Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кассалық операциялар жүргізу тәртібін айқындайтын және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына кассалық операцияларды жүргізу кезінде автоматтандырылған кассаны қолдану және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Шегенов Ғ.Б.)
1) Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Төрайым Бахмутова Е.Л.
2009 жылғы 14 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
Министр Божко В.К.
2008 жылғы 3 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Министр Баймағанбетов С.Н.
2008 жылғы 29 қыркүйек
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 24 шілдедегі
N 65 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулыларының тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1482 тіркелген, 2001 жылғы 23 сәуір - 6 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми басылымы "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысында" жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4048 тіркелген, 2006 жылғы 17 ақпанда N 28-29 (835) "Заң газеті" газетінде жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5483 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 94 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесінде:
11-тармақта:
23) тармақшадағы "." деген белгі ";" деген белгімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
"24) автоматтандырылған касса - автоматтандырылған басқару құрылғыларын және бағдарламалық қамтамасыз ету пайдалана отырып қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және беру бойынша электрондық-механикалық жабдық.";
76-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші және үшінші сөйлемдермен толықтырылсын:
"Бір күнгі кассалық айналымдар туралы есепті қалыптастыруды орындайтын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланған кезде есептеу лентасы қолданылмайды. Бұл жағдайда папкаға кассалық құжаттардың алдында бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен қалыптастырылған есеп тігіледі."
125-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Инкассаторларға келесі күні беру үшін алдын ала дайындалған, қолма-қол ақша салынған касеталар қоймада қолма-қол ақшадан бөлек сақталуы тиіс";
130-тармақтың екінші бөлігінің үшінші сөйлемі алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-1-тараумен толықтырылсын:
"15-1-тарау. Автоматтандырылған кассамен жұмысты ұйымдастыру және тәртібі
132-1. Банктер және ұлттық почта операторы кассалық операцияларды осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізген кезде автоматтандырылған касса қолданылуы мүмкін.
132-2. Автоматтандырылған кассамен жұмыс тәртібі, қолма-қол ақшаны толықтыру және инкассациялау, техникалық қызмет көрсету осы Ереженің 15-тарауындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Кассалық операцияларды автоматтандырудың ішкі банктік жүйелерінде автоматтандырылған кассаны қолданған кезде кассалық операцияларды осы Ережеде көзделмеген ұйымдастыру тәртібі банктің ішкі ережесімен анықталады.
132-3. Автоматтандырылған касса жүргізілген операциялар туралы ақпаратты қағаз тасымалдауышқа басып шығару мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Қағаз тасымалдауышқа басып шығарылған ақпарат чектер (түбіртектер) ретінде пайдаланылады. Автоматтандырылған кассаның чектерінің (түбіртектерінің) нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5526 тіркелген "Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу туралы" 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 117 қаулысында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
132-4. Банк, клиент және инкассация қызметі арасында автоматтандырылған кассаны қолдану кезінде туындайтын дауларды шешу тәртібі банктің ішкі ережесінде белгіленеді.";
160-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Инкассатор қаптарын (қоржындарын) орау үшін қорғасын және пластик пломбаларды пайдалануға рұқсат етіледі. Пломбаларды пайдалану тәртібі банктің ішкі ережесімен айқындалады.";
221-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші сөйлемі "төлем құжаттары" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ төлем жасалмайтын және айналымға жарамсыз шетел валютасындағы банкноттар" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Кассир клиенттен төлемге жарамды екендігіне күмән келтіретін шетел валютасындағы банкноттарды және төлем құжаттарын, сондай-ақ төлем жасалмайтын және айналымға жарамсыз шетел валютасындағы банкноттарды қабылдап алып, клиентке өзінің қолы қойылып, мөрмен куәландырылған түбіртекті береді.";
300-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) төлем құжаттары (чектер, вексельдер) және пластикалық және өзге де карточкалар;";
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) банкоматтарға арналған қолма-қол ақша салынған касеталар;";
13-қосымшаның кестесінде
"
Ақша түсімі салынған қоржынның |
Қоржынға салынған ақша сомасы |
теңге |
"
деген бағандар
"
Қоржынға салынған ақша сомасы |
|||||||
қоржын |
теңге |
қоржын |
АҚШ доллары |
қоржын |
еуро |
қоржын |
Ресей рублі |
"
деген бағандармен ауыстырылсын;
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 106 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4468 тіркелген, 2006 жылғы 13 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4970 тіркелген, 2007 жылғы 15 қарашада N 175 (1204) "Заң газеті" газетінде жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 111, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5503 тіркелген, 2009 жылғы 4 ақпанда N 17 (1440) "Заң газеті" газетінде жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 105 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінде:
26-тармақтың бірінші абзацында:
"банктердің," деген сөз "банктердің және" деген сөздермен ауыстырылсын;
"нұсқаулықты" деген сөз "талаптарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
4. Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 250 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында:
"банктердің," деген сөз "банктердің және" деген сөздермен ауыстырылсын;
"нұсқаулыққа" деген сөз "талаптарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышта:
"банктердің," деген сөз "банктердің және" деген сөздермен ауыстырылсын.
"нұсқаулыққа" деген сөз "талаптарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
мәтінде:
"Мамандандырылған ұйымның өкілі" деген сөздер "Мемлекеттік күзет қызметінің өкілі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(мамандандырылған ұйымның өкілі)" деген сөздер "(оператор ұйымның өкілі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы тізбенің 1-қосымшасына сәйкес редакциядағы 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы тізбенің 2-қосымшасына сәйкес редакциядағы 2-2-қосымшамен толықтырылсын;
3 және 4-қосымшалар алынып тасталсын;
5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында:
"банктердің," деген сөз "банктердің және" деген сөздермен ауыстырылсын;
"нұсқаулыққа" деген сөз "талаптарға" деген сөзбен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының өзгертулер
мен толықтырулар енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
1-қосымша
"Екінші деңгейдегі банктердің және
банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
үй-жайларын күзету мен жайластыруды
ұйымдастыру жөніндегі талаптарға
2-1-қосымша
Қорытынды
______________________________________________ мына мекен-жай бойынша
Ұлттық Банк бөлімшесінің атауы
__________________________________________________________ орналасқан
__________________________________________________________ үй-жайдың
Объектінің атауы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келесі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуіне тексеру жүргізді:
__________________________________________________________ __________________________________________________________ __________________________________________________________
________________________________________ мекен-жайы бойынша
орналасқан _______________________________________ үй-жайы
жоғарыда көрсетілген нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келеді.
Ұлттық Банк
бөлімшесінің басшысы _______________
Қолы
Мөрдің орны"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаулыларының
тізбесіне 2-қосымша
"Екінші деңгейдегі банктердің және
банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
үй-жайларын күзету мен жайластыруды
ұйымдастыру жөніндегі талаптарға
2-2-қосымша
"Бекітемін"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі филиалының
басшысы ______________________
қолы, аты-жөні
20__ жылғы ___ ___________
Мөрдің орны
______________________________________________
(объектінің атауы)
Тексеру актісі
Тексеру жүргізілген күн Тексеру жүргізілген орын
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызметкерлері ________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________ хаты негізінде
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________ мекен-жайға орналасқан Объектіге оның
(толық мекен-жай)
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4817 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 56 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келуіне тексеру жүргізді.
Жалдау шарты, құқық белгілейтін құжаттар (16-тармақ) __________
_____________________________________________________________________
Объектінің жалпы сипаттамасы (қабат саны, орналасқан жері және басқасы) (22-23-тармақтар) __________________________________________ _____________________________________________________________________
Күзет постысының болуы (5-тармақ) _____________________________ _____________________________________________________________________
Күзет үй-жайының болуы (8-тармақ) _____________________________
_____________________________________________________________________
Аумақтың қоршауының болуы (25-тармақ) _________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау-өткізу пунктінің болуы (25-тармақтың 6) тармақшасы) ___
_____________________________________________________________________
Оқшауланған кассалық тораптың болуы (26-тармақтың 2) тармақшасы) _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қойма (27-тармақ) _____________________________________________
_____________________________________________________________________
Қоймаға кіреберіс (28-тармақ) _________________________________
_____________________________________________________________________
Операциялық касса (31-тармақ) _________________________________
_____________________________________________________________________
Қайта санау кассасы (30-тармақ) _______________________________
_____________________________________________________________________
Кешкі касса (26-тармақтың 3) тармақшасы, 29-тармақ) ___________
_____________________________________________________________________
Касса қызметкерлеріне арналған шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар
(кассирлердің жеке заттары мен киімдерін сақтауға арналған шкафтармен
жабдықталған үй-жай), санитарлық торап (33-тармақ) __________________
_____________________________________________________________________
Банкоматтарға арналған үй-жайдың болуы (34-тармақ) ____________
_____________________________________________________________________
Инкассаторлық машиналардан жүк түсіруге немесе тиеуге арналған бокс үй-жайы немесе түсіру-тиеу алаңының болуы (35-тармақтың 7) тармақшасы, 33-тармақтың 4) тармақшасы ______________________________
_____________________________________________________________________
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау
операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың болуы (6-1-тарау) _____
_____________________________________________________________________
Қару-жарақ сақтауға арналған үй-жай ___________________________
_____________________________________________________________________
Оқтауға (оқтан босатуға) арналған үй-жай ______________________
_____________________________________________________________________
Инкассатор сөмкелерін сақтауға және іріктеуге арналған үй-жай _
_____________________________________________________________________
Басшының кабинеті _____________________________________________
_____________________________________________________________________
Кезекшінің үй-жайы (орны) _____________________________________
_____________________________________________________________________
Кәсіби және қызметтік-жауынгерлік үй-жайы _____________________
_____________________________________________________________________
Терезе ойындылары, қорғаныш жалюзилер, ролеттер _______________
_____________________________________________________________________
Жасырын жұмыстар актісі (23-тармақтың 7) тармақшасы) __________
_____________________________________________________________________
Кассалық тораптағы желдеткіш (23-тармақтың 8) тармақшасы,
27-тармақтың 13) тармақшасы) ________________________________________
_____________________________________________________________________
Қоймадағы өрт сигнализациясының, автоматты өрт сөндіру жүйелерінің құралдары (36-тармақ) ___________________________________
_____________________________________________________________________
Депозитарийдің болуы (38-тармақ) ______________________________
_____________________________________________________________________
Сертификаттардың болуы (31-тармақтың 13) тармақшасы) __________
_____________________________________________________________________
Сигнализацияның техникалық құралдарын пайдалануға қабылдау
актісінің болуы және сәйкес келуі (15-тармақ) _______________________
_____________________________________________________________________
Құндылықтарды инкассациялауды ұйымдастыру (26-тармақтың
4) тармақшасы) ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұлттық Банк бөлімшесі қызметкерінің қолы ______________________
____________________________________________________________________"