Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жөніндегі тексеріс парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2011 жылғы 31 тамыздағы № 232-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінiң м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 293 бiрлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 қыркүйектегі № 7222 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 431 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 474 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 10.06.2014 № 30-5 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «2011 жылға арналған Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 8 маусымдағы № 51-13 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-9-119 болып тіркелген, 2011 жылдың 2 шілдедегі № 53 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың:
      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш сомасында бюджеттік кредит».
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайы                         хатшысы
      Л.Асанова                                  М. Есмаханов