Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 147 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі м.а. 31 тамыздағы № 276 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7179 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 420 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 479 бірлескен бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1516 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Сейдахметқызы Айтжанованы «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов