Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 65 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қыркүйекте № 29625 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 65 Қаулыға
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Қор биржасына мүшелік үшін шетелдік заңды тұлғаларға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 360 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қор биржасына мүшелік үшін шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына қойылатын талаптар туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қор биржасының мүшелері мына көрсетілген талаптардың біреуіне сәйкес келетін:

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтерді жүзеге асыруға тиісті лицензиялары бар "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары;

      1) Дүниежүзілік биржалар федерациясының (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін қор биржаларының мүшелері болып табылатын;

      2) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға резидент елдің уәкілетті органының сәйкес лицензиясы бар шетелдік заңды тұлғалар бола алатындығы белгіленсін. Қор биржасындағы сауда-саттыққа көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардың брокерлік және (немесе) дилерлік қызметке қадағалау жасау саласындағы уәкілетті органдар арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы халықаралық келісімдер болған кезде ғана мүмкін болады;

      3) бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойылған, клирингтік қызметті жүзеге асыруға резиденттік елінің уәкілетті органының тиісті лицензиялары бар шетелдік заңды тұлғалар қор биржасының мүшелері бола алатындығы белгіленсін.".

      2. "Тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 228 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7853 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке тұлғалар болып табылатын тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының мынадай тізбесі белгіленсін:

      1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасында айналысқа түсетін бағалы қағаздар тізіміне енгізілмеген Қазақстан Республикасының резиденттері емес ұйымдардың бағалы қағаздары және (немесе) өзге де қаржы құралдары;

      2) инвестициялық тәуекелі бар инвестициялық қорлардың акциялары және (немесе) пайлары;

      3) қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор және (немесе) тауар биржаларында айналысқа түспейтін туынды бағалы қағаздар және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдары;

      4) жеке орналастыруға жататын облигациялар;

      5) өтеу мерзімі жоқ облигациялар;

      6) инвестициялық облигациялар.";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) өзге де қаржы құралдары ұстаушылардың жеке шоттарына мұраға алу тәртібімен аударылатын, сондай-ақ сот актілері негізінде берілетін атқару парақтарын орындау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, номиналды ұстаушы және (немесе) орталық депозитарий жеке тұлғалар болып табылатын тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын білікті инвесторлар болып табылмайтын ұстаушылардың жеке шоттарына аудармайды.";

      1-қосымшада:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары базалық активтерінің тізбесін және оларды сатып алу тәртібін, қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік қызметті жүзеге асыра алатын өлшемшарттарды белгілеу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) 1-тармағында айқындалған базалық активтер.".

      3. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар бекітілсін:

      1) Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар;

      2) Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі.";

      осы қаулымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының жекелеген санаттарына қойылатын талаптарда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алаң секторы - Талаптарға және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген (айналысқа жіберілген) қор биржасының ресми тізімі алаңының бөлігі;

      2) борыштық бағалы қағаз - иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын осы бағалы қағаздар шығарылымы шарттарында алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;

      3) жергілікті атқарушы органдардың облигациялары - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      4) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалдау сертификаттары, исламдық қатысу сертификаттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес исламдық бағалы қағаздар деп танылған өзге бағалы қағаздар;

      5) қор биржасының ресми тізімі - енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері Талаптарға сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;

      6) қор биржасының тізімі - қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған, қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі;

      7) листингтік компания - бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (қор биржасының ресми тізімінде айналысқа жіберілген) заңды тұлға;

      8) ресми тізім алаңы - қор биржасының секторлардан тұратын ресми тізімінің бөлігі;

      9) рұқсат беру бастамашысы - бастамасымен бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент, қор биржасы не қор биржасының мүшесі;

      10) сауда алаңы - қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі, ол арқылы ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналысқа жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалады;

      11) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау - "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген қайта құрылымдау жоспарының негізінде эмитент іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдердің не "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген сауықтыру жоспарының кешені".";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына секьюритилендірілген және инфрақұрылымдық облигацияларды қоса алғанда, борыштық бағалы қағаздарды енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) эмитент ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес жасалған эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

      3) рұқсат беру бастамашысы аудиторлық есеппен расталған, қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген кезеңдердегі эмитенттің қаржылық есептілігін немесе аралық қаржылық ақпаратқа шолу жасау бойынша аудитордың есебін (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық топтамасын) ұсынады;

      4) Қазақстан Республикасының резиденттеріне қатысты - Заңының 89-бабы 5-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген, мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;

      5) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының шарттарында бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды;

      6) борыштық бағалы қағаздары осы секторға енгізуге болжанатын немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай борыштық бағалы қағаздарға қойылатын, қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленетін өзге де талаптар.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының Талаптардың 16-тармағының 1) тармақшасында көзделген ресми тізімінің тиісті алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аудару үшін негіздер туындаған кезде эмитент (рұқсатнамасының бастамашысы) қор биржасына бағалы қағаздар шығарылымының шарттарында белгіленген борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелердің орындалмағаны туралы бағалы қағаздар шығарылымының шарттарында белгіленген орындалу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Эмитенттердің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда ықшамдалған рәсім бойынша болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенттері мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) осы бағалы қағаздар қор биржасымен танылатын биржалар тізбесіне кіретін қор биржаларының бірінің ресми тізіміне енгізіледі, не егер депозитарлық қолхаттар бағалы қағаздар болып табылса, базалық активі болып табылатын осы депозитарлық қолхаттар немесе акциялар қор биржасымен танылатын биржалар тізбесіне кіретін қор биржаларының бірінің ресми тізіміне алдын ала енгізіледі;

      2) осы бағалы қағаздардың эмитенттері туралы ақпаратты ашу заңды тұлға ретінде осы қор биржаларының тіркелген елінің заңнамасына және осы қор биржаларының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер ықшамдалған рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне депозитарлық қолхаттар енгізілсе, осы тармақшаның бірінші абзацының талабы депозитарлық қолхаттардың эмитентіне емес, осы депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентіне қолданылады;

      3) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар, оның ішінде депозитарлық қолхаттар шығарылымы шарттарында бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен алу (жіберу) құқықтарына қысым жасайтын және шектейтін нормалар болмайды.

      Осы тармақшаның талабы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздарына қолданылмайды.".