Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6219 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» және  «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру (бұдан әрi - Заңдар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарын (бұдан әрi - Заңдар) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сәйкестендiру нөмiрлерi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.07.15 № 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3. Заң департаментi (Н.В. Сәрсенова):
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына, «Қазақстан депозиттерге кепiлдiк беру қоры», «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлiмет үшiн жiберсiн.
      4. Агенттiк Төрайымының қызметi (А.А. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
      5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) «Кредиттік тіркелім» және «Екінші деңгейдегі банктерден алынған есепті-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін пысықтауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсiн.

      Төрайым                                            Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы      
Қаржы нарығын және        
қаржы ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 
қаулысына қосымша        

Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық
актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн
өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесi

      Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 173 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.27 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 27 қазандағы № 382 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2574 тiркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2004 жылғы 23 қаңтарда № 14-15 (23653) және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде жарияланған, 2004 жыл, № 1-4, 908-құжат):
      1-қосымшасында:
      Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесiнде:
      12-қосымшаларында:
      «Кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеуi __________________» алынып тасталсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 329 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3348 тiркелген):
      осы қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесінде:
      31-қосымшасының 6 реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«

6

Бизнес – сәйкестендіру нөмірі


                                                              ».
      6. Агенттік Басқармасының «Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға мiндеттi түрде сату ережесiн бекiту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3576 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2005 жылғы 2 қыркүйекте № 96-97 (721) жарияланған):
      осы қаулымен бекiтiлген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға мiндеттi түрде сату ережесiнде:
      16-тармақтың бірінші бөлігінде «статистикалық карточканың және» деген сөздер алынып тасталсын.
      7. Агенттiк Басқармасының «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есептi бекiту туралы» 2005 жылғы 30 шiлдедегi № 268 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3832 тiркелген):
      осы қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есептi бекiту туралы ережесінде:
      4-қосымшасында:
«

КҰЖЖ коды

                        » деген баған алынып тасталсын.
      8. Агенттiк Басқармасының «Мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшiн жою қорытындылары жөнiндегi ереженi бекiту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3822 тiркелген):
      1-қосымшасында:
      Мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшiн жою қорытындылары жөнiндегi ережесінде:
      14-2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      14-3-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
      9. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Агенттік Басқармасының «Агент банкті таңдау жөнінде конкурс өткізу ережесі мен агент банкке қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 211 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4439 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2006 жылғы 17 қарашада № 201(1007) жарияланған):
      осы қаулымен бекітілген Агент банкті таңдау жөнінде конкурс өткізу ережесі мен агент банкке қойылатын талаптарда:
      15-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      14. Агенттік Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктердi ерiктi қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, сондай-ақ оларды тiкелей төлем жасау арқылы не депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерiн қайтарып беру ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4521 тiркелген):
      осы қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктердi ерiктi қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, сондай-ақ оларды тiкелей төлем жасау арқылы не депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерiн қайтарып беру ережесiнде:
      7-8-тармақтың 2) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке сәйкестендіру нөмірі;».
      15. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.2016 № 5 қаулысымен.
      16. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Агенттік Басқармасының «Кредиттеу жөнiндегi құжаттамасын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4602 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2007 жылғы наурыз-сәуірде жарияланған):
      1-қосымшасында:
      Кредиттеу жөнiндегi құжаттамасын жүргiзу ережесiнде:
      8-тармақтың 18) тармақшасы алынып тасталсын;
      9-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын.
      18. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      19. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20. Агенттік Басқармасының «Кредиттiк бюроның қызметiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 76 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5256 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2008 жылғы 1 тамызда № 116 (1342) және Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте № 9 жарияланған):
      осы қаулымен бекітілген Кредиттiк бюроның қызметiн лицензиялау ережесiнің 1-қосымшасында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Өтiнiш берушi орналасқан жерi (заңды/нақты мекенжайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң нөмiрi, бизнес - сәйкестендіру нөмірі)».
      21. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      23. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 256 (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      24. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      25. Агенттік Басқармасының «Ислам банкiн таңдау және оған таратылатын ислам банкiнiң инвестициялық депозит туралы шарты бойынша тартылған ақша есебiнен сатып алынған мүлiгi мен инвестициялық депозиттерi бойынша мiндеттемелерiн беру ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 51 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5664 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2009 жылғы 29 мамырда № 80 (1503) жарияланған):
      осы қаулымен бекітілген Ислам банкiн таңдау және оған таратылатын ислам банкiнiң инвестициялық депозит туралы шарты бойынша тартылған ақша есебiнен сатып алынған мүлiгi мен инвестициялық депозиттерi бойынша мiндеттемелерiн беру ережесiнде:
      12-тармақтың 5) тармақшасында:
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке сәйкестендіру нөмірі;»;
      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «бизнес – сәйкестендіру нөмірі;»;
      он төртінші абзацта «, статистикалық карточкасының» деген сөздер алынып тасталсын.
      26. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      27. Агенттік Басқармасының «Тұрақтандыру банкiн құру, лицензиялау, жарғылық және меншiктi капиталдарының барынша төмен мөлшерiн қалыптастыру ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 179 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5782 тiркелген, «Юридическая газета» газетiнде 2009 жылғы 2 қазанда № 150 (1573) жарияланған):
      осы қаулымен бекітілген Тұрақтандыру банкiн құру, лицензиялау, жарғылық және меншiктi капиталдарының барынша төмен мөлшерiн қалыптастыру ережесiнде:
      5-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      28. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.