Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 қыркүйекте № 8596 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері жүзеге асыратын сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. «Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 97 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5421 тіркелген, 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 197 (1423) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                                  Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 28 маусымдағы
№ 149 қаулысымен    
бекітілген       

Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері жүзеге асыратын сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуді нақтылайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есептілікті ашуы, сондай-ақ есеп саясатын қалыптастыру халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
      4. Нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбаларды жасауға жол беріледі.

2. Жалпы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша операциялардың
бухгалтерлік есебі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-параграф. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
сақтандыру (қайта сақтандыру) операцияларын есепке алу

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша тиесілі сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген күннен бастап кіріс ретінде танылады. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыруды қорғау қолданысының басталу күні сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының күшіне ену күнінен кейін басталатын болса, онда сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыруды қорғаудың күшіне ену күнінен бастап кіріс ретінде танылады.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында көрсетілген сақтандыру сыйлықақысының сомасына бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген кезде:

Дт

1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары

1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары

Кт

3520

Болашақ кезеңдердің кірістері;

      2) егер сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыруды қорғау қолданысының басталу күні сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының күшіне ену күнінен кейін басталатын жағдайда:

Дт

3520

Болашақ кезеңдердің кірістері

Кт

6280 41

Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер;

      3) егер сақтандыруды қорғау қолданысының басталу күні сәйкес келетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының күшіне ену күнінен бұрын басталатын жағдайда:

Дт

1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары

1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары

Кт

6280 41

Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есептелген сақтандыру сыйлықақысын нақты алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары


1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары.

      8. Сақтанушы (қайта сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын алдын ала төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру сыйлықақысын алдын ала төлеуді нақты алған кезде:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

3510 41

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша алынған аванстар;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыруды қорғау қолданыла бастаған күннен бастап:

Дт

3510 41

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша алынған аванстар

Кт

6280 41

Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер.

      9. Сақтандыру агенттері мен брокерлерінің делдалдығымен сақтандыру шарттары жасалған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру агентіне немесе сақтандыру брокеріне алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу жүзеге асырылған кезде:
      алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу сомасына:
      Дт   1610 01 Берілген қысқамерзімді аванстар
      Кт   1030    Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары;
      делдалдық қызметтерді алу фактісін растайтын құжаттар алынған кезде:
      Дт   1630    Басқа да қысқамерзімді активтер
      Кт   1610 01 Берілген қысқамерзімді аванстар;

      2) агенттің сақтандыру шартын жасау күніне сақтандыру агенті мен сақтандыру брокерінің қызметтері үшін комиссиялық сыйақы есептелген кезде агентке төленуге тиіс комиссиялық сыйақы сомасына:

Дт

1630

Өзге қысқа мерзімді активтер

Кт

3390 41

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша делдалдармен есеп айырысу;

      3) сақтандыру агенті жасаған сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде есепті кезеңдегі шығыстарға амортизациялануға тиіс кейінге қалдырылған аквизициялық шығыстар сомасына:

Дт

7470 48

Сақтандыру брокерлерінің қызметтеріне ақы төлеу шығыстары

Кт

1630

Өзге қысқа мерзімді активтер.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Сақтандыру ұйымдары сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлерінен алған қызметтер бойынша делдалдық қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы жөніндегі шартқа сәйкес комиссиялық сыйақы нақты төленген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 3390 41 Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша
                 делдалдармен есеп айырысу
      Кт 1030    Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтанушыға комиссиялық сыйақы сомасын төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) қайта сақтанушыға алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу жүзеге асырылған кезде:
      алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу сомасына:
      Дт 1610 01 Берілген қысқамерзімді аванстар
      Кт 1010    Кассадағы ақша қаражаттары
         1030    Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары;
      қайта сақтандыру шарты күшіне енген кезде алдын ала комиссиялық сыйақы сомасына:
      Дт 1630    Басқа да қысқамерзімді активтер
      Кт 1610 01 Берілген қысқамерзімді аванстар;
      2) қайта сақтанушыға комиссиялық сыйақыны есептеген кезде алдын ала төлемді жасау талабымен төленуге жататын комиссиялық сыйақы мен жүзеге асырылған алдын ала төлемнің айырмасы сомасына не, егер алдын ала төлем жүзеге асырылмаған талабымен комиссиялық сыйақының толық сомасына:
      комиссиялық сыйақының сомасын есептеген кезде:
      Дт 1630    Басқа да қысқамерзімді активтер
      Кт 3390 43 Қайта сақтанушылармен есеп айырысу;
      амортизацияға жататын қайта сақтандыру шарты бойынша комиссиялық сыйақыны есепті кезеңдегі шығыстардың шотына жатқызған кезде:
      Дт 7470 45 Қайта сақтандыру бойынша комиссиялық сыйақы
                 төлеу бойынша шығыстар
      Кт 1630    Басқа да қысқамерзімді активтер;
      комиссиялық сыйақы сомасын нақты төлеген кезде:
      Дт 3390 43 Қайта сақтанушылармен есеп айырысу
      Кт 1010    Кассадағы ақша қаражаттары
         1030    Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) төленбеген сақтандыру сыйлықақылары сомасына:
      Дт 7470 40 Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне
                 байланысты шығыстар
      Кт 1280 41 Сақтандырылушылардан алынатын сақтандыру
                 сыйлықақылары
         1280 42 Қайта сақтандырылушылардан алынатын сақтандыру
                 сыйлықақылары;

      2) төленуге жататын ақша сомасына:
      Дт 7470 40 Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне
                 байланысты шығыстар
      Кт 3390 43 Қайта сақтанушылармен есеп айырысу
         3390 44 Сақтанушылармен есеп айырысу;

      3) нақты төленетін ақша сомасына:

Дт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу

3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

        Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының талаптары өзгерген жағдайда алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақысы азайған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) алынуға тиіс бұрынғы және жаңа сақтандыру сыйлықақысы сомаларының арасындағы айырмашылық сомасына Нұсқаулықтың 12-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады;
      2) болашақ сақтандыру сыйлықақыларын төлеу есебіне құралған айырмашылықты есептеу кезінде:

Дт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

3520

Болашақ кезеңдердің кірістері;

сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер танылған кезде:

Дт

3520

Болашақ кезеңдердің кірістері

Кт

6280 41

Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер.

      14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының талаптары өзгерген жағдайда сақтанушы (қайта сақтанушы) төлеуге тиіс сақтандыру сыйлықақысы ұлғайған кезде алынуға тиіс бұрынғы және жаңа сақтандыру сыйлықақысы сомаларының арасындағы айырмашылық сомасына Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      15. Әрбір есепті күнге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының талаптарына және сақтандыру ұйымының есеп саясатына сәйкес есептелген, бірақ алынбаған сақтандыру сыйлықақыларының құнсыздануына тестілеу жүргізеді. Сақтандыру сыйлықақылары құнсыздануының объективті белгілері болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құнсызданудан болған шығынды есептейді және мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру сыйлықақыларының құнсыздануынан болған шығындарды жабуға резервтер (провизиялар) құру кезінде:

Дт

7440 03

Басқа дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру шығыстары

Кт

1290 01

Дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар);

      2) бұрын қалыптастырылған резервтер (провизиялар) азайған кезде:

Дт

1290 01

Дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)

Кт

6240 03

Басқа дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) түскен кірістер;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленген сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мерзімі өткен алынбаған сақтандыру сыйлықақыларын баланстан есептен шығарған және оларды өндіріп алу бойынша шағым-талап арыз беру жұмысы тоқтатылған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

Дт

1290 01

Дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)

Кт

1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары


1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары.

2-параграф. Сақтандыру резервтері бойынша операцияларды есепке алу

      16. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резервін, орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резервін, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін, кездейсоқ тәуекелдердің резервін және тұрақтандыру резервін қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) қалыптастырылатын еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві сомасына:

Дт

7440 41

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резервін қалыптастыру шығыстары

Кт

3390 48

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві;

      2) қалыптастырылатын орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві сомасына:

Дт

7440 42

Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резервін қалыптастыру шығыстары

Кт

3390 49

Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві;

      3) қалыптастырылатын мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві сомасына:

Дт

7440 45

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін қалыптастыру шығыстары

Кт

3390 52

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві;

      4) қалыптастырылатын кездейсоқ тәуекелдердің резерві сомасына:

Дт

5520

Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған шығыны)

Кт

5490 40

Кездейсоқ тәуекелдердің резерві;

      5) қалыптастырылатын тұрақтандыру резерві сомасына:

Дт

5520

Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған шығыны)

Кт

5490 41

Тұрақтандыру резерві.

