Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Досмұхамбетов Н.М.) осы қаулы қабылданған күнінен бастап жеті күндік мерзім ішінде:
1) осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберсін;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін бір апталық мерзім ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 18 қаңтардағы
№ 5 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі
1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұжымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 121 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1534 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1534 тiркелген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесін бекіту жөнiнде» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 121 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы № 147 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2925 тіркелген).
3. «Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 300 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4520 тіркелген).
4. «Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 129 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5316 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада № 11 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) және 2010 жылғы 26 тамызда № 14 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесiнің 15-тармағы.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі № 111 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6393 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 2-тармағы.
7. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қазандағы № 162 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6663 тіркелген).
8. «Жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 166 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7720 тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 540-545 (27618) жарияланған).
9. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8457 тіркелген, 2013 жылғы 2 шілдеде «Заң газеті» газетінде № 96 (2471) жарияланған).