«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15 бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жөніндегі тексеріс парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Д.К.Мұқанова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң оны ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Табиғат пайдаланушылардың тексеру жөніндегі тексеріс парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 47-ө және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 104 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 наурызда № 6121 тіркелген, 2010 ж. 27 наурыз № 111-112 (25958) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі М.А.Тұрмағамбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау Экономикалық даму және сауда
министрі министрінің м.а
_______________Н. Әшім ________________М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрiнiң м.а.
2011 жылғы 31 тамыздағы
№ 232-ө және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрiнiң м.а.
2011 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 293 бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлдi
Нысан
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жөніндегі тексеріс парағы
Тексерудi тағайындаған мемлекеттiк орган,____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы актi ____________________________________
(№, күнi)
Табиғат пайдаланушының атауы ________________________________________
_____________________________________________________________________
СТН (ЖСН, БСН) ______________________________________________________
Мекен-жайы __________________________________________________________
р/с № |
Талаптар атауы |
Қажеттiлiгi жөнiнде белгi (иә/жоқ) |
|
Шаруашылық және өзге де объектілерді жобалауға қойылатын экологиялық талаптар |
|||
1 |
Кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы объектілерін және басқа да объектілерді жобалау кезінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жобалардың бар болуы (ЭК 198 бабы) |
||
Жалпы экологиялық талаптар және табиғат пайдаланушылардың шаруашылық және өзге де объектілерді пайдалануға беру мен пайдалану кезіндегі жауапкершілігi |
|||
2 |
Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қатысуымен құрылатын қабылдау комиссиясының актісі бойынша жүргізіледі (ЭК 199 баптың 1 тармағы) |
||
3 |
өзіне бөлінген аумақта жұмысты экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізу (ЭК 199 баптың 3 тармағының 1 тармақшасы) |
||
4 |
қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі белгіленген құжаттаманы жүргізу және бүкіл қызметі бойынша мемлекеттік органдарға белгіленген есептілікті беру (ЭК 199 баптың 3 тармағының 2 тармақшасы) |
||
5 |
мемлекеттік бақылаушы органдар инспекцияларының жұмысына жәрдемдесу және заңды нұсқамаларды белгіленген мерзімде орындау үшін жауаптылықта болады (ЭК 199 баптың 3 тармағының 3 тармақшасы) |
||
6 |
әрбір объектіде өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргізуге және бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл жасауға жауап беретін арнайы бөлімше құруға не қызметкерді тағайындауы (ЭК 199 баптың 4 тармағының 1 тармақшасы) |
||
7 |
әрбір объектіде қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін, қоршаған ортаны және мүлікті қорғау мақсатында барлық операцияларды неғұрлым қауіпсіз тәсілмен жүргізуге және жабдықтарды қауіпсіз жай-күйде ұстауы (ЭК 199 баптың 4 тармағының 2 тармақшасы) |
||
8 |
барлық қызмет түрлері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен келісілген, кемінде бес жылда бір рет қайта қаралатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеп, бекітуге тиіс. Нормативтік-техникалық құжаттар жаңа үлгілік ережелер мен нормаларды, жаңа технологиялық процестерді, қондырғыларды, машиналар мен аппаратураларды енгізу кезінде де қайта қаралуы (ЭК 199 баптың 4 тармағының 3 тармақшасы) |
||
9 |
жұмыс учаскелерінде (объектілерінде) табиғат пайдаланушының жауапты лауазымды адамдары анықталған кемшіліктерді жоюдың мерзімдерін көрсетіп, техникалық және экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйін жазатын тексеру журналдарын жүргізуі (ЭК 199 баптың 4 тармағының 4 тармақшасы) |
||
10 |
Экологиялық қауіпті объектілердегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі табиғат пайдаланушы әзірлеген арнайы ережеде белгіленуі (ЭК 199 баптың 5 тармағы) |
||
11 |
Табиғат пайдаланушыда Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуының, дүлей зілзалалар мен табиғи катаклизмдердің нәтижесінде туындаған авариялық жағдайларды жою немесе оқшаулау жөніндегі іс-қимылдар жоспары болуы (ЭК 199 баптың 6 тармағы) |
||
12 |
Экологиялық талаптардың, нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуын немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіпті, сондай-ақ қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін анықтаған қызметкер туындаған жағдайды жою немесе оқшаулау жөніндегі шамасы жететін барлық шараларды дереу қабылдауға және ол жөнінде диспетчерге немесе басшылыққа хабарлауға міндеттілігі (ЭК 199 баптың 7 тармағы) |
||
13 |
Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарылған авариялар туралы ол анықталған кезден бастап екі сағат ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлауға міндеттілігі (ЭК 199 баптың 10 тармағы) |
||
Технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптар |
|||
14 |
Қазақстан Республикасында технологиялардың, көлік құралдарын қоспағанда, техниканың және жабдықтың қолданылуы осындай технологиялардың, техникамен жабдықтың қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарымен қоса олардың қолданылуын негіздейтін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады (ЭК 199-1 баптың 1 тармағы) |
||
Кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді салуға және реконструкциялауға қойылатын экологиялық талаптар |
|||
15 |
Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салу және реконструкциялау мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындылары болғанда және қоршаған орта сапасының нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады (ЭК 202 баптың 1 тармағы) |
||
16 |
Құрылыс жұмыстарын орындау кезінде жерді қалпына келтіру, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар қолданылуы (ЭК 202 баптың 2 тармағы) |
||
Өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектілерін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар |
|||
17 |
Өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектілерін пайдалану белгіленген экологиялық талаптар ескеріліп және экологиялық тұрғыдан негізделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажетті тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы. Аталған объектілерді пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгізілуі (ЭК 203 баптың 1 тармағы) |
||
18 |
Жеке және заңды тұлғалар топырақты, су тоғандарын, ормандарды және өзге де өсімдіктерді, жануарлар дүниесін ауыл шаруашылығы қызметінің зиянды әсерінен қорғау жөніндегі шаралар кешенін орындауға міндеттілігі (ЭК 203 баптың 2 тармағы) |
||
Автомобиль және өзге де көлік құралдарын жасау мен пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар |
|||
19 |
Қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін автомобиль және өзге де көлік құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жол берілетін шығарындылар нормативтерін сақтауға, ауыл деңгейін және қоршаған ортаға өзге де теріс әсерді азайту жөніндегі шараларды қабылдауға міндеттілігі (ЭК 204 бап) |
||
Атом, жылу және су электр станцияларын орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар |
|||
20 |
Атом электр станцияларын орналастыру және салу жоба мен мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысы болғанда жүзеге асырылады. Атом электр станцияларының жобалары оларды пайдалануды қауіпсіз түрде шығаруды қамтамасыз ететін шешімдерді, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі шараларды қамтуы |
||
21 |
Жылу электр станцияларының іргелес аумақтың ауа бассейнінің жай-күйіне зиянды әсерін шектеу мақсатында оларды орналастырудың алдында жобаның құрамында әрбір энергетика ұйымы (және оның әрбір ластаушы көзі) үшін жылу электр станциясының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау көрсеткіштері (секундына грамм есебімен) және жылдық нормативтер (жылына тонна есебімен) белгілеу арқылы қоршаған ортаға эмиссияларды нормалау жүргізіледі |
||
22 |
Су электр станцияларын орналастыру, жобалау және салу кезінде тиісті өңірлердің электр энергиясына нақты қажеттігі, аумақтың сейсмикалығы мен объектіні орналастыруға арналған жердің рельефі, жалпы алғанда қоршаған ортадағы елеулі түрдегі теріс өзгерістерді болғызбауды қамтамасыз ететін ормандар мен жерлерді сақтау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын тиімді қорғау жөніндегі шаралар толық ескерілуі |
||
23 |
Жобалану және салыну үстіндегі электр станциялары үшін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін сақтау оларды пайдалануға қабылдау кезіне қарай қамтамасыз етілуі |
||
Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар |
|||
24 |
санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндіріс технологияларын қолдануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермеуі, қолжетімді озық технологияларды енгізуі |
||
25 |
топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуіне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшін оны алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеуі |
||
26 |
қалдықтарды жинақтау мен жоюды олардың құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, сондай-ақ арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен айқындалатын жерде жүргізу талаптарын сақтауы |
||
27 |
иеленіп отырған жер учаскелерін оларды одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйде ұстауы |
||
28 |
жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сылып алуға, сақтауға және пайдалануы |
||
29 |
бүлінген жерді қалпына келтіруді жүргізуі |
||
30 |
Жер учаскелері өнеркәсіптік қалдықтарды орналастыру, көму, жинақтау үшін пайдаланылған жағдайда олар мынадай талаптарға сай келуге: |
||
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар |
|||
31 |
ұңғымалар мен тау-кен өндіру конструкциялары беріктігі, технологиялылығы және экологиялық қауіпсіздігі жағынан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуге тиістілігі |
||
32 |
дизельді-генератор және дизельді жетегі бар қондырғыларды қолдана отырып, бұрғылау және жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқа да операциялар кезінде атмосфераға осындай қондырғылардан тазартылмаған газдардың шығарылуы олардың техникалық сипаттамасына және экологиялық талаптарға сәйкес келуі |
||
33 |
құнарлы жерде және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды салу кезінде жабдықтарды монтаждауға дайындық жұмыстарын жүргізу процесінде аумақтың құнарлылығын кейіннен қалпына келтіру үшін құнарлы қабатының алынуы және жеке сақталуы |
||
34 |
уытты заттардың табиғи объектілерге көшуін болғызбау үшін технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлік жүйесі көзделуі |
||
35 |
ұңғыма құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда салынған жағдайларда, тек қана ұрасыз технологияны қолдану қажеттілігі |
||
36 |
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар кезінде шламдарды кәдеге жарату және бұрғылау процесінде қайтадан пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшін, пайдаланылған бұрғылау ерітінділерін, бұрғылаудан, карьерлерден және шахтадан шыққан сарқынды суды бейтараптандыру жөніндегі жұмыстар белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуі |
||
37 |
бұрғылау ерітінділерін көмірсутегі (әк-битум, инверт-эмульсия және басқалары) негізінде қолданған кезде ауаның газдануының алдын алу жөніндегі шаралар қолданылуы |
||
38 |
жану мүмкіндігін немесе адамдардың улану ықтималдығын болғызбау мақсатында пирофорлық шөгінділер, шлам мен керн жобаға сәйкес және қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы мен жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша көмілуі |
||
39 |
жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда жүргізілуі |
||
40 |
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар мен жабдықтарды бөлшектеу аяқталғаннан кейін жобалық шешімдерге сәйкес жер учаскесін қалпына келтіру (рекультивациялау) жөніндегі жұмыстар жүргізілуі |
||
41 |
жер қойнауын пайдаланушы бұрғылайтын, оның ішінде өздігінен ағып шығатын ұңғымаларды, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды реттегіш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоюы |
||
42 |
қызметі жер асты суы объектілерінің жай-күйіне зиянды әсер ететін немесе зиянды әсер етуі мүмкін жеке және заңды тұлғалар су объектілерінің ластануын және тартылуын болғызбайтын шаралар қабылдауы |
||
43 |
ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суы объектілерінің су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге, қорымдар, өлген малды көметін орындар және жерасты суының жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілер салуға жол берілмейді |
||
44 |
сіңірме ұңғымаларды бұрғылауға қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының осы ұңғымалар бұрғыланатын ауданда арнайы тексерулер жүргізілгеннен кейін беретін оң қорытындылары |
||
45 |
пайдаланудан шығарылған суды сіңірме ұңғымаларға айдау жүргізілетін ауданда жақын жердегі ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасына қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісілген жоспар бойынша су пайдаланушылардың күшімен жүйелі зертханалық байқаулар ұйымдастырылуы |
||
46 |
қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану, өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жерасты су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсерлердің нормативтерін сақтауы |
||
47 |
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген өзінің немесе өзге де лабораторияларға ағызылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етуі |
||
48 |
қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың авариялық ағызылғаны туралы, сондай-ақ жерасты суларын алудың белгіленген режимінің бұзылуы және оларға суларды ағызу (айдау) объектісі туралы шұғыл ақпаратты беруге міндетті |
||
Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезіндегі экологиялық талаптар |
|||
49 |
Табиғат пайдаланушылар барлау және (немесе) су шығару кезінде өз есебінен жерасты сулары кенін игерудің жаңа тәсілдері мен технологиялық схемаларын іздестіру және қолданыстағыларды жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, технологиялық жабдықты, үздіксіз және мерзімді бақылау құралдарын жетілдіруге, жер асты суларының ұтымды пайдаланылуын және оның тартылу мен ластанудан сақталуын, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуі |
||
50 |
Жер асты суларының кенін барлау мен игеру келісімшарт және суды арнайы пайдалануға арналған рұқсат талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген нормалар мен талаптар сақталып жүзеге асырылуы |
||
51 |
Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргізетін табиғат пайдаланушы жер асты суларының кенін ұтымды барлау мен игеруге, сөйтіп судың толық кешенді зерделенуіне және ұңғымаларды пайдаланудағы кемшіліктер есебінен судың орны толмас шығын болмауына және олардың сапалық қасиетінің жойылмауына қол жеткізуі |
||
52 |
Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргізетін табиғат пайдаланушы су тұтқыш жиектердің ластану ықтималдығын болғызбауы |
||
53 |
Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргізетін табиғат пайдаланушы егер бұл жобада көзделмеген болса, әртүрлі жиектегі судың араласып кету, бір жиектен екінші жиекке құйылу ықтималдығын болғызбауы |
||
54 |
Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргізетін табиғат пайдаланушы жер асты суларының бақылаусыз, реттелмей шығарылуына жол берілмеуін, ал авариялық жағдайларда судың шығын болуын жою жөнінде жедел шаралар қабылдауы |
||
55 |
Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргізетін табиғат пайдаланушы пайдалы құрауыштары бар жер асты суларының кешенді пайдалануы |
||
56 |
Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргізетін табиғат пайдаланушы атмосфералық ауаның, жердің беткі қабатының, ормандардың, сулардың және басқа да табиғи объектілердің, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстардың зиянды әсерінен қорғауы |
||
57 |
Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргізетін табиғат пайдаланушы барлау және (немесе) өндіру процесінде жарамсыз күйге келтірілген жер учаскелерінде кешенді қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуі |
||
58 |
Егер жер қойнауы басқа пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін пайдаланылған кезде су тұтқыш жиектер ашылса, табиғат пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер асты сулары объектілерін қорғау жөнінде шаралар қабылдауы қажет және бұл жөнінде қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына хабарлауы |
||
59 |
Жер астының ашылған су тұтқыш жиектері олардың ластануын болғызбайтындай сенімді оқшаулаумен қамтамасыз етілуі |
||
60 |
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланылуы мүмкін су тұтқыш жиектер ашылған кезінде бұрғылау мен цемент ерітінділерін дайындау үшін (өңдеу үшін) қолданылатын химиялық реагенттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен келісілген уыттылық сипаттамасы болуы |
||
61 |
Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген жер асты сулары объектілеріне зиянды әсер етудің жол берілетін шекті нормативтерін сақтауы (ЭК 221 баптың 13 тармағы) |
||
62 |
Жер асты сулары объектілерін пайдалануға байланысты су тартқыштарды орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезінде олардың жоғарғы қабаттағы су объектілері мен қоршаған ортаға зиянды әсерін (аумақты су басуын, шөлейттенуін, жердің батпақтануын, топырақтың көшуі мен шөгуін) болғызбайтын шаралар көзделуі (ЭК 221 баптың 14 тармағы) |
||
63 |
жер асты суларының мемлекеттік есебін, оның пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер асты сулары объектілерінен алынатын және оларға ағызып жіберілетін судың бастапқы есебін қоршаған ортаны қорғау, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жүргізуі (ЭК 221 баптың 15 тармағының 1 тармақшасы) |
||
64 |
жер асты суларының мемлекеттік есебін, оның пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында су тарту және су құю құрылыстарын су шығындарын өлшейтін құралдармен жабдықтайды, сондай-ақ өздігінен ағатын ұңғымаларға реттегіш құрылғылар орнатуы (ЭК 221 баптың 15 тармағының 2 тармақшасы) |
||
65 |
жер асты суларының мемлекеттік есебін, оның пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер асты сулары кен орындарының ағымдағы игерілуіне бақылау, ұңғымалардың жұмысын жедел бақылау және кен орындарын игерудің бекітілген жобасы немесе технологиялық схемаға сәйкес, технологиялық режимнің орындалуына бақылау жасайды. Бақылаудың мерзімділігі игеру жобасында (технологиялық схемада) белгіленуі |
||
66 |
жер асты суларының мемлекеттік есебін, оның пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітетін статистикалық әдіснамаға сәйкес жер асты суларын пайдалану туралы алғашқы статистикалық деректерді табыс етуі |
||
Сақтық аймағы шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегi экологиялық талаптар |
|||
67 |
Сақтық аймағы шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды су деңгейі көтерілген жағдайда теңіздің ластануын болғызбайтындай немесе барынша азайтатындай етіп жүргізуі (ЭК 223 баптың 1 тармағы) |
||
Су объектілерін пайдалану кезіндегi экологиялық талаптар |
|||
68 |
Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын қорғаудың, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздікті, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерін сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектілер қызметінің экологиялық салдарлар ескеріле отырып жүргізілуі |
||
69 |
Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға, қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының оң қорытындыларының болуы |
||
Сарқынды суды ағызып жіберу кезіндегi экологиялық талаптар |
|||
70 |
сарқынды суды жер үсті су объектілеріне және жер қойнауына ағызып жіберуге Қоршаған ортаға эмиссияға тиісті экологиялық рұқсаттың бар болуы |
||
71 |
Сарқынды суды жинақтаушысы бар табиғат пайдаланушылар оның қоршаған ортаға әсерін болғызбайтын қажетті шаралар қабылдауға, сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғаннан кейін осы жинақтаушылар орналасқан жердің қайта өңделуін жүзеге асыруы (ЭК 225 баптың 3 тармағы) |
||
72 |
Табиғат пайдаланушы ластаушы заттардың сарқынды суда белгіленген шоғырлану нормативтерін асыра немесе сарқынды судың құрамына экологиялық рұқсатта көзделмеген жаңа заттарды қоса алмайды. Аталған талаптар бұзылған кезде сарқынды суды ағызып жіберу тоқтатылуға тиіс. Ашық су айдынына ағызылатын су мөлдір, бояусыз, иіссіз болуға, құрамында ауру тудыратын бактериялар және гигиеналық нормативтерден асатын шоғырлануларда адамның денсаулығы мен жануарлар үшін зиянды заттар болмауы. Ағызылатын судың температурасы Цельсий бойынша 30 градустан аспауы (ЭК 225 баптың 4 тармағы) |
||
73 |
Ағызылатын суда бетон мен металды бүлдіріп-бұзатын заттар болмауы (ЭК 225 баптың 5 тармағы) |
||
74 |
Сарқынды суды, олардың тазалану деңгейіне қарамастан, орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғалу аймақтарындағы, курорттардағы, суға түсуге арналған жерлердегі су айдындарына ағызып жіберуге жол берілмейді (ЭК 225 баптың 6 тармағы) |
||
Өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен шаруашылық және өзге де қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа препараттар жасау кезінде қойылатын экологиялық талаптар |
|||
75 |
Жаңа препараттар жасаған кезде оларды қоршаған ортада қолданудың нормативтері әзірленуі (ЭК 239 баптың 2 тармағы) |
||
76 |
өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне енгізілген пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі (ЭК 239 баптың 4 тармағы) |
||
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі жалпы экологиялық талаптар |
|||
77 |
Құрылыстарды салу, монтаждау және оларды қайта бөлшектеу ластаушы заттардың барлық түрлерін жинауды қамтамасыз ететін технологиялар пайдаланылған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін (ЭК 262 баптың 2 тармағы) |
||
78 |
Келісімшарттық аумақ шегінде бұрын бұрғыланған ұңғымалар табылған кезде жер қойнауын пайдаланушы оларды өз балансына қабылдауға және олар бойынша мониторинг жүргізуі (ЭК 262 баптың 3 тармағы) |
||
79 |
Мұнай операцияларының барлық сатысында қоршаған ортаға эмиссия олар үшін белгіленген ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділеріне жол берілетін шекті нормативтерінен аспауға тиістілігі (ЭК 262 баптың 4 тармағы) |
||
80 |
Ұңғымаларды пайдалану кезінде, авариялық ахуалдың қауіп төндіру жағдайларын қоспағанда, флюидтерді алау етіп жағуға тыйым салынады (ЭК 262 баптың 5 тармағы) |
||
81 |
Ұңғымаларды сынау кезінде көмірсутегін алау етіп жағу барынша азайтылуы. Осы тармақта көрсетілген әдіс, экологиялық сараптама қорытындысында қоршаған ортаға неғұрлым қауіпсіз деп танылған жағдайда, оны түтінді шлейфтің сейілуіне ықпал ететін табиғи қолайлы жағдайларда ғана қолдану қажет, бұл ретте, алау қондырғыларының конструкциясы көмірсутегілердің толық жануын қамтамасыз етуге тиіс. Ұңғымалар құстардың өріс аудару жолдарына орналастырылған жағдайда, орнитофаунаға залалды болғызбау үшін ұйымдастыру-техникалық шаралар қабылдануы |
||
82 |
Мұнай операцияларын жүргізген кезде атмосфераға шығарындылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық практикада қабылданған, байқаудан өткізілген принциптер мен әдістерге сәйкес бақылануы |
||
83 |
Айналымға тартылмайтын және жер қойнауына айдалмайтын бұрғылау қалдықтарын (шламдар мен қоспаларды) залалсыздандыру мен сақтау жөніндегі барлық операциялар Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағынан тысқары жерде, арнайы полигонда жүзеге асырылуы. Аталған операциялар полигон құрылысының бұрғылау жұмыстары басталар кезге қарай аяқталуын қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жүзеге асырылуы |
||
84 |
Бұрғылау платформасы (баржа) және оған қызмет ететін кемелер сарқынды суларды тазарту мен залалсыздандыруға немесе сарқынды суларды жинауға, сақтауға және кейін арнаулы кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған қондырғылармен жабдықталуға тиіс. Қоқысты жинау немесе өңдеу (ұнтақтау немесе сығымдау) үшін тиісті құрылғылар көзделуге не қоқысты жағуға арналған қондырғы көзделуге тиістілігі |
||
85 |
Кез келген құрылыс және өзге де жұмыс түрлерін жүргізген кезде судың терең қабаты мен теңіз түбінде жару жұмыстарын пайдалануға тыйым салынады. Теңіз түбіндегі жару жұмыстарына қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаты |
||
86 |
Су тарту құрылыстары балық қорғау құрылғыларымен жарақтандырылған жағдайда ғана теңізден су тартуға жол беріледі. Су тарту құрылыстарында балық қорғау құрылғылары жұмысының тиімділігін үздіксіз бақылауға арналған техникалық құрылғылардың орнатылуы |
||
87 |
Мұнай өндіру жөніндегі жұмыстарды бастар алдында жер қойнауын пайдаланушының қаржылай қаражаты есебінен Каспий теңізі солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағында уылдырық шашылуын қорғау және бағалы кәсіпшілік балықтарын молайту жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, қоршаған ортаны, сондай-ақ итбалықтардың тіршілік ету ортасын қорғау жөнінде кешенді бағдарламалардың көзделуі |
||
88 |
Бұрғылық және тампонаждық сұйықтар құрамында техникалық жобада келісілмеген заттар қолданылмауға тиіс. Өзге заттарды пайдаланған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы оларды қолдануды қоршаған ортаны қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен келісімі |
||
89 |
Бұрғылау қондырғылары Халықаралық теңіз ұйымының тұншықтыратын газ шығарындыларының шекті мәндері жөніндегі талаптарына сай келетін іштен жану двигательдерімен жарақтандырылуы |
||
90 |
Энергия қондырғылары іштен жану двигательдерімен немесе қосарлы отын (дизельді отын-газ) турбиналарымен жарақтандырылуы |
||
91 |
Теңізде барлау жүргізудің алдында, қоршаған ортаға әсерді толық көлемінде бағалауды қоса алғанда, жұмыс жобасы әлемдік тәжірибе ескеріле отырып әзірленуге тиіс. Көзделіп отырған шаруашылық қызмет жүргізілетін, бұрын зерделенген ауданның қазіргі жай-күйін талдау қоршаған ортаға әсерді бағалау табыс етілгенге дейін кемінде төрт жыл бұрын жүргізілген далалық зерттеу нәтижелеріне негізделуі |
||
92 |
Су қорғау аймағында және теңіздің жағалау бойындағы тереңдігі 5-10 метрге дейінгі таяз сулы учаскелерінде ұңғымаларды бұрғылау сыртқы желілерден электр жетекті бұрғылау қондырғыларының көмегімен жүзеге асырылады. Егер бұрғылау дизельді отыны және дизельді жетегі бар генератордан бұрғылау қондырғысымен жүргізілсе, онда мұндай қондырғылардан тазартылмаған шығарынды газдардың атмосфераға шығуы барынша төмендетілуі |
||
Теңізде барлау мен өндіру кезіндегі экологиялық талаптар |
|||
93 |
Мұнай операцияларын жүргізген кезде ұңғымаларды бұрғылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық практикада қабылданған, байқаудан өткізілген озық принциптер мен әдістер негізінде жүзеге асырылуы (ЭК 264 баптың 1 тармағы) |
||
94 |
Келісімшарттық аумақ шегінде теңіз бұрғылау платформаларын орналастыруға арналған орындар балық аулау кәсіпшілігі, балықтардың бағалы түрлерін және су кәсіпшілігінің басқа да объектілерін сақтау және өсімін молайту үшін перспективалық маңызы бар теңіз аудандарын барынша сақтау мүмкіндігі ескеріле отырып таңдалуы |
||
95 |
Кеме қатынауға болатын акваторийде мұз қабаты болған жағдайда бұрғылау баржасынан немесе платформасынан бұрғылау жұмыстарын жүргізу, көмірсутегінің ықтимал төгілуін тұмшалау үшін қажетті жабдықтары бар мұзжарғыш түріндегі кеменің ұдайы бірге болуымен жүзеге асырылуы. Осы талап жасанды аралдарда жүргізіліп жатқан бұрғылау жұмысына қолданылмайды |
||
96 |
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы экожүйесінің тұрақты тіршілігін қамтамасыз ету үшін теңізде барлау мен өндіруді жобалау кезінде бұрғылық негіздер салу, ұңғымаларды сынау мен кемеде жүзу барынша шектеледі |
||
97 |
Жер қойнауын пайдаланушы мұнай операцияларын жүргізу кезінде авариялық төгілулердің алдын алу, шектеу және оларды жою жөніндегі іс-шаралардың қамтамасыз етілуі |
||
Жағалаудағы жарақтандыру базалары мен жағалау инфрақұрылымы объектілеріне арналған экологиялық талаптар |
|||
98 |
Порттар мен айлақтарды қоспағанда, жағалаудағы базаларды, оның ішінде жанар-жағар май материалдары қоймаларын, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету станцияларын салу, қолда бар инфрақұрылымдар пайдаланыла отырып, Каспий теңізі жағалауының су қорғау аймағынан тысқары жүзеге асырылуы |
||
99 |
Жағалау инфрақұрылымы объектілері жұмыс істеуін аяқтап, олар қайта бөлшектелгеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес жерді рекультивациялау жүргізілуі |
||
Кеме жүзуіне қойылатын экологиялық талаптар |
|||
100 |
Каспий теңізіне жануарлар және өсімдіктер дүниесі объектілерінің кездейсоқ кіруін болғызбау үшін бұрын өзге су бассейндерінде жұмыс істеген жабдық пен аппаратураны, сондай-ақ кемелерді пайдалануға мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардан өткізілуі |
||
101 |
Су көлігімен орын ауыстырудың барлық түрлері жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы құрамында табыс етілуге тиіс. Егжей-тегжейлі жобалау сатысында және жұмысты ұйымдастыру кезінде кемелердің жүзу бағыттарының маусымдар бойынша кестесі белгіленуге және ол картографиялық материалдарда көрсетілуге тиіс. Орын ауыстыру бағыттары таңдалған кезде, мұз қату жағдайларын қоса алғанда, гидрометеорологиялық жағдайлар, сондай-ақ балықтардың бағалы түрлерінің уылдырық шашу және өріс аудару кезеңдері мен орындары, итбалықтардың жатақтары, құстардың ұя салуының ескерілуі |
||
102 |
Барлық кемелер отынды жабық алып жүру жүйелерімен, ластанған сулар мен тұрмыстық қоқыстарды жинайтын ыдыстармен жабдықталған, ашық су айдынына төгінділер мен шығарындыларға мүмкіндік бермейтін құрылғыларда жарақталған болуы (ЭК 267 баптың 3 тармағы) |
||
103 |
Сусыма материалдарды, химиялық реагенттер мен қауіпті жүктерді тасымалдау олардың қоршаған ортаға жайылуын болдырмайтын жабық контейнерлерде және арнаулы ыдыстарда жүзеге асырылуы (ЭК 267 баптың 4 тармағы) |
||
104 |
Теңізде кемелерге май құю отынның және жанар-жағар май материалдарының төгілуі мен ағып кетуін болдырмайтын жүйелердің көмегімен жүргізілуі (ЭК 267 баптың 6 тармағы) |
||
105 |
Көмірсутегілерді және өзге де қауіпті заттарды танкермен тасымалдау үшін Каспий теңізі акваторийінде тек қана қосарлы корпусты танкерлерді пайдалануға көшуді қамтамасыз етуі (ЭК 267 баптың 9 тармағы) |
||
106 |
Кемелер кеме палубаларының мұнай өнімдерімен ластануына, су айдындарына ластанған сарқынды сулардың ағуына жол бермейтін жабдықпен жарақталуы (ЭК 267 баптың 10 тармағы) |
||
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы қоршаған ортаның мониторингі |
|||
107 |
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаның өндірістік мониторингін жүргізуі (ЭК 269 баптың 2 тармағы) |
||
108 |
Өндірістік мониторинг өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы өткен жылдардағы қадағалаулардың нәтижелерін ескеруі және қадағалауды ұзақ мерзім қатарынан жалғастыру мақсатында жұмыс алаңында (келісімшарттық аумақ шегінде және оның айналасында) орналасқан, жұмыс істеп тұрған станциялардың көрсеткіштерін пайдалануы (ЭК 269 баптың 7 тармағы) |
||
109 |
Авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қоршаған ортаның авариялық ластану салдарының мониторингі кідіріссіз ұйымдастырылуы (ЭК 269 баптың 8 тармағы) |
||
110 |
Жер қойнауын пайдаланушы өндірістік мониторинг нәтижелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға беруі (ЭК 269 баптың 9 тармағы) |
||
Радиоактивті материалдарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар |
|||
111 |
Жеке және заңды тұлғалар радиоактивті материалдарды өндірудің, сақтаудың, тасымалдаудың, пайдаланудың, кәдеге жаратудың және жоюдың белгіленген ережелерін сақтауға, радиациялық әсердің жол берілетін шекті деңгейі нормативтерінің бұзылуына жол бермеуге, қоршаған ортаның радиациялық ластануының алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдауы (ЭК 271 баптың 1 тармағы) |
||
Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды сақтау мен көму кезіндегі экологиялық талаптар |
|||
112 |
Қазақстан Республикасының аумағында түзілетін радиоактивті қалдықтар олардың ықтимал қауіптілігі болуы мүмкін уақыт кезеңі ішінде халық пен қоршаған ортаның радиациядан қорғалуын қамтамасыз ететіндей түрде көмілуі (ЭК 272 баптың 1 тармағы) |
||
Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар |
|||
113 |
Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауы |
||
114 |
Қалдықтарды орналастыру мен жою қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және өзге де арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалатын орындарда жүргізілуі (ЭК 288 баптың 2 тармағы) |
||
115 |
Қалдықтарды орналастыру орындары қалдықтарды қалпына келтіргенге немесе өңдегенге дейін үш жылдан аспайтын немесе оларды көмгенге дейін бір жылдан аспайтын мерзімге қауіпсіз сақтау үшін арналады |
||
116 |
Қалдықтардың меншік иелері өндірістік циклдың барлық сатысында олардың құралу көлемін қысқартуды, оның ішінде өндірістік процестерді жетілдіру, қалдықтарды қайталап пайдалану (рециклинг), қалдықтарды пайдалануға мүдделі жеке және заңды тұлғаларға оларды беру арқылы бірте-бірте қысқартуды қамтамасыз етуі |
||
117 |
Қалдықтарды залалсыздандыру немесе орналастыру тәсілдерін және орнын таңдау кезінде, сондай-ақ қалдықтарды өңдеуді, жоюды немесе орналастыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды айқындау кезінде қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың құралу көздерінен олардың барынша аз көшірілуін қамтамасыз етуі |
||
Қауіпті қалдықтардың паспорты |
|||
118 |
Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар қауіпті қалдықтардың паспортын жасауы және бекітуі |
||
Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді салу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар |
|||
119 |
Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалардың: |
||
120 |
арнайы (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және өзге) зерттеулер негізінде жүзеге асырылатын қалдықтарды орналастыру объектісі салынатын жерді анықтауға мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптаманың оң қорытындыларының болуы |
||
121 |
Қалдықтарды орналастыру объектілерінің меншік иелері, сондай-ақ иеленуінде және пайдалануында қалдықтарды орналастыру объектілері бар адамдар осы объектілерді пайдалану аяқталғаннан кейін олардың жай-күйі мен қоршаған ортаға әсерін бақылауды және бүлінген жерлерде рекультивациялау жөнінде жұмыстар жүргізуі |
||
Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар |
|||
122 |
Қызмет процесінде қауіпті қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың құралуының тоқтатылуына немесе қысқартылуына және (немесе) олардың қауіптілік деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруы (ЭК 293 баптың 1 тармағы) |
||
123 |
Қауіпті қалдықтардың меншік иесі қауіптілік қасиеттерін көрсете отырып, қауіпті қалдықтардың бумасын таңбалауды қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай қалдықтарды басқа тұлғаларға белгілі бір мерзімге берген кезде қалдықтардың меншік иесі оларды осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы және олармен жұмыс істеу кезінде сақтық шаралары туралы жазбаша нысанда хабардар етуі |
||
124 |
Қауіпті қалдықтарды арнайы жабдықталған жерлерге орналастыруға рұқсат етіледі және ол экологиялық рұқсаттарда көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы. Қауіпті қалдықтарды орналастыру үшін бөлінген аумақтарда қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты емес басқа да қызмет түрлерінің жүзеге асырылмауы |
||
125 |
Қауіпті қалдықтар орналастырылған жер қалдықтың түрі, оның қауіптілік деңгейі және көмілген күні көрсетіле отырып, жақсы көрінетін жерде айырым белгілерімен белгіленуі (ЭК 293 баптың 5 тармағы) |
||
126 |
Қауіпті қалдықтарды жинауды, кәдеге жаратуды, тасымалдауды және орналастыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар төтенше және авариялық жағдайлар кезінде іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуі (ЭК 293 баптың 6 тармағы) |
||
127 |
Қауіпті қалдықтардың меншік иелері болып табылатын немесе осындай қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті экологиялық сақтандырылуы |
||
Қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар |
|||
128 |
Қауіпті қалдықтардың құралуы мен олардың тасымалдануы барынша азайтылуы |
||
Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы есеп |
|||
129 |
Қалдықтардың меншік иесі қалдықтардың есебін (түрі, саны және шығарылған жері) жүргізуге, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға және (немесе) адам денсаулығына қауіпті қасиеттері туралы ақпарат жинауы және сақтауы |
||
130 |
Қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын тұлғалар және қауіпті қалдықтарды өндірушілер өздерінің қызметі процесінде құралған, жиналған, тасымалданған, кәдеге жаратылған немесе орналастырылған қалдықтардың тұрақты есебін (түрі, саны, қасиеттері) жүргізуі |
||
131 |
Қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың есебі жөніндегі құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауы |
||
132 |
Қалдықтардың меншік иелері өзінің қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметі туралы жыл сайынғы есебін Қалдықтардың мемлекеттік кадастрына енгізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беруі |
||
Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар |
|||
133 |
Қалдықтарды сақтау кейіннен кәдеге жарату, өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрлері үшін белгіленген кезеңге арнайы жабдықталған жерлерде (алаңдарда, көмбелерде, қоймаларда) жүргізілуі |
||
134 |
Қалдықтарды алып қою ниетінсіз оларды тұрақты орналастыратын орын қалдықтарды көму орны болып табылады. Қалдықтарды көму арнайы жабдықталған полигондарда жүргізілуі |
||
135 |
Қалдықтарды кейіннен орнын ауыстыру ықтималдығына және (немесе) олардың қоршаған ортаға әсеріне тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігіне байланысты тұрақты орналастыратын орын олардың ұзақ мерзімді сақтау орны болып табылады. Полигондарға белгіленген экологиялық талаптар қалдықтарды ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылады, бұл ретте оларды алып қоюдың, тасымалдаудың, кейіннен кәдеге жаратудың немесе түпкілікті көмудің техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етілуі |
||
136 |
Қалдықтар полигондарын орналастыру мен салу жобалары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардан өтуі (ЭК 298 баптың 4 тармағы) |
||
Қалдықтарды орналастыру полигондарына қойылатын экологиялық талаптар |
|||
137 |
Инертті қалдықтарға ғана алдын ала өңдеусіз көму қолданылуы (ЭК 300 баптың 1 тармағы) |
||
138 |
Қауіпті қалдықтарға залалсыздандыру, қалыпты жағдайға келтіру және қалдықтардың қауіпті қасиеттерін төмендететін басқа да әсер ету тәсілдері қолданылуы (ЭК 300 баптың 2 тармағы) |
||
139 |
Әрбір полигон олардың қоршаған ортаға теріс әсерінің алдын алу үшін атмосфералық шығарындылардың (қоқыс газы), сақтауға қойылған қалдықтарда құралатын сүзінді судың және сарқынды сулардың мониторингі жүйесімен жабдықталуы |
||
140 |
Полигонда көмуге арналған қалдықтардың саны мен қауіпті қасиеттері азайтылуы |
||
141 |
Полигонның иесі биологиялық іритін қалдықтарды көму көлемін азайту және қоқыс газды бақылау мен кәдеге жарату жүйелерін енгізу арқылы полигонда метанның құралуын азайту жөнінде шаралар қабылдауы (ЭК 300 баптың 8 тармағы) |
||
142 |
Қоршаған ортаның ластануын болдырмау үшін полигонның иесі қалдықтарды сыныптау негізінде қабылдаудың бірдейлендірілген рәсімін енгізуі (ЭК 300 баптың 9 тармағы) |
||
143 |
Қалдықтарды көму полигонының қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімде учаскені экологиялық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі жоспар негізінде жүзеге асырылуы (ЭК 300 баптың 10 тармағы) |
||
144 |
Полигонның меншік иесі полигон жабылғаннан кейін жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізу үшін тарату қорын құруы (ЭК 300 баптың 11 тармағы) |
||
145 |
Көму үшін қабылданатын қалдықтарды қабылдау мен сыныптау рәсімін полигон иесі белгілейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуі (ЭК 300 баптың 12 тармағы) |
||
Полигонды пайдалану сатысындағы бақылау мен мониторинг |
|||
146 |
Полигонның иесі жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізілгені туралы есеп беруі (ЭК 305 баптың 1 тармағы) |
||
147 |
Полигонның иесі бақылау және мониторинг нәтижесінде анықталған, қоршаған ортаға қолайсыз әсер туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуі, сондай-ақ қабылданылатын түзету шараларының сипаты мен мерзімдерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуі (ЭК 305 баптың 2 тармағы) |
||
148 |
Бақылауды, мониторингті және (немесе) талдауды аккредиттелген зертханалар орындауы (ЭК 305 баптың 3 тармағы) |
||
149 |
Сүзінді су мен жер бетіндегі судың сынамасы репрезентативті пункттерде іріктелуге тиіс. Сүзінді суды іріктеу мен оның көлемін және құрамын өлшеуді жүзеге асыру учаскенің сүзінді су құралатын әрбір пунктінде жеке орындалуы (ЭК 305 баптың 4 тармағы) |
||
150 |
Полигонның әрбір секциясы үшін газдың мониторингі табыс етілуі (ЭК 305 баптың 5 тармағы) |
||
151 |
Өлшенетін параметрлер мен талданатын заттар орналастырылатын қалдықтардың құрамына қарай түзетілуі (ЭК 305 баптың 7 тармағы) |
||
152 |
Жер асты суларынан алынған сынамаларда талданатын параметрлер осы жердегі сүзінді судың күтіліп отырған құрамына және жер асты суларының сапасына негізделуге тиіс. Талдама есебі үшін параметрлерді таңдау процесінде жер асты суларының жылдамдығы мен ағыс бағытының айқындалуы (ЭК 305 баптың 8 тармағы) |
||
Полигонды (полигонның бөлігін) жабу, рекультивациялау және мониторинг рәсімдері |
|||
153 |
Қалдықтарды көму жөніндегі полигонды (полигонның бөлігін) жабуға экологиялық рұқсат алынуы (ЭК 306 баптың 1 тармағы) |
||
154 |
Полигон (полигонның бөлігі) жабылғаннан кейін полигонның иесі аумақты рекультивациялауды жүзеге асырады және 1-сыныптағы полигондар үшін - отыз жыл бойы, 2-сынып полигондары үшін жиырма жыл бойы қоқыс газдың және сүзінді судың шығарындыларына мониторинг жүргізуі (ЭК 306 баптың 3 тармағы) |
||
155 |
Полигонның иесі жобаның талаптарына сәйкес полигонды (полигонның бөлігін) рекультивациялауды орындағаннан кейін және орындалған жұмыстар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органның қатысуымен қабылдау комиссиясының актісімен қабылданғаннан кейін иелік етуші қоршаған ортаға мониторинг жүргізуді тоқтатуы (ЭК 306 баптың 4 тармағы) |
||
Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар |
|||
156 |
Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерінің барлық жобалары мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптамадан өткізілуге тиіс. Жобалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы (ЭК 309 баптың 1 тармағы) |
||
157 |
Уранды және уранды емес тау-кен және өңдеуші кәсіпорындардың активтілігі төмен қалдықтары үшін радиоактивті қалдықтарды аэрация аймағынан төмен және сорбцион-сыйымдылық қасиеттері неғұрлым жоғары (радионуклидтердің пункттен тыс таралу ықтималдығын болдырмайтын) басқа тау жыныстары арасында орналастыра отырып, бұрын қазып өтілген тау-кен қазбалары пайдаланылуы мүмкін (ЭК 309 баптың 10 тармағы) |
||
158 |
Уранды және уранды емес тау-кен және өңдеуші кәсіпорындардың активтілігі орташа қалдықтары үшін де саздан, цеолиттен және радионуклидті сорбциондайтын басқа материалдардан жасалған техникалық кедергілерді қосымша орната отырып, бұрын қазып өтілген тау-кен қазбалары пайдаланылуы мүмкін (ЭК 309 баптың 11 тармағы) |
||
159 |
Су өткізбейтін жыныстардан немесе басқа материалдардан жасалған табиғи немесе жасанды төсеніш болған кезде рельефтегі табиғи ойпауыттар активтілігі төмен қатты және сұйық радиоактивті қалдықтарды ұзақ мерзімге орналастыру үшін пайдаланылуы мүмкін (ЭК 309 баптың 12 тармағы) |
||
160 |
Жер үсті суларының, ызасулардың және жер асты суларының радиоактивті ластану есебі ерітінділердің сүзілуінің және ластанудың жылдамдығын, олардың таралу қабілеттерін және су сиятын тау жыныстарының сорбциондық мүмкіндіктерін айқындау үшін орындалатын арнайы гидрологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу негізінде орындалуы (ЭК 309 баптың 16 тармағы) |
||
161 |
Қоршаған ортаға авариялық радиоактивті ластану әсерінен келтірілген залал рекультивациялау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қорғаныш шараларын орындауға арналған іс-шаралардың құны бойынша бағаланады (ЭК 309 баптың 17 тармағы) |
||
Парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жол берілетін шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы талаптар |
|||
162 |
Озонды бұзатын және құрамында олардың өнімдері бар заттардың импорты, экспорты, озонды бұзатын заттар пайдалана отырып жүргізілетін жұмыстар, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылуы (ЭК 314 баптың 1 тармағы) |
||
Озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастры |
|||
163 |
Озонды бұзатын заттарды әкелуді және тұтынуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын әзірлеу үшін жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан кешіктірмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға озонды бұзатын заттардың жылдық тұтынылуы туралы деректерді табыс етуі (ЭК 316 баптың 2 тармағы) |
||
Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеу және парниктік газдардың мемлекеттік кадастры |
|||
164 |
Парниктік газдардың көздері мен сіңірушілері бар заңды тұлғалар парниктік газдардың эмиссиясы мен сіңірілуіне түгендеу жүргізу үшін жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан кешіктірмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға парниктік газдарға түгендеу жүргізу және мемлекеттік кадастрын жасау үшін бастапқы ақпаратты табыс етуі (ЭК 317 баптың 2 тармағы) |
||
Парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды өндірістік бақылау |
|||
165 |
Атмосфераға парниктік газдарды және озонды бұзатын заттар шығарындыларының көздері бар заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жыл сайынғы түгендеу жүргізу жолымен өндірістік бақылауды жүзеге асыруы (ЭК 318 баптың 1 тармағы) |
||
166 |
Экологиялық қызметтерді ұйымдастыру туралы және парниктік газдар мен озонды бұзатын заттарға өндірістік бақылау жүргізуге жауапты тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ парниктік газдарды және озон бұзатын заттарды түгендеу нәтижелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етуі (ЭК 318 баптың 2 тармағы) |
||
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау |
|||
167 |
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетуге арналған лицензиясының бар болуы |
||
Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерi |
|||
168 |
жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары және оларға ілеспе, кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарының бар болуы (ЭК 47 баптың 1 тармағының 1 тармақшасы) |
||
169 |
табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлерінің бар болуы (ЭК 47 баптың 1 тармағының 2 тармақшасы) |
||
170 |
қолданыстағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобаларының бар болуы (ЭК 47 баптың 1 тармағының 3 тармақшасы) |
||
171 |
қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобаларының бар болуы (ЭК 47 баптың 1 тармағының 4 тармақшасы) |
||
172 |
іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттар жобаларының бар болуы (ЭК 47 баптың 1 тармағының 5 тармақшасы) |
||
173 |
кәсіпорындарды, объектілер мен кешендерді, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық қайта жарақтауға, қайта бейімдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер (есептер) және жобалар, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын өндіру мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелердің бар болуы (ЭК 47 баптың 1 тармағының 6 тармақшасы) |
||
174 |
аумақтарды ұйымдастыру схемалары жобаларының бар болуы (ЭК 47 баптың 1 тармағының 7 тармақшасы) |
||
175 |
қалалар мен аумақтарды, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметті жүргізудің айрықша режиміндегі аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобаларының бар болуы (ЭК 47 баптың 1 тармағының 8 тармақшасы) |
||
176 |
осы аумақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зілзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін, аумақтар учаскелерін кешенді экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламаларының бар болуы (ЭК 47 баптың 1 тармағының 9 тармақшасы) |
||
177 |
көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды пайдалану қажет болатын немесе көршілес мемлекеттердің халықаралық шарттарда белгіленген мүдделерін қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларының бар болуы (ЭК 47 баптың 1 тармағының 10 тармақшасы) |
||
178 |
технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттамалардың бар болуы (ЭК 47 баптың 1 тармағының 11 тармақшасы) |
||
179 |
табиғи ресурстарды пайдалануға және (немесе) алуға рұқсаттар (лицензиялар) беруді негіздейтін құжаттаманың бар болуы (ЭК 47 баптың 1 тармағының 12 тармақшасы) |
||
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат |
|||
180 |
қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаты (ЭК 69 баптың 1 тармағы) |
||
Экологиялық аудиторлық есептерге қойылатын талаптар |
|||
181 |
Экологиялық аудиторлық есептің бар болуы (ЭК 85 баптың 1 тармағы) |
||
Табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау |
|||
182 |
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының бар болуы (ЭК 99 баптың 1 тармағы) |
||
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы |
|||
183 |
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша құжаттардың бар болуы (ЭК 101 баптың 1 тармағы) |
||
Экологиялық сақтандыру |
|||
184 |
Міндетті экологиялық сақтандыру шарттарының бар болуы (ЭК 101 бап) |
||
Табиғат пайдаланушының өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттерi |
|||
185 |
өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының бар болуы (ЭК 130 баптың 2 тармағының 1 тармақшасы) |
||
Өндірістік мониторингтің түрлері және оны жүргізуді ұйымдастыру |
|||
186 |
Қоршаған ортаға өндірістік мониторинг жүргізген аккредителген, өндірістік немесе тәуелсіз зертханалардың бар болуы |
||
Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есеп пен есептілік |
|||
187 |
өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша кезеңдік есептер беруі (ЭК 133 бап) |