Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жеке тұлғалар болып табылатын білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының мынадай тізбесі белгіленсін:
1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын, қор биржасында айналысқа түсетін бағалы қағаздар тізімдеріне енгізілмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының бағалы қағаздары және (немесе) өзге де қаржы құралдары;
2) тәуекелді инвестициялау инвестициялық қорлардың акциялары және (немесе) пайлары;
3) туынды бағалы қағаздар және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдары;
4) жеке орналастыруға жататын облигациялар;
5) өтеу мерзімі жоқ облигациялар;
6) инвестициялық облигациялар;
7) шығару шарттарында қаржы құралдары тек білікті инвесторларға арналған және (немесе) бөлшек инвесторларға арналмаған деп көзделген қаржы құралдары.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.12.2024 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасының талабы тәуекелді инвестициялау қоры болып табылмайтын инвестициялық қордың қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын, қор биржаларында және (немесе) тауар биржаларында айналысқа түспейтін туынды бағалы қағаздарға және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдарына салған инвестицияларына қолданылмайды.
Осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасының талабы тәуекелді инвестициялау қоры болып табылмайтын инвестициялық қордың өтеу мерзімі жоқ облигацияларға салған инвестицияларына қолданылмайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.12.2024 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-1. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) өзге де қаржы құралдары ұстаушылардың жеке шоттарына мұраға алу тәртібімен аударылатын, сондай-ақ сот актілері негізінде берілетін атқару парақтарын орындау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, номиналды ұстаушы және (немесе) орталық депозитарий жеке тұлғалар болып табылатын тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын білікті инвесторлар болып табылмайтын ұстаушылардың жеке шоттарына аудармайды.
Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 79 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7471 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |