Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 63 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 сәуірде № 8402 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктер мен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы жүргізетін операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 109 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 152 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5109 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – банктер) бухгалтерлік есеп жүргізуін нақтылайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банктің бухгалтерлік есеп жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде банкішілік транзиттік шоттарды пайдалануға және қосымша бухгалтерлік жазбалар жасауға жол беріледі.

      Шетел валютасын, қаржы құралдарын, тазартылған бағалы металдарды, туынды қаржы құралдарын және басқа да активтерді валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруіне немесе олардың әділ құнының өзгеруіне байланысты қайта бағалаудан болған кірістердің және шығыстардың сомаларын өткізілген және (немесе) өткізілмеген кірістер және (немесе) шығыстар деп бөлместен банктің жүргізілетін операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен көрсетуге жол беріледі.

      Банктің шетел валютасымен және тазартылған бағалы металдарымен операцияларды бухгалтерлік есепте шетел валютасының және тазартылған бағалы металдардың валюталық позициясы және қарсы құны шоттарын пайдаланбастан көрсетуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған қосалқы есеп болған кезде, шетел валютасындағы операциялардың сомаларын жоғарыда көрсетілген шоттарды пайдаланбастан көрсетуге жол беріледі.

      Сыйақы түріндегі кірістер мен шығыстар 18 "Түсім" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IAS) және 39 "Қаржы құралдары: тану және өлшеу" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IAS) сәйкес пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі пайдаланыла отырып танылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шетел валютасындағы және тазартылған бағалы металдардағы активтер мен міндеттемелерді қайта бағалау жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебі";

      3-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шетел валютасымен дилингтік операциялардың бухгалтерлік есебі";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Шетел валютасын сатып алу бойынша спот мәмілелерін есепке алу";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Шетел валютасын сату бойынша спот мәмілелерін есепке алу";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Шетел валютасын айырбастау бойынша спот мәмілелерін есепке алу";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Салым операцияларының бухгалтерлік есебі";

      5-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Заем операцияларының бухгалтерлік есебі";

      47, 48 және 49-тармақтар алып тасталсын;

      6-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебі";

      1-параграфта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Сатуға арналған қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын, пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған борыштық бағалы қағаздарды есепке алу";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Құнсызданған борыштық бағалы қағаздар қалыптастырылған резервтер (провизиялар) есебінен есептен шығарылған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1451

"Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)"



1486

"Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)"

Кт

1452

"Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар"



1481

"Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар".";


      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Борыштық және үлестік бағалы қағаздарды санаттары бойынша қайта жіктеу кезінде есепке алу";

      3-параграфта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Саудаға арналған және сату үшін қолда бар сатып алынған үлестік бағалы қағаздарды есепке алу";

      69-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69-3. Сату үшін қолда бар, құнсызданған үлестік бағалы қағаздар қалыптастырылған резервтер (провизиялар) есебінен есептен шығарылған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1451

"Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)"

Кт

1452

"Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар".";


      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Банк айналысқа шығарған бағалы қағаздарды есепке алу";

      6-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. Динамикалық резервтердің бухгалтерлік есебі

      75-1. Динамикалық резервтерді тану қажеттігі туындаған немесе бұрын танылған динамикалық резервтер ұлғайтылған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

3599

"Бөлінбеген таза пайда (жабылмаған зиян)"

Кт

3400

"Динамикалық резервтер".


      75-2. Бұрын танылған динамикалық резервтер азайтылған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

3400

"Динамикалық резервтер"

Кт

3599

"Бөлінбеген таза пайда (жабылмаған зиян)".";


      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. РЕПО және кері РЕПО операцияларының бухгалтерлік есебі";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тазартылған қымбат металдарды сатып алу және сату операцияларының бухгалтерлік есебі";

      9-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Туынды қаржы құралдарымен операциялардың бухгалтерлік есебі";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Форвардтық мәмілелермен операцияларды есепке алу";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Фьючерстік мәмілелер бойынша операцияларды есепке алу";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Опцион мәмілелері бойынша операцияларды есепке алу";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Своп мәмілелерін есепке алу";

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Форвардтық (болашақ) пайыздық ставка (FRA) туралы келісімді есепке алу";

      6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Кредиттік-дефольттық своп мәмілелерін есепке алу";

      10-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Хеджирлеу операцияларының бухгалтерлік есебі";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Ақша ағындарын хеджирлеуді есепке алу";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Әділ құнды хеджирлеуді есепке алу";

      11-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Төлем карточкаларымен және жол чектерімен операциялардың бухгалтерлік есебі";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Төлем карточкаларымен операцияларды есепке алу";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Жол чектерімен операцияларды есепке алу";

      12-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Банктік кепілдіктермен операциялардың бухгалтерлік есебі";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Клиент міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етусіз берілетін банктік кепілдіктерді есепке алу";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Ақшаны кепілге қою арқылы берілген банктік кепілдіктерді есепке алу";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Клиенттің мүлкін (ақшаны қоспағанда) кепілге қою арқылы берілген банктік кепілдікті есепке алу";

      4-параграфта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Берілген банктік кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті есепке алу";

      165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Шығарылған банктік кепілдіктер бойынша дебиторлық берешек құрылған резервтер (провизиялар) есебінен банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімде баланстан есептен шығарылған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1877

"Банк қызметімен байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)"

Кт

1861

"Кепілдіктер бойынша дебиторлар".";


      166-тармақ алып тасталсын;

      12-1-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1. Вексельдермен операциялардың бухгалтерлік есебі";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Есепке қабылданған вексельдер бойынша операцияларды есепке алу";

      2-параграфта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Вексель бойынша наразылық білдірілгеннен кейінгі операцияларды есепке алу";

      166-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "166-9. Наразылық білдірілген вексель бойынша берешекті өндіріп алу мүмкін болмаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      құрылған резервтердің (провизиялардың) есебінен берешекті есептен шығару сомасына:

Дт

1428

"Клиенттерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)"

Кт

1425

"Клиенттердің наразылық білдірілген вексельдері"


1749

"Басқа да мерзімі өткен сыйақы"


1818

"Есептелген басқа да комиссиялық кірістер"


1879

"Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)",


      және бір мезгілде:

Шығыс

7339

"Әр түрлі құндылықтар мен құжаттар".";


      166-10-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      1-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жалпы ережелер";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Банктің, ипотекалық ұйымның және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының шетел валютасымен және тазартылған бағалы металдарымен операцияларын 1858, 1859, 1873, 1874, 2858, 2859, 2872 және 2873-шоттарын пайдаланбастан бухгалтерлік есепте көрсетуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған қосалқы есеп болған кезде, шетел валютасындағы операциялардың сомаларын жоғарыда көрсетілген шоттарды пайдаланбастан көрсетуге жол беріледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Меншікті капитал" үшінші класына мынадай шоттар тобы кіреді:

3000

Жарғылық капитал

3100

Қосымша капитал

3200

Жалпы банктік тәуекелдерге арналған резервтер (провизиялар)

3400

Динамикалық резервтер

3500

Резервтік капитал және қайта бағалау резервтері.";


      2-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шоттар";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Активтер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Міндеттемелер";

      3-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Меншікті капитал";

      3200-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:

"3400

Динамикалық резервтер";


      3300 "Резервтерді (провизияларды) түзету шоты" шотының нөмірі және аты алып тасталсын;

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Кірістер";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Шығыстар";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер";

      7-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Балансқа меморандумның шоттары";

      7130 "Зиянға есептен шығарылған борыштар" шотының нөмірі және аты алып тасталсын;

      3-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шоттардың сипаттамасы";

      8-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Балансқа меморандумның шоттары";

      3200-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 3400-шоттың нөмірімен, атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "3400. Динамикалық резервтер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қалыптастырылған динамикалық резервтердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша құрылатын резервтер сомасы № 3599 баланстық шотпен байланыстырыла отырып жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша құрылған резервтердің азаюы № 3599 баланстық шотпен байланыстырыла отырып жазылады.";

      3300-шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алып тасталсын;

      5999-шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5999. Корпоративтік табыс салығы (актив-пассив).

      Шоттың мақсаты: Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бюджетке төленуге тиісті корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар сомасы, кейінге қалдырылған салық міндеттемесінің сомасын тану, кейінге қалдырылған салық активінің сомаларын тануды тоқтату жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотпен сальдолау кезінде оларды есептен шығару, кейінге қалдырылған салық активінің сомаларын тану, кейінге қалдырылған салық міндеттемесінің сомаларын тануды тоқтату жазылады.";

      9-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Баланстан тыс шоттар";

      7130-шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алып тасталсын.

      3. Осы қаулы, 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз төртінші – отыз тоғызыншы, қырық бесінші – қырық сегізінші, жүз төртінші – жүз сегізінші және жүз он жетінші – жүз жиырма жетінші, 2-тармағының отыз жетінші және елу жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы қаулының 1-тармағының елу бірінші – елу сегізінші абзацтары, 2-тармағының сегізінші, тоғызыншы, он үшінші, жиырма бесінші – жиырма жетінші, қырық жетінші – қырық тоғызыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко