Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 шілдеде № 8544 тіркелді.

Жаңартылған

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары қызметінің үлгілік қағидалалары;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер):

      1) осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;

      3) осы бұйрықты жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

      3. "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында кәмелетке толмағандарды ұстау ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 14 қаңтарда № 6734 санымен тіркелген, 2011 жылғы 29 қаңтарда № 29-30 (26432) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 1 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Министр Б. Жұмағұлов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
1-қосымша

Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары

1. Негізгі ережелер

      1. Осы Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Білім туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және балалар үйлері қызметінің (бұдан әрі – балалар үйі) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Балалар үйі заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкi, өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердiң психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерiн қорғау талаптарына сәйкес дербес әзiрлейдi.

      2-1. Балалар үйлері жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.

      Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Балалар үйі нақты мiндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимi ерекшелiктерiне қойылатын талаптарға қарай мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін құрылады.

      4. Медициналық көрсеткiштер бойынша немесе басқа бiр себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиiс болатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберiледi.

      5. Мемлекеттік балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болады.

      6. Балалар үйінің міндеттері:

      1) мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;

      2) тәрбиеленушілердің жақын туыстарын анықтау және оларды жақын туыстарының отбасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсету;

      3) тәрбиеленушілерді асырап алушы отбасыларындағы (қорғаншылыққа, патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына) өмірге психологиялық дайындау;

      4) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;

      5) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;

      6) Қазақстан Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      7) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтардың тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білу;

      8) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру;

      9) тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық- психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;

      10) тәрбиеленушілерге оқыту, тәрбиелеу, емдеу, әлеуметтік бейімдеу, оңалту және қоғамға кіріктіру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Балалар үйі өз жарғысын "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Білім туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үлгілік қағидалардың және осы Қағидалардың негізінде әзірлейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Тәрбиелеу процесін ұйымдастыру

      8. Балалар үйінде әр түрлi және бір жастағы топтар құрылады. Топтардағы балалар саны он бес адамнан аспауы тиіс.

      9. Тәрбиеленушілердің тұруын және тәрбиелеуді ұйымдастыру олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылады.

      10. Күн тәртібі тәрбиеленушілердің балалар үйінде тәулік бойы болуын ескере отырып құрылады.

      11. Балалар үйінде тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгі мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидатымен жүргiзіледi.

      12. Балалар үйінде тәрбиеленушілердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған әртүрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылуы мүмкiн.

      13. Балалар үйі тәрбиеленушілердің қызығушылығын ескере отырып, олардың жалпы бiлiм беретiн мектептегі, оқушылар сарайлары мен үйлерiндегі, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларындағы, спорт және музыка мектептерiндегі, сондай-ақ басқа да мектептен тыс ұйымдардағы үйiрмелер мен секцияларға баруын қамтамасыз ету арқылы белсенді нығайған тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

      14. Еңбекке баулу және үйрету жұмысшы кадрлар сұранысына бағытталған аймақтық, жергілікті жағдайларда және психикалық-денелік, денсаулығының жеке ерекшелiктерiн, мүмкіндіктерін, сондай-ақ, жеке еңбек қызметі үшін тәрбиеленушінің дайындығын қоса алғанда, еңбек кәсібін таңдау негізінде тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын ескере отырып оқыту шеберханаларында, қосалқы шаруашылықтарында, өнеркәсіптерде, ұйымдарда жүзеге асады.

      15. Балалар үйі тәрбиеленушілердің келісімімен шарт бойынша және көрсетілген қызмет түріне тиісті лицензиясы (рұқсат) болған жағдайда білім қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен бірлесе отырып тәрбиеленушілердің пікірін есепке ала отырып кәсіби дайындығын жүргізуге болады.

      16. Балалар үйінің мектеп жасына дейінгі бөлімшелері (топтары) өз қызметінде Үлгілік қағиданы және осы Қағиданы басшылыққа алады.

      Балалар үйінің мектеп жасына дейінгі бөлімшесіндегі (тобындағы) тәрбиеленушілер жасерекшелік топтарына бірігеді:

      1) 3-тен 4 жасқа дейін – кіші топ;

      2) 4-тен 5 жасқа дейін – орта топ;

      3) 5-тен 6 (7) жасқа дейін – балаларды мектепте оқытуға бағытталған мектепалды топ.

      Психофизиологиялық ерекшеліктер, интеллектуалдық даму және туыстық қатынастар ескеріле отырып түрлі жастағы мектепке дейінгі топтар бағыттар бойынша құрылады.

3. Оқу-тәрбие процесіне қатысушылар, балалар үйінің қызметкерлері

      17. Балалар үйінің мектеп жасындағы тәрбиеленушілері тиісті елді мекендегі жалпы білім беретін мектепте білім алады.

      18. Балалар үйлеріне бүкіл күнтiзбелiк жыл бойында туылғаннан бастап 18 жасқа дейінгі:

      1) жетім-балалар;

      2) ата-аналық құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабілетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.

      19. Балаларды балалар үйіне орналастыру үшін Үлгілік қағиданың 12-тармақшасында көрсетілген құжаттар тізімі болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның балалар үйіне жолдау туралы шешімі негіз болып табылады.

      20. Тәрбиеленушінің балалар үйінен басқа ұйымға ауысуы психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы және балалар үйінің сенімгерлігі негізінде білім беру басқармасымен жүзеге асырылады. Осыған орай білім басқармасы ауыстыру туралы тиісті бұйрық дайындайды.

      21. Балалар үйі тәрбиеленушілерін шығару балалар үйі педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша, ол жоқ болса – балалар үйі әкімшілігінің шешімі бойынша іске асады.

      22. Тәрбиеленушінің балалар үйінен ауысуы (шығуы) кезінде жеке іс-қағаздары тәрбиеленуші тұратын және білім алатын ұйымның өкіліне беріледі, ол туралы журналда тиісті жазба жазылады.

      23. Балалар үйінде психологиялық сүйемелдеу, тәрбиеленушілермен және қызметкерлермен консультациялық және профилактикалық жұмыстарды педагог-психолог жүзеге асырады.

      24. Педагог-психолог:

      1) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалдық әсерленушілік жағдайындағы тәрбиешілерге, тәрбиеленушілерге психологиялық көмек пен қолдауды жүзеге асырады;

      2) тәрбиеленушілердің әлеуметке қарсы әрекеттерін ескертеді және оларды уақтылы түзетуді жүзеге асырады;

      3) тәрбиеленушілермен, олардың туыстары және педагогтармен психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстарды жүргізудің түрлері мен әдістерін таңдайды.

      25. Тәрбиеленушілердің жеке психологиялық медициналық педагогикалық ерекшеліктерін, олардың өмір сұру жағдайын зерделеуді, уақытында әлеуметтік көмек көрсетуді әлеуметтік педагогтар жүзеге асырады.

      26. Әлеуметтік педагог:

      1) мүдделі ведомстволармен байланысты жүзеге асырады, тәрбиеленушілер мен бітірушілердің құқықтарын сақтау және заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік бейімделуі мәселелері бойынша балалар үйінің әкімшілігіне, тәрбиешілерге көмек көрсетеді;

      2) тәрбиеленушілердің картотекасын, дерек қорын құрады;

      3) кәсіби бағдар беру жұмысын және тәрбиеленушілердің еңбекпен қамтылуын іске асырады;

      4) әлеуметтік және мектептік бейәлеуметтенуін түзейді;

      5) психологпен бірге өмiрде қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс жүргізеді, консультация, сауалнама және рейдтік іс-шараларды іске асырады;

      6) тәрбиеленушіге тиісті жәрдемақылардың уақтылы рәсімделуі; тәрбиеленушілердің тұрғын үйінің сақталуы, тұрғын үй алуға кезекке қою бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      7) тәрбиеленушінің жеке іс-құжатын қалыптастыру бойынша жұмысты іске асырады.

      27. Тәрбиеленушілерге медициналық қызмет штаттық медициналық қызметкермен қамтамасыз етіледі.

      28. Балалар үйі медициналық қызметкерлерінің негізгі функцияларына:

      1) тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын, физикалық және психикалық дамуын бақылау;

      2) жылына екі рет тереңдетілген медициналық тексерулерді, профилактикалық және емдік-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, олардың тиімділігін бағалау;

      3) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіптеменің орындалуына медициналық бақылау;

      4) тағам сапасына бақылауды жүзеге асыру, тәрбиеленушілердің оқу және оқудан тыс іс-әрекетінде рационалды тәртіптемені сақтау, еңбекке баулу процесінде санитарлық-гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету;

      5) денсаулық жағдайларын ескере отырып, тәрбиеленушілерге кәсіби ұсыныстар беру;

      6) тәрбиеленушілермен гигиеналық тәрбие бойынша жұмыс, санитарлық-ағартушылық білімді насихаттау кіреді.

      29. Тәрбиеленушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, сонымен қатар, білім беру ұйымы әкімшілігінің оны ұстау, тәрбиелеу және жалпы орта білім алуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ету бойынша қызметін орындамау немесе тиісті деңгейде орындамау, немесе өз құқықтарын асыра пайдалану кезінде бала өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қамқоршылық және қорғаншылық қызметін жүзеге асыратын органға, 14 жасқа толған жағдайда сотқа жүгінуге құқылы.

      30. Балалар үйін басқаруды білім беру ұйымдарының құрылтайшысы тағайындайтын директоры жүзеге асырады.

      31. Балалар үйінің директоры:

      1) заңнамада белгіленген тәртiппен балалар үйі қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

      2) өзге де ұйымдармен өзара қатынаста білім беру ұйымын бiлдiредi;

      3) балалар үйін басқару құрылымын және штаттық кестені, лауазымдық міндеттерді үлестіріп, бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамаларында және балалар үйінің жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

      32. Балалар үйі жергілікті жағдайларға байланысты оқу шаруашылықтарын, оқу-тәжірибе учаскесін, оқу-өндірістік шеберханаларды құра алады.

      33. Балалар үйін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      34. Балалар үйіне қосымша қаражаттың түсуі нормативтерді және балалар үйінің құрылтайшысының есебінен қаржыландырудың абсолюттік өлшемін төмендетуге алып келмейді.

      35. Балалар үйі іс-жүргізуді жүргізеді және бағыныстылығына қарай білім органдарына есептілікте болады.

      36. Балалар үйінің халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялар негізінде жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
2-қосымша

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Негізгі ережелер

      1. Осы Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағида) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері қызметінің (бұдан әрі - балалар үйі) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Балалар үйі заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкi, өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердiң психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерiн қорғау талаптарына сәйкес дербес әзiрлейдi.

      2-1. Балалар үйлері жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.

      Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Балалар үйі нақты мiндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимi ерекшелiктерiне қойылатын талаптарға қарай мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін құрылады.

      4. Мемлекеттік балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болады.

      5. Балалар үйінің міндеттері:

      1) мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;

      2) тәрбиеленушілердің жақын туыстарын анықтау және оларды жақын туыстарының отбасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсету;

      3) тәрбиеленушілерді асырап алушы отбасыларындағы (қорғаншылыққа, патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына) өмірге психологиялық дайындау;

      4) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;

      5) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;

      6) Қазақстан Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      7) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтардың тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білу;

      8) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру;

      9) тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық- психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;

      10) жеке сараланған тәсілді жүзеге асыру, жеке даму бағдарламаларын әзірлеу;

      11) тәрбиеленушілерді қоғамда оқыту, тәрбиелеу, емдеу, әлеуметтік бейімдеу, оңалту және біріктіру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Балалар үйі өз жарғысын "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы", "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) және осы қағидалардың негізінде әзірлейді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Тәрбиелеу процесін ұйымдастыру

      7. Балалар үйінде әр түрлi және бір жастағы топтар құрылады. Топтардағы балалар саны он бес адамнан аспауы тиіс.

      8. Тәрбиенушілердің тұруын және тәрбиелеуді ұйымдастыру олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылады.

      9. Күн тәртібі тәрбиенушілердің балалар үйінде тәулік бойы болуын ескере отырып құрылады.

      10. Балалар үйінде тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгі мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидатымен жүргiзіледi.

      11. Балалар үйінде түрлі клубтар, ұйымдар мен студиялар патриоттық және интернационализм мен жоғары моральдық пен рухани ерекшеліктеріне сәйкес ашылып тәрбиенушілердің жан-жақты қабілеттері ескеріледі.

      12. Балалар үйінде тәрбиенушілердің жан-жақты қабілеттері ескеріле отырып оқушылар сарайы мен мектептегі түрлі клубтар, ұйымдар мен секцияларда және жас техник және жастар бекеттерімен, спорт және музыкалық мектептерде өзгеде білім ұйымдарда қатысу арқылы жеке тұлға ретінде дамуына жағдайлар жасау.

      13. Еңбекке баулу және үйрету жұмысшы кадрлар сұранысына бағытталған аймақтық, жергілікті жағдайларда және психикалық-денелік, денсаулығының жеке ерекшелiктерiн, мүмкіндіктерін, сондай-ақ, жеке еңбек қызметі үшін тәрбиеленушінің дайындығын қоса алғанда, еңбек кәсібін таңдау негізінде тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын ескере отырып оқыту шеберханаларында, қосалқы шаруашылықтарында, өнеркәсіптерде, ұйымдарда жүзеге асады.

      Еңбек тәрбиесі мен оқулығы оқу шеберханасында, қосалқы шаруашылықтарда, кәсіпорындар мен ұйымдарда жүзеге асырылады.

      14. Балалар үйі тәрбиеленушілердің келісімімен шарт бойынша және көрсетілген қызмет түріне тиісті лицензиясы (рұқсат) болған жағдайда білім қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен бірлесе отырып тәрбиеленушілердің пікірін есепке ала отырып кәсіби дайындығын жүргізуге болады.

      15. Балалар үйінің мектеп жасына дейінгі бөлімшелері (топтары) өз қызметінде Үлгілік қағиданы және осы Қағиданы басшылыққа алады.

      Балалар үйіндегі мектепке дейінгі бөлімдерінің (топтар) тәрбиенушілері жас ерекшелігі бойынша топтасады:

      1) 4-5 жас аралығындағы тәрбиенушілер – орта тобы

      2) 5-6 (7) жас аралығындағы тәрбиенушілер – тәрбиенушілерді мектеп алдындағы дайындық тобы.

      Психофизиологиялық ерекшеліктер, интеллектуалдық даму және туыстық қатынастар ескеріле отырып түрлі жастағы мектепке дейінгі топтар бағыттар бойынша құрылады.

      16. Ауытқуы бар тәрбиеленушілерді түзету мақсатында топтық және жеке дара сабақтар жүргізіледі.

      Әлеуметтік-тұрмыстық арнаулы бағдарлама бойынша түзету сабақтар, кәсіптілік және еңбек оқулығына сәйкес сыныпты екі топқа бөлу арқылы өткізіледі.

      Арнайы түзету-дамыту сабақтары әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, кәсіптік-еңбектік оқыту сыныпты екі топқа бөлу арқылы жүзеге асырылады. Аталған топтарды жинақтау білім алушылардың танымдық, психофизикалық ерекшеліктеріне байланысты дәрігердің ұсынымы бойынша жүргізіледі. Кәсіптік-еңбектік оқыту топтарында 5-7 тәрбиеленушіден аспауы тиіс.

      17. Логопедтік сабақтар, емдік дене шынықтыру (бұдан әрі - ЕДШ), психомоторикалық және сенсорлық процестерді дамыту сабақтары бойынша топтарды жинақтау тіл кемістігінің, тірек қимылының және өзге де бұзылыстардың біртектілігі мен көрінуі ескеріле отырып, ал ЕДШ медициналық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі. Сабақ кестесі бойынша сағаттар күннің бірінші жартысына және екінші жартысына бірдей беріледі. Сабақтың ұзақтығы әр білім алушыға 15-20 минуттан аспауы тиіс.

      Білім алушыларға ЕДШ сабақтары 3-5 адамнан тұратын топтарда жүргізіледі. Тілді түзеу-дамыту логопедтік сабақтары 2-4 адамнан тұратын топтарда, сонымен қатар жеке жүргізіледі.

      18. Дамуы асқынған, ақыл-есі кемісітігі бар тәрбиеленуші кейбір пәндерден оқу бағдарламасын игере алмаған жағдайда оны оқыту жеке жоспарға сай жүргізіледі және оның білімі жетістіктерімен, жеке игерілуі бойынша бағаланады.

3. Оқу тәрбие процесінің қатысушылары, балалар үйлерінің
қызметкерлері

      19. Оқу жасындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері жергілікті жердегі арнайы түзету білім беру ұйымдарында немесе жалпы білім беретін мектептің арнайы түзету сыныптарында білім алады.

      20. Балалар үйіне жыл бойы 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қабылданады:

      1) жетім балалар;

      2) ата-аналық құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабілетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.

      21. Медициналық көрсеткiштер бойынша немесе басқа бiр себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиiс болатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберiледi.

      22. Балаларды балалар үйіне орналастыру үшін Үлгілік қағиданың 12-тармақшасында көрсетілген құжаттар тізімі болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның балалар үйіне жолдау туралы шешімі негіз болып табылады.

      23. Тәрбиеленушінің балалар үйінен басқа ұйымға ауысуы психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы және балалар үйінің сенімгерлігі негізінде білім беру басқармасымен жүзеге асырылады. Осыған орай білім басқармасы ауыстыру туралы тиісті бұйрық дайындайды.

      24. Балалар үйі тәрбиеленушілерін шығару балалар үйі педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша, ол жоқ болса – балалар үйі әкімшілігінің шешімі бойынша іске асады.

      25. Тәрбиеленушінің балалар үйінен ауысуы (шығуы) кезінде жеке іс-қағаздары тәрбиеленуші тұратын және білім алатын ұйымның өкіліне беріледі, ол туралы журналда тиісті жазба жазылады.

      26. Балалар үйінде психологиялық сүйемелдеу, кеңес беру және алдын алу шараларын педагог-психологтар жүзеге асырады.

      27. Педагог-психолог:

      1) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалдық әсерленушілік жағдайындағы тәрбиешілерге, тәрбиеленушілерге психологиялық көмек пен қолдауды жүзеге асырады;

      2) тәрбиеленушілердің әлеуметке қарсы әрекеттерін ескертеді және оларды уақтылы түзетуді жүзеге асырады;

      3) тәрбиешілермен, олардың ата-аналарымен және педагогтармен психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстарды жүргізудің түрлері мен әдістерін таңдайды.

      28. Тәрбиеленушілердің жеке психологиялық медициналық педагогикалық ерекшеліктерін, олардың өмір сүру жағдайын зерделеуді, уақытында әлеуметтік көмек көрсетуді әлеуметтік педагогтар жүзеге асырады.

      Әлеуметтік педагог:

      1) мүдделі ведомствалармен байланысты жүзеге асырады, тәрбиеленушілер мен бітірушілердің құқықтарын сақтау және заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік бейімделуі мәселелері бойынша балалар үйінің әкімшілігіне, тәрбиешілерге көмек көрсетеді;

      2) тәрбиеленушілердің картотекасын, дерек қорын құрады;

      3) кәсіби бағдар беру жұмысын және тәрбиеленушілердің еңбекпен қамтылуын іске асырады;

      4) әлеуметтік және мектептік бейәлеуметтенуін түзейді;

      5) психологпен бірге өмiрде қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс жүргізеді, сауалнама және рейдтік іс-шараларды іске асырады;

      6) тәрбиеленушіге тиісті жәрдемақылардың уақтылы рәсімделуі; тәрбиеленушілердің тұрғын үйінің сақталуы, тұрғын үй алуға кезекке қою бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      7) тәрбиеленушінің жеке іс-құжатын қалыптастыру бойынша жұмысты іске асырады.

      29. Тәрбиеленушілерге медициналық қызмет штаттық медициналық қызметкермен қамтамасыз етіледі.

      30. Балалар үйінің медициналық қызметкерлерінің негізгі функциялары:

      1) әр баланың медициналық тексеруден өткізу, қажеттілік болған жағдайда қаланың және облыстық денсаулық сақтау мекемелерімен жүзеге асырылады;

      2) балаға жан-жақты медициналық құжат және оны әрі қарай емдеу, бақылау туралы ұсыныстар жазылған көшірме жасақтау;

      3) баланың рационалды өмір сүруіне қатысыты шешім қабылданатын психологиялық-дәрігерлік–педагогикалық комиссиясының отырысына қатысу;

      4) тәрбиеленушілердің денсаулығын, физикалық және психологиялық жағдайын бақылау, медициналық көмек көрсету, емдеу;

      5) жылына екі рет тереңдетілген медициналық тексерулерді, профилактикалық және емдік-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, олардың тиімділігін бағалау;

      6) санитарлық гигиеналық және санитарлық эпидемиологиялық режимге дәрігерлік бақылауда жүзеге асыру;

      7) тамақ сапасын, оқу және сабақтан тыс шығармашылығын тиімді режимінің, еңбекпен тәрбиелеу кезінде санитарлық гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау;

      8) балаларға олардың денсаулығын ескере отырып кәсіби ұсыныс беру;

      9) тәрбиеленушілерімен гигиеналық тәрбие санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу, насихаттау.

      Әрбір медициналық қызметкердің жұмыс көлемі оның лауазымдық міндеттерінен туындайды.

      31. Тәрбиеленушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде білім беру ұйымының әкімшілігі оны күтіп-бағу, тәрбиелеу, жалпы орта білім алу жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған не олар өз құқықтарын теріс пайдаланған жағдайда, баланың өз бетінше құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық және қамқоршылық қызметін жүзеге асыратын органдарына, ал он төрт жасқа толғаннан кейін сотқа өтініш жасауға құқығы бар.

      32. Балаларын үйін басқаруды білім беру ұйымының құрылтайшысы тағайындайтын директоры жүзеге асырады.

      33. Балалар үйінің директоры:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен балалар үйінің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

      2) өзге де ұйымдармен өзара қатынаста балалар үйін білдіреді;

      3) балалар үйін басқарудың құрылымын және штаттық кестені, лауазымдық міндеттерді үлестіріп, бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен балалар үйінің жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

      34. Балалар үйі өзінің жарғысы мен кәсіпкерлік қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, өз бетінше шаруашылық қызметін және осы қызметтің кірістерін иелік етуді жүзеге асыруға құқылы.

      35. Балалар үйін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      36. Балалар үйіне қосымша қаражаттың түсуі оны құрылтайшы (құрылтайшылар) есебінен қаржыландырудың нормативтері мен (немесе) абсолюттік мөлшерін қысқартуға әкеп соқтырмайды.

      37. Балалар үйі іс-жүргізуді жүргізеді және бағыныстылығына қарай білім органдарына есептілікте болады.

      38. Балалар үйінің халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялар негізінде жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
3-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Конституциясына, "Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің (бұдан әрі - мектеп-интернат) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мектеп-интернат заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес әзірлейді.

      2-1. Мектеп-интернаттары жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.

      Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мектеп-интернат нақты міндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимі ерекшеліктеріне қойылатын талаптарға қарай мектеп жасындағы балалар үшін құрылады.

      4. Мектеп-интернаттың міндеттері:

      1) мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;

      2) тәрбиеленушілердің жақын туыстарын анықтау және оларды жақын туыстарының отбасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсету;

      3) тәрбиеленушілерді асырап алушы отбасыларындағы (қорғаншылыққа, патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына) өмірге психологиялық дайындау;

      4) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;

      5) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;

      6) Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      7) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білу;

      8) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру;

      9) тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық психологиялық педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету;

      10) жеке сараланған тәсілді жүзеге асыру, жеке даму бағдарламаларын әзірлеу;

      11) тәрбиеленушілерді қоғамда оқыту, тәрбиелеу, емдеу, әлеуметтік бейімдеу, оңалту және біріктіру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының қызметі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялауға жатады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мектеп-интернат өз жарғысын "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үлгілік қағидалардың және осы қағидалардың негізінде әзірлейді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру

      7. Мектеп-интернат – 6 (7) жастан 18 жасқа дейінгі балаларды оқытуға, тәрбиеленуге және тұруға жағдай жасайтын жетім балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы.

      Мектеп-интернатта топтар құрылады: әртүрлі жастағы және біржастағылар (6 жас және жоғары - 15 адамға дейін).

      8. Тұру мен тәрбиелеу тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері ескеріле отырып ұйымдастырылады.

      9. Күн тәртібі тәрбиеленушілердің мектеп-интернатта тәулік бойы болуы ескеріле отырып құрылады.

      10. Білім беру процесін ұйымдастыру (оқу жылының басталуы мен ұзақтығы, демалыс уақыты, оқу сабақтары, мемлекеттік (қорытынды) аттестацияның жүргізілуі, білімі туралы құжаттардың берілуі және өзге де білімге қатысты мәселелер) білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Мектеп-интернаттағы жалпы білім беретін сыныптардың саны санитарлық нормаларды ескере отырып білім беру процесін ұйымдастыру үшін жасалған жағдайларға байланысты және қажеттілікке (сан) қарай анықталады.

      Мектеп-интернаттағы сыныптар толымдылығы 20 баладан аспауы тиіс.

      12. Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде - 20-ға жеткен кезде:

      оқыту қазақ тілді емес 1-11 сыныптардағы қазақ тілі бойынша;

      оқыту қазақ тілді емес 5-11 сыныптардағы қазақ әдебиеті бойынша;

      оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүретін 3-11 сыныптардағы орыс тілі бойынша;

      1-11 сыныптардағы шетел тілі бойынша;

      5-11 сыныптардағы информатика бойынша;

      бейінді пәндер бойынша;

      5-11 сыныптардағы технология бойынша (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары);

      5-11 сыныптардағы дене шынықтыру бойынша сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.

      13. Қажетті жағдайлардың және жабдықтардың (сонымен қатар бюджеттен тыс) болуына байланысты сыныптарды топтарға бөлу және сынып толымдылығы аз болған жағдайларда да тәрбие топтарын құру мүмкін.

      14. Мектеп-интернатта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) топтар (сыныптар) ашылуы мүмкін. Ол топтарға (сыныптарға) балаларды орналастыру психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның шешімімен ғана жүзеге асырылады.

      15. Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) сыныптардың 1-11 сыныптарының толымдылығы 12 білім алушыға дейін белгіленеді. Мектепалды дайындық сыныптарының толымдылығы 8 адамнан артық болмауы тиіс.

      Ақыл-ойы кенжелеп қалған және күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған сыныптарда 3-тен 6 адамға дейін.

      16. Арнайы түзету-дамыту сабақтары әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, кәсіптік-еңбектік оқыту сыныпты екі топқа бөлу арқылы жүзеге асырылады. Аталған топтарды жинақтау білім алушылардың танымдық, психофизикалық ерекшеліктеріне байланысты дәрігердің ұсынымы бойынша жүргізіледі. Кәсіптік-еңбектік оқыту топтарында 5-7 білім алушыдан аспауы тиіс.

      17. Логопедтік сабақтар, емдік дене шынықтыру (бұдан әрі - ЕДШ), психомоторикалық және сенсорлық процестерді дамыту сабақтары бойынша топтарды жинақтау тіл кемістігінің, тірек қимылының және өзге де бұзылыстардың біртектілігі мен көрінуі ескеріле отырып, ал ЕДШ медициналық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі. Сабақ кестесі бойынша сағаттар күннің бірінші жартысына және екінші жартысына бірдей беріледі. Сабақтың ұзақтығы әр білім алушыға 15-20 минуттан аспауы тиіс.

      Білім алушыларға ЕДШ сабақтары 3-5 адамнан тұратын топтарда жүргізіледі. Тілді түзеу-дамыту логопедтік сабақтары 2-4 адамнан тұратын топтарда, сонымен қатар жеке жүргізіледі.

      18. Ақыл - есі кемістігінің күрделі түрі бар білім алушы кейбір пәндерден оқу бағдарламасын игере алмаған жағдайда оны оқыту жеке жоспарға сай жүргізіледі және оның білімі жетістіктері жеке ілгерілуімен бағаланады. Мектеп-интернаттың педагогикалық кеңесі балалардың үлгермеу себептерін зерделеу арқылы деректердің негізінде оларды жеке жоспар бойынша оқытуға көшіру туралы шешім қабылдайды. Педагогтердің әр пән бойынша жеке жоспарлары әр оқу жылына жасақталады және педагогикалық кеңесте бекітіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Мектеп-интернаттың оқу-тәрбие қызметі оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарының негізінде жүзеге асырылады.

      20. Оқу апталығының ұзақтығы педагогикалық кеңесте белгіленіп, білім басқармасының тиісті органының келісімімен мектеп-интернаттың жарғысында бекітіледі.

      21. Мектеп-интернат қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, сонымен қатар білім деңгейіне байланысты мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес орыс тілі мен бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етеді.

      22. Жергілікті қажеттіліктер мен жағдайына қарай оқыту мен қоғамдық пайдалы кәсіптік еңбектің қосылуы негізінде, қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына қатысу, клуб жұмыстары мен қызығушылығына байланысты үйірмелерге, оқыту шеберханаларында, қосымша шаруашылықта, оқушылар кооперативтерінде, басқа да оқушылар бірлестіктерінде, кәсіпорындарда, шаруа қожалықтарында және еңбекке баулу мен тәрбиелеу жүзеге асырылады.

      23. Тиісті жағдайлардың бар болуына қарай оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқыту орындарында, құрылыс объектілерінде, егістіктерде, фермалар мен тапсырыс беруші кәсіпорындар, жұмыс берушілер арқылы тәрбиеленушілерге белгіленген тәртіпте біліктілікті меңгергендігі туралы куәлік (төлқұжатты) беретін кәсіптік және өндірістік оқыту ұйымдастырылады.

      24. Техникалық кәсіптік білім беру мекемелеріндегі кәсіби тәжірибенің түрлері, мерзімдері мен мазмұны оқыту жоспарлары мен бағдарламалары арқылы анықталады.

      25. Әртүрлі нысандағы тәрбиелік еңбек, спорттық, мәдени-бұқаралық жұмыстарға тәрбиеленушілердің қатысуы қызығушылық, бейімділік және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып ұжымдық қызметке жеке және сараланған тәсілдерді үйлестіру негізінде балалар мен ересектердің ынтымақтастығы принципінде құрылады.

      26. Мектеп-интернатта патриоттықты, азаматтықты, интернационализмді, адамгершілік пен жоғары моральды қалыптастыруда, сонымен қатар тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылығы мен талаптарының дамуына бағытталған әртүрлі клубтар, секциялар, үйірмелер, студиялар құрылуы мүмкін.

      27. Мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері кәсіподақ, мәдени-ағартушылық, мектептен тыс, спорттық және өзге де ұйымдардың базаларында құрылған музыка, көркемсурет, спорттық және өзге де мектептердің, әртүрлі үйірмелер мен секциялардың сабақтарына, байқауларға, олимпиадаларға, спартакиадаларға, көрмелерге және өзге де іс-шараларға оқушылармен бірге қатыса алады.

3. Оқу-тәрбие процесіне қатысушылар, балалар үйі қызметкерлері

      28. Мектеп-интернатқа барлық күнтізбелік жыл бойында:

      1) жетім балалар;

      2) ата-аналық құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабілетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.

      29. Медициналық көрсеткiштер бойынша немесе басқа бiр себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиiс болатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберiледi.

      30. Балаларды мектеп-интернатқа орналастыру үшін Үлгілік қағиданың 12-тармақшасында көрсетілген құжаттар тізімі болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның мектеп-интернатқа жолдау туралы шешімі негіз болып табылады.

      31. Мектеп интернаттың тәрбиеленушісін басқа мекемеге ауыстыру мәселесі білім басқармасымен психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның өтініші негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты ауыстыру туралы бұйрықты білім беру басқармасы дайындайды.

      32. Мектеп интернаттың түлектері педагогикалық кеңесінің шешімі арқылы шығарады, болмаған жағдайда балалар үйінің әкімшілігі шығарады.

      33. Мектеп интернаттың тәрбиеленушілерін ауыстыруда (балалар үйінен шығаруда) барлық құжаттар тәрбиеленуші өмір сүріп, білім алатын ұйымның өкіліне беріледі, әрі арнайы журналға тіркеледі.

      34. Мектеп-интернатта психологиялық сүйемелдеу, қызметкерлермен кеңес және алдын алу жұмыстарын жүргізуді педагог-психолог жүзеге асырады.

      35. Педагог-психолог:

      1) күйзеліс, қақтығыс, күшті эмоционалды уайым жағдайында жүрген тәрбиеленушілерге, тәрбиешілерге психологиялық көмек пен қолдау көрсетеді;

      2) тәрбиеленушілердің әлеуметке қарсы әрекетінің алдын алып, оны реттеу бойынша шараларды жүзеге асырады;

      3) тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары және педагогтардың психодиагностикалық, кеңестік, ағарту-профилактикалық, коррекциялық даму және әлеуметтік диспечерлік даму әдістемелерінің нысандарын таңдайды.

      36. Тәрбиеленушілердің жеке психологиялық медициналық педагогикалық ерекшеліктерін, олардың өмір сүру жағдайын зерделеуді, уақытында әлеуметтік көмек көрсетуді әлеуметтік педагогтар жүзеге асырады.

      Әлеуметтік педагог:

      1) балалар үйінің әкімшілігіне, тәрбиеленушілерге және түлектердің құқықтарын және заңды мүдделерінің қорғалуы бойынша тәрбиешілерге әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсетеді;

      2) тәрбиеленушілердің тіркелген карточкалары мен деректер банкін жасайды;

      3) тәрбиеленушілерді жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді;

      4) әлеуметтік және мектептік бейәлеуметтенуін түзейді;

      5) психологпен бірге өмiрде қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс жүргізеді, сауалнама және рейдтік шаралар өткізеді;

      6) тұрғын үйге кезекке қоюға, тәрбиеленушілердің жылжымайтын мүлкін сақтауға және қажеттілігіне қарай жәрдемақы тағайындау жұмыстарын ұйымдастырады;

      7) тәрбиеленушілерге жеке іс қағазын жасау жұмыстарын жүргізеді.

      37. Тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету штаттық медициналық өкілдің көмегімен жүзеге асырылады.

      38. Мектеп-интернаттың медициналық қызметкерлерінің негізгі функциясына:

      1) әрбір балаға медициналық қызмет көрсету, қажет болса, қала немесе облыстың медициналық арнайы ұйымдарын да қолдана алады;

      2) балаға толық медициналық құжаттар толтыру және оған ары қарай бақылау мен емдеу туралы нұсқаулар ендіру;

      3) белгілі бір нақты баланың өмірін ары қарай тиімді бағыттау бойынша мәселелер қарастырылатын медициналық-психологиялық-педагогикалық комиссияға қатысу;

      4) тәрбиеленушілердң денсаулығы, физикалық және психикалық дамуын бақылау, медициналық көмек пен емдік шараларын көрсету;

      5) жылына екі рет медициналық бақылау, алдын алу және сауықтыру-емдеу шараларын жүргізу және олардың тиімділігін бағалау;

      6) санитарлы-гигиеналық және санитарлы-эпидемиологиялық тәртіптің орындалуына медициналық бақылау жүргізу;

      7) тамақтану сапасына бақылау жүргізу, тәрбиеленушілердің оқу және оқудан тыс әрекеттерінің тиімді тәртібін бақылау, еңбек оқу үдерісі кезінде санитарлы-гигиеналық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;

      8) тәрбиеленушілердің денсаулығын ескере отырып, кәсіби ұсыныстар жасау;

      9) тәрбиеленушілермен гигиеналық тәрбие, санитарлы-ағартушылық білімді насихаттау бойынша жұмыс жүргізу кіреді.

      39. Тәрбиеленушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде білім беру ұйымының әкімшілігі оны күтіп-бағу, тәрбиелеу, жалпы орта білім алу жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған не олар өз құқықтарын теріс пайдаланған жағдайда, баланың өз бетінше құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық және қамқоршылық қызметін жүзеге асыратын органдарына, ал он төрт жасқа толғаннан кейін сотқа өтініш жасауға құқығы бар.

      40. Мектеп-интернатты құрылтайшысы тағайындайтын директоры жүзеге асырады.

      41. Мектеп-интернаттың директоры:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен балалар үйінің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

      2) өзге де ұйымдармен өзара қатынаста балалар үйін білдіреді;

      3) мектеп-интернатты басқару құрылымын және штаттық кестені, лауазымдық міндеттерді үлестіріп, бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен балалар үйінің жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

      42. Мектеп-интернат жергілікті жағдайларды ескере отырып, оқу шаруашылығын, оқу-тәжірибелік аймақты, оқу-өндірістік шеберханаларды құруы міндетті.

      43. Мектеп-интернатты қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      44. Мектеп-интернатқа қосымша қаражаттың түсуі оны құрылтайшы (құрылтайшылар) есебінен қаржыландырудың нормативтері мен (немесе) абсолюттік мөлшерін қысқартуға әкеп соқтырмайды.

      45. Мектеп-интернат іс-жүргізуді жүргізеді және бағыныстылығына қарай білім органдарына есептілікте болады.

      46. Мектеп интернаттың халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялар негізінде жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
4-қосымша

Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары

1. Негізгі ережелер

      1. Осы Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленеді және Пана үйінің қызметін (бұдан әрі – Пана үйі) реттейді.

      2. Пана үйі - жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету және бұдан әрі өмірге баулу тәсілімен әлеуметтік көмек беру үшін құрылған білім беру мекемесі.

      3. Пана үйі заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес әзірлейді.

      3-1. Паналар жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.

      Ескерту. 1-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Пана үйі нақты міндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимі ерекшеліктеріне қойылатын талаптарға қарай мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін құрылуы мүмкін.

      5. Пана үйі:

      1) мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;

      2) тәрбиеленушілердің жақын туыстарын анықтау және оларды жақын туыстарының отбасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсету;

      3) тәрбиеленушілерді асырап алушы отбасыларындағы (қорғаншылыққа, патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына) өмірге психологиялық дайындау;

      4) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;

      5) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;

      6) Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      7) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтардың тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білу;

      8) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру;

      9) тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық- психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Пана үйі өз жарғысын Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" Кодексінің, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) және осы қағидалардың негізінде әзірлейді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Тәрбиелеуді ұйымдастыру

      7. Тәрбиенушілердің тұруын және тәрбиелеуді ұйымдастыру олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылады.

      8. Күн тәртібі тәрбиенушілердің Пана үйінде тәулік бойы болуын ескере отырып құрылады.

      9. Пана үйінде тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгі мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидатымен жүргiзіледi.

      10. Балалар үйінде тәрбиеленушілердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған әртүрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылуы мүмкiн.

      11. Пана үйінің тәрбиеленушілері музыка, көркемсурет, спорттық және өзге де мектептердің, әртүрлі үйірмелер мен секцияларға, байқауларға, олимпиадаларға, спартакиадаларға, көрмелерге және өзге де іс-шараларға оқушылармен бірге қатыса алады.

      12. Пана үйінің мектеп жасындағы тәрбиеленушілері тиісті елді мекендегі жалпы білім беретін мектепте білім алады.

      13. Пана үйінде әртүрлі жастағы, бір жастағы (3 жастан бастап одан жоғары - 15 адамға дейін) топтар құрылады.

      14. Пана үйіне күнтізбелік жыл бойы 3 жастан 18 жасқа дейінгі аралықтағы балалар қабылданады.

      15. Пана үйіне орналастыру үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның (бұдан әрі – орган) жолдамасы, оған қосымша тастанды бала немесе оны тастап кеткендігі туралы құқық қорғау органдары қызметкерлері жасаған актіні, баланы алып қою туралы актісін, ата-аналарының жоқтығын дәлелдейтін басқа да бар құжаттар тіркеледі.

      16. Түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері, сондай-ақ жекелеген айрықша жағдайларда кәмелетке толмаған жасөспірімдер қалалық, аудандық ішкі істер органдары басшыларының өкімімен пана үйіне орналастырылуы мүмкін.

      17. Балаларды Пана үйіне қабылдау кезінде тіркеу, алғашқы медициналық тексеру жүргізіледі және кәмелетке толмағанға жеке іс ашылады.

      18. Балалардың Пана үйінде болу мерзімі алты айдан аспайды.

      Пана үйіне жолданған әрбір балаға, оның тұрғылықты мекен жайында орналасқан мектептің әлеуметтік педагогы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қажетті құжаттар пакетін болған жағдайда ұсынады:

      1) туу туралы куәлік (жеке куәлік);

      2) денсаулығы мен егулер туралы медициналық құжаттар;

      3) білімі туралы құжаттар (егер бала мектеп жасында болса);

      4) баланың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі;

      5) балаға оқу орнынан берілген мінездеме;

      6) баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттар (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп тану), ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндiгi жоқтығын растайтын басқа да құжаттар).

      19. Пана үйінің әкімшілігі баланы одан әрі өмірлік орналастыру үшін бала мәртебесін растайтын толық құжаттар пакетін жинақтау жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.

      20. Кәмелетке толмаған жасөсіпірім Пана үйіне қабылданғаннан кейін оны тәрбиеленушілер қатарына енгізу туралы бұйрық шығарылады.

      21. Пана үйіне мынадай кәмелетке толмағандар қабылданбайды:

      1) алкогольдік ішімдік ішкен, нашақорлық немесе токсикологиялық масаң күйдегі;

      2) психикалық ауру белгілері бар;

      3) қылмыс жасаған немесе құқық бұзғандар.

      22. Пана үйінен басқа білім мекемесіне ауыстыру жергілікті әкімшілік қаулысымен және білім басқармасының бұйрығымен жүзеге асырылады. Тәрбиеленушілердін жеке құжаттары тәрбиеленуші тұратын және білім алатын ұйымның өкіліне беріледі.

      23. Тәрбиеленушіні қандай да бір отбасына қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа, патронаттық тәрбиелеуге немесе асырап алуға беру қамқоршылық немесе қорғаншылық тағайындалғаны туралы жергілікті әкімшілік қаулысымен, патронаттық тәрбиеге беру туралы келісім шарт, асырап алу туралы соттың шешімі, сонымен қатар баланы беру туралы органның хаты негізінде жүзеге асырылады.

      24. Себептері көрсетілген тәрбиеленушінің шығарылғаны туралы журналда тиісті жазба жазылады.

      25. Ата-аналары ата-аналық құқықтарын қалпына келтірілген жағдайда тәрбиеленушілердің туған отбасына оралуы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің негізінде, сот шешімі, ата-анасының өтініші және олар балаларын тәрбиелеуге мүмкіндігін барын растайтын құжаттары мен органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

      26. Пана үйінде қызметкерлерге психологиялық сүйемелдеуді, кеңес беруді және профилактикалық жұмысты педагог-психолог жүргізеді.

      27. Педагог-психолог:

      1) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалдық әсерленушілік жағдайындағы тәрбиешілерге, тәрбиеленушілерге психологиялық көмек пен қолдауды жүзеге асырады;

      2) тәрбиеленушілердің бейәлеуметтік әрекеттерін ескертеді және оларды уақтылы түзетуді жүзеге асырады;

      3) тәрбиешілермен, олардың ата-аналарымен және педагогтармен психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстарды жүргізудің түрлері мен әдістерін таңдайды.

      28. Тәрбиеленушілердің жеке психологиялық медициналық педагогикалық ерекшеліктерін, олардың өмір сүру жағдайын зерделеуді, уақытында әлеуметтік көмек көрсетуді әлеуметтік педагогтар жүзеге асырады.

      29. Әлеуметтік педагог:

      1) мүдделі ведомствоалармен байланысты жүзеге асырады, тәрбиеленушілер мен бітірушілердің құқықтарын сақтау және заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік бейімделуі мәселелері бойынша балалар үйінің әкімшілігіне, тәрбиешілерге көмек көрсетеді;

      2) тәрбиеленушілердің картотекасын, дерекқорын құрады;

      3) кәсіби бағдар беру жұмысын және тәрбиеленушілердің еңбекпен қамтылуын іске асырады;

      4) әлеуметтік және мектептік бейәлеуметтенуін түзейді;

      5) психологпен бірге өмiрде қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс жүргізеді, консультация, сауалнама және рейдтік іс-шараларды іске асырады;

      6) тәрбиеленушіге тиісті жәрдемақылардың уақтылы рәсімделуі; тәрбиеленушілердің тұрғын үйінің сақталуы, тұрғын үй алуға кезекке қою бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      7) тәрбиеленушінің жеке іс-құжатын қалыптастыру бойынша жұмысты іске асырады.

      30. Тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді штаттық медициналық персонал қамтамасыз етеді.

      31. Медициналық қызметкерлер:

      1) тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын, физикалық және психикалық дамуын бақылауды;

      2) жылына екі рет тереңдетілген медициналық тексерулерді, профилактикалық және емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуді, олардың тиімділігін бағалауды;

      3) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіптің орындалуын медициналық бақылауды;

      4) тағам сапасына бақылауды жүзеге асыру, тәрбиеленушілердің оқу және оқудан тыс іс-әрекетінде тиімді тәртіпті сақтауды, еңбекке баулу процесінде санитарлық-гигиеналық талаптарды қамтамасыз етуді;

      5) денсаулық жағдайларын ескере отырып, тәрбиеленушілерге кәсіби ұсыныстар беруді;

      6) тәрбиеленушілермен гигиеналық тәрбие бойынша жұмыс, санитарлық-ағартушылық білімді насихаттауды қамтамасыз етеді.

      32. Тәрбиеленушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде білім беру ұйымының әкімшілігі оны күтіп-бағу, тәрбиелеу, жалпы орта білім алу жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған не олар өз құқықтарын теріс пайдаланған жағдайда, баланың өз бетінше құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға, ал он төрт жасқа толғаннан кейін сотқа өтініш жасауға құқығы бар.

      33. Пана үйін басқаруды білім беру ұйымдарының құрылтайшысы тағайындайтын директор жүзеге асырады.

      34. Пана үйінің директоры:

      1) балалар үйі қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

      2) өзге де ұйымдармен қарым-қатынас кезінде пана үйі ретінде танылады;

      3) балалар үйінің жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

      4) балалар үйін басқару құрылымын және штаттық кестені, лауазымдық міндеттерді үлестіріп, бекітеді.

      35. Пана үйін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      36. Пана үйіне қосымша қаражаттың түсуі нормативтерді және Пана үйінің құрылтайшысының есебінен қаржыландырудың абсолюттік өлшемін төмендетуге алып келмейді.

      37. Пана үйі іс-жүргізуді жүргізеді және бағыныстылығына қарай білім органдарына есептілікте болады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
5-қосымша

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің үлгілік қағидалары

1. Негізгі ережелер

      1. Осы Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленген және Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері қызметінің (бұдан әрі – балалар үйі) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің негізгі міндеті отбасы жағдайында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге, оқытуға, сауықтыруға және өз бетінше өмір сүруге қажетті жағдай жасау болып табылады.

      2-1. Балалар үйлері жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.

      Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тәрбиеші – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алатын тұлға.

      4. Балалар үйі жергілікті атқарушы органдар шешімімен құрылады.

      5. Балалар үйі – 4-тен кем емес және 10-нан артық емес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдаған отбасы.

      Медициналық көрсеткiштер бойынша немесе басқа бiр себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиiс болатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберiледi.

      Отбасы үлгісіндегі балалар үйіндегі жалпы бала саны (туған балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) 10-нан аспайтын болуы керек.

2. Отбасы үлгідегі балалар үйін ұйымдастыру тәртібі

      6. Кәмелетке толған және күндізгі оқуды жалғастырушы балалар үйінің тәрбиеленушілері 23 жасқа толғанша толық мемлекеттік қамсыздандыруда болып, алимент, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы т.б әлеуметтік төлемдерді алу және балалар үйінде тұру құқықтарын сақтайды.

      7. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Бала асырап алуға және тәрбиелеуге мүмкіндігі бар және тәрбиелеуге алушы арызданушы тұрғылықты мекенжай бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органға өтінішін береді және мынадай құжаттар тапсырады:

      1) отбасы үлгісіндегі балалар үйін құруға еркін нысандағы өтініші (ерлі-зайыптылардан екеуінің де қолдары қойылған өтініш);

      2) отбасы құрамы туралы анықтама;

      3) өтініш берушілермен бірге тұратын отбасы мүшелерінің денсаулығы туралы анықтама (созылмалы ауруы жоқтығы туралы анықтама, нарколог, венеролог, психиатрдың тексерулерінен өткені туралы анықтама);

      4) отбасы үлгісіндегі балалар үйін құруға бірге тұратын отбасындағы кәмелетке толған мүшелердің барлығынан алынған нотариалды түрде куәландырылған немесе құжаттарды қабылдаушы лауазымды тұлғаның қатысуымен жазған жазбаша түрдегі келісім;

      5) сотталмағандығы туралы анықтама, соның ішінде отбасы мүшелерінің;

      6) нотариалды түрде куәландырылған білімі туралы құжаттың және неке куәлігінің талапқа сай бекітілген көшірмесі;

      7) еңбек кітапшасының көшірмесі;

      8) жеке куәлігінің көшірмесі;

      9) тұрғылықты жері бойынша жағымды мінездемесін растайтын ішкі істер бөлімінің еркін нысандағы анықтамасы;

      10) балалар тұратын тұрғын жайды иелік пайдалану немесе құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.

      9. Орган ұсынылған құжаттардың түскен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін және толықтылығын тексереді.

      Тексеріс қорытындысы бойынша орган өтініш түскеннен кейін он екі жұмыс күн ішінде тұрмыстық жағдайын қарап тексеріп, оның қорытындысы бойынша акт жасап, тәрбиеші болу не болмау мүмкіндігі туралы еркін нысанда қорытынды жасайды.

      Органмен азаматтарды тәрбиеші болу не болмау мүмкіндігі туралы шешім қабылданғаннан кейін, егер болмаған жағдайда бес жұмыс күн ішінде негізделген еркін түрде қорытынды беріледі.

      10. Баланы отбасына беру кезінде бала тәрбиелеудегі тәжірибе ескеріледі.

      11. Балаларды балалар үйіне орналастыру үшін алдын ала таңдауды отбасыға қабылдауға тілек білдірген тұлғалар келісім шарт бойынша органмен және балалар тұрып жатқан мекеменің әкімшілігінің келісімімен жасалады.

      Он жасқа толған жетім балалар мен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру тек олардың келісімімен ғана іске асырылады.

      Ұйым әкімшілігі тәрбиеші болуға тілек білдірген азаматтарды балалардың жеке іс қағаздарымен, денсаулығы туралы медициналық, дене және ой қабілетінің дамуы туралы қорытындысымен таныстырады.

      Тәрбиеші болуға тілек білдірген азаматтар мен отбасы мүшелері баламен танысады.

      12. Аудандық, қалалық білім басқармалары (бөлімдері) мен тәрбиесіне бала алуға ниет білдірген азамат осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес балаларды тәрбиелеу жағдайы мен күтіп-бағу туралы шарт жасасады. Балалар үйіне бірнеше балаларды бір мезетте орналастырған жағдайда бір шарт жасалады.

      Балаларды балалар үйінде тәрбиелену мен асырап-бағу туралы шартта балалар үйіне орналастыру мерзімі, оларды асырап бағуы, тәрбиелеуі және білім беруі, тәрбиешінің құқығы мен міндеттері, органның міндеттері, сонымен қатар, осы шарттың тоқтатылуының негіздемесі мен салдары қарастырылады.

      Шарттың қолданыс мерзімі біткен кезде балалардың балалар үйінде тұру мерзімі жаңа шарт негізінде ұзартылады.

3. Оқу–тәрбие процесіне қатысушылар, балалар үйінің қызметкерлері

      13. Мектеп жасындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері тиісті елді мекендегі жалпы білім беретін орта мектепте білім алады.

      14. Мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілер мектеп жасына дейінгі білім мекемелеріне бара алады.

      15. Тәрбиеленушілер өз қызығушылығын ескере отырып, жалпы білім беру мекемелеріндегі, оқушылар үйі мен сарайындағы, жас техниктер мен жас натуралистер стансасындағы, спорт және саз мектептеріндегі, сондай-ақ, басқа да қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірмелерге, секцияларға қатыса алады.

      16. Еңбек тәрбиесі оқу шеберханаларында, қосымша шаруашылық орындарында, өндірісте және ұйымдарда іске асырылады.

      17. Балалар үйіне:

      1) жетім балалар;

      2) ата-аналық құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабілетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.

      18. Білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары балалар үйіне отбасына қабылданатын баланың жеке іс қағаздарын, келесі құжаттарды:

      1) бiлiм беру ұйымына жiберу туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiн;

      2) туу туралы куәлiгін (жеке куәлік);

      3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы медициналық құжаттарын;

      4) бiлiм туралы құжаттарын (мектеп жасындағы балалар үшiн);

      5) баланың өмiр сүру жағдайын тексеру актiсi;

      6) ата-анасы туралы мәлiметтерді (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп тану), ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндiгi жоқтығын растайтын басқа да құжаттар);

      7) аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерiнiң және басқа да жақын туыстарының бар-жоғы және олардың тұратын жерi туралы анықтамасын;

      8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейiн қалған мүлiктердiң тiзiмдемесi, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәлiметтерін;

      9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттарын;

      10) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі, алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн (оларды балаға ата-анасының бiрi немесе оны алмастыратын адам алатын кезде);

      11) Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығына сәйкес нысан бойынша балаға арналған сауалнама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10280 тіркелген)

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 20.07.2015 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету балалар үйіне бекітілген денсаулық сақтау ұйымдары арқылы қамтамасыз етіледі.

      20. Тәрбиешілер:

      1) тәрбиеге алынған балалардың өмір сүруі, тәрбиелену және білім алуы, сондай-ақ, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті тұрмыстық жағдайын жасайды, олардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) балалардың талапқа сай білім алуын, балалардың тапсырылған жеке құжаттарының балаларға тиесілі ақшалай және мүліктік заттарының сақталуын өз қамқорлығындағылардың басқа кез-келген тұлғалармен қарым- қатынасында, сонымен қатар соттарда, арнайы өкілеттіліксіз құқығы мен қызығушылығын қорғауға, еңбекті қорғау нормалары ережелерін, техника қауіпсіздігі мен өрттен қорғануды, санитарлық ережелері мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) балаларды асырау, білім беру мен тәрбиесіне қолайсыз жағдайлардың туындағаны жөнінде тиісті мекемеге хабарлайды;

      4) балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету қажеттілігін анықтайтын жұмыстар жүргізеді;

      5) бала тәрбиелеу мәселесі бойынша білім беру, медициналық және басқа да ұйымдармен, жұмыспен қамту, тәрбиелеу, оқытудың дұрыс жағдайларын анықтау және диагноз жасау, олардың дамуындағы ерекшеліктерді анықтау мәселелерінде консультация алу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациямен тығыз байланыста болады.

      21. Тәрбиешілерге де қорғаншыларға немесе патронаттық тәрбиешілерге қойылған талаптар қойылады.

      22. Тәрбиеленушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, сонымен қатар, білім беру ұйымы әкімшілігінің оны ұстау, тәрбиелеу және жалпы орта білім алуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ету бойынша қызметін орындамау немесе тиісті деңгейде орындамау, немесе өз құқықтарын асыра пайдалану кезінде бала өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өз бетінше қамқоршылық және қорғаншылық қызметін жүзеге асыратын органға, 14 жасқа толған жағдайда сотқа жүгінуге құқылы.

4. Отбасы үлгісіндегі балалар үйін басқару

      23. Отбасы үлгісіндегі балалар үйі жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының нормаларына сәйкес қаржыландырылады.

      24. Тәрбиелеушілердің еңбекақысын төлеу "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын үйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес тәрбиеленушілердің еңбекақысын төлеу жағдайына ұқсас айқындалады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Осы қағиданың 2-қосымшасына сәйкес балалар үйінің тәрбиешілері күтіп бағуға бөлінген ақшалай қаражаттың шығыс және кіріс есебін жүргізеді.

      26. Жұмсалған қаржы мен отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушісінің мүлкін соның ішінде тұрғын үй мәліметтері жыл сайын қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға ұсынылады.

      27. Балалар үйінің тәрбиешісі балаларға сауықтыру лагерьлеріне, санаторийлерге тегін жолдама алуда басым құқыққа ие.

      28. Балалар үйі жергілікті жағдайға байланысты шаруашылық жайы мен шеберхана құра алады.

      29. Қосымша, демеушілік қаражатты есепке алу және жұмсау Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  Отбасы үлгісіндегі балалар үйі
қызметінің үлгілік қағидасына
1-қосымша

      нысан

№ ___ отбасы үлгісіндегі балалар үйіне балаларды
тәрбиелеуге беру келісім шарты

      ______ қаласы 20__ ж "__" ________.

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге

      асыратын орган (бұдан әрі – орган), азамат

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты),

      және азамат (- ша ), жеке куәлігі, ЖСН

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________,

      мекен жай бойынша (тіркелген) тұратын:_______________________________

      ____________________________________________________________________,

      бұдан әрі "тәрбиешілер" ("тәрбиеші") деп аталатын "Неке

      (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының

      Кодексіне және басқада нормативті-құқықтық актілерге сәйкес төмендегілер осы шартты жасасты:

1. Шарттын мәні

      1.1. Орган тәрбиелеуге, ал тәрбиешілер

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ата-анасының қамқорлығынсыз балаларды

      (бұдан әрі – балалар) тәрбиелеуге қабылдайды

      _____________________________________________________________________

      (балалардың тегі, аты, әкесінің аты,

      _____________________________________________________________________

      Туу туралы куәлігінің №, сериясы, кім және қашан берді

      _____________________________________________________________________

      немесе паспорттын №, сериясы, кім және қашан берді)

2. Талаптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Тәрбиеші (лер):

      2.1.1. Балалармен бірге тұруға.

      2.1.2. Өзара сый құрметке, жалпы тұрмысты ұйымдастыруға, бір-біріне көмек көрсетуге, бос уақытын дұрыс пайдалану негізінде балаларды тәрбиелеуге.

      2.1.3. Балаларды білім алуға, олардың денсаулығына, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына керекті жағдай тұғызуға.

      2.1.4. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға.

      2.1.5. Балаларды медициналық ұсыныстарға сәйкес және олардың денсаулығына байланысты күтуді және емдеуді қамтамасыз ету.

      2.1.6. Балалардың тәрбиелеу түрін анықтағанда олардын ой-пікірлерін және органның ұсыныстарын ескеруге.

      2.1.7. Оқыту мекемесін және оқыту түрін таңдағанда балардын ой-пікірлерін ескеруге.

      2.1.8. Жалпы білім беретін мекемеге балалардың баруын қамтамасыз ету, олардың үлгерімін қадағалау және сол мекеменің мұғалімдері және тәрбиешілерімен қарым қатынаста болу. Егер бала денсаулығына байланысты жалпы білім беретін мекемеге баралмаса, онда белгіленген түрі бойынша балаларға тиесілі білім алуды қамтамасыз ету.

      2.1.9. Балаларды күтуге, тәрбиелеуге және білім алуға отбасы үлгісіндегі балалар үйінде қолайсыз жағдай туындаса органды мәлімдеуге.

      2.1.10. Тұрғылықты мекен жайын ауыстырса, тұрғылықты жерінен ұзақ мерзімге кетсе (1 айдан көп болса) уақытылы органды мәлімдеуге.

      2.1.11. Балаларды күтіп бағуға берілген қаражатты кірісімен шығысын жазбаша түрде шығыс есебін жүргізу, айдын 10-нан кешіктірмей жылына 2 рет органға жұмсалған шығыстар туралы мәлімет ұсынуға.

      2.1.12. Балалардың күтіп бағыуын, тәрбиесімен білім алуын қадағалауды жүзеге асыруға органға кедергі жасамауға міндетті.

      2.2. Орган:

      2.2.1. Балаларды тәрбиелеуге берген келісім шарт негізінде ақашалай қаражат тағайындалған айдан бастап тәрбиешілерге тәрбиелеуге берген балаларды күтуге бөлінген қаражатты және жалақысын ағымдағы айдын 15-н кешіктірмей аударуға.

      2.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәрбиешіге балаларды тәрбиелегені үшін ай сайын еңбек ақысын төлеп отыруға міндетті.

      2.2.3. Мекемеден балалар үйіне берілген бала (балалар):

      1) осы ұйымның тәрбиеленушісі болып табылатын баламен (балалармен) тәрбиеге беру жөніндегі дайындық жұмысын жүргізеді;

      2) оның сәтті әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді;

      3) баланы (балаларды) тәрбиеге беру үшін құжаттар дайындауды жүзеге асырады;

      4) тәрбиеші болуға тілек білдірген адамдарды дайындауды жүзеге асырады;

      5) осы ұйымның тәрбиеленушісі болып табылатын баланы (балаларды) тәрбиеге беруді жүзеге асырады;

      6) патронат тәрбиешіге ұйымдық-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді;

      3.1. Тәрбиешілер:

      3.1.1. Қолданыстағы қарастырылған заңнама негізінде балаларды мектепке дейінгі білім ұйымдарына орналастыруға.

      3.1.2. Балаларға сауықтыру лагеріне, санаторияларға оның ішінде тегін жолдамаларды алып беруге құқығы бар.

      3.2. Органның:

      балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру бойынша тәрбиешіге жүктелген міндеттерге бақылау жасау.

4. Тараптар жауапкершілігі

      4.1. Осы шарт талаптарын орындамауға немесе тиісінше орындалмаса тараптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылықта болады.

5. Шарттың қолданыс мерзімі

      5.1. Осы шарт _____________________________________________

      мерзімге жасалған және қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.

      .2. Осы шарттың қолдану мерзімі тараптардың өзара келісімі бойынша оның аяқталуына дейін бір ай бұрын ұзартылуы мүмкін және осы шарт қосымша келісіммен рәсімделеді.

      5.3. Осы шарт:

      - тәрбиешінің дәлелді себептері болған жағдайда (ауырыуна, балалармен тіл табыса алмаса, жанұялық немесе мүліктік жағдайы бойынша);

      - органмен отбасы үлгісіндегі балалар үйінде балаларды күтіп бағуға, тәрбиелеп білім алуына қолайсыз жағдай туындаса немесе ата-аналарына қайтарылса мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

      5.4. Осы шарт орындалмаған жағдайда тараптар оны бұзуы мүмкін.

6. Шартты бұзу салдары

      6.1. Осы шартты тараптардың бірімен бұзу кезінде балаларға барлық бөлінген (алынған) мүлікті: киім, аяқ-киім, жұмсақ инвентарь – қабылдаған отбасымен қабылдау актісі бойынша органға қайтарады.

      6.2. Осы шарттың талаптарын тәрбиешілер оның қолданыс кезеңінде бұзса, орган олардан баланы күтіп-бағуға бөлінген және жұмсалмаған қаржыны талап етуге құқылы.

7. Қорытынды шарттар

      7.1. Осы шартты орындау процесінде тараптар арасында туындайтын даулар тараптар келісілген шешімді әзірлеу мақсатында шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда шешу үшін сотқа беріледі.

      7.2. Шарт екі данада тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалды және бірдей заңдық күші бар.

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық

      жөнiндегi функцияларды жүзеге

      асыратын орган (тәрбиеші)

      ____________________________ _____________________________

      (есеп шоты, мекен жайы) (тегі, аты, әкесінің аты)

      ____________________________ _____________________________

      ____________________________ _____________________________

      ____________________________ (мекен жайы, паспорт деректері)

      ____________________________ _____________________________

      ____________________________ _____________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) ______________________

      _______________________ _________________________

      (қолы, күні) (қолы, күні)

      Мөр

      Шарттын төлнұсқа данасын қолға алдым 20__ ж. "___" __________

      Отбасы үлгісіндегі балалар үйі

      қызметінің үлгілік қағидасына

      2-қосымша

      нысан

7. Қамқорлыққа алынушының табыстары туралы мәліметтер

табыс түрі

сомасы, ай сайын


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

алименттер













қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағуға берілетін жәрдемақы













ай сайынғы сақтандыру төлемдері













мұрагерлікпен тиесілі немесе сыйға алынған ақша қаражаты













тұрғын үй алаңын жалға беруден түскен табыстар













8. Қамқорлыққа алынушының шығыстары туралы мәліметтер

табыс түрі

сома

күні

есептік кезеңдегі тамақ өнімдерін сатып алу



киім-кешек, аяқ киім сатып алу



гигиена құралдарын, бірінші кезекте қажетті заттар сатып алу



дәрі-дәрмектер, күтіну құралдарын сатып алу



тұрмыстық қызметтерге ақы төлеу (киім-кешекті, аяқ киімді жөндеу)



ұзақ уақыт пайдаланатын тауарлар сатып алу (нақты нені, көрсетілсін)



ай сайынғы салымдар (білім алуға, ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларға)



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
6-қосымша

Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрi - Қағида) Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығында (бұдан әрi - Орталық) кәмелетке толмағандарды ұстаудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

      Орталықтар кәмелетке толмағандарды уақытша ұстауды және қабылдауды қамтамасыз ететін білім беру органдарының қарауындағы мемлекеттік ұйым болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Орталықтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жинақталмаған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.

      Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Орталық мемелекеттік органдарымен, сондай-ақ, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізетін үкіметтік емес ұйымдармен, өзара іс қимылда болады.

      3. Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына, осы Қағидаға және орталықтың Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Орталықтың негізгі мақсаты қадағалаусыз және панасыз қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қабылдауды, уақытша күтіп бағуды, бейімдеуді және әрі қарай орналастыруды қамтамасыз ету болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.03.2014 № 75 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Орталықтың негізгі міндеттері:

      1) жасына және денсаулық жағдайына неғұрлым барабар кәмелетке толмағандар үшін отбасылық жағдайға жақын өмір сүру жағдайларын жасау;

      2) кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне өмірлік қиын жағдайды еңсеруде әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;

      3) кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін анықтау бойынша жұмыс;

      4) кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс;

      5) Орталықта тұрған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      6) тәрбиеленушілердің жақын туыстарын анықтау және оларды жақын туыстарының отбасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсету;

      7) тәрбиеленушілерді асырап алушы отбасыларындағы (қорғаншылыққа, патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына) өмірге психологиялық дайындау.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Орталық келесі блоктардан құрылады:

      1) баспана-тұрмыстық блог (жатын бөлмелер, оқу сыныптары, ойын бөлмелері, кинозал, кітапхана, гигиена бөлмелері);

      2) медициналық блог (медициналық пункт, изолятор);

      3) әкімшілік-шаруашылық блог (асхана, қызметтік кабинеттер және шаруашылық орындары).

      7. Орталықтың техникалық жабдықталуы кәмелетке толмағандарға еркін кіруге және орталықтан тысқары шығуға мүмкіндік беруді, тәулік бойы бақылау жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз етуі қажет.

2. Кәмелетке толмағандарды қабылдау, ұстау және шығару тәртібі

      8. Орталыққа:

      1) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшін қадағалаусыз және панасыз қалған балалар;

      2) уақытылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған, сондай-ақ олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қамқоршылық және қорғаншылық органы ата-анасынан (оларды бiреуiнен) немесе оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, балалар;

      3) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар;

      4) қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар қабылданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшін:

      1) осы Қағиданың 8-тармағының 3) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты сот қаулысы;

      2) осы Қағиданың 8-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты органның қаулысы.

      3) осы Қағиданың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағанды (оларды) Орталыққа жеткізген адамның өтініші негіз болып табылады.

      Кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қамқоршылық және қорғаншылық органының қаулысына міндетті түрде:

      1) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі (тұрғылықты жері анықталған жағдайда);

      2) кәмелетке толмағанның, сондай-ақ оның ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің мінездемесі (тұрғылықты жері анықталған жағдайда);

      3) туу туралы куәлігі (бар болған жағдайда);

      4) білім беру ұйымынан анықтама (мектеп жасындағы балалар үшін);

      5) медициналық құжаттар (егу құжаты және амбулаторлық картасы бар болған жағдайда) тіркеледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.03.2014 № 75 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері осы Қағиданың 8-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандар осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Орталыққа кәмелетке толмағандарды қабылдаудың актісі негізінде қабылданып, ол туралы Орталықтың әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде жазбаша түрде прокуратура органдарын хабардар етуге міндетті.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.03.2014 № 75 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Осы Қағиданың 8-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарды одан әрі күтіп бағу не орналастыру туралы мәселені шешу үшін Орталықтың қызметкерлері үш тәулік ішінде қорғаншылық және қамқоршылық органына панасыздық, қадағалаусыздық белгілері болуын негіздейтін, қамқоршысыз қалғанын не болмаса баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнгені туралы ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.03.2014 № 75 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Органдар үш жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қаулы шығарады.

      Органның қаулысы бойынша Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандар көрсетілген органның қаулысы негізінде ғана шығарылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау және Орталықтан шығару Орталықтың басшысының бұйрығымен рәсімделеді.

      14. Орталыққа қабылданатын кәмелетке толмағандар осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделген жеткізілген кәмелетке толмағандарды есепке алу журналында тіркеледі.

      Кәмелетке толмағанның сауалнамалық деректері анықталғаннан кейін оған осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық таратушыларында есепке алу - статистикалық карточка толтырылады.

      15. Осы Қағиданың 8-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандар оларға көмек көрсету және одан әрі орналастыру мәселелерін шешу үшін қажетті уақытқа, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге орналастырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.03.2014 № 75 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзіміне денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жариялаған карантин кезеңі, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ауруына байланысты, денсаулық сақтау ұйымында болу уақыты және де стационарлық көмек беруі енбейді.

      Орталық әкімшілігі бала мәртебесін растайтын оны әрі қарай орналастыру үшін баланың мәртебесін анықтайтын құжаттардың жинау жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдайды:

      1) жергілкті атқарушы органдардың балалар үйіне жіберу туралы шешімі (әкімдік қаулысы);

      2) туу туралы куәлігі (жеке бас куәлігі);

      3) денсаулығының жай-күйі және егілуі туралы медициналық құжаттар;

      4) балалардың білімі туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшін);

      5) № 1 қосымшаға сәйкес тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі;

      6) ата-анасы туралы мәліметтер (ата-анасының өлімі туралы куәліктер көшірмелері, ата-аналарын ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу туралы, ата-аналарды хабарсыз жоғалып кетті немесе қабілетсіз (қабілеттілігі шектеулі) деп тану туралы, оларды өлді деп тану туралы сот шешімдері, ауруы туралы анықтама, ата-аналарын іздестіру туралы анықтама, адасқан (тастанды) баланы жеткізу туралы акті, ата-аналық құқығынан бас тарту және баланы асырап алуға келісімін беру туралы өтініш, баланы денсаулық сақтау ұйымында қалдыру туралы акті, Қазақстан Республикасы азаматтарын тіркеу және құжаттандыру туралы мәліметтерді ұсыну туралы өтінім, патронаж туралы акті және ата-аналарының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуі мүмкін еместігін растайтын өзге де құжаттар);

      7) аға, апаларының және өзге де жақын туыстарының барлығы және тұратын мекенжайлары, телефондары, жұмыс орындары көрсетілген тұрғылықты жері туралы анықтама;

      8) ата-аналар өлімінен кейінгі мүлік тізілімі, оның сақталуына жауап беретін тұлғалар туралы мәліметтер;

      9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үйді бекіту туралы құжаттар, кезек нөмірі көрсетілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алу үшін есепке тұрғызу туралы мәліметтер;

      10) ата-аналардағы қозғалмайтын мүліктің барлығы туралы мәліметтер;

      11) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына жеке есеп шотын ашу туралы келісім-шарттың көшірмесі (бар болған кезде), алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі (балаға ата-анамен және оны алмастырушы тұлғамен алынған кезде);

      12) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы;

      13) балаға арналған сауалнама.

      17. Осы Қағиданың 8-тармағының 3) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандар Орталықта сот қаулысының негізінде болады, бірақ арнаулы білім беру ұйымына жіберу туралы шешім заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімнен аспауы тиіс.

      18. Орталыққа алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас болу күйіндегі, сондай-ақ айқын психикалық аурудың белгілері бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға тыйым салынады.

      19. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандар жасына және жынысына қарай топтарға орналастырылады. Топтардағы балалар саны он бес адамнан аспауы тиіс.

      20. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандармен профилактикалық және бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.

      21. Ұстаудың белгіленген тәртібін бұзған кәмелетке толмағандармен психолог жеке-тәрбие жұмысын жүргізеді, ол туралы кәмелетке толмағандарға толтырылатын жеке істе тиісті жазба жазылады.

      22. Кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау кезінде бастапқы медициналық тексеру жүргізіледі, орталыққа түскен сәтте кәмелетке толмағанның бар нәрселері мен құнды заттары тәркіленеді, ол туралы осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау актісінде тиісті жазба жасалады және Орталықтан шыққан кезде қайтарылады. Орталыққа жұпыны киіммен түскен кәмелетке толмағанның сыртқы және ішкі киімдері ауыстырылады.

      23. Білім беру процесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Орталықта болу мерзімін, оқу дайындығының деңгейін ескере отырып ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағанның білім алуының нысаны туралы шешім психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен келісу бойынша қабылданады.

      24. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандарға осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке істер басталады, түпнұсқалары олар одан әрі орналасатын жерге жіберіледі.

      25. Орталықта ұсталатын кәмелетке толмағандармен профилактикалық және бейімдеу жұмысын ұйымдастыру Орталыққа орналастыру негіздерін, педагогикалық бақылаусыздық деңгейін, жасын, отбасылық-тұрмыстық жағдайларын ескере отырып, жүзеге асырылады.

      26. Арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандармен құқықтық оқыту және арнаулы білім беру ұйымында болудың алдағы жағдайларына әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу бойынша жұмыс жүргізіледі.

      27. Орталықтан шыққан кезде кәмелетке толмағандар тұрғылықты жерлеріне қатаң түрде ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің алып жүруімен немесе кәмелетке толмағанды Орталықтан шығару туралы бұйрықтың негізінде осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды қабылдау-беру туралы актісі бойынша оларды бұдан әрі орналастыру жерлеріне Орталықтың әлеуметтік педагогының алып жүруімен жеткізіледі.

      28. Арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар Орталықтың әлеуметтік педагогының алып жүруімен жеткізіледі.

      Жасөспірім қыздарды алып жүру тек әйел жынысындағы Орталықтың әлеуметтік педагогтары жүзеге асырады.

      29. Орталықтың әлеуметтік педагогының алып жүруімен Орталықтан шығатын кәмелетке толмағандар орналасатын жерге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы белгілеген нормалар бойынша тегін жолақымен және азық-түлікпен немесе жол жүру уақытына ақшамен қамтамасыз етіледі.

      30. Кәмелетке толмағанды Орталықтан шығарған кезде оның ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне Орталықта болғандығы туралы, денсаулығының қалпы туралы анықтамалар, үлгерімі жөніндегі табелі және педагогикалық-психологиялық мінездеме беріледі.

  Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтары
қызметінің үлгілік қағидасына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      нысан

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына кәмелетке
толмағандарды қабылдау актісі

      20__ жылғы "___" _________ "___" сағат "___" минут

      Мен,_________________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)

      _____________________________________________________________________

      (орталықтың атауы)

      азаматпен, ішкі істер органының қызметкерімен________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны,

      _____________________________________________________________________

      лауазымы, мекен жайы, телефоны)

      _____________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанды анықтаған орын, уақыт және жағдайлар)

      __________________________анықталған, кәмелетке толмағанды жеткізгені туралы акт жасалады.

      Кәмелетке толмағанның белгілері______________________________________

      (бойы, салмағы, жасы, сөйлей білуі ерекше

      _____________________________________________________________________

      белгілері (мендер, тыртықтар т.б.) денесіндегі жаңа жарақаттар,

      _____________________________________________________________________

      зорлық әрекеттерінің белгілері)

      Кәмелетке толмағаннан алынды_________________________________________

      (шыққан кезде қайтарылуға жататын заттар, құндылықтар және құжаттар)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанның тегін, аты-жөнін, жасын, ата-аналарын немесе

      басқа заңды тұлғаларын, тұрғылықты жерін, жұмыс

      _____________________________________________________________________

      орнын, ата-анасының лауазымын, маңызы бар басқа деректерді)

      ________________________________________________ анықтау мүмкін болды

      (сыртынан қарағанда кәмелетке толмағанның дені сау, ауру, дене жарақаты бар т.б.)

      Қолы _____________________________________________________________________

      (қаулыны толтырған лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні)

      _____________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанды жеткізген тұлғаның тегі)

  Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтары
қызметінің үлгілік қағидасына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      нысан

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген
кәмелетке толмағандарды есепке алу журналы

      _____________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының атауы)

      _____________________________________________________________________

      __ жылғы "___" _______ басталды.

      20__ жылғы "___" _______ аяқталды.

      Журналдың бағандары:

      Реттік нөмірі.

      Орталыққа жеткізілген күні мен уақыты.

      Кәмелетке толмағанның тегі, аты, әкесінің аты.

      Туған жылы, айы, күні.

      Ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері туралы мәліметтер.

      Тұрғылықты жері, телефоны (қажет болған жағдайда кәмелетке

      толмағанды тәрбиеленген балалар мекемесінің атауы көрсетіледі).

      Кім жеткізді (толық деректер).

      Орталыққа орналастырудың негізі.

      Орталықтан кеткен күні.

      Кәмелетке толмаған кімге және қайда жіберілді.

      Берудің негіздері.

      Кәмелетке толмағанды берген лауазымды адамның тегі (Орталықтың қызметкері).

      Кәмелетке толмағанды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қолы.

      Журнал нөмірленеді, тігіледі және Орталықтың директорының қолымен және мөрімен бекітіледі.

  Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтары
қызметінің үлгілік қағидасына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      нысан

№ ___ Есепке алу - статистикалық карточкасы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.03.2014 № 75 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тегі _____________________________________________________________

      2. Аты ______________________________________________________________

      3. Әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________________________

      4. Туған күні, айы, жылы және туған жері ____________________________

      5. Тұратын жері _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Білімі ___________________________________________________________

      (оқу орны, сынып, топ)

      7. Ата-анасы туралы мәліметтер ______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      _____________________________________________________________________

      туған күні, айы, жылы, тұратын жері, жұмысы)

      8. Орналастыру негізі (керегін сызу керек): осы Қағиданың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты сот қаулысы; осы Қағиданың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты қамқоршылық және қорғаншылық органының қаулысы негіз болып табылады; осы Қағиданың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағанды (дарды) Орталыққа жеткізген тұлғаның өтініші.

      9. Ішкі істер органдарында есепте тұрды ма: (иә, жоқ)________________

      _____________________________________________________________________

      10. Қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма: (иә, жоқ) ________________

      _____________________________________________________________________

      11. Ерекше белгілері ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ескертпе:

      Есепке алу-статистикалық карточкасының келесі жағы

№ р/б

Келген күні

Кеткен күні

Кімге және қашан берді

Есепке алу ісінің нөмірі


























  Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтары
қызметінің үлгілік қағидасына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      нысан

      № ___ Жеке ісі

      1. Тегі _____________________________________________________________

      2. Аты ______________________________________________________________

      3. Әкесінің аты _____________________________________________________

      Анықталған мәліметтер

      1. Тегі _____________________________________________________________

      2. Аты ______________________________________________________________

      3. Әкесінің аты _____________________________________________________

      (Туған күні, айы, жылы)

      20__ жылғы "___" _______ түсті.

      20__ жылғы "___" ______ кетті.

      _______ бетте.

      Жеке іске төмендегі құжаттар қоса беріледі:

      1. Кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қаулы.

      2. Кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдаудың актісі.

      3. Кәмелетке толмағанның жасын растайтын құжаттар.

      4. Ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің болуы, олардың тұратын жері туралы мәліметтер.

      5. Профилактикалық жұмыс жүргізу материалдары.

      6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама.

      7. Өзге де құжаттар.

  Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтары
қызметінің үлгілік қағидасына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      нысан

Кәмелетке толмағанды қабылдау - беру туралы Акт

      Мен,_________________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)

      20___ жылғы "___" __________ сағат ______ минутта кәмелетке толмаған

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, (кәмелетке толмағанды Орталыққа берген

      _____________________________________________________________________

      кездегі жолдаманың атауы мен нөмірі, лауазымды адамдардың тегі;

      _____________________________________________________________________

      ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне берген кезде кәмелетке

      _____________________________________________________________________

      толмағанды қабылдап алушы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туыстық

      _____________________________________________________________________

      дәрежесі, паспортының сериясы мен нөмірі, қашан және

      _____________________________________________________________________

      кімнің бергені, мекенжайы көрсетіледі) бердім.

      Кәмелетке толмағанмен бірге мынадай заттар, ақша, бағалы заттар,

      құжаттар берілді ____________________________________________________

      (атап көрсетіледі)

      Ескертпе ____________________________________________________________

      Тапсырдым

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, қолы)

      Қабылдап алдым ______________________________________________________

      (баланы қабылдап алған адамның тегі, қолы)

      20___ жылғы "___" ___________


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына 7-қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 25.05.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары қызметінің үлгiлік қағидалары

1-тарау. Негізгі ережелер

      1. Осы Қағидалар "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) және "Білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10283 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді және Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы (бұдан әрі – Орталық) қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;

      2) баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;

      3) өмірлік қиын жағдай – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген негіздер бойынша танылған ахуал;

      4) өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтары – тұрақты немесе уақытша (күндіз) болуды ұсына отырып, сондай-ақ қызметі өмірлік қиын жағдайдың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, делдалдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жолымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Орталық қызметінің тәртібі

      3. Орталықта күнтізбелік жыл ішінде өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық қызметтерді үш жастан он сегіз жасқа дейін:

      1) жетім балалар;

      2) ата-аналық құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабілетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - орган) қамқорлығынсыз қалған балалар;

      3) ата-аналарын немесе өзге де заңды өкiлдерiн анықтау үшін қадағалаусыз және панасыз қалған балалар;

      4) девиантты мінез-құлықты балалар;

      5) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар;

      6) қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар алады.

      7) қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Орталықтың негізгі міндеттері:

      1) жасына және денсаулық жағдайына неғұрлым барабар кәмелетке толмағандар үшін отбасылық жағдайға жақын өмір сүру жағдайларын жасау;

      2) кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне өмірлік қиын жағдайды еңсеруде әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;

      3) кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін анықтау бойынша жұмыс;

      4) кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс;

      5) Орталықта тұрған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      6) тәрбиеленушілердің жақын туыстарын анықтау және оларды жақын туыстарының отбасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда органдарға жәрдем көрсету;

      7) тәрбиеленушілерді асырап алушы отбасыларындағы (қорғаншылыққа, патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына) өмірге психологиялық дайындау.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін Орталықтардың штаттық саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне сәйкес белгіленеді.

      6. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-1. Орталықтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының базасында құрылуы мүмкін.

      Ескерту. 2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-2. Түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері кәмелетке толмағандар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталыққа өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарына кәмелетке толмағандарды қабылдау туралы актінің негізінде қабылданады.

      Ескерту. 2-тарау 6-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-3. Кәмелетке толмағандарды одан әрі күтіп бағу не орналастыру туралы мәселені шешу үшін Орталықтың қызметкерлері үш жұмыс күні ішінде органдарға панасыздық, қадағалаусыздық белгілері болуын негіздейтін, қамқоршысыз қалғанын не болмаса баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнгені туралы ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 2-тарау 6-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      7. Орталыққа жолдама беруді отбасының (баланың) өмірлік қиын жағдайда жүргенін растайтын органның қорытындысы негізінде үш жұмыс күні ішінде облыстың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың білім басқармасы жүзеге асырады.

      Өз бетімен және ерікті түрде өтініш білдірген балалар мен олардың заңды өкілдеріне консультациялық көмек білім басқармасының жолдамасынсыз көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Орталықта 12 адамнан аспайтын балалардың тұрақты болуы үшін үштен аспайтын түрлі жастағы топтар, сондай-ақ уақытша (күндізгі) топтар ұйымдастырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Орталыққа жіберілетін әрбір балаға орган:

      1) білім басқармасының жолдамасын;

      2) органның қорытындысын;

      3) Орталыққа орналастыру туралы ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өмірлік қиын жағдайда жүру себептерін көрсете отырып жазған өтінішін (еркін нысанда);

      4) баланың туу туралы куәлігін (жеке куәлігі) (бар болғанда);

      5) денсаулық жағдайы және екпелер туралы медициналық құжаттарды (бар болғанда);

      6) баланың білімі туралы құжаттарды (бар болғанда);

      7) отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін (бар болғанда);

      8) осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты сот қаулысын береді.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға:

      1) білім басқармасының жолдамасын;

      2) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияның шешімі;

      3) Орталыққа орналастыру туралы ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өмірлік қиын жағдайда жүру себептерін көрсете отырып жазған өтінішін (еркін нысанда);

      4) баланың туу туралы куәлігін (жеке куәлігі) (бар болғанда) береді.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға:

      1) Орталыққа орналастыру туралы ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өмірлік қиын жағдайда жүру себептерін көрсете отырып жазған өтінішін (еркін нысанда);

      2) баланың туу туралы куәлігін (жеке куәлігі) (бар болғанда) береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Заңды өкілдері болмаған жағдайда бала мен оның ата-анасы (заңды өкілдері) туралы қолда бар мәліметтер көрсетілген органның қорытындысы қоса беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Кәмелетке толмағандар орталықта оларға көмек көрсету және одан әрі орналастыру мәселелерін шешу үшін алты айдан аспайтын мерзімде болады, отбасына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайда, кәмелет жасқа толғанға дейін.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жетім баланың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың мәртебесі Орталыққа түскен сәттен бастап алты ай ішінде белгіленген жағдайда баланы Орталыққа тұрақты болуға қабылдау "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгілік қағидаларының 12-тармағына сәйкес бекітілген құжаттар тізбесінің негізінде, кейіннен отбасына қабылдағанға дейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Тәрбиеленушілердің тұруын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелді) бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өмірлік қиын жағдайдағы
балаларды қолдау орталықтары
қызметінің үлгілік қағидаларына
қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына қабылдау актісі

      Ескерту. Қағида 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "___" _________ Қала, аудан___________

      Мен,__________________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, әкесінің аты)

      ______________________________________________________________________

      (орталықтың атауы)

      ______________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанды жеткізген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      ______________________________________________________________________

      (бар болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы, мекенжайы, телефоны)

      ______________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанды анықтаған орын, уақыт және жағдайлар)

      __________________________анықталған, кәмелетке толмағанды жеткізгені туралы

      акт жасалады.

      Кәмелетке толмағанның белгілері ______________________________________

      (бойы, салмағы, жасы, сөйлей білуі ерекше

      ______________________________________________________________________

      белгілері (меңдер, тыртықтар т.б.) денесіндегі жаңа жарақаттар,

      ______________________________________________________________________

      зорлық әрекеттерінің белгілері)

      Кәмелетке толмағаннан алынды _________________________________________

      (шыққан кезде қайтарылуға жататын

      ______________________________________________________________________

      заттар, бағалы заттар және құжаттар)

      ______________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанның тегін, аты-жөнін, жасын, ата-аналарын немесе

      басқа заңды тұлғаларын, тұрғылықты жерін, жұмыс

      ______________________________________________________________________

      орнын, ата-анасының лауазымын, маңызы бар басқада деректерді) (сыртынан

      қарағанда кәмелетке толмағанның дені сау, ауру, дене жарақаты бар)

      _________________________________________________ анықтау мүмкін болды

      Қолы _________________________________________________________________

      (актіні толтырған лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      ______________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанды жеткізген тұлғаның тегі)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына 8-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары

      Ескерту. Бұйрық 8-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-бөлім. Негізгі ережелер

      1. Осы Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағида) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің (бұдан әрі – мектеп-интернат) тәртібін айқындайды.

      2. Мектеп-интернатта әртүрлі жастағы және бірыңғай жастағы балалардан тәрбиелеу топтар құрылады. Топтағы балалар саны 15 адамнан аспауы тиіс

      2-1. Мектеп-интернаттар жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін.

      Ескерту. 1-бөлім 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 23.05.2018 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-бөлім. Мектеп-интернат қызметінің тәртібі

      3. Мектеп-интернатқа жыл бойы 6 мен 18 жас аралығындағы:

      1) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар жетім балалар;

      2) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.

      4. Медициналық көрсеткiштер бойынша немесе басқа бiр себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиiс болатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi болып табылатын немесе туыстық қатынастағы балалар бiр мектеп-интернатына жiберiледi.

      5. Балаларды мектеп-интернатқа орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 12-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың негізінде Орталыққа тұрақты тұруға қабылдау негіз болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2019 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мектеп-интернатта медициналық қызмет көрсетудi штаттық медициналық персонал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      7. Мектеп-интернатта тұру мен тәрбиелеуді ұйымдастыру тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

      8. Мектеп-интернаттағы сыныптардың толымдылығы 12 баладан аспауы тиіс.

      Мектепалды дайындық сыныптарының толымдылығы 8 адамнан аспауы тиіс.

      Ақыл-ойы кенжелеп қалған және күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған сыныптардың толымдылығы 3-тен 6 адамға дейін.

      9. Ақыл - ой кемістігінің күрделі түрі бар білім алушы кейбір пәндерден оқу бағдарламасын игере алмаған жағдайда оны оқыту жеке жоспар бойынша жүргізіледі және оның білімі жеке жетістіктеріне сәйкес бағаланады. Балаларды жеке жоспар бойынша оқытуға көшіру мектеп-интернаттың педагогикалық кеңесінің үлгермеу себептерін зерделеу арқылы қабылданған шешімнің негізінде жүзеге асырылады. Педагогтердің әр пән бойынша жеке жоспарлары әр оқу жылына жасалады және педагогикалық кеңесте бекітіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мектеп-интернаттың оқу-тәрбие қызметі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 8424 болып тіркелген) бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Мектеп-интернатта тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгі мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, тәрбиеленушілер мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидатында жүргiзіледi.

      12. Мектеп-интернатта тәрбиеленушілердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған әртүрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылады.

      13. Мектеп-интернат тәрбиенушілердің қызығушылығын ескере отырып, олардың жалпы бiлiм беретiн мектептегі, оқушылар сарайлары мен үйлерiндегі, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларындағы, спорт және музыка мектептерiндегі, сондай-ақ басқа да мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарындағы үйiрмелер мен секцияларға баруын қамтамасыз ету арқылы белсенді нығайған тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

      14. Еңбекке баулу және үйрету тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқыту шеберханаларында, қосалқы шаруашылықтарында, кәсіпорындарда, ұйымдарда жүзеге асады.

      15. Мектеп-интернатты басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидалар мен мектеп-интернат жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Мектеп-интернаттың алқалық басқару нысандары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 44-бабының 9-тармағына сәйкес педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес болып табылады.

      17. Мектеп-интернатты басқаруды басшы жүзеге асырады.

      18. Мектеп-интернаттың басшысы:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мектеп-интернаттың қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) өзге ұйымдармен өзара қатынаста мектеп-интернаттың атынан өкілдік етеді;

      3) мектеп-интернаттың жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

      19. Мектеп-интернаттың басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру Заңға сәйкес бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.

      Ескерту. 19-тармаққа орыс тілінде өзгерту енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Мектеп-интернаттың басшылары мен педагогтері Заңға сәйкес аттестаттаудан өтуге тиіс.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Білім беру ұйымының персоналын жинақтау тәртібі "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен және оның жарғысымен регламенттеледі.

      22. Мектеп-интернаттың қызметін бақылау "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.