болмауы;
4) тұрмыстық баллондағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алудың болмауы;
5) тұрмыстық баллондарды газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункт иесінің тауарлық белгісімен таңбалаудың болмауы;
6) тиісті келісім-шартсыз сұйылтылған мұнай газын бөлшек сауда арқылы өткізуі жатқызылады.»;
6. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 419 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 478 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі
2013 жылғы 11 шілдедегі № 123
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2013 жылғы 16 шілдедегі № 135/НҚ
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 421 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 482 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі
2013 жылғы 11 шілдедегі № 123
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2013 жылғы 16 шілдедегі № 135/НҚ
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 421 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 482 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі
2013 жылғы 11 шілдедегі № 123
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2013 жылғы 16 шілдедегі № 135/НҚ
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 421 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 482 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі
2013 жылғы 11 шілдедегі № 123
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2013 жылғы 16 шілдедегі № 135/НҚ
бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 421 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 482 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.