Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 118 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 қарашада № 7314 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 256 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 256 (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті беру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                      Г. Марченко

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Статистика агенттігі
      Төраға Смаилов Ә.А.
      2011 жылғы 26 қазанда
      (қолы, күні, елтаңбалы мөр)

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 қыркүйек
№ 118 қаулысына    
қосымша      

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық
актілеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесі

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 327қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3343 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - тіркеуші) есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.»;
      1-қосымшаның «Өз активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп» деген кестесінде:
      8-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде:

»;

      10-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар, оның ішінде:

»;

      12-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде:

».

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 

Қазақстан Республикасының   
кейбір нормативтік құқықтық  
актілеріне енгізілетін өзгерістер
тізбесіне 1-қосымша     

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының  
кейбір нормативтік құқықтық 
актілеріне енгізілетін өзгерістер
тізбесіне 2-қосымша    

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.