Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 266 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қазанда № 7992 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Г. Марченко

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы 
№ 266 қаулысына     
1-қосымша         

Қазақстан Республикасының банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу,
ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2000 жылғы № 9 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Дара кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеуде есепте тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға, резиденті еместi қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлiмшелерiне жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтердi және инвестициялық қордың активтерiн сақтауға арналған банк шоттарын, резиденті емес-заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын және (немесе) шетелдiк корреспондент-банктердiң корреспонденттiк шоттарын қоспағанда, банк шоты ашылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей банктер тиiстi салық қызметi органдарын хабарламаларды кепiлдiкпен жеткiзудi қамтамасыз ететiн ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, көрсетiлген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етеді.
      Техникалық проблемалардың туындауынан осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды ашу туралы хабарлау мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдауышпен жіберіледі.»;
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Дара кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеуде есепте тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға, резиденті еместi қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлiмшелерiне жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтердi және инвестициялық қордың активтерiн сақтауға арналған банк шоттарын, резиденті емес-заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын және (немесе) шетелдiк корреспондент-банктердiң корреспонденттiк шоттарын қоспағанда, банк шоттарын жапқаннан кейін банктер сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олар жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті салық қызметі органдарын хабарламаларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы олардың жабылғаны туралы хабарлайды.
      Техникалық проблемалардың туындауынан осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды жабу туралы хабарлау мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдауышпен жіберіледі.».
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы оның жеке шотының көшірмесінде болуға тиісті мәліметтерді белгілеу туралы» 2004 жылғы 22 шілдедегі № 102 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3019 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу туралы»;
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:»;
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірмеде (бұдан әрі – көшірме) мыналар болады:»;
      6) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Клиент пен оған қызмет көрсететін банк арасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде бенефициар банкінің (ақша жіберуші банкінің) атауы және/немесе банктік сәйкестендіру коды қойылмайды;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 50-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар көшірме нысанында ұсынылады.
      Банктер туралы заңның 50-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама берген кезде бар болса қосымша мынадай мәліметтер қоса беріледі:
      1) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шотына қойылған, орындалмаған инкассалық өкімдердің сомасы;
      2) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шотына қойылған, акцептеуді талап етпейтін, орындалмаған төлемдік талап-тапсырмалардың сомасы;
      3) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шотына қойылған, болашақтағы валюталау күні бар орындалмаған төлем тапсырмаларының сомасы;
      4) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шоттарындағы ақшаға салынған өзге ауыртпалықтардың (тыйым салудың) сомасы;
      5) уәкілетті мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы ұсынған өкімдерінің саны;
      6) банк шоты бойынша орын алған ауыртпалықтарды шегергенде, көшірме берілетін кезеңнің соңындағы ақша сомасының қалдығы (оң немесе теріс).».
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7625 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-қосымшада:
      4-тармақтың бір жүз тоқсан жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Дара кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға, резидент еместi қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлiмшелерiне жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтердi және инвестициялық қордың активтерiн сақтауға арналған банк шоттарын, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын және (немесе) шетелдiк корреспондент-банктердiң корреспонденттiк шоттарын қоспағанда, банк шоты ашылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей банктер тиiстi салық қызметi органдарын хабарларды кепiлдiкпен жеткiзудi қамтамасыз ететiн ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы салық төлеушінің тіркеу нөмiрiн көрсете отырып, көрсетiлген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етеді.»;
      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы оның жеке шотының көшірмесінде болуға тиісті мәліметтерді белгілеу туралы» 2004 жылғы 22 шілдедегі № 102 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3019 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:».

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы 
№ 266 қаулысына     
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банкаралық клирингті жүзеге асыратын клиринг ұйымдарының күнделікті есеп жасау және беру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 3 шілдедегі № 158 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 907 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің мониторингін жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және клиринг ұйымдарының күнделікті ақпарат беруі туралы» 2001 жылғы 25 маусымдағы № 244 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1605 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне есеп беретiн екiншi деңгейдегi банктердiң және басқа тұлғалардың елдер, валюталар және қорлар атауларының мемлекеттiк жiктеуiштерiн пайдалануы туралы» 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 489 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1725 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 907 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Клиринг палаталарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесiн бекiту туралы» 1999 жылғы 3 шiлдедегi № 158 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 123 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2283 тіркелген).
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 тіркелген) 5-тармағы.