Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру (бұдан әрi - Заңдар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарын (бұдан әрi - Заңдар) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сәйкестендiру нөмiрлерi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.07.15 № 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
3. Заң департаментi (Н.В. Сәрсенова):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына, «Қазақстан депозиттерге кепiлдiк беру қоры», «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлiмет үшiн жiберсiн.
4. Агенттiк Төрайымының қызметi (А.А. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) «Кредиттік тіркелім» және «Екінші деңгейдегі банктерден алынған есепті-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін пысықтауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсiн.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 29 наурыздағы № 50
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық
актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн
өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесi
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 173 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.27 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 27 қазандағы № 382 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2574 тiркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2004 жылғы 23 қаңтарда № 14-15 (23653) және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде жарияланған, 2004 жыл, № 1-4, 908-құжат):
1-қосымшасында:
Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесiнде:
1, 2-қосымшаларында:
«Кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеуi __________________» алынып тасталсын.
4. Агенттiк Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 153 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2953 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде 2005 жылғы маусымда жарияланған, № 15, 105-құжат):
1-қосымшасында:
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебiн жүргiзу ережесiнде:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке сәйкестендiру нөмiрi;».
5. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 329 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3348 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесінде:
31-қосымшасының 6 реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
6 |
Бизнес – сәйкестендіру нөмірі |
».
6. Агенттік Басқармасының «Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға мiндеттi түрде сату ережесiн бекiту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3576 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2005 жылғы 2 қыркүйекте № 96-97 (721) жарияланған):
осы қаулымен бекiтiлген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға мiндеттi түрде сату ережесiнде:
16-тармақтың бірінші бөлігінде «статистикалық карточканың және» деген сөздер алынып тасталсын.
7. Агенттiк Басқармасының «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есептi бекiту туралы» 2005 жылғы 30 шiлдедегi № 268 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3832 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есептi бекiту туралы ережесінде:
4-қосымшасында:
«
КҰЖЖ коды |
» деген баған алынып тасталсын.
8. Агенттiк Басқармасының «Мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшiн жою қорытындылары жөнiндегi ереженi бекiту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3822 тiркелген):
1-қосымшасында:
Мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшiн жою қорытындылары жөнiндегi ережесінде:
14-2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
14-3-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
9. Агенттiк Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3870 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру ережесiнде:
19-2-тармақтың 2) тармақшасында:
төртінші абзац алынып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бизнес – сәйкестендіру нөмірі;».
10. Агенттiк Басқармасының «Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметiнiң ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4070 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметiнiң ережесiнде:
27-тармақтың 5) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке сәйкестендіру нөмірі;»;
29-9-тармақтың бірінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке сәйкестендіру нөмірі;».
11. Агенттiк Басқармасының «Номиналды ұстау қызметiн көрсететiн бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзiндi көшiрменi ресiмдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4138 тiркелген):
1-қосымшасында:
Номиналды ұстау қызметiн көрсететiн бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзiндi көшiрменi ресiмдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесiнде:
4-тармақтың 1) тармақшасында «заңды тұлға үшiн Кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеушiсiнiң коды (КҰЖЖ)» деген сөздер алынып тасталсын;
4-қосымшасында:
1-нысанда:
«Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН)» деген сөздер «Бизнес – сәйкестендіру нөмірі (БСН)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-нысанда:
«Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН)» деген сөздер «Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-нысанда:
«Кәсiпорындардың және ұйымдардың ортақ жiктегiшiнiң (КҰЖК) коды» деген сөздер алынып тасталсын;
12-нысанда:
«Кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктегiшiнiң коды (КҰЖК)» деген сөздер алынып тасталсын.
12. Агенттiк Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4175 тiркелген):
1-қосымшасында:
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесiнде:
9-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
6-қосымшасында:
1-нысанда:
5-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақта «(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
2-нысанда:
6-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақта «(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақ алынып тасталсын;
3-нысанда:
6-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақта «(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақ алынып тасталсын;
4-нысанда:
4-тармақта «(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
5 нысанда:
4-тармақта «(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
6 нысанда:
3-тармақта «(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақ алынып тасталсын;
7-нысанда:
9-тармақта «(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақ алынып тасталсын;
8-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
6 және 11-тармақтары алынып тасталсын;
12-тармақта «(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
9-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
5 және 10-тармақтар алынып тасталсын;
10-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
11-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
12-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
13-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
14-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
15-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
16-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
17-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
18-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
19-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
20-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
21-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
22-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
23-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
24-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
25-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
26-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын;
27-нысанда:
«Кәсiпорын мен ұйымның жалпы жiктелiм коды (КҰЖЖ):
» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болса толтырылады)» деген сөздер алынып тасталсын.
13. Агенттік Басқармасының «Агент банкті таңдау жөнінде конкурс өткізу ережесі мен агент банкке қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 211 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4439 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2006 жылғы 17 қарашада № 201(1007) жарияланған):
осы қаулымен бекітілген Агент банкті таңдау жөнінде конкурс өткізу ережесі мен агент банкке қойылатын талаптарда:
15-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
14. Агенттік Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктердi ерiктi қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, сондай-ақ оларды тiкелей төлем жасау арқылы не депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерiн қайтарып беру ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4521 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктердi ерiктi қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, сондай-ақ оларды тiкелей төлем жасау арқылы не депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерiн қайтарып беру ережесiнде:
7-8-тармақтың 2) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке сәйкестендіру нөмірі;».
15. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы екiншi деңгейдегi банктерiнiң есеп беру ережесiн бекiту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 300 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4520 тiркелген):
1-қосымшасында:
Қазақстан Республикасы екiншi деңгейдегi банктерiнiң есеп беру ережесiнде:
16-қосымшасында:
«Қамтылған ақшаның негiзгi көздерi» деген кестедегі «Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнес – сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), Жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін)».
16. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңiнде тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4592 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңiнде тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметi туралы нұсқаулықта:
6-тармақтың 4) тармақшасында:
тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке сәйкестендіру нөмірі».
17. Агенттік Басқармасының «Кредиттеу жөнiндегi құжаттамасын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4602 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2007 жылғы наурыз-сәуірде жарияланған):
1-қосымшасында:
Кредиттеу жөнiндегi құжаттамасын жүргiзу ережесiнде:
8-тармақтың 18) тармақшасы алынып тасталсын;
9-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын.
18. <*>
Ескерту. 18-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
19. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4736 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2007 жылғы 20 шілдеде № 110 (1139) жарияланған):
1-қосымшасында:
Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау ережесiнде:
10-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бизнес – сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________».
20. Агенттік Басқармасының «Кредиттiк бюроның қызметiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 76 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5256 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2008 жылғы 1 тамызда № 116 (1342) және Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте № 9 жарияланған):
осы қаулымен бекітілген Кредиттiк бюроның қызметiн лицензиялау ережесiнің 1-қосымшасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өтiнiш берушi орналасқан жерi (заңды/нақты мекенжайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң нөмiрi, бизнес - сәйкестендіру нөмірі)».
21. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен мәмiлелер туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекiту жөнiнде» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 183 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5474 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен мәмiлелер туралы ақпаратты ұсыну нысанда:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау» кестесінің 3-бағанында:
«Салық салушының тіркеу нөмірі (СТТН)» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болған жағдайда)» деген сөздер алынып тасталсын;
«2. Өзге операциялар» кестесінің 3-бағанында:
«Салық салушының тіркеу нөмірі (СТТН)» деген сөздер алынып тасталсын;
«(бар болған жағдайда)» деген сөздер алынып тасталсын.
22. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесiн бекiту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5517 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2009 жылғы 17 ақпанда № 24 (1447) жарияланған):
осы қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесiнде:
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке тұлғалар тiзiмiнде фамилиясы, аты, бар болса әкесiнiң аты, туған күні, салымшының (алушының) жеке сәйкестендiру нөмiрi туралы, сондай-ақ Жөнелтушi қордың зейнетақы ережелерiмен көзделген аударым жасау сомасы мен мәлiметтерi туралы мәлiметтер болады.»;
18-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
19-тармақтың 1) тармақшасының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке тұлғалар тiзiмiнде фамилиясы, аты, бар болса әкесiнiң аты, туған күні, салымшының (алушының) жеке сәйкестендiру нөмiрi туралы, сондай-ақ Жөнелтушi қордың зейнетақы ережелерiмен көзделген аударым жасау сомасы мен мәлiметтерi туралы мәлiметтер болады;».
23. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерiн ұсыну ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 8 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5563 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерiн ұсыну ережесiнде:
1-қосымшаның 4-жолдың 1) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын.
24. Агенттік Басқармасының «Мiндеттi, ерiктi және ерiктi кәсiби зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шарттарын бекiту туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5603 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2009 жылғы 15 мамырда № 72 (1669) жарияланған):
1-қосымшасында:
Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шартында:
кіріспеде «__________ әлеуметтiк жеке коды, немесе бар болса- » деген сөздер алынып тасталсын;
10-тарауда «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi не бар болса» деген сөздер алынып тасталсын;
2-қосымшасында:
Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартында (жеке тұлға болып табылатын Салымшы үшін):
кіріспеде «___________ әлеуметтiк жеке коды, немесе бар болса-» деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақтың 1) тармақшасында «жеке әлеуметтiк кодының нөмiрiн немесе бар болса –» деген сөздер алынып тасталсын;
10-тарауда «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi не бар болса» деген сөздер алынып тасталсын;
Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартында (үшiншi тұлғаның пайдасына):
кіріспеде «__________ әлеуметтiк жеке коды, немесе бар болса-» деген сөздер алынып тасталсын;
10-тарауда «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi не бар болса» деген сөздер алынып тасталсын;
3-қосымшасында:
Ерiктi кәсiби зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартында:
кіріспеде «әлеуметтiк жеке коды, немесе бар болса-» деген сөздер алынып тасталсын;
10-тарауда «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi не бар болса» деген сөздер алынып тасталсын;
25. Агенттік Басқармасының «Ислам банкiн таңдау және оған таратылатын ислам банкiнiң инвестициялық депозит туралы шарты бойынша тартылған ақша есебiнен сатып алынған мүлiгi мен инвестициялық депозиттерi бойынша мiндеттемелерiн беру ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 51 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5664 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2009 жылғы 29 мамырда № 80 (1503) жарияланған):
осы қаулымен бекітілген Ислам банкiн таңдау және оған таратылатын ислам банкiнiң инвестициялық депозит туралы шарты бойынша тартылған ақша есебiнен сатып алынған мүлiгi мен инвестициялық депозиттерi бойынша мiндеттемелерiн беру ережесiнде:
12-тармақтың 5) тармақшасында:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке сәйкестендіру нөмірі;»;
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бизнес – сәйкестендіру нөмірі;»;
он төртінші абзацта «, статистикалық карточкасының» деген сөздер алынып тасталсын.
26. Агенттік Басқармасының «Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердi қарау, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендiру нөмiрлерiн беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 57 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5669 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Ислам бағалы қағаздары шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, ислам бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердi қарау, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарына ұлттық сәйкестендiру нөмiрлерiн беру жөнiндегi ережеде:
1-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын.
27. Агенттік Басқармасының «Тұрақтандыру банкiн құру, лицензиялау, жарғылық және меншiктi капиталдарының барынша төмен мөлшерiн қалыптастыру ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 179 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5782 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2009 жылғы 2 қазанда № 150 (1573) жарияланған):
осы қаулымен бекітілген Тұрақтандыру банкiн құру, лицензиялау, жарғылық және меншiктi капиталдарының барынша төмен мөлшерiн қалыптастыру ережесiнде:
5-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
28. Агенттік Басқармасының «Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5794 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн жүзеге асыру ережесiнде:
35-тармақтың 2) тармақшасында «немесе статистикалық карточкаларына» деген сөздер алынып тасталсын.