Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1454 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 334-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, сондай-ақ бастапқы тіркеуге ұсынылатын автокөлік құралдарын басқару органдарының сол жақты орналасуы міндеттілігіне;".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов