Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
«КЕЛІСТІМ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Күрішбаев ___________
2010 жылғы 14 маусым
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 136 бұйрығымен бекітілген
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу
жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша
статистикалық әдіснама
Ескерту. Әдіснама жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 03.02.2014 № 23 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру әдісін анықтайды (бұдан әрі – Әдіснама).
2. Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманың негізгі міндеті үй шаруашылықтары бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру, дәйектілікті және кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерінің әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін ұсынуын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Осы Әдіснаманың мақсаттарына арналған мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) сыртқы қабырға материалдары – үйдің сырты (сыртқы қабырғасы) тұрғызылған құрылыс материалдары. Егер қабырғалар бірнеше материалдардан тұрғызылса, басым материал көрсетіледі;
2) павильон – бір немесе бірнеше жұмыс орындарына көзделген тауар қорларын сақтауға арналған сауда залы және бөлмелері бар жабдықталған құрылым;
3) бөлек жеке үй шаруашылықтары – жалғызілікті (жанұясы жоқ) адамдардың шаруашылықтары.
Осы әдіснамада пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады:
4. Осы әдіснаманы сақтау төмендегілерді:
1) алғашқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын;
2) әр шаруашылық бойынша есепке алу мен басқа статистикалық байқаулар арасындағы үйлестіруді қамтамасыз етуі қажет.
2. Тіркеу жазбаларын жүргізу
5. Тіркеу жазбаларын жүргізу келесі нысандар бойынша жүзеге асырылады: әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы (нысан) осы Әдіснаманың 1-қосымшасына сәйкес; кенттің, ауылдың, ауылдық округтің аумағында (нысан) уақытша тұратын адамдардың тізімі осы Әдіснаманың 2-қосымшасына сәйкес; әліпбилік кітабы (нысан) осы Әдіснаманың 3-қосымшасына сәйкес.
6. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған тіркеу жазбаларының нысандарымен кенттің, ауылдың, ауылдық округтер әкімдерін қамтамасыз етеді.
Тіркеу жазбаларының барлық нысандары қатаң түрде осы Әдістемеге сәйкес жүргізілуі тиіс.
Бұл құжаттарда ешқандай тазартуға және мәтіндік жазбада көрсетілмеген түзетулерге жол берілмейді. Кез-келген түзетулер мен сызып тастау жергілікті атқарушы органның әкімімен немесе маманымен келісілуі және қолымен расталуы тиіс.
7. Көрсетілген нысандар бойынша тіркеу жазбаларын қарамағындағы елді мекендері бойынша кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері жүргізеді. Әр шаруашылық бойынша есепке алудың кітаптары мен тізімдері жергілікті атқарушы органда ақшалай құжаттармен және бағалы қағаздармен тең дәрежеде сақталады. Олардың сақталуына және жазбалардың уақытылы және дұрыс жазылуына жауаптылық кенттің, ауылдың, ауылдық округ әкімдеріне дербес жүктеледі.
8. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бес жылда бір рет 1 қаңтардағы жағдай бойынша әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарының және әліпбилік кітаптарының бетін белгілеуді жүргізеді. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарының бетін белгілеу 1 және 15 қаңтар аралығындағы кезеңде барлық үйлерді аралап шығу және халық арасында сауалдама жүргізу арқылы жүргізіледі.
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің аумағында уақытша тұратын адамдардың тізімі жыл сайын жасалады және жыл бойы жүйелі жүргізіледі.
Кейінгі төрт жылда жылына екі рет кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бұрын жүргізіліп келе жатқан әр шаруашылық бойынша есепек алу кітаптардағы тіркеу жазбаларын нақтылауды жүргізеді. Тіркеу жазбаларын нақтылау 1 қаңтардағы жағдай бойынша – қаңтардың 1-інен 15-іне дейін, 1 шілдедегі жағдай бойынша – шілденің 1-інен 15-іне дейін жүргізіледі.
«Тіркеу жазбаларын нақтылау қорытындылары бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган мен кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп графикке сәйкес тіркеу жазбаларын салыстырып тексеру елді мекендерге шығу және үй шаруашылықтарына бару жолымен жүзеге асырылады. Бір немесе сол елді мекенге шығу жылына бір рет жүзеге асырылады.
Тіркеу жазбаларын салыстырып тексеру және үй шаруашылықтарына бару жүргізілгеннен кейін осы Әдіснаманың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі актісі жасалады.
9. Жекелеген тұрғын үйлердің және ұсақ елді мекендердің қамтылмауын болдырмау үшін жергілікті атқарушы органның маманы әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарының бетін белгілеуден немесе ондағы жазбаларды тексеру мен нақтылаудан бұрын кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында орналасқан барлық елді-мекендердің тізімін нақтылайды. Мұның өзінде тізімге барлық ұсақ елді мекендердің және жеке орналасқан тұрғын үйлердің (жол айырықтарының, қыстаулардың, мал жайылымдарының, ішкі шаруашылықтардың, станциялардың) енгізілуіне назар аудару қажет. Сондай-ақ кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында ведомстволық үйлерде, қосалқы шаруашылықтарда, мал жайылымдарында, жатақханаларда, оқушыларға арналған интернаттарда, балалар үйлерінде, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерінде, ауруханаларда тұратын азаматтардың отбасыларының болуын тексеру қажет.
Ірі елді мекендерде жергілікті атқарушы органның маманы барлық үй шаруашылықтарын (бұдан әрі – шаруашылық) 15 күнтізбелік күннің ішінде жеке аралап, осы мерзімде әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптардың бетіне белгі қоюды немесе ондағы жазбаларды анықтауды жүзеге асыра алмаса, онда оған көмекке кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жергілікті атқарушы органнан басқа мамандарды қосымша тартады. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органның маманы елді мекендердің тізімін нақтыланғаннан кейін, оны жекелеген шекті учаскелерге бөледі, бұл учаскелерді жұмысқа тартылған мамандар арасында бөледі және бұл тізімді кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне бекітуге ұсынады. Өз шешімінде кенттің, ауылдың, ауылдық округтің Әкімі жұмысқа тартылған мамандар тізімін бекітеді және осы жұмысты кімнің, қай елді мекендерде, қай көшелерде (ірі елді мекендерде) жүргізу керек екендігін тапсырады. Жұмысқа тартылған мамандардың барлық жұмысына кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі басшылық жасайды. Ол әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын оларды толтыру немесе ондағы жазбаларды тексеріп, анықтау үшін береді, сондай-ақ ол жазбалардың ресімделу дұрыстығын, енгізілген нақтылаулардың негізділігі мен дәлділігін, үй шаруашылығы иесінің қолы қойылғандығын бақылай отырып, әрқайсысынан толтырылған (тексерілген) кітаптарды жеке қабылдайды.
10. Жаңа әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын бетін белгілеу немесе бұрын арналған әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын жазбаларды тексеру мен анықтау кезінде, сондай-ақ осы жұмыстар аяқталғаннан соң аудандық атқарушы органның мамандары әр шаруашылық бойынша кітаптар мен тізімдердің толық және дұрыс толтыруына тексеру жүргізеді және әлипбилік кітап пен тізімдегі уақытша тұратын адамдарға анықталған кемшіліктерді жоюда көмек көрсетеді.
11. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарының деректері қолданылады:
статистика органдары – ауылдық елді мекен халқының жасы мен жыныстық құрамы туралы және жеке меншік құқығында азаматтарға тиесілі тұрғын үйлер туралы деректер алуға, жеке пайдаланудағы малды және басқаларды есепке алу үшін;
жергілікті атқарушы органдар – жалпы білім беретін мектептерде оқуға тиісті мектеп жасындағы балаларды анықтау үшін пайдаланады.
12. Шаруашылықтардың дербес шоты әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында (нысан) 1 қаңтардағы жағдай бойынша кітаптардың бетін белгілеу кезінде кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында тұрақты тұратын барлық адамдарға ашылады. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарының дербес шоттарындағы барлық жазбалар үй шаруашылықтарына барған кезде тікелей жүргізіледі.
Әрбір шаруашылыққа, тұрақты тұратын азаматтардың шаруашылықтарын қоса, жеке дербес шот ашылады. Жеке шаруашылық деп бірге тұратын, үй шаруашылығын жүргізетін адамдарды (отбасын) айтады. Әрбір бөлек үй шаруашылықтарына сондай-ақ жеке дербес шоттар ашылады. Егер кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағындағы иесіз үйлер немесе иелері үй кітапшасынан шығарылған немесе тұрақты тұрмайтын, яғни маусымдық (саяжайлық) үйлер болса олар әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарында ескерілмейді.
13. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабына олардың елді мекенде орналасу тәртібі бойынша оларда құрылыстың, үй-жайдың және малдың бар болуына қарамастан, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында тұрақты тұратын барлық шаруашылықтардың мүшелері жазылады. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабына жазбаны әрбір шаруашылыққа бармай енгізуге болмайды.
Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында уақытша тұратын адамдар әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабына (нысан) жазылмайды, ал жекелеген тізімдер «Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында уақытша тұратын адамдар тізімі» нысанға енгізіледі.
14. 20-дан астам ауласы бар әрбір елді мекенге жеке әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабына арналады. Ұсақ елді мекендердің (қыстақтардың, орманның күзет үйлерінің, теміржол күркелерінің) шаруашылықтары олар жақын орналасқан ірі елді мекендердің әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабына жазылады. Олардың әрқайсысына нақты парақ саны бөлінеді. Әрбір елді мекен немесе көше (ірі елді мекен) шаруашылығының жазбасы аяқталғаннан соң осы елді мекенде немесе көшеде жаңадан пайда болған шаруашылықтарды жазу үшін кітапта бірнеше бос парақ қалдыру қажет.
15. Әрбір әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының титулдық парағында осы елді мекендер шаруашылығының дербес шоттары орналасқан беттер нөмірлерінің әрқайсысына қарама-қарсы белгісі бар елді мекендердің атауы жазылады. Ірі елді мекендерге арналған әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарында елді мекеннің атауынан басқа, сондай-ақ осы көшелерде шаруашылықтардың дербес шоттары орналасқан беттер нөмірлерінің әрқайсысына қарама-қарсы белгісі бар көшелердің атауы жазылады.
Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптары оларды тура нөмірлегеннен кейін нөмірленеді. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарына нөмір беру «Әліпбилік кітабын» толтыру кезінде пайдаланылады.
16. Барлық елді мекендердегі аулаларды аралау және барлық шаруашылықтарды әр шаруашылық бойынша кітаптарға жазу аяқталғаннан соң шаруашылықтардың дербес шоттарын нөмірлеу жүзеге асырылады, ол барлық кент, ауыл, ауылдық округ бойынша үздіксіз және бірыңғай болуы керек. Әрбір елді мекен үшін дербес шоттарды жеке нөмірлеуге жол берілмейді.
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің аумағында кітаптар бетін белгілегеннен кейін жаңа шаруашылықтың құрылуы кезінде бұл шаруашылықтың қай елді мекенде құрылғандығына және кітап бетін белгілеу кезінде осы елді мекеннің кітабы қай шаруашылықтың нөмірімен аяқталғандығына қарамастан, кент, ауыл, ауылдық округ бойынша кезекті нөмір беріледі.
Жаңа шаруашылықтарға кезекті нөмір беруді қолайлы ету мақсатында әліпбилік кітаптың соңында (нысан) таза қағаз бетінде жадынама жасалады, оған кент, ауыл, ауылдық округ бойынша соңғы шаруашылықтың нөмірі жазылады.
17. Дербес шоттың нөмірі осы шаруашылық үшін барлық кезеңге (бес жыл) тұрақты болып табылады. Осы дербес шоттың нөмірімен шаруашылыққа хабарлама, шақыру қағаз жіберіледі, ол қаржы, статистика және басқа да органдармен өз жұмыстарын жүргізу кезінде жасалатын шаруашылықтар тізімінде көрсетіледі.
Дербес шот нөмірі сол немесе өзге шаруашылықтың (отбасының) барлық мүшелерінің бір және сол кенттің, ауылдың, ауылдық округтің шегінде бір елді мекеннен екіншісіне тұрақты мекен-жайға көшуі кезінде өзгермейді. Бұл жағдайда осы шаруашылықтың дербес шотын шаруашылық мүшелері шығатын елді мекеннің әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында жауып (сызып), олар жаңа тұрғылықты жерге көшіп келетін елді мекеннің әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында, осы шаруашылықтың дербес шотының бұрынғы нөмірін сақтай отырып, дербес шот ашу керек. Шаруашылықтың бұрынғы тұрған жері бойынша оның дербес шотының жабылуы туралы белгі оның жоғарғы бөлігінде жабылу күні мен себептерін көрсете отырып қойылады. Тиісті түзетулер бір уақытта, сондай-ақ шаруашылықтардың әліпбилік кітабына да енгізілуі тиіс (нысан).
Сонымен бірге шаруашылық мүшелерінің бір және сол ірі елді мекен шегінде бір көшеден екіншісіне тұрғылықты тұруға көшуі кезінде де осындай түзетулер енгізу керек.
Шаруашылық (отбасы) иесі сол шаруашылық құрамынан ауыстырылған жағдайда (мысалы, өліміне немесе басқа себептерге байланысты) дербес шот нөмірі өзгермейді. Мұндай жағдайларда шаруашылықтың дербес шоты жаңа дербес шотқа қайта жазылмайды, мұның өзінде:
дербес шоттың жоғарғы бөлігінде шаруашылық (отбасы) иесінің тегі, аты және әкесінің аты жазылады, бұрынғысының аты-жөні сызылады;
«Отбасы мүшелерінің тізімі» 1-бөлімдегі «Бірінші жазылған шаруашылық мүшесіне қатынасы» 2-жолда – оның тегінің астына «иесі» деп жазылады, ал қалған отбасы мүшелерінің тегіне қарама-қарсы олардың шаруашылықтың (отбасының) жаңа иесіне туысқандық қатынасы жазылады – «әкесі», «анасы», «күйеуі», «әйелі», «ағасы», «әпкесі», «қызы», «ұлы». Шаруашылық (отбасы) мүшелерінің бұрын жазылған туысқандық қарым-қатынастарының асты сызылып көрсетілуі және өзгертілуі тиіс.
18. Бір шаруашылықты екіге бөлу кезінде дербес шоттан ескі шаруашылық құрамынан бөлініп көрсетілген адамдар шығарылады (сызылып тасталады). Жаңадан құрылған шаруашылыққа оның орналасқан орнына байланысты тиісті әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында жаңа дербес шот ашылады. «Қосымша мәліметтер» бөлімінде осы шаруашылықтар бойынша төмендегідей белгілер жасалады: «№…. шаруашылықпен бөлінді» немесе «№… шаурашылықтан бөлініп шықты» және ескі шаруашылықтың бөлімі ресімделген құжаттың атауы мен күні көрсетіледі.
Бір уақытта шаруашылықтардың әліпбилік кітабының соңына (нысан) әліпбидің тиісті әрпіне жаңадан құрылған шаруашылықты, ал 6-бағанда шаруашылық иесінің тегіне қарама-қарсы «№… шаруашылық бөлініп шықты (күні көрсетіледі)» деп жазуы керек.
19. Екі шаруашылықты бір шаруашылыққа біріктірген кезде (мысалы, шаруашылық мүшелері некелескен жағдайда) осы шаруашылықтардың бірінің дербес шоты бұрынғы нөмірмен сақталады, мұның өзінде оған «Отбасы мүшелерінің тізімі» – 1-бөлімге және басқа бөлімдерге қосымша жазбалар енгізіледі. «Қосымша мәліметтер» бөлімінде «№…шаруашылықпен біріктірілді» деген белгі жасалады. Ал басқа шаруашылықтың дербес шоты оның жоғары бөлігіне «№… шаруашылықпен біріктірілуіне байланысты дербес шоты жабылды (күнін көрсету қажет)» деген белгі қойылып жабылады. Осы шаруашылықтың дербес шотының жабылуы туралы тиісті белгі сондай-ақ шаруашылықтардың әліпбилік кітаптарының 6-бағанында жасалады.
20. Шаруашылық таратылған немесе шаруашылықтың барлық мүшелері осы әкімшіліктің шегінен тыс аумаққа тұрақты мекенжайға көшіп кеткен барлық жағдайларда, мұндай шаруашылықтардың дербес шоты әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында дербес шоттың жоғары бөлігінде көрсетіліп жабылады, сондай-ақ шаруашылықтардың әліпбилік кітаптарының 6-бағанында, дербес шоттың жабылу күні және себебі көрсетіліп, бір уақытта дербес шот сызылып тасталады.
Жабылған дербес шоттардың нөмірлері пайдаланылмаған болып қалуы керек, оларды жаңадан құрылған басқа шаруашылықтарға беруге болмайды.
21. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, бір уақытта электронды түрде жүргізіледі.
Ескерту. Әдіснама 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 06.05.2014 № 84 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің
дәйектілігіне нақтылауды жүргізу тәртібі
Ескерту. Әдіснама 3-тараумен толықтырылды - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 06.05.2014 № 84 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
22. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылауды аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғалары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің осы әдіснаманың талаптарына сәйкестiгі;
2) әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы жазбаларды тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің (бұдан әрi - ТҚТ) деректерімен өзектендіру мақсатында салыстырып тексеру және нақтылау;
3) әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарындағы жазбаларды «Кәсіпорындар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 77 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10075 болып тіркелген), «Үй шаруашылықтарындағы мал мен құстың, ауылшаруашылық техникасының және құрылыстардың нақты бары туралы мәліметтер» (коды 1761103, индексі 7-ж (халық), - кезеңділігі жартыжылдық) (бұдан әрі - 7-ж статистикалық нысан) және «Үй шаруашылықтарында пайдаланатын жердің бары туралы мәліметтер» (коды 1771104, индексі 7-р (халық), кезеңділігі жылдық (бұдан әрі - 7-р статистикалық нысан) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың ұсынылған статистикалық нысандарымен нақтылау;
4) Үй шаруашылықтарына бару кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекiтiлген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне сәйкес толтырылатын ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер қорындағы (бұдан әрі – АШМБ ДҚ) бар ақпаратты қолданып, әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарындағы жазбаларды нақтылау.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.07.2015 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Нақтылауды жүзеге асыру үшiн аумақтық статистика органдарына тиiстi облыс әкiмдiгiнiң басшылығымен келiсiм бойынша жыл сайын осы Әдіснаманың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылау жүргізу кестесі (бұдан әрi - Кесте) бекітіледі.
Кестеде есепті жылдың 15 қаңтарынан 15 маусымына дейiн және 15 шiлдесінен 15 желтоқсанына дейiн ай сайын жүргізілетін Нақтылауды өткізу орны мен мерзімі көрсетіледі. Кезектi есепті жылға арналған кесте алдыңғы есепті жылдың 25 желтоқсанына дейiн құрастырылады және бекітіледi.
24. Есепті жыл iшiнде тиiстi облыстардың барлық аудандарын Нақтылаумен қамтылады Есепті жылы Нақтылау жүргізу үшін аралауға жататын кент, ауыл, ауылдық округтердің санын тиісті облыстың аумақтық статистика органының басшысы анықтайды, бірақ облыстың кенттерінің, ауылдарының жалпы санынан 50 пайыздан кем болмауы керек.
Нақтылауды жүргізу жұмысы екi кезең бойынша жүргiзiледi.
25. Бірінші кезеңде жұмыс жүргізу тәртібі өзіне әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің Әдiснаманың талаптарына сәйкессiздiктерiн анықтау, әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы жазбаларды ТҚТ деректерімен және 7-м және 7-ө статистикалық нысандарында тапсырылған алғашқы статистикалық деректермен салыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарының барлық бөлiмдері бойынша оның толтырылуы, сонымен бiрге өшірілген, түзетілген айғақтардың болуы, үй шаруашылығының иесі қолының болмауы, дербес шоттың нөмірі, кәмелетке толған үй шаруашылығы мүшесiнiң ЖСН-і болмауы, жынысының, ұлтының, туған жылының, қайтыс болған күнінің, некеде болуы, келген және кеткен күні туралы, білімі туралы, жұмыспен қамтылу жағдайы туралы деректердің көрсетілмеуі, күнкөрістің қаражат көздері, жер - кадастр кiтабы бойынша нөмірінің, үйдiң сәйкестендіру кодының қойылмауы тұрғысында көзбен шолу жүргізіледі.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтабының «1 қаңтардағы тұрғын үй жағдайлары» II-бөлімі бойынша жазбаларды ТҚТ деректерімен салыстыру жүргізіледі. Бұл салыстыруды жүргізу үшін аумақтық статистика органдары нақтылаумен қамтылған елдi мекен бойынша тұрғын үйлердің тізбесін алдын ала қалыптастырады. Кестеге (осы Әдіснамаға 5-қосымшаға) сәйкес ТҚТ жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйеден тұрғын үйлердің тізбесі қалыптастырылады. Үйдің сәйкестендіру коды бойынша ТҚТ деректерімен нақтылау кезінде жалпы және тұрғын алаңы көлемінің, тұрғын үй түрінің, тұрғын үйдің меншік түрінің, бөлмелер санының, сыртқы қабырға материалдарының, тұрғын үй-жайдың абаттандырылуының (электр, су құбыры, ыстық сумен қамтамасыз ету, кәріз, ванна, себізгі, ЖЗО-дан жылыту, жеке қондырғылардан жылыту, газ (табиғи, шеттен әкелінген), электроплита, жеке су жылытқыштардан ыстық сумен жабдықтау, пештен жылыту) сәйкестігіне жазбаларды салыстыру жүзеге асырылады.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының «1 қаңтардағы кенттің, ауылдық округтің шегінде немесе шегінен тыс жалға берілген (алынған) жеке меншіктегі жер» III-бөлiмі бойынша деректер 7-ө статистикалық нысанда ұсынылған деректермен салыстырылады. Салыстырып тексеру үшін әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарындағы (ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша алаңы) тиісті күнге белгілі елді мекен бойынша толтырылған көрсеткіштерді қосу жүзеге асырылады. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы толтырылған көрсеткiштер бойынша алынған қосынды 7-ө статистикалық нысанда тапсырылған тиiстi көрсеткiштерімен салыстырылады.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарының «Шаруашылықтың жеке меншiгі болып табылатын мал (басы), ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша» IV бөлiмі бойынша, «Ауыл шаруашылығы өнiмдерін қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының бары туралы мәліметтер» V бөлімі бойынша, «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және мал ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар» VI бөлiмі бойынша деректер 7-м статистикалық нысанының деректерімен салыстырылады;
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының (ауылшаруашылық мал түрлері бойынша мал басы) IV бөлiмі бойынша cалыстырып тексеруді жүргізу үшін тиісті күнге белгілі елді мекен бойынша толтырылған көрсеткіштерді жинақтау жүзеге асырылады;
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының (ауылшаруашылық техникасы және жабдықтары түрлері бойынша, сонымен қатар ауылшаруашылық құрылыстарының түрлері бойынша саны) V және VI бөлiмдеріне сәйкес салыстырып тексеруді жүргізу үшін тиісті күнге белгілі елді мекен бойынша толтырылған көрсеткіштерді жинақтау жүзеге асырылады;
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы толтырылған көрсеткiштер бойынша алынған қосынды (белгілі елді мекен бойынша тиісті күнге) 7-м статистикалық нысанында тапсырылған тиiстi көрсеткiштермен салыстырылады.
Орта елді мекендерде (200 үй шаруашылығынан астам) әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарының III, IV, V және VI бөлiмдерiнің әрқайсысы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу үшін 2-3 негiзгi көрсеткiш іріктеледі, сол көрсеткіш бойынша жинақтау және 7-ө және 7-м статистикалық нысандарында ұсынылған тиісті көрсеткіштермен одан әрі салыстыру жүзеге асырылады;
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.07.2015 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26. Екiншi кезеңдегі жұмыстарды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне сәйкес өзіне толтырылатын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер қорындағы (бұдан әрі – АШМБ ДҚ) бар ақпаратты пайдаланып, әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарындағы жазбаларды үй шаруашылықтарына іріктеу арқылы бару жолымен салыстырып тексеру жөніндегі жұмыстарды жүргізу қамтылады.
Аумақтық статистика органының лауазымды тұлғасы қарапайым кездейсоқ iрiктеу әдiсімен іріктеп, баруға жататын үй шаруашылықтарының саны мен тізбесін анықтайды. Іріктеме арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің (SPSS, R) көмегімен жүзеге асырылады. Iрiктеме мөлшері шағын елдi мекенде (200 үй шаруашылығынан аз) 10%-ды құрауы керек, орта елді мекенде (200 үй шаруашылығынан көп, бірақ 1000-нан көп емес) ірiктеме мөлшері 3%-дан 5%-ға дейін, бiрақ 20 үй шаруашылығынан кем емес, ірі елді мекендерде (1000 үй шаруашылығынан астам) ірiктеме мөлшері 1-3% құрайды, бірақ елді мекендегі барлық үй шаруашылықтарының санынан 20 үй шаруашылығынан кем болмауы тиіс.
Аумақтық статистика органының лауазымды тұлғасы ветеринария саласындағы маманмен бiрлесiп (келісім бойынша) бару үшін іріктеліп алынған үй шаруашылықтарының тізбесі бойынша әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының деректерін АШМБ ДҚ көрсеткіштерімен мал түрі және саны бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асырады. АШМБ ДҚ үй шаруашылығы иесінің немесе мүшесінің тегі, аты-жөні бойынша іздеу жүргізіледі. Бұдан әрі әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының IV-бөлімінде көрсетілген ауыл шаруашылығы малының жасы және жыныстық топтары бойынша саны АШМБ ДҚ-дағы ауыл шаруашылығы малының жасы және жыныстық топтары бойынша жазбалар санымен салыстырылады. Ауыл шаруашылығы малының түрі мен санын нақты үй шаруашылығы бойынша ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының деректерін салыстырып тексеру ағымдағы жылғы 1 қаңтардан және 1 шілдеден кейін болған ауылшаруашылығы малының қозғалысын (сатып алынуын, төлденуін және қатардан шығуын) есепке ала отырып жүзеге асырылуы қажет. Ауыл шаруашылығы малы қозғалыстарын есепке алу үшін АШМБ ДҚ «Есепке алу күні» және «Есептен шығару себебі» бағаналарындағы ақпарат пайдаланылады.
Әр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбаларын салыстырып тексеру және олардың дәйектілігін растау үшiн кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе әкімдігінің, аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен және ветеринар саласындағы маманымен (келісімі бойынша) іріктеп алынған үй шаруашылықтарына бару жүзеге асырылады.
Іріктеп алынған үй шаруашылықтарына бару кезінде әр шаруашылық бойынша есепке алудың тiркеу жазбаларын салыстыру:
ауыл шаруашылығы малын нақты қайта есептеу арқылы. Егер нақты қайта есептеуді жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда, салыстырып тексеру ауылшаруашылығы мал басының нақты бары туралы үй шаруашылығының иесі немесе осы шаруашылықтың кәмелетке толған мүшесiнен сұрау арқылы;
картоп, көкөністер және жеміс-жидек дақылдарына арналған егістік алаңдарын өлшеу арқылы жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы малдарының саны және түрлері бойынша салыстырып тексеруді жүргізу кезінде ауылшаруашылығы малдарының ағымдағы жылғы 1 қаңтардан және 1 шілдеден кейінгі болған қозғалысы (сатып алынуы, төлденуі және қатардан шығуы) есепке алынады.
27. Нақтылауды жүргізу қорытындысы бойынша аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғалары осы Әдiснаманың 4-қосымшасына сәйкес мiндеттi түрде әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандары бойынша тіркеу жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі туралы акт (бұдан әрi - Акт) жасайды. Акт екi данада жасалады. Актінiң бiр данасы ауылдық округтің әкiмдiгінде, екiншiсі аумақтық статистика органында қалады.
28. Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргiзудің Әдіснаманың талаптарына сәйкессiздiгі бөлігіндегі бұзушылықтар, сондай-ақ АШМБ ДҚ-дағы деректермен сәйкессіздіктері анықталған жағдайда айқындалған бұзушылықтар мен сәйкессiздiктер туралы ақпаратты аудандық статистика органдарының лауазымды тұлғалары қорытынды анықтамада көрсетеді және облыстық статистика департаменттеріне жібереді.
29. Дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсыну анықталған кезде 7-м және 7-ө статистикалық нысандарын ұсынуға жауапты тұлғаларға қатысты аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғалары «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.
30. ТҚТ өзектендіру үшін әкімшілік деректерді уақтылы ұсынбау, дәйексіз деректерді ұсыну анықталған жағдайда әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын жүргізуге жауапты тұлғаларға қатысты аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғалары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.
4. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне
жүргізілген мемлекеттiк нақтылаудың қорытындылары бойынша
деректерге өзгерістер енгізу және ақпаратты ұсыну тәртібі
Ескерту. Әдіснама 4-тараумен толықтырылды - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 06.05.2014 № 84 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
31. Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Нақтылау барысында айқындалған бұзушылықтар туралы ақпаратты алған кезінде, бұзушылықтардың Актіде көрcетiлген мерзiмде жойылуын тиісті орындауды қамтамасыз етеді.
32. Аудандық статистика басқармалары тиісті облыстың аумақтық статистика органдарына ай сайын келесі айдың 3-ші күніне дейінгі мерзімде осы Әдіснаманың 6-қосымшасына сәйкес Актілер мен жүргізілген нақтылау туралы ақпарат жолдайды.
33. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін болмаған жағдайда, статистика органдары актілерді алған күнінен бастап 5 күнтізбелік ішінде іс материалдарын қарау және әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін аудандардың әкімдіктеріне жолдайды.
34. Бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қолданылған шаралар туралы ақпаратты, атап айтқанда тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар туралы бұйрықтың көшірмесін немесе тәртіптік жауапкершілікке тартуға мүмкіндіктің болмау себептері туралы ақпаратты аудандардың әкімдіктері Нақтылау қорытындылары туралы ақпарат алған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде аумақтық статистика органдарына ұсынуы тиіс.
35. Нақтылаудың қорытындылары бойынша аумақтық статистика органдары есепті тоқсаннан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде тиісті облыс Әкімінің атына айқындалған бұзушылықтар туралы ақпаратты, тәртіптік жазаға тарту туралы аудандық әкімдіктердің жауаптарын қоса бере отырып тоқсан сайын жолдайды.
36. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылауды жүргізу қорытындысы бойынша ауылдық округтердің жауапкершілікке тартылған әкімдері туралы ақпаратты аумақтық статистика органдары есепті тоқсаннан кейінгі 15 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне осы Әдіснаманың 7-қосымшасына сәйкес жолдайды.
Бұдан басқа, 7-қосымшаға сәйкес аумақтық статистика органы ұсынатын ақпаратқа айқындалған бұзушылықтар мен сәйкессіздіктердің сипаты туралы, қабылданған әкімшілік және тәртіптік жазалау шаралары туралы жинақталған мәліметтер ұсынылады.
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу
және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру
нысандары бойынша статистикалық әдіснамаға
1-қосымша
Нысан
2011 – 2015 жылдарға арналған
_________________________________ кенттің, ауылдың, ауылдық округтің
ӘР ШАРУАШЫЛЫҚ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ АЛУ № ____ КІТАБЫ
Кітапқа төмендегідей елді мекендердің шаруашылықтары жазылады
(ірі елді мекендердің көшелері көрсетіледі):
__________________________________________ _____беттен___ бетке дейін
__________________________________________ _____беттен___ бетке дейін
__________________________________________ _____беттен___ бетке дейін
__________________________________________ _____беттен___ бетке дейін
__________________________________________ _____беттен___ бетке дейін
__________________________________________ _____беттен___ бетке дейін
__________________________________________ _____беттен___ бетке дейін
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабына ауылдық әкімшілігі аумағында тұрақты тұратын жұртшылық шаруашылығы, олардың елді мекендерде орналасу ретімен жазылады
I. Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі
1 |
Үй шаруашылығы мүшесінің реттік нөмірі |
01 |
02 |
03 |
04 |
05 |
||||
2 |
Тегі |
|||||||||
3 |
Аты |
|||||||||
4 |
Әкесінің аты |
|||||||||
5 |
ЖСН |
|||||||||
6 |
Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы |
01 |
||||||||
бірінші жазылған адам – 1, әйелі/күйеуі - 2, қызы/ұлы - 3, анасы/әкесі - 4, апасы/қарындасы/ағасы (інісі) - 5, жұбайының (зайыбының) ата-анасы - 6, келіні/жеңгесі/абысыны/күйеу баласы - 7, әжесі/атасы - 8, немересі - 9, туыстықтың басқа дәрежесі, жекжаттық - 10, туыс емес - 11 |
||||||||||
7 |
Реттік нөмірі |
анасы немесе әкесінің |
||||||||
8 |
Жұбайының (зайыбының) |
|||||||||
9 |
Жынысы (ер - 1, әйел - 2) |
|||||||||
10 |
Ұлты (ер-1, әйел-2) |
|||||||||
11 |
Оқиға датасы кк.аа.жжжж. |
туу |
||||||||
12 |
өлу |
|||||||||
13 |
неке жағдайы |
бірінші неке |
||||||||
14 |
тұл/жесір |
|||||||||
15 |
ажырасқан |
|||||||||
16 |
соңғы неке |
|||||||||
17 |
келу |
|||||||||
18 |
кету |
|||||||||
19 |
Білімі |
2011 жыл |
||||||||
2012 жыл |
||||||||||
2013 жыл |
||||||||||
2014 жыл |
||||||||||
2015 жыл |
||||||||||
мектепке дейінгі - 1, бастауыш - 2, негізгі орта - 3, жалпы орта - 4, бастауыш кәсіптік - 5, орта арнаулы - 6, аяқталмаған жоғары - 7, жоғары - 8, жоғары оқу орнынан кейінгі - 9 |
||||||||||
20 |
Білім беру ұйымында оқитындар |
2011 жыл |
||||||||
2012 жыл |
||||||||||
2013 жыл |
||||||||||
2014 жыл |
||||||||||
2015 жыл |
||||||||||
мектепке дейінгі - 1, жалпы білім беретін мектеп - 2, техникалық және кәсіптік - 3, ЖОО - 4, жоғары оқу орнынан кейін - 5, біліктілікті арттыру курстары – 6 |
||||||||||
21 |
Жұмыспен қамтылу жағдайы |
2011 жыл |
||||||||
2012 жыл |
||||||||||
2013 жыл |
||||||||||
2014 жыл |
||||||||||
2015 жыл |
||||||||||
жалдамалы қызметкер -1, жұмыс беруші – 2, жеке негізде жұмыс істеуші -3, жеке қосалқы шаруашылықпен (жеке ауласымен) айналысушы - 4, өндірістік кооператив мүшесі - 5, отбасылық кәсіпорынның ақы төленбейтін жұмыскері – 6, жұмыссыз – 7 |
||||||||||
22 |
Күнкөрістің негізгі қаражат көзі |
2011 жыл |
||||||||
2012 жыл |
||||||||||
2013 жыл |
||||||||||
2014 жыл |
||||||||||
2015 жыл |
||||||||||
жалдамалы жұмыстан табыс - 1, өз бетінше жұмыс істеуден табыс (жеке қосалқы шаруашылықтағы жұмыстан басқа) - 2, жеке қосалқы шаруашылықтағы жұмыс - 3, стипендия - 4, зейнетақы - 5, жәрдемақы - 6, туысқан немесе жақындардан көмек - 7, жеке меншіктен табыс, дивидент, сыйақылар - 8, асыраудағы – 9, өзге - 10 |
*) Әр шаруашылық бойынша кітаптың әрбір кезекті санын толтырғаннан кейін туғандарды (өлгендерді) туған (өлген) күні туралы актінің № көрсету керек
Бірінші жазылған шаруашылық мүшесінің тегі, аты және әкесінің аты
_____________________________________________________________________
Дербес шоттың №________________________ № (жер кадастры кітабы бойынша)_______________ Үйдің сәйкестендірме коды
ШАРУАШЫЛЫҚ МЕКЕНЖАЙЫ:______________________ көшесі, үйдің №____ пәтердің № _______
II. 1 қаңтардағы тұрғын үй жағдайы
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
|||
1 |
Тұрғын үй: |
||||||
1.1. |
жеке |
||||||
1.2. |
көп пәтерлі |
||||||
1.3. |
басқа тұрғын үйжай |
||||||
2 |
Тұрғын үйжайдың меншік түрі: |
||||||
2.1. |
мемлекеттік |
||||||
2.2. |
жеке |
||||||
3 |
Бөлме саны (бірлік) |
||||||
4 |
Тұрғын үйдің сыртқы қабырғасының материалы |
||||||
5 |
Тұрғын үйжайды абаттандыру (ия немесе жоқ): |
||||||
5.1. |
электрлендіру |
||||||
5.2. |
су құбыры |
||||||
5.3. |
ыстық сумен қамтамасыз ету |
||||||
5.4. |
кәріз |
||||||
5.5. |
ванна, себізгі |
||||||
5.6. |
орталықтан жылытумен қамтамасыз етілген |
||||||
5.7. |
жеке құрылғымен жылыту |
||||||
5.8. |
газ |
табиғи |
|||||
шеттен әкелінген |
|||||||
5.9. |
электроплитасы |
||||||
5.10. |
жеке су жылытқыштан ыстық сумен жабдықтау |
||||||
5.11. |
пешпен жылыту |
||||||
6 |
Алаң мөлшері ш. м |
||||||
6.1. |
жалпы (пайдалы) |
||||||
6.2. |
тұрғын |
III. 1 қаңтардағы жеке меншікке жататын кенттік, ауылдық
округтың шегіндегі және шегінен тыс жалға берілген
(жалға алынған) жерлер
№ р/с |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
||||||
барлық жер |
одан округтың шегінен тыс |
барлық жер |
одан округтың шегінен тыс |
барлық жер |
одан округтың шегінен тыс |
барлық жер |
одан округтың шегінен тыс |
барлық жер |
одан округтың шегінен тыс |
||
1 |
А. Барлық жер, га (0,001-ге дейінгі дәлдікпен) / |
||||||||||
2 |
соның ішінде кіретіндер: |
||||||||||
салынған құрылыстарымен |
|||||||||||
3 |
егістіктер |
||||||||||
4 |
жайылымдар |
||||||||||
5 |
бау-бақшалар, жүзімдіктер |
||||||||||
6 |
табиғи пішендіктер |
||||||||||
7 |
тыңайған жерлер |
||||||||||
8 |
сәндік екпе ағаштар |
||||||||||
9 |
одан жалға берілгені* |
||||||||||
10 |
жалға алынғаны* |
||||||||||
1 шілдедегі (ағымдағы жылғы астыққа арналған егіс алаңы туралы деректер шаруашылықтың ересек мүшелерінен сұрау негізінде жазылады) |
|||||||||||
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
||
11 |
Б. Барлық егістік алаңы, га (0,001-ге дейінгі дәлдікпен) |
||||||||||
соның ішінде: |
|||||||||||
12 |
дәнді дақылдар |
||||||||||
13 |
одан бидай |
||||||||||
14 |
|||||||||||
15 |
|||||||||||
16 |
№ р/с |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
|||||||
1 шілдедегі (ағымдағы жылғы астыққа арналған егіс алаңы туралы деректер шаруашылықтың ересек мүшелерінен сұрау негізінде жазылады) |
||||||||||||
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
барлық егістік алаңы |
одан округтың шегінен тыс |
|||
17 |
майлы дақылдар |
|||||||||||
18 |
одан күнбағыс тұқымдары |
|||||||||||
19 |
темекі |
|||||||||||
20 |
қант қызылшасы |
|||||||||||
21 |
шитті мақта |
|||||||||||
22 |
сабан және жем |
|||||||||||
23 |
көкөніс |
|||||||||||
24 |
одан: |
|||||||||||
25 |
||||||||||||
26 |
||||||||||||
27 |
картоп |
|||||||||||
28 |
қауындар және қарбыздар |
|||||||||||
29 |
гүлдер |
|||||||||||
30 |
басқа да дақылдар (көрсет) |
1 |
||||||||||
2 |
||||||||||||
3 |
||||||||||||
31 |
Көп жылдық дақылдар |
|||||||||||
32 |
одан: жүзім |
|||||||||||
33 |
шекілдеуікті және дәнекті жемістер |
|||||||||||
34 |
одан: алмалар |
|||||||||||
35 |
||||||||||||
36 |
өзге де жемістер және жидектер |
|||||||||||
37 |
В. Су қоймаларындағы су бетінің жалпы алаңы, шаршы м |
|||||||||||
38 |
Одан ауланған балық, кг |
*) Егер жер жалға берілген (немесе алынған) болса, онда «Қосымша мәліметтер» бөлімінде кімге (немесе кімнен) берілгенін (немесе алынғанын) көрсету керек/
IV. Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (басы)
№ р/с |
Малдардың түрі және топтары |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
|||||
01.01. |
01.07. |
01.01. |
01.07. |
01.01. |
01.07. |
01.01. |
01.07. |
01.01. |
01.07. |
||
1 |
Сүтті табынның ірі қара малы |
||||||||||
2 |
соның ішінде: |
||||||||||
сиырлар |
|||||||||||
3 |
бұқалар |
||||||||||
4 |
қысыр малдар |
||||||||||
5 |
1 жастан және олардан үлкен бұқашықтары |
||||||||||
6 |
оның ішінде өгізшелер |
||||||||||
7 |
1 жастан 2 жасқа дейінгі құнажындары |
||||||||||
8 |
2 жастан асқан құнажындары |
||||||||||
9 |
1 жасқа дейінгі өгізшелер |
||||||||||
10 |
оның ішінде өгізшелер |
||||||||||
11 |
1 жасқа дейінгі құнанжындар |
||||||||||
12 |
Өзге де ірі қара мал мен енекелер |
||||||||||
13 |
соның ішінде: |
||||||||||
сиырлар |
|||||||||||
14 |
бұқалар |
||||||||||
15 |
қысыр малдар |
||||||||||
16 |
1 жастан және олардан үлкен бұқашықтары |
||||||||||
17 |
оның ішінде өгізшелер |
||||||||||
18 |
1 жастан 2 жасқа дейінгі құнажындары |
||||||||||
19 |
2 жастан асқан құнажындары |
||||||||||
20 |
1 жасқа дейінгі өгізшелер |
||||||||||
21 |
оның ішінде өгізшелер |
||||||||||
22 |
1 жасқа дейінгі құнанжындар |
||||||||||
23 |
Өгіздер |
||||||||||
24 |
|||||||||||
25 |
|||||||||||
26 |
Барлық тұқымды қойлар - барлығы |
||||||||||
оның ішінде: |
|||||||||||
27 |
қошқарлар |
||||||||||
28 |
саулық қойлар |
||||||||||
29 |
1 жастан асқан ұрғашы тоқтылар |
||||||||||
30 |
1 жастан асқан ұрғашы ісектер |
||||||||||
31 |
6 айдан 1 жасқа дейінгі еркек тоқтылар |
||||||||||
32 |
6 айдан 1 жасқа дейінгі ұрғашы тоқтылар |
||||||||||
33 |
1 жасқа дейінгі тоқты ісектер |
||||||||||
34 |
6 айға дейінгі қозылар |
||||||||||
35 |
олардан қаракөл - қойлары |
||||||||||
36 |
оның ішінде: |
||||||||||
37 |
қошқарлар |
||||||||||
38 |
саулық қойлар |
||||||||||
39 |
1 жастан асқан ұрғашы тоқтылар |
||||||||||
40 |
6 айдан 1 жасқа дейінгі ұрғашы тоқтылар |
||||||||||
41 |
6 айға дейінгі қозылар |
||||||||||
42 |
Ешкілер - барлығы |
||||||||||
43 |
оның ішінде |
||||||||||
44 |
текелер |
||||||||||
45 |
ешкілер |
||||||||||
46 |
1 жас және үлкен ешкілер |
||||||||||
47 |
1 жасқа дейінгі ұрғашы лақтар |
||||||||||
48 |
Жылқылар |
||||||||||
соның ішінде: 3 жас және үлкен: |
|||||||||||
49 |
айғырлар |
||||||||||
50 |
биелер |
||||||||||
51 |
аттар |
||||||||||
52 |
1 жастан 3 жасқа дейінгі дөнендер |
||||||||||
53 |
1 жастан 3 жасқа дейінгі байталдар |
||||||||||
54 |
1 жасқа дейінгі құлындар |
||||||||||
55 |
Есектер |
||||||||||
56 |
Қашарлар мен мәстектер |
||||||||||
57 |
Түйелер |
||||||||||
оның ішінде: |
|||||||||||
58 |
інгендер |
||||||||||
59 |
буралар |
||||||||||
60 |
3 жасқа дейінгі түйе төлі |
||||||||||
61 |
шошқалар |
||||||||||
оның ішінде: |
|||||||||||
62 |
қабандар |
||||||||||
63 |
мегежіндер |
||||||||||
64 |
4 айдан 10 айға дейінгі қабаншалар |
||||||||||
65 |
4 айдан 10 айға дейінгі кішкентай шошқалар |
||||||||||
66 |
2-ден 4 айға дейінгі торайлар |
||||||||||
67 |
2 айға дейінгі торайлар |
||||||||||
68 |
Әр түрлі құс |
||||||||||
69 |
оның ішінде: тауықтар |
||||||||||
70 |
оның ішінде: мекиен тауықтар |
||||||||||
71 |
қаздар |
||||||||||
72 |
үйректер |
||||||||||
73 |
күрке тауықтары |
||||||||||
74 |
мысыр тауықтары |
||||||||||
75 |
Өзге де жануарлар |
||||||||||
76 |
оның ішінде: үй қояндары |
||||||||||
77 |
олардан: ұрғашы үй қояндары |
||||||||||
78 |
бөденелер |
||||||||||
79 |
түйеқұстар |
||||||||||
80 |
араның бал ұясы |
||||||||||
81 |
торда өсірілетін өзге де терісі бағалы аңдар |
||||||||||
82 |
олардан: түлкілер |
||||||||||
83 |
қара түлкілер |
||||||||||
84 |
қара күзен |
||||||||||
85 |
саз құндызы |
V. 1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге
арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының қолда
бары туралы мәліметтер
№ р/с |
Атауы |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
Ауыл шаруашылығы техникасының түрлері бойынша |
||||||
1 |
||||||
2 |
||||||
3 |
||||||
4 |
||||||
5 |
||||||
6 |
||||||
7 |
||||||
Қайта өңдеуге арналған жабдықтар |
||||||
8 |
||||||
9 |
||||||
10 |
VI. 1 қаңтарға ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және
малдарды ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар
№ р/с |
Атауы |
өлшем бірлігі |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар |
|||||||
1 |
бірлік |
||||||
сыйымдылығы, центнер |
|||||||
2 |
бірлік |
||||||
сыйымдылығы, центнер |
|||||||
3 |
бірлік |
||||||
Сыйымдылығы |
|||||||
Ауыл шаруашылығы малдарын ұстауға арналған құрылыс |
|||||||
4 |
бірлік |
||||||
мал орнының саны |
|||||||
5 |
бірлік |
||||||
мал орнының саны |
|||||||
6 |
бірлік |
||||||
мал орнының саны |
|||||||
Өсіруге арналған жылыжайлар |
|||||||
7 |
көкөністер |
шаршы м. |
|||||
8 |
гүлдер |
шаршы м. |
|||||
9 |
саңырауқұлақтар |
шаршы м. |
|||||
10 |
шаршы м. |
VII. 1 қаңтарға сауда нүктелерінің нақты бары
№ р/с |
Сауда нүктелерінің атауы |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
|||||
бірлік |
сауда алаңы, шаршы м. |
бірлік |
сауда алаңы, шаршы м. |
бірлік |
сауда алаңы, шаршы м. |
бірлік |
сауда алаңы, шаршы м. |
бірлік |
сауда алаңы, шаршы м. |
||
1 |
|||||||||||
2 |
|||||||||||
3 |
VIII. 1 қаңтарға сатып алынатын кооперативтік
бірлестіктердің, сатып алынатын орталықтардың нақты бары
№ р/с |
Сатып алынатын бірлестіктердің, орталықтардың атауы (дайындаушылар үшін тегі, аты, әкесінің аты) |
келесі тауарларды сатып алу, тоннамен |
||||||||
астық |
майлы |
жемістер |
жеміс және жидектер |
сүт |
ет |
тері (дана) |
жүн |
өзге ауыл шаруашылық өнімі |
||
1 |
||||||||||
2 |
||||||||||
3 |
Қосымша мәліметтер
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
||
1 |
||||||
2 |
||||||
3 |
||||||
4 |
||||||
5 |
||||||
6 |
Қолдары
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
||
1 қаңтарға |
Шаруашылық мүшесі |
|||||
Жазуды жүргізген адам |
||||||
1 шілдеге |
Шаруашылық мүшесі |
|||||
Жазуды жүргізген адам |
Кітапта ________ бет нөмірленіді және бауланды
М. О. Қолы ____________
_____________________ 20__ ж.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында жазбаларды жүргізу
1. № 1 нысан - әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы келесі бөлімдерден тұрады: I. «Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі», II. «1 қаңтардағы тұрғын үй жағдайлары», III. «1 қаңтардағы жеке меншіктегі кенттік, ауылдық округтің шегінде және оның шегінен тыс жалға берілген (алынған) жерлер», IV. «Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (басы)», V. «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының бары туралы мәліметтер», VI. «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және малдарды ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар», VII. «1 қаңтардағы сауда нүктелерінің нақты бары»,
VIII. «1 қаңтардағы сатып алу кооперативтік бірлестіктерінің, сатып алу орталықтарының нақты бары», IX. «Қосымша мәліметтер».
2. Дербес шоттың басты бөлігінде мыналар жазылады:
1) дербес шот ашылған шаруашылық мүшесінің тегі, аты және әкесінің аты;
2) дербес шот нөмірі;
3) жер кадастры кітабы бойынша нөмірі;
4) арнайы берілген торкөздерде қоршалған үйдің сәйкестендіру коды.
3. I бөлім «Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі» әр жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша толтырылады және құрамында отбасы мүшелері 5-тен аспайтын шаруашылыққа есептелген. Егер үй шаруашылығы көп адам санынан тұратын болса немесе әр шаруашылық бойынша кітапты пайдалану мерзімінде өскен болса, онда барлық мүшелерді жазу үшін қосымша бет жабыстыру керек.
4. Бірінші болып әрбір нақты жағдайда үй шаруашылығының кәмелетке толған мүшелері олардың жалпы келісімі бойынша анықтайтын үй шаруашылығының мүшесі жазылады және дербес шотта ол адам бірінші жазылады. Одан соң үй шаруашылығының қалған барлық бар мүшелері және уақытша жоқ мүшелері жазылады.
5. «Үй шаруашылығы мүшесінің реттік нөмірі» 1 - жолда үй шаруашылығы мүшесінің реттік нөмірі көрсетілсін.
6. «Тегі, аты, әкесінің аты» 2-4 - жолдарда үй шаруашылығының барлық мүшелерінің тегі, аты және әкесінің аты толық, бұрмалаусыз және қысқартусыз, үй шаруашылығының әрбір мүшесіне арналған бағандарда, барлық жолды пайдаланып жазылады.
7. «Жеке сәйкестендіру нөмірі» (ЖСН) 5-жолда үй шаруашылығының әр мүшесінің ЖСН-і қойылады. ЖСН – қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлға, соның ішінде дара кәсіпкер үшін қалыптастырылған, бірегей нөмір.
8. «Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы» 6-жолда бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесі тегінің астына «бірінші жазылған тұлға» 1 - коды қойылады, ал қалған үй шаруашылығы мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес код қойылады.
9. «Анасы немесе әкесінің нөмірін көрсету» және «Жұбайының (зайыбының) нөмірін көрсету» 7-8 жолдардағы деректер үй шаруашылығында отбасылық ұяшықтарды анықтау үшін қажет. 7 - жолда үй шаруашылығының әрбір мүшесіне (жасына және некедегі жағдайына қарамастан) бір үй шаруашылығында ата-анасының екеуімен немесе олардың біреуімен тұрып жатса, «Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы» 3-бағанда үй шаруашылығының шегінде ата-анасының бірі жазылған реттік нөмір қойылады. Егер үй шаруашылығы құрамында не әкесі, не анасы болмаған жағдайда нөмір қойылмайды. 8 - жолда 15 және жоғары жастағы үй шаруашылығының әрбір мүшесіне «Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы» 3-бағанда үй шаруашылығының шегінде жұбайының (зайыбының) бірі жазылған реттік нөмір қойылады. Егер үй шаруашылығында ерлі-зайыптылар жұбы болмаған жағдайда нөмір қойылмайды.
10. «Жынысы» 9-жолын осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады
11. «Ұлты» 10-жолда код 1-кестеге сәйкес қойылады. Балалардың ұлтын ата-анасы немесе оларға қамқорлық жасайтын тұлағалар анықтайды.
1-кесте
Ұлттар жіктеуіші |
|||||||
1 |
2 |
1 |
2 |
1 |
2 |
1 |
2 |
000 |
Барлығы |
043 |
Қарақалпақтар |
084 |
Hивхтер |
156 |
Ауғандар |
001 |
Орыстар |
044 |
Карелдер |
085 |
Ульта(Ороктар) |
157 |
Белуджилер |
002 |
Украиндар |
045 |
Комилер |
086 |
Орочтар |
158 |
Болгарлар |
003 |
Белорустар |
046 |
Марийліктер |
087 |
Саамдар |
159 |
Венгрлер |
004 |
Өзбектер |
047 |
Мордвалар |
088 |
Селькуптер |
160 |
Вьетнамдар |
005 |
Қазақтар |
048 |
Осетиндер |
089 |
Тофалар |
161 |
Голландықтар |
006 |
Грузиндер |
049 |
Татарлар |
090 |
Удэгейлер |
162 |
Гректер |
007 |
Әзірбайжандар |
050 |
Тувиндіктер |
091 |
Ульчалар |
163 |
Дүңгендер |
008 |
Литвалықтар |
051 |
Удмурттар |
092 |
Чувандар |
164 |
Үндістан мен Пәкістан |
009 |
Молдавандар |
052 |
Шешендер |
093 |
Эвендер |
халықтары |
|
010 |
Латыштар |
053 |
Чуваштар |
094 |
Эндқтар |
165 |
Испандар |
011 |
Қырғыздар |
054 |
Саха(Якуттер) |
095 |
Эскимостар |
166 |
Итальяндар |
012 |
Тәжіктер |
055 |
Адыгейліктер |
096 |
Юкагирлер |
167 |
Қытайлар |
013 |
Армяндар |
056 |
Алтайлықтар |
100 |
Абазиндер |
168 |
Кәрістер |
014 |
Түрікмендер |
057 |
Еврейлер |
101 |
Вепсілер |
169 |
Кубиндер |
015 |
Эстондар |
058 |
Қарашайлықтар |
102 |
Гагауздар |
170 |
Күрттер |
016 |
Абхаздар |
059 |
Хакастар |
103 |
Тау еврейлері |
171 |
Hемістер |
017 |
Балкарлар |
060 |
Черкестер |
104 |
Грузин еврейлері |
172 |
Парсылар |
018 |
Башқұрттар |
061 |
Коми-пермяктар |
105 |
Орта Азия еврейлері |
173 |
Поляктар |
019 |
Буряттар |
062 |
Ливтер |
106 |
Ижорлықтар |
174 |
Румындар |
021 |
Аварлар |
063 |
Талыштар |
107 |
Караимдар |
175 |
Сербтер |
022 |
Агулдар |
071 |
Долғандар |
108 |
Қырымшақтар |
176 |
Словактар |
023 |
Даргиндер |
072 |
Коряктар |
109 |
Қырым татарлары |
177 |
Түріктер |
024 |
Құмықтар |
073 |
Мансылар |
110 |
Таттар |
178 |
Ұйғырлар |
025 |
Лактар |
074 |
Hенцтер |
112 |
Удиндер |
179 |
Финдер |
026 |
Лезгиндер |
075 |
Хантылар |
113 |
Сығандар |
180 |
Француздар |
027 |
Hоғайлар |
076 |
Чукчалар |
114 |
Шорлар |
181 |
Халха-Моңғолдар |
028 |
Рутулетцтер |
077 |
Эвенкілер |
150 |
Австриялықтар |
182 |
Хорваттар |
029 |
Табасарандар |
078 |
Алеуттер |
151 |
Албандар |
183 |
Чехтар |
030 |
Цахурлар |
079 |
Ительмендер |
152 |
Америкалықтар |
184 |
Жапондар |
040 |
Ингуштер |
080 |
Кеттер |
153 |
Ағылшындар |
185 |
Датчандықтар |
041 |
Кабардиндер |
081 |
Hанайлар |
154 |
Арабтар |
186 |
Моңғолдар |
042 |
Қалмақтар |
082 |
Hганасандар |
155 |
Ассирийлер |
190 |
Ұлтын көрсетпегендер |
083 |
Hегидалдықтар |
199 |
Басқа ұлттар |
12. «Оқиға күні кк.аа.жжж.» 11-18 жолдарда тиісті құжаттардың (паспорт, жеке куәлік, туу, өлу, неке қию және ажырасу туралы куәлік және акт) негізінде әрбір үй шаруашылығы мүшесіне арналған бағандарда барлық жолдар бойынша күні, айы, жылы толық жазылады.
13. «Білім деңгейі» 19-жолында үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 2-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет.
2-кесте
код |
Білім деңгейі |
Білім ұйымдарын бітірді немесе оқиды |
1 |
мектепке дейінгі |
Мектепте оқытуға мектепалды дайындықты бітірді |
2 |
бастауыш |
Бастауыш жалпы білім беретін мектепті бітірді |
-"- |
1972 жылы және одан кейін үш жылдық бастауыш жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбын бітірді |
|
-"- |
Кез келген жылы 4-6 сыныптарды бітірді |
|
-"- |
1962 жылы және одан кейін 7 сыныпты бітірді |
|
-"- |
1990 жылы және одан кейін 8 сыныпты бітірді |
|
-"- |
5-9 сыныптарды оқиды |
|
-"- |
1972/73-1988/89 оқу жылдарында 4 сыныптан кеткен |
|
-"- |
Кез келген жылы 5-7 сыныптан кеткен |
|
-"- |
1962/63 оқу жылдары және одан кейін 8 сыныптан кеткен |
|
-"- |
1989/90 оқу жылдары және одан кейін 9 сыныптан кеткен |
|
3 |
негізгі орта |
1961 ж. және одан бұрын толық емес орта мектепті (жеті жылдық) немесе 7 сыныпты бітірді |
-"- |
1963-1989 жж. сегіз жылдық мектепті немесе 8 сыныпты бітірді |
|
-"- |
1990-1992 жж. тоғыз жылдық мектепті немесе 9 сыныпты бітірді |
|
-"- |
1993 ж. және одан кейін негізгі жалпы білім беретін мектепті бітірді |
|
-"- |
Он бір жылдық немесе он екі жылдық орта мектептің 10 сыныбын бітірді |
|
-"- |
Он екі жылдық орта мектептің 11 сыныбын бітірді |
|
-"- |
10-11 (12) сыныпта оқиды |
|
-"- |
Бастауыш кәсіптік білім мекемесінде оқиды, жалпы орта білімі бар тұлғалардан басқа |
|
-"- |
1961/62 оқу жылдары және одан бұрын 8 сыныптан кеткен |
|
-"- |
1988/89 оқу жылдары және одан бұрын 9 сыныптан кеткен |
|
-"- |
10-11(12) сыныптан кеткен |
|
-"- |
Бастауыш кәсіптік білім мекемесінен кеткен, жалпы орта білімі бар тұлғалардан басқа |
|
4 |
жалпы орта |
Жалпы білім беретін мектептің, лицейдің, гимназия, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің және басқа 10-11 сыныптарын аяқтаған |
5 |
Бастауыш кәсіптік |
Бастауыш кәсіптік білім беретін ұйымды бітірген, (кәсіптік училище, кәсіптік лицей-үздіксіз білім беру орталығы, техникалық мектеп (тау - механикалық, теңізжолы, ормантехникалық және т.б.) жұмысшы мамандығын алған тұлғаларға, сонымен қатар, кәсіптік – техникалық училищені (ПТУ немесе техникалық училищені) бітірген. Бұдан басқа кәсіптік – техникалық оқу орнын бітіріп, мамандығымен қатар орта білімі туралы куәлік және орта білім деңгейінде мамандық алған тұлғаларға «Жалпы орта» белгісі қойылады, ал басқа тұлғаларға осы оқу орнына түскенге дейінгі алған білім деңгейі қойылады |
-"- |
Жалпы орта білім бермейтін оқу орнындарын ( мысалы, қолөнерлік, салалық кәсіптік училище (СКУ), фабрика-зауыттық оқыту мектебі (ФЗОМ), фабрика-зауыттық шәкірттік мектебі (ФЗШМ), оқу-курстық комбинаты, оқыту-өндірістік орталығы, қайта дайындау және біліктілігін арттыру курстары, оқу орындарындағы дайындық курстары) аяқтаған, осы оқу орнына түскенге дейінгі алған білімі белгіленеді |
|
6 |
орта арнаулы |
мәдениет және өнер саласындағы техникум, училище, колледж бітірген |
7 |
аяқталмаған жоғары |
ЖОО-да оқиды және оқу мерзімінің жартысын немесе жартысынан көбін өткен |
-"- |
ЖОО-да бір және одан көп жыл оқыған, аяқталмаған жоғары білімі туралы анықтамасы бар |
|
ЖОО-да оқу мерзімінің жартысынан аз уақытын оқығандар, ЖОО-ға түскенге дейін алған білім деңгейі қойылады, яғни «орта арнаулы», «бастауыш кәсіптік» немесе «жалпы орта» |
||
8 |
жоғары |
ЖОО аяқтаған: академия, университет, институт және оған теңестірілген (консерватория, жоғары мектеп, жоғары әскери училище) |
9 |
Жоғарғы оқудан кейін |
Аспирантура, магистратура, докторантура бітірген |
14. «Білім беру ұйымдарында оқитындар» 20-жолында үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 3-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет. Аулаларды жаппай аралап шығу кезінде деректер әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша толтырылады.
3-кесте
Код |
Білім беру ұйымдары |
Білім беру ұйымдарында оқитындар |
1 |
мектепке дейінгі |
Мектепке дейінгі ұйымдарға баратын бала: меншік нысанына қарамастан бөбекханаға, бөбекхана-бақшаға, балабақшаға мектеп-балабақшыға |
-"- |
Мектепке дейінгі ұйымға уақытша бармай жүрген бала, мысалы, науқастану себебімен |
|
2 |
жалпы білім беретін мектеп |
Бастауыш, негізгі, орта жалпы білім беретін мектептерде (оның ішінде жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту), лицейлерде, гимназияларда оқитындар |
3 |
техникалық және кәсіптік |
Кәсіптік лицейде, мәдениет және өнер саласындағы училищеде, негізгі орта немесе жалпы орта білім беретін колледжде оқитындар |
4 |
ЖОО |
ЖОО студенттері: академия, университет, институт және оған теңестірілген (консерватория, жоғары мектеп, жоғары әскери училище) |
5 |
ЖОО-дан кейінгі |
ЖОО-да тереңдетілген бағдарлама бойынша оқуды аспирантура, магистратура және докторантурада жалғастырушы |
6 |
біліктілікті арттыру курстары |
Жалпы білім бермейтін мектеп пен курстарда оқитындар (курстық оқу комбинаты (бөлім), қайта дайындау және біліктілік арттыру курстары, оқу орындарындағы дайындық курстары, сонымен қатар кәсіптік білім беретін курстар) |
15. «Жұмыспен қамтылу жағдайы» 21-жолында үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 4-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет.
4-кесте
Код |
Жұмыспен қамтылу жағдайы |
Анықтама |
1 |
жалдамалы қызметкер |
Еңбек шарты, келісімшарт, ауызша келісім бойынша жұмыс істейтіндер |
2 |
жұмыс беруші |
Өзінің жеке меншік кәсіпорнын басқаратын немесе өз бетінше кәсіби, коммерциялық қызметпен айналысатын және бір немесе бірнеше қызметкерлерді жалдап жұмыс істейтін адамдар |
3 |
жеке негізде жұмыс істеуші |
жеке негізде жұмыс істейтіндер |
4 |
Жеке қосалқы шаруашылығында (жеке ауласымен) жұмыспен |
Тек жеке өз шаруашылығында ауыл шаруашылығы және (немесе) мал бағу жұмыстарымен айналысатын тұлға |
Жеке шаруашылығы жоқ тұлғаларға бұл код қойылмайды |
||
5 |
Өндірістік кооперативтің мүшесі |
Меншік иелері ұжымның әр мүшесі өндірісті ұйымдастыру өнімді өткізу, кәсіпорын мен кооператив мүшелері арасында табысты бөлу мәселелерін шешу құқықтары тең болатын, кәсіпорнында (кооперативінде) өндіретін меншік жұмыс істейтіндер |
6 |
отбасылық кәсіпорынның ақы төленбейтін қызметкері |
шаруа (фермерлік) қожалығында, өндірістік кооперативте, туыстарына тиесілі жеке меншік кәсіпорындарда (жеке, отбасылық) ақысыз жұмыс істейтін адамдар |
7 |
жұмыссыз |
Жұмысы немесе табыс көзі жоқ адамдар |
16. «Күнкөрістің қаражат көзі» 22-жолда үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 5-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет.
5-кесте
Код |
Күнкөрістің қаражат көзі |
Анықтама |
1 |
жалдамалы жұмыстан табыс |
Ақыны (сыйды) жалақы, сыйақы, үстеме немесе заттай түрде төлеу қарастырылған, жалдау келісім шарты бойынша жұмыс істейтін тұлға |
2 |
өз бетінше жұмыспен қамтылудан табыс (жеке қосалқы шаруашылықтағы жұмыстан басқа) |
Ақша немесе заттай түрде табыс немесе отбасылық кіріс алу үшін өзінің еңбек қызметін өз кәсіпорнының меншік құқығында жүзеге асыратын тұлға |
-"- |
Жеке меншік кәсіпорыны бар, бірақ қандайда бір себеппен уақытша жұмыс істемейтін тұлға |
|
3 |
жеке қосалқы шаруашылықтағы жұмыс |
Сату мақсатында өзінің қосалқы шаруашылығында (бау-бақшаны қоса), ауыл шаруашылығы және (немесе) мал бағу жұмыстарымен айналысатын тұлға |
-"- |
Өз шаруашылығында өзінің тұтынуы үшін өнім өндіретін адамдар тек үй шаруашылығының жалпы тұтынуында маңызды үлесті қамтамасыз ететін қызмет болған жағдайда ғана белгіленеді |
|
4 |
стипендия |
Оқытуға кәсіпорындар мен ұйымдар төлейтін стипендияны қоса, стипендия алатын оқушылар мен студенттер |
5 |
зейнетақы |
Қарттығы (жасы) бойынша зейнетақы алатын тұлға |
6 |
Жәрдемақы |
Ай сайын әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлға: мүгедектігі, асыраушысынан айырылған жағдай, жасы бойынша, балаларға. Бұл ретте код жәрдемақыны алатын адамға емес, тағайындалған адамға қойылады |
7 |
туысқан немесе жақындардан материалдық көмек |
Туысқандары немесе басқа тұлғалардың қаражатына күн көретін, сондай-ақ алимент төленетін тұлға. Бұл ретте код оны алатындарға емес, материалдық көмек көрсетілетіндерге қойылады |
8 |
жеке меншіктен табыс, дивиденттер, сыйлықақылар |
Олардың ақшалай салымдарын пайдаланғаны үшін пайыздық төлем, кредит, қарыз түрінде табыс алатын салымшы, кредитор болып табылатын тұлға |
-"- |
Акцияға ие (акционер) болып табылатын, акционерлік қоғамнан дивиденд төлемі түрінде табыс, акцияны өткізуден курстық айырмашылық алатын адамдар |
|
-"- |
Жинақтан, пәтерді, автокөлікті, гаражды жалға беруден төлем түрінде табыс алатын тұлға |
|
9 |
Біреудің асырауындағы адам |
Басқа тұлғалардың ұзақ немесе үнемі материалдық немесе ақшалай қамтамасыз етуіндегі адамдар |
10 |
өзгесі |
Жоғарыда аталмаған күнкөріс көздері |
17. «1 қаңтардағы тұрғын үй жағдайлары» II бөлімде тұрғын үй, тұрғын үй-жай туралы абаттандырудың болуы, меншік түрі және алаң көлемі туралы деректер жазылады.
Басқа тұрғын жайға жер үй, жапсаржай жатады.
Үйлерді сәйкестендіру үшін үйдің сәйкестендіру коды қолданылады – 8 мәнді бірегей код (IKD), тіркелімге жазу кезінде әрбір үйге беріледі. Берілген код орталықтан қалыптастырылған, республикалық деңгейде 8-ші мәні бақылаушы сан болып табылатын, 11-ші модуль бойынша есептелген резервтен алынады.
1-тармақты толтыру кезінде белгі («V») тек бір ғана жерге қойылады, тұрғын үй типтерінің біреуі көрсетіледі.
Меншік түрі тиісті меншік түріне жататын тұрғын үй-жайға толтырылады, толтыру кезінде («V») белгісі көрсетіледі.
18. Жалпы және тұрғын алаңның көлемі тұрғын үй-жайдың жоспары негізінде, жоспар болмаған немесе жоспардан ауытқулар болған кезде үй-жайлардың ішкі өлшемі бойынша анықталады және тұтастай шаршы метрде көрсетіледі.
Егер тұрғын үй немесе тұрғын жай бір емес, екі одан да көп бірнеше дербес шаруашылықтардың меншігінде болса, онда осы шаруашылықтардың әрқайсысының дербес шотындағы «Жеке үй» деген жолда оларға тиесілі үлестері: «үйдің жартысы» деп жазылуы тиіс, онда шаруашылықтың нөмірі де (№ 1 немесе № 2) көрсетілуі тиіс, ал 2-бөлімде барлық деректер үйдің осы бөлігі бойынша толтырылуы қажет.
Жалпы алаңы 40 шаршы метр және тұрғын алаңы 30 шаршы метр тұрғын үй 2 шаруашылыққа тиесілі: бір шаруашылыққа жалпы алаңының көлемі 20 шаршы метр және тұрғын алаңы 16 шаршы метр болатын үйдің 1/2 тиесілі, екіншісіне 20 шаршы метр және тұрғын алаңы 14 шаршы метр болатын үйдің 1/2 тиесілі (екінші шаруашылықта тұрғын алаңы жылыту пешінің есебінен азайтылған).
Мұнымен бірге «Тұрғын үй жағдайлары» жолының жоғары жағындағы бос орынға осы үй иесі болып табылатын шаруашылықтың дербес шотының № жазылады.
Егер шаруашылықта екі үй болса, онда 2-бөлімнің бірінші бағанында олардың әрқайсысы бойынша мәлімет жазылуы тиіс: біріншісі бойынша – алымында, екіншісі бойынша – бөлімінде.
Өзінің тұрғын үйінде немесе тұрғын үй-жайында тұрмайтын азаматтар үшін 2-бөлімде: «пәтер жалдайды» немесе «осындай кәсіпорынның (ұйымның) үйінде тұрады» деп жазылады.
19. Тұрғын үйдің жалпы алаңына мыналар кіреді:
Үйдің негізгі қабырғалары шегінде орналасқан барлық жайлардың алаңы:
- тұрғын бөлмелер (жалпы және жатын бөлмелер);
- қосалқы үй-жайлар (ас үй, кіреберіс, ванна немесе себезгі, дәретхана, зат сақтайтын бөлме, кіріктіре салынған шкафтар) кіреді.
Жалпы алаңға мыналар кірмейді:
- баспалдақ алаңы;
- шығыңқы конструкциялық элементтер мен жылыту пеші тұрған алаң;
- жылытылмайтын, жапсарлас салынған үй-жайлардың (терраса, веранда, балкон, лоджия), сондай-ақ жылытылмайтын мансардтар мен мезониндердің алаңы;
- жеке тұрған ас үй, монша, сарай, күркелер;
- киіз үйлердің, жазғы саяжайлардың, бақшадағы үйлердің және уақытша тұруға жабдықталған басқа да үй-жайлардың (вагон, жер үй) алаңы.
20. Тұрғын үй-жайды абаттандыру тиісті шаруашылыққа тиесілі үйге немесе үйдің бөлігіне толтырылады. Үйде тамақ әзірлеу үшін табиғи газ желісінен немесе сұйытылған газдың әкелінетін жекелеген баллондарынан газ жүргізілген, жерде тұратын газ плитасы орнатылған болса, «газ электр плита» деген жолда «иә» деп жазылады. Газ жүргізілген үйге газбен жабдықталған, жерде тұратын газ электр плитасы орнатылған ас үйі бөлек тұрған үй де жатады. Мұның өзінде газ плитасы жоқ немесе газбен жылыту жоқ болса, үй бойынша «жоқ» деп жазылады.
Егер үй ішінде су құбырының таратушы желісі болса немесе жеке тұрған асханада су орталықтандырылған су құбырынан немесе артезиан ұңғымасынан келетін су құбырының таратушы желісіне жалғанған су өткізетін шүмек орнатылған болса, тұрғын үй немесе тұрғын жай су құбырымен жабдықталған деп саналады. «Су құбыры» жолы бойынша «иә» деп жазылады.
Егер аулада су бөлетін шүмек (колонка) болса, бірақ су үй ішіне өткізілмеген болса, онда мұндай үйлердің тұрғын алаңы су құбырымен жабдықталған деп саналмайды және жол бойынша «жоқ» деп жазылады.
Егер үйдің ішінде шаруашылық-нәжіс суларын көшедегі кәріз желісіне немесе сіңіргіш құдықтарға немесе ауладағы септиктерге ағызуға арналған кәріз құрылғысы бар болса, тұрғын үй немесе тұрғын үй-жай кәрізбен жабдықталған деп саналады. Кәріз бар болған жағдайда тиісті жол бойынша «иә», болмаған жағдайда – «жоқ» деп жазылады. Су құбырымен жабдықталмаған үйлер (тұрғын үй-жайлар) кәрізбен жабдықталмайды.
Егер төмендегі жабдықтың бір түрі тұрғын жайдың ішінде орнатылған болса, тұрғын үй немесе тұрғын үй-жай ваннамен немесе себезгімен жабдықталған деп саналады.
Егер топтық (орамдығы) немесе аудандық қазандықтан, ЖЭО-дан жылу бар немесе құрылғы ғимараттың немесе тұрғын жайдың ішінде көзделген және энергия көзіне қарамастан, жылыту мақсаттары үшін арналған болса, тұрғын үй немесе тұрғын үй-жай ЖЭО-дан, топтық (орамдығы) немесе аудандық қазандықтан жылумен жабдықталған деп саналады. Бұл жағдайда тиісті жолға «иә» деп жазылады.
Егер онда тұратындардың тұрмыстық қажеттіліктері үшін орталықтандырылған, ыстық су беретін арнайы су құбыры болса, тұрғын үй немесе тұрғын үй-жай ыстық сумен жабдықталған деп саналады. Мұндай жағдайда тиісті жолға «иә» деп жазылады. Егер пәтерлердегі су жылытқыштар үшін (АГВ), аз литражды жылыту қазандықтарын қоса, тұрмыстық қажеттіліктер үшін газ (отын) колонкасынан орталықтандырылған, ыстық су беретін арнайы су құбыры болған жағдайда да «иә» деп жазылады.
21. «1 қаңтардағы кенттік, ауылдық округтің шегінде немесе шегінен тыс жалға берілген (алынған) жеке меншіктегі жер» III-бөлімде әр шаруашылық бойынша үй іргесіндегі учаскедегі жеке шаруашылыққа жататын барлық жер ауданы жазылады, сондай-ақ ауылдық округтің шегінде және шегінен тыс жалға алынған жер көрсетіледі. Халықтың жеке қосалқы шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер ауданы туралы деректер жер учаскесін жеке меншікке алу құқығын иелену актісінен алынады.
Жердің барлығы, га (1 жол): құрылысқа, егін егуге, жайылымға, бау-бақшаға, жүзімдіктерге, табиғи пішендік жерлерге, тыңайған жерлерге және сәндік екпе ағаштарға бөлінген жерлерді қамтиды.
Егер бұл жер немесе оның бөлігі жалға берілетін болса, онда бұл алаң 9-жолда көрсетіледі. Егер бұдан басқа қосымша жер жалға алынатын болса, онда бұл алаңды 10-жол бойынша көрсету керек.
Жер шаруашылық меншігінде болған жағдайда ғана 9, 10-жолдар толтырылады. Егер жер жалға алынған болса (соның ішінде ұзақ мерзімді) 9 және 10-жолдар толтырылмайды.
Тиісті бағанда ауылдық округтен тыс орналасқан жерді көрсету керек. 1-жол 2+3+4+5+6+7+8+10-жолдарының қосындысына тең (9 жолды алып тастағанда).
Жер бойынша барлық көрсеткіштер гектармен дәлділігі 0,001 га дейін толтырылады.
22. 3 Б) бөлімінде ағымдағы жылғы астыққа егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егісі (барлығының егіс алқабы және одан ауылдық округтен тыс жердегі) туралы деректер гектармен дәлділігі 0,001 га дейін шаруашылық иесінен (немесе шаруашылықтың ересек мүшелерінің) пікіртерім алу арқылы жолымен толтырылады. ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс үй іргесіндегі учаскелерді ғана емес, сонымен қатар жалға алынған жердегі және бөлінген бақтардың егісті де қосады.
Қатараралық бақтардағы егістерге тиісті дақылдардың егіс алаңының қорытындысы және барлық егіс алаңының қорытындысы кіреді. Қатараралық жыртылып өндірілетін дақылдардың егістігі, сондай-ақ егіс алаңына қайталап егілетіндер (аңыздықтар) кірмейді. Егістік алаңына есептелмейтіндер: ауыл шаруашылығы дақылдары егілмеген егістік, бақшалардың егістік алаңы, жидекті дақылдар, жасыл гүлзарлар, сүрлеулер және басқа да алаңдар.
«Дәнді дақылдар» 12-жол бойынша дән түрінде пайдалануға арналған сақталып қалған күздік (бидай, қара бидай, арпа) және жаздық (бидай, арпа, сұлы, масақтылар қоспасы, жүгері, тары, қарақұмық, күріш, құмай жүгері, дәнді бұршақтылар) егісі енгізіледі. Басқа мақсаттарға арналған дәнді дақылдар (көк азыққа, силосқа, пішенге) бұл жолға енгізілмейді.
12-жолдан есепті жылы егілген дәнді дақылдардың түрлері бойынша егістіктер белгіленеді (13, 14, 15, 16-жолдар). Жүгері егісіне сүрлем мен жасыл азыққа пайдаланатын, сүттенгенге дейінгі балауыз, сүтті-балауыз және балауызданып піскендерді алып тастағанда, толық піскен жүгерінің дәні кіреді. Бұл дақылдар азық дақылдары бойынша (22-жол) көрсетіледі.
«Картоп» 27-жол бойынша себу мерзімі мен оның тағайындалуына қарамастан картоптың барлық алаңы көрсетіледі.
«Көкөністер» 23-жол бойынша ашық топырақтағы егістер көрсетіледі. Ашық топырақтағы көкөністерге қырыққабат, қияр, қызанақ, қызылша, асханалық сәбіз, басты пияз, жасыл бұршақ, бұрыш, шомыр, тарна, шалғам, баялды, кәді, асқабақ, жасыл дақылдар (көк жуа, ақ сүттіген, аскөк, ақжелкен, балдыркөк, қымыздық, саумалдық, рауғаш, кинза) және басқа да көкөністер жатады.
17, 18, 19, 20, 21, 28, 30-жолдар бойынша тиісінше майлы дақылдардың, оның ішінде күнбағысқа, темекіге, қант қызылшасына, мақта, бақша және басқа да дақылдарға арналған алаңдар көрсетіледі. Күнбағыс егісіне ағымдағы жылы өндірілген егістер, сондай-ақ қыстың алдында өндірілген күнбағыстың дәнге сақталған егістері кіреді. Күнбағыстың сүрлемдік егістері бұл көрсеткішке кірмейді. Қант қызылшасы бойынша (фабрикалық) өнімдері қант және басқа зауыттарда өңделетін қызылша егістері көрсетіледі. Мал азығына арналған қант қызылшасының егістері 22-жол бойынша көрсетіледі. Мақта бойынша мақта егісінің барлық нақты алаңы есептелінеді, оған көлеңкелеу үшін жағалай отырғызылған тұт ағашының жолақтары, жеке тұрған ағаштардың көлеңкелік алаңдары кіреді. Азықтық дақылдар бойынша (22-жол) барлық азықтық дақылдардың егістері:азықтық дақылдар, тамыр-жемістілер, бақшалық, дәндік және дәнді-бұршақтық (азықтық темір-жемістілер, мал азығына арналған қант қызылшасы, азықтық бақша (азықтық асқабақ, азықтық қарбыз және азықтық кәділер), азықтық жүгері, азықтық қырыққабат), дақылдық себілген пішендіктер және жайылымдар (көпжылдық және біржылдық) көрсетіледі. 29-жол бойынша гүл егістігіне арналған алаңдар көрсетіледі. «Басқа дақылдар» көрсеткіші бойынша (30-жол) 12-29-жолдарда көрсетілмеген дақылдар көрсетіледі (зығыр, кәдімгі кенепшөп және рамидан басқа кендір және өзге де тоқыма талшықтар; кәдімгі зығыр және кенепшөп; парфюмерия мен фармацияға арналған өсімдіктер; тірі өсімдіктер өсірілетін алаңдар: жуашық, түбір және тамыр; шегіншектер және шыбықтар; саңырауқұлақ өсіретін жерлер; көкөністердің тұқымдық дақылдарының алаңы).
Көпжылғы ағаштардың алаңдары бойынша деректер жеке көрсетіледі: жүзімдіктер (32-жол), бау-бақшалар (33 (34,35)-жолдар) және жидекті жерлер (36-жол).
37-жол бойынша «В. Су қоймалары су бетінің жалпы алаңы, шаршы метр» тауарлық балықтарды өсіру бойынша қолда бар жеке меншік және бекітілген су қоймаларының барлық алаңдары шаршы метрмен көрсетіледі.
38-жол бойынша «Онда ауланған балықтар, кг» аулаған балықтардың саны килограммен көрсетіледі.
Мына жағдайда, егер су қоймасының алаңы бірнеше округтердің арасында орналасқан болса (1 округтен көп), онда су қоймасының алаңы аудандық жер комитетінің шешімі бойынша кімге бекітілсе сол толтырады. Ал балық аулау барлық округтар бойынша есептелінеді.
23. «Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (бас)»
IV бөлімінде малдың, қояндардың және терісі бағалы аңдардың саны туралы деректер шаруашылық (отбасы) иесінің немесе шаруашылықтың ересек мүшелерінің қатысуымен қорадағы малдың нақты барын есептеу арқылы жазылады. Нақты бар мал басын есептеу мал қорада болған кезде жүзеге асырылады. Құс санын жазу шаруашылық (отбасы) иесінің немесе шаруашылықтың ересек мүшелерінің сауалдамаға жауап беру негізінде жазылады.
Мемлекеттік статистика органдарының ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жылы санаушылардың шаруашылықтарды аралау кезінде шаруа қожалықтарындағы малдың саны туралы алған деректері әр шаруашылық бойынша кітаптардың деректерімен салыстырылуы керек. Егер әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы мен аула бойынша тізімдегі жазбалар арасында айырмашылықтар кездессе, кенттік, ауылдық әкімшіліктің маманы санаушымен бірге осы шаруашылықта нақты бар мал басын қайтара тексеруі (қайта есептеуі) керек.
Егер шаруашылықта келісім бойынша бордақыланып отырған мал ұсталса, онда осындай мал туралы мәліметтер әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабына жазылмайды.
Малдың есебін жүргізу кезінде малдар мен құстардың түрлері мен жыныс-жас топтары әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабына сәйкес белгіленеді.
24. Мал саны туралы нақты мәліметтер алу мақсатында әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарының деректерін анықтауды жүргізетін адамдар қаңтардың 1-інен
15-іне дейінге кезеңде оларға тапсырылған учаскедегі барлық шаруашылықтарды, осы шаруашылықтарда малдың бар не жоқ екендігіне қарамастан аралап шығуы керек, және де көрші учаскемен (елді мекенмен) шектелетін аулалардың қалып қалмауына аса көп назар аударулары керек.
Жайылымдарда немесе басқа шаруашылықта уақытша болуына қарамастан, әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабына шаруашылыққа тиісті барлық мал көрсетіледі,.
Басқа шаруашылықтардан ұзақ ұстауға қабылданған малдардың есепке алынбай немесе өткізіп алмауды болдырмау үшін, есеп барлық жағдайда малдың тұрған жері бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар бұл малдың нақты кімдікі екендігі тыңғылықты тексеріледі.
Осы малдың басқа шаруашылыққа қарайтындығы туралы тексерілген қолда бар деректер болса, ұзақ ұстауға қабылданған малға жазылады, одан бөлек шаруашылықтың айрықша тізіміне қай малдың ұзақ ұстауда жүргендігі, сондай-ақ мал иесінің (шаруа қожалығының басшысы) аты-жөні және нақты мекен-жайы қоса жазылады. Бұл тізімді малды тексеріп және енгізу үшін оның иесінің тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтың бас маманы пайдаланады. Мына жағдайда, егер мал иесі басқа кенттік, ауылдық округте тұратын болса, онда осы тізімнің деректері малды қосу үшін мал иесі тұратын сол селолық округке жіберіледі.
Жекелеген елді мекенде малды есепке алу аяқталған соң әр шаруашылық бойынша кітаптардағы деректерді анықтауды жүргізетін адамдар қорытындыларын есептеуге тиісті. Мал саны қорытындыларын есептеу тікелей әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптары бойынша жүргізіледі.
25. V бөлім «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының бары туралы мәліметтер».
Ауылшаруашылығы техникаларының түрлері бойынша жол бойынша бос жолдарда мыналар көрсетіледі;
қолда бар барлық маркалы тракторлар (шынжыр табанды және доңғалақты), соның ішінде машина құрастырылған тракторларды қоса,;
жүк көтергіштігіне қарамастан трактор тіркемелерінің болуы;
жүк автомобильдерінің болуы;
жеңіл автомобильдердің болуы;
автобустардың болуы;
арнайы автомобильдердің болуы;
астық жинайтын комбайндардың барлық маркалары мен түрлерінің бары, күріш жинайтындарды қоса;
тракторлық тұқым сепкіштердің барлық түрлері мен маркаларының болуы;
арнаулы және жалпы мақсаттағы тракторлық соқалардың, жалпақкескіш-терең қопсытқыштардың бары;
тракторлық культиваторлардың барлық түрлері мен маркілерінің қолда бары (жалпақкескіш-терең қопсытқыштарсыз);
шөптерді, жүгеріні, күнбағысты және басқа да пішендік өсімдіктерді, көк азық пен сүрлемдерді оруға арналған аспалы және жартылай аспалы тракторға тіркелген шалғылар мен орақтар көрсетіледі;
құрғатылған тырмалауға немесе жаңа орылған шөпті дестелеуге, орылған шөптерді қопсыту және тезірек кептіру үшін дестелерді айналдыруға, сондай-ақ астықты жинағаннан кейін сабандарды тырмалауға арналған тіркемелі және аспалы трактор тырмаларының бары;
сауын құрылғыларының болуы – бұл сиырлар мен басқа да ауыл шаруашылығы малдарын саууға және сүтті бастапқы өңдеуге арналған бір-біріне байланысты машиналар мен аппараттардың кешені;
қойды, ешкіні, түйені және басқа да малдарды қырқуға арналған электрмен қырқатын агрегаттардың қолда бары көрсетіледі;
Егер шаруашылықта бөлімде көрсетілмеген ауыл шаруашылығы техникасы бар болса, онда сол техниканы да бос жолдарға жазу керек.
«Өнімдерді өңдеуге арналған жабдықтар» жолы бойынша бос жолдарда астық, мал және құс еті, сүт, көкөністер мен майлы дақылдарды өндіру және ұн өндіру бойынша (диірмен) жабдықтардың нақты барын көрсетіледі.
Егер қандай да болмасын шаруашылықтың бөлімде көрсетілмеген ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін басқа да жабдықтары болған жағдайда, оны да сол бос жолдарға жазу керек.
26. VI бөлім «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және мал ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар».
«Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар» жолы бойынша сақтау орындарының түрі көрсетіледі: дәнді дақылдарға, картопқа арналған, бірлескен сақтау орындары және басқа түрлеріне арналғандары.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар мен имараттардың сыйымдылығы сақтау орнының, қойманың немесе имараттың тиімді көлемін өнімнің 1 текше метрінің орташа салмағына көбейту арқылы есептеледі.
«Ауыл шаруашылығы малдарын ұстауға арналған құрылыстар» жолы бойынша бос жолдарда құрылыстың түрлері көрсетіледі: ірі қара мал, шошқа, қой мен ешкі, жылқы, өзге де малдар, құс ұстауға және малдарды бірге ұстауға, басқа да түрлеріне арналған, сондай-ақ мал орындарының жалпы саны көрсетіледі.
«Өсіруге арналған жылыжайлар» жолдар бойынша көкөністер немесе гүлдер өсіруге арналған алаңдар бойынша деректер жазылады. Алаң шаршы метрмен көрсетіледі.
27. «1 қаңтардағы сауда нүктелерінің болуы» VII бөлімде үй шаруашылығына тиесілі сауда нүктелерінің нақты бары туралы деректер жазылады. Оған жататындар: дүкендер, дүңгіршіктер, павильондар.
28. «1 қаңтардағы сатып алу кооперативтiк бiрлестiктердің, сатып алу орталықтардың нақты бары» VIII бөлімінде көрсетіледі. Тауарлар бойынша деректер заттай түрде толтырылады.
29. «Қосымша мәліметтер» IX бөлімінде жер жалға берілген (немесе алынған) адамның ТАӘ (немесе шаруа (фермер) қожалығының атауы) жазылады. Сондай-ақ басқа да қосымша мәліметтер жазылады.
Кенттік, ауылдық, ауылдық округтің маманы бір жыл ішінде ағымдағы тәртіппен шаруашылықтардың дербес шоттарында тиісті жазбалар жасап отыруға тиісті, соның ішінде: азаматтық хал актілері жазбасының материалдары бойынша туғандар туралы, өлгендер туралы, отбасы мүшелерінің хабарлауы бойынша уақытша жоқ шаруашылық мүшелерінің шаруашылықтан кетуі және қайтып келуі туралы, шаруашылық (отбасы) иесінің өзгеруі туралы, шаруашылықтардың бөлінуі және бірігуі туралы, шаруашылықтың барлық мүшелерінің жаңа мекен жайға көшуі және шаруашылықтан шығуы туралы.
30. Әрбір шаруашылықтың дербес шоты әр шаруашылық бойынша жаңа кітаптың бетін белгілеу кезінде, сондай-ақ бұрынырақ беті белгіленген әр шаруашылық бойынша кітаптардағы жазбаларды жаппай тексеру және нақтылау кезінде ауланы аралау барысында толтырылғаннан соң оған бірінші жазылған (шаруашылық иесі) шаруашылық мүшесі немесе ол болмаған жағдайда шаруашылықтың ересек мүшесі, сондай-ақ кенттік, ауылдық, ауылдық округтің маманы (немесе тексеру мен жазбаларды жүргізетін адам) тиісті түрде қол қоюы керек.
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды
жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді
ұйымдастыру нысандары бойынша
статистикалық әдіснамаға
2–қосымша
Нысан
20___ ЖЫЛЫ ____________________________________ КЕНТТЕРДІҢ,
АУЫЛДАРДЫҢ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ АУМАҒЫНДА УАҚЫТША ТҰРАТЫН
ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
р/с№ |
Отбасы мүшелерінің тегі, аты әкесінің аты (толығымен) |
ЖСН |
Жынысы (ер, әйел) |
Туған күні, айы, жылы |
Некедегі жағдайы (некеде тұрмын, еш уақытта некеде болған жоқпын, тұл еркек/жесір әйел, ажырасқан) |
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Білімі*) |
Оқушылар үшін жалпы білім беретін мекеменің түрін көрсету керек |
Тұрғылықты тұратын орны |
Жұмыспен қамтылудағы жағдайы**) |
6 |
7 |
8 |
9 |
Келгені туралы белгі (қай күні, қайдан келгенін көрсету керек) |
1.01.201__, 1.07.201__ жылдардағы қолда бар мал |
||
мал түрлері мен топтары |
барлық мал басы |
соның ішінде 1 жасқа дейінгі жас мал |
|
10 |
11 |
12 |
13 |
Шаруашылықтың дербес есепшотының нөмірі, қайда орналасқан |
Шаруашылықтың бірінші жазылған мүшесінің қолы |
Ауылдық әкімшіліктің шегінен тыс басқа жерде тұруға кеткені немесе осы ауылдық әкімшілікке тұрғылықты тұруға ауысқаны туралы белгі (қайда және қашан кеткенін, шаруашылық жөніндегі кітапта (нысан) жазылғанын көрсету) |
14 |
15 |
16 |
*) Тіркелген кезде қандай білімі барын көрсету керек (жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, арнаулы орта, аяқталмаған жоғары, жоғары, сауатсыз)
**) Жұмыс түрін көсету керек (жалдану бойынша жұмыс, жұмыс беруші, жеке негізге жұмыс істейтіндер, отбасы кәсіпорнының ақы төленбейтін кызметкері, жұмысы жоқтар)
Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында уақытша
тұратын тұлғалар тізімінде жазбалар жүргізу
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл сайын Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің аумағында уақытша тұратын адамдардың тізімін (нысан) жасауы керек. Уақытша тұратын тұлғалардың тізіміндегі жазбалар тұрақты тұратын халықтың тізімі секілді жыл бойы жүйелі түрде жүргізіледі.
Уақытша тұратындар санында кенттік, ауылдық, ауылдық округ аумағында 1,5 айдан астам уақытқа келген мынадай халық құрамы ескеріледі:
оқу кезеңінде оқу мекемесінің орналасқан жері бойынша (оқу мекемелерінің жатақханаларында, мектеп жанындағы интернаттарда, жеке пәтерлерде) тұратын оқушылар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері;
мүгедектер үйлеріндегі мүгедектер;
аурухана мекемелерінде ұзақ уақыт емдеуде болатын науқастар;
уақытша және маусымдық жұмысқа, сондай-ақ шарт бойынша жұмысқа келген адамдар;
қалалық елді мекендерде тіркелген, бірақ нақты кенттік, ауылдық, ауылдық округ аумағында тұратын азаматтар;
әскери қызметшілер қызметін атқаратын орынға келген және кенттік, ауылдық, ауылдық округ аумағында тұратын әскери қызметшілердің отбасылары.
Уақытша тұратындар санатына кенттік, ауылдық, ауылдық округ аумағына маусымдық немесе уақытша жұмысқа келген азаматтарды, сондай-ақ бас бостандығынан айырылу орындарынан шартты түрде босатылған және кенттік, ауылдық, ауылдық округ аумағында шектеулі уақыт қана тұратын адамдар жатқызылады.
Уақытша тұру мерзімі уақытша тұратын адамдардың санатын анықтау үшін критерий ретінде белгіленбеген және жұмыстың, емделудің, оқудың және басқаларының басталу және аяқталу уақытымен анықталады.
Уақытша тұратындар тізімі ауруханаға, балалар үйіне, мектеп-интернатқа, мүгедектер үйіне және басқаларына осы мекемелердің басшыларымен бірге жасалады. Тізімнің бланкісінде осы мекеменің атауы және оның мекен-жайы көрсетіледі.
Осы мекемелерге қызмет көрсететін жұмысшылар мен қызметшілер және осы жерде тұрақты тұратындар, кенттік, ауылдық, ауылдық округ аумағында уақытша тұратын № 2 нысанның тізіміне жазылмайды, олар мекен-жайы бойынша әр шаруашылық бойынша кітапта (нысан) ескеріледі.
Қалалық елді мекенде тіркелген және сонда тұрақты тұратын, бірақ кенттік, ауылдық, ауылдық округ аумағында орналасқан тұрғын жайды жазғы маусымға жалдайтын адамдар мен саяжайлардың иелері (тұрғызушылар) әр шаруашылық бойынша есеп жүргізу құжаттарында ескерілмейді.
Уақытша тұратындар жазбасы олардың кенттік, ауылдық, ауылдық округ аумағына келген сәтінен бастап 3 күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Сонымен бірге тізімге шаруашылықтың барлық мүшелері жазылады.
№ 2 нысан тізіміндегі 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-бағандар әр шаруашылық бойынша кітаптағы (№ 1 нысан) тиісті бағандарға ұқсас толтырылады.
8-бағанда тұрақты тұратын орны көрсетіледі.
9-бағанда осы адамның тұрақты мекен-жайы бойынша жұмыс орны және мамандығы көрсетіледі. Асырауындағы жандар үшін бұл бағанда "басқа адамның асырауында" деп жазу керек.
10-бағанда қашан және қайдан келгенін, сондай-ақ келу мақсатын көрсету қажет.
№ 2 нысан бойынша тізімнің 14-бағанында келген адам пәтер жалдаған шаруашылықтың дербес шоты көрсетіледі немесе оның уақытша мекен-жайы қысқаша жазылады.
Шаруашылық (отбасы) иесі немесе жалғызбасты адамдар олар туралы жазбаларды «Шаруашылық мүшесінің қолы» 15-бағанда қол қойып растайды. Ауруханаларда, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда, мүгедектер үйлерінде және басқаларында тұратын адамдар туралы жазбалардың дұрыстығын осы мекемелердің басшыларының қолымен расталады.
16 бағанда кенттік, ауылдық, ауылдық округ аумағынан тысқары жерге қоныс аударғандар, осы әкімшілікте тұрақты мекен-жайға кеткендер, сондай-ақ өлгендер туралы – шыққан айын, жылын және себебін көрсетіп, белгі жасалады.
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды
жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді
ұйымдастыру нысандары бойынша
статистикалық әдіснамаға
3-қосымша
Нысан
________________________________________
КЕНТТЕРДІҢ, АУЫЛДАРДЫҢ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ
2011, 2012, 2013, 2014, 2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
___________ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘЛІПБИЛІК КІТАБЫ
р/с |
Шаруашылық иесінің тегі, аты және әкесінің аты |
Шаруашылықтың дербес-шотының № |
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының №- |
Бет № |
Дербес шоттың жабылу себебі және күні |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
А |
||||||
Ә |
||||||
Б |
||||||
В |
||||||
Г |
||||||
Ғ |
||||||
Д |
||||||
Е |
||||||
Ж |
||||||
З |
||||||
И |
||||||
К |
||||||
Қ |
||||||
Л |
||||||
М |
||||||
Н |
||||||
Ң |
||||||
О |
||||||
Ө |
||||||
П |
||||||
Р |
||||||
С |
||||||
Т |
||||||
У |
||||||
Ұ |
||||||
Ү |
||||||
Ф |
||||||
Х |
||||||
Ц |
||||||
Ч |
||||||
Ш |
||||||
Щ |
||||||
Ы |
||||||
І |
||||||
Э |
||||||
Ю |
||||||
Я |
Әліпбилік кітапта жазба жүргізу
Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің барлық елді мекендерінде әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарының бетін белгілеуді жүргізіп болғаннан соң, жергілікті атқарушы органның маманы шаруашылықтардың әліпбилік кітабын (нысан) 10 ақпаннан кешіктірмей жасайды.
Бұл кітапқа кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында тұрақты тұратын әр шаруашылық бойынша есеп кітабына (нысан) жазылған барлық тұлғалардың шаруашылықтары енгізіледі. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында уақытша тұратын адамдар (нысан) әр шаруашылықтардың әліпбилік кітабына жазылмайды.
Әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органның маманы шаруашылықтар санының есебін жүргізеді және осы есептің нәтижелерін әр шаруашылықтардың әліпбилік кітабының титулдық парағына жазады (жазба қарындашпен жасалады).
Әліпбидің әрбір әрпіне 1-2 беттен қалдырылады, ал қалған әріптерді қиып алып тастау керек.
Ескертпе: қалдырылатын беттер санын нақты бір әріпке басталатын шаруашылық иелері тегінің болжалды санына байланысты өзгертуге болады.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарының дербес шоттарындағы шаруашылық (отбасы) иесінің, шаруашылық құрамының өзгеруіне қатысты барлық өзгерістерді жергілікті атқарушы органның маманы әр шаруашылықтардың әліпбилік кітабына жыл ішінде енгізуі тиіс.
Әр шаруашылық бойынша есепке
алуды жүргізу және тіркеу
жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру
нысандары бойынша статистикалық
әдіснамаға 4-қосымша
Нысан
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.07.2015 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«_________________________ облысының статистика департаменті» ММ
________________________________ ауданының статистика басқармасы
Әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу
жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі туралы
АКТ
______________________ ауданының
______________________ кенті, ауылы, 20__ жылғы « ___ » ________
ауылдық округі
Біз, төменде қол қоюшылар, мемлекеттік статистика саласындағы
уәкілетті органның өкілдері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________ әкімінің қатысуымен
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы
Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының, 16-бабының және «Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011
жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының
негізінде әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу
жазбаларына салыстыруды жүргіздік.
Салыстыру қорытындысы бойынша мемлекеттік статистика
саласындағы уәкілетті органға әкімнің «Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 499-бабында көзделген
дәйексіз әкімшілік деректерді ұсынуының мынадай фактілері анықталды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бұзушылықтарды жою мерзімдері: осы Актіге қол қойылған күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Ескерту (орындалғаны туралы ақпарат 5 жұмыс күні ішінде аумақтық
статистика органына ұсынылады).
Қолдары _____________________ м.о.
_____________________
_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және әкімнің қолы _____
_________________________________________________________ м.о.
Ескерту (әкім қол қоюдан бас тартқан жағдайда «Қол қоюдан бас тартты»
деген жазу жазылады және күні қойылады).
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды
жүргізу және тіркеу жазбаларын
жүргізуді ұйымдастыру нысандары
бойынша статистикалық әдіснамаға
5-қосымша
Нысан
Келісілді: Бекітемін_________________
______________________облысының әкімі Аумақтық органның
(немесе оның міндетін атқарушы) басшысы___________________
_________________________ __________________________
Т.А.Ә. Т.А.Ә.
20____ж. «___»________________ 20____ж. «___»____________
______________________ облысы бойынша 20____ жылға арналған
Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне
нақтылау жүргізу кестесі
Ескерту. Әдіснама 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 06.05.2014 № 84 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
р/с |
Ауданның атауы |
Баруға жататын |
Жүргізу кезеңі (айы) |
Статистика органдарынан қатысатын қызметкерлер саны |
|
ауылдық округтер (атауы) |
кенттер, ауылдар (саны) |
||||
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды
жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді
ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық
әдіснамаға 6-қосымша
Нысан
Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне
нақтылау жүргізу туралы
20__ жылғы______________жағдай бойынша ақпарат
(айы)
Ескерту. Әдіснама 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 06.05.2014 № 84 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Облыс _________________________________________________________
Аудан _________________________________________________________
Кент, ауыл, ауылдық округ _____________________________________
р/н |
Елді мекеннің (кенттің, ауылдың, ауылдық округтің) атауы |
Үй шаруашылықтарының жалпы саны |
Бірінші кезеңде анықталған сәйкессіздіктер саны |
Екінші кезеңде барған үй шаруашылықтарының саны |
Сәйкессіздіктер айқындалған үй шаруашылықтарының саны |
Бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар (әр шаруашылық бойынша кітапқа өзгерістер енгізілді, акт жазылды, әкімшілік жаза қолданылды, қорытынды анықтама бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар) |
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Барлығы |
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды
жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді
ұйымдастыру нысандары бойынша
статистикалық әдіснамаға 7-қосымша
Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне
нақтылау жүргізу қорытындылары бойынша әкімдерді
жауапкершілікке тарту туралы
20___ жылғы _____ тоқсан бойынша ақпарат
Ескерту. Әдіснама 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 06.05.2014 № 84 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Облыс____________________________________________________________
р/с |
Облыс ауданының атауы |
Ауылдық округтердің саны |
Үй шаруашылықтарының саны |
Тартылған тұлғалар саны |
||||
барлығы |
барылғаны |
сәйкессіздіктер анықталғаны |
барылғаны |
сәйкессіздіктер анықталғаны |
әкімшілік жауапкершілікке |
тәртіптік жауапкершілікке |
||
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Барлығы |