      17. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві, орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві, кездейсоқ тәуекелдердің резерві және тұрақтандыру резерві азайған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервінің азаю сомасына:

Дт

3390 48

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві

Кт

6280 45

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервінің төмендеуінен түскен кірістер;

      2) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервінің азаю сомасына:

Дт

3390 49

Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві

Кт

6280 46

Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервінің төмендеуінен түскен кірістер;

      3) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің азаю сомасына:

Дт

3390 52

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві

Кт

6280 47

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің төмендеуінен түскен кірістер;

      4) Кездейсоқ тәуекелдер резервінің азаю сомасына:

Дт

5490 40

Кездейсоқ тәуекелдердің резерві

Кт

5520

Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған шығыны);

      5) Тұрақтандыру резервінің азаю сомасына:

Дт

5490 41

Тұрақтандыру резерві

Кт

5520

Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған шығыны).

3-параграф. Сақтандыру төлемдері бойынша операцияларды есепке алу

      18. Сақтандыру ұйымы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеген кезде (егер сақтандыру сыйлықақысы мерзімі ұзартылып төленген болса, онда сақтандырушы сақтандыру төлемін толығымен алынбаған сақтандыру жарналарының сомасына азайтуға құқылы) мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру ұйымы:
      сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасын есептеу кезінде:

Дт

3390 52

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві

Кт

3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу


1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары;

      және бір мезгілде осы сомаға:

Дт

7470 41

Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру шығыстары

Кт

7440 45

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін қалыптастыру шығыстары;

      сақтанушыға (пайда алушыға) төлем сомасына сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде:

Дт

3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты;

      2) қайта сақтандыру ұйымы:
      қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасын есептеген кезде:

Дт

3390 52

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві

Кт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары;

      және бір мезгілде осы сомаға:

Дт

7470 42

Қайта сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру шығыстары

Кт

7440 45

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін қалыптастыру шығыстары;

      қайта сақтанушыға (пайда алушыға) төлем сомасына сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде:

Дт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

4-параграф. Сақтанушының (сақтандырылушының) шығындарды
(суброгацияларды) өтеу құқықтарын есепке алу

      19. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандыру нәтижесінде өтелген шығындар үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығы (бұдан әрі – регресстік талап) өткен кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төленген сома шегінде мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) регресстік талап сомасына:

Дт

1280 44

Келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаға қойылатын талаптар

Кт

6280 43

Регресстік талап бойынша өтеуге байланысты кірістер;

      2) ақшаны немесе мүлікті нақты алған кезде:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты


1300

Қорлар»


2410

Негізгі құрал-жабдықтар

Кт

1280 44

Келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаға қойылатын талаптар.

      20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта сақтандыру шартына сәйкес келтірілген зиян үшін жауапты тұлғадан алынған регресстік талап бойынша өтеуді қайта сақтандыру ұйымына өткізген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтеу сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) қайта сақтандыру ұйымына тиесілі өтеу бойынша есептелген шығыс сомасына:

Дт

7470 44

Регресстік талап бойынша қайта сақтандырушыға өтеу шығыстары

Кт

3390 45

Регресстік талап бойынша қайта сақтандырушыға өтеу бойынша есептелген шығыстар;

      2) төленетін өтеу сомасына:

Дт

3390 45

Регресстік талап бойынша қайта сақтандырушыға өтеу бойынша есептелген шығыстар

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

5-параграф. Тікелей реттеу бойынша операцияларды есепке алу

      21. Жәбірленуші көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға жәбірленуші өтініш жасаған кезде мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві қалыптастырылады және Нұсқаулықтың 16-тармағының 3) тармақшасында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      22. Тікелей сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру төлемін төлеген кезде тікелей сақтандырушы өтеу сомасына Нұсқаулықтың 18-тармағының 1) тармақшасында көзделген бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады.
      23. Тікелей сақтандырушы жауапты сақтандырушыға сақтандыру жағдайын реттеу туралы хабарлама жіберген кезде төленген сақтандыру төлемі бойынша өз шығыстарын өтеу үшін мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру төлемі бойынша жұмсалған шығыстар сомасына:

Дт

1280 44

Келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаға қойылатын талаптар

Кт

6280 43

Регресстік талап бойынша өтеуге байланысты кірістер;

      2) ақшаны немесе мүлікті нақты алған кезде:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты


1300

Қорлар


2410

Негізгі құрал-жабдықтар

Кт

1280 44

Келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаға қойылатын талаптар.

      24. Жауапты сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеген кезде жауапты сақтандырушы Нұсқаулықтың 18-тармағының 1) тармақшасында көзделген бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады.

3. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша операциялардың
бухгалтерлік есебі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-параграф. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша
сақтандыру (қайта сақтандыру) операцияларын есепке алу

      25. Сақтанушы (қайта сақтанушы) өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша барлық сақтандыру сыйлықақыларының сомасы өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында көзделген өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының бүкіл қолданыста болу мерзімі ішінде тиісті үлестерімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кірісі ретінде танылады.
      Сақтандыру агентіне, сақтандыру брокеріне төленетін не қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтанушыға төлейтін комиссиялық сыйақылар бухгалтерлік есепте Нұсқаулықтың 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес көрсетіледі.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      26. Егер өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру сыйлықақыларын өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын қолдану мерзімі немесе өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында белгіленген басқа мерзім аяқталғанға дейін жыл сайын (тоқсан сайын, ай сайын) төлеуі көзделсе, кіріс бір жыл (тоқсан, ай) ішінде алуға тиісті мөлшерде танылады және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтанушыдан (қайта сақтанушыдан) алынуға тиісті мөлшерде есептелген кірістер сомасына:

Дт

1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары


1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары

Кт

6280 41

Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер;

      2) нақты түскен сақтандыру сыйлықақылары сомасына:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары


1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары.

      27. Егер өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру сыйлықақыларын біржолғы төлеуі көзделсе, сақтандыру сыйлықақыларының барлық сомасы толық көлемде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша кірісі ретінде танылады және Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      28. Сақтанушы (қайта сақтанушы) өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасаған кезде өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша төленуге тиісті сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кірісі ретінде танылады.
      29. Егер өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру сыйлықақыларын біржолғы төлеуі көзделсе, сақтандыру сыйлықақыларының барлық сомасы толық көлемде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша кірісі ретінде танылады, және Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      30. Егер өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделсе, кіріс өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында белгіленген тиісті үлестермен оның қолданылу мерзімінің соңына дейін танылады және Нұсқаулықтың 26-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      31. Сақтанушы (қайта сақтанушы) өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша төлемі тиісті үлестермен жүзеге асырылатын кезекті сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімін өткізіп алған жағдайда, сақтандыру сыйлықақысының мерзімін өткізіп алу кезеңі басталған күннен бастап мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1270 45 Сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен
                 сақтандыру сыйлықақысы
         1270 46 Қайта сақтанушылардан алынатын мерзімі
                 өткен сақтандыру сыйлықақысы
      Кт 1280 41 Сақтандырылушылардан алынатын сақтандыру
                 сыйлықақылары
         1280 42 Қайта сақтандырылушылардан алынатын сақтандыру
                 сыйлықақылары.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32. Сақтанушыдан өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша төлемі тиісті үлестермен жүзеге асырылатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақылары келіп түскен кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      Дт 1010    Кассадағы ақша қаражаттары
         1030    Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары
      Кт 1270 45 Сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен
                 сақтандыру сыйлықақысы
         1270 46 Қайта сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен
                 сақтандыру сыйлықақысы.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      33. Жинақтаушы не жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, ұйым сақтанушыға (қайта сақтанушыға) немесе өмірді жинақтаушы не жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында немесе Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тұлғаға, жинақтаушы сақтандыру жағдайында – жұмсалған шығыстарды шегере отырып не жинақтаушы емес сақтандыру жағдайында – сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне құқығын ескере отырып сатып алу сомасын төлейді және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) толық алынбаған сақтандыру сыйлықақыларын түзету сомасына:

Дт

7470 40

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметімен байланысты шығыстар

Кт

1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары;

      2) сатып алу сомасын не сақтандыру сыйлықақысының бөлігін төлеу сомасына:

Дт

7470 40

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметімен байланысты шығыстар

Кт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу;

      3) нақты төлеу кезінде:

Дт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

      34. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын өмірді жинақтаушы немесе жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына сәйкес төленген сақтандыру сыйлықақыларын есепке ала отырып, бұрынғы және жаңа сақтандыру сыйлықақыларының арасындағы айырма сомасына азайтқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтанушыға (қайта сақтанушыға) төленуге тиісті сомаға:

Дт

7470 40

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметімен байланысты шығыстар

Кт

1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары


1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары


3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу;

      2) нақты ақы төленген кезде:

Дт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты;

      3) болашақтағы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу есебінде пайда болған айырмашылықты есепке алу кезінде:

Дт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

3520

Болашақ кезеңдердің кірістері (жеке қосалқы шот);

      4) сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістерді тану кезінде:

Дт

3520

Болашақ кезеңдердің кірістері (жеке қосалқы шот)

Кт

6280 41

Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер.

        Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      35. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру шарты негізінде төлеуі тиіс сақтандыру сыйлықақыларының ұлғаю сомасына өсірген кезде Нұсқаулықтың 26-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      36. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыға (қайта сақтанушыға) немесе өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына сәйкес сақтандыру сомасын алуға уәкілетті тұлғаға өзінің сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша берешегінің сомасына азайтылған сақтандыру төлемін төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасын есептеу кезінде:

Дт

3390 50

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві


3390 52

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві

Кт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу


1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары


1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары;

      және бір мезгілде осы сомаға:

Дт

7470 41

Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру шығыстары

Кт

7440 43

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резервін қалыптастыру шығыстары


7440 45

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін қалыптастыру шығыстары;

      2) сақтандыру сомасын және жинақталған кірісті нақты төлеу сомасына:

Дт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу


3390 54

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа да кредиторлық берешек (жеке қосалқы шот)

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

2-параграф. Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша операцияларды есепке алу

      37. Сақтанушы аннуитеттік сақтандыру шартын сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын біржолғы (бір рет) төлеуі талабымен жасаған кезде сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер сомасына Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарында көзделген бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      38. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларын аннуитеттік сақтандыру шартында белгіленген мерзімнің соңына дейін кезеңдік негізде төлеу талабымен аннуитеттік сақтандыру шартын жасаған жағдайда, сақтандыру ұйымы Нұсқаулықтың 26-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      39. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақыларын аннуитеттік сақтандыру шартында белгіленген кезеңділікпен төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін сақтандыру төлемдерінің сомалары есептелген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) есептелген кезеңдік төлемдер сомасына:
      Дт 7470 41 Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге
                 асыру бойынша шығыстар
      Кт 3390 44 Сақтанушылармен есеп айырысу;

      2) нақты ақы төленген кезде:

Дт

3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      40. Өмірді жинақтаушы және жинақтаушы емес сақтандыру шарттарын қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі Нұсқаулықтың 4-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

3-параграф. Сақтандыру резервтері бойынша операцияларды есепке алу

      41. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша орын алмаған шығындардың резервін қалыптастыру кезінде қалыптастырылатын резерв сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

7440 43

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резервін қалыптастыру шығыстары

Кт

3390 50

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві.

      42. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша орын алмаған шығындардың резервін азайту (түзету) кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

3390 50

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві

Кт

6280 48

Орын алмаған шығындар резервінің төмендеуінен түскен кірістер.

      43. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің бухгалтерлік есебі Нұсқаулықтың 16-тармағының 3) тармақшасына және 17-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      44. Өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервінің бухгалтерлік есебі Нұсқаулықтың 16-тармағының 2) тармақшасына және  17-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      45. Аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша орын алмаған шығындардың резервін қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

7440 44

Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резервін қалыптастыру шығыстары

Кт

3390 51

Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві.

      46. Аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша орын алмаған шығындардың резервін азайту (түзету) кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

3390 51

Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві

Кт

6280 48

Орын алмаған шығындар резервінің төмендеуінен түскен кірістер.

4-параграф. Берілген қарыздар бойынша операцияларды есепке алу

      47. Сақтандыру ұйымы сақтанушыларға сатып алу сомасы шегінде қарыздар берген кезде берілген қарыз сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1110 21

Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар


2010 21

Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

      48. Қарыз шартына сәйкес сыйақы есептеген кезде сақтандыру ұйымы мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) сыйақы түріндегі есептелген кірістер сомасына:

Дт

1270 25

Клиенттерге берілген қарыздар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер


2170 25

Клиенттерге берілген қарыздар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер

Кт

6110 32

Қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;

      2) негізгі борышты және есептелген сыйақыны өтеу сомасына:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

1110 21

Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар


2010 21

Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар


1270 25

Клиенттерге берілген қарыздар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер


2170 25

Клиенттерге берілген қарыздар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер.

5-параграф. Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына
немесе пайдасына қатысу операцияларын есепке алу

      49. Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатысуымен өмірді сақтандыру шарты бойынша ішкі резерв қорын қалыптастыру кезінде сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігінің сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

4430

Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер.

      50. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігін алдын ала төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігі нақты алынған кезде:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

3510 41

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша алынған аванстар;

      2) ішкі резерв қорын қалыптастырған кезде:

Дт

3510 41

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша алынған аванстар

Кт

4430

Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер.

      51. Ішкі резерв қорының қаражаты инвестициялық портфельді басқарушының басқаруына берілген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1280 01

Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

      52. Инвестициялық портфельді басқарушы ішкі резерв қорының қаражаты есебінен бағалы қағаздарды немесе өзге де активтерді сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

4430

Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер

Кт

1280 01

Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер.

