Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17657 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығымен
бекітілген

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.11.2022 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

      Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.06.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.12.2020 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) 5-3-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) мынадай түрлері: ұлттық зерттеу университеттері, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, зерттеу университеттері, университеттер, академиялар, институттар және оларға теңестірілген (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) ұйымдар ұсынады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. ЖЖОКБҰ міндеті – ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасу мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау.

      4. ЖЖОКБҰ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, білім беру және ғылыми қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидалар мен Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

      Әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) өз қызметін "Білім туралы" Заңның 5-1-бабына сәйкес бекітілетін нормативтік құқықтық актілердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.11.2022 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.06.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. ЖЖОКБҰ-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және ЖЖОКБҰ жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалық қағидаттарында жүзеге асырылады.

      ӘАОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, ӘАОО қызметінің қағидаларына, ӘАОО жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. ЖЖОКБҰ-дағы басқару органдары олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарай құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін директорлар кеңестері және (немесе) байқау кеңестері болып табылады.

      ЖЖОКБҰ алқалы басқару нысандарын (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңесті, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңесті, оларды сайлау тәртібін қоса алғанда, олардың жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын "Білім туралы" Заңның 44-бабының 9-тармағына сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      ЖЖОКБҰ басқару органдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ЖЖОКБҰ-ның ішкі ережелерімен регламенттеледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      7. ЖЖОКБҰ өздерінің даму стратегияларын және (немесе) даму бағдарламаларын және (немесе) даму жоспарларын әзірлейді және олардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді.

      8. ЖЖОКБҰ қызметін тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ЖЖОКБҰ басшысы жүзеге асырады.

      9. ЖЖОКБҰ проректорларын тағайындау, олардың саны және лауазымдық өкілеттіліктері ЖЖОКБҰ-ның ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

      ӘАОО-да Қазақстан Республикасының қолданыстағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес тағайындалатын басшының орынбасарлары болады.

      10. ЖЖОКБҰ басшысы ЖЖОКБҰ-ның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, заңнамада белгіленген тәртіппен ЖЖОКБҰ мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады.

      11. ЖЖОКБҰ басшысы алқалы басқару қағидаттарында ЖЖОКБҰ-ны басқаруды жүзеге асырады, білім алушылардың даярлық сапасын, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. ЖЖОКБҰ-ның басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. ӘАОО-да басшы Қазақстан Республикасының қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен аттестаттаудан өтеді.

      13. Сот төрелігі академиясының, ӘАОО-ның басшыларын қоспағанда, ЖЖОКБҰ-ның басшысы жыл сайын стратегиялық даму және даму жоспары бойынша басқару органдары алдында есеп береді, сондай-ақ оқу жылының аяқталуы бойынша қоғамдастықпен ЖЖОКБҰ-ның оқу, ғылыми-зерттеу және қаржылық қызметі мәселелері жөнінде есеп беру кездесулерін өткізеді.

      ЖЖОКБҰ-ның қаржылық есебі алдын ала басқару органдарымен келісіледі.

      14. ЖЖОКБҰ персоналын басқару оның кадрлық саясатына сәйкес жүзеге асырылады, ол қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен адам ресурстарын дамыту, рекрутингті, ЖЖОКБҰ қызметкерлерін ЖЖОКБҰ педагогикалық және ғылыми қызметкерлерінің кәсіби өсуіне ынталандыруды қамтитын меритократия қағидаттарына негізделеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. ЖЖОКБҰ жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлер кандидатураларына қойылатын талаптарды "Білім туралы" Заңның 43-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын айқындау арқылы белгілейді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ дәрістердің оқуын "ғылым кандидаты" және (немесе) "ғылым докторы" ғылыми дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор", дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі, және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)", немесе "профессор" (бар болған жағдайда), сондай-ақ тиісті ғылымдар бойынша магистр дәрежесі бар оқытушылармен және (немесе) қызметінде өтілі кемінде үш жыл немесе бейін бойынша кемінде бес жыл практикалық өтілі бар аға оқытушылармен қамтамасыз етеді.

