Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011.09.27 № 348 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011.10.01 № 325 бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.С. Өжкенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оның ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Б. Сафиновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік Энергетика және минералдық
жоспарлау министрі ресурстар министрінің
_______________ Б. Сұлтанов міндетін атқарушы
______________ Д. Тұрғанов
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 18 ақпандағы № 73
және Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 15 ақпандағы № 31
бірлескен бұйрығымен
бекітілді
нысаны
Жер қойнауын пайдалану саласындағы тексеру парағы
Органның атауы __________________________________________________
_________________________________________________________________
Тексеруді белгілеу туралы акті___________________________________
(№, күні)
Субъектінің атауы _______________________________________________
_________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ____________________________________________
_________________________________________________________________
№ р/с |
Тексеру барысында қамтылатын мәселелер |
Көмірсутек шикізаты |
|
1. |
Келісім-шартқа лицензияның, келісім-шарттың, жұмыс бағдарламасының болуы |
2. |
Геологиялық барлау жұмыстарының, геофизикалық жұмыстардың, ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ұңғыларды салу, технологиялық жұмыстардың жобалық құжаттарының болуы және орындалуы, әзірленімдердің технологиялық схемасы және авторлық қадағалау есептері, Қазақстан Республикасының Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясыныңжәне Қор жөніндегі орталық комиссияның сараптамалық қорытындылары |
3. |
Жер қойнауының мониторингінің, жерасты суларының мониторингінің бағдарламалары және есептері (геодинамикалық мониторингті, сейсмологиялық мониторингті жүргізу бойынша) |
4. |
Кенорындарын игеру жағдайы |
5. |
Өндіруші және нығыздаушы ұңғымалар жұмысының технологиялық режимдері |
6. |
Кенорны және объектілер бойынша әзірленімдердің жобалық және нақты технологиялық көрсеткіштерінің сәйкестігі |
7. |
Кенорындарын игеру, пайдалану және жайластыру жағдайы (кендердің энергетикалық жағдайы, мұнай және газ фонтандарының туындауын алдын алу шаралары, қабаттық және забойлық қысымдар динамикасы, ұңғымалар бойынша қанықтық қысымдары және тұтас алғанда кенорындарды жылдар бойынша жинау, есепке алу және өнімді дайындау) |
8. |
Бұрғылау жұмыстарының жағдайы және ұңғымаларды салу сапасы |
9. |
Мұнай және газ ұңғымалардың консервациялау және тарату жағдайы |
10. |
Бағанааралық қысымдар (бағанааралық қысымдарының пайда болу себептері және оларды жою бойынша жүзеге асырылатын шаралар) |
11. |
Ұңғымалардың қоры (консервациялауда тұрған ұңғымалардың жағдайы; бағанааралық қысымы бар ұңғымалардың жағдайы; мұнайдың құйылуының қарқындылығы туралы мәліметтер) |
12. |
Өндіруші ұңғымалардың жұмысы туралы есеп (жиынтық) |
13. |
Кенорындары бойынша жұмыс агентінің, судың, газдың, мұнайдың және ілеспе газдың айдау көлемдері бойынша мәліметтер |
14. |
Газды кәдеге жарату бағдарламаларын іске асыру жағдайы |
15. |
Мемлекеттік бақылау органдарымен келісілген ілеспе газды жағуға рұқсаттың болуы |
16. |
Газды жағу және кәдеге жарату жою туралы мәліметтер |
17. |
Газды жағу және факельдік шаруашылығы бойынша оператордың есеп журналы |
18. |
Аспаптар: өлшеу аспаптары бойынша сертификаттар және тексеру актілері |
19. |
Барлық ұңғымалар өлшеумен қамтамасыз етілуі |
20. |
Өлшеу қондырғыларының және өндірілетін минералдық шикізатты есептеуге арналған аспаптардың жағдайы |
21. |
Геодинамикалық мониторингті жүргізу жағдайы |
22. |
Өндірілген пайдалы қазбалардың және тұтас алғанда кенорны бойынша және горизонттар бойынша ысыраптардың есебінің дұрыстығы |
23. |
Аяқталған геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша аумақтық қорларға есептерді уақытында ұсыну және бастапқы материалдарды Өңіраралық аумақтық департаменттерге тапсыру |
24. |
Ақпарат сатып алу туралы келісімге сәйкес геологиялық ақпаратты пайдаланғаны үшін төлемнің уақытылығы |
Жерасты сулары |
|
25. |
Пайдалану ұңғымаларының жоба бойынша және нақты санының сәйкестігі, олардың орналасуы және есептелген схемаға сәйкес жүктемелері |
26. |
Ұңғымалардың жабдықтарының жобаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі |
27. |
Нақты өндіру көлемдерінің және 3-лицензиялық-келісім-шарттық ережелерінің статистикалық есеп нысаны бойынша сәйкестігі |
28. |
Кенорнында жерасты сулары мониторингінің режимдік желісінің болуы және бақылауды жүргізу |
29. |
Санитарлық қорғау аймақтарының болуы және олардың сақталуы |
30. |
Ұңғымалардағы өлшеу аппаратураларының болуы |
31. |
Талдау нәтижелерінің болуы |
32. |
Жерасты суларын өндіру есебі |
Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар |
|
33. |
Геологиялық барлау жұмыстарының жобалық құжаттарының, игерудің техникалық жобаларының Қазақстан Республикасының Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясының ұсыныстары болуы және орындалуы |
34. |
Геологиялық есептің және 1-лицензиялық-келісім-шарт ережелерінің нысаны бойынша есептің уақытылы ұсынылуы |
35. |
Келісілген Жылдық жұмыс бағдарламасының орындалуы (геологиялық барлау жұмыстарының, өндіру, тау-кен-дайындау және аршу жұмыстарының көлемдері, кен жұмыстарының, бітеу жұмыстарының бағыттары) |
36. |
Өткен жартыжылдық және жыл бойынша геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпараттық есептер |
37. |
Келісім-шарттық аумақтың қайтарылу жағдайы |
38. |
Жер қойнауының озық зерттелуін қамтамасыз ету (бұрғылау жұмыстарының көлемі, сынамаларды іріктеу әдістемесі және сынауды бақылау) |
39. |
Пайдаланудағы барлау бойынша жұмыстардың орындалуы және негізділігі, нәтижелерінің дұрыстығы және сапалығы, оларды жұмыс учаскесінде кен-геологиялық жағдайды нақтылауда пайдалану. Қорлардың күтілетін өсуі, оларды неғұрлым жоғары санаттарға ауыстыру. |
40. |
Геологиялық-маркшейдерлік құжаттаманың жүргізілуін қамтамасыз ету |
41. |
Тау жыныстарының, борттардың, тілімдердің, карьердің қозғалысын бақылау бойынша маркшейдерлік жұмыстардың жағдайы |
42. |
Пайдалы қазбаларды өндіру, ысырабы мен құнарсыздану есебін жүргізу, қорларының жағдайы және жылжуы |
43. |
Қазып алу бірліктерінің игерудің толықтығы, оларды игеруге жергілікті жобалардың және олардың жою актілерінің болуы |
44. |
Уақытша-белсенді емес қорлардың болуы және оларды жою жоспарының сақталуы |
Барлық пайдалы қазбалар бойынша келісім-шарттық ережелердің орындалуы |
|
45. |
Келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуы: |