Жер қойнауын пайдалану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің м.а. 2010 жылғы 15 ақпандағы N 31 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы N 73 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6079 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 348 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 1 қазандағы № 325 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2011.01.06 N 1 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында халықтың мақсаттық тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімі орнатылсын:
      1) колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектері;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) толық емес жұмыс уақытымен қамтылған тұлғалар;
      4) өндірістің тоқтауына байланысты уақытша жұмыспен қамтылмаған тұлғалар;
      5) орта және жоғары білім оқу орындарында оқитын жастар, оқытудын күндізгі түрі (демалыс кезінде).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Зікібаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Сапаров