      Дәрістерді оқуға және (немесе) оқу сабақтарының басқа да түрлерін өткізуге кадрлар даярлау бағытының бейініне сәйкес келетін экономика саласында практикалық жұмыс тәжірибесі бар ғылыми қызметкерлер, еңбек сіңірген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе тәжірибелі мамандар тартылуы мүмкін.

      ӘАОО-да және Сот төрелігі академиясында дәріс сабақтарын өткізуге, білім алушылардың дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік етуге "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына және 5-2 бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында айқындалған мамандар жіберіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2023 № 526 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      16. ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларын әзірлейді бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

      ӘАОО-ның профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      17. ЖЖОКБҰ өз құрылымын қалыптастырады және бекітеді. Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер ЖЖОКБҰ қызметінің барлық бағыттары мен түрлерін қамтиды.

      Коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – КеАҚ) нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-да академиялық саясат жөніндегі міндеттерді тікелей іске асыратын ЖЖОКБҰ академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру және тарату туралы шешімдер қабылдау директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

      ӘАОО құрылымын "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 3-тарауының 19-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді әзірлейді бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

      19. Штаттық кестені ЖЖОКБҰ айқындайды және жыл сайын оның басшысы (атқарушы орган) бекітеді.

      КеАҚ нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-ларда штаттық кестені директорлар кеңесі "Білім туралы" Заңның 44-бабының 9-2-тармағына сәйкес бекіткен штат саны шегінде атқарушы орган бекітеді.

      ӘАОО-да штаттық кестені тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің оқу жүктемесінің нормалары, еңбегіне ақы төлеу нысандары мен мөлшері "Білім туралы" Заңның 52-бабына сәйкес белгіленеді.

      Бұл ретте профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесі ЖЖОКБҰ оқу жүктемесінің нормаларын ескере отырып және білім алушылардың жеке оқу жоспарлары, оқу сабақтарының кестелері негізінде айқындалады.

      ӘАОО-да қызметкерлердің оқу жүктемесінің нормалары, еңбегіне ақы төлеу нысандары мен мөлшерлері қолданыстағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамаға сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметі академиялық саясат негізінде жүзеге асырылады, ол білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және студентке бағдарланған оқытуды іске асыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар, қағидалар және рәсімдер жүйесін білдіреді.

      22. Академиялық саясат ЖЖОКБҰ-ның алдында тұрған басымдықтар мен міндеттерді ескере отырып, ғылым және жоғары білім саласындағы қолданыстағы заңнама негізінде әзірленеді және сақталады.

      Академиялық саясаттың құрылымы мен бағыттарын ЖЖОКБҰ айқындайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. ЖЖОКБҰ-да оқу жылы қыркүйек айынан, бейіндік магистратура бағдарламалары бойынша қыркүйек және қаңтар айларынан басталып, академиялық күнтізбеге сәйкес аяқталады.

      ӘАОО-дағы оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайды.

      24. Білім алушыларды қабылдауды жүзеге асыру үшін ЖЖОКБҰ "Білім туралы" Заңның 5-3-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

      ӘАОО-ға білім алушыларды қабылдау "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген Тиісті деңгейдің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдаудың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ білім алушыларды қабылдауды, ауыстыруды және қайта қабылдауды "Білім туралы" Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 6), 10) тармақшаларына, 44-бабының 9-2-тармағына сәйкес ЖЖОКБҰ-ның Үлгілік қағидаларында, ЖЖОКБҰ-да ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында көзделген растайтын құжатты тіркей отырып, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      ЖЖОКБҰ бітірушілерге білім туралы құжаттарды бергеннен кейін бір ай ішінде осы деректерді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      ЖЖОКБҰ берілген білім туралы құжаттар бойынша ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және білім туралы құжаттардың, оның ішінде бұрын берілген құжаттардың электрондық базасын (архивін) құрады.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізілетін деректердің дұрыстығын ЖЖОКБҰ қамтамасыз етеді.

      ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31894 болып тіркелген) бекітілген 17-қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың және оларды есепке алу мен беру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерін және білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын ЖЖОКБҰ бекітеді.

      ЖЖОКБҰ білім алушылардың оқу үшін ақы төлеу мөлшері мен ақы төлегендігі туралы мәліметтерді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      КеАҚ нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-да жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерін бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      26. ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Қашықтықтан оқытуды және онлайн-оқытуды ұсынатын ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген қашықтықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптардың және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген).

      ӘАОО-да қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес бекітілген қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. ЖЖОКБҰ оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт нормаларын, оқу жұмысы, оқыту технологиялары арасында, оның ішінде ҚБТ пайдаланумен уақыт көлемінің арасалмағын анықтайды.

      29. Білім алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстары (курстық, дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар) мәтінді пайдалану және басқа тілден аударылған мәтінді пайдаланумен қоса мағынаны (парафраз) өзгертусіз сөйлемдерді және пікірлерді синонимдік ауыстырумен бөтен мәтінді пайдалану (бұдан әрі – бөтен мәтінді пайдалану) нысанына тексеруден өтеді.

      Бөтен мәтінді пайдалану нысанына тексерудің қағидаларын ЖЖОКБҰ әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

      Бөтен материалды пайдалануды анықтау жүйелерінде тексерілген докторлық диссертациялар Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының базасында сақталады.

      Оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің жарияланымға ұсынылған ғылыми жұмыстары, сондай-ақ білім алушылардың дипломдық жұмыстары (жобалары), магистрлік диссертациялары (жобалары) қарыз алуды анықтау жүйелерінде тексеру рәсімінен өтеді.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. ЖЖОКБҰ оқытушысы білім беру бағдарламалары, оқу бағдарламалары (силлабус) және ең үздік халықаралық білім беру практикасы негізінде оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу тәсілдері мен нысандарын, оқыту әдістерін таңдау еркіндігіне ие.

      31. ЖЖОКБҰ осы Қағидалардың нормаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

      Білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖЖОКБҰ-дан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, соғыс уақытында, сондай-ақ, оқу еліндегі қарулы, әскери қақтығыстар жағдайында Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды шетелдік ЖЖОКБҰ-дан ауыстыру және қайта қабылдау оқу жылы ішінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушы қайта қабылдау кезінде оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады немесе қайта қабылданады.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және одан айыру туралы шешім қабылдаған кезде осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және одан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап ағымдағы семестр ішінде оқуын жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.

      Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы ерікті түрде тоқтатылған немесе ЖЖОКБҰ таратылған кезінде, осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы ерікті түрде тоқтатылған немесе ЖЖОКБҰ-ны тарату туралы ЖЖОКБҰ ерікті түрде қайтарған күннен бастап ағымдағы семестр ішінде оқуын жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.

      Аккредиттеу тоқтатыла тұрған, қайтарып алынған немесе қолданылу мерзімі өткен кезінде, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушысы аккредиттеуді тоқтата тұру, қайтарып алу немесе қолданылу мерзімінің өтуі туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде оқуын жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.

      ЖЖОКБҰ-ның білім алушысы жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, оқудан шығарылғаннан кейін ауыстырылады немесе қайта қабылданады.

      Білім алушыны ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру "Білім туралы" Заңның 5-3-бабының 26) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып, басқа ЖЖОКБҰ-ға ауысады.

      Білім алушының ауысуы кезінде қабылдайтын ЖЖОКБҰ даярлау бағытын, білім беру бағдарламасының бейінін, оқу жетістіктерін, сондай-ақ білім алушының академиялық адалдықты бұзу жағдайларын ескереді.

