Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есепт

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 260 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6049 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 Қаулысымен

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қабылдауға байланысты БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін әділет органдарына және «Заң газеті» республикалық күнделікті газетіне жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Бұйрық адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      Қазақстан Республикасы                 Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі              Қорғаныс министрі
      ____________ Ж. Досқалиев              _________ Ә. Жақсыбеков