Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 07 маусымдағы N 252/32-ІІІ»"Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 381/47-III Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 26 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 468 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы N 432/58-IV Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне
Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369  Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы»"Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия" деген сөздер»"Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы»"Көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлері үшін" деген сөздер»"Мәдениет саласында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар алынып тасталсын;
      3) тармақшадағы»"Мемлекеттік стипендияға" деген сөздер»"мемлекеттік стипендияларға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
            Президенті