Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне есеп беретiн екiншi деңгейдегi банктердiң және басқа тұлғалардың елдер, валюталар және қорлар атауларының мемлекеттiк жiктеуiштерiн пайдалануы туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 1 желтоқсандағы N 489 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 18 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1725. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 266 Қаулысымен

      Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне есеп берген кезде қолданылатын елдер, валюталар және қорлар атауларының мемлекеттiк жiктеуiштерiн бiр iзге салу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне есеп беретiн екiншi деңгейдегi банктер және басқа тұлғалар осы қаулы күшiне енген күннен бастап есеп берген кезде ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1-2001 "Елдер атауы және олардың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерiн белгiлеу үшiн кодтар. 1 бөлiм. Елдер кодтары", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2-2001 "Елдер атауы және олардың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерiн белгiлеу үшiн кодтар. 2 бөлiм. Елдердiң әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерiнiң кодтары", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3-2001 "Елдер атауы және олардың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерiн белгiлеу үшiн кодтар. 3-бөлiм. Бұрын пайдаланылған елдер атауын белгiлеу үшiн кодтар" және ҚР МЖ 07 ИСО 4217-2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" деп аталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiштерiн (бұдан әрi - мемлекеттiк жiктеуiштер) пайдалансын.
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күндiк мерзiм өткеннен кейiн күшiне енедi.
      4. Ақпарат технологиясы департаментi (Молчанов С.Н.):
      1) мемлекеттiк жiктеуiштердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бөлiмшелерi қолданатын тиiстi бағдарламалық қамтамасыз етуге енгiзудi, осы жiктеуiштердi орталықтандырып жүргiзудi қамтамасыз ететiн болсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде мемлекеттiк жiктеуiштердi екiншi деңгейдегi банктерге және оларды банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберу мiндеттеле отырып, Қазақстан

 

Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына жiберсiн.

     5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасы

(Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын

болсын.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.



     Ұлттық Банк

      Төрағасы



     Мамандар:

         Омарбекова А.Т.

         Икебаева Ә.Ж.