Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4048. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 № 231 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында кассалық, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1482 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 24 сәуір - 3 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауындағы және 1-тармақтағы "касса операцияларын" деген сөздер "касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "және Ереже" және "және осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесінің" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақта:

      1) тармақшадағы "және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) және 3) тармақшалардағы "және Ережені" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесінде:

      атауындағы "касса операцияларын" деген сөздер "касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операциялары";

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) касса, сейф операцияларын және инкассация, банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жасау тәртібін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны, басқа да құндылықтарды сақтау мен екінші деңгейдегі банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, олардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) немесе қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) лицензиясы бар филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінде (бұдан әрі - банктер) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес касса тәртібінің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды белгілейді.";

      екінші абзацтың бірінші сөйлемі мемлекеттік тілдегі мәтінде мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Ереженің нормалары қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын уәкілетті ұйымдарға және сейф операцияларын жүзеге асыратын ломбардтарды қоспағанда, ломбардтарға қолданылмайды.";

      2-тармақтағы ", бұл Қазақстан Республикасының және Ұлттық Банктің қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келуі тиіс" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақта мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Бір касса қызметкерінің клиенттерге касса қызметін көрсетуді жүзеге асыруынан басқа, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес банктердің және Ұлттық почта операторының кассаларында қолма-қол ақша қабылдау және беру операцияларын және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса атқаруына және орындауына рұқсат етіледі.";

      11-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) банкомат - төлем карточкасын ұстаушыларға қолма-қол ақша алуға және төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің басқа да қызмет көрсетуін пайдалануға мүмкіндік жасайтын электрондық-механикалық құрылғы;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) инкассация - қолма-қол ақшаны және басқа құндылықтарды қабылдау, жинау, жеткізу, алып бару, тасымалдау, сақтау және өткізу;";

      13) тармақшада және бұдан әрі мәтін бойынша "ақша чегi", "ақша чегінің", "ақша чектерiне", "ақша чегіндегі", "ақша чектерімен" деген сөздер тиісінше "чек", "чектің", "чектерге", "чектегі", "чектермен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) тармақша алынып тасталсын;

      20) тармақшада "бланктер" деген сөзден кейін ", қымбат металдар, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ айналыстан шығарылып тасталған қымбат металдардан жасалған монеталар," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 21), 22) және 23) тармақшалармен толықтырылсын:

      "21) банк құндылықтарының сақталуына жауапты лауазымды адамдар - банктің (банк филиалының) бірінші басшысы не банк (банк филиалының) басшысының бұйрығымен арнайы тағайындалған лауазымды адам, банктің (банк филиалының) бас бухгалтері не бас бухгалтерінің орынбасары және банк (банк филиалы) кассасының меңгерушісі, не банк (банк филиалы) кассасы меңгерушісінің орнындағы адам;

      22) арнайы байланыс - арнайы жөнелтілімдерді (тіркеу пакеттері, жіберілімдер және мемлекеттік құпиялардан тұратын және олардың тасымалдағыштары бар тиісті бумадағы метиздер), сондай-ақ Ұлттық почта операторының арнайы байланыс қызметі жұмысының мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу (тапсыру);

      23) Ұлттық почта операторының арнайы байланыс қызметі - арнайы байланыс қызметін көрсететін және Ұлттық Банктің лицензиясы болған жағдайда қолма-қол ақша мен құндылықтарды инкассациялау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыратын Ұлттық почта операторының құрылымдық бөлімшесі.";

      13-тармақта:

      бірінші абзацта мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "үшiн" деген сөзден кейін "және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      1) тармақшадағы "(Ережеге N 1 қосымша)" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) тармақшадағы "(Ережеге N 2 қосымша)" деген сөздер алынып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Банктер қолма-қол ақша жарнасына және кассалық кіріс ордеріне хабарландырудың нысандарын Ережеде және мемлекеттік органдардың өкілдерінен салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеуге, бюджетке түсетін салықтық емес және өзге де түсімдерге қолма-қол ақша қабылдаған кезде қолма-қол ақша жарнасына хабарландырудың нысанын (Ережеге 1-1 қосымша) қоспағанда, Ұлттық Банктің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген барлық міндетті деректемелер сақталған жағдайда, сондай-ақ оларды бюджеттік және Кассалық қызмет көрсетуге арнап жасалған шартқа сәйкес басқа да шоттарға есептеу үшін мемлекеттік мекемелердің өкілдерінен қолма-қол ақша қабылдаған кезде (Ережеге 1-2 қосымша) дербес белгілейді.

      Мемлекеттік органның өкілі бюджетке төленетін салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді, салықтық емес және өзге де түсімдерді төлеуге қолма-қол ақша жарнасын енгізу кезінде сонымен бірге бюджеттік жіктеу коды бойынша төлемдер Тізілімін (Ережеге 2-1 қосымша) қоса ұсынады. Банк төлемдер тізілімі негізінде МТ 102 форматымен төлем хабарламасын қалыптастырады.

      Басқа құндылықтарды кассаға қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресімделеді.";

      16-тармақтың екінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктер тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланған кезде "Банктің операциялық күні" жүйесіне кіруге рұқсаты бар бір адамға кассирдің және бухгалтер-бақылаушының функцияларын жүктеуге болады.";

      19-тармақта:

      екінші абзацта:

      "N" белгісі алынып тасталсын;

      екінші сөйлемде "бас бухгалтер" деген сөздерден кейін "немесе уәкілетті адам" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші сөйлемде "шетел валютасын (шетел валютасымен төлем құжаттарын) сараптау Ереженің 222-тармағына сәйкес жүргізіледі" деген сөздер "төлем жасауға күмән туғызатын шетел валютасындағы ақша белгілері мен төлем құжаттары Ереженің 221-тармағына сәйкес инкассоға қабылданады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Ақшаны енгізуші арасында қолдан жасалғандығының анық белгілері бар ұлттық немесе шетел валютасындағы ақша белгілері (төлем құжаттары) табылған қолма-қол ақшаны ұсынған кезде, мұндай ақша белгілері (төлем құжаттары) клиентке қайтарылмайды, ішкі істер органдарына немесе қаржы полициясы органдарына беріледі.

