Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде N 907 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Клиринг палаталарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 3 шiлдедегi N 158 қаулысына өзгерiстер енгiзу тур

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2283. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 266 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Грозный қаласында (Шешен Республикасы, Ресей Федерациясы) көп пәтерлік тұрғын үй салу түрінде Ресей Федерациясына ізгілік көмек көрсету туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі:
      1) Ресей Федерациясының Шешен Республикасындағы құрылыс рыногын зерделеу жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізсін;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, 2003 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде Ресей Федерациясына ізгілік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы өкімнің 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген іс-шараларды жүргізу кезінде жәрдем көрсетсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

      Премьер-Министр