Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 118 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 қарашада № 7314 тіркелді

Қолданыстағы

      Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті беру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                      Г. Марченко

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Статистика агенттігі
      Төраға Смаилов Ә.А.
      2011 жылғы 26 қазанда
      (қолы, күні, елтаңбалы мөр)

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 қыркүйек
№ 118 қаулысына    
қосымша      

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық
актілеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесі

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 326 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3313 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітіліген Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беруережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін белгілейді.»;
      1-қосымшаның «Өз активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп» деген кестесінде:
      8-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде:

»;

      10-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар, оның ішінде:

»;

      12-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде:

».

      2. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 327қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3343 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - тіркеуші) есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.»;
      1-қосымшаның «Өз активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп» деген кестесінде:
      8-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде:

»;

      10-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар, оның ішінде:

»;

      12-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде:

».

      3. Агенттік Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 328 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3314 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқарушының есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.»;
      2-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес пай кірістілігі мен пай иелерінің саны туралы мәліметтер (әрбір инвестициялық қор бойынша толтырылады);»;
      6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
      1-қосымшаның «Өз активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп» деген кестесінде:
      8-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде:

»;

      10-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар, оның ішінде:

»;

      12-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде:

»;

      5-қосымша осы тізбенің 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      4. Агенттік Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 330 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3329 тіркелген, 2005 жылы қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 20 жарияланған, 186-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беруережесінде:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Ереже «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Ұйым) есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.»;
      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес есепті кезеңнің әрбір күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша меншікті ақша қаражатының және ақша қаражаты баламаларының қалдықтары туралы есеп;»;
      3-қосымшаның «Өз активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп» деген кестеде:
      8-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде:

»;

      10-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар, оның ішінде:

»;

      12-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде:

»;

      7-қосымша осы тізбенің 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      8-қосымшаның «Бағалы қағаздардың құнсыздануынан болатын ықтимал шығыстарды жабу үшін резервтерді (провизияларды) қалыптастыру туралы есеп» деген кестесінде:
      реттік нөмірі 4-жолдың бесінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

25%

35%

»;

      реттік нөмірі 5-жолдың бесінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

50%

70%

»;

      реттік нөмірі 6-шы жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

6.

Бағалы қағаздардың «Үмітсіз» жіктеу санаты

x



90%



»;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6.1, 6.n, 7, 8-жолдармен толықтырылсын

«

6.1.








6.n








7.

Барлығы

х



х



8.

Зейнетақы активтерінің жиынтығы

х



х



».

      5. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесінде:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына, «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктер сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есептерді ұсыну тәртібін белгілейді.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген есеп электрондық тасымалдауышта ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кешіктірмей береді.»;
      23-қосымшаның «Пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтер» деген кестесінде реттік нөмірі 8429-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8429

Қайта құрылымдау аясында шығарылған (сатып алынған) қаржы құралдарының есептелген амортизациясы ескерілген әділ құндарының арасындағы теріс айырма


ай сайын

».

      6. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ереженің 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11-тармағының 11), 12) тармақшаларын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ереженің 11-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацы және 35-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдар үшін осы Ережеде көрсетілмеген өзге пруденциалдық нормативтердің есебі және олар бойынша есептілікті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының оларды есептеу және есептілікті ұсыну тәртібін айқындайтын «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген), «Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызмет пен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 142 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4300 тіркелген), «Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 56 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5233 тіркелген), «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5325 тіркелген) сәйкес белгіленеді.».

Қазақстан Республикасының   
кейбір нормативтік құқықтық  
актілеріне енгізілетін өзгерістер
тізбесіне 1-қосымша     

«Инвестициялық портфельді  
басқарушының есеп беру ережесіне
5-қосымша         

Пай кірістілігі мен пай иелерінің саны туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
           (инвестициялық портфельді басқарушының толық атауы)
_____________________________________________________________________
              (инвестициялық қордың толық атауы)

20 __ жылғы « __ »____________ жағдай бойынша

(мың теңгемен)


Ескерту

Есепті кезеңнің соңында

Есепті кезеңнің басында

Айналыстағы пайлардың саны




Пайдың есептік құны (инвестициялық пай қоры үшін)




Пайдың кірістілігі (инвестициялық пай қоры үшін), жылдық %-бен ((Р1/Р2-1)/N х 365 күн х 100)*




Акциялардың құны (акционерлік инвестициялық қор үшін)




Заңды тұлғалардың пай иелерінің саны (инвестициялық пай қоры үшін)




Жеке тұлғалардың пай иелерінің саны (инвестициялық пай қоры үшін)




      * P1 - есепті кезеңнің соңындағы пайдың есептік құны;
      P2 - есепті кезеңнің басындағы пайдың есептік құны;
      N - тоқсандағы күндер саны.

Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде –
оның орнындағы адам) _____________________________________ _______
                 (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________________________ _______
               (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты)   (қолы)
Орындаушы: _____________________________ _________ ________________
           (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы)    (телефон нөмірі)

Есепке қол қойылған күн 20 _____ жылғы « _____ » __________
Мөр орны»;

Қазақстан Республикасының  
кейбір нормативтік құқықтық 
актілеріне енгізілетін өзгерістер
тізбесіне 2-қосымша    

«Зейнетақы активтерін    
инвестициялық басқару жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын заңды
тұлғалардың есеп беру ережесіне
7-қосымша           

Меншікті ақша қаражатының және ақша қаражаты баламаларының
қалдықтары туралы есеп
______________ бастап ____________ дейінгі кезеңдегі
____________________________________________________
(зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымның толық атауы)

(мың теңгемен)


Атауы

күні, айы, жылы

...

...

күні, айы, жылы



Сома

баланс бойынша активтерге %-бен

...

...

Сома

баланс бойынша активтерге %-бен

1

2

3

4

...

...

...

...


Ақша қаражаты және ақша қаражатының баламалары, оның ішінде:







1.

Кассадағы қолма-қол ақша







2.

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шоттарындағы ақша:







1.1.








1.n








2

Баланс бойынша активтер сомасы







Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде –
оның орнындағы адам) __________________________________________ _____
                    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Бас бухгалтер _______________________________________________ _______
                (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты)     (қолы)
Орындаушы: ________________________________ ______ __________________
           (лауазымы, фамилиясы және аты)   (қолы)   (телефон нөмірі)

Есепке қол қойылған күн 20 _____ жылғы «_____» __________
Мөр орны».