Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы N 136 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6334 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                             Ә. Смайылов

      «КЕЛІСТІМ»
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А. Күрішбаев ___________
      2010 жылғы 14 маусым

Қазақстан Республикасы      
Статистика агенттігі төрағасының 
2010 жылғы 10 маусымдағы     
№ 136 бұйрығына қосымша     

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама

1. Жалпы ережелер

      1. Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай әдісін анықтайды (бұдан әрі – Әдіснама).
      2. Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманың негізгі міндеті үй шаруашылықтары бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру, дәйектілікті және кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдерінің әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерді ұсынуын қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Осы Әдіснама мақсаттары үшін келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) әр шаруашылық бойынша есепке алу – үй шаруашылықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру процесі. Үй шаруашылығы – бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған экономикалық субъект;
      2) тұрғын жайдың пайдалы алаңы – тұрғын жайдың тұрғын және тұрғын емес алаңдары;
      3) тұрғын емес жай – ортақ мүлік болып табылатын тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) бөліктерінен басқа, тұрақты тұрудан басқа мақсатта (дүкен, дәмхана, шеберхана, кеңсе және осыған ұқсас) қолданылатын жеке үй-жай;
      4) тұрғын жайдың тұрғын алаңы – тұрғын жайдағы (пәтердегі) тұрғын бөлмелердiң (жатын бөлменiң, қонақ бөлменің, балалар бөлмесiнiң, үйдегi кабинеттiң және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңдарының қосындысы;
      5) тұрғын үй (тұрғын ғимарат) – ортақ мүлік болып табылатын, негізінен тұрғын үй-жайлардан, сонымен қатар тұрғын емес үй-жайлардан, басқа да бөліктерден тұратын құрылыс;
      6) тұрғын үй-жай (пәтер) – тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын, жайдың тұрғын және тұрғын емес алаңдарын қосатын жеке тұрғын үй-жай;
      7) дара тұрғын үй – үй-жайлық жер телімінде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстары және жасыл көшеттерімен бірге азаматтың меншігіндегі жеке (отбасылық) тұруға арналған үй;
      8) тұрғын үй қорына кіретіндер:
      жеке тұрғын үй қоры – жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға және олардың бiрлестiктерiне меншiк құқығымен тиесiлi тұрғын жай;
      мемлекеттік тұрғын үй қоры – мемлекеттік меншік құқығына жататын және жергілікті атқарушы орган (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) жүргізуіндегі немесе мемлекеттік кәсіпорын (мемлекеттік кәсіпорын тұрғын үй қоры) жүргізуіндегі тұрғын жай;
      9) сыртқы қабырға материалдары – үйдің сырты (сыртқы қабырғасы) тұрғызылған құрылыс материалдары. Егер қабырғалар бірнеше материалдардан тұрғызылса, басым материал көрсетіледі;
      10) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы – тұрғын үй-жайдың барлық пайдалы алаңдары және тұрғын емес үй-жайлардың барлық алаңдары, сонымен бірге ортақ мүлік болып табылатын тұрғын үйдің жеке бөліктерінің алаңдары;
      11) егістік – себілген көпжылдық шөптер, сондай-ақ таза сүрі жерлерді қосқанда, жүйелі түрде өңделіп тұратын және ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланатын ауыл шаруашылығының пайдаланымындағы жерлер. Шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері, қосымша дақылдар егілген жерлер, түбін жақсарту мақсатында жыртылған жерлер, сондай-ақ егуге пайдаланатын қатараралық бақтар егістікке жатпайды;
      12) тыңайған жер – бұрын бір жылдан аса егістікке пайдаланылған және күзден бастап ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және сүрі жер үшін дайындалмаған жер учаскесі;
      13) дүкен – саудалық, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық жайлармен қамтамасыз етілген күрделі жеке құрылыс немесе оның бөлігі, сондай-ақ тауарларды сату үшін дайындауға арналған қабылдау, сақтау жайлары. Дүкендер мамандандырылған, мамандандырылмаған, әмбебап болып бөлінеді;
      14) павильон – бір немесе бірнеше жұмыс орындарына көзделген тауар қорларын сақтауға арналған сауда залы және бөлмелері бар жабдықталған құрылым;
      15) дүңгіршек – арнайы берілген жер телімінде орналасқан, сауда залы жоқ, сауда жабдығымен жабдықталған күрделі емес тасымалданатын құрылым;
      16) сауда алаңы – тауарларды сату және көрмеге қоюға арналған жайлардың белгілі бір бөлігін, яғни киімдерді шақтап көретін кабиналарды қосқанда, сатып алушылардың кіруге мүмкіншілігі бар жалпы алаңды; сөрелер мен витриналар алатын алаңды; сатушылар тұратын сөренің артындағы алаңды қосады. Сауда алаңына қойма жайлары және сатуға тауарларды дайындау үшін жайлар, баспалдақтар, әкімшіліктік, тұрмыстық және техникалық жайлар қосылмайды.
      4. Әдіснаманы сақтау төмендегілерді қамтамасыз етуі қажет:
      1) алғашқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуді;
      2) әр шаруашылық бойынша есепке алу мен басқа статистикалық байқаулар арасындағы үйлестіруді.

2. Тіркеу жазбаларын жүргізу

      5. Тіркеу жазбаларын жүргізу келесі нысандармен жүзеге асырылады: әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы (№ 1 нысан) осы Әдіснаманың 1-қосымшасына сәйкес; ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында уақытша тұратын адамдардың тізімі (№ 2 нысан) осы Әдіснаманың 2-қосымшасына сәйкес; әліпбилік кітабы (№ 3 нысан) осы Әдіснаманың 3-қосымшасына сәйкес.
      6. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган әр шаруашылық бойынша есеп жүргізуге арналған тіркеу жазбалары нысанын кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ Әкімдерін қамтамасыз етеді.
      Тіркеу жазбаларының барлық нысандары қатаң түрде осы Әдістемеге сәйкес жүргізілуі тиіс.
      Бұл құжаттарда ешқандай тазартуға және мәтіндік жазбада көрсетілмеген түзетулерге жол берілмейді. Кез-келген түзетулер мен сызып тастау ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің Әкімімен немесе маманымен келісілуі және қолымен расталуы тиіс.
      7. Көрсетілген нысандар бойынша тіркеу жазбаларын жүргізу қарамағындағы елді мекендері бойынша кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері жүргізеді. Әр шаруашылық бойынша есепке алудың кітаптары мен тізімдері ауылдық (селолық), кенттік әкімшілікте ақшалай құжаттармен және бағалы қағаздармен тең дәрежеде сақталады. Олардың сақталуына және жазбалардың уақытылы және дұрыс жазылуына жауаптылық кенттің, ауылдық (селолық), округ әкімдерінің дербес жүктеледі.
      8. Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер бес жылда бір рет 1 қаңтардағы жағдай бойынша әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарының (№ 1 нысан) және әліпбилік кітаптарының (№ 3-нысан) бетін белгілеуді жүргізеді. Әр шаруашылық бойынша кітаптардың (бұдан әрі - әр шаруашылық бойынша кітаптар) бетін белгілеу 1 және 15 қаңтар аралығындағы кезеңде барлық үйлерді аралап шығу және халық арасында сауалдама жүргізу арқылы жүргізіледі.
      Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктердің аумағында уақытша тұратын адамдардың тізімі (№ 2 нысан) жыл сайын жасалады және жыл бойы жүйелі жүргізіледі.
      Кейінгі төрт жылда жылына екі рет ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер бұрын жүргізіліп келе жатқан әр шаруашылық бойынша кітаптардағы тіркеу жазбаларына нақтылауды жүргізеді. Тіркеу жазбаларын нақтылау 1 қаңтардағы жағдай бойынша – қаңтардың 1-інен 15-іне дейін, 1 шілдедегі жағдай бойынша – шілденің 1-інен 15-іне дейін жүргізіледі.
      Тіркеу жазбаларын нақтылау қорытындылары бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган мен кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдерімен бірлесіп бекітілген графикке сәйкес тіркеу жазбаларын сәйкестендіру елді мекендерге шығу және үй шаруашылықтарына бару жолымен жүзеге асырылады. Бір немесе сол елді мекенге шығу жылына бір рет жүзеге асырылады.
      Тіркеу жазбаларын сәйкестендіру және үй шаруашылықтарына бару жүргізілгеннен кейін осы Әдіснаманың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі актісі жасалады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 2011.10.24 № 295 (ресми жарияланғанынан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      9. Жекелеген тұрғын үйлердің және ұсақ елді мекендердің қамтылмауын болдырмау үшін ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің маманы әр шаруашылық бойынша кітаптардың бетін белгілеуден немесе ондағы жазбаларды тексеру мен нақтылаудан бұрын ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің аумағында орналасқан барлық елді-мекендердің тізімін нақтылайды. Мұның өзінде тізімге барлық ұсақ елді мекендердің және жеке орналасқан тұрғын үйлердің (жол айырықтарының, қыстаулардың, мал жайылымдарының, ішкі шаруашылықтардың, станциялардың) енгізілуіне назар аудару қажет. Сондай-ақ ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің аумағында ведомстволық үйлерде, қосалқы шаруашылықтарда, мал жайылымдарында, жатақханаларда, оқушыларға арналған интернаттарда, балалар үйлерінде, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерінде, ауруханаларда тұратын азаматтар отбасыларының болуын тексеру қажет.
      Ірі елді мекендерде ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің маманы барлық үй шаруашылықтарын (бұдан әрі – шаруашылық) 15 күнтізбелік күннің ішінде жеке аралап, осы мерзімде әр шаруашылық бойынша кітаптардың бетіне белгі қоюды немесе ондағы жазбаларды анықтауды жүзеге асыра алмаса, онда оған көмекке ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің басқа мамандарын қосымша тартады. Осы мақсатта ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің маманы елді мекендердің тізімін нақтыланғаннан кейін, оны жекелеген шекті учаскелерге бөледі, бұл учаскелерді жұмысқа тартылған мамандар арасында бөледі және бұл тізімді ауылдық (селолық), кенттік әкімшілікке бекітуге ұсынады. Өз шешімінде ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік жұмысқа тартылған мамандар тізімін бекітеді және осы жұмысты кімнің, қай елді мекендерде, қай көшелерде (ірі елді мекендерде) жүргізу керек екендігін тапсырады. Жұмысқа тартылған мамандардың барлық жұмысына ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің Әкімі басшылыққа алады. Ол әр шаруашылық бойынша кітаптарды оларды толтыру немесе ондағы жазбаларды тексеріп, анықтау үшін береді, сондай-ақ ол жазбалардың ресімделу дұрыстығын, енгізілген нақтылаулардың негізділігімен дәлділігін, үй шаруашылығы иесінің қолы қойылғандығын бақылай отырып, әрқайсысынан толтырылған (тексерілген) кітаптарды жеке қабылдайды.
      10. Жаңа әр шаруашылық бойынша кітаптардың бетін белгілеу немесе бұрын арналған әр шаруашылық бойынша кітаптардағы жазбаларды тексеру мен анықтау кезінде, сондай-ақ осы жұмыстар аяқталғаннан соң аудандық атқарушы органның мамандары әр шаруашылық бойынша кітаптар мен тізімдерді ауылдық (селолық) әкімшіліктердің толық және дұрыс толтыруына тексеру жүргізеді және оларға анықталған кемшіліктерді жоюда көмек көрсетеді.
      11. Әр шаруашылық бойынша кітаптардың деректерін статистикалық органдар – ауылдық елді мекен халқының жасы мен жыныс құрамы туралы және жеке меншік құқығында азаматтарға тиісті тұрғын үйлер туралы деректер алуға, жеке пайдаланудағы малды есепке алуға және басқалары үшін, жергілікті атқарушы органдар – жалпы білім беретін мектептерде оқуға тиісті мектеп жасындағы балаларды анықтау үшін пайдаланады.
      12. Шаруашылықтардың дербес шоты әр шаруашылық бойынша кітапта (№ 1 нысан) 1 қаңтардағы жағдай бойынша кітаптардың бетін белгілеу кезінде ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер аумағында тұрақты тұратын барлық адамдарға ашылады. Дербес шоттардағы барлық жазбалар үй шаруашылықтарына барған кезде тікелей жүргізіледі.
      Әрбір шаруашылыққа, тұрақты тұратын азаматтардың шаруашылықтарын қоса, жеке дербес шот ашылады. Жеке шаруашылық деп бірге тұратын, үй шаруашылығын жүргізетін адамдарды (отбасын) айтады. Жеке шаруашылық сондай-ақ жалғыз басты адамдар (отбасылары жоқ) шаруашылық болып саналады. Мұндай шаруашылықтарға сондай-ақ жеке дербес шоттар ашылады. Егер ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында иесіз үйлер немесе иелері үй кітапшасынан шығарылған немесе тұрақты тұрмайтын, яғни маусымдық (саяжайлық) үйлер болса олар әр шаруашылық бойынша кітаптарда ескерілмейді. Бұл үйлер туралы мәліметтерді ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің маманы жеке тізімге жазады.
      13. Әр шаруашылық бойынша кітапқа (№ 1 нысан) олардың елді мекенде орналасу тәртібі бойынша оларда құрылыстың, үй-жайдың және малдың қолда барына қарамастан, ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында тұрақты тұратын барлық шаруашылықтардың мүшелері жазылады. Әр шаруашылық бойынша кітапқа жазбаны әрбір шаруашылыққа бармай енгізуге болмайды.
      Ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында уақытша тұратын адамдар әр шаруашылық бойынша кітапқа (№ 1 нысан) жазылмайды, олар «Ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында уақытша тұратын адамдар тізімі» № 2 нысанға енгізіледі.
      14. Әрбір елді мекенге, 20-дан астам ауласы бар, жеке әр шаруашылық бойынша кітап арналады. Ұсақ елді мекендердің (қыстақтардың, орманның күзет үйлерінің, теміржол күркелерінің) шаруашылықтары олар жақын орналасқан ірі елді мекендердің әр шаруашылық бойынша кітабына жазылады. Олардың әрқайсысына нақты парақ саны бөлінеді. Әрбір елді мекен немесе көше (ірі елді мекен) шаруашылығының жазбасы аяқталғаннан соң осы елді мекенде немесе көшеде жаңадан пайда болған шаруашылықтарды жазу үшін кітапта бірнеше бос парақ қалдыру қажет.
      15. Әрбір әр шаруашылық бойынша кітаптың титулдық парағында осы елді мекендер шаруашылығының дербес шоттары орналасқан беттер нөмірлерінің әрқайсысына қарама-қарсы белгісі бар елді мекендердің атауы жазылады. Ірі елді мекендерге арналған әр шаруашылық бойынша кітаптарда елді мекеннің атауынан басқа, сондай-ақ осы көшелерде шаруашылықтардың дербес шоттары орналасқан беттер нөмірлерінің әрқайсысына қарама-қарсы белгісі бар, көшелердің атауы жазылады.
      Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің әр шаруашылық бойынша кітаптары оларды тура нөмірлегеннен кейін нөмірленеді. Әр шаруашылық бойынша кітаптарға нөмір беру «Әліпбилік кітабы» № 3 нысанын толтыру кезінде пайдаланылады.
      16. Барлық елді мекендердегі аулаларды аралау және барлық шаруашылықтарды әр шаруашылық бойынша кітаптарға жазу аяқталғаннан соң шаруашылықтардың дербес шоттарын нөмірлеу жүзеге асырылады, ол барлық ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер бойынша үздіксіз және бірыңғай болуы керек. Әрбір елді мекен үшін дербес шоттарды жеке нөмірлеуге жол берілмейді.
      Ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында кітаптар бетін белгілегеннен кейін жаңа шаруашылықтың құрылуы кезінде бұл шаруашылықтың қай елді мекенде құрылғандығына және кітап бетін белгілеу кезінде осы елді мекеннің кітабы қай шаруашылықтың нөмірімен аяқталғандығына қарамастан ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік бойынша кезекті нөмір беріледі.
      Жаңа шаруашылықтарға кезекті нөмір беруді қолайлы ету мақсатында әліпбилік кітаптың соңында (№ 3-нысан) таза қағаз бетінде жадынама жасалады, оған ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік бойынша соңғы шаруашылықтың нөмірі жазылады.
      17. Дербес шоттың нөмірі осы шаруашылық үшін барлық кезеңге (бес жыл) тұрақты болып табылады. Осы нөмірмен әр шаруашылыққа хабарлама, шақыру қағаз жіберіледі, ол қаржы, статистика және басқа да органдармен өз жұмыстарын жүргізу кезінде жасалатын шаруашылықтар тізімінде көрсетіледі.
      Дербес шот нөмірі сол немесе өзге шаруашылықтың (отбасының) барлық мүшелерінің бір және сол ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік шегінде бір елді мекеннен екіншісіне тұрақты мекен-жайға көшуі кезінде өзгермейді. Бұл жағдайда осы шаруашылықтың дербес шотын шаруашылық мүшелері шығатын елді мекеннің әр шаруашылық бойынша кітабында жауып (сызып), олар жаңа мекенге көшіп келетін елді мекеннің әр шаруашылық бойынша кітабында, осы шаруашылықтың дербес шотының бұрынғы нөмірін сақтай отырып, дербес шот ашу керек. Шаруашылықтың бұрынғы тұрған жері бойынша оның дербес шотының жабылуы туралы белгі оның жоғарғы бөлігінде жабылу күні мен себебін көрсете отырып, қойылады, мысалы, «Шаруашылықтың «Ақбұлақ» ауылына көшуіне байланысты оның дербес шоты жабылды (күнін көрсету)». Тиісті түзетулер бір уақытта, сондай-ақ шаруашылықтардың әліпбилік кітабына да енгізілуі тиіс (№ 3 нысан).
      Шаруашылық мүшелерінің бір және сол ірі елді мекен шегінде бір көшеден екіншісіне көшуі кезінде де осындай түзетулер енгізу керек.
      Шаруашылық (отбасы) иесі сол шаруашылық құрамынан ауыстырылған жағдайда (мысалы, өліміне немесе басқа себептерге байланысты) дербес шот нөмірі өзгермейді. Мұндай жағдайларда шаруашылықтың дербес шоты жаңа дербес шотқа қайта жазылмайды, мұның өзінде:
      дербес шоттың жоғарғы бөлігінде шаруашылық (отбасы) иесінің тегі, аты және әкесінің аты жазылады, бұрынғысының аты-жөні сызылады;
      «Отбасы мүшелерінің тізімі» 1-бөлімдегі «Бірінші жазылған шаруашылық мүшесіне қатынасы» 2-жолда – оның тегінің астына «иесі» деп жазылады, ал қалған отбасы мүшелерінің тегіне қарама-қарсы олардың шаруашылықтың (отбасының) жаңа иесіне туысқандық қатынасы жазылады – «әкесі», «анасы», «күйеуі», «әйелі», «ағасы», «әпкесі», «қызы», «ұлы». Шаруашылық (отбасы) мүшелерінің бұрын жазылған туысқандық қарым-қатынастарының асты сызылып көрсетілуі және өзгертілуі тиіс.
      18. Бір шаруашылықты екіге бөлу кезінде дербес шоттан ескі шаруашылық құрамынан бөлініп көрсетілген адамдар шығарылады (сызылып тасталады). Жаңадан құрылған шаруашылыққа оның орналасқан орнына байланысты тиісті шаруашылық бойынша кітапта жаңа дербес шот ашылады. «Қосымша мәліметтер» бөлімінде осы шаруашылықтар бойынша төмендегідей белгілер жасалады: «№ ... шаруашылықпен бөлінді» немесе «№ ... шаурашылықтан бөлініп шықты» және ескі шаруашылықтың бөлімі ресімделген құжаттың атауы мен күні көрсетіледі.
      Бір уақытта шаруашылықтардың әліпбилік кітабының соңына (№ 3 нысан) әліпбидің тиісті әрпіне жаңадан құрылған шаруашылықты, ал 6-бағанда шаруашылық иесінің тегіне қарама-қарсы «№ ... шаруашылық бөлініп шықты (күні көрсетіледі)» деп жазуы керек.
      19. Екі шаруашылықты бір шаруашылыққа біріктірген кезде (мысалы, шаруашылық мүшелері некелескен жағдайда) осы шаруашылықтардың бірінің дербес шоты бұрынғы нөмірмен сақталады, мұның өзінде оған «Отбасы мүшелерінің тізімі» – 1-бөлімге және басқа бөлімдерге қосымша жазбалар енгізіледі. «Қосымша мәліметтер» бөлімінде «№ ... шаруашылықпен біріктірілді» деген белгі жасалады. Ал басқа шаруашылықтың дербес шоты оның жоғары бөлігіне «№ ... шаруашылықпен біріктірілуіне байланысты дербес шоты жабылды (күнін көрсету қажет)» деген белгі қойылып жабылады. Осы шаруашылықтың дербес шотының жабылуы туралы тиісті белгі сондай-ақ шаруашылықтардың әліпбилік кітаптарының 6-бағанында жасалады.
      20. Шаруашылық таратылған немесе шаруашылықтың барлық мүшелері осы әкімшіліктің шегінен тыс аумаққа тұрақты мекен-жайға көшіп кеткен барлық жағдайларда, мұндай шаруашылықтардың дербес шоты әр шаруашылық бойынша кітапта дербес шоттың жоғары бөлігінде көрсетіліп жабылады, сондай-ақ шаруашылықтардың әліпбилік кітаптарының 6-бағанында, дербес шоттың жабылу күні және себебі көрсетіліп, бір уақытта дербес шот сызылып тасталады.
      Жабылған дербес шоттардың нөмірлері пайдаланылмаған болып қалуы керек, оларды жаңадан құрылған басқа шаруашылықтарға беруге болмайды.

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды 
жүргізу және тіркеу жазбаларын   
жүргізуді ұйымдастыру нысандары  
бойынша статистикалық әдіснамаға  
1-қосымшасы            

№ 1 нысан  

2011 – 2015 жылдарға арналған
_____________________________________ ауылдық (селолық) әкімшілігінің
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ № ____ КІТАБЫ

      Кітапқа төмендегідей елді мекендердің шаруашылығы жазылады
      (ірі елді мекендердің көшелері көрсетіледі):

__________________________________ _____ беттен _________ бетке дейін
__________________________________ _____ беттен _________ бетке дейін
__________________________________ _____ беттен _________ бетке дейін
__________________________________ _____ беттен _________ бетке дейін
__________________________________ _____ беттен _________ бетке дейін
__________________________________ _____ беттен _________ бетке дейін
__________________________________ _____ беттен _________ бетке дейін

Шаруашылық жөніндегі кітапқа ауылдық (селолық) әкімшілігі аумағында тұрақты тұратын жұртшылық шаруашылығы, олардың елді мекендерде орналасу ретімен жазылады

Бірінші жазылған шаруашылық
мүшесінің тегі, аты және әкесінің аты _______________________________

Дербес шоттың № __________ № (жер кадастры кітабы бойынша) _________
Үйдің сәйкестендірме коды

ШАРУАШЫЛЫҚ МЕКЕНЖАЙЫ: __________ көшесі, үйдің № ___ пәтердің № ____

1. Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі

      Ескерту. 1-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі Төрағасының м.а. 2010.10.05 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

1

Үй шаруашылығы мүшесінің реттік нөмірі

01

02

03

04

05

2

Тегі






3

Аты






4

Әкесінің аты






5

ЖСН






6

7

8

Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы

01





бірінші жазылған адам – 1, әйелі/күйеуі - 2, қызы/ұлы - 3, анасы/әкесі - 4, апасы/қарындасы/ағасы (інісі) - 5, жұбайының (зайыбының) ата-анасы - 6, келіні/жеңгесі/абысыны/күйеу баласы - 7, әжесі/атасы - 8, немересі - 9, туыстықтың басқа дәрежесі, жекжаттық - 10, туыс емес - 11

Реттік нөмірі

анасы немесе әкесінің






Жұбайының (зайыбының)






9

Жынысы (ер - 1, әйел - 2)






10

Ұлты (1-кестені қараңыз)






11

Оқиға датасы кк.аа.жжжж.

туу






12

өлу






13

неке жағдайы

бірінші неке






14

тұл/жесір






15

ажырасқан






16

соңғы неке






17

келу






18

кету






19

Білімі

2011 ж.






2012 ж.






2013 ж.






2014 ж.






2015 ж.






мектепке дейінгі - 1, бастауыш - 2, негізгі орта - 3, жалпы орта - 4, бастауыш кәсіптік - 5, орта арнаулы - 6, аяқталмаған жоғары - 7, жоғары - 8, жоғары оқу орнынан кейінгі - 9

20

Білім беру ұйымында оқитындар

2011 ж.






2012 ж.






2013 ж.






2014 ж.






2015 ж.






мектепке дейінгі - 1, жалпы білім беретін мектеп - 2, техникалық және кәсіптік - 3, ЖОО - 4, жоғары оқу орнынан кейін - 5, біліктілікті арттыру курстары – 6

21

Жұмыспен қамтылу жағдайы

2011 ж.






2012 ж.






2013 ж.






2014 ж.






2015 ж.






жалдамалы қызметкер -1, жұмыс беруші – 2, жеке негізде жұмыс істеуші -3, жеке қосалқы шаруашылықпен (жеке ауласымен) айналысушы - 4, өндірістік кооператив мүшесі - 5, отбасылық кәсіпорынның ақы төленбейтін жұмыскері – 6, жұмыссыз – 7

22

Күнкөрістің негізгі қаражат көзі

2011 ж.






2012 ж.






2013 ж.






2014 ж.






2015 ж.






жалдамалы жұмыстан табыс - 1, өз бетінше жұмыс істеуден табыс (жеке қосалқы шаруашылықтағы жұмыстан басқа) - 2, жеке қосалқы шаруашылықтағы жұмыс - 3, стипендия - 4, зейнетақы - 5, жәрдемақы - 6, туысқан немесе жақындардан көмек - 7, жеке меншіктен табыс, дивидент, сыйақылар - 8, асыраудағы – 9, өзге - 10

 ІІ. 1 қаңтардағы тұрғын үй жағдайы


2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

Тұрғын үй:






1.1.

жеке






1.2.

көп пәтерлі






1.3.

басқа тұрғын үйжай






2

Тұрғын үйжайдың меншік түрі:






2.1.

мемлекеттік






2.2.

жеке






3

Бөлме саны (бірлік)






4

Тұрғын үйдің сыртқы қабырғасының материалы






5

Тұрғын үйжайды абаттандыру (ия немесе жоқ):






5.1.

электрлендіру






5.2.

су құбыры






5.3.

ыстық сумен қамтамасыз ету






5.4.

кәріз






5.5.

ванна, себезгі






5.6.

орталықтан жылытумен қамтамасыз етілген






5.7.

жеке құрылғымен жылыту






5.8.

газ

табиғи






шеттен әкелінген






5.9.

электроплитасы






5.10.

жеке су жылытқыштан ыстық сумен жабдықтау






5.11.

пешпен жылыту






6

Алаң мөлшері ш.м






6.1.

жалпы (пайдалы)






6.2.

тұрғын






 ІІІ. 1 қаңтардағы жеке меншікке жататын ауылдық (селолық), кенттік округтың шегіндегі және шегінен тыс жалға берілген (жалға алынған) жерлер

№ р/с



2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

барлық жер

одан округтың шегінен тыс

барлық жер

одан округтың шегінен тыс

барлық жер

одан округтың шегінен тыс

барлық жер

одан округтың шегінен тыс

барлық жер

одан округтың шегінен тыс

1

А. Барлық жер, га (0,001-ге дейінгі дәлдікпен) /











2

соның ішінде кіретіндер:
салынған құрылыстарымен











3

егістіктер











4

жайылымдар











5

бау-бақшалар, жүзімдіктер











6

табиғи пішендіктер











7

тыңайған жерлер











8

сәндік екпе ағаштар











9

одан жалға берілгені*











10

жалға алынғаны*














1 шілдедегі (ағымдағы жылғы астыққа арналған егіс алаңы туралы деректер шаруашылықтың ересек мүшелерінен сұрау негізінде жазылады)

барлық егістік алаңы

одан округтың шегінен тыс

барлық егістік алаңы

одан округтың шегінен тыс

барлық егістік алаңы

одан округтың шегінен тыс

барлық егістік алаңы

одан округтың шегінен тыс

барлық егістік алаңы

одан округтың шегінен тыс

11

Б. Барлық егістік алаңы, га (0,001-ге дейінгі дәлдікпен)












соның ішінде:











12

дәнді дақылдар











13

одан бидай











14












15












16












№ р/с



2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

барлық егістік алаңы

одан округтың шегінен тыс

барлық егістік алаңы

одан округтың шегінен тыс

барлық егістік алаңы

одан округтың шегінен тыс

барлық егістік алаңы

одан округтың шегінен тыс

барлық егістік алаңы

одан округтың шегінен тыс

17

майлы дақылдар











18

одан күнбағыс тұқымдары











19

темекі











20

қант қызылшасы











21

шитті мақта











22

сабан және жем











23

көкөніс











24

одан:











25












26












27

картоп











28

қауындар және қарбыздар











29

гүлдер











30

басқа да дақылдар (көрсет)

1











2











3











31

Көп жылдық дақылдар











32

одан: жүзім











33

шекілдеуікті және дәнекті жемістер











34

одан: алмалар











35












36

өзге де жемістер және жидектер











37

В. Су қоймаларындағы су бетінің жалпы алаңы, шаршы м











38

Одан ауланған балық, кг











*) Егер жер жалға берілген (немесе алынған) болса, онда «Қосымша мәліметтер» бөлімінде кімге (немесе кімнен) берілгенін (немесе алынғанын) көрсету керек/

ІV. Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (басы)

№ р/с

Малдардың түрі және топтары

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

01.01.

01.07.

01.01.

01.07.

01.01.

01.07.

01.01.

01.07.

01.01.

01.07.

1

Сүтті табынның ірі қара малы











2

соның ішінде:











сиырлар











3

бұқалар











4

қысыр малдар











5

1 жастан және олардан үлкен бұқашықтар











6

оның ішінде өгізшелер











7

1 жастан 2 жасқа дейінгі құнажындар











8

2 жастан асқан құнажындар











9

1 жасқа дейінгі өгізшелер











10

оның ішінде өгізшелер











11

1 жасқа дейінгі құнажындар











12

Өзге де ірі қара мал мен енекелер











13

соның ішінде:











сиырлар











14

бұқалар











15

қысыр малдар











16

1 жастан және олардан үлкен бұқашықтары











17

оның ішінде өгізшелер











18

1 жастан 2 жасқа дейінгі құнажындар











19

2 жастан асқан құнажындар











20

1 жасқа дейінгі өгізшелер











21

оның ішінде өгізшелер











22

1 жасқа дейінгі құнажындар











23

Өгіздер











24












25












26

Барлық тұқымды қойлар - барлығы












оның ішінде











27

қошқарлар











28

саулық қойлар











29

1 жастан асқан ұрғашылар тоқтылар











30

1 жастан асқан ұрғашылар ісектер











31

6 айдан 1 жасқа дейінгі еркек тоқтылар











32

6 айдан 1 жасқа дейінгі ұрғашы тоқтылар











33

1 жасқа дейінгі тоқты ісектер











34

6 айға дейінгі қозылар











35

олардан қаракөл - қойлар











36

оның ішінде:











37

қошқарлар











38

саулық қойлар











39

1 жастан асқан ұрғашы тоқтылар











40

6 айдан 1 жасқа дейінгі ұрғашы тоқтылар











41

6 айға дейінгі қозылар











42

Ешкілер - барлығы











43

оның ішінде











44

текелер











45

ешкілер











46

1 жас және үлкен ешкілер











47

1 жасқа дейінгі ұрғашы лақтар











48

Жылқылар












соның ішінде: 3 жас және үлкен:











49

айғырлар











50

биелер











51

аттар











52

1 жастан 3 жасқа дейінгі дөнендер











53

1 жастан 3 жасқа дейінгі байталдар











54

1 жасқа дейінгі құлындар











55

Есектер











56

Қашарлар мен мәстектер











57

Түйелер












оның ішінде:











58

інгендер











59

буралар











60

3 жасқа дейінгі түйе төлі











61

шошқалар












оның ішінде:











62

қабандар











63

мегежіндер











64

4 айдан 10 айға дейін қабаншалар











65

4 айдан 10 айға дейінгі кішкентай шошқалар











66

2-ден 4 айға дейінгі торайлар











67

2 айға дейінгі торайлар











68

Әр түрлі құс











69

оның ішінде: тауықтар











70

оның ішінде: мекиен тауықтар











71

қаздар











72

үйректер











73

күрке тауықтар











74

мысыр тауықтары











75

Өзге де жануарлар











76

оның ішінде:
үй қояндары











77

олардан: ұрғашы үй қояндары











78

бөденелер











79

түйеқұстар











80

араның бал ұясы











81

торда өсірілетін өзге де терісі бағала аңдар











82

олардан: түлкілер











83

қара түлкілер











84

қара күзен











85

саз құндызы











 V. 1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының қолда бары туралы мәліметтер

№ р/с

Атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Ауыл шаруашылығы техникасының түрлері бойынша

1







2







3







4







5







6







7







Қайта өңдеуге арналған жабдықтар

8







9







10







VI. 1 қаңтарға ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және малдарды ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар

№ р/с

Атауы

өлшем бірлігі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар

1


бірлік






сыйымдылығы, центнер






2


бірлік






сыйымдылығы, центнер 






3


бірлік






Сыйымдылығы






Ауыл шаруашылығы малдарын ұстауға арналған құрылыс

4


бірлік






мал орнының саны






5


бірлік






мал орнының саны 






6


бірлік






мал орнының саны






Өсіруге арналған жылыжайлар

7

көкөністер

шаршы м.






8

гүлдер

шаршы м.






9

саңырауқұлақтар

шаршы м. 






10


шаршы м.






VII. 1 қаңтарға сауда нүктелерінің нақты бары

№ р/с

Сауда нүктелерінің атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

бірлік

сауда алаңы, шаршы м.

бірлік

сауда алаңы, шаршы м.

бірлік

сауда алаңы, шаршы м.

бірлік

сауда алаңы, шаршы м.

бірлік

сауда алаңы, шаршы м.

1












2












3












VIII. 1 қаңтарға сатып алынатын кооперативтік бірлестіктердің, сатып алынатын орталықтардың нақты бары

№ р/с

Сатып алынатын бірлестіктердің, орталықтардың атауы (дайындаушылар үшін ТАЭ)

келесі тауарларды сатып алу, тоннамен

астық

майлы

жемістер

жеміс және жидектер

сүт

ет

тері (дана)

жүн

өзге ауыл шаруашылық өнімі

1











2











3











Қосымша мәліметтер



2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1







2







3







4







5







6







Қолдары








1 қаңтарға

Шарушылық мүшесі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Жазуды жүргізген адам






1 шілдеге

Шарушылық мүшесі






Жазуды жүргізген адам






Кітапта ______________________________ бет нөмірленіді және бауланды

      М.О. Қолы ____________________
      ______________________________ 20 __ ж.

Әр шаруашылықты есепке алу кітабында жазбаларды жүргізу

      Ескерту. 1-ден 20-ға дейінгі тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі Төрағасының м.а. 2010.10.05 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      1. № 1 нысан - әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы келесі бөлімдерден тұрады: 1. «Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі», 2. «1 қаңтардағы тұрғын үй жағдайлары», 3. «1 қаңтардағы жеке меншікке жататын ауылдық (селолық), кенттік округтың шегінде және оның шегінен тыс жалға берілген (алынған) жерлер», 4. «Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (басы)», 5. «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының бары туралы мәліметтер», 6. «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және малдарды ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар», 7. «1 қаңтардағы сауда нүктелерінің нақты бары», 8. «1 қаңтардағы сатып алынатын кооперативтік бірлестіктердің, сатып алынатын орталықтардың нақты бары», 9. «Қосымша мәліметтер».
      2. Дербес шоттың басты бөлігінде мыналар жазылады:
      1) дербес шот ашылған шаруашылық мүшесінің тегі, аты және әкесінің аты;
      2) дербес шот нөмірі;
      3) жер кадастры кітабы бойынша нөмірі;
      4) арнайы торкөздермен қоршалған үйдің сәйкестендірме коды.
      3. 1-бөлім «Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі» 1 қаңтардағы жағдай бойынша толтырылады және құрамында отбасы мүшелері 5-тен аспайтын шаруашылыққа есептелген. Егер үй шаруашылығы көп адам санынан тұратын болса немесе әр шаруашылық бойынша кітапты пайдалану мерзімінде өскен болса, онда барлық мүшелерді жазу үшін қосымша бет жабыстыру керек.
      4. Бірінші болып әрбір нақты жағдайда отбасының кәмелетке толған мүшелері олардың жалпы келісімі бойынша анықтайтын үй шаруашылығының иесі жазылады және дербес шотта ол адам бірінші жазылады. Одан соң үй шаруашылығының қалған барлық мүшелері, тұрақты және уақытша жоқ мүшелері жазылады.
      5. «Үй шаруашылығы мүшесінің реттік нөмірі» 1 жолда үй шаруашылығы мүшесінің реттік нөмірі көрсетілсін.
      6. «Тегі, аты, әкесінің аты» 2-4 жолдарда үй шаруашылығының барлық мүшелерінің тегі, аты және әкесінің аты толық, бұрмалаусыз және қысқартусыз, үй шаруашылығының әрбір мүшесіне арналған бағандарда, барлық үш жолды пайдаланып жазылады.
      7. «Жеке сәйкестендірме нөмірі» (ЖСН) 5-жолда үй шаруашылығының әр мүшесінің ЖСН-і қойылады. ЖСН – қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылған, бірегей нөмір.
      8. «Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы» 6-жолда бірінші жазылған шаруашылық мүшесі тегінің астына «бірінші жазылған тұлға» 1 коды қойылады, ал қалған үй шаруашылығы мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес код қойылады.
      9. «Анасы немесе әкесінің нөмірін көрсету» және «Жұбайының (зайыбының) нөмірін көрсету» 7-8 жолдардағы деректер үй шаруашылығында отбасылық ұяшықтарды анықтау үшін қажет. 7 жолда үй шаруашылығының әрбір мүшесіне (жасына және неке жағдайына қарамастан) бір үй шаруашылығында ата-анасының екеуімен немесе екеуінің біреуімен тұрып жатса, «Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы» 3-бағанда үй шаруашылығының шегінде ата-анасының бірі жазылған реттік нөмір қойылады. Егер үй шаруашылығы құрамында әкесі не анасы болмаған жағдайда нөмір қойылмайды. 8 жолда 15 және жоғары жастағы үй шаруашылығының әрбір мүшесіне «Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы» 3-бағанда үй шаруашылығының шегінде жұбайының (зайыбының) бірі жазылған реттік нөмір қойылады. Егер үй шаруашылығында ерлі-зайыптылар жұбы болмаған жағдайда нөмір қойылмайды.
      10. «Жынысы» 9-жолда осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады.
      11. «Ұлты» 10 жолда код 1-кестеге сәйкес қойылады. Балалардың ұлтын ата-анасы немесе оларды ауыстыратын тұлағалар анықтайды.

1-кесте

Ұлттар сыныптамасы

1

2

1

2

1

2

1

2

000

Барлығы

043

Қарақалпақтар

084

Hивхтер

156

Ауғандар

001

Орыстар

044

Карелдер

085

Ульта (Ороктар)

157

Белуджилер

002

Украиндар

045

Комилер

086

Орочтар

158

Болгарлар

003

Белорустар

046

Марийлер

087

Саамдар

159

Венгрлер

004

Өзбектер

047

Мордвалар

088

Селькуптер

160

Вьетнамдар

005

Қазақтар

048

Осетиндер

089

Тофалар

161

Голланттар

006

Грузиндер

049

Татарлар

090

Удэгейлер

162

Гректер

007

Әзірбайжандар

050

Тувалар

091

Ульчалар

163

Дүңгендер

008

Литвандар

051

Удмурттар

092

Чувандар

164

Үндістан мен Пәкістан халықтары

009

Молдавандар

052

Шешендер

093

Эвендер

010

Латыштар

053

Чуваштар

094

Эндер

165

Испандар

011

Қырғыздар

054

Саха(Якуттер)

095

Эскимостар

166

Итальяндар

012

Тәжіктер

055

Адыгейлер

096

Юкагирлер

167

Қытайлар

013

Армяндар

056

Алтайлықтар

100

Абазиндер

168

Кәрістер

014

Түркімендер

057

Еврейлер

101

Вепсілер

169

Кубиндер

015

Эстондар

058

Қарашайлар

102

Гагауздар

170

Күрттер

016

Абхаздар

059

Хакастар

103

Тау еврейлері

171

Hемістер

017

Балкарлар

060

Черкестер

104

Грузин еврейлері

172

Парсылар

018

Башқұрттар

061

Коми-пермяктар

105

Орта Азия еврейлері

173

Поляктар

019

Буряттар

062

Ливтер

106

Ижорлар

174

Румындар

021

Аварлар

063

Талыштар

107

Караимдар

175

Сербтер

022

Агулер

071

Долғандар

108

Қырымшақтар

176

Словактар

023

Даргиндер

072

Коряктар

109

Қырым татарлары

177

Түріктер

024

Құмықтар

073

Мансылар

110

Таттар

178

Ұйғырлар

025

Лактар

074

Hенцтер

112

Удиндер

179

Финдер

026

Лезгиндер

075

Хантылар

113

Сығандар

180

Француздар

027

Hоғайлар

076

Чукчалар

114

Шорлар

181

Халха-Моңғолдар

028

Рутулдар

077

Эвенкілер

150

Австриялықтар

182

Хорваттар

029

Табасарандар

078

Алеуттер

151

Албандар

183

Чехтар

030

Цахурлар

079

Ительмендер

152

Америкалықтар

184

Жапондар

040

Ингуштер

080

Кеттер

153

Ағылшындар

185

Датчандықтар

041

Кабардиндер

081

Hанайлар

154

Арабтар

186

Моңғолдар

042

Қалмақтар

082

Hганасандар

155

Ассирийлер

190

Ұлтын көрсетпегендер

083

Hегидалдықтар

199

Басқа ұлттар

        12. «Оқиға датасы кк.аа.жжж.» 11-18 жолдарда тиісті құжат (төлқұжат, жеке куәлік, туу, өлу, неке қию және ажырасу туралы куәлік және акт) негізінде әрбір үй шаруашылығы мүшесіне арналған бағандарда барлық жолдар бойынша күні, айы, жылы толық жазылады.
      13. «Білімі» 19-жолда үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 2-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет.

2-кесте

Код

Білім деңгейі

Білім ұйымдарын бітірді немесе оқиды

1

мектепке дейінгі

Мектепте оқытуға мектепалды дайындықты бітірді

2

бастауыш

Бастауыш жалпы білім беру мектебін бітірді

-"-

1972 жылы және одан кейін үш жылдық бастауыш жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбын бітірді

-"-

Кез келген жылы 4-6 сыныптарды бітірді

-"-

1962 жылы және одан кейін 7 сыныпты бітірді

-"-

1990 жылы және одан кейін 8 сыныпты бітірді

-"-

5-9 сыныптарды оқиды

-"-

1972/73-1988/89 оқу жылдарында 4 сыныптан кеткен

-"-

Кез келген жылы 5-7 сыныптан кеткен

-"-

1962/63 оқу жылдары және одан кейін 8 сыныптан кеткен

-"-

1989/90 оқу жылдары және одан кейін 9 сыныптан кеткен

3

негізгі орта

1961 ж. және одан бұрын толық емес орта мектепті (жеті жылдық) немесе 7 сыныпты бітірді

-"-

1963-1989 жж. сегіз жылдық мектепті немесе 8 сыныпты бітірді

-"-

1990-1992 жж. тоғыз жылдық мектепті немесе 9 жылдық сыныпты бітірді

-"-

1993 ж. және одан кейін негізгі жалпы білім беретін мектепті бітірді

-"-

Он бір жылдық немесе он екі жылдық орта мектептің 10 сыныбын бітірді

-"-

Он екі жылдық орта мектептің 11 сыныбын бітірді

-"-

10-11 (12) сыныпта оқиды

-"-

Бастауыш кәсіптік білім мекемесінде оқиды, жалпы орта білімі бар тұлғалардан басқа

-"-

1961/62 оқу жылдары және одан бұрын 8 сыныптан кеткендер

-"-

1988/89 оқу жылдары және одан бұрын 9 сыныптан кеткендер

-"-

10-11(12) сыныптан кеткендер

-"-

Бастауыш кәсіптік білім мекемесінен кеткендер, жалпы орта білімі бар тұлғалардан басқа

4

жалпы орта

Жалпы білім беретін мектептің, лицейдің, гимназия, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің және басқа 10-11 сыныптарын аяқтаған






5



бастауыш кәсіптік

Бастауыш кәсіптік білім беретін мектепті бітірген, (кәсіптік училище, кәсіптік лицей-үзіліссіз білім беру орталығы, техникалық мектеп (тау-механикалық, теңіз жолы, орман-техникалық және т.б.) жұмысшы мамандығын алған тұлғаларға, сонымен қатар, кәсіптік–техникалық училищені (ПТУ немесе техникалық училищені) бітірген. Бұдан басқа кәсіптік–техникалық оқу орнын бітіріп, мамандығымен қатар орта білімі туралы куәлік және орта білім деңгейінде мамандық алған тұлғаларға «Жалпы орта» белгісі қойылады, ал басқа тұлғаларға осы оқу орнына түскенге дейінгі алған білім деңгейі қойылады

-"-

Жалпы орта білім бермейтін оқу орнындарын (мысалы, қолөнерлік, салалық кәсіптік училище (СКУ), фабрика-зауыттық оқыту мектебі (ФЗОМ), фабрика-зауыттық шәкірттік мектебі (ФЗШМ), оқу-курстық комбинаты, оқыту-өндірістік орталығы, қайта дайындау және біліктілігін арттыру курстары, оқу орындарындағы дайындық курстары) аяқтаған, осы оқу орнына түскенге дейінгі алған білімі белгіленеді

6

орта арнаулы

мәдениет және өнер саласындағы техникум, училище, колледж бітірген

7

аяқталмаған жоғары

ЖОО-да оқиды және оқу мерзімінің жартысын немесе жартысынан көбін өткен

-"-

ЖОО-да бір және одан көп жыл оқыған, аяқталмаған жоғары білімі туралы анықтамасы бар


ЖОО-да оқу мерзімінің жартысынан аз уақытын оқығандар, ЖОО-ға түскенге дейін алған білім деңгейі қойылады, яғни «орта арнаулы», «бастауыш кәсіптік» немесе «жалпы орта»

8

жоғары

ЖОО аяқтаған: академия, университет, институт және оған теңестірілген (консерватория, жоғары мектеп, жоғары әскери училище)

9

Бастауыш білімі жоқ

Бастапқы жалпы білім беретін мектептерді бітірмеген

-"-

1, 2 сыныптарды бітірді

-"-

1972 ж. және одан бұрын үш жылдық бастауыш жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбын бітірді

-"-

1-4 сыныптарда оқып жүр

-"-

Кез келген жылы 1-3 сыныптардан кеткен

-"-

1971/72 оқу жылдары және одан бұрын, 1989/90 оқу жылдары және одан кейін 4 сыныптан кеткен

-"-

Мектепте оқымаған, бірақ оқи, жаза біледі

10

сауатсыз

Оқып, жаза алмайды

        14. «Білім беру ұйымдарында оқитындар» 20-жолда үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 3-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет. Аулаларды жаппай аралап шығу кезінде деректер әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша толтырылады.

3-кесте

Код

Білім беру ұйымдары

Білім беру ұйымдарында оқитындар

1

мектепке дейінгі

Мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар: меншік нысанына қарамастан бөбекханаға, бөбекхана-бақшаға, балабақшаға

-"-

Мектепке дейінгі ұйымға уақытша бармай жүрген балалар, мысалы, науқастану себебімен

2

жалпы білім беретін мектеп

Бастауыш, негізгі, орта жалпы білім беретін мектептерде (оның ішінде жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту), лицейлерде, гимназияларда оқитындар

3

техникалық және кәсіптік

Кәсіптік лицейде, мәдениет және өнер саласындағы училищеде, негізгі орта немесе жалпы орта білім беретін колледжде оқитындар

4

ЖОО

ЖОО студенттері: академия, университет, институт және оған теңестірілген (консерватория, жоғары мектеп, жоғары әскери училище)

5

ЖОО-дан кейінгі

ЖОО-да тереңдетілген бағдарлама бойынша оқуды аспирантура, магистратура және докторантурада жалғастырушы

6

біліктілікті көтеру курстары

Жалпы білім бермейтін мектеп пен курстарда оқитындар (курстық оқу комбинаты (бөлім), қайта дайындау және біліктілік арттыру курстары, оқу орындарындағы дайындық курстары, сонымен қатар кәсіптік білім беретін курстар)

        15. «Жұмыспен қамтылу жағдайы» 21-жолда үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 4-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет.

4-кесте

Код

Жұмыспен қамтылу жағдайы

Анықтама

1

жалдамалы қызметкер

Еңбек шарты, келісімшарт негізінде, ауызша келісім бойынша жұмыс істейтіндер

2

жұмыс беруші

Өзінің жеке меншік кәсіпорнын басқаратын немесе өз бетінше кәсіби, коммерциялық әрекетпен айналысатын және бір немесе бірнеше жұмысшы жалдап жұмыс істейтін адамдар

3

жеке негізде жұмыс істеуші

жеке меншік негізде жұмыс істейтіндер

4

Жеке қосалқы шаруашылығымен (жеке ауласымен) айналысушы

Тек жеке өз шаруашылығында ауыл шаруашылығы және (немесе) мал бағу жұмыстарымен айналысатын тұлғалар


Жеке шаруашылығы болмаған жағдайда тұлғаларға бұл код қойылмайды

5

өндірістік кооператив мүшесі

Өндірісті ұйымдастыру, өнім өткізу, инвестициялау және кәсіпорын мен кооператив мүшелері арасында кірген кірісті бөлу мәселелерін шешу барысында ұжымның әрбір мүшесінің тең құқығы бар, жеке меншік кәсіпорында (кооперативте) жұмыс істейтіндер, тауар өндірушілер және қызмет көрсететіндер

6

отбасылық кәсіпорынның ақы төленбейтін жұмыскері

шаруа (фермерлік) қожалығында, өндірістік кооперативте, туыстарының қарамағындағы жеке меншік кәсіпорындарда (жеке, отбасылық) ақысыз жұмыс істейтін адамдар

7

жұмыссыз

Жұмысы немесе табыс көзі жоқ адамдар

        16. «Күнкөрістің қаражат көзі» 22-жолда үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 5-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет.

5-кесте

Код

Күнкөрістің қаражат көзі

Анықтама

1

жалдамалы жұмыстан табыс

Ақыны (сыйды) жалақы, сыйақы, үстеме немесе заттай түрде төлеу қарастырылған, жалдау келісім шарты бойынша жұмыс істейтіндер

2

өз бетінше жұмыс істеуден табыс (жеке қосалқы шаруашылықтан басқа)

Ақша немесе заттай түрде табыс немесе отбасылық кіріс алу үшін өзінің еңбек қызметін өз кәсіпорнының меншік құқығында жүзеге асыратындар

-"-

Жеке меншік кәсіпорыны бар, бірақ қандайда бір себеппен жұмыс істемейтін адамдар

3

жеке қосалқы шаруашылықтағы жұмыс

Сату мақсатында өзінің қосалқы шаруашылығында (бау-бақшаны қоса), ауыл шаруашылығы және (немесе) мал бағу жұмыстарымен айналысатын тұлғалар

-"-

Өз шаруашылығында өзінің тұтынуы үшін өнім өндіретін адамдар тек үй шаруашылығының жалпы тұтынуында маңызды үлесті қамтамасыз ететін қызмет болған жағдайда ғана белгіленеді

4

стипендия

Кәсіпорындар мен ұйымдарда оқуға төленетін стипендияны қоса, стипендия алатын оқушылар мен студенттер

5

зейнетақы

Қарттығы (жасы) бойынша зейнетақы алатын адамдар

6

Жәрдемақы

Ай сайын әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар: мүгедектігі, асыраушысынан айырылған жағдай, жасы бойынша, балаларға. Сонымен қатар код жәрдемақы алған адамға емес, тағайындалған адамға қойылады

7

туысқан немесе жақындардан көмек

Туысқандары немесе басқа адамдардың қаражатына күн көретін, сондай-ақ алимент төленетін адамдар. Сонымен қатар код оны алатындарға емес, материалдық көмек көрсетілетіндерге қойылады

8

жеке меншіктен табыс, дивиденттер, сыйлықақылар

Несие беретін, олардың ақшалай салымдарын пайдаланғаны үшін пайыздық төлем, кредит, қарыз түрінде табыс алатын салымшы, кредитор болып табылатын адамдар

-"-

Акцияға ие (акционер) болып табылатын, акционерлік қоғамнан дивидент төлемі түрінде табыс, акцияны өткізуден курстық айырмашылық алатын адамдар

-"-

Жинақтан, пәтерді, автокөлікті, гаражды жалға беруден төлем түрінде табыс алатын адамдар

9

өзгесі

Жоғарыда аталмаған күнкөріс көздері

        21. «1 қаңтардағы тұрғын үй жағдайлары» 2-бөлімде тұрғын үй, тұрғын үйжай туралы абаттандырудың болуы, меншік түрі және аудан көлемі туралы нақты деректер жазылады.
      Басқа тұрғын жайға жер үй, жалғай салу жатады.
      Үйлерді сәйкестендіру үшін үйдің сәйкестендірме коды қолданылады – 8 мәнді бірегей код (IKD), тіркелімге жазу кезінде әрбір үйге беріледі. Берілген код орталықтан қалыптастырылған, яғни 8-ші мәні бақылаушы сан болып табылатын, 11-ші модуль бойынша есептелген республикалық деңгейдегі резервтен алынады.
      1-тармақты толтыру кезінде белгі («V») тек бір ғана жерге қойылады, яғни тұрғын үй ғимараттары түрлерінің біреуі көрсетіледі.
      Меншік түрі тиісті меншік түріне жататын тұрғын үй-жайға толтырылады, толтыру кезінде («V») белгісі көрсетіледі.
      22. Жалпы және тұрғын алаңның көлемі тұрғын үй-жайдың жоспары негізінде, жоспарда болмаған немесе жоспардан ауытқулар болған кезде жайлардың ішкі өлшемі бойынша анықталады және тұтастай шаршы метрде көрсетіледі.
      Егер тұрғын жай бір емес, екі одан да көп бірнеше дербес шаруашылықтардың меншігінде болса, онда осы шаруашылықтардың әрқайсысының дербес шотындағы «Жеке үй» деген жолда оларға тиесілі үлестері: «үйдің жартысы» деп жазылуы тиіс, онда шаруашылықтың нөмірі де (№ 1 немесе № 2) көрсетілуі тиіс, ал 2-бөлімде барлық деректер үйдің осы бөлігі бойынша толтырылуы қажет.
      Жалпы алаңы 40 шаршы метр және тұрғын алаңы 30 шаршы метр тұрғын үй 2 шаруашылыққа тиесілі: бір шаруашылыққа жалпы алаңының көлемі 20 шаршы метр және тұрғын алаңы 16 шаршы метр болатын үйдің 1/2 тиесілі, екіншісіне 20 шаршы метр және тұрғын алаңы 14 шаршы метр болатын үйдің 1/2 тиесілі (екінші шаруашылықта тұрғын алаңы жылыту пешінің есебінен азайтылған).
      Мұнымен бірге «Тұрғын үй жағдайлары» жолының жоғары жағындағы бос орынға осы үй иесі болып табылатын шаруашылықтың дербес шотының № жазылады.
      Егер шаруашылықта екі үй болса, онда 2 бөлімнің бірінші бағанда олардың әрқайсысы бойынша мәлімет жазылуы тиіс: біріншісі бойынша – алымында, екіншісі бойынша – бөлімінде.
      Өзінің тұрғын үйінде немесе тұрғын үй-жайында тұрмайтын азаматтар үшін 2-бөлімде: «пәтер жалдайды» немесе «осындай кәсіпорынның (ұйымның) үйінде тұрады» деп жазылады.
      23. Тұрғын үйдің жалпы алаңына мыналар кіреді:
      Үйдің негізгі қабырғалары шегінде орналасқан жайлардың барлық алаңы:
      - тұрғын бөлмелер (жалпы және жатын бөлмелер);
      - қосалқы үй-жайлар (ас үй, кіреберіс, ванна немесе себезгі, дәретхана, зат сақтайтын бөлме, кіріктіре салынған шкафтар) кіреді.
      Жалпы алаңға мыналар кірмейді:
      - баспалдақ алаңы;
      - шығыңқы конструкциялық элементтер мен жылыту пеші тұрған алаң;
      - жылытылмайтын, жапсарлас салынған үй-жайлардың (террасса, веранда, балкон, лоджия), сондай-ақ жылытылмайтын мансардтар мен мезониндердің алаңы;
      - жеке тұрған ас үй, монша, сарай, күркелер;
      - киіз үйлердің, жазғы саяжайлардың, бақшадағы үйлердің және уақытша тұруға жабдықталған басқа да үй-жайлардың (вагон, жер үй) алаңы.
      24. Тұрғын үй-жайды абаттандыру тиісті шаруашылыққа тиесілі үйге немесе үйдің бөлігіне толтырылады. Үйде тамақ әзірлеу үшін табиғи газ желісінен немесе сұйытылған газдың әкелінетін жекелеген баллондарынан газ жүргізілген, жерде тұратын газ плитасы орнатылған болса, «газ» деген жолда «иә» деп жазылады. Газ жүргізілген үйге газбен жабдықталған, жерде тұратын газ плитасы орнатылған ас үйі бөлек тұрған үй де жатады. Мұның өзінде газ плитасы жоқ немесе газбен жылытылмайтын үй бойынша «жоқ» деп жазылады.
      Егер үй ішінде су құбырының таратушы желісі болса немесе жеке тұрған асханада су орталықтандырылып су құбырынан немесе артезиан ұңғымасынан келетін су құбырының таратушы желісіне жалғанған су өткізетін шүмек орнатылған болса, тұрғын үй немесе тұрғын жай су құбырымен жабдықталған деп саналады. «Су құбыры» жолы бойынша «иә» деп жазылады.
      Егер аулада су бөлетін шүмек (колонка) болса, бірақ су үй ішіне өткізілмеген болса, онда мұндай үйлердің тұрғын алаңы су құбырымен жабдықталған деп саналмайды және жол бойынша «жоқ» деп жазылады.
      Егер үйдің ішінде шаруашылық-нәжіс суларын көшедегі кәріз желісіне немесе сіңіргіш құдықтарға немесе ауладағы септиктерге ағызуға арналған кәріз құрылғысы бар болса, тұрғын үй немесе тұрғын үй-жай кәрізбен жабдықталған деп саналады. Кәріз бар болған жағдайда тиісті жол бойынша «иә», болмаған жағдайда – «жоқ» деп жазылады. Су құбырымен жабдықталмаған үйлер (тұрғын үй-жайлар) кәрізбен жабдықталмайды.
      Егер аталған жабдықтың бір түрі тұрғын жайдың ішінде орнатылған болса, тұрғын үй немесе тұрғын үй-жай ваннамен немесе себізгімен жабдықталған деп саналады.
      Егер топтық (тоқсандық) немесе аудандық қазандықтан, ЖЭО-дан жылу бар немесе құрылғы ғимараттың немесе тұрғын жайдың ішінде көзделген және энергия көзіне қарамастан, жылыту мақсаттары үшін арналған болса, тұрғын үй немесе тұрғын үй-жай ЖЭО-дан, топтық (тоқсандық) немесе аудандық қазандықтан жылумен жабдықталған деп саналады. Бұл жағдайда тиісті жолға «иә» деп жазылады.
      Егер онда тұратындардың тұрмыстық қажеттіліктері үшін орталықтандырылып, ыстық су беретін арнайы су құбыры болса, тұрғын үй немесе тұрғын үй-жай ыстық сумен жабдықталған деп саналады. Мұндай жағдайда тиісті жолға «иә» деп жазылады. Егер пәтерлердегі су жылытқыштар үшін (АГВ), аз литражды жылыту қазандықтарын қоса, тұрмыстық қажеттіліктер үшін газ (отын) колонкасынан орталықтандырылып, ыстық су беретін арнайы су құбыры болған жағдайда, сондай-ақ «иә» деп жазылады.
      25. «1 қаңтардағы ауылдық(селолық), кенттік округтың шегінде немесе шегінен тыс жалға берілген (алынған) жеке меншіктегі жер» 3-бөлімде әр шаруашылық бойынша үй іргесіндегі учаскедегі жеке шаруашылыққа жататын барлық жер ауданы жазылады, сондай-ақ ауылдық (селолық) округтың шегінде және шегінен тыс жалға алынған жер көрсетіледі. Халықтың жеке қосалқы шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер ауданы туралы деректер жер учаскесін жеке меншікке алу құқығын иелену актісінен алынады.
      Жердің барлығы, га (1 жол), оған кіретіндер: құрылысқа, егін егуге, жайылымға, бау-бақшаға, жүзімдіктерге, табиғи пішендік жерлерге, тыңайған жерлерге және сәндік екпе ағаштарға бөлінген жерлер.
      Егер бұл жер немесе оның бөлігі жалға берілетін болса, онда бұл алаң 9-жолда көрсетіледі. Егер бұдан басқа қосымша жер жалға алынатын болса, онда бұл алаңды 10-жол бойынша көрсету керек.
      Жер шаруашылық меншігінде болған жағдайда ғана 9, 10-жолдар толтырылады. Егер жер жалға алынған болса (соның ішінде ұзақ мерзімді) 9 және 10-жолдар толтырылмайды.
      Тиісті бағанда ауылдық округтен тыс орналасқан жерді көрсету керек. 1 жол 2+3+4+5+6+7+8+10-жолдарының қосындысына тең (9 жолды алып тастағанда).
      Жер бойынша барлық көрсеткіштер гектармен дәлділігі 0,001 га дейін толтырылады.
      26. 3 Б) бөлімінде ағымдағы жылғы астыққа егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егісі (барлығының егіс алқабы және одан ауылдық округтен тыс жердегі) туралы деректер гектармен дәлділігі 0,001 га дейін шаруашылық иесінің (немесе шаруашылықтың ересек мүшелерінің) сауалнамаға жауап беру жолымен толтырылады ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс үй іргесіндегі учаскелерді ғана емес, сонымен қатар жалға алынған жердегі және бөлінген бақшадағы егісті де қосады.
      Қатараралық бақтардағы егістерге тиісті дақылдардың егіс алаңының қорытындысы және барлық егіс алаңының қорытындысы кіреді. Қатараралық жыртылып өндірілетін дақылдардың егістігі, сондай-ақ егіс алаңына қайталап егілетіндер (аңыздықтар) кірмейді. Егістік алаңына есептелмейтіндер: ауыл шаруашылығы дақылдары егілмеген егістік, бақшалардың егістік алаңы, жидекті дақылдар, жасыл гүлзарлар, сүрлеулер және басқа да алаңдар.
      «Дәнді дақылдар» 12-жол бойынша дән түрінде пайдалануға арналған сақталып қалған күздік (бидай, қара бидай, арпа) және жаздық (бидай, арпа, сұлы, масақтылар қоспасы, жүгері, тары, қарақұмық, күріш, құмай жүгері, дәнді бұршақтылар) егісі енгізіледі. Басқа мақсаттарға арналған дәнді дақылдар (көк азыққа, силосқа, пішенге) бұл жолға енгізілмейді.
      12-жолдан есепті жылы егілген дәнді дақылдардың түрлері бойынша егістіктер белгіленеді (13, 14, 15, 16-жолдар). Жүгері егісіне сүрлем мен жасыл азыққа пайдаланатын, сүттенгенге дейінгі балауыз, сүтті-балауыз және балауызданып піскендерді алып тастағанда, толық піскен жүгерінің дәні кіреді. Бұл дақылдар азық дақылдары бойынша (22-жол) көрсетіледі.
      «Картоп» 27-жол бойынша себу мерзімі мен оның тағайындалуына қарамастан картоптың барлық алаңы көрсетіледі.
      «Көкөністер» 23-жол бойынша ашық топырақтағы егістер көрсетіледі. Ашық топырақтағы көкөністерге қырыққабат, қияр, қызанақ, қызылша, асханалық сәбіз, бас пияз, жасыл бұршақ, бұрыш, шомыр, тарна, шалғам, баялды, кәді, асқабақ, жасыл дақылдар (көк жуа, ақ сүттіген, аскөк, ақжелкен, балдыркөк, қымыздық, саумалдық, рауғаш, кинза) және басқа да көкөністер жатады.
      17, 18, 19, 20, 21, 28, 30-жолдар бойынша тиісінше майлы дақылдардың, оның ішінде күнбағысқа, темекіге, қант қызылшасына, мақта, бақша және басқа да дақылдарға арналған алаңдар көрсетіледі. Күнбағыс егісіне ағымдағы жылы өндірілген егістер, сондай-ақ қыстың алдында өндірілген күнбағыстың дәнге сақталған егістері кіреді. Күнбағыстың сүрлемдік егістері бұл көрсеткішке кірмейді. Қант қызылшасы бойынша (фабрикалық) өнімдері қант және басқа зауыттарда өңделетін қызылша егістері көрсетіледі. Мал азығына арналған қант қызылшасының егістері 22-жол бойынша көрсетіледі. Мақта бойынша мақта егісінің барлық нақты алаңы есептелінеді, оған көлеңкелеу үшін жағалай отырғызылған тұт ағашының жолақтары, жеке тұрған ағаштардың көлеңкелік алаңдары кіреді. Азықтық дақылдар бойынша (22-жол) барлық азықтық дақылдардың егістері: азықтық дақылдар, тамыр-жемістілер, бақшалық, дәндік және дәнді-бұршақтық (азықтық темір-жемістілер, мал азығына арналған қант қызылшасы, азықтық бақша (азықтық асқабақ, азықтық қарбыз және азықтық кәділер), азықтық жүгері, азықтық қырыққабат), дақылдық себілген пішендіктер және жайылымдар (көпжылдық және біржылдық) көрсетіледі. 29-жол бойынша гүл егістігіне арналған алаңдар көрсетіледі. «Басқа дақылдар» көрсеткіші бойынша (30-жол) 12-29-жолдарда көрсетілмеген дақылдар көрсетіледі (зығыр, кәдімгі кенепшөп және рамидан басқа кендір және өзге де тоқыма талшықтар; кәдімгі зығыр және кенепшөп; парфюмерия мен фармацияға арналған өсімдіктер; тірі өсімдіктер өсірілетін алаңдар: жуашық, түбір және тамыр; шегіншектер және шыбықтар; саңырауқұлақ өсіретін жерлер; көкөністердің тұқымдық дақылдарының алаңы).
      Көпжылғы ағаштардың алаңдары бойынша деректер жеке көрсетіледі: жүзімдіктер (32-жол), бау-бақшалар (33(34,35) - жолдар) және жидектік жерлер (36-жол).
      37-жол бойынша «В. Су қоймалары су бетінің жалпы алаңы, шаршы метр» тауарлық балықтарды өсіру бойынша қолда бар жеке меншік және бекітілген су қоймаларының барлық алаңдары шаршы метрмен көрсетіледі.
      38-жол бойынша «Онда ауланған балықтар, кг» аулаған балықтардың саны килограммен көрсетіледі.
      Мына жағдайда, егер су қоймасының алаңы бірнеше округтардың арасында орналасқан болса (1 округтан көп), онда су қоймасының алаңы аудандық жер комитетінің шешімі бойынша кімге бекітілсе сол толтырады. Ал балық аулау барлық округтар бойынша есептелінеді.
      27. «Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (бас)» 4 бөлімінде малдың, қояндардың және терісі бағалы аңдардың саны туралы деректер шаруашылық (отбасы) иесінің немесе шаруашылықтың ересек мүшелерінің қатысуымен қорадағы малдың нақты барын есептеу арқылы жазылады. Нақты бар мал басын есептеу мал қорада болған кезде жүзеге асырылады. Құс санын жазу шаруашылық (отбасы) иесінің немесе шаруашылықтың ересек мүшелерінің сауалнамаға жауап беру негізінде жазылады.
      Мемлекеттік статистика органдарының ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жылы санаушылардың шаруашылықтарды аралау кезінде шаруа қожалықтарындағы малдың саны туралы алған деректері әр шаруашылық бойынша кітаптардың деректерімен салыстырылуы керек. Егер әр шаруашылық бойынша кітап пен аула бойынша тізімдегі жазбалар арасында айырмашылықтар кездессе, ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің маманы санаушымен бірге осы шаруашылықта нақты бар мал басын қайтара тексеруі (қайта есептеуі) керек.
      Егер шаруашылықта келісім бойынша бордақыланып отырған мал ұсталса, онда осындай мал туралы мәліметтер әр шаруашылық бойынша кітапқа жазылмайды.
      Малдың есебін жүргізу кезінде малдар мен құстардың түрлері мен жыныс-жас топтары әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабына сәйкес белгіленеді.
      28. Мал саны туралы нақты мәліметтер алу мақсатында әр шаруашылық бойынша кітаптардың деректерін анықтауды жүргізетін адамдар қаңтардың 1-інен 15-іне дейінгі кезеңде оларға тапсырылған учаскедегі барлық шаруашылықтарды, осы шаруашылықтарда малдың бар не жоқ екендігіне қарамастан аралап шығуы керек, және де көрші учаскемен (елді мекенмен) шектелетін аулалардың қалып қалмауына аса көп назар аударулары керек.
      Әр шаруашылық бойынша кітапта шаруашылыққа тиісті барлық мал көрсетіледі, оның жайылымдарда немесе басқа шаруашылықта уақытша болуына қарамастан.
      Басқа шаруашылықтардан ұзақ ұстауға қабылданған малдардың есепке алынбай немесе өткізіп алмауды болдырмау үшін, есеп барлық жағдайда малдың тұрған жері бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар бұл малдың нақты кімдікі екендігі тыңғылықты тексеріледі.
      Осы малдың басқа шаруашылыққа қарайтындығы туралы тексерілген қолда бар деректер болса, ұзақ ұстауға қабылданған малға жазылады, одан бөлек шаруашылықтың айрықша тізіміне қай малдың ұзақ ұстауда жүргендігі, сондай-ақ мал иесінің (шаруа қожалығының басшысы) аты-жөні және нақты мекен-жайы қоса жазылады. Бұл тізімді малды тексеріп және енгізу үшін оның иесінің тұрғылықты жері бойынша ауылдық (селолық) округтың бас маманы пайдаланады. Мына жағдайда, егер мал иесі басқа ауылдық (селолық), кенттік округта тұратын болса, онда осы тізімнің деректері малды қосу үшін мал иесі тұратын сол селолық округке жіберіледі.
      Жекелеген елді мекенде малды есепке алу аяқталған соң әр шаруашылық бойынша кітаптардағы деректерді анықтауды жүргізетін адамдар қорытындыларын есептеуіге тиісті. Мал саны қорытындыларын есептеу тікелей әр шаруашылық бойынша кітаптар бойынша жүргізіледі.
      29. 5 бөлім «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының бары туралы мәліметтер».
      Ауылшаруашылығы техникаларының түрлері боынша жол бойынша бос жолдарда мыналар көрсетіледі;
      қолда бар барлық маркалы тракторлар (шынжыр табанды және доңғалақты), соның ішінде машина құрастырылған тракторларды қоса,;
      жүк көтергіштігіне қарамастан трактор тіркемелерінің болуы;
      жүк автомобильдерінің болуы;
      жеңіл автомобильдердің болуы;
      автобустардың болуы;
      арнаулы автомобильдердің болуы;
      астық жинайтын комбайндардың барлық маркалары мен түрлерінің бары, күріш жинайтындарды қоса;
      тракторлық тұқым сепкіштердің барлық түрлері мен маркаларының болуы;
      арнаулы және жалпы мақсаттағы тракторлық соқалардың, жалпақкескіш-терең қопсытқыштардың бары;
      тракторлық культиваторлардың барлық түрлері мен маркілерінің қолда бары (жалпақкескіш-терең қопсытқыштарсыз);
      шөптерді, жүгеріні, күнбағысты және басқа да пішендік өсімдіктерді, көк азық пен сүрлемдерді оруға арналған аспалы және жартылай аспалы тракторға тіркелген шалғылар мен орақтар көрсетіледі;
      құрғатылған тырмалауға немесе жаңа орылған шөпті дестелеуге, орылған шөптерді қопсыту және тезірек кептіру үшін дестелерді айналдыруға, сондай-ақ астықты жинағаннан кейін сабандарды тырмалауға арналған тіркемелі және аспалы трактор тырмаларының бары;
      сауын құрылғыларының болуы – бұл сиырлар мен басқа да ауыл шаруашылығы малдарын саууға және сүтті бастапқы өңдеуге арналған бір-біріне байланысты машиналар мен аппараттардың кешені;
      қойды, ешкіні, түйені және басқа да малдарды қырқуға арналған электрмен қырқатын агрегаттардың қолда бары көрсетіледі;
      Егер шаруашылықта бөлімде көрсетілмеген ауыл шаруашылығы техникасы бар болса, онда сол техниканы да бос жолдарға жазу керек.
      «Өнімдерді өңдеуге арналған жабдықтар» жолы бойынша бос жолдарда астық, мал және құс еті, сүт, көкөністер мен майлы дақылдарды өндіру және ұн өндіру бойынша (диірмен) жабдықтардың нақты барын көрсетіледі.
      Егер қандай да болмасын шаруашылықтың бөлімде көрсетілмеген ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін басқа да жабдықтары болған жағдайда, оны да сол бос жолдарға жазу керек.
      30. 6 бөлім «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және мал ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар».
      «Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар» жолы бойынша сақтау орындарының түрі көрсетіледі: дәнді дақылдарға, картопқа арналған, бірлескен сақтау орындары және басқа түрлеріне арналғандары.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар мен имараттардың сыйымдылығы сақтау орнының, қойманың немесе имараттың тиімді көлемін өнімнің 1 текше метрінің орташа салмағына көбейту арқылы есептеледі.
      «Ауыл шаруашылығы малдарын ұстауға арналған құрылыстар» жолы бойынша бос жолдарда құрылыстың түрлері көрсетіледі: ірі қара мал, шошқа, қой мен ешкі, жылқы, өзге де малдар, құс ұстауға және малдарды бірге ұстауға, басқа да түрлеріне арналған, сондай-ақ мал орындарының жалпы саны көрсетіледі.
      «Өсіруге арналған жылыжайлар» жолдар бойынша көкөністер немесе гүлдер өсіруге арналған алаңдар бойынша деректер жазылады. Алаң шаршы метрмен көрсетіледі.
      31. «1 қаңтардағы сауда нүктелерінің болуы» 7 бөлімде үй шаруашылығына жататын сауда нүктелерінің нақты бары туралы деректер жазылады. Оған жататындар: дүкендер, киоскалар, павильондар.
      32. «1 қаңтардағы сатып алынатын кооперативтiк бiрлестiктердің, сатып алынатын орталықтардың нақты бары» 8 бөлімінде көрсетіледі. Тауарлар бойынша деректер заттай түрде толтырылады.
      33. «Қосымша мәліметтер» 9 бөлімінде жер жалға берілген (немесе алынған) адамның ТАӘ (немесе шаруа (фермер) қожалығының атауы) жазылады. Сондай-ақ басқа да қосымша мәліметтер жазылады.
      Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің маманы бір жыл ішінде ағымдағы тәртіппен шаруашылықтардың дербес шоттарында тиісті жазбалар жасап отыруға тиісті, соның ішінде: азаматтық хал актілері жазбасының материалдары бойынша туғандар туралы, өлгендер туралы, отбасы мүшелерінің хабарлауы бойынша уақытша жоқ шаруашылық мүшелерінің шаруашылықтан кетуі және қайтып келуі туралы, шаруашылық (отбасы) иесінің өзгеруі туралы, шаруашылықтардың бөлінуі және бірігуі туралы, шаруашылықтың барлық мүшелерінің жаңа мекен жайға көшуі және шаруашылықтан шығуы туралы.
      34. Әрбір шаруашылықтың дербес шоты әр шаруашылық бойынша жаңа кітаптың бетін белгілеу кезінде, сондай-ақ бұрынырақ беті белгіленген әр шаруашылық бойынша кітаптардағы жазбаларды жаппай тексеру және нақтылау кезінде ауланы аралау барысында толтырылғаннан соң оған бірінші жазылған (шаруашылық иесі) шаруашылық мүшесі немесе ол болмаған жағдайда шаруашылықтың ересек мүшесі, сондай-ақ ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің маманы (немесе тексеру мен жазбаларды жүргізетін адам) тиісті түрде қол қою керек.

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды
жүргізу және тіркеу жазбаларын 
жүргізуді ұйымдастыру нысандары
бойынша статистикалық әдіснамаға
2-қосымшасы          

№ 2 нысан

20 ___ ЖЫЛҒЫ ______________________ АУЫЛДЫҚ (СЕЛОЛЫҚ) ӘКІМШІЛІГІ
АУМАҒЫНДА УАҚЫТША
ТҰРАТЫН АДАМДАРДЫҢ ТІЗІМІ 

№ р/с

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)

ЖСН

Жынысы (еркек, әйел)

Туған күні, айы, жылы

Неке жағдайы (некеде тұрмын, еш уақытта некеде болған жоқпын, тұл еркек/жесір әйел, ажырасқан)

А

1

2

3

4

5





























































кестенің жалғасы

Білімі*)

Оқушылар үшін, жалпы білім беретін оқу орнының түрін көрсету керек

Тұрғылықты тұратын жері

Жұмыстағы жағдайы**)

6

7

8

9









































кестенің жалғасы

Келгендігі туралы белгі (қай күні, қайдан келгенін көрсету керек)

1.01.201 __, 1.07.201 __ жылдардағы қолда бар мал

мал түрлері мен топтары

барлық мал басы

соның ішінде 1 жасқа дейінгі жас мал

10

11

12

13













































кестенің жалғасы

Шаруашылықтың дербес есепшотының нөмірі, қайда орналасқан

Шаруашылықтың бірінші жазылған мүшесінің қолы

Ауылдық (селолық) әкімшілігінен басқа жерде тұруға осы ауылдық (селолық) әкімшілігіне ауысқаны туралы белгі (қайда және қашан кеткенін, шаруашылық жөніндегі кітапта (№ 1-нысан) жазылғанын көрсет)

14

15

16




























      *) Тіркелген кезде қандай білімі барын көрсету керек (жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, арнаулы орта, аяқталмаған жоғары, жоғары, сауатсыз)
      **) Жұмыс түрін көрсету керек (жалдану бойынша жұмыс, өндірушілер кооперативінің мүшесі, жұмыс беруші, жеке негізге жұмыс істейтіндер, отбасы кәсіпорнының ақша төленбейтін қызметі, жұмысы жоқтар)

Ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында уақытша тұратын адамдар тізімінде жазбалар жүргізу

      Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл сайын ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында уақытша тұратын адамдардың тізімін (№ 2 нысан) жасауы керек. Уақытша тұратын адамдар тізіміндегі жазбалар тұрақты тұратын халықтың тізімі секілді жыл бойы жүйелі түрде жүргізіледі.
      Уақытша тұратындар санында ауылдық (селолық), кенттік әкімшілікке 1,5 айдан астам уақытқа келген мынадай халық құрамы ескеріледі:
      оқу кезеңінде оқу мекемесінің орналасқан жері бойынша (оқу мекемелерінің жатақханаларында, мектеп жанындағы интернаттарда, жеке пәтерлерде) тұратын оқушылар;
      балалар үйлерінің тәрбиеленушілері;
      мүгедектер үйлеріндегі мүгедектер;
      аурухана мекемелерінде ұзақ уақыт емдеуде болатын науқастар;
      уақытша және маусымдық жұмысқа, сондай-ақ келісім-шарт бойынша жұмысқа келген адамдар;
      қалалық елді мекендерде тіркелген, бірақ нақты ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында тұратын азаматтар;
      әскери қызметшілер қызметін атқаратын орынға келген және ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында тұратын әскери қызметшілердің отбасылары.
      Уақытша тұратындар санатына ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағына маусымдық немесе уақытша жұмысқа келген азаматтарын, сондай-ақ бас бостандығынан айырылған орындардан шартты түрде босатылған және ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында шектеулі уақыт қана тұратын адамдар жатқызылады.
      Уақытша тұру мерзімі уақытша тұратын адамдардың санатын анықтау үшін критерий ретінде белгіленбеген және жұмыстың, емделудің, оқудың және басқаларының басталу және аяқталу уақытымен анықталады.
      Уақытша тұратындар тізімі ауруханаға, балалар үйіне, мектеп-интернатқа, мүгедектер үйіне және басқаларына осы мекемелердің басшыларымен бірге жасалады. Тізімнің бланкісінде осы мекеменің атауы және оның мекен-жайы көрсетіледі.
      Осы мекемелерге қызмет көрсететін жұмысшылар мен қызметшілер және осы жерде тұрақты тұратындар № 2 нысанның тізіміне жазылмайды, олар мекен-жайы бойынша әр шаруашылық бойынша кітапта (№ 1 нысан) ескеріледі.
      Қалалық елді мекенде тіркелген және сонда тұрақты тұратын, бірақ ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында орналасқан тұрғын жайды жазғы маусымға жалдайтын адамдар мен саяжайлардың иелері (тұрғызушылар) әр шаруашылық бойынша есеп жүргізу құжаттарында ескерілмейді.
      Уақытша тұратындар жазбасы олардың ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағына келген сәтінен бастап 3 күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Сонымен бірге тізімге шаруашылықтың барлық мүшелері жазылады.
      № 2 нысан тізіміндегі 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-бағандар әр шаруашылық бойынша кітаптағы (№ 1 нысан) тиісті бағандарға ұқсас толтырылады.
      8-бағанда тұрақты мекен-жайы көрсетіледі.
      9-бағанда осы адамның тұрақты мекен-жайы бойынша жұмыс орны және мамандығы көрсетіледі. Асырауындағы жандар үшін бұл бағанда "басқа адамның асырауында" деп жазу керек.
      10-бағанда қашан және қайдан келгендігін, сондай-ақ келу мақсатын көрсету қажет.
      № 2 нысан бойынша тізімнің 14 бағанында келген адам пәтер жалдаған шаруашылықтың дербес шоты көрсетіледі немесе оның уақытша мекен-жайы қысқаша жазылады.
      Шаруашылық (отбасы) иесі немесе жалғызбасты адамдар олар туралы жазбаларды «Шаруашылық мүшесінің қолы» 15 бағанда қол қойып растайды. Ауруханаларда, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда, мүгедектер үйлерінде және басқаларында тұратын адамдар туралы жазбалардың дұрыстығын осы мекемелердің басшыларының қолымен расталады.
      16 бағанда ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағынан тысқары жерге қоныс аударғандар, осы әкімшілікте тұрақты мекен-жайға кеткендер, сондай-ақ өлгендер туралы – шыққан айын, жылын және себебін көрсетіп – белгі жасалады.

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды
жүргізу және тіркеу жазбаларын  
жүргізуді ұйымдастыру нысандары 
бойынша статистикалық әдіснамаға 
3-қосымшасы          

№ 3 нысан

_________________________ ШАРУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛФАВИТТІК КІТАБЫ
___________________________________________________________
АУЫЛДЫҚ (СЕЛОЛЫҚ), КЕНТТІК ӘКІМШІЛІГІ

2011, 2012, 2013, 2014, 2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

№ р/с

Шаруашылық иесінің тегі, аты және әкесінің аты

Шаруашылықтың дербес есепшотының №

Әр шаруашылық бойынша кітаптың №

Беттер №

Дербес есепшотының жабылу себебі және күні


 
 
 
 


1

2

3

4

5

6








А







Ә







Б







В







Г







Ғ







Д







Е







Ж







З







И







К







Қ







Л







М







Н







Ң







О







Ө







П







Р







С







Т







У







Ұ







Ү







Ф







Х







Ц







Ч







Ш







Щ







Ы







І







Э







Ю







Я

Әліпбилік кітапта жазба жүргізу

      Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің барлық елді мекендерінде әр шаруашылық бойынша кітаптардың бетін белгілеуді жүргізіп болғаннан соң, осы әкімшіліктің маманы әр шаруашылықтардың әліпбилік кітабын (№ 3 нысан) 10 ақпаннан кешіктірмей жасайды.
      Бұл кітапқа ауылдық (селолық), кенттік әкімшілік аумағында тұрақты тұратын әр шаруашылық бойынша кітаптарға (№ 1 нысан) жазылған барлық адамдардың шаруашылықтары енгізіледі. № 2 нысанның тізіміне енгізілген, уақытша тұратын адамдар әр шаруашылықтардың әліпбилік кітабына жазылмайды.
      Әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің маманы шаруашылықтар санының есебін жүргізеді және осы есептің нәтижелерін әр шаруашылықтардың әліпбилік кітабының титулдық парағына жазады (жазба қарындашпен жасалады).
      Әліпбидің әрбір әрпіне 1-2 беттен қалдырылады, ал қалған әріптерді қиып алып тастау керек.
      Ескертпе: қалдырылатын беттер санын нақты бір әріпке басталатын шаруашылық иелері тегінің болжалды санына байланысты өзгертуге болады.
      Әр шаруашылық бойынша кітаптардың дербес шоттарындағы шаруашылық иесінің, шаруашылық құрамының өзгеруіне қатысты барлық түзетулерді ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктің маманы әр шаруашылықтардың әліпбилік кітабына жыл бойы енгізіп отыруы тиіс.

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды
жүргізу және тіркеу жазбаларын   
жүргізуді ұйымдастыру нысандары  
бойынша статистикалық әдіснамаға 
4-қосымшасы          

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 2011.10.24 № 295 (ресми жарияланғанынан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Нысан

"_________________________ облысының Статистика департаменті" ММ
___________________________________ ауданының статистика басқармасы

Әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу
жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі туралы
АКТ

______________ ауданының
____________ кенті, ауылы (селосы)       20__ жылғы "___" ________
            ауылдық (селолық) округі

      Біз, төменде қол қоюшылар, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның өкілдері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________ Әкімінің қатысуымен

"Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы ҚР Заңының12-бабының16-бабының және «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы ҚР Заңының 10-бабының негізінде әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу жазбаларының сәйкестігіне бақылау жүргіздік.
Сәйкестендіру қорытындысы бойынша Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға Әкімдермен "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 381-2-бабында көзделген дәйексіз әкімшілік деректерді ұсынудың мынадай фактілері анықталды:
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Бұзушылықтарды жою мерзімдері: осы АКТ-іге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде.
Ескерту (орындалғаны туралы ақпарат 5 жұмыс күнінің ішінде аумақтық статистика органына ұсынылады)

Қолдары __________________________ м.о.
        __________________________
        __________________________
Т.А.Ә. және Әкімнің қолы: _____________________________________ м.о.

Ескерту (Әкім қол қоюдан бас тартқан жағдайда «Қол қоюдан бас тартты» деген жазу жазылады және күні қойылады).