      53. Қайтыс болу, аннуитеттік төлемдердің басталу күніне дейін өмір сүру жағдайында сақтандыру төлемі төленген жағдайда, не сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатысуымен өмірді сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, ішкі резерв қорының соңғы құны сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      1) осы өмірді сақтандыру шартына қатысты қор бірліктерін сатудан алынған сомаға:

Дт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

4430

Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер;

      2) сақтандыру компаниясына тиесілі есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:

Дт

1270 35

Сенімгерлік операциялар бойынша қызметтер үшін есептелген комиссиялық кірістер

Кт

6110 26

Сенімгерлік операциялар бойынша қызметтер үшін комиссиялық кірістер;

      3) нақты алынған комиссиялық сыйақы сомасына:

Дт

4430

Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер

Кт

1270 35

Сенімгерлік операциялар бойынша қызметтер үшін есептелген комиссиялық кірістер;

      4) сақтандыру төлемінің қалған сомасына:

Дт

4430

Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

      54. Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемі төленген, жинақтаушы сақтандыру мерзімі аяқталған жағдайда не сақтанушының сақтандыру ұйымының пайдасына қатысуымен өмірді сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтандыру шарты бойынша бөлінген пайда сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) бөлінген пайданы есептеу кезінде:

Дт

5520

Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған шығыны)

Кт

4430

Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер;

      2) сақтандыру төлемін нақты жүзеге асырған кезде

Дт

4430

Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

4. Қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      55. Қайта сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру ұйымы мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасына:

Дт

7470 40

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметімен байланысты шығыстар

Кт

3390 42

Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу;

      2) төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасына:

Дт

3390 42

Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

      56. Сақтанушының (қайта сақтанушының) кінәсі бойынша мерзімінде төленбеген және қайта сақтандыру ұйымына аударылуға тиіс сақтандыру сыйлықақылары туындаған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) мерзімінде төленбеген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына:

Дт

7470 40

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметімен байланысты шығыстар

Кт

3390 42

Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу;

      2) сақтанушылардан мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақылары түскен кезде:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

1270 45

Сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақысы,

      және бір мезгілде қайта сақтандыру ұйымына аударылуға жататын сақтандыру сыйлықақыларының сомасына:

Дт

3390 42

Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

      57. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың, орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың, орын алмаған шығындардың, аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындардың, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві бойынша қайта сақтандыруға байланысты активті қалыптастыру кезінде:

Дт

1280 47

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтері

Кт

6280 42

Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне байланысты кірістер;

      2) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыруға байланысты активті қалыптастыру кезінде:

Дт

1280 48

Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері

Кт

6280 42

Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне байланысты кірістер;

      3) өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыруға байланысты активті қалыптастыру кезінде:

Дт

1280 49

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері

Кт

6280 42

Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне байланысты кірістер;

      4) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыруға байланысты активті қалыптастыру кезінде:

Дт

1280 51

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері

Кт

6280 42

Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне байланысты кірістер.

      58. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың, орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың, орын алмаған шығындардың, аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындардың, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін азайту (түзету) кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:

Дт

7440 48

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден болған шығыстар

Кт

1280 47

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтері;

      2) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:

Дт

7440 49

Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден болған шығыстар

Кт

1280 48

Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері;

      3) өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:

Дт

7440 50

Орын алмаған шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден болған шығыстар

Кт

1280 49

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері;

      4) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:

Дт

7440 51

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайтуды төмендетуден болған шығыстар

Кт

1280 51

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері.

      59. Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған шығындарды жабу резервтері (провизиялар) құрылған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

7440 47

Қайта сақтандыру активтері бойынша резервтер (провизиялар) қалыптастыру шығыстары

Кт

1290 41

Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған шығындарды жабу резервтері (провизиялар).

      60. Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған шығындарды жабу резервтері (провизиялар) азайтылған (жойылған) кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1290 41

Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған шығындарды жабу резервтері (провизиялар)

Кт

6240 03

Басқа дебиторлық берешектен болған шығындарды жабу үшін өткен кезеңдерде құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) түскен кірістер.

      61. Құрылған резервтер (провизиялар) есебінен қайта сақтандыру активтері есептен шығарылған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1290 41

Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған шығындарды жабу резервтері (провизиялар)

Кт

1280 47

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 48

Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 49

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 50

Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 51

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері.

