Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы N 432/58-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 671 болып енгізілді

Жаңартылған

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабы 1–тармағының 2) тармақшасын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Б. Исабаев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       В. Редкокашин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Астана қаласының Сәулет
      және қала құрылысы басқармасы ММ
      (СжҚҚБ) бастығы"                           С. Жүнісов

      "Астана қаласының Құрылыс
      басқармасы" ММ (ҚБ) бастығы                В. Лютов

Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 3 наурыздағы
№ 432/58-IV шешіміне 
1 қосымша      

Астана қаласының аумағында құрылыс салу
ҚАҒИДАСЫ

      Осы Астана қаласының аумағында құрылыс жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы", "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің жер учаскелерін пайдалану, Астана қаласының аумағы мен қала маңындағы аймақтарды жобалау мен салу жөніндегі шарттар мен талаптарды белгілейді.
      Осы Қағида нормативтік құқықтық акті болып табылады және жаңа жылжымайтын мүлік объектілерін және уақытша құрылыстарды орналастыру мен салуға немесе қолданыстағыларды өзгертуге (қайта өзгерту, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жаңарту, кеңейту, күрделі жөндеу) рұқсат алу рәсімдерін өту тәртібін белгілейді, Астана қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырумен байланысты өзге де қарым-қатынастарды реттейді.

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      Әкім – Астана қаласының әкімі;
      Әкімдік – Астана қаласының жергілікті атқарушы органы;
      сәулет-жоспарлау тапсырмасы – объектінің мақсатына, негізгі өлшемдеріне және нақты жер учаскесінде (алаңшада, трассада) орналастырылуына қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ Астана қаласы үшін қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленетін, жобалау мен құрылыс жүргізуге қойылатын міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер;
      қаланы абаттандыру – адамның қала аумағында қолайлы, салауатты және ыңғайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған бөліктер мен жұмыстар кешені;
      мемлекеттік қала құрылысы кадастры – қала құрылысы регламенттерін, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметінің аумағын пайдаланудың әлеуметтік-құқықтық режимінің сипаттары, инженерлік-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі, онда орналасқан объектілердің өлшемдері мен жай-күйі, сондай-ақ табиғи ауа-райлық пен экологиялық жағдай бойынша оны сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сан мен сапа көрсеткіштерінің мемлекеттік жүйесі;
      қала құрылысы регламенттері – аумақты (жер учаскелерін) және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану режимдері, рұқсаттары мен шектеулері (ауыртпашылықты, бас тарту мен сервитуттарды қоса алғанда), сондай-ақ заңнамалық тәртіппен белгіленген Астана қаласында олардың жай-күйін өзгертуге арналған кез келген рұқсат етілген өзгерістер;
      құрылыс салушы (тапсырыс беруші) - жылжымайтын мүлік объектісін салуды өзі не құрылыс мердігерлік шарты негізінде мердігерлік ұйым арқылы жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
      өтініш беруші – жаңа құрылысты жүзеге асыруға не қолданыстағы ғимараттың (құрылыстың) жекелеген орын-жайларын немесе өзге де бөліктерін қайта жаңартуға, қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға ниеті бар мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырыс беруші, құрылыс салушы);
      инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым – қаланың орнықты дамуы мен қызмет етуін қамтамасыз ететін инженерлік жабдықтың (су құбыры желісі, кәріз, жылумен қамтамасыз ету, электр желілері және т.б.), байланыстың, көліктің (автомобиль жолдары, аялдама, тұрақ үшін орындар және т.б.) құрылыстары мен коммуникацияларының, сондай-ақ халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің кешені;
      атқарушылық топографиялық түсірілім – қалалық координата жүйесінде, жаңадан салынған инженерлік желілер мен құрылыстармен және абаттандыру мен көгалдандыру бөліктерімен Балттық биіктік жүйесінде орындалған жергілікті жердің масштабындағы электорондық не графикалық моделі;
      "қызыл сызық" - орам, шағын аудан аумағын және жоспарлау құрылымының басқа да бөліктерін елордадағы көшелерден, өту жолдары мен алаңдардан бөлу шекарасы;
      құрылыс жүргізуді реттеу сызықтары – "қызыл сызықтан" немесе жер учаскесі шекарасынан бөлумен ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру кезінде белгіленетін құрылыс жүргізу шекарасы;
      қала құрылысындағы жылжымайтын мүлік объектілері (бұдан әрі – жылжымайтын мүлік объектілері) – ғимараттар, құрылыстар мен осы объектілер орналасатын жер учаскелеріне қатысты пайдалану, салу және қайта жаңарту жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын объектілер;
      сәулет және қала құрылысы органы – Астана қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - СҚҚО). Сәулет және қала құрылысы органының басшысы лауазымы бойынша Астана қаласының бас сәулетшісі болып табылады;
      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы – құрылыс объектілерінің қауіпсіздігін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды, Астана қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – МСҚБО). Астана қаласының МСҚБО басшысы Астана қаласының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып табылады;
      жер қатынастары жөніндегі орган – Астана қаласында жер қатынастары саласындағы функцияларды орындауға уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – ЖҚО);
      мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорын – Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Астана қаласының аумағында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі уәкілетті заңды тұлға;
      мемлекеттік жер кадастры – жер учаскелерінің орналасуы, нысаналы мақсаты, көлемі мен шекаралары, сапа сипаттамасы, жер пайдалану есепке алынғандығы және жер учаскелерінің кадастрлық құны, өзге де қажетті мәліметтер туралы деректер жүйесі. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқық субъектілері туралы ақпаратты да енгізіледі;
      мердігер – Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензияға ие жеке немесе заңды тұлғалар;
      қала маңындағы аймақ – Астана қаласының шекарасымен іргелес, Астана қаласының аумағын дамыту, санитарлық-қорғау функцияларын орындау, демалу орындарын, бағбандық пен саяжай серіктестіктерін орналастыруға арналған жерлер;
      жоба – сәулет, қала құрылысы құжаттамасы түрінде (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік пен сметалық есептер) ұсынылған жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің адам өмір сүруі мен тіршілігіне қажетті жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жоспары;
      құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат құжаты - жаңа құрылысты жүргізу немесе қолданыстағы жылжымайтын мүлік объектілерін өзгерту (қайта өзгерту, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жаңарту, кеңейту, күрделі жөндеу) жобасын іске асыруды бастауға құқық беретін құжат;
      құрылыс – жаңа объектілерді салу және (немесе) қолданыстағыларды (ғимараттарды, құрылыстар мен олардың кешендерін, коммуникацияларын) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау, қайта жаңарту, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), оларға байланысты технологиялық пен инженерлік жабдықты монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын шығару (өндіру) арқылы өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды құру, сондай-ақ құрылысы аяқталмаған объектілерді жабу және пайдалану мерзімі өтіп кеткен объектілерді кейіннен өңдеу жөніндегі қызмет;
      құрылыс алаңы – салынатын объектіні, уақытша құрылыстарды, техниканы, топырақ үйінділерін орналастыру, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен жабдықты жинап қою, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін пайдаланылатын аумақ;
      топографиялық түсірілім – жердің масштабта, қалалық координата жүйесінде, Балттық биіктік жүйесінде орындалған және қолданыстағы жер үстіндегі және жер астындағы желілер мен құрылыстарды көрсететін электорондық не графикалық моделі;
      пайдаланушы ұйым – инженерлік коммуникацияларды (су құбыры мен электр желілері, газбен және жылумен қамтамасыз ету, байланыс және т.б.), ғимараттар мен құрылыстарды (ПИК, ӨК, ПКСД, ТК және басқалар) пайдалануды жүзеге асыратын ұйым;
      жер учаскесін таңдау – жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен пайдалану тәртібін анықтаумен оны белгілеу;
      жер комиссиясы – жер заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімдікпен құрылатын және жер учаскелеріне құқық беруге байланысты мәселелерді қарастыратын комиссия;
      мамандандырылған сәулет ұйымы – Әкімдік құрған, құрылыс салушыға қала қызметін жүзеге асыруға қажетті мәліметті жинау, жер бөлу сызбасын, бас жоспардың нобайын, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, ахуалдық сызбаны, орналастыру сызбасын әзірлеу, ғимараттар мен құрылыстардың негізгі осьін белгілеу, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін нақты көлемде жер учаскелерінің шекарасын белгілеу қызметінің негізгі түрі болып табылатын заңды тұлға;
      тіркеу органы – жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу жөніндегі уәкілетті орган;
      түнгі уақыт – жергілікті уақыт бойынша жиырма үш сағаттан бастап алты сағатқа дейінгі аралық;
      жер учаскесіне құқық беретін құжат – олардың негізінде жер учаскесіне құқық пайда болатын, өзгеретін немесе күші жойылатын заңды фактілердің (заңды бөліктердің) бар болуын растайтын құжат, соның ішінде шарттар, сот шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығында жер учаскесіне ие немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қайта құрылуы кезіндегі тапсыру актісі немесе бөлу теңгерімі;
      жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрын жүргізу мақсатында қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамасын қамтитын құжат;
      инвестор – объекті құрылысына күрделі қаржы салуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға, инвестор құрылыс салушы болуы мүмкін;
      мұздан жасалған құрылыстар – қолданбалы сипаттағы көркемдік өнер туындысы, қысқа уақытқа орналастырылатын құрылыстарға жатады және орнату барысында монолит етіп құйылған, жекелеген жағдайларда металлдан жасалған ішкі негізгі конструкциялармен, мұз бөліктерінен жылдың суық (аяз) кезеңінде жасалады;
      мұз қалашығы – мұздан жасалған құрылыстар кешені;
      мәслихат – Астана қаласының жергілікті өкілді органы;
      рұқсатсыз жүргізілген құрылыс – рұқсатсыз салынған (көтерілген) құрылыстар (Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен сол мақсаттарға бөлінбеген жер учаскесінде салынған, сондай-ақ, ол үшін қажетті рұқсат құжатын алусыз салынған тұрғын үйлер, басқа да құрылыстар немесе өзге де жылжымайтын мүлік);
      құрылыс нормалары мен ережелері – жобалау мен құрылысты жүзеге асыру кезінде орындауға жататын нормативтік техникалық құжаттар.

2–тарау. Қағиданың мақсаты мен міндеттері

      2. Осы Қағиданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының бас жоспар негізінде тұрақты және кешенді дамуы, әлемнің қазіргі заманғы сәулет-құрылыс стандарттарына сәйкес елорданың сәулет келбетін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
      2) жер қатынастары, Астана қаласының аумағында жобалау мен құрылыс жүргізу мәселелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне қала құрылысы мен құрылыс талаптарын белгілеу;
      3) жеке және заңды тұлғалардың жер пайдалану мен құрылыс жүргізу саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
      4) инвестицияларды тарту үшін жағдай жасау.
      3. Осы Қағида Елорда аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыратын және бақылайтын жеке, заңды тұлғалармен сақталуы міндетті.
      4. Осы Қағида Астана қаласының аумағында құрылыс жүргізу мен жер пайдалануды реттеу тәртібін белгілейді.

3-тарау. Қала құрылысы талаптарының
сақталуын қамтамасыз ету

      5. Астана қаласының аумағында түрлі мақсаттағы объектілерді рұқсатсыз салуға жол берілмейді.
      6. Астана қаласының аумағында құрылыс жұмыстарының барлық түрі осы Қағидаға сәйкес берілетін рұқсат құжаттары болған кезде жүзеге асырылады.
      7. Құрылыс регламенттеріне сәйкес әкімдік белгілейтін және жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарында көрсетілген нысаналы мақсатына қатаң түрде сәйкес болғанда жер учаскелерінде құрылыс жүргізуге және оларды пайдалануға рұқсат беріледі. Құрылыс жүргізу үшін жер учаскесін пайдалану кезінде меншік иесі немесе жер пайдаланушы жер учаскесінің нысаналы мақсатының жоспарланған құрылыс объектісіне сәйкес болуын өзіндік қамтамасыз етеді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және жерді бір санаттан екінші санатқа ауыстыру үшін жерге орналастыру жобасы мен өзге де құжаттар мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтуі тиіс.
      8. Астана қаласының аумағында азаматтарға өмір сүруге ыңғайлы жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында инженерлік желілер, жүйелер мен коммуникациялардағы апаттарды жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда, түнгі уақытта шу шығаратын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
      9. Астана қаласының аумағында жобалау-іздестіру, сараптамалық, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын шығару жөніндегі жұмыстар тек тиісті лицензия болғанда ғана жүзеге асырылады.
      10. Лицензияларды беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген.
      11. Жеке және заңды тұлғалар Астана қаласының аумағында:
      1) осы Қағидаға сәйкес құрылыс жүргізуді жүзеге асырады;
      2) тарих және мәдениет ескерткіштеріне, табиғат ескерткіштеріне, қала, ауыл мен табиғат жерлеріне, инженерлік, көлік инфрақұрылымы және аумақты абаттандыру объектілеріне зиян келтіретін, үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін қозғайтын және меншік иелерінің, жалға алушылардың немесе шектес жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүлік объектілерін пайдаланушылардың құқықтарын іске асыруға кедергі болатын іс-қимылдар жасамайды;
      3) бекітілген сәулет-қала құрылысы құжаттамасына, құрылыс нормалары мен ережелеріне, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және өзге де арнайы нормативтер мен талаптарға сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды және өзге де жылжымайтын мүлік объектілерін қалыпты күтіп ұстау, жер учаскелерін абаттандыру жөнінде жұмыс жүргізеді;
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың ұсынымдарын орындайды;
      5) МСҚБО сұранымы бойынша құрылыс объектілері жөнінде қажетті ақпарат пен техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалар сараптамасының қорытындысын береді;
      6) жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық түгендеу мен техникалық тексеру жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарға қала құрылысы мемлекеттік кадастрын және қала аумағында құрылыс жүргізілуіне мониторинг жүргізуге, жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілеріне қол жеткізуге рұқсат береді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қажетті жобалау-сметалық құжаттаманы, кешенді инженерлік зерттеулерді және өзге де материалдарды береді;
      8) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын сақтайды.

4-тарау. Мемлекеттік органдардың өкілеттіктері

      12. Әкімдіктің құзыретіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналар кіреді:
      1) Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидасын мәслихатқа бекітуге ұсыну;
      2) жобалау, зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу және құрылыс жүргізу мақсатында жер учаскесін беру немесе беруден бас тарту (тиесілі жер учаскесіне қосымша учаскені қосып алу) туралы не өтініш берушіге меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесін құрылыс жүргізуге пайдалануға рұқсат беру туралы шешім қабылдау;
      3) Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының аумағында іске асырылатын қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі саясатын пысықтауға қатысу;
      4) жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекеттік қажеттілік үшін;
      5) мыналарды:
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Астана қаласының аумағында қолданылатын мемлекеттік нормативтердің (мемлекеттік нормативтік құжаттар) жобаларын;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеу ережесін, сондай-ақ Астана қаласының аумағында және қала маңындағы аумақта қала құрылысын регламенттеуді;
      қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңарту процесін реттеу, соның ішінде тұрғын ғимараттардың мансардтық құрылысы мен үлгі қабаттарын салу ережесін келісу;
      6) қайта жаңарту объектілерін жобалау, салу мен пайдалануға беру мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      13. Астана қаласы сәулет және қала құрылысы органының құзыретіне мыналар кіреді:
      1) Астана қаласының аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;
      2) Әкімге объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсатында жер учаскелерін беру және оларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік қажеттілік үшін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
      3) пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік мүдделерді қорғау мәселелері жөнінде жобаларды мемлекеттік сараптау, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының республикалық және аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл;
      5) Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
      6) қолданыстағы тұрғын ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды (жекелеген бөліктер) өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге сәулет-жоспарлау тапсырмасын және қажетті бастапқы деректерді беру;
      7) МСҚБО-мен бірлесіп рұқсатсыз құрылысқа мониторинг жүргізу; рұқсатсыз құрылыс анықталған жағдайда шара қолдану;
      8) ғимараттарға, құрылыстар мен өзге де объектілерге реттік нөмірлер беру;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      10) инженерлік желілерді жөндеуге, салуға, шағын сәулет нысандары мен қалалық безендіру және абаттандыру элементтері құрылыстарымен байланысты қала аумақтарын ашу бойынша жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.09.30 № 491/70-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      14. Жер қатынастары жөніндегі орган өз құзыреті шегінде:
      1) сәулет және қала құрылысы органымен бірлесіп аумақтық бөлуге сәйкес көрсетілген нысаналы мақсаты бойынша сұратылған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін белгілейді;
      2) Әкімдік қаулыларының және осы Қағидада көзделген шарттардың жобаларын дайындайды;
      3) жер учаскелерін қалыптастыру және мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекітуді жүзеге асырады;
      4) жер учаскелеріне сәйкестендірілген құжаттарды береді;
      5) мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде Әкімдіктің қаулы жобаларын дайындау үшін қажетті жерге орналастыру жобаларын дайындау мен бекітуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      15. МСҚБО құзыретіне мыналар кіреді:
      1) тапсырыс берушіде (құрылыс салушыда) белгіленген жер учаскесіне оның тиісті құқығын растайтын құжаттардың және мердігермен (бас мердігермен) жасалған шарттың болуын; құрылыс-монтаждау жұмыстарының тиісті түрлеріне мердігерлік ұйымда лицензиялардың болуын; белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың болуын; жобалық шешімдердің қатаң сақталуын; құрылысқа қатысушылардың атқарушылық техникалық құжаттаманың уақтылы ресімделуі мен жүргізілуін, соның ішінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу кезінде; қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкциялардың, құрастырылатын жабдық сапасын; тиісті сертификаттардың болуын; жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын; орындалған жұмыстардың толық көлемін және құрылысы аяқталған объектінің оны пайдалануға қабылдау мен қосу рәсіміне дайындығын қадағалауды жүзеге асыру;
      2) тұрғын ғимараттарындағы жекелеген орын-жайларды немесе жекелеген бөліктерін құрылыс-монтаждау жұмыстарына (жұмыстың басталуы), қайта жөндеуге (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру;
      3) салынып жатқан (құрылысы жоспарланған) объектілерге мониторинг жүргізу және салынып жатқан (қайта жаңартылатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) объектілер мен кешендердің қауіпсіздігін бақылау;
      4) қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
      5) бұзушылықтарға жол берген не белгіленген нормативтік мерзімдерде жіберілген бұзушылықтарды жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты шараларды қолдану;
      6) жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды шығару жөніндегі жұмысты, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттарды салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.09.30 № 491/70-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

2-бөлім. Астана қаласының аумағында құрылыс салуды реттеу

5-тарау. Жер учаскелеріне құқық беру кезіндегі
рұқсат беру рәсімдері

§1. Құрылыс салу үшін жер учаскелеріне құқық берудің
жалпы тәртібі

      16. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіне немесе жер пайдалануға мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Құрылыс салу үшін жер учаскелеріне құқық беру кезінде тиісті шарттарда жер учаскесін берудің мынадай талаптары көзделеді:
      1) инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу (заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда);
      2) жылжымайтын мүлік объектілерін салу мерзімдерін сақтау;
      3) жалпы пайдаланымдағы аумақты абаттандыру.
      Жер учаскесіне құқықтардың басқа тұлғаға ауысу жағдайында көрсетілген талаптар сақталып қалады.
      17. Жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын алуда мүдделі жеке және заңды тұлғалар Әкімдікке өтініш (өтінім) береді.
      Өтініште мыналар көрсетілу тиіс:
      1) жер учаскесін пайдалану мақсаты;
      2) оның болжамды көлемі;
      3) орналасқан жері;
      4) сұратылған пайдалану құқығы;
      5) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекен-жайы мен телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН) не жеке сәйкестендіру (ЖСН);
      6) заңды тұлғалар үшін – ұйым атауы, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі, басшының тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы мен телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН) не бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН).
      18. Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш Әкімдікке түскен сәттен бастап екі ай мерзімге дейін, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскелеріне құқық беру кезінде – үш апта мерзімінде қаралады.
      19. Мүдделі тұлғаның жер учаскесін беру туралы өтініші (өтінімі) Әкімдікте тіркелгеннен кейін жер қатынастары жөніндегі органға және кейіннен сәулет және қала құрылысы органына өтінішті (өтінімді) қанағаттандыру мүмкіндігін (жер учаскесін алдын ала таңдауға) анықтау үшін жіберіледі.
      20. Объектілерді салу үшін жер учаскесі сұратылған кезінде сәулет және қала құрылысы органы мамандандырылған сәулет ұйымына тиісті сауал жіберу арқылы он жұмыс күні ішінде өтінішті (өтінімді) қанағаттандыру мүмкіндігін алдын ала тексеруді дайындауды қамтамасыз етеді.
      21. Өтінішті (өтінімді) қанағаттандыру мүмкіндігін алдын ала тексеру:
      жер учаскесін алдын ала таңдау жөнінде ұсыныстар дайындауды;
      таңдалған жер учаскесін орнында зерттеумен объектіні бекітілген қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына сәйкес орналастыру мүмкіндігін белгілеуді қамтиды.
      22. Сәулет және қала құрылысы органы жеті жұмыс күні ішінде мерзімінде жер қатынастары жөніндегі органға өтініште көрсетілген нысаналы мақсаты бойынша сұратылған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындыны ұсынады.
      Қорытындыға жер учаскесіне құқық беру үшін қажетті материалдар (қала құрылысы регламенттерімен, шектеулермен, "қызыл сызықтармен", жобалау үшін қажетті мерзімдерді көрсетумен нақты жоспар) қоса беріледі.
      23. Жер қатынастары жөніндегі орган мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынмен бірлесіп мемлекеттік жер кадастрының дерекқорына сәйкес сұратылған жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушылардың бар болуы не жоқ болуы туралы мәліметті тексереді.
      Сұратылған жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушылардың бар болуы анықталған жағдайда жер учаскесін беру алып қою шартымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      24. Әкімдік, егер құрылыс салушы (инвестор):
      құрылыс жүргізуге берілген жер учаскесінен бас тартса;
      жер учаскесіне құқық беру туралы қаулыдан туындайтын міндеттемелерді орындау мерзімін екі айдан астам бұзса, жер учаскесін алуға өтініш берген өзге өтініш берушіге жер учаскесін бере алады.
      25. Жер қатынастары жөніндегі орган бес жұмыс күні ішінде жер учаскесі жөніндегі материалдарды дайындайды және оларды жер комиссиясының қарауына енгізеді.
      26. Жер комиссиясы ұсынылған материалдарды қарап, жер учаскесіне өтініште көрсетілген құқықты беру мүмкіндігі не беруден бас тарту туралы қорытынды береді.
      27. Жер комиссиясының шешімі хаттама ретінде ресімделеді және жер комиссиясының төрағасымен бекітіледі.
      28. Жер қатынастары жөніндегі орган жер комиссиясының хаттамасы бекітілгеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде Әкімдіктің жерге тиісті құқық беру (беруден бас тарту) туралы қаулы жобасын әзірлейді және оны Әкімге бекітуге енгізеді. Жер учаскесін беруден бас тарту Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады. Жер учаскесін беруден бас тартылған жағдайда Әкімдік қаулысынан көшірме қаулы қабылданған күннен бастап жеті күн ішінде өтініш берушіге жіберіледі.
      29. Жер қатынастары жөніндегі орган Әкімдіктің жер учаскесін беру туралы қаулысы қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өтініш берушімен жер учаскесін сату – сатып алу немесе уақытша жер пайдалану шартын жасайды.
      30. Сәйкестендіру құжаты өтініш беруші жер учаскесі үшін салық органы растаған төлем жүргізгеннен, ауыл шаруашылығы немесе орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтегеннен (ауыл шаруашлығы жерлерін немесе орман қоры жерлерін беру жағдайында) кейін тіркеу журналына оған қол қоюмен беріледі.
      31. Сәулет және қала құрылысы органы Әкімдіктің жобалау және (немесе) құрылыс салу мақсатында жер учаскесін беру туралы қаулысынан көшірме келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде құрылыс салушымен бекіту үшін келесі талаптар анықталған жер учаскесін игеру шартын дайындайды:
      1) шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын игеру кестесіне сәйкес жер учаскесін игеру мерзімі;
      2) жер учаскесін игеру кестесіне сәйкес аралық бақылау мерзімі;
      3) құрылыс салушы жер учаскесін игеру кестесін орындамаған жағдайда одан жер учаскесін (пайдалану құқығын) алып қою шарттары сияқты талаптар белгіленеді.
      32. Жер учаскесіне құқықтың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

§2. Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп
алып қоюдың ерекшеліктері

      33. Әкімдік алып қою шартымен жер учаскесін беру туралы қаулыны қабылдағаннан кейін өтініш берушілер мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы өтінішпен Әкімдікке жүгінеді.
      Осы өтініштер Әкімдікте тіркелгеннен кейін мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынмен бірлесіп жерге орналастыру жобасын және Әкімдіктің тиісті қаулы жобасын дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін жер қатынастары жөніндегі органға жіберіледі.
      34. Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Әкімдік қаулысының жобасында:
      1) қаржыландыру, алып қою рәсімдерін жүзеге асыру, рұқсатсыз құрылыс жүргізуге жол бермеу, меншік иелерін немесе жер пайдаланушыларды хабардар ету және оларға өтемақы төлеу үшін жауапты мемлекеттік органдардың атауы;
      2) алып қоюға жататын жер учаскелерінің сәйкестендіту сипаттамалары (кадастрлық нөмірі, орналасу жері, ауданы, құқық түрі, нысаналы мақсаты) туралы материалдар және бөлінген жер шекарасындағы алынып қойылатын жер учаскелерінің орналасу сызбасы көрсетіледі.
      35. Алынып қойылатын жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлікті бұзу тіркеу органында бағдарлама әкімшісі жер учаскесіне құқықты тіркегеннен кейін МСҚБО берген рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
      36. Алынып қойылатын жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлікті бұзу құрылыс салушының (инвестордың), Астана қаласы тиісті ауданы әкімдігінің, қажет болған жағдайда инженерлік желілер қарамағындағы кәсіпорындардың және санэпидемқадағалау органының өкілі қол қоятын актіні міндетті ресімдеумен жүзеге асырылады.

§3. Құрылыс жүргізу кезінде жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгерту тәртібінің ерекшеліктері

      37. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш Әкімдікке тапсырылады.
      38. Мүдделі тұлғаның жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініші (өтінімі) Әкімдікте тіркелгеннен кейін жер қатынастары жөніндегі органға және кейіннен сәулет және қала құрылысы органына бекітілген қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін анықтау үшін жіберіледі.
      39. Сәулет және қала құрылысы органы өтініш келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі органға сұратылған нысаналы мақсаттың қала құрылысы құжаттамасына сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы қорытындыны жібереді.
      40. Жер қатынастары жөніндегі орган сәулет және қала құрылысы органының қорытындысын алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде жер учаскесі жөнінде материалдарды дайындайды және оларды жер комиссиясының қарауына енгізеді.
      41. Жер комиссиясы жер учаскесінің сұратылған нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
      42. Жер қатынастары жөніндегі орган жер комиссиясының хаттамасына қол қойылғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде әкімдіктің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту не өзгертуге рұқсат беруден бас тарту туралы тиісті қаулы жобасын дайындайды және оны Әкімдікке бекітуге енгізеді.
      Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады. Бас тарту жағдайында Әкімдік қаулысынан көшірме өтініш берушіге қаулы қабылданған күннен бастап жеті күн ішінде жіберіледі.
      43. Әкімдік нысаналы мақсатты өзгерту туралы қаулысын қабылдаған жағдайда жер қатынастары жөніндегі орган мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп Әкімдіктің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде өзгертілген нысаналы мақсатымен жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қайта ресімдейді және оны береді.

6-тарау. Жер учаскелерін пайдалануға қойылатын
қала құрылысы талаптары

      44. Бекітілген Астана қаласының Бас жоспары аумақтық және қала құрылысы дамуының талаптарын белгілейтін негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады. Қала құрылысы құжаттамасының басқа түрлерін (түбегейлі жоспарлау жобалары, құрылыс жүргізу жобалары, инженерлік желілерді дамыту сызбалары) Астана қаласының Бас жоспарына сәйкес Астана қаласының бас сәулетшісімен келісім бойынша әзірленеді және Әкімдік қаулысымен бекітіледі.
      Бекітілген қала құрылысы құжаттамасы Астана қаласының қала құрылысы қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті.
      Қала құрылысы жағдайларының өзгеруіне жедел жауап беру мақсатында кейіннен Әкімдіктің қаулысымен бекітумен Астана қаласының бас сәулетшісімен бекітілген қала құрылысы құжаттамасына өзгерістер енгізуге жол беріледі.
      45. Жер учаскелері құрылыс жүргізу үшін берілген кезінде оларды пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары бекітілген Бас жоспардың, түбегейлі жоспарлау мен құрылыс жүргізу, қала құрылысын бөлу жобаларының, сондай-ақ осы Қағиданың негізінде белгіленеді.
      46. Астана қаласының аумағында құрылыс жүргізу үшін жеке немесе заңды тұлғалардың жер учаскелерін (коммуникацияларды салуды, аумақтың инженерлік дайындығын, абаттандыруды, көгалдандыру мен жер учаскесін жайғастырудың басқа түрлерін қоса алғанда) осы Қағидаға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес пайдалану.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.07.21 № 472/66-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      47. Жер учаскелерін бөлу немесе олардың шекаралары мен көлемдерін өзгерту "қызыл сызықты", құрылыс жүргізуді реттеу шегін және қала құрылысы регламенттерінің талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлік объектілерін бөлу жағдайында дербес жылжымайтын мүлік объектілері ретінде олардың қызмет етуі үшін жағдай жасалады.
      48. Жер қатынастары жөніндегі орган жер учаскесінің бөлінетіндігін сәулет және қала құрылысы органымен келіседі.

7-тарау. Тұрғын аумағында құрылыс жүргізу

      49. Тұрғын аумағында құрылыс жүргізу бекітілген қала құрылысы және жобалау-сметалық құжаттама негізінде жүзеге асырылады.
      50. Тұрғын аумақтарын жобалау және тұрғын үйлерді орналастыру кезінде үйлер мен олар орналасқан жер учаскелерін ұстау мен оларға қызмет көрсету мақсатында кейіннен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын және тұрғын емес орын-жайлары меншік иелерінің кондоминиумын құру мүмкіндігін көздеу қажет.
      51. Көппәтерлі тұрғын үйлердің кешендерін жобалау кезінде экологиялық, санитарлық және өртке қарсы талаптарды ескерумен үстінде балалардың ойын, спорт және шаруашылық алаңдарын жайғастырумен автопаркинг, гараж бен инженерлік жабдық қондырғыларын орналастыру үшін жер асты кеңістігін мүмкіндігінше барынша пайдалану қажет.
      52. Аула кеңістігінің бөліктерін жайғастыру жөнінде талап етілген аудан есебі сәулет-жоспарлау тапсырмасына және қолданыстағы нормативтерге сәйкес орындалады.

8-тарау. Астана қаласының маңындағы аймаққа
енгізілген аумақта құрылыс жүргізу

      53. Астана қаласының қала маңындағы аймағына енгізілген жерлер Астана қаласының қала маңындағы аймақ аумағын қала құрылысы дамытудың бекітілген жобасы негізінде пайдаланылады.
      54. Әкімдіктің Ақмола облысының әкімдігімен Астана қаласының Бас жоспарына бұрын бекітілген жоспарлау мен құрылыс жүргізу, аумақтың жер-шаруашылық құрылымы, жерлерді бөлу сызбалары жобаларының және аумағы Астана қаласының қала маңындағы аймағына кіретін елді мекендердің өзге де қала құрылысы құжаттамасының сәйкестігін анықтау жөніндегі өзара іс-қимылы "Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жердің пайдалану ережесi мен режимiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1269 қаулысымен реттеледі.
      55. Қала маңындағы аймақтың жерлерін бөлу осындай аумақты пайдаланудың мақсатты режимін анықтау үшін жүзеге асырылады. Қала маңындағы аймақтың жерлерін бөлу кезінде қала маңындағы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды дамыту аймағы, ерекше қала құрылысын реттеу, орман, орман саябақтары және қорғау мен санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын басқа да жасыл желектер өсетін жасыл аймақтар болып бөлінуі мүмкін.
      56. Жасыл аймақтар жерлері халық демалатын орын болып табылады және мәдени-сауықтыру, оңалту мен туристік мақсаттарда пайдаланылады. Мұндай жерлерде жасыл аймақтарының қорғау, санитарлық-гигиеналық функцияларына және халық демалуын ұйымдастыру мақсаттарына сай келмейтін құрылыстар мен орын-жайларды салуға жол берілмейді.
      57. Ерекше қала құрылысы реттеу аймағына жататын жерлер Астана қаласын дамыту, оның инженерлік пен көлік инфрақұрылымының қалыпты қызмет етуі үшін қажетті құрылыстарды орналастыру мен салу үшін резервті аумақ болып табылады.
      58. Ерекше қала құрылысы реттеу аймағында құрылыс жүргізу көрсетілген аймақта орналасқан, Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органы келіскен елді мекендердің бас жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      59. Жеке және заңды тұлғаларға ерекше қала құрылысы реттеу аймағынан жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруді немесе олардың нысаналы мақсатын өзгертуді заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

9-тарау. Жобалау

§1. Жобалау алдындағы кезең

      60. Әкімдіктің құрылыс жүргізуге жер учаскесін беру (учаскені пайдалануға рұқсат беру) туралы қаулысы мен жер учаскесін игеру шарты тапсырыс берушінің белгіленген объектіні жобалауға арналған тапсырманы құру үшін негіз болып табылады.
      61. Құрылыс жүргізуге жер учаскесін беру туралы қаулысы шыққанға дейін Әкімдік жобалауға (құрылыстың бастапқы кезеңі) рұқсат беру туралы шешімін шығаруы мүмкін.
      62. Жобалауға тапсырманы тапсырыс беруші не оның уәкілетті тұлғасы (құрылыс салушы) құрады және тапсырыс беруші оны бекітеді. Жобалауға тапсырма жобалау алдындағы және/немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындауға арналған шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Жобалауға тапсырма объектінің талап етілетін өлшемдерді, өзге де бастапқы деректерді қамту тиіс.
      63. Инженерлік және коммуналдық көздерге қосылуға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмалары мен техникалық талаптарды Әкімдік сәулет және қала құрылысы органдары арқылы береді.
      64. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық талаптарды алуға арналған өтінішті тапсырыс беруші сәулет және қала құрылысы органына береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жергілікті атқарушы органның жаңа құрылыс салуға жер учаскесін беру (қосып беру) туралы шешімі (жер учаскесін пайдалануға рұқсат) немесе жергілікті атқарушы органның қолданыстағы объектілерді өзгертуге – қайта жаңартуға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) берген шешімі;
      2) бекітілген жобалауға тапсырма.
      65. Құрылыс жүргізу үшін жер учаскесін беру кезінде сәулет және қала құрылысы органы құрылыс объектісіне бастапқы - рұқсат беру құжаттамасын дайындауды және мүдделі мемлекеттік органдармен және пайдаланушы ұйымдармен келісуді қамтамасыз етеді, аталған құжаттамада мыналар көрсетіледі:
      жер учаскесінің орналасқан жері;
      ғимараттың, көлік үшін тұрақтардың және өзге де бөліктердің ауданын көрсетумен бөлінген аумақтың ауданы;
      түбегейлі жоспарлау және аумақ құрылысы мен іргелес учаскелерге дейін арақашықтың жобаларына сәйкес учаскенің жобалық шекарасы;
      рұқсат берілген жер учаскелерін мақсатты пайдалану;
      жер учаскелерін инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету;
      жер учаскесіне құқық түрі, ауыртпашылықтар, сервитуттер.
      66. Сәулет және қала құрылысы органы келесі жұмыс күнінен кешіктірмей сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды алуға тапсырма алғаннан кейін инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге құжаттарды қоса берумен техникалық шарттарды алуға сұраным жібереді.
      67. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілер сұраным алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы органына өлшемдер мен қосылу көрсетумен техникалық шарттарды не негізделген беруден бас тартуды жібереді.
      68. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерден техникалық шарттарды алуды мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорын пайдаланумен сәулет және қала құрылысы органы жүзеге асырады.
      69. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, объектілерді жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды беруге арналған өтінішті қарау мерзімі өтініш берген сәттен бастап сегіз жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      Тұрғын ғимараттың орын-жайын немесе бөліктерін өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге бастапқы деректер мен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру үшін сәулет және қала құрылысы органының өтініш берушілер ұсынған құжаттарды қарау мерзімі (немесе оларды беруден себепті бас тартуды) өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық шарттарды ресімдеу және беру мерзімдері мынадай объектілер бойынша өтініш берілген сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды:
      1) электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      2) тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      3) қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      4) елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      5) елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
      оларға қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      оларға қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары.
      70. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы табиғи – ауа райлық, сейсмикалық және қала құрылысы жағдайын ескерумен түрлі мақсаттағы объектілерді жобалау, сондай-ақ сәулеттік шешім, қасбеттер мен ішкі орын-жайларды, төбе төсемі мен шатыр орын-жайларын қазіргі заманғы құрылыс және әрлеу материалдарын қолданумен әрлеу, төбе жабындары мен объектіге жапсарлас аумақтан атмосфералық құбылыстардың су қашыртқы жүйесін өндіру, көшелер мен аумақтың өту бөліктерінің жабындысын төсеу, шағын сәулет нысандары, жарнама, тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру мен жарық түсіру жөніндегі жалпы ұсынымдарды және Астана қаласына арналған қала құрылысы регламенттеріне сәйкес басқа да ережелерді қамтиды.
      71. Жаңа объектіні салу немесе қолданыстағыны қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, жаңғырту, қалпына келтіру) үшін жер учаскесін бөлу (қосып беру) талап етілмеген жағдайда, сондай-ақ осы мақсаттар үшін инженерлік пен коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосылу немесе жүктемені ұлғайту қажеттілігі болмаса, сәулет-жоспарлау тапсырмасында тиісті жазба жасалады.
      72. Жаңа құрылыс (қолданыстағы объектіні өзгерту) жобасына сараптама жүргізу қажеттілігі немесе қажеттіліктің болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасында көрсетіледі.
      73. Сәулет-жобалау тапсырмасы және техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.
      74. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы заңсыз салынған немесе салынып жатқан объектілерге қатысты берілмейді.
      75. Берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгіленген тәртіппен жобаны әзірлеуге берілген рұқсатты білдіреді.
      76. Жаңа құрылыстың (қолданыстағы объектіні өзгерту) жобасына сараптама жүргізу қажет болса, мұндай сараптама "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

§2. Астана қаласының аумағында құрылыс объектілері
мен объектілерді қайта жаңартуды жобалау

      77. Жобалау құжаттамасын әзірлеу осындай жұмыс түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындайды.
      78. Жобалау құжаттамасында қауіпті (зиянды) табиғи және техногендік, антропогендік құбылыстар мен процестердің әсерінен тұрғындар, аумақтар мен елді мекендер қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды орындау бойынша шаралар көрсетілу тиіс.
      79. Қолданыстағы (пайдаланудағы) объектілерге енгізілетін өзгерістер жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында ғимараттың орын-жайларын немесе өзге де бөліктерін өзгерту жөніндегі жұмыстар барысында да, өзгертілген объектіні кейіннен пайдалануда да басқа меншік иелерінің мүддесін қозғайтын жобалық шешімдердің бар болуы немесе жоқтығы туралы мәліметтерді көрсету тиіс.
      Егер орын-жайлардың (тұрғын үй бөліктерінің) жоспарлы қайта жаңартылуы (қайта жоспарлануы, қайта жабдықталуы) немесе орын-жайлар шекарасын ауыстыру басқа меншік иелерінің (қос меншік иелерінің) мүдделерін қозғаса, жобаға олардың осы өзгерістерге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса берілуі тиіс.
      Әзірленген жоспар сәулет-жоспарлау тапсырмасының негізгі талаптары мен ұсынымдарына сәйкес болуы тиіс. Жобалау әзірлемелері сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарынан ауытқыған жағдайда құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жобаны сараптамаға бергенге дейін (сараптама жүргізу қажет болса) оларды сәулет және қала құрылысы органымен түпкілікті келіседі.
      80. Астана қаласында объектіні жобалау кезінде ғимараттар мен орын-жайлардың сәулетінде, сондай-ақ құрылыс жүргізуді ұйымдастыруда мәдениет пен дәстүрлердің ұлттық ерекшеліктерін ескеру қажет.
      81. Қалалық жасыл қорды құру, сақтау мен көбейту мақсатында объектілерді жобалау мен салу кезінде объектіні салуға берілген жер учаскесі ауданының кемінде 20% аумақты көгалдандыруға қарастыру керек.
      82. Құрылыс салушы (тапсырыс беруші) өз қаражаты есебінен көтерген объектілер бойынша жобаларды сараптауды аттестациядан өткен жеке тұлға (сарапшы) немесе мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жататын сараптамалық жұмыстардың құзыретіне жатпайтын сараптамалық жұмыстардың түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар аккредиттелген заңды тұлғалар (сараптама орталықтары) жүзеге асырады.
      83. Мемлекеттік инвестициялардың есебінен немесе олардың қатысуымен көтерілетін объектілер, сондай-ақ қауіптілігі ықтимал және техникалық күрделі объектілер бойынша әзірленген жобалар мемлекеттік сараптамадан өтуге жатады.
      84. Қала құрылысы тәртібін, жобалаудың тиісті сапасын сақтау, Астана қаласының Бас жоспарын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы және Астана қаласының аумағын қала құрылыстық игеру кезінде мемлекеттік нормативтерді іске асыруды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жобалау құжаттамасын бекіткенге дейін оның Астана қаласының Бас жоспарын әзірлеушілермен (авторлармен) қала құрылысы регламенттері мен түбегейлі жоспарлау жобасының жоспарына сәйкес болу бөлігінде келісілуін қамтамасыз етеді.
      85. Құрылыс жобалары және басқа да жобалау құжаттамасы сараптаманың оң қорытындысымен және Астана қаласының Бас жоспарын әзірлеушілердің (авторлардың) келісімен бірге келісу үшін сәулет және қала құрылысы органына ұсынылады. Сәулет және қала құрылысы органы ұсынылған құжаттарды келіп түскен мезеттен бастап жеті жұмыс күні ішінде келіседі.
      86. Жобаны сәулет және қала құрылысы органы келіскен (оң қорытынды) жағдайда жобаны құрылыс салушы (тапсырыс беруші) бекітеді және құрылыс-монтаждау жұмыстарын (құрылыс) жүргізуге рұқсат алу үшін МСҚБО жібереді.
      87. Жоба құрылыс нормаларынан, сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптары мен ұсынымдарынан ауытқуы жағдайында жоба ескертулермен пысықтауға қайтарылады. Жобаны қайта қарау осы Қағидада және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      88. Көппәтерлі тұрғын үйлерді, ірі сауда және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезінде қоса салынған, жапсарланған және/немесе жер асты гараждары мен автопаркингтерді қарастыру қажет.
      89. Елді мекендерді жобалау, тұрғын аудандарды қалыптастыру, қайта игеріліп және қайта жаңартылып жатқан аумақтарды және басқа да елді-мекендерді абаттандыру кезінде тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылыстар мен орын-жайларға мүгедектердің қолжетімділігі қамтамасыз етілуі тиіс. Тұрғын үй құрылыстары шегінде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелерінің және еңбек ұсыну объектілерінің жанында орналасқан жеңіл автокөліктерді уақытша сақтау үшін ашық тұрақтарды жобалау кезінде мүгедектердің жеке автокөлік құралдары үшін орын қарастырылуы тиіс.

§3. Жеке тұрғын үй (үй-жайлық) және шағын қабатты
құрылыстарын жобалау ерекшеліктері

      90. Жеке тұрғын (үй-жайлық) құрылыстарға үй-жайлық (коттедждік) және қоршалған құрылыс жатады, онда әрбір тұрғын үйдің (пәтер) өз үй-жайлық жер учаскесі болады.
      Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру нормалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      91. Жеке тұрғын үйді жобалау мен салу сәулет-жоспарлау тапсырмасына, құрылыс нормаларына және осы Қағидаға сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      92. Жеке шағын қабатты құрылыс ауданында:
      1) әлеуметтік-тұрмыстық маңызы бар объектілерді орналастыру үшін аумақ қалдырылу;
      2) көше-жол желісі мен инженерлік инфрақұрылымды қарқынды салу жүзеге асырылу тиіс.
      93. Инженерлік жабдық орталық қалалық жүйелерге қосылуды да, жергілікті және орамдық дербес құрылыстарды жайғастыруды да көздеу тиіс.

§4. Астана қаласының аумағында инженерлік желілер
мен құрылыстарды жобалау ерекшеліктері

      94. Объектілердің қызмет етуін қамтамасыз ететін таратушы және алаңішілік инженерлік желілерді, сондай-ақ ғимараттар мен орын-жайлардың желілерін жобалау ұзындығына қарамастан қаланың инженерлік қызметтерінің техникалық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде сәулет және қала құрылысы органы берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес құрылыс салушылардың (тапсырыс берушілердің) тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, электрмен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, суық және ыстық сумен жабдықтаудың инженерлік коммуникацияларын әрбір пәтерге енгізу қаланың инженерлік қызметтерінің бекіту арматурасы мен есептеу құралдарына кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үйдің жалпы пайдалану орындарында қарастыру қажет.
      95. Инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалауды тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымдары немесе жеке тұлғалар сәулет және қала құрылысы органы берген трасса сызбаларының негізінде жүзеге асырылады.
      96. Инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары барлық саты мен түрлерінде координаттардың қалалық жүйесіндегі 1:500 масштабта, биіктіктің Балттық жүйесіндегі толыққанды және түзетілген топографиялық түсірілімде (6 айдан артық емес мерзімге жарамды) орындалу тиіс. Инженерлік желілер мен құрылыстардың әзірленген жобалары міндетті түрде сараптамадан өтеді. Сараптамадан кейін жоба сәулет және қала құрылысы органына келісуге жіберіледі. Сәулет және қала құрылысы органының инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары келіп түскен мезеттен жеті жұмыс күні ішінде келісіледі және бір жыл ішінде күшінде болады. Инженерлік құрылыстардың жобалары (сорғы, қосалқы станциялар және басқа да объектілер) міндетті түрде мемлекеттік сараптамадан өтеді. Іздестіру материалдары (техникалық есебі бар топографиялық түсірілім) Астана қаласы сәулет және қала құрылысы органының арнайы бөліміне тапсырылады.
      97. Инженерлік желілер мен құрылыстарды салу жұмыстарын жүргізуге рұқсатты МСҚБО осы Қағидаға сәйкес сәулет және қала құрылысы органы келіскен және бекіткен жоба негізінде береді.
      98. Жобалау құжаттамасын әзірлеу, магистралдық коммуникацияларды, инженерлік инфрақұрылымның бас құрылыстарын салу, пайдалану мен кейіннен қайта өңдеу кезінде, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде іргелес аумақтардың мүдделерін ескеретін және аумақтар мен тұрғындарға қауіпті (зиянды) құбылыстар мен процестердің әсер ету мүмкіндігін жоятын шешімдер қабылдану тиіс.
      99. Жобаланған инженерлік желілер мен құрылыстар Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізілуге жатады.

10-тарау. Тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды қайта
жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)

      100. Қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақты қосып беруді) немесе оның нысаналы мақсатын өзгертуді талап ететін ғимараттар мен тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес орын-жайлары қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде құрылыс салушы (тапсырыс беруші) белгіленген тәртіппен қосымша жер учаскесін беру немесе оған меншік (жер пайдалану) құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін Әкімдікке жүгінеді және Әкімдік оң шешім қабылдаған жағдайда тиісті сәйкестендіру құжаттарын алады.
      101. Қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақты қосып беруді) немесе оның нысаналы мақсатын өзгертуді талап етпейтін ғимараттар мен тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес орын-жайлары қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде орын-жайдың меншік иесі болып табылатын құрылыс салушы (тапсырыс беруші) сәулет және қала құрылысы органынан жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасын алады.
      Жер учаскесін бөлген (аумақты қосып берген) жағдайда орын-жайдың меншік иесі болып табылатын құрылыс салушы (тапсырыс беруші) заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні пайдалануға қабылдағанға дейін сәулет және қала құрылысы органына объектінің атқарушылық топографиялық түсірілімін орындауға тапсырыс береді және оны қағаз және электронды жеткізушіде ұсынады, аталған түсірілім Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізілуге жатады.
      102. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен қолданыстағы нормативтер бойынша әзірленген жобалау құжаттамасы жоба бойынша сараптаманың қорытындысымен сәулет және қала құрылысы органының келісуіне жатады.
      103. Тұрғын ғимаратындағы тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды, сондай-ақ оның өзге де жекелеген бөліктерін өзгертуге мүдделі және Әкімнің тиісті шешімі бар тұлғалар тиісті құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін МСҚБО-ға өтінішпен жүгінеді.
      Өтінішке мыналар қоса беріледі:
      1) қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсат алу үшін өтінішке өтінішті қарайтын мемлекеттік органның құжаттардың түпнұсқалылығын белгілеуі үшін түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін объектіге меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері не объектінің меншік иесінің (меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса беріледі;
      2) тиісті жергілікті сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындалған болжанып отырған өзгерістер жобасы (нобайы).
      104. Объектінің конструкциялары мен функционалдық (нысаналы) мақсатын өзгертусіз жер учаскесінің (аумақтың, тас жолының) қолданыстағы шекарасында жүзеге асырылатын пайдаланудағы тұрғын үй ғимараттарындағы орын-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алмаусыз Әкімдіктің тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.
      105. Қолданыстағы орын-жайларды (ғимарат бөліктерін) өзгерту жөнінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден бас тарту:
      1) өтініш берушінің өзгертілетін объектіге тиісті меншік құқығы не өтініште көрсетілген ғимараттың орын-жайын немесе бөлігін өзгертуге меншік иесінің (қос меншік иесінің), сондай-ақ, аталған өзгерістер мүдделерін қозғайтын өзге де орын-жайлардың меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі болмау;
      2) жобаланған өзгеріс орын-жайды нормативтік құқықтық актілермен немесе нормативтік техникалық құжатармен тыйым салынған немесе шектелген қызмет түрлері үшін пайдалануды көздеу;
      3) өзгерту жобасының техникалық талаптарға немесе мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес болмау жағдайларында өтініш берген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Дәлелді бас тарту өтініш иесіне жазбаша түрде өтініш иесінің құжаттары сай келмейтін нақты нормативтік құқықтық актілер және (немесе) нормативтік техникалық құжаттар көрсетіліп беріледі.
      Өтініш беруші рұқсат беруден дәлелді бас тартуға негіз болған кемшіліктерді жойған кезінде қайта берілген өтініш жалпы негізде қаралады.
      106. Сәулет және қала құрылысы органы келіскен жобалау құжаттамасының және қайта жаңартудың (қайта жабдықтаудың, қайта жоспарлаудың) негізгі өлшемдерін бекіту негізінде МСҚБО өтінішті берген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді.
      107. Ғимараттар мен тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды қайта жаңарту (қайта жабдықтау, қайта жобалау) аяқталғаннан соң объект мемлекеттік қабылдау комиссиясымен немесе қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылдауға жатады.
      Объекті пайдалануға қабылданғаннан кейін орын-жайдың меншік иесі болып табылатын құрылыс салушы (өтініш иесі) сәулет және қала құрылысы органына объектінің мекен-жайына өзгеріс енгізу үшін сәйкестендіру және құқық куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
      108. Төмендегілерге:
      1) жалпы пайдаланымдағы және "қызыл сызық" шегінен шығатын және инженерлік желілерді иеліктен шығару аймағындағы кондоминиумдардың жалпы үлестік меншік жерлерінде кәсіпкерлік объектілеріне витриналары бар кіру топтарын;
      2) жасыл екпелерге арналған учаскелерде орын-жайларды;
      3) ауланың, орамішілік аумақты қысқарту есебінен құрылыстарды қосып салуға рұқсат берілмейді.
      109. Автопаркингтерді автокөлік құралдарын орналастыру мақсатында пайдаланбау үшін қайта жаңартуға (қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға) жол берілмейді.

11-тарау. Құрылыс салу

§1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру

      110. МСҚБО мынадай құрылыс-монтаждау жұмыстарының түрлерін жүргізуге рұқсат береді:
      1) жер жұмыстары және топырақтағы арнайы жұмыстар;
      2) ғимараттар мен құрылыстардың (соның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен метрополитен, жол өтпелері, құбырлар, өзге де жасанды құрылыстар) негізгі және (немесе) қоршау конструкцияларын салу;
      3) желілік құрылыстарды салу жөніндегі арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары;
      4) сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстарды, сондай-ақ ішкі инженерлік желілерді жайғастыру;
      5) конструкциялар мен жабдықты қорғау және әрлеу жөніндегі жұмыстар;
      6) автомобиль және темір жолдарын салу;
      7) технологиялық жабдықты монтаждау (қайта құру), іске қосу жұмыстары;
      8) қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзумен, уақытша инженерлік желілерді, жолдарды, қоймалық алаңшаларды жайғастырумен, сондай-ақ жерді құнарландыру мен құнарлы жер қабаттарын алумен байланысты дайындық жұмыстары.
      111. МСҚБО-ның рұқсаты құрылыс-монтаждау жұмыстарын (құрылысты бастауға) жүргізуге, тұрғын ғимараттардағы жекелеген орын-жайларды немесе жекелеген бөліктерді қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ресімделеді.
      112. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін құрылыс салушылар (тапсырыс берушілер) МСҚБО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) белгіленген нысандағы өтініш;
      2) Әкімдіктің құрылыс жүргізу үшін жер учаскесін беру туралы шешімінің көшірмесі;
      3) жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы оң қорытындысының (бір сатылы жобалау кезіндегі жұмыс жобасы бойынша, не болмаса екі сатылы жобалау кезіндегі жоба бойынша) көшірмесі;
      4) бас мердігердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру құқығына құрылыс-монтаждау жұмыстары түрлерінің тізімі бар мемлекеттік лицензия көшірмесі;
      5) мемлекеттік экологиялық сараптама оң қорытындысының көшірмесі.
      113. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат:
      1) объектінің қондырғысының және қызмет ету тағайындалуын өзгертпей, жер учаскесінің қолданыстағы шекарасында (аумағы, тас жол) жүзеге асырылатын объектілерді қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, техникалық қайта жарақтандыру, күрделі жөндеу;
      2) жол жабындарын және көшелердің, алаңдардың, өту жолдарының, төселген тастарды күрделі жөндеу, кіші сәулеттік нысандарды, ашық сәнді бассейіндерді, су бұрқақтарын, қалалық рәсімдеу құрылғыларын, ландшафтты сәулеттік және көгалдандыру элементтерін орнату мен жайғастыру;
      3) уақытша мақсаттағы қосалқы және көмекші құрылымдар салу жағдайларында талап етілмейді.
      114. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын (құрылысты бастау) жүргізуге рұқсат алу үшін берілген өтінішті қарау мерзімі өтінішті берген сәттен бастап жеті жұмыс күнін құрайды, мерзімі өткеннен кейін МСҚБО құрылыс-монтаждау жұмыстарын (құрылысты бастау) жүргізуге рұқсат, не болмаса рұқсат беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
      115. Астана қаласының Бас жоспарына немесе аудандық жоспарлау (Астана қаласын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді сызбасына) сәйкес орындалған, белгіленген тәртіппен бекітілген түбегейлі жоспарлау жобалары немесе құрылыс жүргізу жобалары болмаған жағдайда құрылыс салуға рұқсат берілмейді.
      116. Құрылыс салуға берілген рұқсат жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының барлық мерзімінің ішінде әрекет етеді. Егер объект нормативтік ұзақтығының барлық мерзімінің ішінде аяқталмаса, онда құрылысты жалғастыру үшін тапсырыс беруші (құрылыс салушы) жаңа рұқсат алуға міндетті. Құрылысты жалғастыру үшін жаңа рұқсат беру осы Қағидада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      117. Құрылыс салуға берілген рұқсаттың әрекеті тапсырыс берушінің немесе мердігердің (жұмыс мердігерлік тәсілде болған жағдайда) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу лицензиясының әрекет ету мерзімімен шектеледі.
      118. Рұқсат берілген құрылыс-монтаждау жұмыстары құрылыс салушының (тапсырыс беруші) немесе мердігердің (жұмыс мердігерлік тәсілде болған жағдайда) лицензиясына сай келуі тиіс.
      119. Құрылыстың бастапқы тапсырыс берушісін (құрылыс салушы) немесе құрылысты жүргізуші мердігерлік (бас мердігер) ұйымды ауыстырған жағдайда бұрын берілген рұқсат тапсырыс берушінің (құрылыс салушы) өтініші бойынша қайта тіркелуге жатады. Мұндай өтініш өзгеріс өткізілген күннен бастап жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей рұқсат берген органға беріледі. Былай болмаған жағдайда берілген рұқсат қайта тіркеуге өтініш берген аталған мерзім өткеннен кейін күшін жояды.
      120. Жобалау құжаттамасын өзгерісі болжанған құрылыс объектісінің мақсатты тағайындалуы өзгерген жағдайда құрылыс салуға берген рұқсаттың күші жойылады.
      121. МСҚБО белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген сәулет-жоспарлау құжаттамасы болмаған жағдайда құрылыс салуға рұқсат беруден бас тартады.
      122. Құрылыс салуға рұқсаттың әрекеті жұмысты жүргізу қағидаларын бұзу, бекітілген жобадан ауытқу және басқа да заңнама талаптарын бұзу анықталған жағдайда, оның ішінде:
      1) жер учаскесін мақсатсыз пайдалану;
      2) жобалау құжаттамасының рұқсат берілген жер учаскесінің пайдаланылуына сәйкессіздігі;
      3) жобалау құжаттамаларының құрылыс нормалары мен ережелеріне, сондай-ақ табиғат қорғау, санитарлық және өртке қарсы нормаларға, жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы заңнама талаптарына сәйкессіздігі;
      4) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкессіздігі болған жағдайда тоқтатыла тұрады.
      Сонымен қатар, құрылыс салушыға (тапсырыс беруші) жазбаша түрде хабарлама және тиісті ұйғарым беріледі.
      123. Орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрылыс салуға рұқсатқа, қала құрылысы регламенттеріне, мемлекеттік стандарттар мен нормативтерге сәйкестігін бақылауды МСҚБО жүзеге асырады.
      124. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру екі кезеңде жүзеге асырылады:
      1) құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) құрылыс аумағын дайындауы: құрылыс салудың Бас жоспарына сәйкес құрылыс алаңдары аумағын қоршау; объектінің негізгі көрсеткіштерін көрсете отырып, паспортын орнату; құрылыстарды бұзу (кейіннен қайта өңдеу) – техникалық шешімді ұсынумен; уақытша ғимараттар мен құрылыстарды орнату және оларды уақытша ішкіаудандық желілерге қосу; уақытша ішкіаудандық және ауданнан тыс инженерлік желілерді төсеу; уақытша кіреберіс жолдарын, өтпе жолдары мен алаңдарды салу; автомобиль және арнайы көліктің дөңгелектері мен шанақтарын жуу орындарын жабдықтау.
      Бірінші кезең құрылыс аудандарының дайындығы жөніндегі актілермен ресімделіп, оған Астана қаласы аудандарының әкімдері құратын қабылдау комиссиясының мүшелері қол қояды;
      2) құрылыс салушы (тапсырыс беруші) құрылыс аудандарының дайындығы жөніндегі актіні ұсынғаннан кейін МСҚБО заңнамаға сәйкес құрылыс салуға рұқсат береді.
      125. Қасбет элементтері мен түсін өзгерту сәулет және қала құрылысы органымен міндетті келісуге жатады.
      126. Қолданыстағы тұрғын ғимараттардағы орын-жайларды қайта жаңарту, қайта жобалау, қайта жабдықтауға рұқсат беру рәсімдерін өту Қағидада көзделген ерекшеліктермен жүзеге асырылады.

§ 2. Құрылыс алаңдарын ұстау мен жүкті тасымалдауға
қойылатын талаптар

      127. Құрылыс алаңы құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілгеннен бастап құрылыс салушының жүргізуінде болады.
      Құрылыс алаңының шекарасы барлық мүдделі органдармен келісілген және құрылыс салушымен (тапсырыс берушімен) бекітілген қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес әзірленген құрылыстық бас жоспармен белгіленеді.
      128. Құрылыс алаңы, онда орналасқан ғимараттар, уақытша құрылыстар мен орын-жайлар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, мемлекеттік стандарттар мен нормативтерге, сондай-ақ Астана қаласының аумағында абаттандыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      129. Объектілерді салу кезінде қауіпсіздікті, өмір тіршілігін қамтамасыз ету, қаланы абаттандыруда кері әсерді болдырмау, ластауға жол бермеу, ыңғайлы техникалық процессті және құрылыс алаңдарының өлшемдері бойынша құрылысты эстетикалық қабылдауды құру мақсатында екі метрден кем емес мырышпен қапталған боялмаған пішіндерден қоршаулар орнатылады.
      Сонымен бірге атмосфералық ауада салынды заттармен (шаңдармен) ластануын болдырмау мақсатында салынып жатқан объектіні шаңнан қорғайтын экранмен жабу түрінде табиғи қорғау іс-шаралары орындалуда.
      130. Құрылыс материалдары мен құрылыс қалдықтарын тасымалдау кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралының жүк бөлігі өту бөлігінің ластану апаттық жағдайдың туындауына жол бермейтін тиісті арнайы материалмен жабылуы тиіс.
      131. Жүк тасымалы, көлік қозғалысы құрылыс жүргізуді жүзеге асыру кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

§3. Құрылыс объектісінің паспорты

      132. Тапсырыс берушілер, мердігерлер туралы (объект құрылысы мердігерлік тәсілмен болған жағдайда), жобалардың авторлары, құрылыс үрдісін авторлық қадағалау және технологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын тұлғалар, жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы мәлімет, авторлық қадағалау, технологиялық қамтамасыз ету нәтижелері туралы ақпарат Сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарына, өндірістік, коммуналдық, тұрғын үй мәніндегі (үш және одан астам қабаттар) құрылыс объектілеріндегі мемлекеттік нормативтер мен стандарттарға сәйкес Құрылыс паспорттарында жазылады.
      133. Құрылыс паспорттарының нысаны елорданың қала құрылысы кеңесімен бекітіледі. Құрылыс паспортының мазмұны, тіркеу тәртібі, жүргізілуі, ресімделуі мен сақталуы мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау органымен белгіленеді.

§4. Құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау

      134. Объектілер мен кешендерді, олардың құрылысы аяқталғаннан кейін пайдалануға қабылдау, қайта жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, қайта өңдеу мен күрделі жөндеу Сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      135. Объектілерді пайдалануға қабылдауды объекті толық дайын болған кезде мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы жүргізеді.
      136. Мемлекеттік қабылдау комиссиясын құру үшін құрылыс салушы (тапсырыс беруші) құрылысы аяқталған объектіні қабылдау актісін ресімдеу үшін Әкімдікке жүгінеді. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамын Әкімдік бекітеді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетекшілік ететін Астана қаласы әкімінің орынбасары мемлекеттік қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады. Астана қаласы сәулет және қала құрылысы органының басшысы мен Астана қаласы МСҚБО басшысы мемлекеттік қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары болып табылады.
      137. Объектінің толық дайын болуына іші қапталмаған, сырланбаған, түсқағаз жапсырылмаған, егер құрылыс жобасында көзделген жағдайларда таза еден салынған, санитарлық-техникалық жабдық пен құрылғылар, тұрмыстық маңыздағы электртехникалық құралдар, газ және электр ас үй плиталары, пәтерішілік есік блоктары орнатылған тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар жатады.
      Бұл ретте объекті бойынша сыртқы әрлеу жұмысы, сондай-ақ жалпы қолдануға арналған орын-жайларда (ғимараттың кейбір бөліктерінде) ішкі әрлеу жұмыстары толық көлемде орындалуы тиіс.
      Мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы мұндай объектілерді барлық жоғарыда көрсетілген жұмыстар аяқталғаннан кейін пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.
      Абаттандыру жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, жылдың суық уақытында белгіленген жұмыс түрлерін аяқтау мүмкін болмаса, мердігермен мен тапсырыс беруші қабылдау комиссиясына олардың толық аяқталуы мерзімімен жұмыс түрі мен көлемін көрсетумен кепілдік хатын ұсынады. Қабылдау комиссиясының актісінде толық көлемде оларды аяқтаудың нақты мерзімдерімен осындай аяқталмаған жұмыстардың түрлері мен көлемі көрсетіледі.
      138. Егер салынған объектілерді пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асыратын жағдайда, тапсырыс беруші болып жұмыс комиссиясы тағайындалады.
      139. Жұмыс комиссиясының өкілеттігі және міндетті құрамы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
      140. Объектілер мен кешендерді пайдалануға қабылдау жұмыс комиссиясының ескертулерін жойғаннан кейін жүзеге асырылады және белгіленген тәртіпте бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілерімен ресімделеді.
      Құрылыс салушы (тапсырыс беруші) мемлекеттік қабылдау комиссиясының барлық мүшелері қолын қойған актілерді, қала құрылысы кеңесі немесе қаланың бас сәулетшісі бекіткен нобайлық жобаны, салынған объектінің қасбеттері мен абаттандыру аумағы бойынша фотоматериалдарды, көрсетілген инженерлік коммуникациялармен 1:500 масштабтағы атқарушылық топографиялық түсірілімді қаланың бас сәулетшісіне қол қоюға ұсынады.
      141. Астана қаласы сәулет және қала құрылысы органының басшысы кейіннен қабылдау актісін Астана қаласының МСҚБО-ға жіберумен салынған объект бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес болса, оған қол қояды.
      142. Астана қаласының МСҚБО басшысы кейіннен қабылдау актісін комиссия төрағасына бекітуге және Әкімдік қаулысын дайындауға, сондай-ақ оны статистика органдарында тіркеуге жіберумен салынған объект сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманың, мемлекеттік нормативтердің және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы мен құрылыс және өзге де жобалық құжаттаманың нормаларына және құрылыс объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар мен нормаларға сәйкес болса, оған қол қояды.
      143. Белгіленген тәртіппен бекітілген салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін негіз болып табылады.
      144. Объектілерді пайдаланудың кепілденген мерзімдері азаматтық заңнамаға сәйкес белгіленеді.

12–тарау. Жеке тұрғын үй (үй-жайлық) құрылысы

§1. Жеке тұрғын үй салу

      145. Жеке тұрғын үй салу бойынша құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) іс-әрекеті мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскесін беру туралы немесе оған меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесінде құрылыс жүргізуге рұқсат беру туралы Әкімдікке жазбаша өтініш білдіреді;
      2) жер учаскесіне құқық беретін және сәйкестендіру құжаттарын ресімдейді және оларды тіркеу органдарында тіркейді;
      3) сәулет және қала құрылысы органынан жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды алады;
      4) сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес нобайлық жоба мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді;
      5) МСҚБО-ға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы өтініш білдіреді;
      6) жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталғаннан кейін (объект пайдалануға қабылданғанға дейін) құрылыс объектісі мен инженерлік желілердің атқарушылық топографиялық түсірілімін орындайды;
      7) салынған объектіні пайдалануға қабылдау үшін қабылдау комиссиясына ұсынады;
      8) қайта салынған жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу органдарында тіркейді.
      Құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жеке тұрғын үй құрылысын инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы аяқталғаннан кейін ғана пайдалануға енгізуге құқылы.
      147. Инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымды салу құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) қаражаты есебінен еркін негізде жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқан инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылым объектісін салу жобасын сәулет және қала құрылысы органы келісу тиіс.
      148. Жеке тұрғын үй құрылысы кезінде жапсарлас аумақтарда тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ыңғайлы технологиялық процессті және құрылыс аудандарының эстетикалық жағынан қабылдау мақсатында құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жер учаскесін қоршайды және Астана қаласының аумағын абаттандыру, санитарлық күтіп ұстау, тазалауды ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету ережесіне сәйкес өзге де іс-шараларды жүзеге асырады.
      149. Топографиялық пен атқарушылық түсірілім сәулет және қала құрылысы органына ұсынуға жатады.

§2. Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйді қабылдау

      150. Қайта салынған жеке тұрғын үйлердің барлық құрылыс – монтаждау, абаттандыру және жер учаскесін қоршау жұмыстары аяқталғаннан кейін жобаға сәйкес қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдайды.
      151. Пайдалануға қабылдау актісін ресімдегенге дейін МСҚБО атқарушылық түсірілімнің нақтылығын және салынған мүлік объектісінің жобаға сәйкес болуын тексереді.
      152. Жеке тұрғын үйді қабылдауды қабылдау комиссиясының актілерімен ресімделеді.
      153. Қабылдау комиссиясының актісі тапсырыс берушінің жеке тұрғын үйге жеке меншік құқығын тіркеу үшін негіз болады.

13-тарау. Уақытша құрылысты орналастыру

§1. Тұрғындарға тиесілі көлік құралдарын сақтау мен
оларға қызмет көрсету үшін құрылыстарды орналастыру

      154. Елорда аумағында автопаркингтерді, гараждар мен автотұрақтарды жобалау мен салу бас жоспарға, қала құрылысы регламенттері мен құрылыс нормаларын және ережелерді, экологиялық, санитарлық және өртке қарсы талаптарды сақтай отырып, осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      Гараждарды, автотұрақтарды заңсыз салуға, сондай-ақ қолданыстағы автотұрақтарға қалқалар орналастыруға жол берілмейді.
      155. Тұрғылықты жері бойынша уақытша металлдан салынған гараждарды орнатуға және қолдануға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен медициналық-әлеуметтік сараптаманың расталған (МӘС) анықтамасы (қорытындысы) бар тірек-қозғалысы жүйелері зақымданған мүгедектердің ғана құқығы бар.
      156. Гараждарды жобалау үшін жер учаскелерін таңдау Астана қаласының Бас жоспары мен қала құрылысы регламенттеріне сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      157. Стационарлық авто жанар-жағар май құю (САЖҚ) және техникалық қызмет көрсету станциясы (ТҚС) ыңғайлы көлік кіреберістері ұйымдастырылған жалпы қалалық магистральдарда арнайы бөлінген аудандарда және бекітілген нормативтерге сәйкес орналастырылуы тиіс.
      158. САЖҚ және ТҚС орталық жалпы қалалық магистральдарда, халықтың жаппай жүретін объектілерінде, өзендер мен сулы жерлерде салуға жол берілмейді.
      159. Бір ауданда нормативтерге сәйкес ТҚС, САЖҚ, автомобильдер жуу пункттері мен қызмет көрсетудің басқа да объектілерін қосуға болады.

§2. Сауда объектілерін орналастыру

      160. Эстетикалық сәулет келбетін сақтау және көшелерді тиісті санитарлық жай-күйде күтіп ұстау мақсатында уақытша объектілерді орнату Астана қаласының аумағында уақытша сауда объектілерін орналастырудың 2010-2013 жылдарға арналған (1-қосымша) сызбасына және Астана қаласының аумағында уақытша сауда объектілерін кезең-кезеңмен шығару сызбасына (2-қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.
      161. Қолданыстағы сауда объектілері оларды бұзу немесе басқа учаскеге көшіру жөнінде негізделген ескерту берілгенге дейін жұмыс істей алады.
      162. Сауда объектілері орналасқан жер учаскелері сауда объектілерінің иелерімен уақытша жер пайдалану құқығында пайдаланылады.
      163. Жалпы пайдалану жерлерінен жер учаскелері жалпы қолданыс үшін шығын келтірмейтін жеңілдетілген түрдегі (сауда шатырлары, дүңгіршектер, жарнамалық орын-жайлар және басқа да сервис объектілері) орын-жайларды орналастыру үшін азаматтарға және жеке тұлғаларға жерді уақытша пайдалануға берілуі тиіс. Бұл ретте жалпы қолданыстағы жерлердің құрамынан учаскелерді беру, сонымен бірге жолдардың бойында (көшелер, өту жолдары) Астана қаласы көшелерінің бөлінген желектерінде орналасқан ақылы автотұрақтарды қоспағанда, базарлар, ақылы автотұрақтарды орналастыруға жол берілмейді.

§3. Мұздан жасалған құрылыстар

      164. Мұздан жасалған құрылыстар мұз қалашығының ең үздік құрылымына алдын ала жарияланған конкурс бойынша жобасыз салынады.
      165. Мұз қалашығы әкімнің шешімімен қалалық алаңдарда қала құрылысы кеңесімен бекітілген нобайлық жоба бойынша салыну мүмкін. Қажет болған жағдайда тапсырылған тақырып бойынша мұздан жасалған қалашық жобасына ашық конкурс жариялануы мүмкін.
      166. Мұз қалашығын көркемдік салуда дағдысы бар, мұздан жасалатын құрылыстарды салуға арналған конкурсты жеңіп алған заңды тұлғалар (мамандандырылған заңды тұлғалар және т.б.):
      1) мұздан салынған қалашықты пайдалану және мұздан салынған құрылысты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша кепілдік міндеттемелерді ұсыну;
      2) мұздан салынып жатқан құрылысты бекітілген нобайлық жобаға сәйкес келуін қамтамасыз ету;
      3) ауа райының тез жылынып кетуіне байланысты, келушілер үшін мұздан салынған қалашық жабылуы тиіс және оларды қайта монтаждау мүмкін болған жағдайды қоспағанда, мұздан салынған қалашықты пайдаланған кезде оның мықтылығын және орнықтылығын қамтамасыз ету;
      4) мұздан салынған құрылыстың бетін құдықсыз және металлдан жасалған құрылғыларсыз тегістеуді қамтамасыз ету тиіс.
      167. Мұздан салынған құрылысты пайдалану мерзімі оның қысымдық режиміне және ауа райы жағдайына, сондай-ақ мұздан салынған құрылыстың жағдайына байланысты 2,5 - 3 ай.
      168. Пайдалануды аяқтау, әзірлеу және мұздан салынған құрылысты шығару уақыты әкімдіктің келісімі бойынша пайдаланушы ұйыммен белгіленеді және белгіленген тәртіппен актімен ресімделеді.
      169. Конкурс бойынша мұздан салынатын қалашықты салған кезде оны пайдаланумен коммуналдық қызметтер айналысады.
      170. Бекітілген нобайлық жоба бойынша мұздан қалашық салынатын кезде уақытша пайдалануға қабылдауды Астана қаласының мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Қалған жағдайларда мұздан салынған қалашықты пайдалануды пайдаланушы ұйым уақытша пайдалану үшін теңгеріміне қабылдау актісімен жүзеге асырылады.

14-тарау. Инженерлік желілерді және құрылыстарды жөндеу
мен салуға, шағын сәулет нысандарын және қалалық ресімдеу мен
абаттандырудың басқа да бөліктерін орнатуға байланысты қала
аумағының жерлерін қазу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі

      171. Жол жабындыларын, тротуарларды, гүлзарлар мен басқа да объектілерді, қалалық шаруашылық элементтерін бұзумен инженерлік желілерді жөндеуге, салуға, шағын сәулет нысандары мен қалалық безендіру және абаттандыру элементтері құрылыстарымен байланысты қала аумақтарын ашу бойынша жұмыстарды жүргізу сәулет және қала құрылысы органымен берілетін қалалық аумақтарды ашуға берілген рұқсатының негізінде жүзеге асырылады;
      Ескерту. 171-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.09.30 № 491/70-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      172. Жол жабындыларын ашу, жалпы пайдаланымдағы көшелерді, аудандар мен басқа да орындарды қазу бойынша жұмыстар мүдделі қызметтермен келісімдер бар болған жағдайда жүргізіледі.
      173. Қала аумағын ашуға рұқсат алу үшін сәулет және қала құрылысы органына мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) мүдделі қызметтердің келісімдерін қоса берумен, өтініш беруші және/немесе мердігер туралы ақпараты бар белгіленген нысандағы өтініш;
      2) қосымшасымен сұратылған жұмыс түрлерін жүргізуге арналған лицензиялардың көшірмесі;
      3) бұзылатын абаттандыруды қайта қалпына келтіруге кепілдеме хаты;
      4) жұмыс жүргізу бойынша келісілген жоба (жаңа құрылыс кезінде), учаскенің топографиялық түсірілімі (инженерлік желілерге жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде);
      5) жұмыс жүргізу кестесі;
      6) егер жұмыс аймағында жасыл екпелердің сақталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаса, оларды қазып алуға, басқа жерге отырғызуға рұқсат;
      7) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бақылайтын аймақ шегінде жұмыс жүргізу кезінде оның рұқсаты;
      8) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат (жаңа инженерлік желілер мен құрылыс салу кезінде).
      Ескерту. 173-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.09.30 № 491/70-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      174. Қала аумағын ашуға рұқсат алу үшін өтініштерді қарау мерзімі өтініштерді тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды, мерзімі өтуі бойынша сәулет және қала құрылысы органы жұмыс жүргізуге рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде дәлел келтірілген хат береді.
      Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.09.30 № 491/70-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      175. Тоқтаусыз қалпына келтіру жұмыстарын талап ететін инженерлік желілерде апаттар болған жағдайда, жол жабындыларын ашу, көшелерді, аудандар мен жалпы қолданыстағы басқа да орындардың қазуды рұқсатты ресімдеусіз, бірақ мүдделі қызметтер мен сәулет және қала құрылысы органына кейін оны ресімдеумен, тез арада (24 сағат ішінде) хабар беру.
      Ескерту. 175-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.09.30 № 491/70-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      176. Инженерлік желілер мен құрылыстың бұзылуынан сақтанудың және алдын алудың қажетті шараларын қабылдау үшін сәулет және қала құрылысы органында қалалық аумақты ашуға рұқсат алған тұлға жұмыстың басталуына дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей:
      а) алдағы жүргізілетін жұмыстар орнына пайдаланушы ұйымдардың өкілдерін шақырады;
      б) олармен бірлесіп қолданыстағы желілер мен құрылыстың нақты орналасуын белгілейді;
      в) олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.
      Пайдаланушы ұйымдардың басшылары жұмыс жүргізу орнына өздерінің өкілдерінің келуін қамтамасыз етеді және жұмыс жүргізу кезінде өздеріне тиесілі желілер мен құрылыстың сақталуын қамтамасыз етудің жеткілікті жазбаша түрде шарттар береді. Пайдаланушы ұйымдардың басшылары байланыс желілерін, электр кабельдерін, басқа да инженерлік желілерді өткізу орындары мен жұмыстар жүргізілетін учаскелердегі күзетілетін аймақтарды көрсетеді, олар сигналды сақиналар және ленталармен анықтап белгіленуі қажет, аталған өкілдермен және рұқсат алушымен қол қойылған сұлбаларда көрсетілу тиіс.
      Ескерту. 176-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.09.30 № 491/70-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      177. Рұқсат алушы жұмыс өндірісінде құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын бастағанға дейін мыналарды орындайды:
      1) қоршау қазудың жоспарланған шекаралары бойынша және белгіленген үлгідегі белгілерді орнатуға дайындайды;
      2) көлік қозғалысы орындарында (мүмкін болған жағдайда) тиісті қоршаулар мен жол жүру белгілерін орнатумен көлік қозғалысы үшін өтпе жолдар дайындайды;
      3) жаяу жүргіншілер қозғалысы орындарында сілтемелер көрсетілген жаяу жүргіншілерге арналған көпіршіктер дайындайды және түнгі уақытта қазылған учаскелерде жарықтандыруды қамтамасыз етеді;
      4) механизм жұмыстарының аймағында жасыл екпелер бар болса, олардың сақталуын кепілдендіретін және құбырлар мен құдықтарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін жабық қалқандармен қоршайды;
      5) инженерлік желілердің сақталуын және арық желілері мен нөсер кәріздерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шара қабылдайды.
      178. Өту жолдарын тиісті белгілермен жабылуын талап ететін қазу кезінде айналып өту нақты көрсетіледі. Автокөлік бағдарларын өзгерту қажет болған жағдайда тапсырыс беруші азаматтарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлаумен, оларды Астана қаласының мүдделі қызметтері және жол полициясымен келіседі.
      179. Жетілдірілген жабындысы, жасыл екпелері бар көшелер мен алаңдардағы жерасты құрылысын төсеу және қайта орнату, мүмкіндігінше жабындылар мен жасыл екпелерді бұзып алмай жабық тәсілмен ("тесу" көлденең бұрғылау әдісімен) жүргізіледі.
      Орамішілік абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарланған жерлерде орам іштерінде, абаттандырылған көшелер мен аудандарда, сондай-ақ қайта жаңарту және күрделі жөндеу кезінде төсемнің ашық тәсілі қолданылады.
      Траншеяларда жұмыс жүргізу жол төсемдерін барынша сақталуын кепілдендіретін алдын ала дайындықтан кейін жүргізіледі.
      180. Жұмыстарды орындау орнына материалдарды жеткізу жұмыс басталғанға дейін жиырма төрт сағат ішінде жүргізіледі. Материалдарды орналастыру орны қолданыстағы құрылыстың, абаттандыру элементтерінің бұзылуы мен аумақтың ластануын жою, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету есебімен белгіленеді.
      181. Көшелерде, аудандар мен басқа да абаттандырылған аумақтарда жер асты коммуникацияларын өткізу үшін транштар мен шұңқырларды қазу мынадай шарттарды сақтай отырып, жүргізіледі:
      1) жұмыстар жұмыс өндірісі жобасына сәйкес шағын учаскелерде орындалады;
      2) келесі учаскедегі жұмыстар, қалпына келтіру жұмыстары мен аумақты тазалау жұмыстарын қоса алғанда алдағы жұмыстардың барлығы аяқталғаннан кейін басталады;
      3) траншеялар мен жерден қазылып алынған қатты жабындылар мен топырақтар тезарада жұмыс орнынан шығарылып тасталады;
      4) уақытша пайдаланымдағы және жапсарлас аумақ қанағаттанарлық жағдайда болады, сондай-ақ жұмыс өндірісі учаскесінде (құрылыс алаңдарынан) ластануды болдырмау және таратпау жөніндегі іс-шаралар көзделуде;
      5) ішкіалаңдық, кіреберіс жолдары мен шығу жолдарын жайластыру, сырттан келетін көлікке шектеу қою немесе жолдарды жабу (ЖПБ, ІІД келісе отырып), дөңгелектер жуатын пункттерді жабдықтау көзделуде;
      6) жасыл екпелер, жер асты құдықтарының қақпақтары, су ағатын торлар мен жинақтағыштар топырақпен немесе құрылыс материалдарымен жабылып тасталмайды;
      7) траншеяларды қайта жабу құмды топырақпен, ұсақталған тас кесектерді себумен немесе басқа да цементтік қасиеттері бар аз қысылатын материалдармен жүргізіледі;
      8) жабындылардың ені кемінде 7 метр, көшелердің өту бөлігінде қазылған орындардағы жабындыларды қалпына келтіру, сондай-ақ жол төсемдерінің 50 және одан астам пайызын жабындының еніне байланысты емес ашу кезінде жұмыс өту бөлігінің жалпы ені бойынша орындалады, ал жабындының ені 7 метрден асса жабындыны қалпына келтіру транш бойынша және құрылыс механизмдері жұмысының аймағында орындалады;
      9) ені кемінде 3 метр тас жолдарды қазған кезде, сондай-ақ еніне байланысты емес 50 және одан астам пайызды қазған кезде жабындыны қайта қалпына келтіру тротуардың жалпы ені бойынша және құрылыс механизмдері жұмысының аймағында жүзеге асырылады;
      10) егер де жерді қазған кезде жобада көрсетілмеген жер асты коммуникациялар шығып қалса, онда рұқсат алушы аталған коммуникация тиесілі кәсіпорын өкілдерін, жеке тұлғаларды, сәулеттік орган өкілін шақырады;
      Аталған коммуникация тиесілі кәсіпорын басшылары, жеке тұлғалар рұқсат алушының шақыруы бойынша пайдаланушы кәсіпорын өкілдерін жұмыстарды орындауға орынға жібереді.
      182. Рұқсат алушы қалпына келтірілген учаскені:
      көше-жол желісінің учаскелерін қазу кезінде - сәулет және қала құрылысы органына;
      өзге қалалық аумақтарды қазған кезде - Астана қаласы аудандары әкімдіктері аппараттарының жауапты мамандарына ұсынады;
      Ескерту. 182-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.09.30 № 491/70-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      183. Егер инженерлік желілерді төсеу орындарында қатты жабындылардың бұзылуы пайда болған жағдайда рұқсат алушы жұмыс өндірісіне екі жыл ішінде бұзылған орындарды жөндейді және асфальт бетондық жабындыларды қайта қалпына келтіреді.
      184. Инженерлік желілерді жөндеу және инженерлік құрылыс салынуының аяқталуы бойынша, бірақ соңғы топырақпен жапқанға дейін құрылыс салушы (тапсырыс беруші) немесе құрылыс мекемесі мекеменің күшімен М1:500 атқарушылық топографиялық түсірілімін егер де тиісті жұмысты жүргізу құқығына лицензиясы бар болса, орындалуын қамтамасыз етуі тиіс, оның бір данасы сәулет және қала құрылысы органына ұсынылады.
      Люктері және құдықтары бар коммуникацияның атқарушылық түсірілімі (бұрылу бұрыштарынсыз тікелей учаскелерде), траншеялар себілгеннен және сыртқы абаттандыру элементтері толық қалпына келтірілгеннен кейін жүргізілуі тиіс.
      185. Барлық инженерлік желілер мен олардың құрылысының, оның ішінде аумақты абаттандырудың атқарушылық түсірілімі бір данада сәулет және қала құрылысы органына ұсынылады және Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізуге жатады. Атқарушылық сызба инженерлік желінің немесе құрылыстың паспорты болып табылады және салынып жатқан объектінің инструменталдық геодезиялық түсірілімі негізінде орындалған жоспары мен бөлігі болып танылады.
      186. Қала аумағын ашуға арналған рұқсатта көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, сәулет және қала құрылысы органы мен жол полициясы басталған жұмысты тоқтата алады, жіберілген бұзушылықты жоюды талап етуге, мүдделі қызметтерге белгіленген тәртіпте келтірілген шығындарды өндіру бойынша жұмыс жүргізу үшін ақпарат ұсынуға, бұзған тұлғаға заңнамаға сәйкес шара қолдануға құқылы.
      Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.09.30 № 491/70-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      187. Құдықтардың, жылы камералардың, көшелердегі және елорданың орамішілік аумақтарындағы люктердің жағдайына жауапкершілікті заңнамаға сәйкес пайдаланушы ұйым немесе жүргізуінде аталған инженерлік желі бар ведомство алады.
      188. Сәулет және қала құрылысы органында тіркелген және мемлекеттік немесе қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылданған жобадан ауытқып кеткен жер асты инженерлік желілер пайда болған кезде, мұндай желі, желіні пайдалануға қабылдаған тұлға есебінен қайта өткізуге жатады.

15-тарау. Инженерлік желілердегі апаттарды жою
жөніндегі қалпына келтіру жұмыстары

      189. Өндірістің тоқтап қалуына себеп болған инженерлік желілер мен құрылыстар бұзылған кезде, апатты жағдайда пайдалануында осы құрылыстары бар мекеменің басшылары мен уәкілетті өкілдері апат туралы дабыл алғаннан кейін мынадай іс-шаралар жүргізеді:
      1) бұзылып қалған желілерді ажыратып, қайта қосу үшін жауапты тұлға жетекшілігімен апаттық бригадаларды жедел шақырады;
      2) сәулет және қала құрылысы органына, абаттандыру қызметіне, жол полициясына, өртке қарсы қызметке, сондай-ақ апат болған орында шектес жерасты шаруашылығы бар басқа да ұйымдарға апат жөнінде хабарлайды. Ал қоршаған ортаға шығын келтірген жағдайда, жоғарыда көрсетілген ұйымнан басқа қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орган, ал апат су құбырларында және/немесе кәріздік желілерде болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет хабардар етіледі.
      Егер үлкен апат түнгі уақытта болса, телефонограмма апаттың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі органға, апатты жою жөніндегі ұйымның іс-әрекетін үйлестіру үшін әкімдіктің тиісті қызметіне жіберіледі.
      Ескерту. 189-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.09.30 № 491/70-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      190. Апатты жою бойынша жұмыстар өтпе жолдардың жабылуын талап еткен жағдайда, жол полициясы органы өтпе жолдарды уақытша жабу және айналып өту бағдарларын, сондай-ақ бұзылған желілердің иелерімен бұзылуды жою мерзімін белгілеу туралы мәселені шешу жөнінде шара қабылдайды.
      191. Апат салдарын жою жөніндегі жұмыстар инженерлік желілер мен құрылыстың бұзылуына жол берген ұйымға жүктеледі. Апат салдарын жою жөніндегі жұмыс өндірісінің барлық жағдайларында жұмысты жүргізіп жатқан ұйым жұмысты тоқтатпай, сәулет және қала құрылысы органынан жұмыс жүргізуге рұқсат алуға міндетті.
      Ескерту. 191-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.09.30 № 491/70-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      192. Егер жер асты құрылыстары жарамсыз болып және жарамдылығын ауыстыруға қолдануға болатын басқа да құрылыс бар болса, жарамсыз болған құрылыс пайдаланудан шығарылып тасталады.
      193. Қолданылмайтын құрылысты жою және қазылған жерлердегі жабындыларды қалпына келтіру бойынша жұмыстар сәулет және қала құрылысы органынан рұқсат алғаннан кейін жүргізіледі.
      Ескерту. 193-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.09.30 № 491/70-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

3-бөлім. Астана қаласында сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметінің жүзеге асырылуын бақылау

      194. Сәулеттік, қала құрылыстық және құрылыстық қызметтің жүзеге асырылуын бақылау Бас жоспарға және өзге де бекітілген қала құрылыстық құжаттамаларға, сондай-ақ осы Қағидаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
      195. Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      196. Тексеріс "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

4-бөлім. Астана қаласының аумағында құрылыс салу
қағидасының талаптарын бұзу үшін жауапкершілік

      197. Осы Қағиданы бұзуға жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Астана қаласының аумағында
құрылыс жүргізу ережесіне 
1-қосымша        

Астана қаласының аумағында
құрылыс жүргізу ережесіне 
2-қосымша        

Астана қаласы мәслихатының
2010 жылғы 3 наурыздағы  
№ 432/58-ІV шешіміне   
2-қосымша        

Астана қаласы мәслихатының күші жойылды
деп танылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

      1. Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 252/32-III шешімі "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 27 шілдеде № 447 болып тіркелген, 2006 жылғы 3 тамызда № 126 "Астана хабары", 2006 жылғы 8 тамызда № 120, 2006 жылғы 10 тамызда № 126 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      2. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 381/47-III шешімі "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 252/32-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 26 маусымда № 468 болып тіркелген, 2007 жылғы 3 шілдеде № 109 "Астана хабары", 2007 жылғы 6 шілдеде № 117 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      3. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 60/10-IV шешімі "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 252/32-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 25 сәуірде № 528 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда № 55 "Астана хабары", 2008 жылғы 6 мамырда № 52 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      4. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 180/30-IV шешімі "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 252/32-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 5 наурызда № 564 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 наурызда № 27 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 12 наурызда № 29-30 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      5. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 28 мамырдағы № 226/35-IV шешімінің "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" шешімінің 11-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 11 маусымда № 582 болып тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда № 65 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 16 маусымда № 71 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      6. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 243/37-IV "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 1 қазанда № 590 болып тіркелген, 2009 жылғы 6 қазанда № 111 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 6 қазанда № 119 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      7. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 272/39-IV шешімі "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 252/32-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 15 желтоқсанда № 605 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсанда № 143 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 26 желтоқсанда № 154 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      8. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 355/48-IV шешімі "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 252/32-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 24 маусымда № 634 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 маусымда № 69 "Астана ақшамы", 2010 жылғы 29 маусымда № 74 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      9. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 413/54-IV шешімі "Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 252/32-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 31 желтоқсанда № 661 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтарда № 8 "Астана ақшамы", 2010 жылғы 22 қаңтарда № 9 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).