      Білім алушының ауысуы немесе қайта қабылдануы кезінде оқыту нәтижелерін қайта есептеу үшін ЖЖОКБҰ тиісті комиссия құрады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы бар, сондай-ақ білім беру саласы бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген ұлттық және (немесе) шетелдік аккредиттеу органдарының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі бар ЖЖОКБҰ-да жүзеге асырылады.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, кері қайтарып алу және одан айыру, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын ерікті түрде тоқтату немесе ЖЖОКБҰ-ны тарату, аккредиттеудің қолданылуын тоқтата тұру, кері қайтарып алу немесе мерзімі өткені туралы шешім қабылдаған кезде білім алушылардың осы ЖЖОКБҰ-ға ауысуы немесе қайта қабылдануы жүзеге асырылмайды.

      Жекелеген ЖЖОКБҰ-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде ғана ауысады.

      Студенттерді, магистранттарды, резидентура тыңдаушыларын басқа ЖЖОКБҰ-дан ұлттық ЖЖОКБҰ-ға немесе өзге де ЖЖОКБҰ-ға ауыстыру білім алушылардың білім беру грантының құнындағы айырмашылықты қосымша төлеу шартымен жүзеге асырылады.

      Білім алушының шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобынан басқа білім беру бағдарламаларының тобына ауысуы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) белгіленген өту балынан төмен емес балы бар ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Білім алушыны жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының басқа топтарынан педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларына ауыстыру Үлгілік қағидаларға сәйкес балы белгіленген шекті балдан төмен емес ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты болған кезде жүзеге асырылады.

      Шетелдік ЖЖОКБҰ-лардан білім алушылардың ауысуы білім берудің тиісті деңгейі, білім беру саласы және қабылдау жылы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан және (немесе) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің білім беру саласы бойынша аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және (немесе) шетелдік аккредиттеу органдарының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі бар ЖЖОКБҰ-да жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ білім алушыларды ауыстыру, оқудан шығару, қабылдау туралы шешім шығарылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне тиісті өзгерістер енгізеді.

      ӘАОО-ларда білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидалары "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес бекітіледі.

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, кері қайтарып алу және одан айыру, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын ерікті түрде тоқтату немесе ЖЖОКБҰ-ны тарату, аккредиттеудің қолданылуын тоқтата тұру, кері қайтарып алу немесе мерзімі өткені туралы шешім қабылдаған кезде ЖЖОКБҰ білім алушыларды міндетті түрде хабардар ете отырып, ЖЖОКБҰ-ның ресми сайтында тиісті ақпаратты орналастырады.

      Бұл ретте ақпарат ЖЖОКБҰ ресми веб-ресурсының басты бетінде орналастырылады. Ақпарат сайт (header) (хэдер) тақырыбының үстінде, қаріп өлшемі кемінде 20 пиксель (px), шрифт - қалың, жаңалықтар блогында (негізгі бетте бар болса) орналастырылады. Ақпарат тізімнің бірінші орнында жарияланады және жаңа жаңалықтар қосылғанда төмен жылжымайды.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      32. Білім алушыға академиялық демалыс сырқаты бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде, босанғанда, бала асырап алған жағдайда 3 жасқа толғанға дейін беріледі.

      Білім алушыларға академиялық демалыс беру тәртібін ЖЖОКБҰ анықтайды және сақталуын қамтамасыз етеді.

      33. ЖЖОКБҰ-ның оқу-әдістемелік жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген) Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.

      ӘАОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында ЖЖОКБҰ еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ESG-исиджи) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін құрады және сақталуын қамтамасыз етеді, ол мыналарды қамтиды:

      1) сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат;

      2) бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту;

      3) студентке бағдарланған оқыту, сабақ беру және бағалау;

      4) білім алушыларды қабылдау, олардың үлгерімі, тану және сертификаттау;

      5) оқытушылар құрамы;

      6) оқу ресурстары және білім алушыларды қолдау жүйесі;

      7) ақпаратты басқару;

      8) жұртшылықты хабардар ету;

      9) тұрақты мониторинг және бағдарламаларды мерзімді бағалау;

      10) сыртқы мерзімді сапаны қамтамасыз ету.

      Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ факультетінің (мектептің) базасында білім беру бағдарламаларының мазмұны және оларды іске асыру жағдайы бойынша, бағалау саясаты және факультеттің (мектептің) өзге де академиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын (комитет, комиссия), білім беру бағдарламалары және (немесе) пәндер/модульдер сапасының сәйкес келуіне, академиялық адалдықты бұзу фактілерінің болуына білім алушылар арасында сауалнама ұйымдастыратын академиялық сапа жөніндегі кеңес құрылады.

      Академиялық сапа жөніндегі кеңестің (комитеттің, комиссияның) құрамына оқытушылар, білім алушылар, ЖЖОКБҰ әкімшілік-басқару персоналының өкілдері кіреді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Академиялық адалдық оқыту процесінің негізі болып табылады және оны іске асыруды ЖЖОКБҰ қамтамасыз етеді.

      Академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары:

      1) академиялық жұмыста адалдық пен өзара сыйластықты қалыптастыратын негізгі институционалдық құндылық ретінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету;

      2) жоғары әдеп құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған академиялық адалдықтың әділетті және объективті қағидаларын бекіту;

      3) басқа білім беру ұйымдарының верификацияланатын транскриптері негізінде білім алушының кредиттерін қайта есептеудің нақты тетігін және рәсімін анықтау жолымен білім алушының жүйелі және үздіксіз оқу траекториясын қамтамасыз ету;

      4) академиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін оқытушы ретінде оқытушыға құрмет көрсету;

      5) академиялық адалдықты ілгерілету және қорғау үшін білім беру процесінің қатысушыларын көтермелеу және ынталандыру;

      6) оқытушының пәннің нақты саясатын, білім алушыдан күтілетін талаптарды анықтауы;

      7) оқытушының білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нақты параметрлері саясатын анықтауы;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін шаралар қабылдау;

      9) білім алушыларға білім беру, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсететін және академиялық ұждансыздықты көрсетудің алдын-алуға көмектесетін академиялық ортаны жасау.

      36. ЖЖОКБҰ мыналарды қамтитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту үшін арнайы жағдайлар жасайды және олардың сақталуын қамтамасыз етеді: онсыз ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін емес оқытудың арнайы әдістері, техникалық, оқу құралдары, тіршілік ортасы, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтері.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Кәсіптік практика кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады.

      Кәсіптік практика оқу, педагогикалық, зерттеу, өндірістік және диплом алды деген түрлерге бөлінеді.

      ЖЖОКБҰ кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласының білім алушылары үшін педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын ЖЖОКБҰ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірлейді және бекітеді.

      Негізгі білім беру бағдарламасын (Major) (мейжор) және қосымша білім беру бағдарламасын (Міnor) (минор) іске асыру кезінде негізгі білім беру бағдарламасының (Major) (мейжор) бейініне сәйкес келетін ұйым (кәсіпорын) практика базасы ретінде айқындалады.

      Кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысанын ЖЖОКБҰ айқындайды.

      Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны білім беру бағдарламасымен айқындалады.

      Кәсіптік практиканы өткізу базасы ретінде кәсіптік практикаға жетекшілік ету үшін білікті кадрлары мен материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.

      ӘАОО-да кәсіптік практика мен тағылымдаманың барлық түрлері бойынша бағдарламаларды әзірлеу және бекіту тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары білім алушыларының кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен айқындалады.

      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 48) тармақшасына сәйкес бекітілген Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін ЖЖОКБҰ-да тіркеу офисі құрылады.

      ӘАОО-да оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесі құрылады.

      40. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін ЖЖОКБҰ өзінің академиялық саясатына және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шкаласына және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша айқындайды және сақтайды.

      Бұл ретте ЖЖОКБҰ білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау, сабаққа қатысуы туралы деректерді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      Тілдер бойынша (қазақ, шет тілі, орыс) білім алушылардың оқудағы жетістіктері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес білім алушылардың шет тілдері бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік үлгіге және ECTS (иситиэс) дәстүрлі бағалар шкаласына сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

      Тілді меңгеру деңгейі шет тілді меңгерудің жалпыеуропалық құзыретіне (бұдан әрі - ЖЕҚ) (А1, А2, В1, В2, С1, С2) сәйкес болады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      41. Білім алушы ЖЖОКБҰ-дан келесі жағдайларда оқудан шығарылады:

      1) академиялық үлгермеушілігі;

      2) академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін;

      3) Ішкі тәртіп қағидалары мен ЖЖОКБҰ жарғысын бұзғаны үшін;

      4) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемеген жағдайда;

      5) өз еркімен.

      42. "FХ" "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда оқу пәнінің (модульдің) бағдарламасын қайталап өтпей-ақ ЖЖОКБҰ-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) бір реттен артық емес қайта тапсыруға рұқсат беріледі.

      "F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда білім алушы осы оқу пәніне (модульге) қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды тапсырады.

      ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім алушыға ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт жазылады.

      Транскрипте FX және F бағаларымен қоса барлық қорытынды бағалары көрсетіліп, білім алушы игеріп алған барлық оқу пәндері және (немесе) модульдер жазылады.

      43. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады және оның құрамын ЖЖОКБҰ белгілейді.

      ӘАОО-да қорытынды аттестаттауды өткізу үшін "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары бойынша Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрылады.

      44. Аттестаттау комиссияның құзыретіне төмендегілер кіреді:

      1) білім беру бағдарламалары белгілеген талаптарға сай бітіруші мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;

      2) бітірушіге бакалавр немесе магистр дәрежесін беру немесе тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "маман" біліктілігін беру;

      3) кадрлар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

      45. Бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

      46. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта тапсыруға, сондай-ақ диплом жұмысын (жобасын), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.

      47. Қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушы "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған" немесе "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: кешенді емтиханды тапсыра алмаған" деп ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ЖЖОКБҰ-дан оқудан шығарылады.

      ӘАОО-да қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған" немесе "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: кешенді емтиханды тапсыра алмаған" ретінде ЖЖОКБҰ-дан шығарылады.

      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын игергенін растаған және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға аттестаттау комиссияның шешімімен тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері немесе маман біліктілігі тағайындалады және қосымшасы бар диплом тегін негізде беріледі.

      Диплом қосымшасында оқудың және (немесе) ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының барлық түрлері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білімді бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.

      49. ЖЖОКБҰ білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды "Білім туралы" Заңның 39-бабының 5-1-тармағына сәйкес айқындайды.

      Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттардың нөмірлері мен QR кодтары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ұсынатын арнайы сервисте жасалады.

      Генерацияланған нөмірлері және QR кодтары жоқ өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттар жарамсыз деп есептеледі.

      КеАҚ нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-да білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      50. Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің (қорытынды аттестациядан басқа) басқа түрлері бойынша А, А – "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ қорытынды аттестацияны А, А – "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.

      Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) Дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын оқып бітірген бітірушілердің тізімі, ӘАОО-ны қоспағанда, олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), білім беру бағдарламасы және берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне орналастырылады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. ЖЖОКБҰ кадрларды даярлау бағыты бөлінісінде бітіру жылы ішінде бітірушілердің кемінде 50%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ түлектеріне құрылған жұмыс орындарының санына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда жоғары оқу орны бітірушілердің кемінде 50%-ын кадрларды даярлау бағыты бөлінісінде бітіргеннен кейінгі екі жыл ішінде жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.

      54. ЖЖОКБҰ-ның тәрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль және адамгершілік, конфессияаралық толеранттылықтың құқықтық мәдениетін, сондай-ақ білім алушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

      ӘАОО-да тәрбие жұмысы "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары қызметінің қағидаларында айқындалған қосымша жұмыс түрлерін қамтиды.

      55. Тәрбие қызметі білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының адами қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ-да тәрбие жұмысы қазақстандық бірегейлік пен бірлік, "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы рухани-адамгершілік құндылықтары, салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне атымен төзбеушілік негізінде жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ білім алушылар өз еркімен құрған студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызмет етуін қамтамасыз етеді. Студенттік өзін-өзі басқару органдары студенттер құрамынан төрағаны және төраға орынбасарын тағайындайды және оларға білім алушылардың мүдделері жөніндегі мәселелерді талқылау кезінде ЖЖОКБҰ-ның алқалы басқару органның отырыстарына қатысуға рұқсат етіледі.

      56. ЖЖОКБҰ-дағы ғылыми-зерттеу жұмыс қызмет түрлеріне сәйкес:

      1) іргелі, қолданбалы, іздеу (бастамашылық), ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде инновациялық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізуді;

      2) тапсырыс бойынша, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды;

      3) студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды;

      4) оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізуді әзірлеуді;

      5) ӘАОО-ны қоспағанда, зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыруды, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың тетігін құруды және ендіруді;

      6) зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды қамтиды.

      57. ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және сақталуын қамтамасыз етеді.

      ЖЖОКБҰ шетелдік білім беру, ғылыми және мәдени ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстарды орнатады, ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысады, ғылым және жоғары білім саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болады.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ шет мемлекеттің мәдениетімен, дәстүрлерімен, тұрмыс-салттарымен және тілін игерумен байланысты қызметі бар шетелдік құрылымдық бөлімшелерді (институттарды, орталықтарды, кафедраларды және т.б.) ашу мәселесін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша ЖЖОКБҰ халықаралық ынтымақтастықты іске асыру және шетелдік құрылымдық бөлімшелердің (институттардың, орталықтардың, кафедралардың) қызметі туралы есептерді жолдайды.

      ӘАОО-лар шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысады, тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ғылым және жоғары білім саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болады.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. ӘАОО халықаралық шарттар мен келісімшарттарға сәйкес шетелдік азаматтар қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асырады.

      59. ЖЖОКБҰ-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.

      60. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық басылымдарды қамтиды.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. ЖЖОКБҰ білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің (веб-сайтты, ақпараттық-білім беру порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру орта) және кең жолақты әрі жоғары жылдамдықты интернетке қосылған тармақталған компьютерлік желінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ ақпараттық жүйелерін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ-ның басшысы ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен әкімшілік деректер нысандарының толықтығын, нақтылығын және уақтылы толтырылуын қамтамасыз етеді.

      Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті жылдағы қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері бар ақпаратты ЖЖОКБҰ сайтында орналастырады.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.08.2023 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      62. Мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен ЖЖОКБҰ үшін шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі меншікті материалдық активтермен ЖЖОКБҰ кемінде 5% қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Қаржылық ресурстар көздеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асырудан алынған бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат көздері жатады.

      64. ЖЖОКБҰ қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде бөлінген бюджеттік қаражатты және бюджеттен тыс қаражатты жұмсайды.

      65. ЖЖОКБҰ-да жұмыс істейтін жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс беру "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Шығармашылық демалыс беру, сондай-ақ жұмыспен өтеу немесе шығыстардың орнын толтыру тәртібі мен шарттары ЖЖОКБҰ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.

      Ескерту. Қағидалар 65-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.06.2024 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары қызметінің үлгілік
қағидаларына
1-қосымша

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

Балдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары қызметінің үлгілік
қағидаларына
2-қосымша

Білім алушылардың шет тілдері бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік үлгіге және ECTS (иситиэс) дәстүрлі бағалар шәкілесіне сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Жалпыеуропалық шет тілді меңгерудің құзыреті (бұдан әрі – ОЕК) бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А1

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А2

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

В1

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

В2

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

С1

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

С2

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз