Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына кассалық операцияларды жүргізу кезінде автоматтандырылған кассаны қолдану және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді, жайластыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 65 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5843 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кассалық операциялар жүргізу тәртібін айқындайтын және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына кассалық операцияларды жүргізу кезінде автоматтандырылған кассаны қолдану және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Шегенов Ғ.Б.)
      1) Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                     Г. Марченко

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
      реттеу мен қадағалау агенттігі
      Төрайым Бахмутова Е.Л.
      2009 жылғы 14 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрлігі
      Министр Божко В.К.
      2008 жылғы 3 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі
      Министр Баймағанбетов С.Н.
      2008 жылғы 29 қыркүйек

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 24 шілдедегі   
N 65 қаулысына қосымша    

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулыларының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1482 тіркелген, 2001 жылғы 23 сәуір - 6 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми басылымы "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысында" жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4048 тіркелген, 2006 жылғы 17 ақпанда N 28-29 (835) "Заң газеті" газетінде жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы  N 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5483 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 94 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесінде:
      11-тармақта:
      23) тармақшадағы "." деген белгі ";" деген белгімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      "24) автоматтандырылған касса - автоматтандырылған басқару құрылғыларын және бағдарламалық қамтамасыз ету пайдалана отырып қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және беру бойынша электрондық-механикалық жабдық.";
      76-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші және үшінші сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Бір күнгі кассалық айналымдар туралы есепті қалыптастыруды орындайтын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланған кезде есептеу лентасы қолданылмайды. Бұл жағдайда папкаға кассалық құжаттардың алдында бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен қалыптастырылған есеп тігіледі."
      125-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Инкассаторларға келесі күні беру үшін алдын ала дайындалған, қолма-қол ақша салынған касеталар қоймада қолма-қол ақшадан бөлек сақталуы тиіс";
      130-тармақтың екінші бөлігінің үшінші сөйлемі алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1-тараумен толықтырылсын:

"15-1-тарау. Автоматтандырылған кассамен жұмысты ұйымдастыру және тәртібі

      132-1. Банктер және ұлттық почта операторы кассалық операцияларды осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізген кезде автоматтандырылған касса қолданылуы мүмкін.
      132-2. Автоматтандырылған кассамен жұмыс тәртібі, қолма-қол ақшаны толықтыру және инкассациялау, техникалық қызмет көрсету осы Ереженің 15-тарауындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Кассалық операцияларды автоматтандырудың ішкі банктік жүйелерінде автоматтандырылған кассаны қолданған кезде кассалық операцияларды осы Ережеде көзделмеген ұйымдастыру тәртібі банктің ішкі ережесімен анықталады.
      132-3. Автоматтандырылған касса жүргізілген операциялар туралы ақпаратты қағаз тасымалдауышқа басып шығару мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Қағаз тасымалдауышқа басып шығарылған ақпарат чектер (түбіртектер) ретінде пайдаланылады. Автоматтандырылған кассаның чектерінің (түбіртектерінің) нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5526 тіркелген "Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу туралы" 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 117 қаулысында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
      132-4. Банк, клиент және инкассация қызметі арасында автоматтандырылған кассаны қолдану кезінде туындайтын дауларды шешу тәртібі банктің ішкі ережесінде белгіленеді.";
      160-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Инкассатор қаптарын (қоржындарын) орау үшін қорғасын және пластик пломбаларды пайдалануға рұқсат етіледі. Пломбаларды пайдалану тәртібі банктің ішкі ережесімен айқындалады.";
      221-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші сөйлемі "төлем құжаттары" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ төлем жасалмайтын және айналымға жарамсыз шетел валютасындағы банкноттар" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Кассир клиенттен төлемге жарамды екендігіне күмән келтіретін шетел валютасындағы банкноттарды және төлем құжаттарын, сондай-ақ төлем жасалмайтын және айналымға жарамсыз шетел валютасындағы банкноттарды қабылдап алып, клиентке өзінің қолы қойылып, мөрмен куәландырылған түбіртекті береді.";
      300-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) төлем құжаттары (чектер, вексельдер) және пластикалық және өзге де карточкалар;";
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) банкоматтарға арналған қолма-қол ақша салынған касеталар;";
      13-қосымшаның кестесінде
"

