Аңшылық минимумын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7545 тіркелді

Қолданыстағы

      2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 51-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған аңшылық минимумы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Нысанбаев Е.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 25-03-02/95 бұйрығымен
бекітілген    

Аңшылық минимумы

р/с № Тақырып атауы Сабақтар сағатының саны

1

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 Қаулысы

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 Қаулысы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі), 1 тарау, 499 бап «Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемдер»

«Аңшылық және балық объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 мамырдағы № 625 Қаулысы

«Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 Қаулысы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 Қаулысы

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне және Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне сәйкес жауаптылық


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  12

2

Техникалық қауіпсіздік:
аң аулау кезінде;
аң аулау құралдарын қолданыс кезінде;
зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету



4

Барлығы сағат

16