Геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбалар өндiру үшiн жер қойнауын пайдалануды ретке келтiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 5 сәуiр 1994 ж. N 1637


     Қаражыра кен орынының тау-кен геологиялық жағдайларын нақтылау
және оны игерудiң тиiмдi тәсiлдерiн таңдап алу мақсатында Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасы жер қойнаулары және минералдық шикiзатты
ұқсату туралы Кодексiнiң 16-бабына сәйкес "Семей" қаржы өнеркәсiп
тобына Қаражыра кен орынын тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеруге рұқсат
етiлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi