Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есепт

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 7 шілдедегі N 141 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5737 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 387 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы N 141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5362 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережесінде :
       2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ағымдағы қаржы жылына міндетті жарна ставкасы Қазақстан Республикасының заң актілерінде Қорға міндетті қатысуы көзделген міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша (бұдан әрі - міндетті сақтандыру түрлері) мынадай формула бойынша анықталады:
      Ставка (пайыздық мөлшерде)=((СТММ *N* СТЖМӨК)*ТМНБК-КР)/(ССММ *N* ССЖМӨК))*100,
      мұнда:
      СТММ - барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарының ішіндегі міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына бір қатысушы сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшері;
      N - қатысушы сақтандыру ұйымдарының саны;
      СТЖМӨК - соңғы бес жылдағы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру төлемдері жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      СТЖМӨК=(n кезеңіндегі СТ/п-1 кезеңіндегі СТ) сомасы)/5,
      мұнда:
      СТ - міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы;
      ТМНБК - соңғы бес жылдағы төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін бұзудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      ТМНБК=((m кезеңінде төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін бұзудың саны/m кезеңіндегі сақтандыру ұйымдарының саны) сомасы)/60,
      мұнда:
      m - бірден алпысқа дейінгі уақыт кезеңі;
      КР - аяқталған қаржы жылының соңына сақтандыру төлемдеріне кепілдік резерві;
      ССММ - барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарының ішіндегі міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына бір қатысушы сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру сыйлықақыларының ең жоғарғы жиынтық мөлшері;
      ССЖМӨК - соңғы бес жылдағы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру сыйлықақылары жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      ССЖМӨК=(n кезеңіндегі СС/n-1 кезеңіндегі СС)сомасы)/5,
      мұнда:
      СС - міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы.";
       6-тармақта "және Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын" деген сөздер алынып тасталсын;
       9-тармақта :
      екінші абзацта "ССЕЖМ" деген аббревиатура "(ССММ*N*ССЖМӨК)" деген формуламен ауыстырылсын;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ССММ - барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарының ішіндегі еткен қаржы жылына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша бір қатысушы сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "N - қатысушы сақтандыру ұйымдарының саны;
      ССЖМӨК - соңғы бес жылдағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      ССЖМӨК=(n кезеңіндегі СС/n-1 кезеңіндегі СС) сомасы)/5,
      мұнда:
      СС - көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы.";
       16-тармақта "сыйлықақыларының" деген сөз "төлемдерінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
       17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Ағымдағы қаржы жылына шартты міндеттемелер ставкасы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша анықталады:
      Ставка (пайыздық мөлшерде) = ((СТММ*N*СТЖМӨК*ТМНБК -КР)/(ССММ*N*ССЖМӨК))*100,
      мұнда:
      СТММ - барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарының ішіндегі міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына бір қатысушы сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшері;
      N - қатысушы сақтандыру ұйымдарының саны;
      СТЖМӨК - соңғы бес жылдағы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру төлемдері жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      СТЖМӨК = (n кезеңіндегі СТ/n-1 кезеңіндегі СТ) сомасы)/5,
      мұнда:
      СТ - міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы;
      ТМНБК - соңғы бес жылдағы төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін бұзудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      ТМНБК = ((m кезеңінде төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін бұзу саны/m кезеңіндегі сақтандыру ұйымдарының саны) сомасы)/60,
      мұнда:
      m - бірден алпысқа дейінгі уақыт кезеңі;
      КР - аяқталған қаржы жылының соңына сақтандыру төлемдеріне кепілдік резерві;
      ССММ - барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарының ішіндегі міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына бір қатысушы сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру сыйлықақыларының ең жоғарғы жиынтық мөлшері;
      ССЖМӨК - соңғы бес жылдағы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру сыйлықақылары жиынтық мөлшерінің орташа өсу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      ССЖМӨК = (n кезеңіндегі СС/n-1 кезеңіндегі СС) сомасы)/5,
      мұнда:
      СС - міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері;
      n - екіден беске дейінгі уақыт аралығы.";
       20-тармақта "және Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден еткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ-на, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрағаның міндетін
      атқарушы                                        Қ. Қожахметов