      Кассир осы факт туралы касса бөлімшесінің басшысына баяндайды, ол дереу банк басшысына хабарлайды. Банк басшысы ішкі істер органдарын немесе қаржы полициясы органдарын және банктің қауіпсіздік қызметін хабардар етеді.

      Ішкі істер органдарының немесе қаржы полициясы органдарының өкілдері банкке келгеннен кейін қолдан жасалғандығының анық белгілері бар ұлттық валютадағы немесе шетел валютасындағы ақша белгілерін (төлем құжаттарын) алады, мұндай ақша белгілерінің (төлем құжаттарының) алынғаны туралы хаттама жасалады, оның бір данасы клиентке беріледі. Хаттаманың көшірмесі банкте қалады.

      Ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы органдары ақша белгілерінің (төлем құжаттарының) түпнұсқа екендігін растаған жағдайда, олар ақша белгілерінің құнын клиентке өтейтін банкке қайтарылады, ал қолдан жасалғаны белгілі болған жағдайда - заттай айғақ ретінде ішкі істер органдарында немесе қаржы полициясы органдарында қалады.";

      21-тармақта және бұдан әрі мәтін бойынша "N" белгісі алынып тасталсын;

      27-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін чектер;";

      2) тармақшадағы "(Ережеге N 9 қосымша)" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Банктер шығыс касса ордерінің және чектің нысандарын\Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген барлық міндетті деректемелер сақталған жағдайда дербес белгілейді.";

      29-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Резиденттердің шоттарынан қолма-қол шетел валютасын, сондай-ақ резидент еместердің шоттарынан қолма-қол шетел валютасын және ұлттық валюта беру Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының нормалары сақтала отырып жүзеге асырылады.";

      30-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қолма-қол ақша беру алушының жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке куәлігі, паспорты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай деп танылған басқа да құжаттар), сондай-ақ әскери билеті (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін) болғанда ғана жүзеге асырылады.";

      32-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кассир клиенттерге қолма-қол ақшаны беретін банк шығарған ораумен ғана береді. Егер ақша белгілерінің жетіспеуін, артық қалуын, төлемге жарамауын немесе жалған болуын анықтау бойынша шағым-талаптарды реттеу тәртібі банктер арасында жасалған шартта айқындалған болса, қолма-қол ақша беруді кассир Ұлттық Банктің немесе басқа банктің орауымен жүзеге асыруы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

      "4-1-тарау. Банктердің өз клиенттеріне Ұлттық Банк филиалының орауындағы қолма-қол ақшаны беру ерекшеліктері

      36-1. Ұлттық Банк филиалының кассасынан алынған қолма-қол ақшаны өз клиенттеріне беру үшін банк банктің осы үшін арнайы жабдықталған үй-жайында кассирдің қолма-қол ақша беруін сырттай бақылауды жүзеге асыру және клиенттердің қолма-қол ақшаны қайта есептеуін сырттай бақылауды жүзеге асыру үшін касса қызметкерлерінің ішінен (ерекше жағдайларда Ережені білуіне алдын ала сынақ тапсырған экономистердің ішінен) бақылаушы (бақылаушылар) тағайындау туралы бұйрық шығарады.

      36-2. Кассир Ережеде белгіленген тәртіппен Ұлттық Банк филиалы ораған қолма-қол ақшаны банк клиенттеріне беру үшін касса меңгерушісінен алып, алынған қолма-қол ақшаны клиенттерге банкноталарды толық және толық емес бумалармен немесе монеталарды қапшықтармен береді.

      Банк өз клиенттеріне қолма-қол ақшаны берген кезде банк клиентінің көзінше бумалардан міндетті түрде пломбалар алынады немесе Ұлттық Банк филиалының атауы немесе оның банктік бірегейлендіру коды бар кепілдік клише кесіледі.

      Банк өз клиенттеріне монеталар берген кезде қапшықтардағы пломба кесіледі.

      36-3. Кассирге қолма-қол ақша берген кезде клиенттердің талап етуі бойынша қолма-қол ақшаның бір номиналын екіншісіне айырбастауға тыйым салынады.

      36-4. Банк клиенттерге қолма-қол ақшаны жеке түбіртектермен, парақтап немесе бір-бірлеп санап берген кезде банкноталар бар барлық буманы немесе монеталар салынған қапшықты кассир касса меңгерушісінің немесе осы мақсатқа арнайы тағайындалған касса бақылаушысының қадағалауымен қайта есептейді.

      36-5. Банктің клиенті, банкноталарды бума және түбіртек бойынша, монеталарды - қапшықтар бойынша, банкноталардың жеке парақтарын немесе жеке монеталарды - парақтап немесе бір-бірлеп қайта есептеу арқылы кассадан ұзамай тұрып, қолма-қол ақшаны берген кассирдің көзінше тексереді.

      36-6. Егер банктің клиенті банктің үй-жайында банкноталарды парақтап және монеталарды бір-бірлеп қайта санағысы келсе, кассир берілетін банкноталар бар бумадан пломбаны немесе клишені және монеталар салынған қапшықтардан пломбаны алмайды.

      36-7. Ереженің 36-6 тармағында көзделген жағдайларда кассирдің клиентке қолма-қол ақшаны беруі (клиент кассирден қолма-қол ақшаны алған кезден бастап және оларды санауға арналған үй-жайда парақтап қайта санағанға дейін) банктің касса бақылаушысының қадағалауымен жүзеге асырылады.

      Қайта санау үшін бөлінген үй-жайға өткеннен кейін клиент пломбаны, клишені кеседі және банк кассасы бақылаушысының қадағалауымен қайта санауды жүзеге асырады. Касса бақылаушысы қолма-қол ақшаны қайта санауды сырттай бақылауды жүзеге асырған кезде столдың үстінде тек қана алынған қолма-қол ақшаның болуын қадағалайды.

      Жоғарғы және төменгі жапсырмалар, клишесі кесілген полиэтилен пакеттер, пломбасы бар бау және банкноталар бар тексерілетін бумалар бандерольдері, сондай-ақ монеталар салынған қапшықтың жапсырмасы мен пломбалы бауы барлық банкноталар бумалары немесе монеталар салынған қапшықтарды қайта санау аяқталғанға дейін сақталады.

      36-8. Берілетін банкноталар бумаларындағы немесе монеталар салынған қапшықтардағы ақшаның жетіспеуін немесе артық шығуын анықтаған кезде банк кассирі, касса бақылаушысы және клиенті қол қоятын акт бес дана етіп жасалады (Ережеге 7-қосымша). Үш данасы Ұлттық Банктің филиалына жіберіледі, ал екі данасы - банкте қалады.

      1000 (бір мың) теңге және одан да көп мөлшерде қолма-қол ақша жетіспеген немесе артық шыққан жағдайда, банк басшысының қолы қойылған тиісті бұйрық ресімделіп, клиентке қолма-қол ақша берілген банк кассасындағы және банктің операциялық кассасындағы қолма-қол ақша қалдығын қайта есептеу үшін банкте комиссия құрылады, және Ұлттық Банк филиалына дереу хабарланады.

      Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша банк кассасындағы қолма-қол ақшаны қайта санау Ұлттық Банк филиалының өкілі келгенге дейін тоқтатып қойылады.

      36-9. Қайта санау кезінде анықталған жетіспеген қолма-қол ақшаны Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен Ұлттық Банк өтейді, ал артық шыққан қолма-қол ақша банктің кассасына кіріске алынады және ақша аудару тәртібімен Ұлттық Банктің филиалының шотына аударылады.

      36-10. Банк осы тараудың талаптарын сақтамаған жағдайда Ұлттық Банк банкноталардың немесе монеталардың жетіспеуі туралы банктің өтінішін қанағаттандырмайды.";

      37-тармақта:

      екінші абзацтың бірінші сөйлеміндегі "жіберуге дейін бір күн бұрын" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) банктің немесе басқа банктің шығыс ордері бойынша;";

      48-тармақтың екінші абзацының екінші сөйлеміндегі "инкассация учаскесінің кезекшілерінің қару-жарақ, оқ-дәрі, құжаттар мен басқа құндылықтарды өткізу мен қабылдауды және құндылықтарды тасымалдауды есепке алатын бақылау журналына (Ережеге 29-қосымша)" деген сөздер "қойма бөлмелерін, отқа жанбайтын сейфтер мен басқа да ақша қоймаларын ашуға, жабуға және мөр қойып жабуға рұқсат берілген адамдардың бақылау журналына (Ережеге 29-қосымша)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      57-тармақтың екінші абзацының бірінші сөйлеміндегі және үшінші абзацындағы "кем болып шыққандығы" деген сөздерден кейін "немесе артық шыққандығы" деген сөздермен толықтырылсын;

      63-тармақта:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық және шетел валютасының төлемге жарамсыз және күмәнды банкноталары мен монеталары акт-тізімдемеде тіркеледі (Ережеге 3-қосымша), онда клиенттің атауы, валютаның атауы, банкноталардың (монетаның) құны, олардың нөмірі мен сериясы, жалпы сомасы, өзіне тән төлемге жарамсыздық белгілері көрсетіледі және касса бөлімшесінің басшысына беріледі. Ұлттық валютаның алынған төлемге жарамсыз және күмәнды ақша белгілері Ұлттық Банк филиалына сараптамаға жіберіледі. Төлемге жарамдылығы күмән тудыратын шетел валютасындағы ақша белгілерімен және төлем құжаттарымен жұмыс Ереженің 221-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Қайта санаған кезде табылған қолдан жасалғандығының анық белгілері бар ұлттық немесе шетел валютасындағы ақша белгілері ішкі істер органдарына немесе қаржы полициясы органдарына беріледі. Касса бөлімшесінің басшысы осындай факт туралы осы ақша белгілері табылған банктің клиентіне және ішкі істер органдарына немесе қаржы полициясы органдарына хабарлайды. Ішкі істер органдарының немесе қаржы полициясы органдарының өкілдері банкке келгеннен кейін қолдан жасалған анық белгілері бар ұлттық немесе шетел валютасындағы ақша белгілерін алып, осы ақша белгілерінің алынғаны туралы хаттама жасайды, оның бір данасы банкке беріледі.

      Ішкі істер органдары немесе қаржы полициясының органдары ақша белгілерінің түпнұсқалығын растаған кезде олар клиентке өтеледі, жасанды екені белгіленгенде - ішкі істер органдарында немесе қаржы полициясының органдарында заттай айғақ ретінде қалады.";

      72-тармақтың бірінші абзацындағы "банктiң бұйрығы бойынша касса құжаттарына қол қоюға құқық берiлген" деген сөздер "банк құндылығының сақталуына жауапты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Қолма-қол ақша мен құндылықтарды қабылдауға және беруге арналған кассалық құжаттар сиямен немесе шарикті қаламмен (көк немесе қара түсті) анық толтырылады және онда міндетті деректемелер (құжаттың атауы, нөмірі және күні, клиенттің толық атауы, банктік шотының нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, ақша жіберушінің коды, бенефициардың коды, төлем белгілеу коды, сондай-ақ салықтарды және басқа да міндетті төлемдер төлеуге, бюджетке түсетін салықтық емес және өзге де түсімдерге қолма-қол ақша қабылдаған кезде - бюджеттік жіктеу коды) болуға тиіс. Кассалық операция жасалатын касса құжаттарындағы сома сандармен және жазумен (сомасы жазумен бас әріптермен жазылады), айы жазумен көрсетіледі. Касса құжаттарындағы сомасы жазумен және санмен көрсетуге арналған бос орындардың асты сызылады. Касса құжаттарын түзетуге жол берілмейді.

      Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды қабылдауға және беруге арналған касса құжаттарына клиенттер, банктің кассалық және операциялық қызметкерлері қол қояды.

      Міндетті деректемелерінің болуы шартымен компьютерлік жүйелерді және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланумен толтырылған касса құжаттарының бланкілерін пайдалануға жол беріледі.

      Қандай да болмасын түзетулер бар құжаттар қайта ресімдеу үшін қайтарылады.";

      76-тармақтың алтыншы абзацындағы "Ұлттық Банктің шетел валютасымен ресми бағамы бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      77-тармақтың үшінші абзацындағы "бiр жыл бойы" деген сөздер "банкішілік ережелермен бекітілген, бірақ бір күнтізбелік жылдан кем емес мерзім ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      86-тармақта:

      оныншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "2 теңгелік - 4 000 (төрт мың) дана";

      он төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "100 теңгелік - 1 000 (бір мың) дана.

      Банктер әр түрлі номиналдағы монеталар салынған, салмағы 7 килограмнан аспайтын құрама қапшықтарды қалыптастыра алады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Банктер салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, жеке тұлғалардан заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің пайдасына сатылған тауар, көрсетілген қызмет, орындалған жұмыстар үшін төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік шоттарына кейіннен есептеу үшін төлемдерді төлеу есебіне клиенттерден ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаны қабылдауға құқылы. Банк шотын ашпастан ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. Резиденттер арасындағы және резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер мен аударымдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Коммуналдық төлемдерді, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ салықтарды, салықтық емес және бюджетке өзге түсімдерді қабылдау Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.";

      93-тармақтың екінші абзацындағы "(төлемдер тiзiлiмдерi)" деген сөздер алынып тасталсын;

      122-тармақтың екінші абзацының екінші сөйлеміндегі "қызметкерлерi" деген сөзден кейін "немесе банктің банкоматты толтыру бойынша операцияларды жүзеге асыратын арнайы тағайындалған қызметкер" деген сөздермен толықтырылсын;

      123-тармақтың екінші абзацында:

      екінші сөйлемдегі "касса меңгерушiсiне" деген сөздерден кейін "немесе банк басшысының бұйрығымен арнайы тағайындалған лауазымды тұлғаға" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші сөйлемдегі "банк" деген сөзден кейін "(банк филиалы)" деген сөздермен толықтырылсын;

      124-тармақтың бірінші абзацының бірінші сөйлеміндегі "Касса меңгерушiсiне" деген сөздерден кейін "немесе банк басшысының бұйрығымен арнайы тағайындалған лауазымды тұлғаға" деген сөздермен толықтырылсын;

      126-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Банкоматтарды толтыру бойынша операцияларды арнайы бөлінген кассир немесе арнайы тағайындалған банк қызметкері инкассаторлардың еріп баруымен орындауы мүмкін.";

      4-бөлім алынып тасталсын;

      144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "144. Клиенттерден және банктің бөлімшелерінен ақша түсімін қабылдау және жинау үшін, клиенттерге және банктің бөлімшелеріне қолма-қол ақша мен басқа да құндылықтарды жеткізу үшін, қолма-қол ақша және басқа да құндылықтар бар банктің клиенттері мен қызметкерлеріне ілесіп жүру үшін, қолма-қол ақшаны және басқа да құндылықтарды тасымалдау, сақтау және өткізу үшін банктер уәкілетті орган немесе Ұлттық Банк берген лицензия негізінде инкассация қызметін құрады не өзінің инкассация қызметі бар басқа банктермен немесе инкассация бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен шарт жасайды.";

      145-тармақта:

      "құрамында" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Ұлттық почта операторының арнайы байланыс қызметінің құрамында" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Ұлттық почта операторының қолма-қол ақша мен құндылықтарды инкассациялау бойынша арнайы байланыс қызметін ұйымдастыру осы бөлімде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.";

      146-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Ұлттық почта операторының арнайы байланыс қызметінің қызметкерлеріне (фельдъегерь, фельдъегерь-жүргізуші) құндылықтарды инкассациялау және тасымалдау бойынша операцияларды арнаулы жіберілімдерді тасымалдаумен және жеткізумен қоса атқаруына жол беріледі.";

      150-тармақ мынадай мазмұндағы 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) өмірбаяны;

      9) жеке парағы;

      10) лауазымдық нұсқаулығы;

      11) жеке куәлігінің көшірмесі.";

      156-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы алынып тасталсын;

      20-тараудың атауында "Ақша түсiмi" деген сөздер "Құндылықтар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      170 және 171-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "170. Демалыс немесе мереке күндерi кешкі касса жұмыс істемеген кезде немесе банкте кешкі касса болмағанда, маршруттан қоржындарды жеткізген инкассаторлардың жауапкершiлiгiнде құндылықтар салынған қоржындарды сақтау тәртiбiн Ереженің 171-тармағында көзделген талаптар мiндеттi түрде сақталған жағдайда банк белгiлеуi мүмкiн.

      171. Құндылықтар салынған қоржындарды сақтау арнайы бөлінген қоймаларда немесе осы мақсатқа арналған бөлмедегі сейфтерде инкассаторлардың жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Инкассация қызметiнiң басшысы (кезекшi инкассатор) инкассаторлар бригадасының жұмысы басталар алдында бригада басшысына және жинаушы инкассаторға келу карточкаларын, қоржындарды, мөрлердi және ақша түсімін жинауға сенiмхаттарды есепке алу журналына (Ережеге N 26 қосымша) қол қойғыза отырып металл мөрлердi және қойманың немесе сейфтердің кілттерін бередi.

      Қойма немесе сейф 2 (екi) кiлтпен жабылады, осы адамдардың мөрлері қойылып, қоймаларды, жанбайтын сейфтердi және басқа ақша сақтау орындарын ашуға, жабуға және мөр қоюға рұқсат етiлген адамдарға бақылау журналына (Ережеге N 29 қосымша) қол қойғыза отырып күзетке өткiзедi. Журнал инкассаторлар бригадасының басшысында сақталады.";

      172-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Инкассаторлар инкассацияланған құндылықтармен бiрге сейфтердiң бiрiне келу карточкаларын, жапсырма қағаздарды, сенiмхатты, мөрдi, қызмет куәлiгiн, байланыс құралдарын, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын салып, жауып қояды.";

      173-тармақтың екінші абзацында "арналған" деген сөз алынып тасталсын;

      174-тармақта "инкассациялаған ақша түсiмi" деген сөздер "инкассациялаған құндылықтар" деген сөздермен ауыстырылсын

      175-тармақта:

      мемлекеттік тілдегі мәтінінде "қайта санау" деген сөздер жоқ;

      "ақша түсiмi" деген сөздер "құндылықтар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      177-тармақта:

      "бiр жолғы сенiмхат" деген сөздер "бір жыл мерзімге сенімхат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      178-тармақта:

      екінші абзацтың екінші сөйлемінде "жiберушi банктiң орауымен," деген сөздер алынып тасталсын;

      төртінші абзацта "бумаларды" деген сөзден кейін "және ресімдеуді" деген сөздермен толықтырылсын;

      180-тармақта мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Инкассаторлар қабылдаған құндылықтарды осы Ереженің 171-тармағында көзделген талаптарды орындай отырып, қоймаларда не сейфтерде жауапты сақтауға жол беріледі.";

      183-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "183. Құндылықтарды автомобиль көлігімен тасымалдау Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиiсiнше түрлi-түстi графикалық схемаға сай боялған және арнайы радиобайланыс құралдарымен және тасымалданатын құндылықтар мен инкассация қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған басқа да құрал-жабдықтармен жабдықталған инкассация қызметiнiң арнайы автомобильдерімен ғана жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2 және 21-3 тараулармен толықтырылсын:

      "21-1 тарау. Құндылықтарды темір жол және авиация көлігімен тасымалдау

      185-1. Құндылықтарды автомобиль көлігімен тасымалдау мүмкін емес болғанда құндылықтарды банк филиалдарынан темір жол және авиация көліктерімен жеткізуге және әкетуге жол беріледі. Құндылықтарды тасымалдау тікелей бағыттағы поездармен және әуе кемелерімен ғана жүзеге асырылады.

      185-2. Алынған өтінімдер негізінде құндылықты жөнелтетін банктің басшысы құндылықты алатын банктің атауын, соманы, жеткізу күнін және тәсілін көрсете отырып оларды тасымалдау жөніндегі өкімге қол қояды.

      185-3. Құндылықтарды инкассаторларға беру Ереженің 178-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Инкассаторлар бригадасы құндылықтарды авиация көлігімен тасымалдаған кезде екі адамнан кем болмайды, ал құндылықтарды темір жол көлігімен тасымалдаған кезде - үш адамнан кем болмайды.

      185-4. Инкассаторлар бригадасын темір жол вокзалына және әуежайға инкассация қызметінің арнайы автомобильдерімен ғана апарған жөн.

      Инкассаторлар бригадасын поезд немесе әуе кемесі жөнелтілетін жерге дейін алып баратын инкассатор жүргізуші көлікке отырғызуды қадағалайды және поездың немесе әуе кемесінің жөнелтілгеніне көз жеткізгенде ғана ол жерден кетеді.

      185-5. Межелі жерге темір жол немесе авиация көлігімен келген кезде құндылықты алатын банк инкассаторлар бригадасын инкассация қызметiнiң арнайы автомобильдерімен күтіп алуды қамтамасыз етеді.

      185-6. Жеткізілген құндылықтарды банктің лауазымды тұлғалары қабылдап алады және дәл сол күні банктің кассасына есепке алынады. Банктің басшысы құндылықтарды инкассаторлардан тәуліктің кез келген уақытында қабылдап алуды қамтамасыз етеді. Инкассаторлар жеткізген, бірақ дәл сол күні банк кассаға есепке алмаған құндылықтар Ереженің 5-бөлімінің 20-тарауына сәйкес құндылықтарды жеткізген инкассаторлардың жауапкершілігінде сақталады.

      21-2 тарау. Қолма-қол ақшаны және басқа да құндылықтарды банктің клиенттеріне жеткізу

      185-7. Қолма-қол ақша банк клиентіне алдын ала ұсынылған немесе банкке инкассаторлар арқылы берілген чек немесе шығыс ордері бойынша жеткізілуі мүмкін.

      185-8. Банк клиентке және инкассация қызметінің басшысына қолма-қол ақша салынған қапшықтарды пломбалау үшін пайдаланылатын, касса меңгерушісі растаған, пломбирлердің бедерi анық пломбалар үлгісін береді.

      Клиенттерге жеткізу үшін қолма-қол ақшаны алдын ала дайындау Ереженің 2-бөлімінің 5-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      185-9. Инкассаторлар жеткізген қолма-қол ақшаны қабылдау үшін заңды тұлға-клиенттің басшысының бұйрығы негізінде заңды тұлғаның уәкілетті өкілдерінің ішінен кемінде үш адам болатын комиссия құрылады. Бұйрықтың көшірмесі шартпен бірге банкте сақталады. Комиссия құрамы өзгерген жағдайда бұл туралы инкассация қызметіне алдын ала хабарланады.

      Қолма-қол ақшаны алған кезде комиссия мүшелері инкассаторға бұйрықты және жеке басын куәландыратын құжатты, ал ұйымның кассирі - чектің бақылау маркасын береді. Инкассатор бақылау маркасы нөмірінің қапшыққа жапсырма құжатта көрсетілген чектің нөміріне сәйкес келуін тексереді. Чектің бақылау маркасы инкассаторға беріледі.

      185-10. Клиенттің кассирі комиссия мүшелерінің және инкассаторлардың қатысуымен ақшаны қабылдайды. Қабылдау кезінде қапшықтар (қоржындар) пломбаланған пломбадағы пломбирлер бедерінің анықтығы, олардың банк берген үлгіге сәйкестігі және қаптың (қоржынның) бүтіндігі тексеріледі.

      Қолма-қол ақша салынған қапшық (қоржын) бүтін болмаған, пломбасы бүлінген немесе оның үлгісіне сәйкес келмеген жағдайда тиісті акт жасалады.

      Комиссия мүшелері қолма-қол ақшаны бұдан әрі қабылдауды инкассаторлардың қатысуымен бумалар және түбіршектер бойынша жүргізеді.

      Бумалар және түбіршектер бойынша қабылдау кезінде артық шығу немесе кем шығу анықталған жағдайда акт (Ережеге N 7 қосымша) жасалады, оған комиссия мүшелері, кассир және инкассаторлар бригадасының басшысы қол қояды және инкассаторлардың қатысуымен клиент-заңды тұлғаның кассирі жеткізілген барлық қолма-қол ақша банкноталарын парақтап қайта санайды және монеталарды бір-бірлеп қайта санайды.

      Тараптар арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес клиенттің жеткізілген қолма-қол ақшаны қабылдаудың өзге де тәртібін белгілеуге рұқсат етіледі.

      185-11. Инкассатордың заңды тұлға-клиентке қолма-қол ақшаны жеткізгенін растайтын құжат жасалған шартқа сәйкес банк кассасының меңгерушісіне ұсынылған чектің бақылау маркасы не шығыс ордеріне белгі қою болып табылады.

      Клиент алмаған (қабылдамаған) қолма-қол ақшаны инкассаторлардан қабылдау белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады және жеткізілген құндылықтарды инкассалау қызметінің кітабында касса меңгерушісінің қолхатымен ресімделеді (Ережеге N 33 қосымша).

      21-3 тарау. Банк клиенттерін қолма-қол ақшамен және құндылықтармен алып жүру

      185-12. Банк клиенттерін қолма-қол ақшамен және құндылықтармен алып жүру алып жүруге жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады. Инкассация қызметі бөлімшесінде алып жүру бойынша қызмет көрсетілетін клиенттердің тізімі жүргізіледі.

      185-13. Клиент алып жүруге өтінімді алдын ала береді, ол инкассация қызметі бөлімшесінің басшысына беріледі. Жекелеген жағдайларда, клиенттің өтініші бойынша клиенттер қолма-қол ақшаны және құндылықтарды алған сәтінде инкассация қызметі басшысының шешімі бойынша алдын ала өтінім берместен клиентті алып жүруді инкассатор жүзеге асырады.

      Инкассация қызметінің басшысы алып жүруге түскен өтінімдерге сәйкес:

      1) инкассаторлардың маршруттары және клиенттерге келу кестесін жасайды;

      2) көрсетілген жұмысты орындағаны жөнінде құжаттама ресімдейді;

      3) бригада қалыптастыруды жүзеге асырады.

      Бір клиентті алып жүру кезінде инкассаторлар бригадасының сандық құрамы кемінде екі адамнан, басқа жағдайларда - үш адамнан кем болмайды.

      185-14. Операцияны орындау басталмастан бұрын инкассаторлар бригадасының басшысы жеке басын куәландыратын құжатын көрсете отырып клиентпен танысады. Клиент барлық құжаттардың бар екендігін тексергеннен кейін, инкассатор клиентті арнайы автомобильге дейін алып барады.

      185-15. Қолма-қол ақшамен және құндылықтармен клиентті алып жүру бойынша жұмыс кезінде инкассаторлардың автомобиль салонынан шығуына үзілді-кесілді тыйым салынады. Инкассаторлар қолма-қол ақшаны және құндылықтарды алуға, орауға, тасымалдауға қатыспайды және оның ішіндегілердің толық болуына жауапкершілік атқармайды.

      Бір автомобильмен бірнеше клиентке қызмет көрсеткен кезде құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін инкассаторлар бригадасының басшысы жүргізушімен бірге автомобиль салонында қалады, ал инкассатор (инкассаторлар) клиентті касса үй-жайына дейін алып барады.

      185-16. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды межелі жерге жеткізгеннен кейін клиент инкассация қызметінің келу карточкасына (Ережеге N 13 қосымша) алып келу бойынша жұмысты жүзеге асырғаны туралы қол қояды, оны клиент заңды тұлғаның кассирінің және бас бухгалтерінің/басшысының қолымен куәландырып, заңды тұлға - клиенттің мөрін қояды. Банкке келгеннен кейін инкассаторлар бригадасының басшысы инкассация қызметінің басшысына келу карточкасын береді.";

      189-тармақтың бірінші сөйлемінде "және валюталық құндылықтар жолдама актiсi (Ережеге N 34-қосымша)" деген сөздер алынып тасталсын;

      222-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "222. Шетел валютасы банкнотасының тозуын айқындау тәртібі тиісті мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.";

      239-тармақтың бірінші абзацының екінші сөйлемінде "айырбастау пункттерiнiң басқа қызметкерлерiне" деген сөздерден кейін "(жеке басының куәлігі болған кезде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      248-тармақтың 2) тармақшасында "валюталық құндылықтар салынған қоржынды алуға" деген сөздер алынып тасталсын;

      256-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "256. Сейфті (орынды) жалдау шарты он алты жасқа толған адамдармен жасалады.";

      274-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кiлттiң немесе кiру рұқсатының жоғалғаны туралы клиент өтініш берген кезде сейф (орын) клиенттiң қатысуымен ашылады.";

      үшінші абзац алынып тасталсын;

      275-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "275. Клиент кiлттi жоғалтқанда, сейфтi (орынды) ашудың, қайта жасаудың немесе құлыпты ауыстырудың тәртібі сейфтi (орынды) жалға алу шартымен реттеледі.";

      307-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "307. Құндылықтардың сақталуына жауапты кемінде үш лауазымды тұлғаға жауапкершілікті міндетті түрде жүктей отырып, банктің ішкі құжаттарында белгіленген және бекіту құрылғыларының техникалық сипаттамаларына сәйкес банк құндылықтары қоймасын жабудың өзге де тәртібін пайдалануға жол беріледі.";

      309-тармақ мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгермейді;

      319-тармақтың бірінші абзацының екінші сөйлемі мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгермейді;

      321-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) банктің құндылықтарын сақтауға жауапты лауазымды тұлғалар уақытша ауысқан кезде;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) басқа жағдайларда, банк басшысының қалауы бойынша (құндылықтарды жоспардан тыс ревизиялау және басқалары).";

      332-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кілттер мен мөрлердің болуы туралы, сондай-ақ кілттерді, мөрлерді, мөртабандарды, пломбирлерді беру мен өткізуді есепке алу жөніндегі мәліметтер;";

      мынадай мазмұндағы 1-1-қосымшамен толықтырылсын:

  "Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктерінде
және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарда касса, сейф
операцияларын, банкноталарды,
монеталарды және құндылықтарды
жүргізу ережесіне 1-1-қосымша

Қолма-қол ақша жарнасына хабарландыру

Кімнен ________________________________________________________

(мемлекеттік органның атауы)

Кім арқылы ____________________________________________________

(мемлекеттік орган өкілінің аты-жөні)

СТН ___________________________________________________________

(мемлекеттік орган)

Мемлекеттік органның мекен-жайы және телефоны _________________

_______________________________________________________________

Бенефициар _________________ ЖБК ________ СТН _________________

(салық комитеті) (салық комитеті)

Бенефициар банк _________________________ ББК _________________

(Қазынашылық комитеті)

Төлемнің атауы

БЖК

ТБК

Сомасы

















БАРЛЫҒЫ (Сомасы жазумен):

Қолы ___________________________________________________________

(мемлекеттік органның өкілі)

Ақшаны қабылдадым, кассир __________Күні ______________ 200_ жыл

(кесу сызығы)

Түбіртек

Кімнен ________________________________________________________

(мемлекеттік органның атауы)

Кім арқылы ____________________________________________________

(мемлекеттік орган өкілінің аты-жөні)

СТН ___________________________________________________________

(мемлекеттік орган)

Мемлекеттік органның мекен-жайы және телефоны _________________

_______________________________________________________________

Бенефициар _________________ ЖБК ________ СТН _________________

(салық комитеті) (салық комитеті)

Бенефициар банк _________________________ ББК _________________

(Қазынашылық комитеті)

Төлемнің атауы

БЖК

ТБК

Сомасы

















БАРЛЫҒЫ (сомасы жазумен):

Қолы ___________________________________________________________

(мемлекеттік органның өкілі)

Ақшаны қабылдадым, кассир ____________ Күні ___________ 200_ жыл

Мөрдің орны

 
  ";

      мынадай мазмұндағы 1-2-қосымшамен толықтырылсын:

  "Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктерінде
және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарда касса, сейф
операцияларын, банкноталарды,
монеталарды және құндылықтарды
жүргізу ережесіне 1-2-қосымша

Қолма-қол ақша жарнасына арналған хабарландыру

Кімнен ________________________________________________________

(мемлекеттік мекеменің атауы)

Кім арқылы ____________________________________________________

(Мемлекеттік мекеме өкілінің аты-жөні)

СТН __________________________________________

(мемлекеттік мекеме)

Бенефициардың ЖБК ____________________________

Бенефициардың СТН ____________________________

Бенефициар банк ______________________________

Бенефициар банктің ББК _______________________

Жарнаның атауы

БЖК

ТБК

Қызмет көрсету түрі

Сомасы











БАРЛЫҒЫ (сомасы жазумен):

Қолы ___________________________________________________________

(мемлекеттік мекеменің өкілі)

Ақшаны қабылдадым, кассир____________ Күні ___________ 200_ жыл

(кесу сызығы)

Түбіртек

Кімнен ________________________________________________________

(мемлекеттік мекеменің атауы)

Кім арқылы ____________________________________________________

(Мемлекеттік мекеме өкілінің аты-жөні)

СТН _____________________________________

(мемлекеттік мекеме)

Бенефициардың ЖБК _______________________

Бенефициардың СТН _______________________

Бенефициар банк _________________________

Бенефициар банктің ББК ___________________

Төлемнің атауы

БЖК

ТБК

Қызмет көрсету түрі

Сомасы
















БАРЛЫҒЫ (сомасы жазумен):

Қолы ___________________________________________________________

(мемлекеттік мекеменің өкілі)

Ақшаны қабылдадым, кассир ____________ Күні ___________ 200_ жыл

Мөрдің орны

 
  ";

      мынадай мазмұндағы 2-1-қосымшамен толықтырылсын:

  "Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктерінде
және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарда касса, сейф
операцияларын, банкноталарды,
монеталарды және құндылықтарды
жүргізу ережесіне 2-1-қосымша

      Бюджеттік жіктеу коды бойынша төлемдер тізілімі ___________

      N _____ 20___ жылғы "____" _________________

      (банктің операциялық күнгі құжаттың нөмірі, күні)

Р/с N

Төлеу-

шінің

СТН

Салық төлеушінің аты-жөні

Түбіртек нөмірі

Түбіртектің күні

БЖК

ТБК

Сомасы

(теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8


















      ";

      N 3-8 қосымшалардың жоғары оң жақтағы бұрышында:

      "N" белгісі алынып тасталсын;

      "касса операцияларын" деген сөздер "касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      N 10 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктерінде
және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарда касса, сейф
операцияларын, банкноталарды,
монеталарды және құндылықтарды
жүргізу ережесіне 10-қосымша

      _______________________________________________________

      (банктiң атауы)

      Операция кассасының қолма-қол ақшасын және ұлттық

      валютадағы басқа да құндылықтарды есепке алу

      КIТАБЫ

      "______"___________________ ж. басталды

      "______"___________________ ж. аяқталды

      Осы кітаптағы жазбалар кiтапты толық пайдаланғанға дейiн жүргізіледі

Шоттың

нөмірі

Ұлттық

валю-

тамен

қолма-

қол

ақша

және

басқа да

құнды-

лықтар

Құндылықтар қозғалысы

200___ жылғы

_______ қалдық

200___ жылғы_______ айналымдар

200___ жылғы

_______ қалдық

Кіріс

Шығыс

Саны

Со-

масы

Саны

Со-

масы

Саны

Со-

масы

Саны

Со-

масы






















      ";

      N 11-28 қосымшалардың жоғары оң жақтағы бұрышында:

      "N" белгісі алынып тасталсын;

      "касса операцияларын" деген сөздер "касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      N 29 қосымшада:

      оң жақ жоғары бұрышында:

      "N" белгісі алынып тасталсын;

      "касса операцияларын" деген сөздер "касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бұл өзгерістің мемлекеттік тілдегі мәтініне қатысы жоқ;

      N 30-32 қосымшалардың жоғары оң жақтағы бұрышында:

      "N" белгісі алынып тасталсын;

      "касса операцияларын" деген сөздер "касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      N 33 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктерінде
және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарда касса, сейф
операцияларын, банкноталарды,
монеталарды және құндылықтарды
жүргізу ережесіне 33-қосымша

      Инкассация қызметінің жеткізілетін құндылықтар кiтабы

Кү-

ні

Мар-

шрут

нө-

мірі

(кү-

ні)

Бри-

гада

құ-

рамы

(аты

-жө-

ні)

Ұйымның

атауы

(мекен-

жайы)

(касса

бөлім-

шесінің

басшысы

толты-

рады)

Жеткі-

зілетін

қолма-

қол

ақша

сомасы

(касса

бөлім-

шесінің

бас-

шысы

толты-

рады)

Инкас-

сатор-

лардың

құнды-

лық-

тарды

қабыл-

дағаны

туралы

белгі

Ұйым-

ның

құн-

дылық-

тардың

жеткі-

зіл-

гені

туралы

белгісі

(қолы,

мөрі)

Касса

бөлім-

шесі

басшы-

сының

қабыл-

дан-

баған

қор

жын-

дарды

қабыл-

дағаны

туралы

белгі

Инкас-

сация

қызметі

басшы-

сының

тапсы-

рманы

орын-

дағаны

туралы

белгісі




















      ";

      N 34-36 қосымшалардың жоғары оң жақтағы бұрышында:

      "N" белгісі алынып тасталсын;

      "касса операцияларын" деген сөздер "касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      N 37 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктерінде
және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарда касса, сейф
операцияларын, банкноталарды,
монеталарды және құндылықтарды
жүргізу ережесіне 37-қосымша

      _______________________________________________________

      (банктiң атауы)

      Ақша қоймасындағы шетел валютасын, төлем құжаттарын және

      шетел валютасындағы басқа да құндылықтарды есепке алу

      КIТАБЫ

      "______"___________________ ж. басталды

      "______"___________________ ж. аяқталды

      Осы кітаптағы жазбалар кiтапты толық пайдаланғанға дейiн жүргізіледі

Шоттың

нөмірі

Шетел валютасының және шетел валютасындағы басқа да құндылықтардың атауы

Құндылықтар қозғалысы

200___ жылғы _______ қалдық

200__ жылғы _____айналым

200___ жылғы _______ қалдық

Кіріс

Шығыс














      ";

      N 38-46 қосымшалардың жоғары оң жақтағы бұрышында:

      "N" белгісі алынып тасталсын;

      "касса операцияларын" деген сөздер "касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):

      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) және "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А.Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк

      Төрағасы

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      2006 жылғы 19 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Экономикалық қылмысқа және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      күрес агенттігінің

      (қаржы полициясының) төрағасы

      2006 жылғы 21 қаңтар