Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары - сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі (бұдан әрі - Әдістеме) бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әдістеменің 3-тармағы "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес жасалған қатысу шарттарынан 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
4. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) осы Әдістеменің ережелерін ескере отырып, Қормен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымдары төлеген аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша міндетті жарналарды 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта есептесін, ал артық төленген сомалар көрсетілген сақтандыру ұйымдарының келешектегі жарналарды төлеу есебіне есептелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 қаулысымен бекітілді |
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары - сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі
Ескерту. Тәртібінің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары - сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі (бұдан әрі - Әдістеме) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі - қатысушы сақтандыру ұйымдары) міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1-тарау. Міндетті жарналар мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Міндетті жарналар мөлшерлемесін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) директорлар кеңесі бекітеді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Ағымдағы қаржы жылына міндетті жарнаның негізгі мөлшерлемесін есептеу формуласын Қордың директорлар кеңесі бекітеді және ол әрбір 3 (үш) жылда қайта қаралуға жатады.
Міндетті жарнаның негізгі мөлшерлемесін есептеу кезінде қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі ескерілмейді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Әдістеменің 2-тармағына сәйкес айқындалатын "жалпы сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған міндетті жарна мөлшерлемесін Қор есептейді және ол есептелген сақтандыру сыйлықақылары сомасының кемінде 0,35 (нөл бүтін жүзден отыз бес) пайызын құрайды және есептелген сақтандыру сыйлықақылары сомасының 2 (екі) пайызынан аспайды.
Әдістеменің 2-тармағына сәйкес айқындалатын "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған міндетті жарна мөлшерлемесін Қор есептейді және ол есепті қаржы жылының басындағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшері мен осындай резервтердің өткен қаржы жылының басындағы мөлшері арасындағы оң айырманың 1 (бір) пайызынан аспайды.
Қорға қатысу шартын жасаған соң бірінші рет төленуге жататын "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған міндетті жарна мөлшерлемесі есепті қаржы жылының басындағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтері сомасының 0,71 (нөл бүтін жүзден жетпіс бір) пайызынан аспайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. "Жалпы сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымдары қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қорға жасалған сақтандыру шарттарының саны, кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы ақпарат береді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-1. "Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымдары қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қорға жасалған сақтандыру шарттарының саны, кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің жалпы сомасы, сондай-ақ өткен қаржы жылы үшін кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы ақпарат береді.
Ескерту. 1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Қор Әдістеменің 4 және 4-1-тармақтарында көзделген ақпаратты алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жоғарылату коэффициентін ескере отырып, Заңының 4-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісім бойынша міндетті жарналар мөлшерлемесін есептейді, бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына жібереді.
Қатысушы сақтандыру ұйымдары жасалған сақтандыру шарттарының саны, кепілдік берілген сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің жалпы сомасы, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы дәйексіз (толық емес) ақпаратты берген жағдайда, Қор міндетті жарналар мөлшерлемесін түзетуді жүргізеді. Бұл ретте, міндетті жарналар мөлшерлемесі азайтылған жағдайда, Қор қатысушы сақтандыру ұйымдарының артық төлеген сомаларын олардың ағымдағы қаржы жылы үшін төлейтін болашақ жарналары есебіне есептейді. Міндетті жарналар мөлшерлемесі ұлғайтылған жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымдары Қорға Әдістеменің 7-тармағында көзделген мерзімде қосымша сомаларды төлейді.
