Аңшылық минимумын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7545 тіркелді

Жаңартылған

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.10.2015 № 1-3/920 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған аңшылық минимумы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Нысанбаев Е.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы 
№ 25-03-02/95 бұйрығымен 
бекітілген        

Аңшылық минимумы

      Ескерту. Аңшылық минимумы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.04.2015 № 18-03/403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Тақырып атауы

Сабақтар сағатының саны

1

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы.
«Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11091 болып тіркелген).
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10169 болып тіркелген).
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 499 бабы.
«Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10494 болып тіркелген).
«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 Қаулысы.
«Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10929 болып тіркелген).
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне және 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес жауаптылық.

12

2

Қауіпсіздік техникасы:
аң аулауды жүзеге асыру кезінде;
аң аулау құралдарын қолдану кезінде;
зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету.

4


Барлығы сағат

16