Ақша түсімі салынған қоржынның

Қоржынға салынған ақша сомасы

теңге

                                     "
деген бағандар
"

Қоржынға салынған ақша сомасы

қоржын
N

теңге

қоржын
N

АҚШ доллары

қоржын
N

еуро

қоржын
N

Ресей рублі

                                                                    "
деген бағандармен ауыстырылсын;
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2062 тіркелген; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3643 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметінде лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 14 сәуірден N 46, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3935 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 18 қазандағы N 128, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4551 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 6, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5071 тіркелген, 2008 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында N 1 жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 қарашадағы N 131, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5483 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 94 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесінде:
      жоғарғы оң жақтағы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысымен бекітілген";
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4817 тіркелген, "Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптар туралы" (бұдан әрі - Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптар)  2007 жылғы 28 мамырдағы N 56 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес келетін үй-жай мен жабдықтың болуы;";
      8-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереженің 5-тармағында көзделген техникалық іс-шараларды орындау туралы қорытындыны филиал Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарда көзделген тәртіппен, заңды тұлғадан Ұлттық Банкке өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалға жіберетін тапсырмасы бойынша береді.";
      үшінші бөліктегі "Осы Ережеге 2-қосымшада" деген сөздер "Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақтағы "Осы Ережеге 2-қосымшада" деген сөздер "Үй-жайларды күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-қосымша алынып тасталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 106 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4468 тіркелген, 2006 жылғы 13 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4970 тіркелген, 2007 жылғы 15 қарашада N 175 (1204) "Заң газеті" газетінде жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 111, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5503 тіркелген, 2009 жылғы 4 ақпанда N 17 (1440) "Заң газеті" газетінде жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 105 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінде:
      26-тармақтың бірінші абзацында:
      "банктердің," деген сөз "банктердің және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "нұсқаулықты" деген сөз "талаптарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 56 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4817 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыпта:
      "банктердің," деген сөз "банктердің және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "нұсқаулықты" деген сөз "талаптарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      "банктердің," деген сөз "банктердің және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "нұсқаулық" деген сөз "талаптар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Нұсқаулық" деген сөз "Талаптар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      жоғарғы оң жақтағы бұрыштағы "бекітілді" деген сөз "бекітілген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      тақырыпта:
      "НҰСҚАУЛЫҚ" деген сөз "Талаптар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "банктердің," деген сөз "банктердің және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "Осы Нұсқаулық" деген сөздер "Осы Талаптар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 және 6-тармақтардағы "осы Нұсқаулықпен" деген сөздер "осы Талаптармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы "осы Нұсқаулықтың" деген сөздер "осы Талаптардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтың екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалады;
      14 және 15-тармақтардағы "осы Нұсқаулықтың" деген сөздер "осы Талаптардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

"4-тарау. Үй-жайлардың банк операцияларын жүргізу үшін дайындық дәрежесі туралы қорытынды беру тәртібі

       16. Объектінің үй-жайларының осы Талаптарға сәйкес келуі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) филиалы осы Талаптардың 2-1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша, Объектінің үй-жайларын тексеру нәтижесі негізінде береді.
      Тексеруді Ұлттық Банктің филиалы Объектінің өтініші немесе Ұлттық Банктің тапсырмасы бойынша жүргізеді.
      Қорытынды алу үшін үй-жайларға тексеру жүргізу туралы өтініш берген кезде өтініш беруші үй-жайды жалдау туралы шарттың немесе меншік құқығын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін беруі тиіс.
      Автоматтандырылған касса пайдаланылатын үй-жайларға тексеру жүргізілген кезде Тексеру актісінде автоматтандырылған касса бар үй-жайдың орналасуы туралы ақпарат көрсетіледі.
      Үй-жайларды тексеру нәтижесі бойынша осы Талаптардың 2-2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Тексеру актісі жасалады.
      17. Қорытынды және тексеру актісі екі данада жасалады. Ұлттық Банктің тапсырмасы бойынша тексеру жүргізілген кезде қорытынды және тексеру актісі үш данада жасалады және өтініш берушіден өтініш түскен немесе Ұлттық Банктен тапсырма түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі. Қорытынды мен тексеру актісі бір данадан өтініш берушіге беріледі, бір данадан Ұлттық Банктің филиалында қалады, тексеру Ұлттық Банктің тапсырмасы бойынша жүргізілген кезде бір данадан Ұлттық Банкке жіберіледі.
      Тексеру актісіне үй-жайды тексерген тұлғалар қол қояды, Ұлттық Банк филиалының басшысы немесе оның орнындағы тұлға бекітеді және мөрмен куәландырылады.
      Ұлттық Банктің филиалының фирмалық бланкісіндегі қорытындыға филиал басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және мөрмен куәландырылады.
      17-1. Үй-жайлардың осы Талаптарға сәйкес келуі туралы қорытындысы берілген үй-жайлардың орналасқан жері өзгерген кезде Объектінің басшысы күнтізбелік отыз күн ішінде Ұлттық Банкке хабарлайды және жаңа мекен-жайдағы үй-жайлардың осы Талаптарға сәйкес келуі туралы жаңа қорытынды алу үшін үй-жайларды жалдау туралы шарттың немесе меншік құқығын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін береді.
      17-2. Осы Талаптарға сәйкес үй-жайларға қойылатын талаптардың ауытқуына әкеп соғатын үй-жайларды қайта құру, қайта жайғастыру немесе өзге де жұмыстарды жүргізген кезде Объектінің басшысы көрсетілген жұмыстар аяқталған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде үй-жайлардың осы Талаптарға сәйкес келуі туралы жаңа қорытынды алу үшін үй-жайларға тексеру жүргізу туралы өтініш береді.
      Үй-жайлардың Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуі туралы осы Талаптар қолданысқа енгізілгенге дейін берілген қорытынды, егер Объектінің осы Талаптар қолданысқа енгізілгенге дейін жобаланған, тұрғызылған үй-жайлары осы Талаптар қолданысқа енгізілгеннен кейін қайта құрылмаса, қайта жайғастырылмаса жаңа қорытынды алуды талап етпейді.";
      24-тармақтың екінші бөлігіндегі "осы Нұсқаулықтың" деген сөздер "осы Талаптардың" деген сөздермен ауыстырылсын;.
      26-тармақтың бірінші бөлігінде:
      3) тармақшада:
      екінші абзацтағы "осы Нұсқаулықтың" деген сөздер "осы Талаптардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "банкноталар мен монеталарды санау бойынша операцияларды орындаған жағдайда банкноталар мен монеталарды санау кассасы;";
      жетінші абзацтағы ";" деген белгі "." деген белгімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Кассалық операциялар тек автоматтандырылған касса пайдаланылып жүзеге асырылатын филиалдың үй-жайында операциялық кассаның болуы талап етілмейді;";
      4) тармақшада:
      "." деген белгі ";" деген белгімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте егер кассалық операциялар тек автоматтандырылған касса пайдаланылып жүзеге асырылатын болса, операциялық касса үй-жайының болуы да талап етілмейді";
      27-тармақта:
      16) тармақшадағы "." деген белгі ";" деген белгімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      "17) модульді түрдегі қойманы (сейфтік конструкцияны) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды орындау үшін аккредиттелген заңды тұлғаның сәйкестік сертификаты болған кезде пайдалануға рұқсат етіледі;";
      29-тармақтың 2) тармақшасының бірінші сөйлемінде "осы Нұсқаулықтың 27-тармағының талаптарына" деген сөздер "осы Талаптардың 27-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31-тармақта:
      3) тармақшада:
      "6" деген цифр "4" деген цифрмен ауыстырылсын;
      "кабиналардың" деген сөз "операциялық кассалардың (кабиналардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "және жабылатын есігі бар оқшау дәлізге шығуы тиіс" деген сөздер алынып тасталсын;
      12) тармақшаның бірінші сөйлемінде "соққыға төзімді" деген сөздер "қорғаныш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) операциялық кассаның (кабинаның) қолданылатын қорғанышты әйнектелуі, қоршау материалдары мен оқтан қорғайтын конструкцияларының немесе модульдік блоктарының Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды орындау үшін аккредиттелген заңды тұлғаның сәйкестік сертификаттары болуы тиіс";
      мынадай мазмұндағы 33-1, 33-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "33-1. Осы Талаптардың 26 - 30, 32, 33-тармақтарында белгіленген талаптар осы Талаптар қолданысқа енгізілгенге дейін жобаланған, салынған және осы Талаптар қолданысқа енгізілгеннен кейін қайта құрылмаған, қайта жайғастырылмаған үй-жайларға да қолданылады.
      33-2. Осы Талаптар қолданысқа енгізілгенге дейін жобаланған, салынған және осы Талаптар қолданысқа енгізілгеннен кейін қайта құрылмаған, қайта жайғастырылмаған операциялық кассалардың (кабиналардың) үй-жайлары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) операциялық кассалар (кабиналар) қайта санау кассаларына тікелей жақын орналастырылады және құндылықтар салынған арбамен қауіпсіз тасымалдауға арналған жолдар болуы тиіс;
      2) операциялық кассалардың (кабиналардың) саны объектіні жобалауға арналған тапсырмамен анықталады;
      3) операциялық кассалардың (кабиналардың) алаңы 6 шаршы метрден кем болмауы тиіс;
      4) операциялық кассалардың (кабиналардың) шеті касса торабына шығып тұруы және клиенттердің кассаларға келуі үшін ыңғайлылығы қамтамасыз етілетіндей болып орналастырылуы тиіс;
      5) операциялық кассаларға (кабиналарға) кіретін есіктердің ені 900 мм болып, бекітілетін есікпен дербес дәлізге шығуы тиіс;
      6) әрбір операциялық касса (кабина) екі электр розеткасымен жабдықталады: біреуі үй-жайды жерге қосудың жалпы контурымен біріктірілген, жерге қосумен байланыстырылған, екіншісі - әдеттегідей;
      7) операциялық кассаларды (кабиналарды) жағалай бөгеулер орнатылады, еденнен 1000 мм биіктікте клиенттердің құжаттар толтыруы үшін ені 450 мм көлденең ағаш панель орнатылады;
      8) операциялық кассалар (кабиналар) биіктігі көлденең тұрғызылған панельден 1000 мм кем емес күңгірт шынымен әйнектелуі тиіс;
      9) әйнектелген қоршаудағы терезе клиентке ақша қабылдауды бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
      10) операциялық кассалар (кабиналар) арасындағы қалқалар кассир үстелінің үстінен әйнектелуі және жақсы көрінетін болуы тиіс;
      11) құжаттарды және берілген сомаларды санау үшін бөгеу арнайы тасымалдағыш құрылғымен (бастапқы жағдайда кассир жақтан қол жеткізуге, клиенттер жақтан құжаттар мен ақша берген кезде ашық болатын механикалық қабылдағыш бункер) немесе ішкі жағынан жабылатын әйнектелген қоршаудағы тереземен жабдықталады.";
      35-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

"6-1-тарау. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізуге қажетті техникалық талаптар

       35-1. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу үшін екінші деңгейдегі банктің және қызметінің ерекше түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаның (бұдан әрі - инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға) мынадай оқшауланған үй-жайлары болуы тиіс:
      1) "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына сәйкес жабдықталған қызметтік қару-жарақты және оларға арналған оқ-дәріні сақтауға арналған үй-жай;
      2) қару-жарақты оқтау (оқтан босату) үй-жайы;
      3) инкассатор сөмкелерін (қапшықтарын) сақтауға және іріктеуге арналған үй-жай;
      4) басшының кабинеті;
      5) инкассация қызметі бойынша кезекшінің, нұсқау беру және маршрутқа шығуға дайындық үй-жайы (орны);
      6) қызметкерлердің кәсіби және қызметтік-жауынгерлік даярлық үй-жайы.
      Екінші деңгейдегі банкте және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда инкассацияланған ақша түсімін қабылдау бойынша кешкі касса болмаған жағдайда, инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды сақтайтын қоймасы (бұдан әрі - құндылықтар қоймасы) болуы тиіс.
      35-2. Екінші деңгейдегі банктің және инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаның барлық үй-жайлары бір-бірімен тікелей жақын орналасуы тиіс.
      35-3. Инкассатор автомашиналарының құндылықтарды алу (тапсыру) орнына келуі инкассаторлардың құндылықтармен жұмысын бөгде адамдардың бақылау мүмкіндігін болдырмауы, құндылықтар бар қоймаға жақын орналасқан тиеу-түсіру алаңы немесе инкассатор автомашинасын қоюға арналған арнайы бокс болуы тиіс.
      35-4. Қару-жарақты оқтау (оқтан босату) бөлмесіне қойылатын талаптар:
      1) қару-жарақты оқтау (оқтан босату) үй-жайының барлық қабырғалары қалыңдығы кемінде 40 мм болатын ағаш тақтайлармен қапталуы тиіс;
      2) үй-жайдың қабырғаларының біреуі оқ өтпейтіндей, қару-жарақты оқтауға/оқтан босатуға арналған құрылғысы болуы тиіс, оқтау (оқтан босату) қару-жарақтың ұңғысын оқ ұстап қалғышқа немесе құм толтырылған жәшікке қатаң түрде анықталған бағытта жасалуы тиіс;
      3) үй-жайда оқтау (оқтан босату) орнының көрсеткіші және қару-жарақты қолдану ережесі бар плакат болуы тиіс.
      35-5. Екінші деңгейдегі банкте және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда инкассацияланған ақша түсімін қабылдау бойынша кешкі касса болмаған жағдайда, инкассацияланған құндылықтар және инкассаторлар бригадасының қару-жарағы құндылықтар қоймасында сақталады.
      Құндылықтар қоймасы қоймаға қойылатын, осы Талаптардың 27-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталады.
      35-6. Инкассация қызметі бойынша кезекшінің үй-жайында (орнында):
      1) қалалық телефон байланысы;
      2) маршрутта жүрген инкассация бригадасымен байланысқа арналған радиостанция немесе ұялы телефон байланысының құралы;
      3) құжаттамаларға арналған сейф немесе металл шкаф болуы тиіс.
      35-7. Инкассация қызметі қызметкерлерінің кәсіби және қызметтік үй-жайы қызметтік қару-жарақтың, жеке және техникалық қорғаныш, радио байланысы құралдарының, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың инкассациялау жөніндегі қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін зерделеу үшін жабдықталады.
      Үй-жайда қызметтік қару-жарақты нысанға көздеу және ату қимылдарын жаттықтыруға арналған тренажер орнатылады.
      Үй-жайда оқ-дәрімен атылатын қару-жарақ жөніндегі техникалық оқыту құралдары, көрнекі құралдар, стендтер болуы тиіс.
      Үй-жай инкассаторлар мен жүргізушілердің демалыс орны, инкассаторлардың резервтік бригадасы орналасатын орын ретінде пайдаланыла алады.";
      36-тармақта:
      20) тармақшадағы "осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес схема бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      21) тармақшаның екінші бөлігіндегі "осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес схема бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      39-тармақтағы "валюта" деген сөз алынып тасталсын;
      42-тармақтың екінші сөйлеміндегі "операциялық кассаларға қойылатын талаптарға" деген сөздер "операциялық кассаларға қойылатын, осы Талаптардың 31-тармағында белгіленген талаптарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      43-тармақта:
      бірінші бөліктегі "осы Нұсқаулықтың" деген сөздер "осы Талаптардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "осы Нұсқаулықтың 23-тармағының талаптарына" деген сөздер "осы Талаптардың 23-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлікте:
      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалады;
      "осы Нұсқаулықтың 31-тармағының талаптарына" деген сөздер "осы Талаптардың 31-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тараумен толықтырылсын:

"8-1-тарау. Қорытынды ережелер

       43-1. Объектілердің үй-жайларына қойылатын, осы Талаптарда көзделген талаптар үй-жайларды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асырған кезде сақталуы тиіс.
      43-2. Осы Талаптардың сақталуын бақылау, сондай-ақ көрсетілген осы Талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Үй-жайларға қойылатын, осы Талаптарда көзделген талаптарды Объектілердің бұзуы анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ықпал ету шараларын Ұлттық Банктің филиалы қолданады.";
      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында:
      "банктердің," деген сөз "банктердің және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "нұсқаулыққа" деген сөз "талаптарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-қосымшада:
      жоғарғы оң жақ бұрышта:
      "банктердің," деген сөз "банктердің және" деген сөздермен ауыстырылсын.
      "нұсқаулыққа" деген сөз "талаптарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мәтінде:
      "Мамандандырылған ұйымның өкілі" деген сөздер "Мемлекеттік күзет қызметінің өкілі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(мамандандырылған ұйымның өкілі)" деген сөздер "(оператор ұйымның өкілі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы тізбенің 1-қосымшасына сәйкес редакциядағы 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
      осы тізбенің 2-қосымшасына сәйкес редакциядағы 2-2-қосымшамен толықтырылсын;
      3 және 4-қосымшалар алынып тасталсын;
      5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында:
      "банктердің," деген сөз "банктердің және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "нұсқаулыққа" деген сөз "талаптарға" деген сөзбен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкі Басқармасының өзгертулер
мен толықтырулар енгізілетін    
қаулыларының тізбесіне       
1-қосымша             

"Екінші деңгейдегі банктердің және  
банк операцияларының жекелеген   
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың 
үй-жайларын күзету мен жайластыруды 
ұйымдастыру жөніндегі талаптарға  
2-1-қосымша            

Қорытынды

______________________________________________ мына мекен-жай бойынша
        Ұлттық Банк бөлімшесінің атауы
__________________________________________________________ орналасқан
__________________________________________________________ үй-жайдың
                     Объектінің атауы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келесі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуіне тексеру жүргізді:
__________________________________________________________ __________________________________________________________ __________________________________________________________
________________________________________ мекен-жайы бойынша
орналасқан _______________________________________ үй-жайы
жоғарыда көрсетілген нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келеді.

      Ұлттық Банк
      бөлімшесінің басшысы                 _______________
                                               Қолы

                                               Мөрдің орны"

Қазақстан Республикасының       
Ұлттық Банкі Басқармасының      
өзгерістер мен толықтырулар     
енгізілетін қаулыларының        
тізбесіне 2-қосымша             

"Екінші деңгейдегі банктердің және   
банк операцияларының жекелеген    
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың 
үй-жайларын күзету мен жайластыруды 
ұйымдастыру жөніндегі талаптарға    
2-2-қосымша           

"Бекітемін"            
Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкі филиалының      
басшысы ______________________
      қолы, аты-жөні 
20__ жылғы ___ ___________   

Мөрдің орны  

______________________________________________
(объектінің атауы)
Тексеру актісі

Тексеру жүргізілген күн               Тексеру жүргізілген орын

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызметкерлері ________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________ хаты негізінде
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________ мекен-жайға орналасқан Объектіге оның
      (толық мекен-жай)
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4817 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 56 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келуіне тексеру жүргізді.
      Жалдау шарты, құқық белгілейтін құжаттар (16-тармақ) __________
_____________________________________________________________________

      Объектінің жалпы сипаттамасы (қабат саны, орналасқан жері және басқасы) (22-23-тармақтар) __________________________________________ _____________________________________________________________________
      Күзет постысының болуы (5-тармақ) _____________________________ _____________________________________________________________________
      Күзет үй-жайының болуы (8-тармақ) _____________________________
_____________________________________________________________________
      Аумақтың қоршауының болуы (25-тармақ) _________________________
_____________________________________________________________________
      Бақылау-өткізу пунктінің болуы (25-тармақтың 6) тармақшасы) ___
_____________________________________________________________________
      Оқшауланған кассалық тораптың болуы (26-тармақтың 2) тармақшасы) _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қойма (27-тармақ) _____________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қоймаға кіреберіс (28-тармақ) _________________________________
_____________________________________________________________________
      Операциялық касса (31-тармақ) _________________________________
_____________________________________________________________________
      Қайта санау кассасы (30-тармақ) _______________________________
_____________________________________________________________________
      Кешкі касса (26-тармақтың 3) тармақшасы, 29-тармақ) ___________
_____________________________________________________________________
      Касса қызметкерлеріне арналған шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар
(кассирлердің жеке заттары мен киімдерін сақтауға арналған шкафтармен
жабдықталған үй-жай), санитарлық торап (33-тармақ) __________________
_____________________________________________________________________
      Банкоматтарға арналған үй-жайдың болуы (34-тармақ) ____________
_____________________________________________________________________
      Инкассаторлық машиналардан жүк түсіруге немесе тиеуге арналған бокс үй-жайы немесе түсіру-тиеу алаңының болуы (35-тармақтың 7) тармақшасы, 33-тармақтың 4) тармақшасы ______________________________
_____________________________________________________________________
      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау
операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың болуы (6-1-тарау) _____
_____________________________________________________________________
      Қару-жарақ сақтауға арналған үй-жай ___________________________
_____________________________________________________________________
      Оқтауға (оқтан босатуға) арналған үй-жай ______________________
_____________________________________________________________________
      Инкассатор сөмкелерін сақтауға және іріктеуге арналған үй-жай _
_____________________________________________________________________
      Басшының кабинеті _____________________________________________
_____________________________________________________________________
      Кезекшінің үй-жайы (орны) _____________________________________
_____________________________________________________________________
      Кәсіби және қызметтік-жауынгерлік үй-жайы _____________________
_____________________________________________________________________
      Терезе ойындылары, қорғаныш жалюзилер, ролеттер _______________
_____________________________________________________________________
      Жасырын жұмыстар актісі (23-тармақтың 7) тармақшасы) __________
_____________________________________________________________________
      Кассалық тораптағы желдеткіш (23-тармақтың 8) тармақшасы,
27-тармақтың 13) тармақшасы) ________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қоймадағы өрт сигнализациясының, автоматты өрт сөндіру жүйелерінің құралдары (36-тармақ) ___________________________________
_____________________________________________________________________
      Депозитарийдің болуы (38-тармақ) ______________________________
_____________________________________________________________________
      Сертификаттардың болуы (31-тармақтың 13) тармақшасы) __________
_____________________________________________________________________
      Сигнализацияның техникалық құралдарын пайдалануға қабылдау
актісінің болуы және сәйкес келуі (15-тармақ) _______________________
_____________________________________________________________________
      Құндылықтарды инкассациялауды ұйымдастыру (26-тармақтың
4) тармақшасы) ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Ұлттық Банк бөлімшесі қызметкерінің қолы ______________________
____________________________________________________________________"