      62. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзған кезде қайта сақтандыру ұйымына талаптар туындаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) туындайтын талап сомасына:

Дт

1280 46

Қайта сақтандырушыларға талаптар

Кт

6280 44

Сақтандыру қызметінен түскен басқа кірістер;

      2) нақты алынған ақша сомасына:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

1280 46

Қайта сақтандырушыларға талаптар.

      63. Қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымынан комиссиялық сыйақылар түрінде кіріс есептелген және/немесе алынған кезде қайта сақтанушы мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) қайта сақтандыру шарты күшіне енген кезде:
      Дт 1270 41 Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық
                 кірістер
      Кт 3390 54 Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
                 басқа да кредиторлық берешек;
      қайта сақтандыру шарты қолданыста болу мерзімі ішінде есепті кезеңдегі кірістерге амортизацияға жатқызылатын комиссиялық кірістер сомасына:
      Дт 3390 54 Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
                 басқа да кредиторлық берешек
      Кт 6110 41 Қайта сақтандыру шарттары бойынша комиссиялық
                 кірістер;

      2) ақшаны нақты алған кезде:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

1270 41

Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық кірістер.

      Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      64. Егер қайта сақтандыру шартының талаптарында қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтанушыға комиссиялық сыйақы төлеу бойынша берешегінің және қайта сақтанушының қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша берешегінің сомасын есепке алу мүмкіндігі көзделсе, есепке алынатын сомаға мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) қайта сақтанушы:

Дт

3390 42

Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу

Кт

1270 41

Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық кірістер;

      2) қайта сақтандыру ұйымы:

Дт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары.

      65. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтанушыға келтірілген шығыстарды өтеу кезінде қайта сақтанушы қайта сақтандыру шартына сәйкес мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      ақшаны нақты алған кезде:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

1280 49

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 50

Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 51

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері,

      және бір мезгілде, өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындар, аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша орын алмаған шығындар, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервтері бойынша бұрын есептелген қайта сақтандыру активтерінің сомасы қайта сақтандыру ұйымынан нақты алынған ақша сомасынан асып кеткен жағдайда:
      2) қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:

Дт

7440 48

Қайта сақтандыру активтерін азайтуға байланысты шығыстар

Кт

1280 49

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 50

Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 51

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері.

5. Сақтандыру брокерінің қызметіне байланысты операциялардың бухгалтерлік есебі

      66. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын тікелей сақтандыру ұйымына аударған кезде сақтандыру брокері көрсетілген делдалдық қызметтер үшін есептелген комиссиялық сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      көрсетілген делдалдық қызметтер үшін есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:

Дт

1270 43

Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық кірістері

Кт

6110 42

Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері;

      нақты алынған комиссиялық сыйақы сомасына:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

1270 43

Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық кірістері.

      67. Сақтандыру брокері өз атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шартын жасаған және сақтандыру брокері арқылы қайта сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын қайта сақтандыру ұйымына аударған жағдайда сақтандыру брокері мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) сақтандыру ұйымынан алынатын қайта сақтандыру сыйлықақысының сомасына:

Дт

1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары

Кт

3390 42

Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу;

      2) қайта сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен сақтандыру брокеріне тиесілі есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:

Дт

1270 43

Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық кірістері

Кт

6110 42

Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері;

      3) сақтандыру ұйымынан нақты алынған қайта сақтандыру сыйлықақысының сомасына:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары.

      68. Сақтандыру брокері қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыру сыйлықақысын аударған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) қайта сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен сақтандыру брокеріне тиесілі есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:

Дт

3390 42

Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу

Кт

1270 43

Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық кірістері;

      2) қайта сақтандыру сыйлықақысын Қазақстан Республикасының резиденті емес - қайта сақтандыру ұйымына берген кезде Қазақстан Республикасының резиденті еместің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын салық сомасына:

Дт

3390 42

Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу

Кт

3110 01

Төленуге тиіс корпоративтік табыс салығы;

      3) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына төленетін қайта сақтандыру сыйлықақысының қалған сомасына:

Дт

3390 42

Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

      69. Сақтандыру брокері өз атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шартын жасаған және қайта сақтанушы қайта сақтандыру сыйлықақыларының сомасын тікелей қайта сақтандыру ұйымына аударған жағдайда сақтандыру брокері мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:

Дт

1270 43

Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық кірістері

Кт

6110 42

Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері;

      2) нақты алынған комиссиялық сыйақы сомасына:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

1270 43

Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық кірістері.

      70. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін жинау қызметтерін көрсеткен кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан алынуға тиісті сақтандыру төлемдерінің сомасына:

Дт

1280 45

Сақтандырушыларға талап


1280 46

Қайта сақтандырушыларға талаптар

Кт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу;

      2) сақтандыру төлемінің мөлшерінен сақтандыру брокеріне тиесілі есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:

Дт

1270 43

Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық кірістері

Кт

6110 42

Сақтандыру брокерлерінің комиссиялық кірістері;

      3) сақтанушыға (қайта сақтанушыға) аударылуы тиіс нақты алынған сақтандыру төлемдерінің сомасына:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

1280 45

Сақтандырушыларға талап


1280 46

Қайта сақтандырушыларға талаптар.

      71. Сақтандыру брокері сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) сақтандыру төлемін аударған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтандыру брокеріне тиесілі есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:

Дт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1270 43

Сақтандыру брокерлерінің есептелген комиссиялық кірістері;

      2) сақтандыру төлемінің қалған сомасына:

Дт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

      72. Сақтандыру брокері үшінші тұлғалар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандыру шарты жасалған сәттен бастап сақтандыру брокері мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) сақтандыру ұйымына төленуі тиіс сақтандыру сыйлықақыларының сомасына:

Дт

1620 01

Сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықақылары

Кт

3390 54

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа кредиторлық берешек;

      2) сақтандыру ұйымына нақты аударылған сақтандыру сыйлықақыларының сомасына:

Дт

3390 54

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа кредиторлық берешек

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты;

      сақтандыру ұйымына аударылған сақтандыру сыйлықақыларын есепті кезең шығыстарына жатқызу сомасына:

Дт

7210

Әкімшілік шығыстар

Кт

1620 01

Сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықақылары.

6. Міндетті жарналар мен шартты міндеттемелерді есепке алу

      73. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамымен қатысу шартын жасаған сақтандыру ұйымы міндетті жарналар сомаларын есептеу кезінде есептелген міндетті жарналар сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:

Дт

7470 46

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті жарналар төлеу шығыстары

Кт

3390 46

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті жарналар төлеу жөніндегі міндеттемелер.

      74. Сақтандыру ұйымы-қатысушы міндетті жарналарды төлеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

3390 46

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті жарналар төлеу міндеттемелері

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

      75. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру кезінде қатысушы - сақтандыру ұйымы қалыптастырылатын шартты міндеттеме сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:

Дт

8130

Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру туралы заңнамасына сәйкес төтенше шартты жарналар

Кт

8430

Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру туралы заңнамасы бойынша шартты міндеттемелер.

      76. Сақтандыру ұйымы-қатысушы төтенше жарналар сомаларын есептеу кезінде есептелген төтенше жарналар сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:

Дт

7470 47

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төтенше жарналар төлеу шығыстары

Кт

3390 47

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төтенше жарналар төлеу міндеттемелері;

      және бір мезгілде, осы төтенше жарналар сомасына шартты міндеттеменің сомасы азайтылады:

Дт

8430

Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру туралы заңнамасы бойынша шартты міндеттемелер

Кт

8130

Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру туралы заңнамасына сәйкес төтенше шартты жарналар.

      77. Сақтандыру ұйымы-қатысушы төтенше жарналарды нақты төлеген кезде төленетін төтенше жарна сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

3390 47

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төтенше жарналар төлеу міндеттемелері

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.

      78. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамынан өтемақы төлемдерін алған кезде сақтандыру ұйымы мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) өтемақы төлемдерін есептеу:

Дт

1280 53

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа дебиторлық берешек

Кт

6280 40

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты кірістер;

      2) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамынан өтемақы төлемдерін нақты алған кезде:

Дт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

1280 53

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа дебиторлық берешек.

      79. Сақтандыру ұйымы-қатысушы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамынан өтемақы төлемдерін алмаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      тиесілі өтемақы төлемдерінің сомасына:

Дт

8430

Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру туралы заңнамасы бойынша шартты міндеттемелер

Кт

8130

Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру туралы заңнамасына сәйкес төтенше шартты жарналар;

      және бір мезгілде, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы-қатысушының сақтанушысымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін алынбаған өтемақы төлемдерінің сомасына:

Дт

3390 47

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төтенше жарналар төлеу міндеттемелері

Кт

6280 41

Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер.

      80. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы деректер базасынан ақпарат беру қызметтеріне жарнаның белгіленген мөлшерлемесі бойынша ақы төлеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырады:
      1) есептелген шығыстар сомасына:

Дт

7470 40

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметімен байланысты шығыстар

Кт

3390 54

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа кредиторлық берешек;

      2) нақты төлеу кезінде:

Дт

3390 54

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа кредиторлық берешек

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаты


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.