Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын қабылдау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 218 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 23 тамызда N 6412 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 113 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 113 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын қабылдау жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          Ә. Аманбаев

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің   
2010 жылғы 23 шілдедегі
№ 218 бұйрығымен бекітілді

Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын қабылдау жөніндегі
Нұсқаулық

      1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) сот сараптамасын жүргізу үшін ізденушінің кәсіби даярлық деңгейін анықтау мақсатында әзірленді.
      2. Ізденушінің біліктілік емтиханын тапсыруының мақсаты, іс жүргізу заңнамасының талаптарына және сот сараптамасы саласындағы қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге сәйкес сот сараптамасын жоғары кәсіби деңгейде жүргізуді қамтамасыз ету үшін оның кәсіби даярлық деңгейін білу болып табылады.
      3. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін ізденуші - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының қызметкері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының кадрлық қамтамасыз ету қызметіне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке куәлік көшірмесін;
      2) еркін нысандағы өтінішін;
      3) нотариалды куәландырылған жоғары білім туралы дипломының көшірмесін (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болған жағдайда – дипломдардың көшірмесі);
      4) тағылымдама жетекшісінің пікірін;
      5) тағылымдамадан өту туралы есебін;
      6) өмірбаянын;
      7) төрт фотосуретін (3х4 өлшемде);
      8) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының аумақтық бөлімшесі бастығының ұсынымын;
      9) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының аумақтық бөлімшесі бастығы берген мінездемесін;
      10) Осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының аумақтық бөлімшесі қызметкерлерінің кеңесінің хаттамасынан үзіндіні.
      4. Қосымша сарапшылық мамандық бойынша біліктілік емтиханын тапсыру үшін ізденуші – сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын сот сарапшысы, сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке куәліктің көшірмесін;
      2) еркін нысандағы өтінішін;
      3) нотариалды куәландырылған жоғары білім туралы дипломының көшірмесін (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болған жағдайда – дипломдардың көшірмесі);
      4) тағылымдама жетекшісінің пікірін;
      5) тағылымдамадан өту туралы есебін;
      6) өмірбаянын;
      7) төрт фотосуретін (3х4 өлшемде)
      5. Біліктілік емтиханын тапсыруға жоғары кәсіби біліміне сәйкес келетін сарапшылық мамандықты игеріп жатқан және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6211 тіркелген) сәйкес даярлықтан өткен ізденуші жіберіледі.
      6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының кадрлық қамтамасыз ету қызметі мен сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия ізденушілердің құжаттарын зерделеп және талдап, оларды Комиссияға оның отырысы басталғанға дейін он күннен кешіктірмей жібереді.
      7. Біліктілік емтиханы тоқсан сайын бір рет өткізіледі.
      8. Біліктілік емтиханы негізгі сарапшылық мамандығын алу кезінде екі бағыт бойынша: жалпы құқық пәндері мен сарапшылық мамандығы бойынша, ал қосымша мамандықты алу кезінде бір бағыт бойынша: сарапшылық мамандығы бойынша, ізденушінің емтихан билеттеріне ауызша жауап беру нысанында жүргізіледі.
      9. Жалпы заң пәндері бойынша емтихан билеттеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу құқықтары бойынша; криминалистика, сот-сараптамасының құқықтық, ғылыми және әдістемелік негіздері бойынша, сот-сараптама қызметінің ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері бойынша төрт сұрақ кіреді.
      Сарапшылық мамандығы бойынша емтихан билеттеріне сот сараптамасының нақты бір түрі бойынша үш сұрақ кіреді.
      10. Емтиханның нәтижесі бойынша Комиссия сараптаманың тиісті түрі бойынша сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы шешім қабылдайды. Жалпы құқықтық пәндер бойынша үш сұраққа оң жауап болғанда және сарапшылық мамандық бойынша екі сұраққа оң жауап болған жағдайда Комиссия біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы шешім қабылдайды.
      11. Емтихан билеттеріне қанағаттанарлықсыз жауап берген кезде Комиссия ізденушінің біліктілік емтиханын тапсыра алмағандығы және сот сарапшысы біліктілігін беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      12. Емтихан нәтижелері емтихан тапсырған күні хабарланады және Комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.
      13. Сот сарапшысының біліктілігін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі лицензиялайтын сот-сараптама қызметінің құрамына кіретін жұмыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6350 тіркелген) сәйкес, Комиссия береді.
      14. Комиссия он жұмыс күні ішінде, біліктілік емтиханын тапсырған ізденушіге, негізгі сарапшылық мамандығы бойынша осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы сот сараптамасын жүргізуге құқық беретін біліктілік куәлігін береді. Қосымша сарапшы мамандығын алу кезінде куәлікке қосымша осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес рәсімделеді.
      15. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік комиссиясының біліктілік емтиханын өткізу кезінде туындайтын дауларды апелляциялық комиссия қарастырады.
      16. Комиссия теріс шешім қабылдаған жағдайда, Комиссияның біліктілік беру туралы мәселені қайта қарастыруы, алты айдан кейін бір рет рұқсат етіледі.
      17. Комиссия материалдары тұрақты сақталынатын құжаттар санатына жатады.

Сот сарапшысы біліктілігін
беру үшін біліктілік   
емтиханын қабылдау    
жөніндегі Нұсқаулыққа   
1-қосымша        

нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының аумақтық бөлімшесі қызметкерлерінің кеңесінің
ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

______________ қ.                           «___» ________ 20__ ж.

Қатысқандар:
Күн тәртібі:
      ______________________________ сараптама (лық) мамандығы (тары)
       (мамандықтың коды мен атауы)
бойынша алғашқы/қосымша дайындықтан өтіп жатқан ізденуші
______________________________________________________________
                           (Т.А.Ә.)
біліктілік емтиханын тапсыруға даярлық дәрежесі туралы мәселені талқылау.
Ізденуші ____________________________________________________:
                           (Т.А.Ә.)
алғашқы/қосымша __________________________ сараптама мамандығын
               (мамандықтың коды мен атауы)
игергендігі жөніндегі есебін;
Бас сарапшы _________________: ізденуші ___________________
                  (Т.А.Ә.)                        (Т.А.Ә.)
дайындық дәрежесі туралы тағылымдама жетекшісі ретіндегі пікірін;Аумақтық бөлімше басшысының ізденуші _______________________
                                                  (Т.А.Ә.)
жүргізген дайындығы мен біліктілік емтиханын тапсыруға даярлығы туралы тыңдады.___________________________________________
Ізденуші _______________________: ____________________________
                 (Т.А.Ә.)          (мамандықтың коды мен атауы)
______________________________ сараптама (лық) мамандығы (тары)

бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуге қаулы етті.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлігі
      сот сараптамасы органы
      аумақтық бөлімшесінің
      бастығы

Сот сарапшысы біліктілігін
беру үшін біліктілік   
емтиханын қабылдау    
жөніндегі Нұсқаулыққа  
2-қосымша        

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ СОТ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУГЕ ҚҰҚЫҚ
БЕРЕТІН БІЛІКТІЛІК КУӘЛІГІ № ______

Осы куәлік ___________________________________________
    __________________________________________________ берілді:
(А.Т.Ә.)

      себебі, оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік комиссиясының «___» _____ 20__ ж. шешімімен ___________
__________________________________________________________________
сарапшылық мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      М.О.                                  БІЛІКТІЛІК
                                            КОМИССИЯСЫНЫҢ
                                            ТӨРАҒАСЫ

                                            ХАТШЫСЫ

      Астана қ. «___» _____ 20____ж.           Тіркеу № _____

Сот сарапшысы біліктілігін
беру үшін біліктілік    
емтиханын қабылдау     
жөніндегі Нұсқаулыққа    
3-қосымша         

нысан

№ ______ Біліктілік куәлігіне қосымша

__________________________________________________________
(А.Т.Ә.)

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік комиссиясының «___» _____ 20__ ж. шешімімен __________________________________
________________________________________________________________
сарапшылық мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      М.О.                                  БІЛІКТІЛІК
                                            КОМИССИЯСЫНЫҢ
                                            ТӨРАҒАСЫ

                                            ХАТШЫСЫ

      Астана қ. «___» _____ 20____ж.           Тіркеу № _____