Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық қоры активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау қағидаларын және акционерлік және пайлық инвестициялық қорлардың құрамына кіретін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7540 тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде № 369-374 (27448) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қоры активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Басқарушы компания брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде не Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялық қор активтерінің есебінен мәмілелер жасаған кезде) заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлғалардың қызметтерін пайдалана отырып, инвестициялық басқаруға қабылданған инвестициялық қорлар активтерінің есебінен мәмілелерді дербес жасайды.
Басқарушы компания инвестициялық басқаруға қабылдаған инвестициялық қор активтерінің есебінен бастапқы ұйымдастырылмаған нарықтағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен (оларды орналастырған кезде), сондай-ақ бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналысқа жіберілмеген бағалы қағаздармен және заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерімен мәмілелерді басқарушы компания дербес жасайды.».
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі № 228 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7853 тіркелген, 2012 жылғы 26 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде № 622-630 (27701) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) өзге де қаржы құралдары ұстаушылардың жеке шоттарына мұраға алу тәртібімен аударылатын, сондай-ақ сот актілері негізінде берілетін атқару парақтарын орындау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, номиналды ұстаушы және (немесе) тіркеуші білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын білікті инвесторлар болып табылмайтын ұстаушылардың жеке шоттарына аудармайды.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко