Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 29.08.2013 № 288 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Біліктілік емтиханын қабылдау және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. «Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын қабылдау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 218 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6412 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 10.11.2010 ж. № 300-302 (26361-26363) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Р. Түсіпбеков
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 16 наурыздағы
№ 113 бұйрығымен
бекітілген
Біліктілік емтиханын қабылдау және сот сараптамасының белгілі
бір түрін жүргізуге құқық беретін сот сарапшысының
біліктілік куәлігін беру жөніндегі Нұсқаулық
1. Осы біліктілік емтиханын қабылдау және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру жөніндегі Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді, біліктілік емтиханын қабылдау және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін сот сарапшысының біліктілігі куәлігін берудің шарттарын нақтылайды.
2. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына үміткер адам біліктілік емтиханын тапсыру үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органына келесі құжаттарды ұсынады:
1) жеке куәлік көшірмесін;
2) еркін нысандағы арызын;
3) жоғары білімі туралы дипломның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесін (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болған жағдайда - дипломдардың көшірмелерін);
4) арнайы кәсіби даярлығының нәтижесі жөніндегі тәлімгердің жазбаша пікірін;
5) арнайы кәсіби даярлықтан өткендігі жөніндегі есебін;
6) өмірбаянын;
7) екі фотосуретін (көлемі – 3х4);
8) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы аумақтық бөлімшесі басшысының ұсынымын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.01.12 № 5 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
3. Біліктілік емтиханы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының басшысы бекіткен кестеге және жоспарға сәйкес жүргізіледі.
4. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына үміткер адам, біліктілік емтиханын тапсыратын күн туралы біліктілік емтиханын қабылдаудан бір ай бұрын хабардар етіледі.
5. Біліктілік емтиханы 2 кезеңде, үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі:
1) Қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік құқық бойынша, криминалистика, әкімшілік құқық, Заң бойынша компьютерлік тестілеу нысанындағы білімін тексеру. Аталған кезең алғашқы сарапшылық мамандық алу құқына үміткер адамдар үшін жүргізіледі.
Егер дұрыс жауаптардың саны қойылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан да көп %-ын құраса, сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына үміткер адам тестілеуден өтті деп саналады;
2) сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша білімін тексеретін емтихан, билеттерге үш сұрақ кіреді.
Екі және одан да көп сұрақтарға дұрыс жауап берген кезде, сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына үміткер адам емтиханнан өтті деп саналады.
Тестілеу нәтижесі теріс болған жағдайда, сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына үміткер адам біліктілік емтиханын тапсырудың екінші кезеңіне жіберілмейді.
6. Тестілеуден өту кезінде үміткердің көмекші құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиеттерді), сондай-ақ аудиожазбалар мен байланыс құралдарын пайдалануына жол берілмейді.
7. Сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша сот сарапшысының біліктілігі Комиссияның дауыс беру нәтижесі бойынша беріледі.
8. Нәтижелері біліктілік емтиханын тапсырған күні жарияланады және Комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.
9. Комиссия 15 жұмыс күні ішінде біліктілік емтиханынан өткен сот үміткерге, осы Нұсқаулыққа № 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін біліктілік куәлігін береді. Қосымша сарапшылық мамандықты алу кезінде біліктілік куәлігіне қосымша осы Нұсқаулыққа № 2-қосымшаға сәйкес нысанда рәсімделеді.
10. Комиссия теріс шешім қабылдаған жағдайда, біліктілік емтиханын қайта тапсыруға 3 айдан кейін жол беріледі.
11. Егер үміткер біліктілік емтиханын қайта тапсыра алмаған жағдайда, Комиссия сот сараптамасы органы басшысының алдына оның атқарып отырған лауазымына сәйкес еместігін шешу туралы өтініш етеді.
12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік комиссиясының біліктілік емтихандарын өткізу кезінде туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады.
Біліктілік емтиханын қабылдау
және сот сараптамасының белгілі
бір түрін жүргізуге құқық
беретін сот сарапшысының
біліктілік куәлігін беру
жөніндегі Нұсқаулыққа
№ 1-қосымша
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ СОТ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУГЕ ҚҰҚЫҚ БЕРЕТІН
БІЛІКТІЛІК КУӘЛІГІ №_____
Осы куәлік ____________________________________________________
_____________________________________________________________ берілді
(Т.А.Ә.)
себебі, оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі біліктілік комиссиясының «____» __________ 20 ____ ж. шешімімен сот сараптамасын жүргізуге құқық беретін сот сарапшысы біліктілігі ___________________________________________ мамандық бойынша берілді.
М.О. БІЛІКТІЛІК
КОМИССИЯСЫНЫҢ
ТӨРАҒАСЫ
ХАТШЫСЫ
Астана қ. «__» ____________ 20 ____ ж. Тіркеу № ________
Біліктілік емтиханын қабылдау
және сот сараптамасының
белгілі бір түрін жүргізуге
құқық беретін сот
сарапшысының біліктілік
куәлігін беру жөніндегі
Нұсқаулыққа № 2-қосымша
нысан
№_____БІЛІКТІЛІК КУӘЛІГІНЕ ҚОСЫМША
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________ берілді
(Т.А.Ә.)
Себебі, оған оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі біліктілік комиссиясының «____» __________ 20 ____ ж. шешімімен сот сараптамасын жүргізуге құқық беретін сот сарапшысы біліктілігі ___________________________________________ мамандық бойынша берілді.
М.О. БІЛІКТІЛІК
КОМИССИЯСЫНЫҢ
ТӨРАҒАСЫ
ХАТШЫСЫ
Астана қ. «__» ____________ 20 ____ ж. Тіркеу № ________