"Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер м

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қаңтарда № 16286 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 8544 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары қызметінің үлгілік қағидалалары;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағида) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері қызметінің (бұдан әрі - балалар үйі) тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:

      7-тармағы алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрi - Қағида) Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығында (бұдан әрi - Орталық) кәмелетке толмағандарды ұстаудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

      Орталықтар кәмелетке толмағандарды уақытша ұстауды және қабылдауды қамтамасыз ететін білім беру органдарының қарауындағы мемлекеттік ұйым болып табылады.";

      Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидасына 1-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтары
қызметінің үлгілік қағидасына
1-қосымша";

      Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидасына 2-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтары
қызметінің үлгілік қағидасына
2-қосымша";

      Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидасына 3-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтары
қызметінің үлгілік қағидасына
3-қосымша";

      Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидасына 4-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтары
қызметінің үлгілік қағидасына
4-қосымша";

      Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидасына 4-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кәмелетке толмағандардың
бейімдеу орталықтары
қызметінің үлгілік қағидасына
5-қосымша";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Н.Ә. Оршубеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 8 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына 8-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары 1-бөлім. Негізгі ережелер

      1. Осы Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағида) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің (бұдан әрі – мектеп-интернат) тәртібін айқындайды.

      2. Мектеп-интернатта әртүрлі жастағы және бірыңғай жастағы балалардан тәрбиелеу топтар құрылады. Топтағы балалар саны 15 адамнан аспауы тиіс

2-бөлім. Мектеп-интернат қызметінің тәртібі

      3. Мектеп-интернатқа жыл бойы 6 мен 18 жас аралығындағы:

      1) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар жетім балалар;

      2) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.

      4. Медициналық көрсеткiштер бойынша немесе басқа бiр себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиiс болатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi болып табылатын немесе туыстық қатынастағы балалар бiр мектеп-интернатына жiберiледi.

      5. Балаларды мектеп-интернатқа орналастыру үшін "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысының 12-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттармен бірге жергілікті атқарушы органның балалар үйіне жолдау туралы шешімі негіз болып табылады.

      6. Мектеп-интернатта медициналық қызмет көрсетудi штаттық медициналық персонал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      7. Мектеп-интернатта тұру мен тәрбиелеуді ұйымдастыру тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

      8.Мектеп-интернаттағы сыныптардың толымдылығы 12 баладан аспауы тиіс.

      Мектепалды дайындық сыныптарының толымдылығы 8 адамнан аспауы тиіс.

      Ақыл-ойы кенжелеп қалған және күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған сыныптардың толымдылығы 3-тен 6 адамға дейін.

      9. Ақыл - ой кемістігінің күрделі түрі бар білім алушы кейбір пәндерден оқу бағдарламасын игере алмаған жағдайда оны оқыту жеке жоспар бойынша жүргізіледі және оның білімі жеке жетістіктеріне сәйкес бағаланады. Балаларды жеке жоспар бойынша оқытуға көшіру мектеп-интернаттың педагогикалық кеңесінің үлгермеу себептерін зерделеу арқылы қабылданған шешімнің негізінде жүзеге асырылады. Педагог қызметкерлердің әр пән бойынша жеке жоспарлары әр оқу жылына жасалады және педагогикалық кеңесте бекітіледі.

      10. Мектеп-интернаттың оқу-тәрбие қызметі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 8424 болып тіркелген) бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Мектеп-интернатта тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгі мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, тәрбиеленушілер мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидатында жүргiзіледi.

      12. Мектеп-интернатта тәрбиеленушілердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған әртүрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылады.

      13. Мектеп-интернат тәрбиенушілердің қызығушылығын ескере отырып, олардың жалпы бiлiм беретiн мектептегі, оқушылар сарайлары мен үйлерiндегі, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларындағы, спорт және музыка мектептерiндегі, сондай-ақ басқа да мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарындағы үйiрмелер мен секцияларға баруын қамтамасыз ету арқылы белсенді нығайған тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

      14. Еңбекке баулу және үйрету тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқыту шеберханаларында, қосалқы шаруашылықтарында, кәсіпорындарда, ұйымдарда жүзеге асады.

      15. Мектеп-интернатты басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидалар мен мектеп-интернат жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Мектеп-интернаттың алқалық басқару нысандары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 44-бабының 9-тармағына сәйкес педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес болып табылады.

      17. Мектеп-интернатты басқаруды басшы жүзеге асырады.

      18. Мектеп-интернаттың басшысы:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мектеп-интернаттың қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) өзге ұйымдармен өзара қатынаста мектеп-интернаттың атынан өкілдік етеді;

      3) мектеп-интернаттың жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

      19. Мектеп-интернаттың басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру Заңға сәйкес бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.

      20. Мектеп-интернаттың басшылары мен педагог қызметкерлері Заңға сәйкес аттестаттаудан өтуге тиіс.

      21. Білім беру ұйымының персоналын жинақтау тәртібі "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен және оның жарғысымен регламенттеледі.

      22. Мектеп-интернаттың қызметін бақылау "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.