Міндетті жарнаның негізгі мөлшерлемесі қатысушы сақтандыру ұйымының жиынтық (біріктірілген) балл мөлшеріне қарай тиісті жоғарылату коэффициентіне негізгі мөлшерлемені көбейту жолымен жеке ұлғайтылады. Жиынтық (біріктірілген) балл алдыңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша қатысушы сақтандыру ұйымының қаржылық жай-күйінің көрсеткіштері бойынша айқындалады, оның ішінде мынандай көрсеткіштер ескеріледі:
таза сақтандыру сыйлықақыларының (қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде) меншікті капиталға қатынасы;
сақтандыру сыйлықақыларының (қайта сақтандырушының үлесін ескергенде) меншікті капиталға қатынасы;
сақтандырудың кепілдік берілген түрінің сақтандыру ұйымының жиынтық сақтандыру портфеліндегі және жалпы нарықтағы үлесі;
сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар берешегінің меншікті капиталға қатынасы;
төлем қабілеттілік маржасының жеткіліктілігі нормативін (Тмн) және өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін (Өжан) орындау;
шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (аралас коэффициент);
іс жүргізуге арналған шығыстардың (комиссиялық сыйақылар мен әкімшілік шығыстар) сақтандыру сыйлықақыларына қатынасы.
Жоғарылату коэффициентінің, жиынтық (біріктірілген) балл мен қаржылық жай-күй көрсеткіштерінің мөлшерлерін Қордың директорлар кеңесі белгілейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.6. "Жалпы сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымы міндетті жарна сомасын кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасына (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып) көбейту арқылы есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес есептейді.
"Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымы міндетті жарна сомасын есепті қаржы жылының басындағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшері мен осындай резервтердің өткен қаржы жылының басындағы мөлшері арасындағы оң айырмаға көбейту арқылы жыл сайын дербес есептейді.
Қорға қатысу шартын жасаған соң бірінші рет төленуге жататын "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған міндетті жарна мөлшерлемесін есептеу міндетті жарна сомасын есепті қаржы жылының басындағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің сомасына көбейту арқылы жүргізіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. "Жалпы сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымдары міндетті жарналарды төлеуді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінен) кешіктірмей әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша Қордың уәкілетті органдағы шотына дербес жүргізеді.
"Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымдары міндетті жарналарды төлеуді міндетті жарналардың мөлшерлемесін бекіткен күннен соң күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей қаржы жылының қорытындысы бойынша Қордың уәкілетті органдағы шотына дербес жүргізеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Қосымша жарналардың мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қосымша жарналардың мөлшерлемесін жыл сайын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараты негізінде анықтайды.
9. Ағымдағы қаржы жылына қосымша жарнаның мөлшерлемесін есептеу формуласын Қордың директорлар кеңесі бекітеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Әдістеменің 9-тармағына сәйкес айқындалатын қосымша жарнаның мөлшерлемесін Қор есептейді және ол сақтандырудың кепілдік берілген түрі бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасынан 0 (нөл) пайыздан кем және 2 (екі) пайыздан артық болмайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Қатысушы сақтандыру ұйымдары қаржы жылы аяқталғаннан кейін Әдістеменің 4-тармағына сәйкес ақпаратты Қорға ұсынады.
12. Қор Әдістеменің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша қосымша жарналардың мөлшерлемесін есептейді, бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына жазбаша түрде жібереді.
Қатысушы сақтандыру ұйымдары жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы дәйексіз (толық емес) ақпаратты берген жағдайда, Қор міндетті жарналар мөлшерлемесін түзетуді жүргізеді. Қосымша жарналар мөлшерлемесі азайған жағдайда, Қор тараптардың келісімі бойынша қатысушы сақтандыру ұйымдары артық төлеген соманы ағымдағы қаржы жылы үшін болашақ жарналарды төлеу есебіне есептейді немесе артық төленген сомаларды сақтандыру ұйымдарына қайтарады. Қосымша жарналар мөлшерлемесі өскен жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымдары Әдістеменің 7-тармағында көзделген мерзімде Қорға қосымша есептелген сомаларды төлейді.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Қосымша жарна сомасын қатысушы сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасына қосымша жарна мөлшерлемесін көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес есептейді.
14. Қатысушы сақтандыру ұйымдары қосымша жарналарды әрбір тоқсанның нәтижесі бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей уәкілетті органдағы Қордың шотына дербес төлейді.
3-тарау. Шартты міндеттемелер мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және есепке алу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
15. Қатысушы сақтандыру ұйымдары Қор алдындағы өздерінің шартты міндеттемелерін қалыптастырады және оның бухгалтерлік есебін жүргізеді.
16. Шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін Қордың директорлар кеңесі бекітеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Ағымдағы қаржы жылына шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу формуласын Қордың директорлар кеңесі бекітеді және ол әрбір 3 (үш) жылда қайта қаралуға жатады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. Әдістеменің 17-тармағына сәйкес айқындалатын "жалпы сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымдары қалыптастыруға жататын шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін Қор есептейді және өткен қаржы жылындағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары жалпы сомасының кемінде 1 (бір) пайызын құрайды және 4 (төрт) пайыздан аспайды.
Әдістеменің 17-тармағына сәйкес айқындалатын "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымдары қалыптастыруға жататын шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін Қор есептейді және есепті қаржы жылының басындағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшері мен осындай резервтердің өткен қаржы жылының басындағы мөлшері арасындағы оң айырманың 4 (төрт) пайызынан аспайды.
Қатысу шартын жасаған соң бірінші рет қалыптастырылуға жататын "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына арналған шартты міндеттемелердің мөлшерлемесі қаржы жылының басындағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтері сомасының 4 (төрт) пайызынан аспайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Қор барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарынан Әдістеменің 4 және 4-1-тармақтарында көзделген ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Заңның 4-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептейді, бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына жібереді.
Қатысушы сақтандыру ұйымдары жасалған сақтандыру шарттарының саны, кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің жалпы сомасы, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы дәйексіз (толық емес) ақпаратты берген жағдайда, Қор шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін түзетуді жүргізеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. "Жалпы сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымы шартты міндеттемелердің мөлшерін есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасына көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып) тоқсан сайын дербес есептейді.
"Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымы шартты міндеттемелердің мөлшерін есептеуді шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін бекіткен күннен соң күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей есепті қаржы жылының басындағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшері мен осындай резервтердің өткен қаржы жылының басындағы мөлшері арасындағы оң айырмаға көбейту арқылы жыл сайын дербес жүргізеді.
Қатысу шартын жасаған соң қалыптастырылуға жататын бірінші шартты міндеттемелердің мөлшерін есептеуді "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымы шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін бекіткен күннен соң күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есепті қаржы жылының басындағы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру резервтерінің сомасына көбейту арқылы дербес жүргізеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.21. Егер қатысушы сақтандыру ұйымы қалыптастырған шартты міндеттемелерінің сомасы кепілдік берілетін сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен кезде (сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) шартты міндеттемелер есептелмейді.
22. Шартты міндеттемелердің есептелген сомасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қатысушы сақтандыру ұйымының бухгалтерлік есебінде есепке алынады және қаржылық есептілігінде көрсетіледі.
4-тарау. Төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23. Қатысушы сақтандыру ұйымы төтенше жарналарды Заңда белгіленген жағдайларда және мөлшерде төлейді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.24. Қордың қатысушы сақтандыру ұйымдары Қордан төтенше жарналарды төлеу жөніндегі хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде төтенше жарналарды төлейді. Төтенше жарналарды төлеу жөніндегі хабарламада қатысушы сақтандыру ұйымы төлеуі тиіс төтенше жарнаның мөлшері бар.
25. Қор төтенше жарналарды кезеңдік төлемдер түрінде төлеу қажеттілігін белгілеген жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымы төтенше жарналарды Қор белгілеген мерзімде төлейді.
26. Қатысушы сақтандыру ұйымы Қорға төтенше жарналарды төлеген кезде осы қатысушы сақтандыру ұйымының шартты міндеттемелері өзі төлеген төтенше жарналардың сомасына азайтылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5362 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы № 141 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 7 шілдедегі № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5737 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы № 141 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 260 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6049 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 138 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6558 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы "Егемен Қазақстан" газетінде № 506-512 (26355) жарияланған).